«Апаттар медицинасы» пәнінің 050731 «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығына арналған




Название«Апаттар медицинасы» пәнінің 050731 «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығына арналған
страница1/13
Дата конвертации15.02.2016
Размер2.04 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://edu.semgu.kz/ebook/umkd/4658be16-54be-11e5-884b-f6d299da70eeАпат мед 3 кр каз.doc
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

3 деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-14.4.05.1.20.48/03-2009


ПОӘК «Апаттар медицинасы» пәнінің оқу әдістемелік материалдары

№ 2 басылым

30.09.09.




Пәннің оқу-әдістемелік кешені


«Апаттар медицинасы» пәнінің 050731 «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығына арналған


Оқу әдістемелік материалдары


Семей

2009

1 Гласарий


Апаттар медицинасы - табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың медициналық-санитариялық салдарларының алдын алуға және оларды жоюға бағытталған медицина және денсаулық сақтау саласы, ол халықтың ауруларының алдын алуды және оларды емдеуді, санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды, төтенше жағдайларды жоюға қатысушылардың денсаулығын сақтауды және қалпына келтіруді, сондай-ақ авариялық-құтқару қызметтерінің қызметкерлеріне медициналық көмекті қамтиды;

Аллергия – организмнің белгілі бір әсерге, тітіркендіргішке көтеріңкі жауап білдіруі, мұнда организмнің сезгірлі қалыпты жаңдайдан өзгеше болып кетуі.

Активті тынығу – тиімді тынығу, белсенді дем алу. Организмнің шаршауы, нерв орталығының шаршауына тікелей байланысты.

Активті иммунитет – белгілі ауруды организмге еккенен кейін, сол ауруға қарсы тұра алатын қасиеттің пайда болуы күшіне қарай анықталады.

Ампутация – кесіп тастау, емдеуге болмайтын дене бөлігін кесіп тастау. Мыс емдеуге жарамайтын аяқты, қолды сау жерге тақап кесіп тастау.

Анестезия – жансыздандыратын дәрілер, сезу нервтерін тежейтін заттар.

Аппетит – организмнің тағамға зауқының артуы.

Ауырғанды сезгіштік – мұндайда организмде кейде денеге қол тигізбейді не қысымның өзгеруінен ауырсыну күшейеді.

Асептика – тазалық сақтап жараға құрт түсірмеудің алдын алу әдісі.

Антисептика - әртүрлі химиялық, физикалық, дәрігерлік заттар арқылы құрттарды жою.

Асқыну – жараға ауасыз көбейетін құрттың түсуі.

Буынның шығуы - күрделі қимыл – қозғалыстың салдарынан буын қалтасы мен буын сіңірлері созылып , кейде үзіліп кетуі.

Биологиялық заттар - дәрі – дәрмектер, арнайы егулер мен қанның сарысуы жатады

Вена – көктамыр, қанды жүрекке қарай ағызатын тамыр.

Веносекция – қан алу мақсатында вена тамырын жару.

Веналық пульс – үлкен венаның жүрекке қосылар жерінен ғана сезуге болады.

Жара - теріні зақымдап, денеге түскен жарақат

Жыртылған жара – адам жығылған кезде, қатты соғылғанда терінің сыдырылып қалуы.

Жұлынған жара – кенеттен үлкен күш әсер еткенде, терінің бір бөлігі, бұлшық ет жұлынып қалуы

Жүген тәріздес таңғыш - бас жараланған кезде маңдай, желке, төбені бірден байлау үшін таңғыштың түрі

Жалқақ – буынға жиналған қан

Бірінші дем тарту – сопақ мидың дем алу орталығында қоздыру ошағы шығудың көрсеткіші.

Қан кету - адам оқыста жараланып, не жарақаттанып қалған кезде міндетті түрде қан тамырлары зақымдануы.

Журекті ысқылау – кеудені, төс сүйегін басу арқылы қанды ұолқа тамырына айдап шығару.

Қажалу – терінің төтенше қабынуы.

Күю - от, жалын, бу, қайнаған су, электр тоғы, химиялық күю, ядролық қарудың жарық сәулесінің әсерінен сәулелік күю.

Сынық - адамның сүйегі кенеттен әсер еткен сыртқы тосқын күштің, немесе кейбір індеттердің салдарынан сынуы.

Суға кету - адамның дем алу, тыныс жолдары сумен толып кеткенде болуы.

Сәуле ауруына ұшырауы - оның ауыртпалы деңгейі сәулеленудің қуатымен мөлшеріне байланысты.

Тесілген жара - кесілген жара – ол пышақ, шыны кескенде кездеседі

Тоқтың танбасы – терңде пайда болған сарғыш – қоңыр теңбілдер, ортасы ішке жаншылған дақтар.

Тақия тәріздес таңғыш - бастың төбесі жараланған кезде шашты толық жабу

Карантин - эпидемиялық ошақтан жұқпалы аурулардың таралуын тоқтату. Обсервация - аурумен қатынаста болғандарды оқшаулап бақылауға алу. Эпидемия - жұқпалы аурулардың әдеттегіден едәуір көтеріліп, жаппай ауруға ұшырауы.

Реанимация- адамды өмірге қайтарудың бірнеше құрама шаралары.

Әлеуетті қауіпті химиялық және биологиялық заттар - белгілі бір жағдайларда және белгілі бір шоғырлануы кезінде адамның немесе болашақ ұрпақтың денсаулығына зиянды әсер етуі мүмкін, қолданылуы мен пайдаланылуы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілермен және гигиеналық нормативтермен регламенттелетін заттар;

Әскери медицина - ғылыми білімдердің жүйесін (ғылыми-практикалық пәндер кешені) және әскери-медициналық қызметтің әскерлерді бейбіт уақытта және соғыс уақытында жан-жақты медициналық қамтамасыз етуді өзіне мақсат тұтатын практикалық қызметінің жүйесін білдіретін медицина және денсаулық сақтау саласы;

Әскери-медициналық көмек - әскери қызметшілерге және әскери қаруды қолдану салдарынан зардап шеккен адамдарға әскери-медицина қызметінің мамандары көрсететін медициналық көмек

Әскери-медициналық қызмет - Қазақстан Республикасының заңдарында осы органдардың қызметін медициналық қамтамасыз етуге арналған әскери немесе арнаулы қызметтің болуы көзделген әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелердің жиынтығы;

Әскери-медициналық (медициналық) қамтамасыз ету - материалдық-техникалық жабдықтау жөніндегі іс-шаралар кешені, сондай-ақ жеке құрамның жауынгерлік қабілеттілігі мен еңбекке қабілеттілігін қалпына келтіру мақсатында әскерлерде, бөлімшелерде және ведомстволық ұйымдарда медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру;
Бейінді маман - жоғары медициналық білімді, белгілі бір мамандық бойынша сертификаты бар медицина қызметкері;
Биологиялық активті заттар - жануарлар мен адам организмінің патологиялық өзгерген функцияларын қалыпқа түсіретін, дәрілік заттар алудың ықтимал көздері болып табылатын, әртүрлі жолмен алынатын заттар;
Биологиялық активті қоспалар - тұрақты тұтынған кезде денсаулықтың жай-күйін жақсартуға арналған және адамның тамақтану рационын табиғи немесе табиғимен бірдей биологиялық активті заттармен байыту мақсатында олардың компоненттерін қамтитын өнімдерге қоспалар;
Бірегей дәрілік зат - жаңа активті заттарды білдіретін немесе қамтитын дәрілік зат;     

Дәрілік заттар - аурулардың профилактикасына, диагностикасына және оларды емдеуге, сондай-ақ организмнің жай-күйі мен функцияларын өзгертуге арналған фармакологиялық активті заттарды білдіретін немесе оларды қамтитын заттар: дәрілік субстанция, табиғаттан алынатын дәрілік шикізат, дәрілік ангро- және балк-өнімдер, дәрілік препараттар, медициналық иммундық-биологиялық препараттар, парафармацевтикалар;

Дәрілік заттың қаптамасы - дәрілік заттарды бүлінуден және ысырап болудан қорғау жолымен олардың айналысы процесін қамтамасыз ететін, сондай-ақ қоршаған ортаны ластанудан сақтайтын құрал немесе құралдар кешені;
Денсаулық - аурулар мен дене кемістіктерінің болмауы ғана емес, тұтастай тәни, рухани (психикалық) және әлеуметтік салауаттылық жағдайы;
Денсаулық сақтау - аурулардың алдын алуға және оларды емдеуге, қоғамдық гигиена мен санитарияны қолдауға, әрбір адамның тәни және психикалық саулығын сақтап, нығайтуға, оның ұзақ жыл белсенді өмір сүруін қолдауға, денсаулығынан айырылған жағдайда оған медициналық көмек ұсынуға бағытталған саяси, экономикалық, құқықтық, әлеуметтік, мәдени, медициналық сипаттағы шаралар жүйесі;
Денсаулық сақтау жүйесі - қызметі азаматтардың денсаулық сақтау құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік органдар мен денсаулық сақтау субъектілерінің жиынтығы;

Денсаулық сақтау ұйымы - денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;

Диагностика - аурудың болу немесе болмау фактісін белгілеуге бағытталған медициналық қызметтер көрсету кешені;
Донор - донорлық қан, оның компоненттері, өзге де донорлық материал (оның ішінде шәует, жыныс жасушалары, аналық жасуша) алу жүргізілетін, сондай-ақ реципиентке транспланттау үшін тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) алу жүргізілетін адам, адамның мәйіті, жануар;
Емдеу - ауыруды жоюға, оның бетін қайтаруға және (немесе) барысын жеңілдетуге, сондай-ақ оның асқынуының алдын алуға бағытталған медициналық қызметтер көрсету кешені;

Жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы (ЖИТС) - адамның иммун жүйесінің АИТВ-дан қатты зақымдануынан болған патологиялық белгілер байқалатын АИТВ-инфекциясының соңғы сатысы;
Инфекциялық және паразиттік аурулар - мекендеу ортасы биологиялық факторларының адамға әсер етуі және аурудың науқас адамнан, жануардан сау адамға берілу мүмкіндігі әсерінен болатын және таралатын адам аурулары;
Йод тапшылығы аурулары - организмге йодтың жеткіліксіз түсуіне және онда жеткіліксіз қорытылуына байланысты қалқанша без функциясының бұзылуынан болатын организмнің патологиялық процесі;

Кәсіптік ауру - қызметкердің өз еңбек (қызмет) міндеттерін орындауына байланысты оған зиянды өндірістік факторлардың әсер етуінен туындаған созылмалы немесе қатты ауру

Мицина қызметкерлері - кәсіптік медициналық білімі бар және медициналық қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар;
Медициналық иммундық-биологиялық препараттар - инфекциялық және иммундық (аллергиялықты қоса алғанда) аурулардың өзіндік ерекшелігі бар профилактикасына, оларды диагностикалау мен емдеуге, басқа да аурулар мен физиологиялық жай-күйлерді иммунологиялық әдістердің көмегімен диагностикалауға арналған, сыртқы орта объектілерінде инфекциялық агенттер мен олардың антигендерін индикациялауға арналған препараттар, иммундық жүйе арқылы емдік және профилактикалық әсерін тигізетін қан (алу тәсіліне қарамастан) препараттары;
Медициналық көмек - халықтың денсаулығын сақтауға және қалпына келтіруге бағытталған медициналық қызметтер көрсетудің дәрілік көмекті қамтитын кешені;
Медициналық көмектің сапасы - көрсетілетін медициналық көмектің уәкілетті орган бекіткен және медициналық ғылым мен технологияның қазіргі заманғы даму деңгейі негізінде белгіленген стандарттарға сәйкестік деңгейі;

Медициналық қызмет - жоғары немесе орта кәсіптік медициналық білім алған жеке тұлғалардың, сондай-ақ заңды тұлғалардың азаматтардың денсаулығын сақтауға бағытталған кәсіптік қызметі;

Медициналық қызметтер көрсету - денсаулық сақтау субъектілерінің нақты адамға қатысты профилактикалық, диагностикалық, емдеу немесе оңалту бағыты бар іс-қимылы;

Медициналық мақсаттағы бұйымдар - профилактикалық, диагностикалық және емдеу іс-шараларын жүргізу үшін пайдаланылатын бұйымдар мен материалдар: медициналық құрал-саймандар, стоматологиялық, шығындық, таңу және тігу материалдары, бекітетін таңғыштар мен құрылғылар, медициналық оптика бұйымдары;
Медициналық оңалту - науқастар мен мүгедектер организмінің бұзылған және (немесе) жоғалтқан функцияларын сақтауға, ішінара немесе толық қалпына келтіруге бағытталған медициналық қызметтер көрсету кешені;      Медициналық техника - аурулардың профилактикасы, оларды диагностикалау, емдеу, оңалту, медициналық сипаттағы ғылыми зерттеулер үшін медициналық мақсатта жеке түрде, кешеннің немесе жүйенің құрамында қолданылатын аппараттар, аспаптар мен жабдықтар;
Медициналық ұйым - негізгі қызметі медициналық көмек көрсету болып табылатын денсаулық сақтау ұйымы;

Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау - халықтың денсаулығын, мекендеу ортасын және өнімдердің, процестердің, көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігін қорғау мақсатында санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарының Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау, олардың жолын кесу жөніндегі қызметі, сондай-ақ халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің және гигиеналық нормативтердің сақталуын бақылау;
Пациент - медициналық қызметтер көрсетудің тұтынушысы болып табылатын (болып табылған) жеке тұлға;
Профилактика - аурулардың пайда болуының, олардың ерте сатыда өршуінің алдын алуға және орын алған асқынуларды, ағзалар мен тіндердің бүлінулерін бақылауға бағытталған медициналық және медициналық емес іс-шаралар кешені;
Психикаға белсенді әсер ететін заттар - бір рет қабылдағанда адамның психикалық және дене функцияларына, мінез-құлқына әсер ететін, ал ұзақ уақыт қабылдаған кезде психикалық және тәни тәуелділік туғызатын синтетикалық немесе табиғаттан алынатын заттар;
Психиканың бұзылуы (ауру) - адамның бас миы жұмысының бұзылуына байланысты психикалық қызметінің бұзылуы;
Санитариялық-карантиндік бақылау - адамдар мен жүктердің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өтуі кезінде ел аумағына инфекциялық және паразиттік ауруларды, сондай-ақ адам денсаулығына әлеуетті қауіпті заттар мен өнімді кіргізуге жол бермеу мақсатында өткізілетін, жүктердің санитариялық-эпидемиологиялық жай-күйін және адам денсаулының жай-күйін бақылау;
Санитариялық-қорғаныш аймағы - арнаулы мақсаттағы аймақтарды, сондай-ақ елді мекендегі өнеркәсіп ұйымдары мен басқа да өндірістік, коммуналдық және қоймалық объектілерді жақын маңдағы қоныстану аумақтарынан, тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы жайлар мен ғимараттардан оларға қолайсыз факторлардың әсер етуін әлсірету мақсатында бөліп тұратын аумақ;
Санитариялық-эпидемиологиялық жағдай - белгілі бір аумақтағы халықтың денсаулығы мен мекендеу ортасының белгілі бір уақыттағы жай-күйі;
Санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралар - мекендеу ортасы факторларының адамға зиянды әсерін жоюға немесе азайтуға, инфекциялық және паразиттік аурулардың пайда болуы мен таралуының, жаппай уланудың алдын алуға және оларды жоюға бағытталған шаралар;

Транспланттау - тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) организмнің басқа жеріне немесе басқа организмге ауыстырып салу, сіңістіру;
Туберкулездің жұқпалы түрі - науқас адамның сыртқы ортаға туберкулез бактерияларын бөліп шығаруына байланысты айналадағы адамдарға қауіп төндіретін ауру;

Улану - мекендеу ортасының химиялық, биологиялық және өзге де факторларының адамға қатты (бірмезгілді) немесе созылмалы (ұзақ) әсер етуі кезінде туындайтын ауру (жай-күй);
Фармакологиялық зат - белгіленген фармакологиялық активтілігі мен уыттылығы бар, клиникалық сынақ объектісі және әлеуетті дәрілік зат болып табылатын зат немесе заттардың қоспасы;

Халықтың денсаулығына қауіп төндіретін өнім - уәкілетті орган белгілеген, қолданылуы немесе тұтынылуы кезінде адамның денсаулығына зиянды әсер етуі мүмкін өнім түрлері;
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы - мекендеу ортасы факторларының адамға зиянды әсері болмайтын және оның тыныс-тіршілігіне қолайлы жағдайлар қамтамасыз етілетін кездегі халық денсаулығының жай-күйі;
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызмет - мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен ұйымдарының азаматтардың денсаулығын сақтауға бағытталған, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды, гигиеналық оқытуды, санитариялық-карантиндік бақылауды, радиациялық бақылауды, санитариялық-эпидемиологиялық нормалауды, тәуекелді бағалауды, санитариялық-эпидемиологиялық мониторингті, санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманы қамтитын қызметі;
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Похожие:

«Апаттар медицинасы» пәнінің 050731 «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығына арналған icon050731 – Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау мамандығына арналған
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің «Экология және қоршаған ортаны қоргау» кафедрасының профессор м а
«Апаттар медицинасы» пәнінің 050731 «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығына арналған icon050731 – Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау мамандығына арналған
«Жер бетіндегі және судағы экожүйелерді қорғау» пәннінің оқу-әдістемелік материалдар
«Апаттар медицинасы» пәнінің 050731 «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығына арналған iconПсіздік негізі тәжірибелік жұмыстар істеуіне әдістемелі нұсқаулар 050731 «Өмір тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығы студенттеріне арналған Кереку 2008
«Өмір тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығы студенттеріне арналған
«Апаттар медицинасы» пәнінің 050731 «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығына арналған icon2 нормативті сілтемелер
В073100 «Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығына арналған
«Апаттар медицинасы» пәнінің 050731 «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығына арналған icon5В073100– «Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығына арналған
«Жер бетіндегі және судағы экожүйелерді қорғау» пәннінің студенттерге арналған оқу-әдістемелік кешені
«Апаттар медицинасы» пәнінің 050731 «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығына арналған iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
В073100 «Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығына арналған
«Апаттар медицинасы» пәнінің 050731 «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығына арналған iconРабочая учебная программа Өскемен Усть-Каменогорск 2014 Силлабус Мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру негізінде «Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау»
Силлабус Мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру негізінде «Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасында...
«Апаттар медицинасы» пәнінің 050731 «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығына арналған iconРабочая учебная программа Өскемен Усть-Каменогорск 2014 Силлабус Мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру негізінде «Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау»
Силлабус Мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру негізінде «Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасында...
«Апаттар медицинасы» пәнінің 050731 «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығына арналған iconЖоғары оқу орнынан кейінгі білім беру орталығы
Тіршілік әрекеті қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау салаларындағы маңызды проблемалар, Ұйымдастыру, жоспарлау, ғылыми-зерттеу...
«Апаттар медицинасы» пәнінің 050731 «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығына арналған iconРабочая учебная программа Мамандық : 5В073100 «Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау»
Мамандық : 5В073100 – «Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау»
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница