Пән коды: Аnat – 1203 Мамандығы: 5В 130200 Стоматология Сағаттар саны: 162 Курс және оқу Семестр: 1курс,1семестр




Скачать 162.37 Kb.
НазваниеПән коды: Аnat – 1203 Мамандығы: 5В 130200 Стоматология Сағаттар саны: 162 Курс және оқу Семестр: 1курс,1семестр
И Н Милюшина
Дата конвертации15.02.2016
Размер162.37 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://sirius.ssmu.kz/fs/_15/01/16/54b8b5e3a5276.doc

G-041.07.05.21-2013

Жұмыс бағдарламасы

Бакалавриат МЖМБС

1 Бас.

Бет тен




Семей қаласының мемлекеттік медицина университеті


АНАТОМИЯ ЖӘНЕ ГИСТОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ


ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ


Пән: Анатомия

Пән коды: Аnat – 1203

Мамандығы: 5В 130200 Стоматология

Сағаттар саны: 162

Курс және оқу Семестр: 1курс,1семестр





Семей 2014


Пәннің оқу бағдарламасын құраған анатомия және гистология кафедрасы

(кафедра/курс атауы)

Анатомиядан типтік оқу бағдарламасы негізінде құралған


Авторлар: доцент И.Н. Милюшина, (аударған оқытушы Есболатова Г.М.)


11. 11. 2014ж. кафедра отырысында талқыланды

№__3а__Хаттама

Каф. меңгерушісі м.ғ.к., доцент ______________ С.К. Кожанова


«________» мамандығы бойынша ББК талқыланды __________________________________________

____ _________ 2014ж. № ______хаттама


Төрағасы ________________________ доцент Сулейменева Д.М.


Оқу Әдістемелік Кеңесте бекітілді

______ __________2014ж. № ____хаттама


Төрағасы ________________________ Жунусова А.Б.


1.Кіріспе


Адам анатомиясы- тірі адамның дене пішінін, қызыметтеріне және даму заңдылықтарына байланысты дене құрылысын зерттейтін ғылым. Анатомия дененің ағзалары мен бөліктерінің пішінін, құрылысын, орналасуын және топографиялық арақатынасын жас, жыныс, жеке ерекшеліктеріне сүйене отырып жүйелі түрде баяндайды. Ол эмбриология, салыстырмалы анатомия және антропологияның мәліметтерін кеңінен қолданады, қоршаған орта мен әлеуметтік факторлардың, еңбектің, спорттың адам организмі құрылысына әсерлерін анықтайды.

Анатомия пән ретінде медициналық білімнің фундаментін құрайды, оны игермеген студент профилді пәндерді оқуы мүмкін емес. Себебі олар тіс емдеу дәрігеріне керекті медициналық білімнің негізін құрайды.


2.Пәннің мақсаты

Адам денесінің ағзаларының құрылысын, олардың жүйелерін, жыныстық, жастық, өзіндік ерекшеліктерін, бас, мойын ағзаларының анатомиялық және топографиялық қарым-қатынастарын оқу, осы білімді тіс емдеу тәжрибесінде қолдану.


3.Оқыту міндеттері

- адам ағзалары мен тұтас организмнің құрылысы мен қызметінің арақатынасы мен байланысын өзгермелі қоршаған орта, еңбек пен әлеуметтік факторлар жағдайында ғылыми тұжырым тудыру;

- ағзалар мен организм жүйелерінің қалыпты құрылысы мен функциясы туралы білімді салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін қолдану;

- адам денесінің ағзалары мен мәйітке биологиялық материал ретінде құрметпен және ұқыптылықпен қарау.


4.Пән пререквизиті – биологияның, адам анатомиясының мектеп бағдарламалары.


5.Пән постреквизиті – бас пен мойынның клиникалық анатомиясы, тіс протездерін дайындау технологиясы, гистология, физиология, патологиялық анатомия, патологиялық физиология, тіс ауруларының алдын алу.


6.Сабақтың тақырыптық жоспары:


Дәрістердің тақырыптық жоспары


№№

Дәріс тақырыптары

Ұзақтылығы\ сағаты

1.

Анатомия туралы түсініктеме, оның биологиялық ғылымдардың арасындағы орны. Адам эмбриогенезінің бастапқы сатылары.

1

2.

Сүйекті ұлпаның пайда болуы, дамуы, өсуі және құрылысының жалпы заңдылықтары. Сүйекті қаңқаның құрылысы. Сүйектердің жіктелуі.

1

3.

Бассүйектің дамуы, құрылысы, қызметі. Бассүйектің жастық, жыныстық, типтік ерекшеліктері.

1

4.

Бассүйектің ми бөлімі: құрылысы, қызметі. Бассүйектік көрсеткіштері.

1

5.

Бет сүйектері. Контрфорстар, түрлері. Бетсүйектік көрсеткіштері..

1

6.

Сүйек қосылыстарының түрлері. Бассүйек қосылыстары.

1

7.

Жалпы миология. Бұлшықет – мүше ретінде, оның дамуы, жіктелуі, құрылысы, қызметі, топографиясы. Шайнау аппараты.

1

8.

Нерв жүйесі туралы жалпы түсініктеме. Қарапайым және күрделі рефлекторлық доғалар. Жұлынмен мидың ақ, сұр заттарының құрылысы. Анализаторлар туралы түсініктеме

1

9.

Нерв жүйесінің морфологиялық мінездемесі, маңызы. Орталық және шеткі бөлімдерге бөлінуі туралы принциптері.

1

10.

Вегетативті нерв жүйесінің жалпы морфологиясы. Симпатикалық және парасимпатикалық нерв жүйесі туралы түсініктеме.

1

11.

Бассүйек нервтердің функционалдық анатомиясы.

1

12.

Үшкіл, бет, тіл-жұтқыншақ нервтері: тармақтары, топографиясы, вегетативті түйіндермен байланысы.

1

13.

Ангиологияға кіріспе. Қан тамырларының құрылысының, тарамдалуының, жіктелуінің негізгі принциптері. Жүректің дамуы және даму ақаулары.

1

14.

Лимфа жүйесінің құрылысы және жіктелуінің негізгі принциптері. Бас, мойын ағзаларынан лимфаның ағуы.

1

15.

Эндокринді аппараттың және иммундық жүйе ағзаларының морфофункционалдық мінездемесі, олардың топографиясы, организмнің ағза, жүйелерінің қызметін реттеуі.

1

16.

Спланхнологияға кіріспе. Асқорыту жүйесі ағзаларының жалпы анатомиясы, олардың дамуы және даму ақаулары.

1

17.

Тістердің жалпы анатомиясы. Тістердің дамуы, ақаулары.

1

18.

Тіс-жақ аппараты. Тістердің меншікті анатомиясы.

1




Барлығы: 18 сағат





Сабақтардың тақырыптық жоспары


№№

Практикалық сабақтың тақырыптары

Сағаттар саны




ОСТЕОЛОГИЯ






Халықаралық анатомиялық номенклатура. Біліктер, жазықтар туралы түсінік. Қаңқаға жалпы шолу. Тұлға сүйектерінің: омыртқалардың, төстің, қабырғалардың құрылысы. Иық белдеуі және еркін орналасқан қол сүйектерінің құрылысы. Жамбас белдеуі және еркін орналасқан аяқ сүйектерінің құрылысы.

3



Ми сауыты сүйектерінің және бет сүйектерінің құрылысы.

2



Ми сауыты сүйектерінің топографиясысы. Бет сүйектерінің топографиясысы

3




СИНДЕСМОЛОГИЯ






Бассүйек қосылыстары. Шықшыт буыны. Тұлға, қол-аяқ сүйектерінің қосылыстары.

2




МИОЛОГИЯ






Бас, мойын бұлшықеттерінің шандырларының құрылысы, топографиясысы, қызметі. Тұлға бұлшықеттері, шандырлары: құрылысы, топографиясысы, қызметі

3



Иық белдеуі, қол бұлшықеттері мен шандырлары, топографиясысы, қызметі. Жамбас белдеуінің, аяқ бұлшықеттерінің, шандырларының құрылысы, топографиясы, қызметі.

2




БАСПЕН МОЙЫННЫҢ АНАТОМИЯСЫ ЖӘНЕ ТОПОГРАФИЯСЫ






Бастың милық бөлігінің топографиялық анатомиясы: маңдай-шеке-шүйде аймағы, самай және емізіктік аймақтары. Ми бөліктерінен жалпы шолу. Бассүйек нервтерінің ми негізіндегі топографиясы. Ми қабықтары. Сопақша ми, ромб тәрізді шұқыршақ, артқы ми, төртінші қарынша.

3



Ортаңғы ми, суқұбыры. Аралық ми, үшінші қарынша. Соңғы ми. Үлкен ми сыңарлары, жамылғы, иіс-сезу ми. Сүйелді дене, күмбез, күмбез дәнекері, алдыңғы ми дәнекері. Негізгі ядролар. Бүйір қарыншалар.

2



Бастың беттік бөлігінің топографиялық анатомиясы: көзұя, мұрын және ауыз аймақтары; ұрт және шықшыт, шайнау аймағы. Беттің майлы кеңістіктері. Ауыз қуысы. Тіл, таңдай, тістер, сілекей бездері: құрылысы, топографиясы, функциялары. Тістер, бөлімдері. Тістердің құрылысы. Сүт тістері. Тұрақты тістер. Тіс формуласы. Тістеу, қызыл иек. Тіс-жақ сегменттері. Тіс түрлерінің сипаттамасы.

3



Сыртқы мұрын. Мұрын қуысы: топографиясы, қызметі. Мұрын маңындағы қойнаулар. Көмей, кеңірдек: құрылысы, топографиясы, қызметі. Қалқанша және қалқанша маңындағы бездер: құрылысы, топографиясы, қызметі.


2



Сезім ағзаларының анатомиясы мен топографиясы. Көру ағзасы. Көру (II), көз-қозғалтқыш (III), шығыршық (ІV), әкеткіш (VІ) нервтері. Көру анализаторының өткізгіш жолы.

Есту және тепе-теңдік ағзасы. Кіреберіс-ұлу нервісі(VIII). Есту және тепе-теңдік анализаторларының өткізгіш жолдары. Иіс сезу және дәм сезу ағзалары, иіс сезу нервісі (I). Иіс сезу және дәм сезу анализаторының өткізгіш жолдары.

3




БАСПЕН МОЙЫННЫҢ ТАМЫРЛАРЫ МЕН НЕРВТЕРІ




12.

Жалпы, сыртқы, ішкі ұйқы артериялардың топографиясысы, проекциясы, тармақтары, қамтамасыз ету аймақтары. Бұғанаасты артерияның топографиясысы, проекциясы, тармақтары, қамтамасыз ету аймақтары. Мидың қанмен қоректенуі.

2

13.

Сыртқы, ішкі, алдыңғы мойындырық веналары, топографиясы. Бұғанаасты вена, топографиясы. Ми веналары. Бастың беткі және терең веналары. Мидың қатты қабығының қойнаулары. Венозды ағындар. Диплоикалық веналар. Лимфа тамырлары, баспен мойын түйіндері.

3

14.

Үшкіл (V жұп) нервінің ядролары, тармақтары, вегетативті түйіндермен байланысы, нервтендіру аймақтары. Бет (VII жұп), тіл-жұтқыншақ (ІХ жұп) нервтерінің ядролары, тармақтары, вегетативті түйіндермен байланысы, нервтендіру аймақтары.

2

15.

Кезеген (Х жұп), қосымша (ХІ жұп), тіласты (ХІІ жұп) нервтерінің ядролары, тармақтары, вегетативті түйіндермен байланыстары, нервтендіру аймақтары.

3

16.

Жұлынның пішіні, топографиясы, құрылысы. Жұлын қабықтары. Жұлын нервтерінің қалыптасуы. Мойын өрімнің топографиясы, тармақтары, нервтендіру аймақтары. ОСПЭ - 1

2

17.

Аралық бақылау. ОСПЭ - 2

3




ҚОЛ, АЯҚ ТАМЫРЛАРЫ МЕН НЕРВТЕРІ




18.

Қол аймақтары. Қол артериялары: қолтық, иық, шынтақ, кәріжілік артериялары. Олардың тармақтары, теріге проекциясы, қанмен жабдықтау аймағы. Қолдың беткей және терең веналары, лимфа тамырлары және түйіндері.

2

19.

Иық өрімі: қалыптасуы, құрылысы, тармақтары, нервтендіру аймақтары.

3

20.

Аяқ аймақтары. Аяқ артериялары: топографиясы, терідегі проекциясы, тармақтары, қанмен жабдықтау аймақтары. Аяқтың беткей және терең веналары, лимфа тамырлары және түйіндері.

2

21.

Бел және сегізкөз өрімдері: қалыптасуы, құрылысы, тармақтары, нервтендіру аймақтары

3




КӨКІРЕК ҚУЫСЫ ҚАБЫРҒАСЫ МЕН АҒЗАЛАРЫНЫҢ АНАТОМИЯСЫ ЖӘНЕ ТОПОГРАФИЯСЫ




22.

Көкірек қуысы қабырғаларының, қабырға аралықтарының, сүт безінің анатомиясы және топографиясы. Кеңірдек, бронхы, өкпе: құрылысы, қызметі, топографиясы. Өкпеқап: өкпеқап қуысы, өкпеқап қойнаулары.

Өңеш: құрылысы, қызметі, топографиясы.

2

23.

Жүрек: құрылысы, топографиясы, қызметі. Қолқа, оның бөліктері. Қолқа доғасының тармақтары тармақтары: иық-бас сабауы, сол жалпы ұйқы және сол бұғанаасты артериясы. Қолқаның көкірек бөлігі: париеталды және висцералды тармақтары, қанмен жабдықтау аймақтары. Үлкен қанайналым шеңберінің веналары. Жоғарғы қуыс вена, жұпсыз, жартылай жұпсыз веналарының: қалыптасуы, құйылыстары, топографиясы.

3

24.

Симаптикалық сабау, оның көкірек бөлігі. Симпатикалық сабаудың көкірек бөлігінен шығатын нервтер. Көкірек қуысы ағзаларының вегетативтік нервтенуі. Көкірек қуысы қабырғасы мен ағзаларының лимфа тамырлары және түйіндері. Кеуде түтігі: қалыптасуы, топографиясы. Оң лимфа түтігі қалыптасуы, топографиясы. Көкірекаралық: жіктелуі, қабырғалары. Көкірекаралық ағзаларының топографиясы

2




ҚҰРСАҚ ҚУЫСЫ ҚАБЫРҒАСЫ МЕН АҒЗАЛАРЫНЫҢ АНАТОМИЯСЫ ЖӘНЕ ТОПОГРАФИЯСЫ




25.

Құрсақ қуысының алдыңғы-бүйір және артқы қабырғаларының топографиялық анатомиясы. Іштің ақ сызығының, кіндік сақинасының, шап өзегінің топографиясы. Асқазан, жіңішке ішектің құрылысы, топографиясы, қызметі. Тоқ ішектің құрылысы, топографиясы, қызметі.

3

26.

Қол-аяқ тамырларынан және нервтерінен, құрсақ қуысы қабырғасы мен ағзаларының топографиясы бойынша.

Аралық бақылау. ОСПЭ - 3

2

27.

Бауырдың, өт қабының, ұйқы безінің анатомиясы, топографиясы. Көкбауырдың құрылысы, топографиясы, қызметі. Ішастар, оның туындылары. Ішастардың жолы. Ішастар қуысы..

3

28

Құрсақтық қолқаның анатомиясы және топографиясы: тақ тармақтары, қамтамасыз ету аймақтары, өзара анастомоздар. Құрсақтық қолқаның жұп париеталді және висцералді тармақтарының анатомиясы және топографиясы. Олардың өзара анастомоздары

2

29.

Төменгі қуысты вена жүйесі, қалыптасу арналары. Қақпалық вена түбірлері, топографиясы. Кава-кавалді (қуыс-қуыстық) және қақпа қуыстық анастомоздар. Құрсақ қуысындағы ағзалардың, қабырғаларының лимфа тамырлары және түйіндері.

3

30.

Құрсақ қуысындағы ағзалардың, қабырғаларының нервтенуі. Несеп жүйесі (бүйректің, несеп ағардың) ағзаларының анатомиясы және топографиясы. Бүйрек үсті безінің құрылысы, қызметі

2




ЖАМБАС АСТАУЫНЫҢ АНАТОМИЯСЫ ЖӘНЕ ТОПОГРАФИЯСЫ




31.

Несеп қуығы, несеп шығаратын өзек: құрылысы, топографиясы, қызметі. Тік ішек: құрылысы, топографиясы, қызметі. Ер адамның жыныс ағзалары (аталық без, ұрық жіпшесі, ұрық шығарғыш түтігі, ұрық көпіршіктері, қуықасты безі, куперов бездері, ұма, жыныс ағзасы) құрылысы, топографиясы, қызметі. Аналық бездің, жатырдың жатыр түтігінің, қынаптың, сыртқы жыныс мүшелердің құрылысы, топографиясы, қызметі

3

32.

Шатаралық, жамбас астауы көкеттері, несеп-жыныс диафрагмасы, еркек пен әйелдің несеп-жыныс диафрагмасы құрылысының өзгешелігі.

2

33.

Жамбастың лимфа тамырлары және лимфа түйіндері, жамбас астауы қабырғасы мен ағзаларынан лимфаның ағу жолдары. Жамбас астауының қабырғасы мен ағзаларының нервтенуі.

3

34.

Аралық бақылау. ОСПЭ - 4

2

35.

Аралық бақылау.

3

36.

Қортынды кеңес беру.

2




Барлығы: 90 сағат






Студенттің өздік жұмысының тақырыптық жоспары



№№

Студенттердің өзіндік жұмысының тақырыптары




1.

Анатомиялық глоссарий

22

2.

Тірі адамда зерттейтін анатомияның әдістері: антропометрия. Дене бітімінің түрлері.

3

3.

Еңбектің, спорттың, әлеуметтік және биологиялық факторлардың сүйек құрылысына тигізетін әсері.

3

4.

Тірі адамда тәжрибелік маңызды қанқаның шығынқы бөліктерін сипап қарау орындары

2

5.

Контрофорстарды анықтау.

3

6.

Бассүйекті жасқа байланысты зерттеу

3

7.

Краниометрия. Милық және бетсүйектік индекстерді анықтау.

4

8.

Омыртқа бағанының физиологиялық және патологиялық иіндері

3

9.

Тістердің жоғарғы не төменгі жақсүйектікі екенін анықтау

3

10.

Буындардағы қозғалыстарды құрастыру.

3

11.

Дене терісіндегі ірі тамырлардың проекциясын, тамырларды қысу және тыңдау орындарын анықтау.

2

12.

Бас, мойын, тұлға, қол-аяқ терісінің морфофункционалды сипаттамасы

3




Барлық сағаттар саны: 54






7.БІЛІМ БЕРУ МЕН ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ

  • Дәрістер: визуалды

  • Практикалық сабақтар: анатомиялық препараттармен жұмыс, муляж және планшеттер; ауызша тексеру, жағдайлық есептер, тесттік тапсырмалар, кіші топпен жұмыс істеу,практикалық жұмыс істеу,TBL,PBL.

  • Студенттің өздік жұмысы: студенттің оқулықтар мен қосымша әдебиеттермен жұмысы; электронды информация; тест тапсырмаларын өз бетінше шешу, реферат дайындау, өз бетінше дайындық тақырыбынан оқытушыдан консультация алу.


8.СТУДЕНТТЕРДІҢ БІЛІМІН ЖӘНЕ ДАҒДЫЛАРЫН БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІ:

  • Ағымдық бақылау: тест тапсырмаларын шешу, ауызша жауап және анатомиялық құрылымдарды мәйіттен және анатомиялық препараттан көрсету, жазбаша жұмыс, эссе, реферативтік баяндама

  • Рубеждік бақылау: ауызша сұрау,ОСПЭ

  • Қорытынды бақылау: ауызша емтихан, ОСПЭ

  • 9.ҰСЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

Негізгі:

Қазақ тілінде:

1. Ракышев А.Р. Адам анатомиясы 1,11 том 2004

2. Ракышев А.Р. Адам анатомиясынын атласы, 1, II том. Алматы: «Кітап», 2006.

3. Жумабаев У., Әубәкіров Э.Б, Досаев Т.М. ж.т.б. Адам анатомиясы, атлас. 1,11,III, IV том. Астана: «Фолиант», 2005.


Қосымша:

Қазақ тілінде:

1. Тебенов М.Е. Адам анатомиясы (ас қорыту және тыныс алу жүйесі). Оқу құралы. Қараганды, 1993.

2. Нурмухамбетова Б.Н. Лимфа жуйесінің функционалды анатомиясы. Оқу құралы. Алматы, 2007.


Орыс тілінде:

1. Сергиенко В.И., Петросян Э.А., Сухинин А.А. Учебно-методическое пособие к практическим замятиям по оперативной хирургии и топографической анатомии для студентов лечебного факультета. М: «ГЭОТАР--МЕД»,2002.

2. Нурмухамбетова Б.Н. Функциональная анатомия лимфатической системы. Учебное пособие. Алматы, 2000.

3. Гайворонский И.В. Анатомия и физиология человека: Учебник для мед. ВУЗов., СПб.: «СпецЛит», 2004.

Похожие:

Пән коды: Аnat – 1203 Мамандығы: 5В 130200 Стоматология Сағаттар саны: 162 Курс және оқу Семестр: 1курс,1семестр iconОқу түрі күндізгі Кредиттер саны 3 Курс 3 Семестр 6 Барлық сағат саны 135 Аудиториялық сағаттар саны 48
Ақпараттық жүйелер мамандығына арналған «Ақпараттық қауіпсіздік және ақпаратты қорғау» пәнінің оқу бағдарламасы (Syllabus) типтік...
Пән коды: Аnat – 1203 Мамандығы: 5В 130200 Стоматология Сағаттар саны: 162 Курс және оқу Семестр: 1курс,1семестр iconПәннің оқу-әдістемелік кешені. Курс-3 Семестр-5 Кредит саны-2
Курс бағдарламасы Қазақстан Республикасының жалпыға білім беру стандартына сәйкес «050116» География мамандығы бойыншатиптік бағдарлама...
Пән коды: Аnat – 1203 Мамандығы: 5В 130200 Стоматология Сағаттар саны: 162 Курс және оқу Семестр: 1курс,1семестр iconПәннің оқу-әдістемелік кешені. Курс – 3 Семестр – 6 Кредит саны – 3
Курс бағдарламасы : Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігінің 11. 05. 2005ж. №289 негізінде жасалды
Пән коды: Аnat – 1203 Мамандығы: 5В 130200 Стоматология Сағаттар саны: 162 Курс және оқу Семестр: 1курс,1семестр icon«Анатомия» Аnа 1203 бойынша 5В130200 «Стоматология» мамандығы үшін Оқу сағатының көлемі: 180
Анатомия кафедрасының меңгерушісі, м.ғ. к. Наурызов Нурлан Ныгметұлы, медицина ғылымының кандидаты, педагогикалық жұмыс стажы – 20...
Пән коды: Аnat – 1203 Мамандығы: 5В 130200 Стоматология Сағаттар саны: 162 Курс және оқу Семестр: 1курс,1семестр icon5В130200 «Стоматология» мамандығы үшін Оқу сағатының көлемі 90 сағат Курс II семестр IV қарағанды 2013
Кафедра меңгерушісі: Жәутікова Сауле Базарбайқызы, медицина ғылымдарының докторы, профессор, жоғары категориялы дәрігер, педагогикалық...
Пән коды: Аnat – 1203 Мамандығы: 5В 130200 Стоматология Сағаттар саны: 162 Курс және оқу Семестр: 1курс,1семестр icon050108 – «Дене шынықтыру және спорт» мамандықтары бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын студенттерге арналған Курс – 3 Семестр – 5 Кредит саны – 2 Практикалық сабақ – 30 сағат ожсөЖ – 30 сағат
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 031100 «Дене тәрбиелеу мәдениеті және спорт» мамандығы бойынша жоғарғы оқу орындарына арналған біртұтас...
Пән коды: Аnat – 1203 Мамандығы: 5В 130200 Стоматология Сағаттар саны: 162 Курс және оқу Семестр: 1курс,1семестр iconКурс – 1 Семестр – 8 Кредит саны 1
Курс бағдарламасы ҚР-ның жоғарғы оқу орнының студенттеріне арналған «Экология және тұрақты даму» пәнінің типтік бағдарламасының негізінде...
Пән коды: Аnat – 1203 Мамандығы: 5В 130200 Стоматология Сағаттар саны: 162 Курс және оқу Семестр: 1курс,1семестр iconПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені курс – 2 Семестр – ІІІ кредит саны – 2
«Психология және педагогика» факультетінің «Психология және әлеуметтік педагогика» кафедрасында құрастырылған типтік оқу бағдарламасы...
Пән коды: Аnat – 1203 Мамандығы: 5В 130200 Стоматология Сағаттар саны: 162 Курс және оқу Семестр: 1курс,1семестр iconКурс – 1 Семестр – 1,2 Кредит саны 2
Курс бағдарламасы ҚР-ның жоғарғы оқу орнының студенттеріне арналған «Экология» пәнінің типтік бағдарламасының негізінде (Астана қаласы,...
Пән коды: Аnat – 1203 Мамандығы: 5В 130200 Стоматология Сағаттар саны: 162 Курс және оқу Семестр: 1курс,1семестр iconПән, пән коды Медициналық биофизика, мв 1112 Мамандығы 5В130100 «Жалпы медицина»
Пәндік жұмыс бағдарламасын медициналық биофизика пәні бойынша типтік оқу бағдарламасы негізінде медициналық физика және информатика...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница