Скачать 123.92 Kb.
|
Ф КГМУ 4/3-04/02 ИП №6 УМС при КазГМА От 14 июня 2007г. Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Ішкі аурлар пропедевтикасы кафедрасы ДӘРІС 3 Тақырыбы: Эндокрин және қан жүйесі ауруларындағы мейірбикелік үрдіс Кредит 4 Пәні: PVBSDT 2211 «Ішкі аурулар пропедевтикасы және терапиядан мейірбикелік іс»Мамандығы: 051101-«Мейірбике ісі» Курс: 2 Уақыты: 50 минут Қарағанды-2011ж Тақырыбы: Эндокрин және қан жүйесі ауруларындағы мейірбикелік үрдіс. Дәрістің мақсаты: студенттерді эндокрин және қан жүйесі ауруларының негізгі көріністерімен; бақылау мен күтудің негізгі ерекшеліктерімен, эндокринологиялық және гемотологиялық бөлімшелердегі мейірбикелік үрдістермен таныстыру. Дәріс жоспары:
Эндокрин жүйесі зат алмасуды, ағзаның ішкі орта тұрақтылығын реттейді (гомеостаз). Ішкі бөлу бездеріне: гипофиз, ҚБ, Қалқанша без маңы безі, бүйрек үсті, жыныс бездері. Араласпа бездерге: ҰБ. Бұдан сырт бүйректе, бауырда, ішекте, мида гормон бөлетін жасушалар бар. Эндокринді жүйенің реттелуі ми қыртысы мен гипоталамус гипофиздің өзара байланысы арқылы жүзеге асады. Гипофиз тропты гормондарды түзеді, ол басқа ішкі бөлу бездерінің қызметіне әсер етеді, ал басқа бездерден бөлінген гормондар қайта айланып гипофизға әсер етеді. Эндокрин жүйесі қызметінің бұзылуы біріншілік (патология безде) және екіншілік (гипофиздің тропты гормондарының жеткіліксіздігі). Эндокриндік бездер арасындағы өзара әсер етіп реттеу қызметінің бұзылысы эндокринді ауруларды дамытады. Гипофиз ауруы: алыптық, ергежеилік (гипофиздік нанизм), акромегалия, Иценко-Кушинке ауруы немесе синдромы, қантсыз диабет. Қалқанша без ауруы: ДТЗ, аутоиммунды тиреоидит, гипотиреоз, микседема. Бүйрек үсті без ауруы: Адиссон аруы. Ұйқы без ауруы: ҚД. Мейірбикелік үрдіс 5 басқыштан тұрады:
Эндокринді бөлімде жұмыс істегенде ішкі секреция бездері өзара тығыз әсер көрсететіндігін, бір бездің қызметінің зақымдалуы басқаларына әсер көрсететінін білген жөн. Ауру ағымымен науқастың жағдайын біршама толық анықтау үшін объективті және қосымша зерттеу нәтижелерімен танысу қажет. Алынған нәтижелер негізінде мейірбикелер науқастың жалпы жағдайын бағалауы керек. Мейірбикелер эндокрин патологиясындағы негізгі шағымдар мен симптомдарды, қызметтің бұзылғандығын негіздеудің негізгі қағидаларын, емдеу және сақтандыру қағаидаларын біліп, науқастарға күтім жасай алуы керек. Емдеу және жедел көмек көрсету білімдері мен дағдыларын білу керек. Мейірбикелер өз жұмысын науқасты зерттеуден бастап, аурудың жеке симптомдарын анықтайды әрі оған мейірбикелік диагноз қояды. I этап.
Эндокриндік қызметі бұзылған науқастар барлық жүйелер бойынша шағымдануы мүмкін. Олар көп түрлі болып, оларды негізгі синдромдар бойынша топтастыруға болады:
Науқаспен сұқпаттасқанда тұқымында эндокриндік жүйе ауруларының бар жоқтығын, тамақтану ерекшелігін, қосымша ауруларын, еңбек тұрмыстық шарт-жағдайын, зиянды әдеттерін анықтау керек. Физикалық зерттеу әдістері. Қарау эндокриндік бұзылыстарды зерттеуде бағалы әдіс болып табылады. «көз симптомына», ҚБ ұлғаюына, арықтауға, семіруге, тері жамылғыларының пигменттеріне, қолдың дірілдеуіне, шаштың жағдайына көңіл аударған жөн. Тынақтары, шиқанның бар жоқтығы. ДТЗ қоыққан бет әлпет, көз тесігі ұлғайған, ашулы, бет терісі қызарып тұрады. Гипотиреозде – шаршаған, мимикасыз, көз тесігі тарылған және беті бозарған, тежелген болады. Акромегалияда – бет сүйегі доғасы, төменгі жағы ұлғайған терісі тығыздалған болады; Иценко-Кушинке синдромында – беті толған ай тәрізді; Аддисоон ауруында – беті қола түстес. Мойынды алдыңғы жағынан қарағанда: мойын бейнесінің өзгеруі – «жуан мойын» симптомы, ҚБ ұлғаюы. Алып бой (<195см) – алыптық – гипофиз ауруының жиі кездесетін белгісі (гипофиз алдыңғы бөлігінің ісігі қызметінің жоғарылауымен бірге). Ергежейлілік (>135см) гипофиз ауруының жиі кездесетін белгісі (гипофиз алдыңғы бөлігінің қызметінің төмендеуі, соматотропин жеткіліксіздігі). Шашының өзгерісі: бастағы шашының түсуі, қасының, сақалының, кірпігінің түсуі, – микседемаға тән. Кахексия гипофизді кахексия.
ҚБ бағыттамалы пальпациясы – мүшенің тығыздығы, бетінің сипаты, түйіндердің бар жоқтығы. Пульс пальпациясы: тахикардия (диффузды зоб), брадикардия (гипотиреоз). Ауру ағымының толық белгілерін алу үшін, мейірбике қосымша зерттеу әдістерінің нәтижелерімен тансуы керек, алынған нәтижелердің негізінде күтімдеу жоспарын жасайды.
Мейірбикелік араласу жоспарын дұрыс әрі жылдам жүзеге асыру – қысқа және ұзақ мерзімдік мақсатқа уақытында жетуге кепілдік беру.
Науқасты күту жоспарының іске асу өнімділігі – бұл қойылған мақсатқа жету. Сонымен бір уақытта науқаста жаңа мәселелер туындауыц мүмкін:
Науқасты стационардан шығарудан бұрын мейірбике науқасқа тәртіпті түрде эндокринологқа көріну керектігі, сондай-ақ олардың тағайындаған ем шараларын орындауы, және «диабет мектебі» туралы үгіт жүргізуі керек. II. Қан жүйесі ауруларымен ауыратын науқастарды зерттеу әдістері. Қан ауруларының негізгі симптомдары. жалпы шағымдары: әлсіздік, шаршау, бас айналу, физикалық жүктемеден кейінгі ентігу, жүрек қағу, еңбекке қабілеті төмендеу. Лихорадка – қан ауруларында дененің субфебрильді температурасы жиі кездеседі (гемолитикалық анемияда. В12-тапшылықты анемиясы (эритроциттердің немесе зат алмасуының компенсаторлы жоғарлауының ыдыраған заттар пирогенді әсер көрсетеді). Лейкозда лейкоциттердің ыдырауынан пуринді негіздер пирогенді әсер көрсетеді. лимфогранулематозда лихорадка толқын тәрізді сипат алады. Тері жамылғылары мен шырышты қабаттардың бозаруы: анемияда. Терінің қышуы: лимфогранулематозде азапты терінің қышынуы аурудың алғашқы көрінісі болуы мүмкін, клиникалық көрінісі анық байқалғанға дейін ұзақ болады. Терінің қышуы эритремияда, созылмалы лимфолейкозде болуы мүмкін. көптеген қан ауруларында тәбеттің төмендеуі арықтау кездеседі. созылмалы лейкозда, лимфогранулематоз т.б. хакексияға дейін жетеді. В12-тапшылықты анемияға тіл ұшының және оның қырының күлдіреуі тән. ТТА бұрмаланған дәмге (бор, көмір және топырақ жеу), сондай-ақ иіске әуестену (бензин, ацетон т.б.). Геморрагиялық синдром: қанағыштық, геморрагиялық диатездер; Сол жақ қабырға астының ауырсынуы –көк бауырдың ұлғюында (лейкозда). Терінің трофикалық өзгерісі (қабыршықтану, құрғақтық, шаштың түсуі, тырнақтың сынғыштығы) ТТА тән. . Өздігінен немесе басқанда сүйектің ауырсынуы– при лейкозда. Сұрастырғанда науқастың жалпы жағдайын нақтылап, аурудың себебін анықтау керек. Әрбір симптомның динамикасын зерттеу керек. Өмір анамнезінде: факторлардыанықтау. Ару этиологиясында бір жақтылы, дұрыс емес тамақтанудың маңызы зор. Өндірістегі жедел және созылмалы улану, сәулемен зақымдалу. Қосымша аурулар. Қан ауруларына асқынуы мүмкін аурулар: ОЖ – анемия, левомицетин, сульфаниламидтер, цитостатик т.б. дәрілер (гемолитикалық анемия). Тұқым қуалау (гемофилия, анемия). Физикалық зерттеу әдістері
Жалпы жағдай және есінің бұзылуы, лейкоздың соңғы сатысы. Анемия (жағдайы ауыр, кома). Бозару әртүрлі болуы мүмкін: «алебастрлық бозару» ювинильды хлорозде; жеңіл сарғыштау В12-тапшылықты анемияда. Топырақ-сұры – лейкозда. Эритремияда – «қан толып тұрғандай», бет терісінің шиедей қызаруы. Ауыз қуысын қарағанда тіл бүрлерінің тегістелуі –В12 тапшылықты анемияда; некротикалық ангина – лейкозда. Лимфа түйіндерінің ұлғаюы.
Лейкоздан гұманданған кезде сүйек жүйесін жіңішкелікпен зерттеу керек, жалпақ сүйектерді басып көру немесе түтікті сүйектердің эпифизі – ауырсыну. Лимфа түйіндерін және көк бауырға палпация жасау бағалы информация береді. Зертханалық әдістер: ЖҚТ, коагулограмма, стернальдық пункция (сүйек кемігін талдау), ЖЗТ, ҚБТ, (қан сарысуындағы темір), асқазан сөлін зерттеу. Аспаптық әдістер: көкбауырдың УДЗ, л/т пункциясы, радиоизотопты сканирлеу. Р-графия. Алынған нәтижелердің негізінде күтімдеу жоспарын жасау. II этап. Науқас мәселесін анықтау. Мейірбикелік күтімдеу жоспарын жасау – күрделі тапсырма, қан жүйесі аурулары науқастың барлық қажеттілігі бұзады: тыныс алу (анемия. мүшелердің гипоксиясы); жеу (тәбеттің төмендеуі); ұйықтау, демалу (ауырсыну) т.б.. III этап Мейірбикелік араласуды жоспарлау және жүзеге асыру (IV этап). Қанау симптомының мейірбикелік араласуы (слайд 1). Қан ауруларында тамшылатып қан құю мен оның компоненттері кең қолданылады. Мейірбикелер көктамыр ішіне қан құю барысында қандай асқынулардың (температураның жоғарылауы, қалтырау, ентігу т.б.) туындау мүмкіндігін білуі және үйлесімді шара қабылдауы, қажет болғанда дәрігерді шақыру, жедел көмек көрсете білу, сәйкесті дәрілерді дайындай білуі керек. Мейірбикелер диагностика емдеу процедураларына қатысып, санитарлық жұмыстарды жүргізу, науқас отбасындағыларға күтімдеу және гигеналық дағдылардың элементтерін үйрету. V этап – Мейірбикелік араласудың өнімділігін бағалау. Қан ауруларындағы араласу мақсаты қысқа және ұзақ мерзімді болу керек. Көрсетпелі құралдар: слайдтар.
Әдебиет: негізгі
қосымша
Бақылау сұрақтары (кері байланыс): 1. Эндокринді жүйе патологиясының негізгі синдромдары? 2. ҚД кезіндегі негізгі шағымдар? 3. Қан жүйесі патологиясының біршама жиі кездесетін симптомдары? 4. Қан жүйесі ауруларынның негізгі зертқаналық зерттеу әдістері? |
![]() | Пәні: pvbsdt 2211 «Ішкі аурулар пропедевтикасы және терапиядан мейірбикелік іс» Дәрістің мақсаты: Терапевтік тәжірибедегі жедел жағдайлар кезіндегі жедел жәрдем көрсетудің клиникасы және алгоритмімен студенттерді... | ![]() | Пән: «Мейірбике ісі негіздері» Силлабус (студенттің жұмыс бағдарламасы) «Ішкі аурулар пропедевтикасы» пәні бойынша интеграцияланған типтік оқу бағдарламасы негізінде... |
![]() | Курсы: 2 Силлабус (студенттің жұмыс бағдарламасы) «Ішкі аурулар пропедевтикасы және терапиядағы мейірбике ісі» пәні бойынша типтік оқу бағдарламасы... | ![]() | Курсы және оқу семестрі 3/5 Силлабусты (студенттің жұмыс бағдарламасын) ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасы құрастырды Клиникалық медицинаға кіріспе Типтік... |
![]() | 2006ж жмбс бойынша жұмыс бағдарламасы Пәннің интеграцияланған жұмыс бағдарламасы ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасында интеграцияланған типтік оқу бағдарламасы негізінде... | ![]() | Пәні Мейірбикелік қызметтегі әкімшілік процесс және менеджмент Пән коды Жұмыс бағдарламасы Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға білім беру стандарты және "Мейірбикелік қызметтегі әкімшілік процесс... |
![]() | КӘсіптік тәжірибе бойынша жұмыс бағдарламасы Кәсіптік тәжірибе бойынша жұмыс бағдарламасы ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасында «Клиникаға кіріспе – 2» пәнінің типтік оқу... | ![]() | Ф кгму 4/3-05/03 ип №6 14 маусым 2007 ж Асқорыту жүйесінің бұзылуы бар науқастарды мейірбикелік диагностика, мейірбикелік күтім жоспарын құру, мейірбикелік араласулар әдісі,... |
![]() | Ішкі аурулар пәні бойынша білімді, іскерлік пен машықтарды бағалауға арналған бақылау-өлшеу қҰралдары Шкі аурулар пәні бойынша білімді, іскерлік пен машықтарды бағалауға арналған бақылау-өлшеу қҰралдары | ![]() | ҚБҚ 54. 101 Қмму әдістемелік Кеңесінің отырысында талқыланды және құпталды Хаттама №2 Т. З. Сейсембеков «Астана Медицина Университеті» аб №3 ішкі аурулар кафедрасының профессоры, м.ғ. д |