Реферат Орындаған: Аблаева Ф. М




Скачать 200.98 Kb.
НазваниеРеферат Орындаған: Аблаева Ф. М
Дата конвертации15.02.2016
Размер200.98 Kb.
ТипРеферат
источникhttp://sirius.zkgmu.kz/fs/srs/Фарниза гиста.doc
МАРАТ ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ


СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ


Мамандық:Жалпы медицина

Дисциплина: Гистология

Курс: 2

Тақырып: Ет ткані. Қаңқа ет тканінің регенерациясы.Өмір сүру салтына және жасқа байланысты бұлшық еттердің өзгерісі.Жүрек ет тканінің регенерациялық қабілеті.Эпидермальды және нейралды ет ткані.

Орындалу формасы:реферат


Орындаған: Аблаева Ф.М

Тобы:203А

Тексерген: Таджимуратова Н.А


Ақтөбе – 2015

Жоспары:


Кіріспе


Негізгі бөлім


а) Ет тканіне сипаттама


б) Қаңқа ет тканінің және жүрек ет тканінің регенерациясы


Қорытынды


Пайдаланылған әдебиеттер


Ет ұлпалары (мышечные ткани); (textus muscularis; лат. textus — ұлпа, ткань; musculus — бұлшықет) — адам мен жануарлар организмдерінің қоршаған ортадағы кимыл-қозғалысын, сондай-ақ, дене мүшелері мен мүшелер жүйелерінің ерікгі (қаңқа бұлшық еттері) және еріксіз (ішкі мүшелері мен тамырлар қабырғаларындағы етті қабықтар мен қабаттар) салыстырмалы қозғалыстарын іс жүзіне асыратын ұлпалар. Ет ұлпаларының жиырылу, ширығу, босаңсу сияқты қызметтері жүйке ұлпасының қызметімен тікелей байланыста жүреді және жүйке ұлпасының басшылығымен іс жүзіне асады. Ет ұлпалары өкілдерінің ортақ белгілері олардың ұқсас эмбриондық жасушалар— миобласттардан дамуы және ет жасушалары (миоциттер) мен ет талшықтарында (симпласт) жиырылу процесін қамтамасыз ететін арнайы органелаллар — миофибриллалардың (протеиндік жіпшелердің) болуы. Актин және миозин протеиндері молекулаларынан құралған. миофибриллалардың жиырьшу процесі — аталмыш протеиндер молекулалардың өзара әсерлесуі нәтижесінде және басқа да протеиндер мен кальций ионының қатысуымен жүреді. Жиырылу процесі — қуатты (энергияны) көп мөлшерде қажет ететін процесс. Сондықтан, миоциттер мен ет талшықтары цитоплазмасында энергияның алмасуын қамтамасыз ететін цитологиялық құрылымдар (митохондриялар, гликоген, миоглобин т.б.) көптеп кездеседі. Құрылысына, қызметіне, шығу тегіне және орналасу орындарына байланысты ет ұлпалары: бірыңғай салалы жолақсыз, көлденең жолақты және арнайы жиырылғыш ет ұлпалары болып бірнеше топқа бөлінеді

Жүректің бұлшық ет тіні. Жүрек Бұлшықет ұлпасы (сердечная мышечная ткань); (лат. textus muscularis cordis textus — ұлпа, muscularis - Бұлшық ет, cor - жүрек) — жүректің ортаңғы қабығы — миокардты түзеді. Жүрек Бұлшықет ұлпасы сегменттелмеген мезодерманың ішкі (висцеральды) жапырақшасынан дамиды және еріксіз жиырылады. Ұлпа — пішіні цилиндр тәрізді кардиомиоциттерден құралған. Олардың сопақ ақшыл боялған ядросы жасуша цитоплазмасының ортасында орналасады. Жиырылу процесін іс жүзіне асыратын, актин және миозин миофиламенттерінен құралған протеиндік жіпшелер — миофибриллалар жасуша цитоплазмасының шеткі жағында ұзынынан орын тебеді. Кардиомиоциттер үштарындағы арнайы тұйықтаушы аймақтары арқылы өзара байланысып, аралық дискілер түзеді. Бүған қоса олар бүйір өсінділері арқылы да жалғасып, тор тәріздес құрылым түзеді. Осының нәтижесінде миокард кардиомиоциттері бір мезгілде жиырылады.

Бұлшық ет дистрофиясы (muscular dystrophy) — бұлшық еттерінің әлсізденуін күшейте түсетін тұқым қуалайтын ауру.

Бұлшық ет ткані тұқымды азғырады, тәртіпсіз қалпына келтіреді және орнын берішті ткань мен май басады. Нақты емі жоқ. Физиотерапия, бандаж және түзету хирургиясы жеңілдік береді. Қарапайым Дюшенн дистрофиясымен еркектер ғана ауырады. Белгілері, оның ішінде жиі құлап қалу және тұратын кезде қиналу ұлдарда 3-7 жасында басталады; бұлшық еттердің әлсізденуі аяқтан қолға көшеді, содан кейін бауыр етіне қарай көшеді. Әдетте, өкпе инфекциясынан немесе тыныстың жетіспеуі себебінен 20 жасқа дейін қаза табуы мүмкін. Кемістігі бар ген жұқтырушы әйелде және еркек жынысының тұқымында анықталуы мүмкін.


Бекер дистрофиясы да жыныспен байланысты, ол анағұрлым ауыр болады әрі кейінірек басталады. Пациенттердің жүруге қабілеті болады және әдетте, 30-40 жасқа дейін өмір сүреді. Миотонды бұлшық ет дистрофиясы екі жыныстың ересек адамдарын зақымдайды, миотония мен тұқым азғыруы катаракта, қасқабастану және жыныс бездерінің атрофиясымен бірге екі-үш жыл кейін пайда болуы мүмкін. Белдегі бұлшық еттің дистрофиясы екі жыныстың да жамбас немесе иығына әсер етеді. Иық-жауырын-бет миопатиясы балалық шағында немесе жасөспірім шағында басталады, екі жыныста да пайда болуы мүмкін; қолды көтерудің алғашқы қиындығынан кейін аяқ және жамбас бұлшық еттері зақымдануы мүмкін; беттегі негізгі әсері – көзді жабудың қиындығында. Өмір сүру ұзақтығы қалыпты.

Дамуы. Жүректің бұлшық ет тінінің даму көзі миоэпикардиалды табақша-ұрықтың мойын бөліміндегі висцералды спланхнотомның бір бөлігі болып табылады. Оның жасушалары белсенді түрде митоз жолымен бөлінетін және дифференсалданатын миобласттарға айналады. Миобласттардың цитоплазмасында бұлшық ет талшықтарын құрайтын жіпшелер синтезделеді. Басында бұлшық ет талшықтарының цитоплазмада белгілі бір бағыты болмайды және жолақтылық болмайды. Әрі қарай дифференсалдану процесінде ұзына бойдағы бағытқа келіп, жіңішке бұлшық ет жіпшелерімен сарколемманың құралып жатқан тығыздануларына (Z-зат) бекиді. Бұлшық ет жіпшелерінің реттеліп орналасуының нәтижесінде көлденең жолақтылық пайда болады. Кардиомиоциттер құралады. Олардың цитоплазмасында органеллалар көбейе бастайды: митохондриялар, түйіршікті ЭПТ, бос рибосомалар. Дифференсация процесі кезінде кардиомиоциттер бөлінуге қабілетін бірден жоймай, көбейе береді. Кей жасушаларда цитотомия болмауы мүмкін, ал ол екі ядролы кардиомиоциттердің пайда болуына алып келеді. Дамып жатқан кардиомиоциттер тізбек түрінде орналасып, бір-бірімен жасуша аралық байланыстарды-ендірме дисктерді құрайды. Дивергентті дифференсация нәтижесінде кардиомиоциттер үш түрлі жасушаларға айналады: 1).Жұмыскер немесе типті, жиырылғыш; 2).өткізгіш немесе атипті; 3).секреторлы (эндокринді). Соңғы дифференсалданудың нәтижесінде кардиомиоциттер туылар кезде немесе постнаталды онтогенездің алғашқы айларында бөлінуге қабілетін жоғалтады. Ересек жүрек бұлшық ет тінінде камбиалды жасушалар болмайды.

Құрылысы. Жүректің бұлшық ет тіні кардиомиоцит жасушаларынан түзелген. Кардиомиоциттер жүрек бұлшық ет тінінің жалғыз тіндік элементі болып табылады. Олар бір-бірімен ендірме дисктердің көмегімен бірігеді және морфологиялық ұғым бойынша симпласт болып табылмайтын, функционалды бұлшық ет талшықтарын немесе функционалды симпластты құрайды. Функционалды талшықтар тармақталып, бүйір беттерімен жалғасады, нәтижесінде тор тәрізді құрылым пайда болады. Кардиомиоциттер нашар дамыған өсінділері бар созылыңқы цилиндр тәрізді пішінді. Олар цитоплазма мен ядродан тұрады, көп жасушалар (ересектердің жартысынан көбінде) екі ядролы және полиплоидты болып табылады. Ядролары ірі, ашық түсті, кардиомиоциттердің ортасында орналасады.


Кардиомиоциттердің цитоплазмасы (саркоплазма) оксифильді. Онда көп мөлшерде органеллалар мен қосындылар бар. Саркоплазманың шеткі бөлімінде ұзына бойы орналасқан жолақты бұлшық ет жіпшелері орналасады, олар қаңқалық бұлшық ет тініндегідей болып құралған. Қатаң түрде оқшау жататын қаңқалық бұлшық ет тінінің миофибрилдерінен ерекшелігі, кардиомиоциттерде миофибрилдер жиі бір-бірімен бірігей құрылымдарды құрап қосылады және қаңқалық бұлшық еттердің миофибрилдерінің жиырылғыш ақуыздарынан химиялық ерекшеленетін жиырылғыш ақуыздары бар.

Қаңқалық бұлшық ет тініндегіге қарағанда, СПР мен Т-түтікшелер нашарлау дамыған, ол жүрек бұлшық етінің автоматиясымен және жүйке жүйесінің аз әсер етуімен байланысты. Тағы бір ерекшелігі, СПР мен Т-түтікшелер үштікті емес, диадаларды құрайды (Т-түтікшеге бір ғана СПР цистернасы жанасып жатады). Кәдімгі аяққы цистерналар болмайды. Кардиоциттер сыртынан кардиомиоциттің плазмолеммасы мен базалды мембранасынан тұратын сарколеммамен жабылған. Базалды мембрана жасушааралық затпен тығыз байланысқан, оған коллагенді және эластикалық талшықтар кіре орналасады. Ендірме дисктер орналасқан жерлерде базалды мембрана болмайды.

Ендірме дисктермен цитоқаңқаның компоненттері байланысқан. Цитолемманың интегриндері арқылы жасуша аралық затпен де байланысады. Ендірме дисктер-бұл екі кардиомиоциттің байланысқан жері, жасуша аралық байланыстардың коплексі (жиынтығы). Олар кардиомиоциттердің механикалық, химиялық, қызметтік әсерлесуін камтамасыз етеді. Сәулелік микроскопта күңгірт көлденең жолақтар түрінде көрінеді. Электронды микроскопта ендірме дисктер зигзаг тәрізді, сатылы немесе тістер тәрізді сызық түрінде болады. Оларда горизонталды және вертикалды, үш аймақты ажыратуға болады.

1.Десмосомалар мен жабысу жолақтары аймағы. Дисктердің вертикалды (көлденең) аймақтарында орналасады. Кардиомиоциттердің механикалық бірігуін қамтамасыз етеді.

2.Нексустар (саңылаулы байланыстар) аймағы-бір жасушадан екіншіге қозуды өткізу орны, кардиомиоциттердің химиялық әсерлесуін камтамасыз етеді ендірме дисктердің бойлай орналасқан аймақтарында табылады.

3.Бұлшық ет жіпшелерінің беку аймағы. Ендірме дисктердің көлденең аймақтарында болады. Актинді жіпшелердің кардиомиоцит сарколеммасында бекитін орны қызметін атқарады. Бұл сарколемманың ішкі беткейінде болатын және Z-сызықтарға ұқсас Z-жолақтарға бекіну жүреді. Ендірме дисктер аймағында көп мөлшере кадгериндер табылады (кардиомиоциттердің бір-бірімен кальциге бағынышты адгезиясын жүзеге асырушы адгезивті молекулалар).

Кардиомиоциттердің типтері.

Кардиомиоциттердің жүректің әр аймағында әртүрлі қасиеттері болады. Жүрекшелерде олар митоз жолымен бөлінуі мүмкін, ал қарыншаларда ешқашан бөлінбейді.Бір-бірінен құрылысы жағынан да, қызметі бойынша да ажыратылатын кардиомиоциттердің үш типін ажыратады: жұмыскер, секреторлы, өткізгіш.

1.Жұмыскер кардиомиоциттердің құрылысы жоғарыда айтылды.


2.жүрекшелік миоциттердің ішінде бүйректерде натридің секрециясын күшейтетін натриуреттік фактор (НУФ) бөліп шығаратын секреторлы кардиомиоциттер бар. Одан басқа, НУФ артериялардың кабырғаларындағы тегіс миоциттерді босаңсытады және гипертензияны болдыратын гормондардың (альдостерон мен вазопрессин) секрециясын тежейді. Мұның барлығы диурездің жоғарылауына және артериялар қуысының кеңеюіне, айналымдағы сұйықтық көлемінің төмендеуіне, нәтижесінде-артериалдық қысымның төмендеуіне алып келеді. Секреторлы кардиомиоциттер көбіне оң жақ жүрекшеде орналасады. Эмбриогенез кезінде синтездеу қабілеті барлық кардиомиоциттерде болады, бірақ дифференсалдану процесі кезінде қарыншалардың кардиомиоциттері бұл қабілетін қайтымды түрде жоғалтады, жүректің бұлшық еті шаршаған кезде қайта қалыптасуы мүмкін.

3.Жұмыскер кардиомиоциттерден өткізгіш (атипті) кардиомиоциттер айтарлықтай ерекшеленеді. Жүректің өткізгіш жүйесін құрайды. Олар жұмыскер кардиомиоциттерден екі есе үлкен. Бұл жасушаларда бұлшық ет жіпшелері аз, саркоплазманың көлемі үлкейген, онда көп мөлшерде гликоген табылады.

Гликогеннің болуына байланысты атипті кардиомиоциттердің цитоплазмасы бояуды нашар қабылдайды. Жасушаларда көп мөлшерде лизосомалар бар және Т-түтікшелер болмайды. Атипті кардиомиоциттердің қызметі электрлік импульсті өндіріп, оны жұмыскер жасушаларға өткізу болып табылады. Автоматизмге қарамастан, жүректің бұлшық ет тінінің қызметі қатаң түрде вегетативті жүйке жүйесімен реттеліп отырады. Симпатикалық жүйке жүйесі жүректің жиырылуын жиілетеді және күшейтеді, ал парасимпатикалық-сиректетеді және әлсіретеді.

Жүректің бұлшық ет тінінің қайта қалпына келуі. Физиологиялық қайта қалпына келу. Жасуша ішілік деңгейде жүзеге асырылады және жоғары интенсивтілікпен, жылдамдықпен өтеді, себебі жүректің бұлшық еті үлкен күшті көтереді. Ол ауыр физикалық жұмыс жасаған кезде және патологиялық жағдайларда (гипертониялық ауру, т.б.) одан да жоғарылайды. Бұл кезде цитоплазма компоненттерінің қызметі төмендеп ескіреді де, олар жаңадан түзелген органеллалармен ауыстырылады. Жүрекке ауыр күш түскен кезде органеллалардың, сонымен қоса бұлшық ет талшықтарының гипертрофиясы (өлшемдерінің үлкеюі) мен гиперплазиясы (санының жоғарылауы) жүреді. Талшықтарда саркомерлердің саны көбейеді. Жас кезде сонымен бірге кардиомиоциттердің полиплоидтануы және екі ядролы жасушалардың пайда болуы байқалады. Миокардтың қызметтік гипертрофиясы, оның тамырлар жүйесінің дағдыланулық өсуімен сипатталады. Патологиялық жағдайлар кезінде (мысалы кардиомиоциттердің гипертрофиясына әсер ететін жүрек ақаулары) мұндай жағдай байқалмайды, белгілі бір уақыттан кейін қоректенудің нашарлауынан кардиомиоциттердің тыртықтық тінмен ауыстырылуымен (кардиосклероз) өлуі жүреді.

Репаративті қайта қалпына келуі. Жүрек бұлшық етінің жарақаттанулары, миокард инфаркты және басқа жағдайлар кезінде жүреді. Жүректің бұлшық ет тінінде камбиалды жасушалар жоқ болғандықтан, қарыншалардың миокарды зақымданған кезде қайта қалпына келу және дағдылану процестері көрші кардиомиоциттерде жасуша ішілік деңгейде өтеді: олардың өлшемдері үлкейіп,


өлген жасушалардың қызметін өздері атқарады. Өлген кардиомиоциттердің орнында дәнекер тіндік тыртық түзіледі. Соңғы кезде миокард инфаркты кезінде кардиомиоциттердің өліеттенуі инфаркт аймағының аздаған бөлігінің және жақын жатқан аймақтың кардиомиоциттеріне өтетіндігі анықталған. Инфаркт аймағын қоршап жатқан кардиомиоциттердің көптеген мөлшері апоптоз жолымен өледі, осы процесс жүрек бұлшық етінің жасушаларының өлуінде басты болып табылады. Сондықтан, миокард инфарктының емі бірінші кезекте, инфаркт болғаннан кейінгі бірінші тәулікте кардиомиоциттердің апоптозын басуға бағытталған болу керек.

Жүрекшелердің миокарды зақымдалған кезде аздаған көлемде жасуша ішілік деңгейде қайта қалпына келу жүзеге асырылуы мүмкін.

Жүрек бұлшық ет тінінің репаративті қайта қалпына келуін күшейту.

1).Миокардтың микроайналымын жақсартатын, қанның ұюы мен оның тұтқырлығын төмендететін және қанның реологиялық қасиеттерін жақсартатын препараттарды тағайындау арқылы кардиомиоциттердің апоптозының алдын алу. Кардиомиоциттердің инфаркттан кейінгі апоптозымен күресу, миокардтың алдағы уақытта қайта қалпына келуінің бірден-бір қолайлы жағдайы болып табылады; 2).Анаболиттік препараттарды тағайындау (витаминді комплексті, РНК мен ДНК, АТФ препараттарын және т.б.); 3).Мөлшерленген физикалық күш түсіруді, емдік дене шынықтыру жаттығуларының жиынтығын ерте колдану.

Соңғы уақытта зерттеу жағдайларында жүрек бұлшық ет тінінің қайта қалпына келуін күшейту үшін, қаңқалық бұлшық ет тінінің миосателлитоциттерін қолдана бастады. Миокардқа енгізілген миосателлитоциттер қаңқалық бұлшық ет талшықтарын құрайтыны дәлелденген. Ол кардиомиоциттермен тек құрылымдық қана емес, сонымен қоса қызметтік те байланысады. Миокардтың ақауын дәнекер тінімен емес, ал жиырылу белсенділігі бар қаңқалық бұлшық ет тінімен ауыстыру қызметтік, тіпті механикалық жағынан ұтымды болғандықтан, бұл әдісті әрі қарай жетілдіру адамдарға миокардтың инфарктын емдеу кезінде қолайлы болуы мүмкін.

Тегіс (жазық) бұлшық ет тіндері.

Гистогенез. Тегіс бұлшық ет тінінің даму көзі негізінен спланхнотомды мезенхима болып табылады. Оның жасушалары құрамына тегіс бұлшық ет тіні кіретін мүшелердің эпителиалды бастамаларына қарай орын аустырып, оны қоршап алады. Тегіс бұлшық ет тінінің дифференсалдануының бастамасы, мезенхима жасушаларының ұзаруы мен олардың жұлдызына тәріздіден пішінге айналуымен сипатталады. Жасушалардың цитоплазмасында ақуыз синтездейтін органеллалар пайда болады. Олар бұлшық ет жіпшелерінің арнайы ақуыздарын синтездеуді жүзеге асырады. Бұл ақуыздардан көп мөлшердегі бұлшық ет жіпшелерінің жинақталуы жүреді де, жасушалар тітіркендіруге жиырылуымен

жауап береді. Жасушалардың бір бөлігі аз дифференсалданған күйінде калады да, қайта қалпына келу үшін бастама қызметін атқарады.

Құрылысы. Ересек организмде тегіс бұлшық ет тіні асқорыту жолы мүшелерінің құрамына кіреді, қан және лимфа тамырларының, бронхиалды тармақтың, жатыр түтікшелерінің, жатырдың, несепағардың, қуықтың бұлшық ет


қабықшаларынын құрайды, көк бауырдың капсуласының құрамына кіреді, эндокардта бар. Тамырлардың қабырғаларының тегіс бұлшық ет тіні бірнеше құрылымдық-қызметтік белгілері бойынша басқа жерде орналасқан бұлшық ет тінінен ерешеленеді.

Тіннің құрылымдық-қызметтік тіндік элементі тегіс миоцит болып табылады (кейде екінші тіндік элементке, миоциттер синтездей алатын жасуша аралық затты жатқызады). Тегіс миоцит-ұршықша тәрізді пішінді жасуша, ұзындығы 20-дан 500 мкм дейін болуы мүмкін, мысалы жатырда бұлшық ет қабықшасында миоциттер сонымен бірге ерекше (жұлдызшалы) пішінді болуы мүмкін. Жасушалардың ядролары таяқша тәрізді немесе эллипсоид пішінді, тығыз хромотині мен 1-2 ядрошықтары болады. Тегіс миоцит цитолеммамен жабылған. Оның сыртында, әрбір миоцитті көрші жатқан миоциттен бөліп тұратын ретикулярлы жіпшелермен жұқа базалды мембрана бар. Тегіс миоциттердің цитоплазмасында, ядро маңы аймақтарында жатқан барлық жалпы органеллалар бар: жасуша аралық заттың ақуыздарының синтезін орындайтын түйіршікті ЭПТ, Гольджи комплексі, митохондриялар, цитолемманың астында жататын (кавеолалар) және жасуша аралық орта жағына қарай ашылған көптеген көпіршіктер. Бұл везикулярлы аппарат жиырылу үшін қажетті болып табылатын Ca2+иондарын жинақтайды және саркоплазмалық ретикулум (СПР), екіншіден и көлденең жолақты бұлшық ет тінінің Т-түтікшелерінің аналогы болып табылады. Миоцитте сонымен қатар көпіршіктер мен цистерналар түрінде кері дамыған СПР элементтері де бар. Олармен кавеолалар байланыса алады. Кавеолалар мен СПР өздерінің мембраналарында кальциді тасымалдаушы ақуыздары бар. Тегіс миоциттердің цитоплазмасында гликоген қосындылары болады.

Миоциттердің шеттерінде цитолемманың астында -актинин ақуызынан тұратын-саркомерлердің Z-сыздықтарының аналогтары тығыз денешіктер орналасады. Тығыз денешіктердің екі түрі бар: 1)миоциттің плазмолеммасының (сарколеммасының) ішкі бетімен адгезивті ақуыздар комплексінің (винкулин, тензин, т.б.) көмегімен байланысқан. Бұл тығыз денешіктер ұзын үздіксіз қабырғалар түріндегі, көлденеңінен кесілген табақшалар, сарколемманың астында бір-біріне параллельді болып жатады; 2)цитоплазмада (саркоплазмада) бос жататын. Тізбек түрінде жатады. Тығыз денешіктерге актинді және аралық десминді филаменттер бекиді. Соңғылар саркоплазмада тор тәрізді болып құралады.

Тегіс миоциттердің цитоплазмасының маңызды компоненті-жиырғыш ақуызды жіпшелер, немесе миофибрилдерді құрайтын миофиламенттер. Бұл жіпшелер миоциттің ұзын осінің бойымен, ал бір-біріне қатысты көлденең жолақтылықты құрамайтындай болып орналасқан. Жіңішке актинді миофиламенттер бір жағының соңымен тығыз денешікке бекиді. Қаңқалық бұлшық ет тінінен айырмашылығы, олар тек актин ақуызынан ғана тұрады (бұлшық етті және бұлшық етті емес), тропонин мен тропомиозині жоқ . Актинді жіпшелер қалың миозинді жіпшелермен жиырылғыш бірліктерді құра отырып өзара әсерлеседі. Қаңқалық бұлшық ет тінінің миозинді жіпшелерінен ерекшелігі, тегіс миоциттердің миозинді жіпшелері тұрақсыздау, миозиннің молекулалары тыныштық жағдайында деполимерленген түрде болады, және миозинді жіпшелер


тікелей жиырылудың алдында жинақталу жолымен біріктіріледі, жиырылудан соң қайтадан ыдырайды. Сондықтан тегіс бұлтшық ет тіндерінде миофибрилдер, саркомерлер құрамайды және көлденең жолақтылық болмайды. Қалың миозинді жіпшелердің миозин молекуларынан жинақталуы жиырылу кезінде жүреді, осы процесс, сонымен бірге актинді және миозинді жіпшелердің өзара әсерлесуі кальцидің қоры-СПР, кавеолалар мен митохондриялардан келіп түсетін кальций иондарын белсендіреді. Құрылып жатқан жиырылғыш бірліктер миоциттің ұзына бойына бұрыш жасай бағытталады.

Тегіс миоциттердің жиырылуының механизмі қаңқалық бұлшық ет талшықтарының жиырылуына ұқсас. Ол СПР, митохондриялардан және кавеолалардан бөлініп шығатын кальций иондары әсер етуінен актинді және миозинді жіпшелердің өзара әсерлесуімен көрінеді (Х.Хакслидің тайып жылжу теориясы). Жүйке импульсінің әсер етуінен пиноцитозды көпіршіктерден Са2+босап шығады. Ол кальциді байланыстырушы кальмодулин ақуызымен комплекс құрайды. «Са2+-кальмодулин» комплексі миозиннің жеңіл тізбектерін фосфорилдеуші, миозиннің жеңіл тізбектерінің киназа, ферментін белсенді жағдайға келтіреді. Миозиннің фосфорильденуі оның актинді жіпшелермен өзара әсерлесуіне мүмкіндік береді. Нәтижесінде құрылып, белсендірілген миозинді филаменттердің миозин молекулалары актинді филаменттердің белсенді орталарымен өзара әсерлесе бастайды, себебі жабысу қасиеті бар. Олар актинді жіпшелердің бойымен тайып жылжиды. Осы жылжудың нәтижесінде тығыз денешіктер жақындайды да, тегіс миоцит жиырылады. Аралық десминді жіпшелер жасушаның жиырылуы кезінде қатты деформациялануына кедергі жасайды.

Жиырылуды, миозиннің жеңіл тізбектерінен фосфатты ыдырататын (дефосфорилдену) миозиннің фосфатаза ферметі тежейді. Тегіс бұлшық еттердің ерекшелігі, дефосфорилденуден соң миозинді көпіршелердің барлығы бұзылмайды: миозин бастарының бір бөлігі актинді жіпшелермен байланысқан күйінде қалады. Бұл тегіс бұлшық еттердің қосымша энергияны жұмсамай, ұзақ уақыт тонусты ұстап тұруын қамтамасыз етеді.

Тегіс миоциттер өздері оқшауланып қызмет етпей, миоцитарлы комплекстерді түзейді. Жүйке аяқтамалары барлық миоциттерге жақындамайды, біреуіне ғана комплексті жақындайды. Комплекс 10-12 миоциттен тұрады. Комплекстің құрамына миоциттер бір-бірімен десмосомалардың және нексустардың-саңылаулы байланыстардың көмегімен тығыз әсерлеседі. Нексустар арқылы бір миоциттен көршілеріне қозудың берілуі жүреді, нәтижесінде жиырылу барлық комплеске таралады.

Миоцитарлы комплекстің құрамына қызметі жағынан ажыратылатын бірнеше миоциттер кіреді.

1.жиырылғыш миоциттер жиырылу актын орындайды.

2.Секреторлық миоциттер жасуша аралық затты синтездеп, бөліп шығарады. 3.Миоцит-пейсмеккерлер әсер потенциалын көрші жатқан жасушаларға тасымалдайды. 4.Камбиалды (аз дифференсалданған) миоциттер бұлшық ет тінінің қайта қалпына келуінің бастамасы кызметін атқарады.


Шығу тегі мезенхималық бола отырып, тегіс миоциттер фибробласттар мен жасуша аралық затты өндіруші басқа да жасушаларға генетикалық өте жақын: олар тегіс бұлшық ет тінінің меншікті жасуша аралық заттын синтездеуге қабілетті. Оны кейде тегіс бұлшық ет тінінің екінші тіндік элементі ретінде қарастырады. Тегіс бұлшық ет тінінің қайта қалпына келуі аз дифференсалданған жасушалардың есебінен ғана емес, сонымен бірге адвентициалды жасушалардың есебінен де (перициттер есебінен де болуы мүмкін) жүреді, ал зақымданған кезде-миофибробласттардың көмегімен де жүреді. Тегіс миоциттердің жасуша ішілік қайта қалпына келуі де мүмкін.Ол органеллалардың қалпына келуіне, олардың гипертрофиясы мен гиперплазиясына негізделген.


Қорытынды

Адамның денесінде 600-ден астам бұлшықеттер бар. Олардың көпшілігі жеке-жеке сүйектерге жабысып тұрады. Бұлшықеттердің негізгі қасиеті – жиырылғыштығы. Жиырылу арқылы мүшелердің қозғалғыштығын үйлестіреді және жүйке жүйесі арқылы мүшелердің қозғалғыштығын рефлексті түрде реттейді.Бұлшықеттер буындарды айнала шандып, жалғасатын екі-үш сүйекті бірімен-бірін байланыстырады. Олар-дың бұл қызметі бұлшықет-тердің қозғалуы немесе динамикалық қыз-мет деп аталады. Адам бір орыннан екінші орынға қозғалып жүргенде және аударылып төңкерілгенде бұл-шықеттердің динамикалық қызме-тіне байланысты әрекеттер жасайды. Бұлшықеттердің сүйектерді жалғас-тырып, қимылдатып, қорғаныш болуымен бірге адам денесін мүсіндеуге де маңызы зор. Адамда біріңғай салалы бұлшы-қеттерді ішкі мүшелердің, тамырлар мен терілердің құрамынан ғана кездестіруге болады. Көлденең жолақты бұлшықеттер – дененің күшті, шапшаң қимылдайтын бұлшықеттері. Оның жәрдемімен дене икемді жүріп, теңдікті сақтауға қатысады. Оны жалғызаяқ көпірден өткенде байқауға болады.Көлденең жолақты бұлшықеттер әрекетінен адам қол-аяғын өз еркімен қозғай алады, тыныс алады, күштеніп құрсақты қатайтады, олар сөйлеуге, ымдауға, шайнауға, зәр шығаруға да қатысады. Оларды ерікті бұлшықеттер дейді. Ал, біріңғай салалы және жүректің бұлшықеттері адамның еркінсіз қызмет атқарады. Сондықтан оларды еріксіз әрекет жасайтын бұлшықет-тер деп атайды. Бұларға жүректегі, ішек-қарындағы, қуықтағы және т.б. бұлшықеттерді мысал етуге болады.Бұлшықеттердің пішіні мен көлемі және бұлшықет талшықтары-ның бағытына қарай жәй, күрделі және қауырсынды бұлшықеттер деп үш топқа бөледі. Осыларға байла-нысты ұзын, жалпақ, қысқа, екі-басты, үшбасты, төртбасты, бірқа-уырсынды, екіқауырсынды және шеңберлі бұлшықеттер болады. Бұлшықеттердің жұмысына қарай бүгетін, жазатын, әкелетін, әкететін, ішке және сыртқа айналдыратын сондай-ақ керетін, қысатын, кеңейтетін, көтеретін, төмендететін бұлшықеттер болады. Осындай келісімді қозғалыс жүйке жүйесі арқылы атқарылады.Бұлшықет ұлпасының қозғыш-тық, жиырылғыштық және серпім-ділік қасиеті бар. Олардың қасиет-терін тірі ағзада зерттегенде: бұлшықеттің жұмыс қабілеттілігіне – эргограф, бұлшықеттің биотоғына (қозғыштығын) – электрограф құралдары пайдаланылады.


Пайдаланған әдебиеттер:


1. Кузнецов С.Л., Мушкамбаров Н.Н. Гистология, цитология и эмбриология: Учеб. для мед. вузов / М.: Медицинское информационное агентство, 2007. – 600 с.

2. Улумбеков Э.Г., Челышев Ю.А. Гистология, эмбриология, цитология: Учебник / М.: ГЭОТАР-Медиа, 2009. - 408 с.

3. Абильдинов Р.Б., Аяпова Ж.О., Юй Р.И. Атлас по гистологии, цитологии и эмбриологии /. – Алматы: Эффект, 2006. - 416 с.

4. Кузнецов С.Л., Мушкамбаров Н.Н., Горячкина. В.Л. Атлас по гистологии, цитологии и эмбриологии: Учеб. пос. для медвузов. / Астана: Астана-Bilding, 2005. - 400 с.

5. Юй Р.И., Абильдинов Р.Б. Атлас микрофотографий по гистологии, цитологии и эмбриологии для практических занятий.-Алматы,- 2010.-232 с.

6. Гарстукова Л.Г., Кузнецов С.Л., Деревянко В.Г. Наглядная гистология (общая и частная): Учеб. пос. для студентов мед. вузов / М. : Мед. информ. агентство, 2008. - 200 с.

7. Бойчук Н.В. и др. Гистология: Атлас для практических занятий / - М.: ГЭОТАР-Медиа, 2008. - 160 с. 50

8. Данилов Р.К. Гистология. Эмбриология. Цитология: Учебник для студентов мед. вузов / М. : Мед. информ. агентство, 2006. - 456 с.

9. Пуликов А.С. Возрастная гистология: Учеб. пособие / Ростов н/Д, Красноярск: Феникс, Издат. проекты, 2006. - 173 с

10. Кузнецов С.Л., Челышев Ю.А. Гистология: Учеб. пособие: Комплексные тесты: ответы и пояснения / М.: ГЭОТАР-Медиа, 2007. - 288 с.

11. Ажаев С.А. Гистология-1 (екі бөлімді оқулық). І бөлім: Цитология және адам эмбриологиясы.- Түркістан: «Тұран», 2011.-201б.

12. Ажаев С.А., Үмбетов Т.Ж. Гистология-1(екі бөлімді оқулық). ІІ бөлім: Жалпы гистология.- Түркістан: «Тұран», 2010.-336 б.

13. Аяпова Ж.О. Цитология, эмбриология және гистология : Оқу құралы- Алматы: Кітап, 2007. - 288 с

14. Нұрышев Мұхит. Гистология және эмбриология негіздері: Оқулық- Алматы : Карасай, 2007. - 272 с

15. Аяпова Ж.О., Н.М. Тусупова. Гистология-1 пәнә бойынша тесттер жиынтығы (оқу құралы).- Алматы,- 2009.-378 б.











Рефераттың бағалау критерийлері (бағалау парағы)




Орындау критериі

0-0,1

0,2-0,3

0,4-0,5

1

Рефератты рәсімдеу










2

Рефераттың жоспары










3

Иллюстративті материал










4

Өзектілігі










5

Мазмұны










6

Қорытынды / ұсыныстар










7

Әдебиеттер










8

СӨЖ кестесіне сай тапсырылу деркезінде тапсырылуы













Қорытынды












0-0,1 критерий орындалмаған

0,2-0,3 критерий ескертулермен орындалған

0,4-0,5 критерий орындалған

Похожие:

Реферат Орындаған: Аблаева Ф. М iconРеферат Орындаған
Көрсеткіштерді тыныштық қалпында анықтайды, ал кейбіреулері форсирленген тыныс маневрлерін орындау кезінде анықталады
Реферат Орындаған: Аблаева Ф. М iconРеферат. Орындаған
Тақырыбы: Жыныс жүйесі. Эмбрионалдық даму жолы және шығу тегі. Жыныстық дифференцировкасының факторлары
Реферат Орындаған: Аблаева Ф. М iconРеферат Орындаған
Тақырыбы: Жемқорлыққа қарсы әрекетсаласындағы Қазақстан Республикасының заңнамалары. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарға ҚР заңнамасында...
Реферат Орындаған: Аблаева Ф. М iconРеферат Орындаған
Тақырыбы: Жемқорлыққа қарсы әрекетсаласындағы Қазақстан Республикасының заңнамалары. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарға ҚР заңнамасында...
Реферат Орындаған: Аблаева Ф. М iconРеферат Орындаған
Тақырыбы: Ет ткані. Қаңқа ет тканінің регенерациясы. Өмір сүру салтына және жасқа байланысты бұлшық еттердің өзгерісі. Жүрек ет тканінің...
Реферат Орындаған: Аблаева Ф. М iconРеферат Орындаған
Бұл күндері адамның өзі жасаған жаңа өмір сүру ортасына және техносфераға байланысты өмір-тіршілікке қауіп төніп түр. Себебі адам...
Реферат Орындаған: Аблаева Ф. М iconРеферат Орындаған: Баймаханов А
Рз «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және...
Реферат Орындаған: Аблаева Ф. М iconКурсының бағдарламасы Орындаған: «Дарын»мектеп-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жашкеева Н. Е
Орындаған: «Дарын»мектеп-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жашкеева Н. Е
Реферат Орындаған: Аблаева Ф. М iconОрындаған: «Зерде» мектебі директорының инновациялық жұмыс жөніндегі орынбасары Н. Нұртаева

Реферат Орындаған: Аблаева Ф. М iconРеферат Пәні: Еңбекті және табиғатты қоршаған ортаны қорғау. Тақырыбы: Шулы және дірілден қорғау. Орындаған: Тексерген: Мамандығы: «Маркшейдер ісі»
Шудың деңгейі 85 дба-ден асатын аймақтар қауіпсіздік белгілерімен белгілену керек. Бұл аймақтарда жұмыс істейтін жұмыскерлер жеке...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница