Пән: Хирургия мен реанимациядағы мейірбике ісі Пән коды




НазваниеПән: Хирургия мен реанимациядағы мейірбике ісі Пән коды
страница1/28
Дата конвертации15.02.2016
Размер2.78 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://base.ukgfa.kz/kafedra/ses_delo/ses_delo_v_hirurg_i_reanim_kz.doc
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28


ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ


МЕЙІРБИКЕ ІСІ КАФЕДРАСЫ

АНЕСТЕЗИОЛОГИЯ ЖӘНЕ РЕАНИМАТОЛОГИЯ КУРСЫМЕН


БЕКІТЕМІН

Оқу – әдістемелік және тәрбие жұмысы

бойынша проректоры

м.ғ.д., доцент________ М.Ұ.Анартаева

«_____»__________________ 2013 ж.


ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ


Пән: Хирургия мен реанимациядағы мейірбике ісі

Пән коды: HRMI 3213

Мамандық: 051101 – «Мейірбике ісі»

Оқу сағатының көлемі (кредит) – 135 сағат (3 кредит)

Оқытылатын курс пен семестр: 3курс, 6 семестр


Шымкент,2013ж.

«Хирургия мен реанимациядағы мейірбике ісі» пәнінің жұмыс бағдарламасы «Мейірбике ісі» - 051101 мамандығы бойынша типтік оқу бағдарламасына сәйкес құрылған. №5 хаттама 20.03.2009 ж.


Кафедра мәжілісінде қаралды.


Хаттама № ________ «_______» ___________ 2013 ж.


Кафедра меңгерушісі _______________ м.ғ.к. доцент А.Ә. Әлдешев.


ОҚМФА клиникалық пәндердің циклдық әдістемелік комиссиясында талқыланды.


Хаттама № ________ «_______» ___________ 2013 ж.


Төрағасы ______________________ м.ғ.к. доцент А.Е. Туртаева


Орталық Әдістемелік Кеңесте мақұлданды.


Хаттама № ________ «_______» ___________ 2013 ж.


2. Бағдарлама:

2.1 Кіріспе

Мейірбике жоғары білімімен жақын арада елдің денсаулық сақтау жүйесінің тірегі болады. Көптеген қызметтегі клиникалық бөлімшелер, ауруханалар т.б. стационар, емхана түріндегі емдеу мекемелерінің жұмыстары оның білімі мен ақылына, кәсіптік көзқарасына тәуелді.

Хирургия мен реанимациядағы мейірбике ісін ұйымдастыру бойынша жоғары білімді мейірбикелерді дайындаудың бағыты болып әр түрлі деңгейдегі және бағыттағы емдік – профилактикалық мекемелерде жиі кездесетін хирургиялық аурулар кезінде хирургиялық және реаниматологиялық көмекті ұйымдастырудың технологиясы есептеледі. Осыған байланысты жоғары білімді мейірбике ауруханаларда, емханада, травмалық пункт, санатория-профилактория қызметінің барлық клиникалық және параклиникалық бөлімшелері жұмысының ерекшелігін көрсете білу керек. Клиникалық және аспаптық диагностиканың қазіргі әдістерін білу керек. Хирургиялық аурумен ауыратын науқастарды емдеудің жолдарын және тәсілдерін, реанимация бөлімшесіндегі науқастарға көмек беруді білу керек.

2.2 Пәннің мақсаты:

Хирургиядағы және реанимациядағы пациенттердің мәселелерін өз бетінше шешу үшін мейірбикелік процесті жоспарлау, іске асыру, ұйымдастыру бойынша білім мен дағды қалыптастыру.

2.3 Оқытудың міндеттері:

  • студенттерге кең таралған хирургиялық патологияның негізгі көріністері жөнінде білім беру;

  • жиі кездесетін хирургиялық аурулар кезінде мейірбикелік процесті жүзеге асыруды үйрету, бақылаудың жоспарын жасау, науқасқа керекті күтімді жасау;

  • ауруханаішілік инфекцияның алдын алу және науқастар мен қызметкерлер құрамын инфекция қаупінен сақтау үшін жаңа мейірбикелік технологияларды қолдануды үйрету;

  • хирургиялық бағыт мәселелері бойынша науқасқа және оның жанұясына кеңес беруге үйрету;

  • шұғыл хирургиялық жағдайда дәрігерге дейінгі көмек көрсетуге үйрету;

2.4 Оқытудың соңғы нәтижесі

2.4.1 Студент білуі керек:

  • хирургия мен реанимацияда мейірбикелік процесті ұйымдастыруды;

  • түрлі бағыттағы хирургиялық бөлімшелердің, реанимация мен қарқынды терапия бөлімшелері (РҚТБ), стационар мен емхана түріндегі медициналық кеңселердің шағын бөлімшелері және нақтамалық – көмекші қызметтерінің жұмыс ерекшеліктерін;

  • түрлі бағыттағы хирургиялық бөлімшелердің, РҚТБ, ауруханалардың операциялық шығынын, емханалардың хирургиялық бөлмелерін, травмалық пункттердің медициналық есепке алу – есеп беру құжаттарын, оны тағайындауды, жүргізу тәртібін;

  • клиникалық тәжірибеде кездесетін кең таралған хирургиялық аурулардың негізгі синдромдары және симтомдарын;

  • хирургиялық практикадағы шұғыл жағдайда симптомды ем жүргізу мен алғашқы медициналық көмек көрсету принциптерін;

  • клиникалық хирургиялық практикадағы диагностиканың негізгі әдістерін, хирургиялық науқасты диагностикалық зерттеудің әртүрлі түрлеріне дайындаудың ерекшеліктерін;

  • кең таралған хирургиялық ауруларды емдеудің негізгі әдістерін;

  • хирургиялық науқастарды оңалтудың сұрақтарын;

  • хирургиялық аурулардың алдын алуды;

  • онкологиялық жағдайда мейірбикелік процестің ерекшеліктерін, паллиативті көмекті ұйымдастырудың ерекшеліктерін;

2.4.2 Cтудент үйреніп алуы қажет:

  • симптомдарының деңгейіне байланысты хирургиялық науқастың жағдайын бағалауды;

  • хирургиялық науқасты емдеудің жалпы жоспарын белгілеу мен тексеру бағдарламасын құруды;

  • хирургиялық аурудың алдын алуымен және емдеумен, диагностикасымен, байланысты барлық керекті қимыл – қозғалыстарды орындауды;

  • қажет жағдайда хирургиялық науқасқа көрсетілетін шұғыл көмектің көлемін анықтауды;

  • денсаулық жағдайының бағасына байланысты хирургиялық науқасқа медициналық, психологиялық, әлеуметтік және кәсіби оңалтудың бағдарламасын құруды;

2.4.3 Студент машықтануы қажет:

  • медициналық құжаттардың негізгі түрлерін дұрыс және уақытылы толтыруға;

  • хирургия мен травмотологияда шұғыл жағдай кезінде дәрігерге дейінгі көмекті көрсетуге;

2.5 РЕКВИЗИТКЕ ДЕЙІНГІ:

- мейірбике ісінің негіздері;

- микробиология;

- ішкі аурулар пропедевтикасы және терапиядағы мейірбике ісі;

- клиникалық фармакология;

- медициналық психология.

2.6 РЕКВИЗИТТЕН КЕЙІНГІ:

- мейірбике ісіндегі менеджмент пен әкімшілік процесс,

- ЕПУ – дағы инфекцияны бақылау,

- төтенше медицина курсымен жедел және шұғыл медициналық көмек.


2.7 Тақырыптық жоспар

2.7.1 Дәрістің тақырыптық жоспары

1 кредит



Тақырыбы

Өткізілу түрі

Сабақтың ұзақтылығы

1

Хирургиялық, онкологиялық, реанимациялық және травматологиялық көмекті ұйымдастыру жүйесі.

шолу – иллюстративті, өзекті.

1

2

Медициналық қызметкер мен науқастың инфекциялық қауіпсіздігі. Асептика. Антисептика.

шолу – иллюстративті, өзекті.

1

3

Анестезиологияның жалпы мәселелері. Жергілікті және жалпы наркоз жүргізу дайындығындағы мейірбике ролі.

шолу – иллюстративті, өзекті.

1

4

Трансфузиологияның негізгі мәселелері.

шолу – иллюстративті, өзекті.

1

5

Хирургиялық аурулар кезіндегі мейірбикелік процесс.

шолу – иллюстративті, өзекті.

1

Барлығы: 5 сағат

2 кредит



Тақырыбы

Өткізілу түрі

Сабақтың ұзақтылығы

1

Реаниматология негіздері. Қарқынды терапия бөліміндегі мейірбикенің жұмысының ерекшелігі.

шолу – иллюстративті, өзекті.

1

2

Ашық жарақаттар – жаралар. Жіктелуі. Клиникалық көрінісі.

шолу – иллюстративті, өзекті.

1

3

Хирургиялық операциялар. Түрлері.

шолу – иллюстративті, өзекті.

1

4

Жіті және созылмалы хирургиялық инфекция. Хирургиялық инфекциясы бар науқастардың күтімін ұйымдастырудың ерекшеліктері.

шолу – иллюстративті, өзекті.

1

5

Травматология негіздері. Мейірбикелік процесті ұйымдастыру.

шолу – иллюстративті, өзекті.

1

Барлығы: 5 сағат

3 кредит



Тақырыбы

Өткізілу түрі

Сабақтың ұзақтылығы

1

Күйіктер, үсіктер, олардың емі. Күйік ауруы. Күйіп қалған ауруды таңу.

шолу – иллюстративті, өзекті.

1

2

Ішперде қуысы ағзаларының жіті хирургиялық аурулары. Мейірбикелік процесті ұйымдастыру ерекшеліктері.

шолу – иллюстративті, өзекті.

1

3

«Ірі қантамырларының бітелуі» синдромы. Мейірбикелік процесті ұйымдастыру ерекшеліктері.

шолу – иллюстративті, өзекті.

1

4

Хирургиялық клиникадағы паразитті аурулар. Паразитті аурулары бар науқастарды күту ерекшелігі.

шолу – иллюстративті, өзекті.

1

5

Шұғыл хирургиялық жағдайда дәрігерге қаралғанға дейінгі көмек көрсетуі.

шолу – иллюстративті, өзекті.

1

Барлығы: 5 сағат

Жалпы: 15 сағат
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28

Похожие:

Пән: Хирургия мен реанимациядағы мейірбике ісі Пән коды iconАнестезиология және реаниматология курсымен
«Хирургия мен реанимациядағы мейірбике ісі» пәнінің жұмыс бағдарламасы «Мейірбике ісі» 051101 мамандығы бойынша типтік оқу бағдарламасына...
Пән: Хирургия мен реанимациядағы мейірбике ісі Пән коды iconЖұмыс бағдарламасы Пән: «педиатриядағы мейірбике ісі»
Жұмыс бағдарламасы №2 балалар аурулары кафедрасымен 051101 «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша «Педиатриядағы мейірбике ісі» типтік...
Пән: Хирургия мен реанимациядағы мейірбике ісі Пән коды iconЖалпы педагогика мен психология
Оод жалпыміндетті пән, бд-базалық пән, пд-бағдарлы пән, дво-оқытудың қосымша түрі
Пән: Хирургия мен реанимациядағы мейірбике ісі Пән коды iconТӘрбие жұмысының теория мен оқУ Әдістемесі
Оод жалпыміндетті пән, бд-базалық пән, пд-бағдарлы пән, дво-оқытудың қосымша түрі
Пән: Хирургия мен реанимациядағы мейірбике ісі Пән коды iconСиллабус «Жұқпалы аурулар иммунопрофилактикасы» элективті пән бойынша 5В110100 «Мейірбике ісі» мамандығы үшін
Эпидемиология және коммуналды гигиена кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты, доцент: Шайзадина Фатима Мейрхановна,...
Пән: Хирургия мен реанимациядағы мейірбике ісі Пән коды iconПән, пән коды Медициналық биофизика, мв 1112 Мамандығы 051301, Жалпы медицина
Пәндік жұмыс бағдарламасын медициналық биофизика пәні бойынша типтік оқу бағдарламасы негізінде медициналық физика және информатика...
Пән: Хирургия мен реанимациядағы мейірбике ісі Пән коды iconПән, пән коды Медициналық биофизика, мв 1112 Мамандығы 5В130100 «Жалпы медицина»
Пәндік жұмыс бағдарламасын медициналық биофизика пәні бойынша типтік оқу бағдарламасы негізінде медициналық физика және информатика...
Пән: Хирургия мен реанимациядағы мейірбике ісі Пән коды iconЖас ерекшелік физиологиясы
Оод жалпыміндетті пән, бд-базалық пән, пд-бағдарлы пән, дво-оқытудың қосымша түрі
Пән: Хирургия мен реанимациядағы мейірбике ісі Пән коды iconЖалпы педагогика және психология
Оод жалпыміндетті пән, бд-базалық пән, пд-бағдарлы пән, дво-оқытудың қосымша түрі
Пән: Хирургия мен реанимациядағы мейірбике ісі Пән коды iconПән: «Мейірбике ісі негіздері»
Силлабус (студенттің жұмыс бағдарламасы) «Ішкі аурулар пропедевтикасы» пәні бойынша интеграцияланған типтік оқу бағдарламасы негізінде...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница