Қазақстан Республикасы Президентінің




НазваниеҚазақстан Республикасы Президентінің
страница4/6
Дата конвертации15.02.2016
Размер0.99 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://spct.kz/nka-doc/Саламатты Қазақстан КАЗ ЯЗ.doc
1   2   3   4   5   6
Мектеп оқушылары мен жасөспірімдердің денсаулығы

 

Мақсаты: балалар мен жасөспірімдердің тәни және психологиялық денсаулығын қалыптастыру.

Негізгі міндеттер:

Балалар мен жасөспірімдердің психологиялық және тәни денсаулығы проблемаларына кешенді ұстанымды қамтамасыз ету;

білім беру ұйымдарында денсаулық үшін қолайлы және қауіпсіз қоршаған ортаны құру;

мектеп оқушыларына дене шынықтырумен айналысуға жағдай мен мүмкіншілік жасау;

тұтас жүйені дамыту - физикалық ортаны сақтауға, оқушының тәни және психикалық денсаулығын нығайтуға, СӨС ұстануға, валеологиялық сауаттылықты қалыптастыруға бағытталған мектеп медицинасы қызметін (бұдан әрі - ММҚ) құру;

мектеп оқушылары мен жастардың арасында есірткілерді тарату мен тұтынуға, темекі шегуге және алкогольге қарсы тиімді іс-қимылды қамтамасыз ету;

балалар мен жасөспірімдерді теңгерімді және қауіпсіз тамақпен қамтамасыз ету.

Нәтижелер көрсеткіштері:

14 жасқа дейінгі балалар арасында сүйек-бұлшық ет жүйесінің ауруымен сырқаттану көрсеткішін тиісті 100 мың адамға шаққанда 2013 жылға қарай 1 194-ке дейін, 2015 жылға қарай 832,0-ге дейін (2009 ж. - 1 196) және 15-17 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында тиісті 100 мың адамға шаққанда 2013 жылға қарай 2995,1-ге дейін, 2015 жылға қарай 2665,3-ке дейін (2009 ж. - 2 997,1) төмендету;

15-17 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында ЖЖБИ сырқаттануды тиісті 100 мың адамға шаққанда 2013 жылға қарай 8,3-ке дейін, 2015 жылға қарай 8,0-ге дейін (2009 ж. - 8,5) төмендету (маркер ретінде мерез алынды);

14 жасқа дейінгі балалардың арасында психикалық белсенді заттарды тұтынудың салдарынан психикалық және мінез-құлықтық бұзылуымен сырқаттану көрсеткішін тиісті 100 мың адамға шаққанда 2013 жылға қарай 13,1-ге дейін және 2015 жылға қарай 4,0-ге дейін, 15-17 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында тиісті 100 мың адамға шаққанда 2013 жылға қарай 563-ке дейін және 2015 жылға қарай 328,5-ке дейін (2009 ж. - 14 жастағы балалар - 13,5, 15-17 жас аралығындағылар - 564,8) төмендету;

15-17 жастағы балалардың арасындағы суицидті тиісті 100 мың адамға шаққанда 2013 жылға қарай 23,8-ге дейін және 2015 жылға қарай 17,5-ке дейін (2009 ж. - 24,5) төмендету;

мүгедек балаларды 2015 жылға қарай стационар жағдайында медициналық оңалтумен қамтуды 42 %-ға дейін ұлғайту.

Қол жеткізу жолдары мен тиісті шаралар

Мектеп оқушыларының тәни және психикалық денсаулығын қалыптастыру жөніндегі қолданыстағы және жаңадан әзірленген бағдарламаларды жетілдіру үшін басқарылатын себептерден балалар мен жасөспірімдердің сырқаттануына және өлім-жітіміне талдау жүргізу.

Мына:

үй-жайларды, ойын алаңдарын тиісінше жоспарлау және жалпы білім беретін мектептерге қойылатын санитариялық нормалар мен ережелерге, сондай-ақ құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес мектеп жиһазын қоса алғанда қазіргі заманғы мектеп жабдықтарымен қамтамасыз ету;

оқушылар үшін олардың ең жоғары тәни, психикалық және әлеуметтік әлеуетін іске асыру және олардың жеке сезімдерін арттыру, оқушылардың жеке басын қалыптастыру үшін мүмкіндіктер жасау;

оқушылар арасында, оқушылар мен мектеп персоналы арасында, сондай-ақ мектеп, үй және қоғам арасында психологиялық қолайлы атмосфера орнату;

денсаулық пен қоршаған ортаны қорғау бойынша оң шешімдер қабылдау үшін дағдыларды қалыптастыру жөнінде білім беруді қамтамасыз ету жолымен денсаулыққа қолайлы қоршаған ортаны қалыптастыру.

Тұтас жүйені - физикалық ортаны сақтауға, оқушының және бүкіл қоғамның денсаулығын нығайтуға, СӨС жүргізуге уәждемені, медициналық сауаттылықты қалыптастыруға бағытталған ММҚ-ны дамыту;

мектеп медицинасы шеңберінде мектеп психологтары мен әлеуметтік педагогтарға арналған кешенді бағдарлама әзірлеу және енгізу;

мектеп медицинасының қызметін регламенттейтін нормативтік құқықтық құжаттарды әзірлеу;

әр оқушының тәни, психикалық және әлеуметтік саулығын сақтау жөніндегі үдерісті оңтайландыру үшін оқушыларды, педагогтар мен ата-аналарды түрлі деңгейлік, саралап оқыту жүйесін дамыту.

Мына:

есірткіні қолданумен байланысты қайтымсыз салдарлар туралы балалардың, жасөспірімдердің, жастардың хабардар болу деңгейін арттыру;

есірткінің профилактикасы жөніндегі бағдарламаларды ведомствоаралық деңгейде әзірлеу және енгізу;

«тең-теңімен» қағидаты бойынша еріктілер қозғалысын одан әрі дамыту (балалардың, жасөспірімдердің, жастардың арасында жауапкершілік дағдысын, құрбыларының қысымына қарсы тұра білу, есірткіден бас тарта білу, өмір сүру дағдысын ұстану негізінде интерактивті оқу өткізу жолымен дұрыс шешім қабылдай білу);

әдістемелік және ақпараттық-білім беру материалдарын әзірлеу;

спорт алаңдарын, балалар клубтарын, үйірмелерді, секцияларды, аула клубтарын, жазғы лагерьлерді дамыту және қолжетімділігін арттыру, балама қозғалыстарды дамыту (велосипедтер, роликтер, стритбол, скейтбордтар және т.б.) арқылы балалардың, жасөспірімдердің, жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруды қамтамасыз етуге ықпал ету;

балалардың, жасөспірімдер мен жастардың жеке және әлеуметтік проблемаларын жеңуде психоәлеуметтік қолдау жүйесін дамыту және жетілдіру;

жастар үшін денсаулық және анонимдік консультациялар орталықтарын дамыту, сенім телефондарының жұмысы жетілдіру арқылы есірткінің, темекі шегу мен алкогольдің мектеп оқушылары мен жастар арасында таралуы мен қолданылуына қарсы тиімді іс-қимылды қамтамасыз ету.

Жол-көлік қауіпсіздігі

Мақсаты: жол-көлік жарақаттанушылығы мен одан болатын өлім-жітімді төмендету.

Негізгі міндет: халық пен жол қозғалысына қатысушылардың арасында заңға құлықтылықтың және жол қозғалысы саласында құқық бұзушылыққа келеңсіз қатынастардың стереотиптерін қалыптастыруға бағытталған профилактикалық және ақпараттық жұмыстардың кешенді жүйесін құру.

Нәтижелер көрсеткіштері:

2015 жылға қарай ЖКО нәтижесінде қайтыс болғандардың санын 2013 жылғы деңгейден (3 037 адам) 5 %-ға төмендету;

2015 жылға қарай адамдар зардап шегетін ЖКО-ның санын 2013 жылғы деңгейден (23 359 ЖКО) 5 %-ға қысқарту.

Қол жеткізу жолдары мен тиісті шаралар

Жол қозғалысына қатысушылардың құқықтық танымын арттыру және қауіпті мінез-құлқының алдын алу мақсатында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі бойынша әлеуметтік роликтер, ақпараттық-талдау телевизиялық бағдарламаларды шығару, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша республикалық журнал басып шығару арқылы қауіпсіз жол қозғалысын қамтамасыз ету саласында профилактика және халықпен ақпараттық жұмыс істеу жүйелілігінің тиімділігін арттыру және қамтамасыз ету жоспарлануда.

Жол қозғалысы саласындағы нормалар мен ережелерді сақтау деңгейін арттыру, Жол қозғалысы ережелерін бұзуды тіркеудің автоматтандырылған жүйесін енгізу есебінен жол қозғалысын қадағалауды жетілдіру, жолдағы авариялық-қауіпті учаскелерді жою жөніндегі жұмыстар жалғасатын болады. Жол қозғалысын ұйымдастыруда қазіргі заманғы әдістер мен құралдарды қолдану, жол-көлік оқиғаларының (бұдан әрі - ЖКО) автоматтандырылған ақпараттық-іздестіру жүйесін әзірлеу және енгізу, сондай-ақ, республикалық маңызы бар жолдарды жол қозғалысын басқарудың интеллектуалды көлік жүйелерімен жарақтандыру жоспарлануда.

Төтенше жағдайлар кезіндегі шұғыл медициналық-құтқару көмегі

Мақсаты: табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккендер арасындағы қайтымсыз шығындарды төмендету.

Негізгі міндеті: табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ кезінде шұғыл медициналық көмек көрсетуді жетілдіру.

Нәтижелер көрсеткіштері:

шұғыл медициналық-құтқару көмегін көрсету аймағындағы тас жолдарда ЖКО нәтижесінде қайтыс болғандар санын 2013 жылға қарай 23 %-ға дейін және 2015 жылға қарай 16 %-ға дейін төмендету (2009 ж. - 26%);

келу уақытын және шұғыл медициналық-құтқару көмегін көрсетудің басталуын ЖКО туралы дабыл келіп түскен сәттен бастап 30 минутқа дейін қысқарту.

Қол жеткізу жолдары мен тиісті шаралар

Кәсіптік медициналық авариялық-құтқару құралымдарын құруды және жарақтандыруды қоса алғанда, апаттар медицинасы қызметін материалдық-техникалық жарақтандыруды жетілдіру арқылы төтенше жағдайлар кезінде шұғыл медициналық көмек көрсетудің тиімді жүйесін ұйымдастыру: Алматы - Көкшетау трассасында 12 трассалық медициналық-құтқару пунктін (бұдан әрі - ТМҚП) және «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» трассасының қазақстандық бөлігінде 28 ТМҚП құру; апаттар медицинасы қызметін аэромобильді госпитальмен жабдықтау; апаттар медицинасы қызметін көп бейінді ұтқыр госпитальмен жабдықтау; ТЖ қызметінің медицина және құтқару құрылымдарын санитариялық тікұшақтармен және реанимобильдермен жарақтандыру.

Пенитенциарлық жүйеде туберкулез бен АИТВ/ЖИТС профилактикасы

Мақсаты: пенитенциарлық жүйеде туберкулезбен және АИТВ/ЖИТС-пен сырқаттанушылық пен өлім-жітім деңгейін төмендету.

Негізгі міндеттер:

қылмыстық-атқару жүйесі (бұдан әрі — ҚАЖ) мекемелерінде туберкулезбен және АИТВ/ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсетуді жетілдіру;

пенитенциарлық жүйе контингентін туберкулез бен АИТВ/ЖИТС таралу мәселесі бойынша ақпараттандыруды арттыру.

Нәтижелер көрсеткіштері:

түрмедегі 100 мың адамға шаққанда сотталғандар арасында туберкулезбен сырқаттанушылық көрсеткішін 2013 жылы 643-ке дейін, 2015 жылы 642,9-ға дейін (2009 жылы - 643,9) төмендету;

1000 адамға шаққанда бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдар арасында жалпы өлім-жітімді 2013 жылы 2,89-ға дейін және 2015 жылы 2,8-ге (2009 жылы - 2,91) төмендету;

2015 жылға қарай сотталғандар арасында АИТВ жұқтырғандардың таралу деңгейі 5 %-дан аспауы тиіс.

Қол жеткізу жолдары мен тиісті шаралар

Тергеудегі және сотталған адамдарды медициналық қамтамасыз етуді жақсарту жөніндегі іс-шараларды үйлестіру мақсатында жоғары деңгейдегі ведомствоаралық жұмыс тобын құрып, оның құрамына Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарын, мүдделі министрліктер мен ведомстволардың (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, Бас прокуратура, Астана, Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері) бірінші басшыларын енгізу жоспарлануда.

ҚАЖ мекемелерінде туберкулезбен және АИТВ/ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмекті жақсарту үшін мыналар жоспарлануда: қажетті медициналық жабдықтар сатып алу арқылы ҚАЖ емдеу-профилактикалық мекемелерін материалдық-техникалық жарақтандыру деңгейін арттыру; пенитенциарлық жүйенің туберкулезге қарсы мекемелеріне күрделі жөндеу жүргізу; медициналық және медициналық емес бейін мамандары үшін кәсіби стандарттарды әзірлеу.

Туберкулездің, АИТВ/ЖИТС-тің таралу мәселелері бойынша пенитенциарлық жүйедегі адамдар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысы үшін мыналар жоспарлануда:

туберкулез, АИТВ/ЖИТС таралуының алдын алу жөніндегі ақпараттық материалдарды басып шығару және тарату;

ҚАЖ медициналық қызметіне тартылған медициналық және медициналық емес бейін мамандары үшін ақпараттық-әдістемелік сүйемелдеуді қамтамасыз ету;

пенитенциарлық жүйедегі адамдар арасында әлеуметтік мәні бар аурулардың таралуының алдын алу мақсатында үкіметтік емес сектордың әлеуметтік қызметкерлері мен психологтарды тарту.

Бұдан басқа, қамау орындарында АИТВ/ЖИТС профилактикасы бағдарламаларын іске асыру және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларға әлеуметтік қолдау көрсету бағдарламаларын жүргізу жалғасатын болады. Емдеу аяқталмаған, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, туберкулезбен ауыратын науқас адамдарды іздестіру және емдеуді жалғастыру тетіктерін реттейтін нормативтік құқықтық актілер әзірленетін болады. Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару жүйесіндегі наркологиялық жағдайдың мониторингі мен бағалау жүйесін құру жоспарлануда.

Аса қауіпті инфекциялардың (конго-қырым геморрагиялық қызбасы (бұдан әрі - КҚГҚ) профилактикасы

Мақсаты: халықтың КҚГҚ-мен сырқаттанушылығын төмендету.

Негізгі міндеті: кенеге қарсы іс-шаралар кешенін жоспарлы түрде және уақтылы өткізу.

Нәтижелер көрсеткіші: КҚГҚ-мен сырқаттанушылықты 100 мың адамға шаққанда 0,2-ден аспайтын деңгейде ұстау.

Қол жеткізу жолдары және тиісті шаралар

КҚГҚ-мен сырқаттанушылықты төмендету мақсатында тиісті профилактикалық шаралар кешені жетілдірілетін болады, оның барысында эндемиялық өңірлерде мал бастарына және малдың қора-жайларына кенеге қарсы өңдеу жүргізу, сондай-ақ КҚГҚ бойынша қолайсыз елді мекендердің айналасына санитариялық-қорғау аймақтарын құру жоспарлануда.

Республиканың КҚГҚ бойынша эндемиялық аумақтарында кенеге қарсы өңдеу жүргізудің бірыңғай әдіснамасын әзірлеу жоспарлануда. Бұдан басқа, КҚГҚ-ны жұқтыру жолдары және алдын алу шаралары туралы халық арасында санитариялық-түсіндіру жұмысын күшейту жөніндегі іс-шаралар жалғасатын болады.

 

 

ҚР Президентінің 2014.02.07. № 851 Жарлығымен 5.2-кіші бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара)

5.2. Негізгі әлеуметтік мәні бар аурулардың және жарақаттардың профилактикалық іс-шараларын, скринингтік зерттеулерін күшейту, диагностикасын, емдеу мен оңалтуды жетілдіру

 

Бағдарлама шеңберінде перинаталдық медицинаны дамыту, акушериялық-гинекологиялық және педиатриялық қызметтер арасында өзара іс-қимылды жақсарту, босандыру және балаларға арналған ұйымдарды қазіргі заманғы емдеу-диагностикалау аппаратурасымен жарақтандыруды жалғастыру, дәрілік заттармен қамтамасыз етуді жақсарту, кадрларды даярлау жүйесін жетілдіру, неонаталдық технологияларды белсенді енгізу жоспарлануда.

Сондай-ақ тұқым қуалайтын және жүре пайда болған ауруларды ерте анықтауға, оларды уақтылы емдеуге, асқынуға, мүгедектікке және өлім-жітімге алып келетін ауыр аурулардың дамуын тоқтатуды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін, олардың жас, физиологиялық ерекшеліктеріне және ДДҰ ұсынымдарына негізделген халықтың нысаналы топтарына арналған ұлттық скринингтік бағдарламалар кешені әзірленеді және енгізіледі.

Осы бағдарламаның шеңберінде негізгі әлеуметтік мәні бар аурулар мен жарақаттарды: жүрек қан-тамыр ауруларын, онкопатологияларды, туберкулезді, АИТВ-ны, психиатриялық ауруларды, эндокриндік ауруларды (диабет), сондай-ақ жарақаттарды (жол және өндірістік жарақаттар, күйіктер) диагностикалау, емдеу және оңалту әдістері жетілдірілетін болады. Көрсетілген аурулар мыналармен сипатталу нәтижесінде алынған:

таралуы жоғары және тез өрбитін, қаралуы бойынша сырқаттанушылық құрылымында бірінші орындарды алады;

өлім-жітім және мүгедектікке шығу себептері құрылымында елеулі үлесі бар;

ауру ағымының ауыртпалығы (сырқаттардың өмір сүру сапасын төмендетеді, функциялық белсенділігін шектейді) және жағымсыз нәтиженің жоғары ықтималдығы;

бәсекеге қабілеттіліктің жаһандық индексіне елеулі әсер ету.

Халықтың жалпы санында егде адамдар үлесінің айтарлықтай артуының күтіліп отырған үрдісін ескере отырып, геронтологиялық және гериатриялық медициналық көмек жетілдірілетін болады.

Мақсаты: халықтың денсаулығын одан әрі нығайту және негізгі әлеуметтік мәні бар аурулар мен жарақаттардың деңгейін төмендету.

Негізгі міндеттер:

1) азаматтардың ұрпақты болу денсаулығын және ана мен бала денсаулығын сақтауды нығайту;

2) аурулардың, оның ішінде мүгедектіктің профилактикасына тәсілдерді жетілдіру, скринингтік зерттеулерді дамыту және СӨС-ті ынталандыру;

3) негізгі әлеуметтік мәні бар аурулар мен жарақаттануларды диагностикалауды, емдеуді және оңалтуды жетілдіру;

4) егде жастағы адамдарға көрсетілетін медициналық көмекті (геронтологиялық және гериатриялық көмек) жетілдіру.

5) онкологиялық көмекті жетілдіру.

Нәтижелер көрсеткіштері:

нәресте өлім-жітімінің 1000 тірі туылғандарға шаққанда 2013 жылға қарай 14,1-ге дейін, 2015 жылға қарай 11,2-ге дейін (2009 ж. - 18,4) төмендеуі;

ана өлім-жітімінің 100 мың тірі туылғандарға шаққанда 2013 жылға қарай 28,1-ге дейін, 2015 жылға қарай 12,4-ке дейін (2009 ж. - 36,9) төмендеуі;

мүгедектікке бірінші рет шығудың 10 мың адамға шаққанда 2013 жылға қарай 28,4-ке дейін, 2015 жылға қарай 28-ге дейін (2009 ж. - 29,4) төмендеуі;

қан айналымы жүйесінің ауруларынан өлім-жітімінің 100 мың адамға шаққанда 2013 жылға қарай 374,8-ге дейін, 2015 жылға қарай 210,29-ға дейін (2009 ж. - 416,4) төмендеуі;

онкопатологиядан өлім-жітімнің 100 мың адамға шаққанда 2013 жылға қарай 99,5-ке дейін, 2015 жылға қарай 95,8-ге дейін (2009 ж. - 112,7) төмендеуі;

туберкулезден өлім-жітімнің 100 мың адамға шаққанда 2013 жылға қарай 12,0-ге дейін, 2015 жылға қарай 11,6-ға дейін (2009 ж. - 12,9) төмендеуі;

жарақаттанушылықтан өлім-жітімнің 100 мың адамға шаққанда 2013 жылға қарай 94,6-ға дейін, 2015 жылға қарай 92,1-ге дейін (2009 ж. - 108,4) төмендеуі;

15-49 жас аралығындағы жас тобында АИТВ инфекциясының таралушылығын 0,2-0,6 шегінде ұстау.

І-II сатыда анықталған ҚІ-дің үлес салмағының 2015 жылға қарай 55,1 %-ға дейін ұлғаюы;

ҚІ бар науқастардың 5 жылдық өмір сүру үлес салмағының 2015 жылға қарай 50,6 %-ға дейін ұлғаюы.

Қол жеткізу жолдары мен тиісті шаралар

1. Азаматтардың ұрпақты болу денсаулығын және ана мен бала денсаулығын сақтауды нығайту мыналарды көздейді:

1) ДДҰ-ның халықаралық стандарттарына сәйкес ана мен баланың денсаулығын сақтау (бұдан әрі - АБДС) қызметі ұйымдарында әйелдер мен балаларға мамандандырылған көмектің және БМСК деңгейінде көрсетілетін медициналық көмектің сапасын, қолжетімділігін және сабақтастығын арттыру:

қазіргі заманғы технологияларды пайдаланып, ұрықтың және жаңа туған нәрестелердің туа біткен және тұқым қуалайтын ауруларын диагностикалаудың скринингтік бағдарламаларын жетілдіру;

ғылыми дәлелді медицина негізінде әзірленген акушерия, неонатология және педиатрия бойынша (дамудың туа біткен аномалияларын қосқанда) емдеу мен диагностикалаудың хаттамаларын және ДДҰ халықаралық стандарттарын енгізу;

денсаулықты және толыққанды өсуді, дамуды және аурулардың профилактикасын қамтамасыз етуге арналған ДДҰ-ның халықаралық стандарттарына сәйкес БМСК деңгейінде ерте жастағы балаларды (дамудың туа біткен аномалиялары бар балаларды қосқанда) антеналдық күтуді және қадағалауды жетілдіру;

АБДС ұйымдарының қызметінде сапаны үздіксіз арттырудың қазіргі заманғы әдістемесін әзірлеу және енгізу;

АБДС қызметі ұйымдарында медициналық көмектің мониторингі, бағалау және сабақтастық тетіктерін жетілдіру;

ДДҰ-ның енгізілген тиімді технологияларына сәйкес амбулаториялық-емханалық ұйымдардың және акушериялық және балалар стационарлары медицина қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыру;

балалар және босандыру ұйымдарын ДДҰ-ның енгізілген тиімді технологияларына сәйкес қазіргі заманғы медициналық жабдықтармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен жарақтандыру;

отбасында ерте жастағы балалардың өсуі мен дамуына оңтайлы күтімді қамтамасыз ету жөнінде халықтың білімдерін арттыру;

мектеп жасындағы балаларға, әсіресе ауылдық жерлерде медициналық көмекті ұйымдастыру мен көрсетуді жақсарту;

медициналық көмекті психологиялық қолдаумен, жасөспірімдердің құпиялылықпен және құқықтық консультациясымен ұштастыратын жасөспірімдер қызметін дамыту;

АБДС қызметін ақпараттық қамтамасыз етуді жетілдіру;

2) халықаралық стандарттарға сәйкес ұрпақты болу денсаулығын нығайту жөнінде тиімді тәсілдерді әзірлеу және енгізу:

отбасын жоспарлау, оның ішінде әйелдерді гравид алды (жүктілікке дейін) дайындау, отбасын жоспарлау жөніндегі ұлттық нұсқауды (ДДҰ нұсқауы негізінде) әзірлеуді қамтитын қауіпсіз ана болуы, жасөспірімдер мен жастардың қауіпсіз жыныстық тәрбиесі жөнінде қызметтер көрсетудің тиімді жүйесін құру және БМСК-ның медициналық персоналды және мамандандырылған көмектің барлық деңгейін отбасын жоспарлау жөніндегі консультация беру дағдыларына оқыту;

дәлелді медицина негізінде ұрпақты болу жүйесі аурулары профилактикасының, диагностикалау мен емдеудің, андрологияны дамытуды қосқанда (ерлер денсаулығын нығайту), тиімді әдістерін әзірлеу және енгізу;

денсаулықтың гендерлік көрсеткіштерін статистикалық есепке алуды жетілдіру.

2. Аурудың, оның ішінде мүгедектіктің профилактикасы жүйесін кринингтік зерттеулерді дамыту және СӨС-ті ынталандыру төмендегілерді болжайды:

1) профилактикалық тексеруге арналған стандартталған, инновациялық тәсілдерді әзірлеу және енгізу:

халықтың нысаналы топтары үшін жыл сайын жалпы халық санының кемінде 30 %-ын қамти отырып ұлттық скринингтік бағдарламалар кешенін әзірлеу және енгізу;

БМСК деңгейінде СӨС-ті ынталандыру тетіктерін әзірлеу және енгізу;

2) профилактикалық іс-шаралардың қолжетімділігін және сапасын қамтамасыз ету:

дәрігерге дейінгі (SСОRЕ) және дәрігерлік скринингтің халықаралық тиімді әдістемелерін енгізу;

нысаналы топтардың ерекшеліктеріне сәйкес профилактикалық тексеруді жүргізудің хаттамалары мен стандарттарын әзірлеу және енгізу;

БМСК мамандарын профилактика және скрининг мәселелері бойынша оқыта отырып, амбулаториялық-емхана ұйымдарын экспресс диагностикаға арналған аспаптармен жарақтандыру;

3) диспансерлік байқау үшін халықаралық стандарттарды және тиімді тәсілдерді енгізу:

дәлелді медицинаға негізделген диспансерлік байқау жүргізудің хаттамалары мен стандарттарын әзірлеу және енгізу;

созылмалы ауруы бар науқастарға, оның ішінде мүгедектерге (ересектер мен балалар) диспансерлік бақылау әдістемесін жетілдіру;

4) профилактикалық іс-шаралардың тиімділігін бағалау жүйесін енгізу:

өткізілетін профилактикалық іс-шаралардың тиімділігін бағалаудың нысаналы индикаторлар жүйесін әзірлеу және енгізу;

шығындардың тиімділігін бағалау жүйесін енгізу және әзірлеу.

3. Негізгі әлеуметтік мәні бар аурулар мен жарақаттарды диагностикалауды, емдеу мен оңалтуды жетілдіру:

1) диагностикалау мен емдеудің кешенді бағдарламаларын әзірлеу және енгізу:

негізгі әлеуметтік мәні бар ауруларды диагностикалау мен емдеудің халықаралық стандарттарын, хаттамалары мен әдістемелерін енгізу;

ТМККК шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтің тізбесін кезең-кезеңімен кеңейту;

ТМККК-ге енгізілген дәрілік заттардың тізбесін кеңейту;

негізгі әлеуметтік мәні бар ауруларды диагностикалау және емдеу бойынша өткізілетін іс-шаралардың тиімділігін көрсететін мақсатты индикаторларды әзірлеу және енгізу;

денсаулық сақтау жүйесіне арнайы әлеуметтік жұмыс стандарттары мен индикаторларын енгізу;

әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын пациенттердің мониторингін жетілдіру және мемлекеттік органдардың аталған науқастар контингентін, оның ішінде мүгедектерді емдеудегі іс-қимылын үйлестіру;

аталған науқастар контингентінің бірыңғай ақпараттық базасын құру;

2) негізгі әлеуметтік мәні бар ауруларды оңалтуды жетілдіру:

негізгі әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын пациенттерді, оның ішінде мүгедектерді оңалтудың халықаралық стандарттарын және әдістемелерін енгізу (медициналық, әлеуметтік, психологиялық оңалту);

науқастарды оңалту бойынша өткізілетін іс-шаралардың тиімділігін көрсететін мақсатты индикаторларды әзірлеу және енгізу;

3) науқастарға паллиативті көмек көрсетуді жетілдіру:

паллиативті көмек көрсетуді және мейірбикелік күтімді қажет ететін науқастарды емдеу стандарттарын және хаттамаларын халықаралық талаптарға сәйкес әзірлеу;

дәрігерлер мен орта медицина персоналына және әлеуметтік қызметкерлерге арналған паллиативті көмек бойынша оқыту бағдарламасын әзірлеу және енгізу.

4. Егде жастағы адамдарға көрсетілетін медициналық көмекті (геронтологиялық және гериатриялық көмек) жетілдіру:

егде жастың медициналық-биологиялық, әлеуметтік, психологиялық мына аспектілерін кешенді шешу, ол мыналарды қамтиды:

нормативтік құқықтық базаны әзірлеу және жетілдіру;

дәлелді медицина негізінде егде және кәрілік жасындағы пациенттерді диагностикалау, емдеу және оңалту хаттамаларын әзірлеу және жетілдіру;

медицина персоналына, оның ішінде ұйым деңгейін ескере отырып әлеуметтік қызметкерлері үшін біліктілік стандарттарын, жүктеме нормативтерін әзірлеу;

геронтологиялық және гериатриялық көмектің тиімділігін бағалау (индикаторлар) жүйесін әзірлеу және енгізу.

5. Мыналарды:

МСАК жүйесінің профилактикалық бағыттылығын жетілдіруді;

онкологиялық аурулардың диагностикасы мен оларды емдеудің жоғары технологиялық әдістерін дамытуды;

кадрлық әлеуетті нығайтуды және дамытуды;

онкологиялық қызметтің инфрақұрылымын жетілдіруді және оның материалдық-техникалық базасын нығайтуды;

онкологиялық науқастарға оңалту және паллиативтік көмектің қазіргі заманғы жүйесін құруды көздейтін онкологиялық көмекті жетілдіру.

 

 

ҚР Президентінің 2014.02.07. № 851 Жарлығымен 5.3-кіші бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара)

1   2   3   4   5   6

Похожие:

Қазақстан Республикасы Президентінің iconҚазақстан республикасы президентінің жарлығЫ Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 26 сәуірдегі №856 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Республикасы Конституциясының нормаларын іске асыру және Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметін жетілдіру мақсатында Қаулы етемін
Қазақстан Республикасы Президентінің iconҚазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің актілері мен тапсырмаларын орындау сапасын бағалау
Ме) «Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің...
Қазақстан Республикасы Президентінің iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі №301 Қаулысы
Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы...
Қазақстан Республикасы Президентінің iconҚазақстан республикасының Қабылданатын заң жобаларының Әрекетінің Әлеуметтік-экономикалық салдарларын бағалау бойынша
Мелік қамтамасыз ету мақсатында әзірленген, Қазақстан Республикасы Президентінің заңнамалық бастамасы ретінде әзірленетін заңнама...
Қазақстан Республикасы Президентінің icon«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты
Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан...
Қазақстан Республикасы Президентінің iconҚолданылуының әлеуметтік-экономикалық салдарларын бағалау жөніндегі әдістемелік ұсынымдар Жалпы ережелер
Республикасы Президентінің заңнамалық бастамасы ретінде әзірленетін заңнамалық актілердің жобаларын қоспағанда, нақты айтсақ, конституциялық...
Қазақстан Республикасы Президентінің icon«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты Бағдарламаның атауы
Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан...
Қазақстан Республикасы Президентінің iconІстің (томның, бөлімнің) сақталу мерзімі
Ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының Заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары...
Қазақстан Республикасы Президентінің icon"Мемлекеттік әкімшілік қызметші антының мәтінін және Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің ант беру тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің
Республикасының мемлекеттік саяси қызметшілері антының мәтінін және Қазақстан Республикасы мемлекеттік саяси қызметшілерінің ант...
Қазақстан Республикасы Президентінің iconҚазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы
Тан Республикасының Бюджет кодексінің 34-бабына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница