Қазақстан Республикасы Президентінің




НазваниеҚазақстан Республикасы Президентінің
страница1/6
Дата конвертации15.02.2016
Размер0.99 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://spct.kz/nka-doc/Саламатты Қазақстан КАЗ ЯЗ.doc
  1   2   3   4   5   6
Источник: ИС Параграф WWW http://online.zakon.kz, дата последнего изменения документа: 2014.07.08


Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
 
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған
«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
(2014.02.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы Жарлыққа ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторингі түсіндірмесін қараңыз

 

«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығын іске асыру мақсатында қаулы етемін:

1. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.

ҚР Президентінің 2012.27.08. № 371 Жарлығымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) бір ай мерзімде Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісім бойынша бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін және бекітсін;

2) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жоспарлау жүйесiнiң одан әрi жұмыс iстеуiнiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығында айқындалған мерзімде және тәртіпте Бағдарламаны іске асыру мониторингі нәтижелерін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсынады.

3. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.

4. «Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 25-26, 185-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік бағдарламалар тізбесінде реттік нөмірі 3-жолдың «Атауы» деген бағанындағы «Салауатты» деген сөз «Саламатты» деген сөзбен ауыстырылсын.

5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

6. Осы Жарлық 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

Н. НАЗАРБАЕВ

 

Астана, Ақорда, 2010 жылғы қарашаның 29-ы.

 

1113

 

Қазақстан Республикасы

Президентінің

2010 жылғы 29 қарашадағы

1113 Жарлығымен

БЕКІТІЛГЕН

 

 

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың

2011 - 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»

мемлекеттік бағдарламасы

 

Мазмұны

 

1. Бағдарламаның паспорты

2. Кіріспе

3. Ағымдағы жағдайды талдау

4. Бағдарламаны іске асырудың мақсаты, міндеттері, нысаналы индикаторлары және нәтижелерінің көрсеткіштері

5. Бағдарламаның негізгі бағыттары, қойылған мақсаттарға қол жеткізу жолдары және тиісті шаралар

5.1. Қоғамдық саулықты сақтау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру

5.2. Негізгі әлеуметтік мәні бар аурулардың және жарақаттардың профилактикалық іс-шараларын, скринингтік зерттеулерін күшейту, диагностикасын, емдеу мен оңалтуды жетілдіру

5.3. Санитариялық-эпидемиологиялық қызметті жетілдіру

5.4. Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесінде медициналық көмекті ұйымдастыруды, басқаруды және қаржыландыруды жетілдіру

5.5. Медициналық, фармацевтикалық білім беруді жетілдіру, медицинада инновациялық технологияларды дамыту және енгізу

5.6. Дәрілік заттардың халық үшін қолжетімділігін және сапасын арттыру, денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық техникамен жарақтандыруды жақсарту

6. Бағдарламаны іске асыру кезеңдері

7. Қажетті ресурстар

 

 

ҚР Президентінің 2014.02.07. № 851 Жарлығымен 1-бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Бағдарламаның паспорты

 

Бағдарламаның атауы

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама)

 

Әзірлеу үшін негіз

«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығы

 

Бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган

 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

Бағдарламаны іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі, Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігі, Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдіктері

 

Бағдарламаның мақсаты

Еліміздің орнықты әлеуметтік-демографиялық дамуын қамтамасыз ету үшін Қазақстан азаматтарының денсаулығын жақсарту

 

Міндеттері

Азаматтардың денсаулығын сақтау және санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылықты қамтамасыз ету мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту;

Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін дамыту және жетілдіру;

медициналық және фармацевтикалық білімді жетілдіру, медицина ғылымын және фармацевтикалық қызметті дамыту

 

Іске асыру мерзімі

2011 - 2015 жылдар

бірінші кезең: 2011 - 2013 жылдар

екінші кезең: 2014 - 2015 жылдар

 

Нысаналы индикаторлар

Халықтың күтіліп отырған өмір сүру ұзақтығының 2013 жылға қарай 69,5-ке дейін, 2015 жылға қарай 71 жасқа дейін ұлғаюы;

ана өлім-жітімінің 100 мың тірі туылғандарға шаққанда 2013 жылға қарай 28,1-ге дейін, 2015 жылға қарай 12,4-ке дейін төмендеуі;

нәресте өлім-жітімінің 1000 тірі туылғандарға шаққанда 2013 жылға қарай 14,1-ге дейін, 2015 жылға қарай 11,2-ге дейін төмендеуі;

жалпы өлім-жітімінің 1000 адамға шаққанда 2013 жылға қарай 8,14-ке дейін, 2015 жылға қарай 7,62-ге дейін төмендеуі;

туберкулезбен сырқаттанушылықтың 100 мың адамға шаққанда 2013 жылға қарай 98,1-ге дейін, 2015 жылға қарай 71,4-ке дейін төмендеуі;

15-49 жас аралығындағы топта АИТВ-инфекциясының таралуын 0,2 - 0,6 % шегінде ұстау;

І-II сатыда анықталған қатерлі ісіктердің үлес салмағының 2015 жылға қарай 55,1 %-ға дейін ұлғаюы;

қатерлі ісіктері бар науқастардың 5 жылдық өмір сүру үлес салмағының 2015 жылға қарай 50,6 %-ға дейін ұлғаюы

 

Қаржыландыру көздері мен көлемі

Бағдарламаны іске асыруға 2011 - 2015 жылдары республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған басқа да қаражат жұмсалатын болады.

Бағдарламаны іске асыруға мемлекеттік бюджеттен жалпы шығындар 407 205,7 млн. теңгені құрайды.

 

 

Жылдар бойынша

Барлығы

Республикалық бюджет

Жергілікті бюджет

Басқа көздер

2011 ж.

65 262,7

64 700,3

562,4

 

2012 ж.

79 966,9

75 312,1

454,8

4 200

2013 ж.

74 059,4

69 367,9

491,5

4 200

2014 ж.

99 036,9

98 441,3

595,6

 

2015 ж.

97 279,8

96 622,0

657,8

 

Жиыны

415 605,7

404 443,6

2 762,1

8 400

2001 - 2015 жылдарға арналған Бағдарламаны қаржыландыру көлемі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті қаржы жылдарына арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді бекіту кезінде нақтыланатын болады.

 

 

2. Кіріспе

 

Әрбір адамның денсаулығы оның толыққанды тіршілік етуін ғана емес, сонымен қатар оның мүмкіндіктерінің әлеуетін анықтайтын факторға айналып отыр. Халық денсаулығы жағдайының деңгейі өз кезегінде, елдің әлеуметтік-экономикалық, мәдени және индустриялық даму шамасын айқындайды. Медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігін, уақтылылығын, сапасы мен сабақтастығын қамтамасыз етуге қызмет ететін бірыңғай дамыған, әлеуметтік бағдарланған жүйені білдіретін денсаулық сақтау саласы халық әл-ауқатының орнықты және тұрақты өсуі тұрғысынан алғанда республикадағы негізгі басымдықтардың бірі болып табылады.

Президент Н.Ә.Назарбаев «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің дамуының жаңа кезеңіндегі мемлекеттік саясаттың бір бағыты медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту және денсаулық сақтаудың жоғары технологиялық жүйесін дамыту болуы керек деп атап көрсетті. Медициналық қызметтердің сапасы кешенді ұғым болып табылады және ол көптеген көлемді себептерге байланысты, олардың ішінде медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық жарақталуын, клиникалық мамандардың кәсіби деңгейін және оны арттыруға деген уәждемесінің болуын, медициналық көмекті ұйымдастыру мен көрсету үдерістерін басқарудың қазіргі заманғы технологияларын енгізуді, медициналық көмекке ақы төлеудің тиімді әдістерін енгізуді бөлек атап өткен жөн. Медициналық қызметтердің сапасын басқаруды жетілдіру Қазақстанның денсаулық сақтау саласын 2020 жылға дейін стратегиялық дамыту аясында маңызды орын алады.

2010 жылғы Жолдауда Президент таяу онжылдыққа нақты міндеттер қойды. Оның ішінде Нұрсұлтан Әбішұлы «Саламатты өмір салты мен адамның өз денсаулығы үшін ынтымақты жауапкершілігі қағидаты - міне, осылар денсаулық сақтау саласындағы және халықтың күнделікті тұрмысындағы мемлекеттік саясаттың ең басты мәселесі болуы тиіс» екендігін атап көрсетті.

Жоғарыда көрсетілгендерге сәйкес, сондай-ақ халық денсаулығының қазіргі жағдайына және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесіне жүргізілген талдау негізінде Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының стратегиялық басым бағыттары және іске асыру тетіктері айқындалды.

Бағдарламада ведомствоаралық және сектораралық өзара іс-қимылды ескере отырып, жоспарланған іс-шараларды орындауды заңнамалық, инвестициялық, құрылымдық, экономикалық және кадрлық қамтамасыз ету жөніндегі шаралар көзделген. Медициналық қызметтердің және медициналық ұйымдардың арасындағы бәсекелестік қатынастардың нарығын құру көзделіп отыр.

Бағдарламаны іске асыру медициналық қызмет көрсетудің шығыны аз нысандарына өту үшін жағдай жасау, саланың профилактикалық бағыттылығын қамтамасыз ету, медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасының деңгейін арттыру арқылы денсаулық сақтау жүйесін қарқынды дамытуға, арнайы әлеуметтік қызметтерді енгізуге, сондай-ақ халықтың өзін-өзі сақтау мінез-құлқының дәйектемесі, медицина персоналының кәсіптік және жеке өсуі, денсаулық сақтау жүйесін қоғамның қазіргі талаптарына және нарықтық жағдайларына бейімдеу үшін жағдай жасауға ықпал ететін болады.

 

 

ҚР Президентінің 2014.02.07. № 851 Жарлығымен 3-бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара)

  1   2   3   4   5   6

Похожие:

Қазақстан Республикасы Президентінің iconҚазақстан республикасы президентінің жарлығЫ Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 26 сәуірдегі №856 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Республикасы Конституциясының нормаларын іске асыру және Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметін жетілдіру мақсатында Қаулы етемін
Қазақстан Республикасы Президентінің iconҚазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің актілері мен тапсырмаларын орындау сапасын бағалау
Ме) «Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің...
Қазақстан Республикасы Президентінің iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі №301 Қаулысы
Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы...
Қазақстан Республикасы Президентінің iconҚазақстан республикасының Қабылданатын заң жобаларының Әрекетінің Әлеуметтік-экономикалық салдарларын бағалау бойынша
Мелік қамтамасыз ету мақсатында әзірленген, Қазақстан Республикасы Президентінің заңнамалық бастамасы ретінде әзірленетін заңнама...
Қазақстан Республикасы Президентінің icon«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты
Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан...
Қазақстан Республикасы Президентінің iconҚолданылуының әлеуметтік-экономикалық салдарларын бағалау жөніндегі әдістемелік ұсынымдар Жалпы ережелер
Республикасы Президентінің заңнамалық бастамасы ретінде әзірленетін заңнамалық актілердің жобаларын қоспағанда, нақты айтсақ, конституциялық...
Қазақстан Республикасы Президентінің icon«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты Бағдарламаның атауы
Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан...
Қазақстан Республикасы Президентінің iconІстің (томның, бөлімнің) сақталу мерзімі
Ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының Заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары...
Қазақстан Республикасы Президентінің icon"Мемлекеттік әкімшілік қызметші антының мәтінін және Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің ант беру тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің
Республикасының мемлекеттік саяси қызметшілері антының мәтінін және Қазақстан Республикасы мемлекеттік саяси қызметшілерінің ант...
Қазақстан Республикасы Президентінің iconҚазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы
Тан Республикасының Бюджет кодексінің 34-бабына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница