Пән: «клиникалық медицинаға кіріспе»




Скачать 387.68 Kb.
НазваниеПән: «клиникалық медицинаға кіріспе»
страница1/4
Жумамбаева Р М
Дата конвертации15.02.2016
Размер387.68 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://sirius.ssmu.kz/fs/_14/01/22/52df6c337ff15.doc
  1   2   3   4

G-041.07.05.23-2013


Силлабус

Бакалавриат МЖМБС

1 бас.

Бет тен




СЕМЕЙ Қ. МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ


ІШКІ АУРУЛАР ПРОПЕДЕВТИКАСЫ КАФЕДРАСЫ


Силлабус

(Syllabus)


Пән: «КЛИНИКАЛЫҚ МЕДИЦИНАҒА КІРІСПЕ»


Пәннің коды: VK-3220


Мамандығы: «Қоғамдық денсаулық сақтау»

Оқу сағатының көлемі/кредит- 135 (3 кредит)


Курс -3


Семестр - 5


Семей 2013 ж.


Силлабус ішкі аурулары пропедевтикасы кафедрасымен 051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша «Медиициналық клиникаға кіріспе» типтік оқу бағдарламасының негізінде кұрастырылған, Астана - 2009.


Авторлар:

1.Жумамбаева Р.М.- ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасының меңгерушісі.

2.Кайдарова С.Б.– ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасының ассистенті.


Кафедра отырысында талқыланды


«9» қырқүйек 2013 ж № 2 хаттама


Кафедра меңгерушісі, профессор_________Жумамбаева Р.М.


Оқытушылар туралы мәліметтер




Т.А.Ә.

Лауазымы, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы

Ғылыми ықыласы және жетістіктері/категориясы

1

Жумамбаева Роза Мурзахановна

Кафедра меңгерушісі

Жоғары дәрежелі дәрігер

2

Даутов Даулет Хапасович

Оқу ісінің меңгерушісі, доцент, м.ғ.к.

Жоғары дәрежелі дәрігер

3

Токабаев Азамат Кожагулович

Оқу ісінің меңгерушісі, доцент, м.ғ.к..

Жоғары дәрежелі дәрігер

4

Избасарова Ирина Анатольевна

Ассистент, м.ғ.к..

Жоғары дәрежелі дәрігер

5

Кайдарова Сая Балташевна

Ассистент




6

Орынбасарова Баян Аскаровна

Ассистент

1 дәрежелі дәрігер

7

Шаханова Айжан Тунгышхановна -

Ассистент

1 дәрежелі дәрігер

8

Шарапиева Алуа Муратбековна

Ассистент, магистр




9

Кисина Рауан – ассистент кафедры,

Ассистент, магистр




10

Байльдинова Клара Женисовна

М.ғ.к




11

Оразбекова Сауле Капановна

Ассистент

1 дәрежелі дәрігер

12

Есенгулова Алия Бейсенбековна

Ассистент

Жоғары дәрежелі дәрігер

13

Сулейменова Панария Сатыбалдиновна

Ассистент

Жоғары дәрежелі дәрігер

14

Ченемесова Сауле Абылкасовна

Ассистент

Жоғары дәрежелі дәрігер


Байланыс ақпараты:

Кафедраның орналасқан орны- Семей қаласы, Кабель кешені 1, № 2 қалалық аурухана, 3 қабат, жүйке жүйесінің бөлімі.

№№ 3,20,41,13 автобустармен және №23,28,6 бағытты таксимен барып жетуге болады. Ет комбинаты аялдамасы .

Телефон – 349382 (терапия бөлімшесі)


Босатылған сабақтарды өтеу графигі:

Қыркүйек: 21,28

Қазан: 5, 12, 19, 26

Қараша: 2, 9, 16, 23, 30

Желтоқсан: 7, 14, 21, 28


Пән саясаты

Пән саясаты – бұл білімалушының (студент, интерн, резидент, магистрант, докторант) оқу материалын анағұрлым толық меңгеруіне және оқытушылар мен білімалушылардың нәтижелі әріптестігіне бағытталған осы пәнді меңгеру үрдісінде білімалушыға кафедраның қоятын жалпы талаптары.

Білімалушы міндетті:

  • Білімді, шеберлікті, практикалық дағдыларды және біліктіліктерді толық көлемде меңгеру.

  • Таңдалған білім траекториясы бойынша біліктіліктерге жету үшін бірінші курстан бастап электронды нұсқада «Портфолио» жинау.

  • Оқытушыларға, қызметкерлерге және білімалушыларға құрметпен қарау.

  • Мұнтаздай таза және тәртіпті болу, Университетте, емханаларда өзін лайықты ұстау, тыныштықты және сабақтарда, холлдарда, дәліздерде тазалықты сақтау.

  • Білімалушы сабақ басталған соң (оқытушы сабақты нақты бастаған соң) аудиторияға тек оқытушының рұқсатымен кіріп шыға алады.

  • Пән бойынша оқу бағдарламасын толық меңгеру үшін дәрістерге, практикалық (зертханалық, семинар) сабақтарға қатысу міндетті болып табылады. Клиникалық кафедраларда профессордың немесе доценттің қарауына, дәрігерлер консилиумдарына міндетті түрде қатысу.

  • БОӨЖ (білімалушының оқытушы жетекшілігімен өздік жұмысы) қатысуға кафедраның талаптарын орындау.

  • Дәрістерге, практикалық, зертханалық және семинар сабақтарға, емтихандарға медициналық форм киіп қатысу.

  • Клиникалық кафедраларға СЭС рұқсаты бар санитарлық кітаптың болуы.

  • Кафедра мүлкіне ұқыптылықпен қарау, үстелдер үстін ластамау, жазу жазбау, мүлікті бұзған жағдайда келтірілген зиянның орнын толтыру.

  • Үшкір өкшесі бар аяқ киімді киюге тыйым салынады.

  • Өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін сақтау.

  • Университеттің ішкі тәртіп ережелерін сақтау.

  • Кафедра өміріне белсенді қатысу (СҒЖ үйірмесіне, кафедра іс-шараларына және т.б. қатысу).

  • Мамандық бойынша ғылыми-практикалық, патологоанатомиялық конференциялар мен ассоциациялардың жұмысына қатысу.

  • Дәрістер, сабақтар кезінде ұялы телефондарды өшіріп қою.

  • Емтихандарға ұялы телефондарды, i–Phone, i-Pad алуға тыйым салынады. Білімалушы ұялы телефондарды, i–Phone, i-Pad еске түсіру құралы ретінде пайдаланса, ол емтиханнан шығарылады және F бағасы қойылады. Емтиханда немесе саралау сынағында білімалушы көмекші қағаздарды қолданса, автоматты түрде қорытынды «қанағаттандырарлықсыз» баға қойылады.

  • Кафедраларда өтемдер сабақтан тыс уақытта өткізіледі, дағдылы күндерде де жіберіледі (теориялық кафедрада кезекші оқытушы 18.00 сағатқа дейін болуы тиіс), клиникалық кафедрада өтемдерді профессорлық – оқытушылық құрамының түнгі кезекшілігі кезінде өткізуге болады.

  • Себепсіз жағдай бойынша босатылған сабақтар өтелмейді.

  • Себепті жағдай бойынша сабақтарды босатқанда білімалушы сабаққа шыққан күннен бастап деканаттан бір апта ағымында рұқсатнама алуға міндетті.

  • Білімалушы себепті жағдай бойынша сабақтарды босатса 2 ай ішінде өтеуі керек.

  • Дәрістерді босатқан кезде себептерге қарамай білімалушы дәріс материалдарының конспектісі болуы керек және оны дәріскерге көрсетуі керек.

  • Білімалушы белгілі себептермен (стационарда емделсе, төтенше жағдайлар болған кезде: табиғат апаты, апаттар және басқалар) басқадай себептермен сабақ босатқан жағдайда интерн, топ старостасы немесе оның туыстары бір тәулік ішінде білім ұйымын болған жағдай туралы хабардар етуге тиісті (телефонмен және басқадай жолмен) және үш күн ішінде осы жағдайды куәландыратын құжат әкелуі керек.

  • Ақтау құжаттары болып табылады: студенттік емханадан анықтама (нөмірі емхананың анықтама беру журналындағы нөмірмен бірдей болуы керек), жақындарының қайтыс болуы туралы куәлік, донорлық анықтама, некелесу туралы куәлік, баланың туу туралы куәлігі). Интерндер, резиденттер, магистранттар, докторанттар жұмысқа жарамсыздығы парағын беруі керек. Ақтау құжаттары болмаған жағдайда себепсіз болып саналады.

  • Жалған анықтамалар берген жағдайда рұқсатнама берілмейді және білімалушыға қатысты ішкі тәртіп Ережелеріне сәйкес әкімшілік шаралар қолданылады.

  • Кафедраға рұқсатнамамен бірге растайтын құжат көшірмесі беріледі. Білімалушы себепті жағдаймен босатылған 2 сабақты бір ретте өтеуіне болады.

  • себепті жағдаймен босатылған сабақты өтеу кезінде қағаз журналда «бж» дөңгелектенеді және алынған баға қағаз және электронды журналға енгізіледі.

  • Білімалушы бір айда екі және одан да көп сабақтарды босатқан жағдайда аттесталмаған деп есептеледі.

  • Соңғы сабақта пән бойынша жіберу рейтингісінің бағасы (ЖРБ) есептеледі, ЖРБ ведомостіне танысқаны туралы білімалушы өзінің қолын қояды, ал ЖРБ жетекші оқытушымен сынақ кітапшасында ЖРБ қойылады.

  • Пәндердің (дәрістердің, практикалық) аудиторлік сабақтардың жалпы көлемінен 25% себепсіз жағдаймен босатқан білімалушы пән бойынша аралық аттестаттауға (емтиханға/дифсынаққа) жіберілмейді және жазғы (ақылы) семестрден өтуге міндетті.

  • Пәндердің (дәрістердің, практикалық) аудиторлік сабақтардың жалпы көлемінен 25% себепсіз жағдаймен босатқан білімалушы жеке кесте бойынша барлық өтеулерді өтеуге міндетті.

  • Деканаттан рұқсатнамалар оқу топтары журналдарында бірге сақталады.

  • Егер білімалушы себепті жағдай бойынша аралық бақылауды босатқан және оны бір ай бойы өтемеген жағдайда, «бж» орнына қағаз журналда «0» қойылады.

  • Егер интеграцияның бір пәні немесе аралас пәндер бойынша «Жалпы медицина» мамандығы 4,5,6,7 курстары білімалушысы «F» алса, онда білімалушы жазғы (ақылы) семестр кезінде «F» бар пәнді ғана өтеді.

  • Егер емтихан екі және одан да көп кезеңдерден тұрған жағдайда және біліалушы кезеңдердің бірінен «0» алса, онда қорытынды баға қанағаттанарлықсыз болады.

  • Егер жіберу рейтингісі бойынша және қорытынды бақылаудан да (емтихан/диффсынақтан) білімалушы оңды баға алса ғана қорытынды баға есептеледі. Сонымен бірге оңды баға болып 50% -дан 100% -ға дейінгі баға болып саналады, қанағаттанарлықсыз баға - 0 -дан 49% -ға дейінгі баға болып саналады.

  • Тестілік емтихан үлесі пәнннің қорытынды бағасындағы үлес салмағы 10% құрайды.

Ағымдағы сабақтарда және аралық бақылауда алынған қанағаттанарлықсыз бағалар өтелмейді. Қанағаттанарлықсыз бағалар болған жағдайда білмалушылар төмен ЖРБ алады, ол өз кезегінде емтихан рұқсатнамасына әсер етеді.

Аралық аттестаттау бойынша оңды бағаны оны көтеру мақсатында қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

  • ЖРБ сынақ кітапшасының оң жағына қойылады. Дифференциалды сынақ бағасы шәкіртақы тағайындауға әсер етеді.

  • Осы семестрдің оқу жоспарымен қарастырылған семестрдің барлық пәндері бойынша оқу бағдарламасын орындау шарттары барлық сынақтарды тапсыру/ алуда білімалушылар аралық және қорытынды аттестаттауға жіберіледі.

  • Емтихан сессиясына жіберу деканат өкімімен рәсімделеді, сонымен қатар білімалушы сынақ кітапшасына «сессияға жіберілді» мөртабаны қойылады.

  • Біліалушыны курстан курсқа ауыстыру студенттің үлгерімінің орта баллы (GPA) негізінде жүргізіледі.

  • Егер білімалушы қажетті өту баллының GPA санын ала алмаса, білім грантынан айрылуымен қайталау курсын өтеді немес өз еркімен оқудан шығарылады.

  • Толық көлемде курс бағдарламасын орындаған білімалушы, бірақ өту баллын (GPA) жинай алмаған, өзінің үлгерімінің орта баллын көтеру мақсатында ақылы негізде пәнді қайта жазғы (ақылы) семестрде оқуға мүмкіндік беріледі («Қазақстан тарихы» пәнінен басқа, ол бойынша мемлекеттік емтихан тапсырылады) және және қайта емтихан тапсырады.Қайта тапсырғанда алынған оңды баға шәкіртақыны тағайындауға әсер етпейді.

  • Академиялық демалыстан кейін оқуға келген немесе бір мамандықтан екінші мамандыққа ауысқан кезде білімалушы барлық курсты толық өтуі және емтихан тапсыруы қажет.



Кафедра талаптары:

  • Сабаққа келген кезде студенттің өзімен бірге болуы керек:

  1. Санитарлық кітапшасы.

  2. Медициналық формасы (халат, колпак, маска, ауыстырып киетін аяқ-киімі).

  3. Істік дәптері, онда сабақтың тақырыбы бойынша әдістемелік нұсқауға сәйкес бастапқы бақылау тапсырмаларын орындайды.

  • Пән бойынша есеп алу үшін студент міндетті:

1. Рұқсат алу рейтингілік бағасының оң болуы (1,00 және жоғары)

2. Дәріс бойынша барлық босатқан дәрістері өтелуі қажет.


1. Кіріспе

Ұйымдастырушылардың қазіргі таңдағы міндетіне бірінші кезекте денсаулық сақтауды іске асырудың менеджмент пен маркетинг саласын қоямыз. Болашақ мамандар клиникалық қызметпен айналыспайды десек те болады, бірақ клиникалық медицинаның негізгі білімін меңгермей халыққа медициналық көмек көрсету процесін ұйымдастыру мен басқару мүмкін емес. Сондықтан осы бағыт бойынша мамандарды дайындау кезінде пациенттерді тексерудің жалпы принциптері, ішкі ағзалардың кең тараған ауруларының клиникалық-лабораториялық айқындалуы және оларды емдеу принциптері туралы негізгі білімді алуы қажет.


2.Пәннің мақсаты: студенттерге науқастарды физикальды тексеру әдісін, ең көп таралған ішкі ағза ауруларының негізгі клиникалық көріністерін, олардың лабораториялық-аспаптық диагностикалық әдістерін, өмірге қауіп төнген жағдайда алғашқы және дәрігерге қаралғанға дейінгі шұғыл көмек көрсету принциптерін оқыту.


3.Пәннің міндеттері:

  • науқастарды тексеру әдісіне үйрету (сұрастыру, тексеру, пальпация, перкуссия, аускультация);

  • ішкі ағзалардың негізгі ауруларының типті ағымында симптомдар мен синдромдарды анықтауға үйрету;

  • лабораториялық-аспаптық диагностиканың қазіргі әдістерін үйрету;

  • ішкі ағзалардың кең таралған ауруларын диагностикалау әдісі мен емдеу принциптерін үйрету;

  • деонтология және кәсіби этика негізін үйрету.



4.Білім берудің қорытынды нәтижелері

Студент білуі керек:

  • кәсіби дәрігерлік қызметтің деонтологиялық негіздерін;

  • қалыпты және патология жағдайында зерттеудің физикальды әдісі туралы мәліметтерді;

  • ішкі ағзалардың кең таралған ауруларының симптоматологиясы мен синдромын;

  • зерттеудің негізгі лабораториялық және аспаптық әдістерін, оларды түсіндіруді;

  • ішкі ағзалардың кең таралған ауруларын диагностикалау әдісі мен емдеу принциптерін;

  • кейбір шұғыл жағдайда дәрігерге қаралғанға дейінгі көмек көрсетудің симптоматологиясы мен принциптерін.

  1   2   3   4

Похожие:

Пән: «клиникалық медицинаға кіріспе» iconКурсы және оқу семестрі 3/5
Силлабусты (студенттің жұмыс бағдарламасын) ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасы құрастырды Клиникалық медицинаға кіріспе Типтік...
Пән: «клиникалық медицинаға кіріспе» iconФ кгму 4/3-04/02 ип №6 умс при Каз гма от 14 июня 2007г
Тақырыбы: Клиникалық медицинаға кіріспе. Ішкі ағза аурулары жалпы түсінік және ішкі медицинаның міндеттері. Дәрігерлік деонтология...
Пән: «клиникалық медицинаға кіріспе» iconКурсы және оқу семестрі: 2 курс, 4 семестр
«Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша ҚР 2012 жылғы мемлекеттік жалыға міндетті білім беру стандартына сәйкес әзірленген....
Пән: «клиникалық медицинаға кіріспе» iconКафедра меңгерушісі, профессор Ж. Б. Базарбек
Крито микен кезеңінің медицинасы, оларды зертеу көздері. Гомердің шығармаларындағы медицинаға қатысты мэселелер. Ежелгі Грекия медицинасының...
Пән: «клиникалық медицинаға кіріспе» iconКлиникалық анатомия және оперативтік хирургия кафедрасы
«Несеп-жыныс жүйесінің даму ақаулары мен аномалияларының клиникалық анатомиясының, қолданбалы негізі» деген тақырып бойынша
Пән: «клиникалық медицинаға кіріспе» iconМинистерство здравоохранения рк
ЖҚЖ-нің клиникалық тексерулердің негізін, оның қызметін қамтамасыз ететін физиологиялық үрдістерді және негізгі клиникалық әйгіленімдердің...
Пән: «клиникалық медицинаға кіріспе» iconКлиникалық анатомия және оперативтік хирургия кафедрасы
Элективті курс: «Тірек-қимыл жүйесі түрлілігінің, анамалия мен даму ақауларының және зақымдалуының клиникалық анатомиясы, оның қолданбалы...
Пән: «клиникалық медицинаға кіріспе» iconКлиникалық анатомия және оперативтік хирургия кафедрасы
«Акушерлік патологиялық жағдайдағы клиникалық анатомия,оперативтік араласулардың негіздері» деген тақырып бойыншаөтетін элективтік...
Пән: «клиникалық медицинаға кіріспе» iconПп кгму 4/01
Тақырыбы: Клиникалық-диагностикалық зертханадағы қауіпсіздік техникасы. Деззаттар және залалсыздандыру әдістері. Клиникалық зертханалық...
Пән: «клиникалық медицинаға кіріспе» iconМинистерство здравоохранения рк
Модульдің мақсаты: негізгі және клиникалық пәндердің біріктірілуі негізінде студенттерді ересек адамдардың және әр жастағы балалардың...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница