Жануарлар морфологиясы мен ветеринариялық латын терминологиясы” II




НазваниеЖануарлар морфологиясы мен ветеринариялық латын терминологиясы” II
страница1/21
Дата конвертации15.02.2016
Размер2.59 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://edu.semgu.kz/ebook/umkd/a5ef88c7-a794-11e4-bd4b-f6d299da70eeУМК морфология каз.doc
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ


3 деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042.14.4.04.01.20.58/03-2010

ПОӘҚЖ.

«Жануарлар морфологиясы мен ветеринариялық латын терминологиясы» II пәнінің оқу-әдістемелік құжаттар жиынтығы

30.09.2009 ж. № 1 басылым орнына

30.09.2010 ж. № 2 басылым



5В120100 – “Ветеринариялық медицина”, 5В120200 – “Ветеринариялық санитария” мамандықтарына арналған “Жануарлар морфологиясы мен ветеринариялық латын терминологиясы” II ПӘНІНІҢ

ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰЖАТТАР ЖИЫНТЫҒЫ (ПОӘҚЖ)


ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰЖАТТАР ЖИЫНТЫҒЫ


Семей, 2010



Мазмұны

Беттері

1. Глоссарий (негізгі терминдер, анықтамалар) ...............

3

2. Дәрістер ............................................................................

4

3. Зертханалық сабақтар .....................................................

113

4. Студенттердің өз бетімен істейтін жұмыстары ............

142



Глоссарий (негізгі терминдер, анықтамалар).

Бұл оқу-әдістемелік құжаттар жиынтығында мына негізгі терминдер мен анықтамалар пайдаланылған. Оларды студент оқу семестрі бойы зерделеп, білуі қажет.

Адсорбция – қатты заттардың жоғарғы қабатындағы, бетіндегі газды немесе сұйық заттарды сорып, жұтып алу.

Анабиоз – организм өмірін уақытша тоқтату.

Акросома – ұрық қандауыры, аталық жасуша басының алдыңғы бөлігін қоршап жататын оймақша тәрізді құрылым. Оның сыртқы, ішкі жарғақшасы болады.

Апоптоз – жасушаның физиологиялық (жоспарлы) өлуі.

Биопсия – тірі малдың денесінен өте кішкентай мөлшерде ет кесіп алу (дене бөлігінің күйін, құрылысын, өзгерісін зерттеу мақсатында алынады).

Гиалоплазма – жасуша құрамын біріктіріп, бір-бірімен химиялық қатынасын қамтамасыз ететін, күрделі коллоид жүйесі, ішкі тірегі.

Гликокаликс – жұқа жарғақша қабаты.

Гомеостаз – ішкі ортаның химиялық құрамы мен физика-химиялық қасиетінің тұрақтылығын көрсетеді.

Дегенерация – (азғындау, қайтадан түзілу) жүйке талшығының үзілген жерінен ұшына қараған бөлігі тозып ақыры жойылады.

Дифферон – жетілу бағытын құрастыратын жасушалар түрінің жиынтығы.

Каемчатый эпителий – көмкерілген эпителий жарғақтың ішінде орналасқан. Оның жасушаларының диаметрі 8 мк, биіктігі 25 мк сұйықтың сіңіп, сорылуына әсер етеді.

Миофибрилла – бұлшық ет талшығының жиырылғыш бөлігі.

Овуляция – аналық жыныс жасушасының аналық безден дене қуысына шығуы.

Онтогенез – организмнің жеке даму кезеңі. Ол 2 кезеңге бөлінеді. Жануардың туғанынан өмірінің соңына дейінгі барлық өзгерістерін қайталап жеке дамуы.

Преформизм – ұрық дамуы, одан түзілетін организмнің белгілерін алдын ала анықтайтын құрылым, ол организмнің жыныс жасушаларында болады деп есептейтін ілім.

Резорбция – сорылу, сіңу, сүзілу.

Саркомер – бұлшықет сегменттері.

Симпласт – жануарлар мен өсімдіктердің ядролы цитоплазмадан құралған жасушасыз құрылымы.

Сурфактант - беткі қабық, өкпедегі альвеолалардың ішкі бетін тыстап жататын, суда ерімейтін, бір-біріне жабыспайтын жұқа (10-20 мкм) қабық. Бұл қабық жетілмей туса, алғашқы дем алуда төл өкпесі керіліп-созылмай қалады.

Филогенез – организмдердің тарихи дамуы.

Эпигенез – ұрық өскен кезде ағзалардың өзгеруі туралы ұғым.

Дәрістер – оқытудың бір түрі, оның мақсаты белгілі бір тақырыпта баяндалатын ілімдер сұрақтарын қисынды жүйелікте ұстамды түрде қарастыру.

№ 1 дәріс тақырыбы – КІРІСПЕ.

Жалпы сұрақтары: Ауылшаруашылық мамандарын дайындаудағы биологиялық пәндердiң маңызы. Цитология, эмбриология, гистология - жануарлар жасушалары, ұлпалары, ағзаларының микроскопиялық құрылысы заңдылықтары, дамуы туралы ғылым. Оның басқа биологиялық, клиникалық пәндермен байланысы, қазiргi ветеринария мен биотехнология дамуындағы, келешек мамандарды қалыптастырудағы маңызы. Қысқаша даму тарихы. Қазақстан ғалымдарының осы бағыттағы еңбектерi. Пән бөлiмдерi, олардың зерделеудегi мақсаттары.

Дәрістің қысқаша жазбасы (конспектісі): Ертеден гистология, эмбриология, цитология (ГЭЦ) пәнi морфологияға (грек. mоrрhе-пiшiн, түр; атауды 1817 ж. немiс табиғат зерттеушiсi Иоганн Вольфганг Гете берген) кiрдi.

Ұлпа ұғымын алғашқы рет француз ғалымы Биша Мари Франсуа Ксавье берiп, организм ұлпасының 21 түрiн атап жазды.

«Гистология» атауын Биша емес, ол өлгеннен кейiн 17 жылдан соң немiс ғалымы Карл Мейер бердi.

Қазақстанда гистологияның жүйелi зерттелуi АЗМИ (1929), МИ (1931) гистология кафедраларында басталып, кейiн ғылыми-зерттеу, басқа институттарында, кафедраларында жүргiзiлдi.

ГЭЦ пәнiн оқып, көп жасушалы организмдер көптеген бiр түрлi жасушалардан белгiлi заңдылықпен жаңа құрылым бiрлiгi - ұлпа, одан - ағзалар, бiршене ұлпалар - ағзалар жүйесiн, соңында жүйелер бiрiгiп тiрi - адам, жануарлар, өсiмдiктер организмдерiн құрастыратынын меңгерiп, оның iшiнде жануарлар организмi құрылысын жасуша, ұлпа, ағза деңгейлерiнде жете зерттеу арқылы таңдаған мамандық бiлiмiнiң ойдағыдай қалыптасуын бiлесiздер.

Пәннiң мақсаты: организм тiршiлiгiнiң әр деңгейiндегi құрылым жүйесi (жасушалық, ұлпалық) мәнiн айқындау; философияның диалектикалық материализм тұрғысынан организмнiң жеке даму заңдылықтарын зерттеп бiлу; тiршiлiк әрекеттерiн (зат алмасу, қуат, ақпарат) басқаруды меңгеру; мал дәрiгерi iс-қимылында организм, ағза, ұлпа, жасушалар және электронды микроскопта көрiнетiн элементтердiң күрделi, кешендi зерделеу әдiстерiн қолдану дағдысын, шеберлiгiн игеру; тек түзiлiстердiң құрылысы, қызметi, тiршiлiк әрекеттерiн бiлу ғана емес, онымен қоса, өзара байланысы, даму жолы заңдылықтарын ашып, оны қалаған бағытта өзгертiп, жаратылыстану ғылымының табысты дамуына көмектесу.

Жалпы гистология ұлпалар тобының негiзгi қасиеттерiн, арнайы - ағза құрамындағы ұлпалар құрылысын, қызметiндегi ерекшелiктерiн, өзара iс-қимыл жасауын зерделейдi. Қазақстанда биотехнология әдiсi кеңiнен дамуда. Ол үшiн әртүрлi биологиялық белсендi заттарды түзуге түрлi-түрлi микроорганизмдер, себiндi тiндер пайдаланылады. Себiндiдегi жасуша мен ұлпалардың жүрiс-тұрысын, тiршiлiк әрекеттерi мен белсендi заттарды түзуге әртүрлi себепшарттар әсерiн зерттеудiң биологиялық, медициналық, ветеринариялық, ауыл шаруашылық салаларында маңызы өте зор.

Пәннiң алдында тұрған мiндет тек теориялық бiлiмдердi тереңдету емес, оның табыстарын медицина, ветеринария, мал шаруашылығының әр саласында (iштегi төлдi ауыстыруда, тек инженериясында) пайдалану; тiршiлiктегi жүйелер құрылымы (жасуша, ұлпа, ағза, жүйе, организм) деңгейiн анықтау; философияның диалектикалық материализм тұрғысынан организмнiң жеке даму заңдылықтарын зерттеу; тiршiлiк әрекеттерiн (зат алмасу, қуат, хабар) басқаруды меңгеру; маманды iс-тәжрибеде организм, ағза, ұлпа, жасуша және субмикроскоптық құрылымдар зерттеудiң күрделi, кешендi әдiстерiн қолдана бiлуге үйрету, дағдысын дамыту жатады.

ГЭЦ дамуы физика, химия, математика, кибернетика жетiстiктерiне, зоология, анатомия, физиология, биохимия, дерттану физиологиясы, иммунология, фармакология, басқа клиникалық, технологиялық пәндермен тығыз байланысты. Қазiр ауру себебiн, тетiктерiн, жалғасын түсiну жасуша гистологиясына, оның ультрақұрылымына, жасуша биологиясына негiзделуде. Ол ауру патогенезiн (пайда болу, даму процестерiн зерттейдi), морфогенезiн анықтауға көмектесiп, клиникалық пәндердi меңгерудi қамтамасыз етiп, ғылымдарды тұтастыру рөлiн орындап, дәрiгерлiк ойлау қабылетiн қалыптастырады.

Пәннiң тарихын - микроскоппен көруге дейiнгi, микроскоппен көру және қазiргi замандағы деп бөледi.

М. Шлейден 1838 ж. өсiмдiк организмi клеткалық агрегат деп пайымдап, жасуша ерекшеленбеген заттан түзiлетiндiгiн дәлелдеп, бұл үрдiсте ядро маңызды рөл атқаратындығына назар аударды. Ол жасушаның құрылуы тек ядролық затқа байланысты екендiгiн көрсеттi. Т. Шванн хайуанаттар организмiн зертеуде М. Шлейден тұжырымын басшылыққа алып, түрлi ұлпалар құрылысын, дамуын жан-жақты зерттеп, өзiнiң, басқа зерттеушiлердiң қорытындыларын сараптай отырып, 1839 ж. атақты клетка теориясын жарыққа шығарды. Бұл жаңалық табиғаттану ғылымдарында бұрын-соңды болмаған ұлы жетiстiктердiң бiрi едi. Клетка теориясы дамуын 5 кезеңге: ХIХ ғасырға дейiнгi; ХIХ ғасырда теорияның пайда болуы; теорияның ХХ ғасырдың ортасына дейiнгi дамуы; ХХ ғасырдың ортасындағы теорияның дағдарысы; теорияның қазiргi күйi деп бөлуге болады.

Үшiншi кезең ХIХ ғасыр ортасынан, электронды микроскопты нәтижелi пайдаланудан басталады. Қазiргi кезеңдегi пәннiң дамуы зерттеу әдiстерiнiң кең, кешендi пайдалануымен, әсiресе, оның iшiнде электронды микроскоппен көру, мұздату, электронды микроскопиялық цитохимия, сан тұрғысынан сипаттау және басқа әдiстерiмен сипатталады.

Сонымен ГЭЦ-ның әлемде ғылым ретiнде дамуы ХVШ, ХIХ ғасырлардан ХIХ ғасырдың ортасына, ХХ ғасырға келедi екен. Ұрпақтан ұрпаққа жануарлар мен өсiмдiктер құрылысын сипаттауға ат салысқан алғашқы зерттеушiлер есiмдерiн жеткiзу мақсатымен, пәннiң ғылым ретiнде пайда болуына үлес қосқандарды, оның дамуына себепшi болғандарды, ХХ ғасырда ГЭЦ ғылымын көркейтуге, әсiресе ауыл шаруашылық малдары ГЭЦ-сын зерделеушiлердi атап, келешекте студенттер Қазақстанда осы салада айтарлықтай iз қалдырған ғалымдарымыздың тарихын жарыққа шығарып, осы бiр олқылықты толықтырар деген ниет бiлдiрмекпiн.

Пәннiң жасуша, ұлпа, ағза құрылысын, қызметiн зерделеуге бағытталған кәдiмгi (классикалық), жаңа (қазiргi) әдiстерi өте мол, олар түрлi аурулардың клиникалық нақтамасында кең қолданылуда. Сондықтан оның тек iлiмдiк қана емес, қолданбалы, клиникалық маңызы да аса зор.

Жарық микроскоп көмегiмен ағза, ұлпа, жасуша кесiндiлерiн зерделеу әдiстерiне - гистологиялық, цитологиялық, цитохимиялық, гистохимиялық, иммуноцито,-гистохимиялық, будандастыру, авторадиография, бекiтiлмеген ұлпаларды бояудың арнайы, организмнен тыс жасуша, ұлпа, ағзаларды себу әдiстерi және жасуша, ұлпа құрылымының сандық бағалауы жатады.

Гисто-, цитологиялық әдiстермен зерделеуге жұқа кесiндiлер арнайы сойылған жануарлардан, ауру себебiн анықтау мақсатында тiрi жануар организмiнен (ұлпадан үлгi алу (биопсия - грек. biоs - тiршiлiк, өмiр; оpsis - көру), өлексенi жарып тексеру (аутопсия - грек. аutоs - өзi; оpsis - көру; өз көзiмен көру) жолдарымен алады. Оның қалыңдығы 5-10 мм аспағаны жөн. Эксперименттiк зерделеуде лабораториялық жануарлар тұтас, ал ұлпа, ағзалары бөлшектенiп алынады.

Өлi (уытталған) жасуша, ұлпаларды зерттеу әдiсi - негiзгi (классикалық) деп аталады. Ол үшін мына негiзгi өңдеу жолдардан өтедi: бекiту, суда жуу, сусыздандыру, қатыру, кесiндi әзiрлеу, бояу, бұзылмайтын ортада сақтау. Диагнозды анықтау мақсатымен бекiтiлген өлi жасуша, ұлпаларды зерделеуде препараттар жағынды ретiнде (қан, сүйек майы, сiлекей, жұлын сұйығы); iз (таңба) ретiнде (көкбауыр, айырша безi, бауыр); ұлпалар жұқа қабығы ретiнде (дәнекер ұлпа, iшперде, көкiрекперде, жұмсақ ми қабығы) болады.

Кейде препаратта кездейсоқ, немесе нашар өңдеуден гистологияда жасанды деп аталатын белгi (артефакт - лат. аrs - өнер, factum - iстелген), немесе құрылымдар пайда болады. Олар өлгеннен кейiнгi ыдырауда, ыстық парафиндi қолданғаннан кейiнгi бүрiсуде, формалинде ұлпа көп жатқаннан, немесе оны аз жуғанда, микротом пышағында кетiгi барында кездеседi.

ГП-ты зерделеу үшiн әртүрлi жарық микроскоптар (МБИ, «Биолам» және оның басқа арнайы түрлерi (қараңғы көз алды, кезеңдi - қарсылыстық, поляризациялық, ультракүлгiндi, флюоресценттi (қоздыру әсерi тоқталғаннан кейiн тез өшiп қалатын люминесценция), (люминесценттi микроскоппен көру) қолданылуда.

Цито,-гистохимиялық әдiстер жасуша, ұлпа құрылымындағы химиялық заттарды (темiр, кальций, белоктар, майлар, нуклеин қышқылдары, гликоген, ферменттер), топтарды (альдегид, сульфгидрил, амин) айқындайды. Бұл әдiс бояудың белгiлi химиялық қосындыларымен (РНҚ, ДНҚ) ерекше байланысына, iзделiп отырған заттың (фермент) орналасқан жерiнде гистохимиялық реакция нәтижесiнде боялмаған өнiмнен боялған түрi түзiлуiне негiзделген. Бұл әдiстер жасуша, жасушасыз құрылым, ұлпадағы ДНҚ, РНҚ, белок, амин қышқылдары, май, көмiрсу, минераль заттардың орналасуын, мөлшерiн, ферменттер белсендiлiгiн анықтайды.

Иммуноцито-, гистохимиялық әдiстер жасуша, ұлпалардағы ең ерекше заттар анықтауды қамтамасыз етiп, жағынды, кесiндiдегi тегiжат болып келетiн анықтайтын затты белгiленген ерекше қарсы денелермен өңдеуге негiзделген. Мұнда тiкелей, бұрылыс әдiстер қолданылады. Тiкелей әдiсте белгiленген қарсы денелер мен тура анықтайтын зат арасында ерекше байланыс-реакция жүредi. Бұрылыс (өте сезгiш) әдiсте белгiленбеген алғашқы қарсы денелер анықтайтын тегiжатпен өзара iс–қимыл жасап, кейiннен оларды екiншi белгiленген қарсы денелер (оларда алғашқы тегiжат болғандықтан) көмегiмен табады. Бұл әдiстер белгiленген әртүрлi жасушалар ұқсастығын табып, секрет бөлу процестерiн зерделеп, гормондар, сезiмтал жүйке ұштарын айқындайды.

Будандастыру әдiсi РНҚ, ДНҚ молекулалары нуклеотидтердiң белгiлi бiрiздiлiгiн айқындап, ДНҚ молекуласындағы бiрiздiлiктiң иРНҚ молекуласына жазылуындағы тектердiң, оның өнiмдерiнiң орнын зерттеуге көмектеседi. Бұл ДНҚ, РНҚ бөлiмдерiнiң өздерiне сәйкес нуклеотидтер бiрiздiлiгiн сақтайтын белгiленген үзiндiлердiң ерекше байланысына (будандастыруға-грек. hуbris - дүбәрә, дүрегей) негiзделген.

Авто-, радиография (грек. аutоs - өзiм, rаdiо - шығару, тарату, grаphо - жазу) әдiсi ұлпаларға радиоактивтi изотоптармен таңбаланып жiберiлген заттардың орналасуын айқындауға негiзделген. Бұл әдiс таңбаланған iзашардың макромолекулаларға қосыла бастауын, жасушалар мен ұлпалардағы тасылымын бақылау мүмкiндiгiн туғызады. Түрлi заттардың түзiлу, секреция процестерiне, сезiмтал жүйке ұштары орналасуына, жасушалар бөлiнуiне, олардың популяциядағы қозғалысына негiз болатын мәлiметтер алынды. Бекiтiлмеген ұлпаларды бояудың арнайы әдiстерiне тiрiлей (витальдi), суправитальдi бояулар жатады.

Витальдi (лат. vitа - тiршiлiк, өмiр) бояуда кейбiр бояғыштар (трипанды көк, литийлi кармин, туш) тiрi жасушаларға уытты болмай, оларды бұзбайды. Олар нақты ертiндi емес, жүзiндi кiшкене бөлшектер тәрiздi. Бұл бояғыштарды организмге (көбiнесе қанға) енгiзгенде, қарбу жасушаларымен ұсталады. Жасушада бояғыштардың осылай жиналуы, оның таңбалануын көрсетедi.

Суправитальдi боялу организмнен бөлiнiп алынған тiрi жасушалар құрамы кейбiр бояғышпен байланыс түзуiне негiзделiп, арнайы мақсаттарды шешуде қолданылады.

Қолдан өсiрiлген себiндiдегi (лат. сulturа - өңдеу) зерттеу жасуша, ұлпа, ағзадағы өсу, жiктелу, түзiлу, секрет бөлу, басқа процестерге түрлi себепшарттардың әсерiн зерделеу үшiн жүргiзiледi. Жасуша, ұлпа себiндiлерi биотехнология, биоинженерия (ауыстырып салуға қажет жасушалар, ұлпалар алу, биологиялық қарқынды заттар түзу, моноклондық антиденелер өнiмдерiн түзу) мақсаттары үшiн кең қолданыла бастады.

Жасуша мен ұлпалар құрылымының
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

Похожие:

Жануарлар морфологиясы мен ветеринариялық латын терминологиясы” II iconПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені
«Жануарлар морфологиясы латын ветеринариялық терминологиясымен» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар
Жануарлар морфологиясы мен ветеринариялық латын терминологиясы” II iconПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені
Студенттерге арналған пәннің оқу жұмыс бағдарламасы «Жануарлар морфологиясы латын ветеринариялық терминологиясымен»
Жануарлар морфологиясы мен ветеринариялық латын терминологиясы” II iconБАҒдарламасы 1 блок Ветеринариялық гигиена
Адам және жануарлар ауруының алдын алуда ветеринариялық-санитариялық және гигиеналық іс-шаралардың маңызы
Жануарлар морфологиясы мен ветеринариялық латын терминологиясы” II iconУмкд. 042-18-22 10/03-2013
В120100 – «Ветеринариялық медицина», 5В120200 – «Ветеринариялық санитария», 5В060700- «Биология» мамандықтарына арналған
Жануарлар морфологиясы мен ветеринариялық латын терминологиясы” II icon3 деңгейлі смж құжаты поәК поәК 042. 18-24 10/03 2013
В120100 «Ветеринариялық медицина» және «5В120200» «ветеринариялық санитария» мамандығына арналған «Зертханалық іс» пәнінен
Жануарлар морфологиясы мен ветеринариялық латын терминологиясы” II iconМемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру
«Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру» мемлекеттiк...
Жануарлар морфологиясы мен ветеринариялық латын терминологиясы” II iconИп №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г
Таќырып: «Ќабыну. Ќабыну фазаларыныњ морфологиясы. Жас шамасына байланысты ерекшеліктері. Пролиферациялыќ ќабыну. Т‰рлері. Гранулеманыњ...
Жануарлар морфологиясы мен ветеринариялық латын терминологиясы” II iconЖануарлар интеллектісінің мәселесі
Бұдан миллиондаған жыл бұрын біздің жерде тек өлі табиғат қана болған, ешқандай жанды ағза болмаған. Одан кейін тіршілік туды, өсімдіктер...
Жануарлар морфологиясы мен ветеринариялық латын терминологиясы” II iconҚазақстан Республикасында жануарлар дүниесін мемлекеттік есепке алуды, оның кадастары мен мониторингін жүргізу ережесін бекіту туралы
Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы” Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 8-бабының...
Жануарлар морфологиясы мен ветеринариялық латын терминологиясы” II iconҚ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
В011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттеріне арналған «Қазақ тілі морфологиясы мен сөзжасамы»
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница