Курс: 2 Семестр: 3 Аудиториялық сабақтар 45 сағат Дәрістер 30 сағат Тәжірибелік 15 сағат соөЖ 22,5




Скачать 464.62 Kb.
НазваниеКурс: 2 Семестр: 3 Аудиториялық сабақтар 45 сағат Дәрістер 30 сағат Тәжірибелік 15 сағат соөЖ 22,5
страница1/4
Дата конвертации15.02.2016
Размер464.62 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://psu.kz/arm/upload/umk/171360.doc
  1   2   3   4
1. Оқу пәнінің паспорты


Пәннің атауы «Ежелгі және хандық дәуірдегі қазақ әдебиетінің тарихы»


Кредит саны мен оқу мерзімі

Барлығы – 3 кредит

Курс: 2

Семестр: 3

Аудиториялық сабақтар – 45 сағат

Дәрістер – 30 сағат

Тәжірибелік – 15 сағат

СОӨЖ – 22,5

Соның ішінде СӨЖ – 90

Еңбек сыйымдылығы барлығы – 135 сағат


Бақылау формасы

Емтихан – 3 семестр


Пререквизиттер

  • Әдебиеттануға кіріспе

  • Қазақ халық ауыз әдебиеті

Постреквизиттер

  • ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті

  • Ұлы Отан соғысы жылдарындағы әдебиет

  • Әдебиет теориясы

  • Қазіргі қазақ әдебиеті


2 Оқытушылар туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары

Аты-жөні: Жұмабекова Гауһар Айтбекқызы

Ғылыми дәрежесі, атағы, қызметі: гуманит. ғыл. магистрі, аға оқытушы

«Қазақ филологиясы» кафедрасында «А» корпусында (Ломов к-сі, 64) 356 аудиторияда орналасқан.

Байланысу телефоны: Тел. (12-55) 356 кабинет


2 Пәні, мақсаты мен міндеттері


Пән: «Ежелгі және хандық дәуірдегі қазақ әдебиетінің тарихы»

«Ежелгі және хандық дәуірдегі қазақ әдебиетінің тарихы» пәнін жоғары мектепте оқытудың негізгі мақсаты – маман әдебиетші дайындау, оның жалпы қазақ әдебиеті туралы ғылымды жүйелі түрде меңгеру, игеру міндетімен сабақтас.


Пәнді оқыту мақсаты:

«Ежелгі және хандық дәуірдегі қазақ әдебиетінің тарихы» - ұлттық сөз өнері тарихының елеулі бір кезеңін қамтитын пән. Пәннің мазмұнында ауызша дәстүрлі жыраулық және ақындық поэзияның табиғи сабақтастығы, көркемдік, стильдік жалғастық мәселелері ғылыми-теориялық тұрғыда түсіндіріледі.


Пәннің міндеттері:

- өлеңдерді жанрлық, идеялық, құрылыстық жағынан талдай білуі;

- жекелеген автордың шығармашылық ерекшеліктерін танытуда, ақын-жыраулар өлеңдерін жатқа білу;

- образдар жүйесіне талдау жасай білу;

- шығарманың көркемдік ерекшелігін айқындай білу.


3 Білім, икемділік және дағды-машықтарға қойылатын талаптар

Пәнді оқу нәтижесінде студенттердің:

- Ежелгі және қазақ хандығы дәуіріндегі ақын-жыраулардың шығармаларының мәтіндерімен таныс болу;

- ақын-жазушылар шығармаларының көркемдік ерекшелігін талдай білуі тиіс;

- ақын-жазушылар шығармаларының образдар жүйесін талдай білуі тиіс;

- ақын-жазушылар шығармаларының идеясын аша білуі тиіс.;

- ақындар өлеңдерін жатқа білуі тиіс.

- cтуденттер тақырып таңдау, материал жинау, конспекті жазуды меңгере білуі;

- ақын-жазушылар шығармаларын ажырата алу;

- ақын-жазушылар шығармаларының идеялық, эстетикалық мазмұнын аша білу;

- ақын-жазушылар шығармаларынталдаудағы оның табиғатын білуі;

- ақын-жыраулардың шығармаларын идеялық-көркемдік тұрғыда талдай білу;

- ақын-жыраулар өлеңдерін жатқа білу.


5 Пәнді оқудың тақырыптық жоспары


Сабақ түрлері бойынша академиялық сағаттарды бөлу



Пәннің тақырыптық жоспары



Тақырып

Сабақ түрлері бойынша қарым-қатынастық сағаттар саны

дәріс

Пр

Зерт

Студ

жеке

СӨЖ

1.

Орхон жазуындағы жәдігерліктер

2


1










5

2.

Қорқыт ата кітабы

1










5

3.

Оғыз-наме(«Оғыз-қаған» эпосы)

1


1










5

4

Әбу-Насыр әл-Фараби(870-950)

2










5

5

М.Қашғари «Диуани лұғат ат- түрк(Түркі сөздерінің жинағы»)

2


1










5

6

Ж. Баласағұн «Құтадғу біліг

(Құтты білік»)

2

1










7

7

А.Иүгінеки. «Хибатул-Хақайық» («Ақиқат сыйы»)

2

1










5

8

А.Яссауи «Диуани хикмат» («Даналық кітабы»)

2

1










6

9

Н.Рабғузи. «Рабғузи қиссалары»

2

1










5

10

Хорезми «Мұхаббат –наме»

1

1










5

11

Құтб. «Хұсрау-Шырын» дастаны

1

1










5

12

Сайф Сараи «Гүлстан бит-түрки»

(«Түрік тіліндегі Гүлстан»)

1

1










5

13

Әбілғазы. «Шежіре и- түрк»

1

1










5

14

Х.Дулати «Тарих-и-Рашиди»

1










5

15

«Бабыр-наме»

1













2

16

Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиеттің даму бағыттары. Қазтуған жырау.

1



1










1

17

ХҮ-ХҮІ ғасырлардағы қазақ әдебиеті Доспамбет жырау. Шалкиіз жырау.

1







2

18

ХҮІІғ. қазақ әдебиеті. Жиембет жырау Марғасқа жырау.

1

1










2

19

ХҮІІІғ. қазақ әдебиеті. Ақтамберді жырау. Үмбетей жырау. Тәтіқара Шал ақын. Бұқар жырау. Көтеш ақын

4

1







5

20

ХҮ-ХҮІІІ ғ. өмір сүрген жырау толғауларының тақырыптық және көркемдік ерекшеліктері

1

1










5

Барлығы: 135 (3 кредит)

30

15










90


6 Дәріс сабақтарының мазмұны


1-тақырып. Орхон жазуындағы жәдігерліктер

Жоспар:

1. Орхон-енисей ескерткіштері

2. Күлтегін жыры

3. Тоныкөк жыры

1. «Орхон»немесе «руна» деп аталатын жазулар. Ежелгі түріктердің наным-сенімдері, исламға дейінгі діни ұғым-түсініктер. Табыну; Көк тәңірі, Жер тәңірі, Ұмай-ана.

2. Ежелгі түрік мемлекетінің көрнекті әскери қолбасшысы Күлтегін батыр (684-731ж), оның ағасы елбасы Білге қаған (683-734ж)

3. Білге қағанның кеңесшісі Тоныкөк туралы тасқа қашап жазылған дастандар.

Ұсынылатын әдебиет: [1], 1-22 беттер; [2], 1-47 беттер.

2-тақырып. «Күлтегін» жырының көркемдік ерекшелігі

Жоспар:

1. «Күлтегін», «Білге қаған» және «Тоныкөк» жырларының көркемдік ерекшелігі.

2. Тасқа жазылған дастандардың компазициялық құрылысы.

3. «Күлтегін» жыры мен қазақ эпосы.

1. «Күлтегін», «Білге қаған» және «Тоныкөк» жырларында жиі қолданылатын теңеу, метафора, аллегория, гипербола, эпитет, қанатты сөздер, мақал-мәтелдер туралы.

2. Тасқа жазылған дастандардың компазициялық құрылысы. Автор ойының циклдық жүйе арқылы берілуі. Ежелгі түркі позициясының өзіндік әдеби дәстүрі.

3. «Күлтегін» жыры мен қазақ эпосы.

Ұсынылатын әдебиет: [3], 1-22 беттер; [4], 1-47 беттер.

3-тақырып. Қорқыт ата кітабы

Жоспар:

1. Қорқыт ата кітабы.

2. Тасқа жазылған дастандардың композициялық құрылысы.

3. Қорқыт ата мұрасының зерттелуі.

  1. Қорқыт ата кітабы («Китаби дедем Коркуд»).

«Қорқыт ата кітабы» - оғыз-қыпшақ әдеби ескерткіші. Қорқыт атаның сыйқырлы күйлері.

2. Қорқыт атаның өсиеттері, ғибрат сөздері, мақал-мәтелдері. «Қорқыт ата кітабын» зерттеуші, тәржімелеуші Еуропа және орыс ғалымдары.

3. Қорқыт ата мұрасын зерттеу, қазақ тіліне аудару ісіне қазақ ғалымдарының қосқан үлесі.

Ұсынылатын әдебиет: [5], 1-22 беттер; [6], 1-47 беттер.

4-тақырып. Оғыз-наме («Оғыз-қаған» эпосы)

Жоспар:

1. «Оғыз-наме» эпосы.

2. «Оғыз-наме» эпосының нұсқалары.

3. «Оғыз-наме» эпосының зерттелуі.

4. «Оғыз қаған» эпосы мен «Қобланды батыр» жырының ұқсастығы.

1. «Оғыз-наме» эпосының қаһармандары - Оғыз қаған, оның балалары, Ұлы Түрік, Алтын Қаған, Урум қаған, Урус бек, Сақлаб, Ұлы Орда бек, Қағарлық ер, Темір Қағұл Жосун ер, Көк Бөрі, т.б.

2. «Оғыз-наме»эпосының нұсқалары.Ұйғыр әрпімен және араб әрпімен жазылған нұсқалары.

3. «Оғыз қаған» еңбегін қазақ тілі мен әдебиеті тұрғысынан тұңғыш зерттеуші Қ.Өмірәлиевтің ғылыми еңбектері.

4. «Оғыз-наме» эпосы мен және қазақ әдебиеті. «Оғыз қаған» эпосы мен «Қобланды батыр» жырындағы ұқсас көріністер. Эпостың тілі, көркемдеу әдістері.

Ұсынылатын әдебиет: [7], 31-42 беттер; [8], 81-87 беттер.

5-тақырып. Әбу-Насыр әл-Фараби (870-950)

Жоспар:

1. әл-Фарабидің ғылыми зерттеу еңбектері.

2. «Қайырымды қала тұрғындары», «Бақытқа жету жайында» трактаттарының әдеби мәні.

1. Әл-Фарабидің философия, этика, логика, тіл білімі, әдебиеттану,музыка,т.б. салалар бойынша жазған зерттеулері.

2. Философиялық трактаттары; «Қайырымды қала тұрғындары», «Бақытқа жету жайында», «Данышпандықтың інжу маржаны», «Ғылымдардың шығуы», «Философияны оқу үшін алдымен не білу керек», «Аристотель еңбектеріне түсіндірме», т.б.

Ұсынылатын әдебиет: [2], 231-239 беттер; [4], 1-47 беттер.

6-тақырып. М.Қашғари «Диуани лұғат ат-түрк (Түркі сөздерінің жинағы»)

Жоспар:

1. «Диуани лұғат ат-түрік» сөздігінің әдеби мәні, зерттелуі.

2. Сөздіктегі мақал-мәтелдер, тұрмыс-салт жырлары.

3. Сөздіктегі табиғат туралы, аңшылық жайындағы өлең-жырлар.

1. «Диуани лұғат ат-түрік» - түрікше-арабша түсіндірме сөздік.Қазіргі түркі тілді халықтардың барлығына ортақ мұра.

2. «Диуани лұғат ат-түрік» - тек сөздік қана емес, сонымен бірге орта ғасырдағы түркілердің қоғамдық, рухани, ғылыми, мәдени, әдеби, саяси өміріне, көне тарихы мен әдет-ғұрпына, салт-санасы мен наным-сеніміне,т.б. қатысты бағалы деректері мол жинақ.

3. Табиғат туралы өлең-жырлар. Алғауыщқы қауымда тіршілік еткен адамдардың ерекше назар аударған нәрсесі – табиғат құбылыстары болды. Ежелгі дәуір адамдарының табиғатқа жас баладай қызығып, тамсанып қарайтынын мына өлең жолдардан көреміз: «Қар, мұз еріді, тау суы аға бастады. Көгілдір бұлт көтерілді, ол суда жүзген қайықтай аспанда жүзіп бара жатты. Бұлттар ойнай бастады. Сарқырап сел ақты. Бұған жұрттың бәрі абыржып қалды. Найзағай ойнап, күннің күркіреген үрейлі даусы естілді».

Сөздіктегі жаз бен қыстың айтысы туралы мәлімет беру.

Аңшылық жайындағы өлеңдер. Алғашқы қауым адамының тіршілік көзі – аңшылық болған. Бертін келе мал шаруашылығы мен егіншілік те адамның күн көріс кәсібіне айналды. Махмұт Қашқаридің түркі сөздерінің жинағы арқылы юізге жеткен алғашқы қауцым адамадарының еңбек жөніндегі өлең-жырлары – сол дәуір адамдарының аңшылық, егіншілік және мал өсіру саласындағы өмірлік, еңбек процесі, тайпа мүшелерінің қауымдасқан тұрмыс-тіршілігін бейнелейтін шығарма екендігі.

Ұсынылатын әдебиет: [6], 1-22 беттер; [8], 1-47 беттер.

7-тақырып. Ж. Баласағұн «Құтадғу біліг (Құтты білік»)

Жоспар:

1. Ж.Баласағұнның «Құтты білік» дастанының зерттелуі, нұсқалары.

2. Дастанның сюжеті, құрылысы.

3. «Құтты біліктегі» «ақыл», «білім», «әдептілік», «тәлім-тәрбие» туралы.

1. «Құтты білік» дастанының негізгі идеясының мемлекетті дұрыс басқару мәселесі екендігі. Дастанның басты идеясы төрт принципке негізделіп жазылғаны: әділдік, бақ-дәулет, ақыл-парасат, қанағат.

2.«Құтты білік» - дидактикалық дастан. Төрт принциптің символы ретінде көрінетін төрт қаһарманы: Күнтуды патша, уәзірі Айтолды, уәзірдің баласы Ұғділміш, дәруіш Одгурміш.

3. Дастанда оқу-білім, ғылым мәселелріне арналған арнайы тараулар бар. Сонымен бірге, ақын мемлекет, қоғам, ел басқарған әкімдер, мораль, этика, т.б. мәселелрге арналған тараулары да білімнің күш-құдыретін ардақтап, ғалымдарды көкке көтере мадақтайды.

Ұсынылатын әдебиет: [3], 1-22 беттер; [7], 58-77 беттер.

8-тақырып. А.Иүгінеки. «Хибатул-Хақайық» («Ақиқат сыйы»)

Жоспар:

1. А.Иүгінеки. «Хибатул-Хақайық» («Ақиқат сыйы») дастанының зерттелуі, нұсқалары.

2. Дастанның көркемдік ерекшелігі.

3. Дастанның негізгі тарауларының тақырыптық атаулары.

1.«Ақиқат сыйы» - дидактикалық сарында жазылған шығарма. Компазициялық құрылысы, идеялық мазмұны. Қоғамдағы моральдық ұғымдар мен мінез-құлық, әдептілік, тілді тыйып ұстау, жомарттық, мейірімділік, ізгі қасиеттер туралы.

2. «Ақиқат сыйы» - әрбір сөзді ажарлап, құбылтып та шебер пайдалана білетін сөз зергері. Дастан негізінен дидактикалық сарындағы ақыл, өсиет, уағыз, ғибрат сөздерден тұрады. Ақын өзі хикаялап отырған құбылыстың ерекше белгілерін ажарлап, оған үстеме мағына беріп,көркіне көрік қосып суреттеу үшін теңеу әдісін кеңінен қолданады.

3. Дастанның негізгі тарауларының тақырыптық атаулары: «Бұл кітаптың жазылу себебі мен оның қажеттілігі», «Білімнің пайдасы мен оның қажеттілігі», «Білімнің пайдасы мен надандықтың зияны туралы», «Тілді тыю - әдептілік пен тәртіптіліктің шарты екендігі туралы.

Ұсынылатын әдебиет: [5], 76-83 беттер; [7], 89-95 беттер.

9-тақырып. А. Яссауи «Диуани хикмат» («Даналық кітабы»)

Жоспар:

1. «Диуани хикмат» дастанының зерттелуі, нұсқалары.

2. Дастанның көркемдік ерекшелігі.

3. С.Бақырғанидың «Бақырғани кітабы».

1. «Диуани хикмат» - исламның дін-шариғат жолдарын дидактикалық мазмұнда поэзия тілімен бейнелеген жыр жинағы.

2. «Даналық кітабы» адамзатты туыстыққа, бауырмалдыққа, ізгілікке, имандылыққа шақырып, мұсылман дінінің қағида шарттарын, Алланы танудың жолдарын баяндайды. «Диуани хикматтың» сопылық ағымның философиялық ой-пікірлері: әділдік жолына түсу, ақиқатты іздеп табу, адамның рухани өмірінің таза болуы.

3. Сүлеймен Бақырғани «Бақырғани кітабы».

«Бақырғани кітабының» негізгі идеясы - сопылық дәстүрді мадақтау, адамгершілікке, адалдыққа,бауымалдыққа үндеу. Гуманистік ой-пікірді ислам діні қағидалары тұрғысынан баяндау. «Бақырғани кітабының» қазақша аударылуы (Б.Сағындықов).

Ұсынылатын әдебиет: [8], 69-73 беттер; [9], 76-88 беттер.

10-тақырып. Н.Рабғузи. «Рабғузи қиссалары», «Кодекс куманикус» жинағы.

Жоспар:

1. «Рабғузи қиссалары».

2. «Кодекс куманикус» сөздігі.

1. Рабғузи –Алтын Орда дәуірі әдебиетінің ірі өкілдерінің бірі. «Рабғузи қиссалары» (1310 ж.) - табиғат, дүние құбылыстары, жаратылыстың пайда болуы, халифтар, пайғамбарлар, Адам ата, Жер ана,Көк, Ай мен Жұлдыз, шайтан мен періште т.б. туралы шығыстық сюжеттегі қисса-аңыздар, өлең-жырлар жинағы.

2. «Кодекс Куманикус» – кумандардың кітабы, қыпшақ тілінің сөздігі, қыпшақ тілінің сөздігі, қыпшақ тілі туралы жинақ. «Кодекс Куманикустің» (1303 ж.) екі бөлімнен тұратындығы. 1-бөлім - латынша, парсыша, куманша сөздік. «Кодекс Куманикустағы» жұмбақтар, христиан аңыздарынан алынған түрлі уағыз-өсиет сөздер. Христостың өмірі, Мария Ананың әулиелігі, киелі апостолдар жөніндегі діни хикая-аңыздар.

Ұсынылатын әдебиет: [8], 96-110 беттер; [10], 201-209 беттер.

11-тақырып. Хорезми «Мұхаббат-наме»

Жоспар:

1. Дастанның нұсқалары, зерттелуі.

2. Дастанның композициялық құрылысы, сюжеті.

3. Құтб. «Хұсрау-Шырын» дастанының негізгі тақырыбы

1. «Мұхаббат-наме» дастаны (1353 ж.) - Алтын Орда дәуірі әдебиетінің ең көрнекті үлгісі. «Махаббат-наменің» қолжазба нұсқалары. Көне ұйғыр жазуындағы және араб жазуындағы екі нұсқаның табылуы. «Махаббат-намені» зерттеуші, аударушы, бастырып шығарушы ғалымдар: Э.Н.Нәжіп, А.М.Щербак, С.Қасымов, В.Валиходжаев, Н.Маллаев,А.Қыраубаева туралы.

2. Дастан негізінен жігіттің 11 хатынан (намеден) тұратыны, қыздың жігітке жауап хаты берілмейтіні, жігіттің хаты арқылы-ақ қыздың махаббаты айқын бейнеленгені.

3. Құтб. «Хұсрау-Шырын» дастаны. Құтбтың «Хұсырау-Шырын» дастаны - азербайжанның ұлы ақыны Низамидың осы аттас поэмасының еркін аудармасы. Құтыбтың Низами поэмасын парсы тілінен қыпшақ-оғыз тіліне еркін аударғандығы. Құтб аудармасының көркмдік ерекшеліктері. Низами поэмасында қала өмірінің, патша сарайындағы сән-салтанаттың, ал Құтбтың дастанында мал бағумен тіршілік еткен көк майсалы дала көріністерінің көбірек бейнеленетіні.

Ұсынылатын әдебиет: [10], 102-119 беттер; [11], 51-67 беттер.

12-тақырып. Сайф Сараи «Гүлстан бит-түрки» («Түрік тіліндегі Гүлстан»).

Жоспар:

1. Дастанның зерттелуі.

2. Дастанның сюжеті.

1. «Түркі тіліндегі Гүлістанның» парсы-тәжік әдебиетінің классигі әйгілі Сағди-Ширазидың «Гүлстан» атты шығармасының еркін аудармасы екендігі. 2. «Түркі тіліндегі Гүлстанның» парсы-тәжік әдебиетінің классигі әйгілі Сағди Ширазидің «Гүлстан» атты шығармасының еркін аудармасы екендігі. «Түркі тіліндегі Гулистан» қолжазбасының табылуы, зерттелуі, жариялануы. Э.Н.Нәжіп - «Гүлістан бит-түрки» қолжазбасын зерттеуші, аудармашы, кітап етіп шығарушы тюрколог-ғалым. Дастанның компазициялық құрылысы,тілі.

Ұсынылатын әдебиет: [9], 91-108 беттер; [11], 96-125 беттер.

13-тақырып. Әбілғазы. «Шежіре и-түрк».

Жоспар:

1. Зерттелуі.

2. Шежіренің сюжеті.

1. «Түркі шежіресінің» алғаш табылуы (18 ғасыр), басқа тілдерге тәржіме жасалуы, түркология ғылымы тұрғысынан зерттелуі. «Түрік шежіресі» - бертін келе қазақ халқын құраған рулар мен тайпалардың көне тарихы, тұрмыс-тіршілігі, түркі елін басқарған қайраткерлердің өмірі мен қоғамдық қызметі туралы құнды деректері мол шежіре. «Түркі шежіресінің» Шыңғысханнан бұрынғы және одан кейінгі дәуірлерде Дешті Қыпшақ, Орта Азия, Таяу Шығыс елдерінде болған түрлі оқиғалар мен әртүрлі мемлекет қайраткерлері жүргізген саясаттың жылнамасы екендігі.

2. Шежіре 9 баптан тұрады: 1- Құдай тағаланың Адам ғалиссаламды жаратқанының баяны; 2 - Моңғол хан және оның Шыңғыс ханға дейінгі ұрпақтары жайында; 3- Шыңғыс ханның дүниеге келгенінің тарихы; 4 - Үкідай қағанның және басқа да Шыңғысхан нәсілінен патша болғандарының баяны; 5- Шыңғысханның екінші ұлы Шағатай әулетінің Мауреннахр мен Қашқарда болғанының баяны; 6 - Шыңғыс ханның кіші ұлы –Толы хан нәсілінен Иран жұртында патша болғандардың тарихы; 7 - Жошы хан әулетінен Дешті Қыпшақта патшалық құрғандардың тарихы; 8- Жошы ханның бесінші Шибан ханның әулетінен Тұранда, қазақта, Қырымда және Мауренахрда патшалық құрғандардың тарихы; 9- Жошы хан әулетінен Хорезмде патша болғандардың баяны.

Ұсынылатын әдебиет: [11], 76-86 беттер; [12], 89-96 беттер.

  1   2   3   4

Похожие:

Курс: 2 Семестр: 3 Аудиториялық сабақтар 45 сағат Дәрістер 30 сағат Тәжірибелік 15 сағат соөЖ 22,5 iconКурс: 2 Семестр: 3 Аудиториялық сабақтар 75 сағат Дәрістер 45 сағат Тәжірибелік 30 сағат соөЖ 37,5
«Қазақ филологиясы» кафедрасында «А» корпусында (Ломов к-сі, 64) 356 аудиторияда орналасқан
Курс: 2 Семестр: 3 Аудиториялық сабақтар 45 сағат Дәрістер 30 сағат Тәжірибелік 15 сағат соөЖ 22,5 iconКурс: 2 Семестр: 3 Аудиториялық сабақтар 75 сағат Дәрістер 45 сағат Тәжірибелік 30 сағат соөЖ 37,5
«Қазақ филологиясы» кафедрасында «А» корпусында (Ломов к-сі, 64) 356 аудиторияда орналасқан
Курс: 2 Семестр: 3 Аудиториялық сабақтар 45 сағат Дәрістер 30 сағат Тәжірибелік 15 сағат соөЖ 22,5 iconКурс: 3 Семестр: 6 Аудиториялық сабақтар 30 сағат Дәрістер 15 сағат Тәжірибелік 15 сағат СӨж -60
«Қазақ филологиясы» кафедрасында «А» корпусында (Ломов к-сі, 64) 356 аудиторияда орналасқан
Курс: 2 Семестр: 3 Аудиториялық сабақтар 45 сағат Дәрістер 30 сағат Тәжірибелік 15 сағат соөЖ 22,5 icon3 Мамандықтардың жұмыс бабындағы оқу жоспарынан үзінді көшірме
Пәннің көлемі 150 сағат. Аудиториялық сабақтарға 60 сағат бөлінген, оның ішінде дәрістер – 30 сағат, зертханалық сабақтар – 15 (30)...
Курс: 2 Семестр: 3 Аудиториялық сабақтар 45 сағат Дәрістер 30 сағат Тәжірибелік 15 сағат соөЖ 22,5 iconЛекция 15 (сағат) Практикалық сабақ 30 (сағат) осөЖ 45 (сағат) СӨЖ 45 (сағат) Емтихан Сағат көлемі 135 Курс 3 Семестр 5 Астана 20 ж. Жұмыс бағдарламасы «Кәсіптік аурулар»

Курс: 2 Семестр: 3 Аудиториялық сабақтар 45 сағат Дәрістер 30 сағат Тәжірибелік 15 сағат соөЖ 22,5 icon051301 «Жалпы медицина» Дәрістер 18 сағат Тәжірибелік сабақтар 54 сағат СӨЖ 36 сағат Емтихан VI
Микро-мен макропрепараттарда негізгі синдромдар кезінде жүрек пен тамырлардың тіндерінің жасушалық және жасушадан тыс құрылымдарында...
Курс: 2 Семестр: 3 Аудиториялық сабақтар 45 сағат Дәрістер 30 сағат Тәжірибелік 15 сағат соөЖ 22,5 iconГенетика және биотехнология кафедрасы
Пән туралы дерек: “Генетика” пәні 5 семестрде оқытылады, пәннің оқытылатын мерзімі 15 жұма, жалпы көлемі – 135 сағат, аудиториялық...
Курс: 2 Семестр: 3 Аудиториялық сабақтар 45 сағат Дәрістер 30 сағат Тәжірибелік 15 сағат соөЖ 22,5 iconЛекция 10 сағат Практикалық сабақ 40 сағат аб көлемі 1 соөЖ 10 сағат СӨЖ 45 сағат Емтихан 4,6 семестр алматы 2009 Құрастырушы: «Денсаулық сақтау мен фармацияда құқық негіздерімен маркетинг және менеджмент»
«Денсаулық сақтау мен фармацияда құқық негіздерімен маркетинг және менеджмент» кафедрасының доценті, э.ғ. к Қалғанбаев Н.Ә
Курс: 2 Семестр: 3 Аудиториялық сабақтар 45 сағат Дәрістер 30 сағат Тәжірибелік 15 сағат соөЖ 22,5 iconЛекция 30 сағат тәжірибелік сабақ-30 сағат СӨжж -60 сағат ӨЗ 60 сағат Емтихан 6 семестр Өскемен Усть-Каменогорск 2014 Пәннің жұмыстық бағдарламасы (syllabus) «Кәсіпорын экономикасы»
Пәннің жұмыстық бағдарламасы (syllabus) «Кәсіпорын экономикасы» кафедрасында 050901- «Тасымалдауды ұйымдастыру, көлікті пайдалану...
Курс: 2 Семестр: 3 Аудиториялық сабақтар 45 сағат Дәрістер 30 сағат Тәжірибелік 15 сағат соөЖ 22,5 iconДәріс –30 сағат Практикалық сабақ – 15 сағат ожсөЖ – 45 сағат
Курс бағдарламасы : Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігінің 11. 05. 2005ж. №289 негізінде жасалды
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница