5В110100 «Мейірбике ісі» мамандығы үшін Оқу сағатының көлемі 90 сағат, 2 кредит 1 курс II семестр




Скачать 485.13 Kb.
Название5В110100 «Мейірбике ісі» мамандығы үшін Оқу сағатының көлемі 90 сағат, 2 кредит 1 курс II семестр
страница1/5
Дата конвертации15.02.2016
Размер485.13 Kb.
ТипДокументы
источникftp://ftp01.kgmu.kz/SD/1 kurs/Fizioligiy/
  1   2   3   4   5
Ф КГМУ 4/3-03/03

ПП КГМУ 4/03


ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ


Физиология кафедрасы




СИЛЛАБУС


FIZ 1215 «Физиология» бойынша

5В110100 «Мейірбике ісі» мамандығы үшін


Оқу сағатының көлемі 90 сағат, 2 кредит

1 курс


II семестр


Қарағанды 2014 ж.

Силлабус 5В110100 «Мейірбике ісі» мамандығының жұмыс бағдарламасы негізінде құрастырылған (06.06.2013, № 17 хаттама)

Силлабус кафедраның мәжілісінде қарастырылды

24.12.2014. № 9 хаттама




Физиология кафедрасының меңгерушісі,
профессор___________Ф.А. Миндубаева




  • Оқытушылар туралы мәлімет:

Кафедра меңгерушісі: Миндубаева Фарида Анваровна, медицина ғылымдарының докторы, профессор, педагогикалық жұмыс стажы- 39 жыл.

Ғылыми қызығушылығы: орталық жүйке жүйесінің физиологиясы, қан айналымы, еңбек физиологиясы, бейімделу физиологиясы.

Ғылыми мектебі: ҚММИ қалыпты физиология кафедрасының ізденушісі, Мәскеу қ., П.К. Анохин атындағы РМҒА-сының ҒЗИ қалыпты физиологиясында кандидаттық және докторлық диссертацияларды, профессор А.А. Самохинаның қол астында кандидаттық диссертация қорғаған, докторлық диссертацияның кеңесшісі профессор О.С. Глазачев (Мәскеу қ.). Дәрістерді ағылшын және орыс тілдерінде оқиды.

Жетістіктері: «Медициналық білімдегі инновациялық технологиялар» - 2007 ж., «Медициналық білім негіздері» - 2008 ж., «ҚММУ түлегін дайындауда компетентті шешім» - 2010 ж. циклдері бойынша біліктілікті жетілдіру.

ҚММУ ішінде «Физиология» циклі бойынша БЖФ Қарағанды қ. - 2011 ж.,

«Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгісі ДСМ ҚР 2009 ж.

«ЖОО-ның үздік оқытушысы– 2009 ж» жалпымемлекеттік гранттың иегері.


Оқытушылар:

Кафедра доценты: Шандаулов Асылбек Хасанович медицина ғылымдарының кандидаты, физиология кафедрасының доценты, педагогикалық жұмыс стажы - 32 жыл.

Ғылыми қызығушылығы: бейімделу физиологиясы, жас кезеңдерінің физиологиясы, еңбек физиологиясы, экология.

Ғылыми мектебі: КСРО МҒА СБ аспирантурасының күндізгі бөлімі, ҚР ҒА физиология институтының бұлшықет іс-әрекеті зертханасының меңгерушісі, ғылыми тақырыптарға жетекшілік. Дәрістерді қазақ және орыс тілдерінде оқиды.

Жетістіктері: «Медициналық білімдегі инновациялық технологиялар» циклі бойынша біліктілікті жетілдіру - 2007 ж.

ҚММУ ішінде «Физиология» циклі бойынша БЖФ Қарағанды қ. - 2011 ж.,


Оқытушы: Ахметова Меруерт Жанатовна, педагогикалық жұмыс стажы – 1 жыл.

Ғылыми қызығушылығы: влияние минеральных удобрений на флору и фауну.

Ғылыми мектебі: академик Е.А.Букетов атындағы ҚарМУ физиология кафедрасының магистратурасы, ғылыми жетекшісі б.ғ.к., доцент Кыстаубаева З.Т.



  • Байланыс ақпарат: Кафедраның орналасқан орны: Ерубаев к. 18, №1 корпус, аудитория 201-213), телефон: 56-41-81 (118).


Пәннің саясаты: Студенттер ҚММУ қабылдаған оқу тәртібінің жалпы талаптарын орындаулары қажет.

Студент «Физиология» пәні бағдарламасына сәйкес келетiн оқу жоспарын толық орындауы қажет, яғни, денi сау адамның негiзгi физиологиялық үрдiстерiн, негiзгi заңдылықтарын және ағзадағы тұтас реакциялардың қалыптасу механизмдерiн және оның реттелуін үйрену керек.

Пән бойынша дәріске қатысу – міндетті түрде, сұрақтар пән бойынша аралық және қорытынды бақылауларға қосылады.

Әр сабаққа студент оқытылатын тақырыптың сұрақтарына дайындалып келiп отыруы қажет. Ол үшiн негiзгi және қосымша әдебиеттерден дидактикалық материал оқып дайындалып келуi тиiс. Әдістемелік нұсқауда көрсетiлген сұрақтармен алдын-ала таныcуы қажет. Студент өзiн қызықтырған сұрақтарға кеңесті кафедраның қойған уақытында алуға құқылы.

Сабақтың құрылымы тақырып бойынша кіріспе бақылаудан, cтуденттердің тәжірибелік тапсырмаларды орындауынан, талдаған сұрақтар бойынша алған бiлiмiн тексеруден тұрады.

Қанағаттанарлықсыз (Ғ) бағасын алса, сабақ өтелмеген болып табылады. Барлық босатылған зертханалық сабақтар мен практикалық сабақтар сәйкес аралық бақылауды өткізгенге дейін өтелуіне болады. Дәлелді себептермен сабақты босатқан күндерді өтемеген жағдайда, сабақты босатқан күндер дәлелсіз себептерге теңеледі. Дәлелсіз себептермен сабақты босатқан күндер өтелмейді.


  • Аралық бақылауға және тапсырмаларға бағаларды қою саясаты.

Тапсырмалар мен аралық бақылауларға дәрістердің, практикалық сабақтардың, ОСӨЖ, СӨЖ материалдары кіреді.

Аралық бақылау мен тапсырмаларға баға силлабустың соңында көрсетілген кесте бойынша оқитын студенттердің баллды-рейтингтік жүйесіне сәйкес қойылады.


  • Кіріспе

Анатомия мен физиология пәнін білу медициналық мамандықтар бойынша білім алып жатқан студенттер үшін міндетті болып табылады.

Физиология – дені сау адамның тіршілік ету механизмін зерттейтін ғылым. Клиникаға дейінгі медицина- биологиялық білім беру пән ретінде практикалық денсаулық сақтау саласына үйлеседі, оның бір ірі бөлімі клиникалық физиология.

Силлабус Физиология қарапайым физиологиялық үрдістерге арналған, физиологиялық қызметтердің нейрогуморальды реттелуіне, өмір сүрудің негіздеріне, мінез-құлықтың жүйелік механизмдеріне.


  • Пәннің мақсаты: Адамның өмір сүруін қамтамасыз ететін қоршаған ортамен адам организмінде өтетін процесстердің, олардың реттелу механизмдерінің, адам организмі және оны құрайтын жүйелердің анатомия – физиологиялық ерекшеліктері жайлы жүйелі білімді қалыптастыру.




  • Оқытудың мақсаттары:

  • жыныстық және жасқа орай ерекшеліктерді есепке ала отырып, дені сау адамның негізгі физиологиялық сипаттамасы туралы білім беру;

  • ағзаның біртұтас реакциясының түзілу тегершігі мен оның реттелу ісінің
    түрлі деңгейінің негізгі заңдылықтары туралы білімді қолдануға үйрету;

  • физиологиялық ойлау іс-дағдыларына студентті үйрету;

  • ағзаның сыртқы ортамен өзара әрекеттілігі кезінде оның тіршілік
    әрекетін қамтамасыз ететін жүйелік білімді түзу.




  • Пәнді оқытудың соңғы нәтижелері:




Дескрипторлар МЖБМС ға сәйкес «Бакалавриат...»

Оқытудың соңғы нәтижелері


Құзіреттілік*



А

Берілген аймақтардағы алғашқы білім элементтерімен қоса зерттелетін аймақтардағы білімдері мен түсініктерін көрсету

Пәнді, физиологичның зерттеу объектісін, оның медицинадағы маңызын сипаттау. Физиологияның дамуының бөлімдерін кезеңдерін атау; Жалпы физиология, жеке физиология және адамның интегративті мінез-құлық әрекеті тұрғысынан қарастырылатын клеткалардың, ұлпалардың, ағзалардың, жүйелердің функциялану жалпы сипаттау.

1, 2, 4,6



В

Осы білімдер мен түсініктерді кәсіптік деңгейде қолдану


Алынған нәтижелер негізінде оқу эксперименті, физиологиялық функциялардың зерттеу әдістерін жүргізу; практикалық медицинада кең қолданылатын (ЭКГ, ЭЭГ, тұлғаның психологиялық қасиеттерін анықтау анықтау үшін тестілеудің негізгі әдістері) және әр түрлі көрсеткіштердің (константалардың) ақпарттық бағасынының маңызын түсіндіру.


2, 3, 4, 5, 7,



С

Зерттелетін аймақтағы мәселелерді шешу және дәлелді қалыптастыру

Оқу эксперименттерінің нәтижелерін олардың себеп-салдар өзара байланысын түсіндіру, бағалау және интерпретациялау, бағалау, талдау; ауруды алдын алу мақсатында ұсыныстар түрінде өмірдің рациональді ұйымдасуы бойынша өзіндік тұжырым қалыптастыру.

1,2,3,4,5




D

Әлеуметтік этикалық және ғылыми болжауларын ұғыну есебінде қалыптастыру үшін ақпаратты интерпретациялау және жиынтығын жүзеге асыру

Жалпы физиология, жеке физиология және адамның интеграциялық мінез-құлық әрекетінің тұрғысынан әлеуметтік, этикалық және ғылыми болжауларын ұғыну есебінде дені сау организмнің физиологиялық реттеу процестерінің және функциялану заңдылықтары бойынша ақпаратты жинақтау, ауруды алдын алу мақсатында оның маңызын бағалау, реферат, презентация, жоба түрінде дайындау.



1,2,3,4,5


Ақпараттарды, идеяларды және мәселелерді және шешімдерді мамандарға арналғандай хабарлау

Ақпаратты сабақтарда, студенттік үйірме отырыстарында, студенттік конференцияларда жалпыланған жобалар, презентациялар және жобалар түрінде ұсыну, ауруды алдын алу мақсатында өмірдің рациональді ұйымдасуы бойынша ұсыныс түрінде өзіндік қорытындыны тұжырымдау; ақпаратпен жұмыс бойынша студенттерге өз білімін және біліктілігін жеткізу (оқу, анықтама, ғылыми), оқу эксперименттерін жоспарлау және өткізу кезінде бақыланған айғақтар мен көріністерді және олардың себеп-салдарын түсіндіру.

2,3,5,6,7


E

Келесі пәндер (постреквизиттер) бойынша әрі қарай оқуды жалғастыру қабілеттілігі

Бейімделу нәтижесіне жету үшін еңбек әрекет процессінде және қоршаған орта жағдайының өзгерісінде физиологиялық функциялардың негізгі заңдылықтары туралы білімдерін қолдану, физиологиялық функциялардың зерттеу әдістерін орындау дағдылары микробиология, фармакология негіздері, патологиялық физиологияны зерттеу кезінде қолдану.

2,3,5, 6,7

  1   2   3   4   5

Похожие:

5В110100 «Мейірбике ісі» мамандығы үшін Оқу сағатының көлемі 90 сағат, 2 кредит 1 курс II семестр icon5В130100 «Жалпы медицина» мамандығы үшін Оқу сағатының көлемі 135 сағат, кредит 3 3 курс 5,6 семестр
Кафедра меңгерушісі: Миндубаева Фарида Анваровна, медицина ғылымдарының докторы, профессор, педагогикалық жұмыс стажы 39 жыл
5В110100 «Мейірбике ісі» мамандығы үшін Оқу сағатының көлемі 90 сағат, 2 кредит 1 курс II семестр icon5В110400 «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы үшін Оқу сағатының көлемі 90 (2 кредит) 1 курс ІІ семестр
Кафедра меңгерушісі: Миндубаева Фарида Анваровна, медицина ғылымдарының докторы, профессор, педагогикалық жұмыс стажы- 39 жыл
5В110100 «Мейірбике ісі» мамандығы үшін Оқу сағатының көлемі 90 сағат, 2 кредит 1 курс II семестр icon5В130200 «Стоматология» мамандығы үшін Оқу сағатының (кредиттер) көлемі 180 сағат, 4 кредит 2 курс
Кафедра меңгерушісі: Миндубаева Фарида Анваровна, медицина ғылымдарының докторы, профессор, педагогикалық жұмыс стажы- 39 жыл
5В110100 «Мейірбике ісі» мамандығы үшін Оқу сағатының көлемі 90 сағат, 2 кредит 1 курс II семестр icon5В130200 «Стоматология» мамандығы үшін Оқу сағатының көлемі 90 сағат Курс II семестр IV қарағанды 2013
Кафедра меңгерушісі: Жәутікова Сауле Базарбайқызы, медицина ғылымдарының докторы, профессор, жоғары категориялы дәрігер, педагогикалық...
5В110100 «Мейірбике ісі» мамандығы үшін Оқу сағатының көлемі 90 сағат, 2 кредит 1 курс II семестр icon5В110300 «Фармация» мамандығы үшін Оқу сағатының көлемі 90 (2 кредит) курс
Кафедра меңгерушісі: Миндубаева Фарида Анваровна, медицина ғылымдарының докторы, профессор, педагогикалық жұмыс стажы- 39 жыл
5В110100 «Мейірбике ісі» мамандығы үшін Оқу сағатының көлемі 90 сағат, 2 кредит 1 курс II семестр icon«Бекітемін» оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысының проректоры, м.ғ. д. М. У. Анартаева
Жұмыс бағдарламасы 5В110100 «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша «Неврологиядағы мейірбике ісі» типтік бағдарламасы (№582 бұйрық Қр...
5В110100 «Мейірбике ісі» мамандығы үшін Оқу сағатының көлемі 90 сағат, 2 кредит 1 курс II семестр icon5В110300 «Фармация» мамандығы үшін (оқу түрі) Оқу сағатының көлемі (кредиттер*) 90 с. (2 кредит) II курс
Кафедра меңгерушісі: Ахметова Сауле Балтабаевна – м.ғ. к., доцент, микробиология және иммунология кафедрасының меңгерушісі, педагогикалық...
5В110100 «Мейірбике ісі» мамандығы үшін Оқу сағатының көлемі 90 сағат, 2 кредит 1 курс II семестр icon«Салауатты өмір салты» 051103 «Фармация» мамандығы үшін Оқу сағатының көлемі 180 сағат (4 кредит)
Кафедра меңгерушісі: Жәутікова Сауле Базарбайқызы, медицина ғылымдарының докторы, профессор, жоғары категориялы дәрігер, педагогикалық...
5В110100 «Мейірбике ісі» мамандығы үшін Оқу сағатының көлемі 90 сағат, 2 кредит 1 курс II семестр icon«Әлеуметтану» Soc 2108 пәні бойынша 5В110100 «Мейірбике ісі» мамандығы үшін
...
5В110100 «Мейірбике ісі» мамандығы үшін Оқу сағатының көлемі 90 сағат, 2 кредит 1 курс II семестр iconҚазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы
Силлабус «Құқық негіздері» пәні бойынша жұмыс бағдарламасының негізінде “Мейірбике ісі” 5В110100 мамандығы үшін құрастырылған
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница