Министерство здравоохранения и социального развития республики казахстан




НазваниеМинистерство здравоохранения и социального развития республики казахстан
страница7/8
Дата конвертации15.02.2016
Размер0.82 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://komeco.kz/uploads/files/sbornik_polozhenij_kaz.doc
1   2   3   4   5   6   7   8

Жалпы ережелер


Тәлімгерлік – біліммен, тәжірибемен бөлісу, уәждерін тереңдету, өзінің беделін мойындатқан, тәжірибесі бар және оны бөлісуге ынтасы бар тұлға жағынан өзінің мамандығын енді бастап келе жатқан жас маманның жұмысына деген сүйіспеншілігін ояту. Тәлімгер колледждің әдістемелік кабинетімен және директордың бұйрығымен тағайындалады.


  1. Тәлімгердің құқықтары мен міндеттері


    1. Тәлімгерлерге қажетті қасиеттер:

  • Лайықты қасиеттері, адамгершілігі, жетістіктері бар болуы;

  • Қызметке жаңадан келгендерді қабылдайды, олардың мансаптары мен жетістіктерін қалыптастыруға көмектеседі;

  • Өзінің қамқорлығындағы тұлғаға өзінің білімімен, материалдарымен, тәжірибесімен, дағдыларымен бөлісуге ынтасы болуы қажет;

  • Сенім ахуалын жасай білу;

  • Ең бірінші ақпарат көзі болып табылады;

  • Өзі үшін жоғары үлгілерді қалыптастырады;

  • Өзінің мамандығын жақсы көреді және оның энтузиасты болып табылады;

  • Өзінің саласында жетілдіруді жалғастырады, жоғары танымдық қажеттілікке ие болуы тиіс;

  • Әріптестердің құрметіне ие;

  • Ұйымдастырушылық және коммуникативтік қасиеттері болуы қажет;

  • Кәсіби қызметте 10 жылдан жоғары еңбек өтілімі болу керек;

  • Жоғары және бірінші біліктілік дәрежесі болу керек.




    1. Міндеттері:

  • Тиімді тәлімгерліктің жоспарын құрастырады және оның екі-үш жыл ішінде жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді;

  • Қарамағындағылардың жұмысын сараптап, олардың әлеуетті мүмкіндіктерін бағалайды;

  • Жас оқытушыларға 2-3 сабаққа озумен сабаққа дайындалуға әдістемелік көмекпен қамтамасыз етеді;

  • Дидактикалық материалдарды, көрнекіліктерді, мәтіндік тапсырмаларды, бақылау тапсырмаларының түрлерін жинастыруда көмек көрсетеді;

  • Өз білімін жетілдіру үшін әдебиеттерді таңдауда, құжаттарды толтыру мен рәсімдеу кезінде көмек көрсетеді;

  • Әр күннің, аптаның қорытындысы бойынша күнде әңгімелеседі және пайда болған мәселелерді шешеді;

  • Жас оқытушының сабақтарына қатысады, айына 2 рет өзара сараптама жасайды;

  • Заманға сай талаптарды есепке ала отырып, тәлімгерлік қызметте тәжірибеге жаңа ұйымдастырушылық формалар енгізеді (рольдік ойындар, байқаулар);

  • Өзінің кәсіби білімін, қабілеттерін жетілдіреді;

  • Аттестацияға дайындалу кезінде көмек көрсетеді, аттестациялық комиссияға сарапшылық тұжырым береді;

  • Колледж әкімшілігін жас оқытушының машықтануы туралы хабардар етеді;

  • Талап бойынша тәлімгерлік жөніндегі есебін жүзеге асырады;

  • Динамикалық тәлімгерлік қарым қатынасты қамтамасыз ету.

    1. Тәлімгердің құқығы:

  • Кәсібін жетілдіруге;

  • Әкімшіліктен және әріптестерінен көмек сұрауға;

  • Тәлімгерлік қызметте тәжірибемен алмасуға;

  • Қарамағындағымен келіспеушілік болмаған жағдайда тәлімгерліктен бас тартуға;

  • Қоғамдық жүктемесі үшін марапаттауға.



ЕҢ ҮЗДІК САБАҚ ӘДІСТЕМЕЛІК ӘЗІРЛЕМЕСІНІҢ

БАЙҚАУЫ ТУРАЛЫ

ЕРЕЖЕ


1. Жалпы ережелері

1.1 Осы ереже Қостанай медициналық колледжінің ең үздік сабақ әдістемелік әзірлемесінің байқауын өткізу тәртібі мен шарттарын реттейді.

1.2 Байқау ұйымдастырушысы – әдістемелік кабинеті болып табылады.

1.3 Байқау ұйымдастырушылары қамтамасыз етеді:

- байқау ұйымдастырушыларына тең жағдай жасау;

- байқау өткізуінің жариялылығы;

- қазылар алқасын тағайындау;

- объективті шешім қабылдау үшін қазылар алқасының жұмысына жағдай жасау;

- байқау жеңімпаздары мен қатысушыларын марапаттау.


2. Байқаудың мақсаты мен міндеттері

- білім беру мекемесінде оқу үрдісін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуін жетілдіру;

- білім беруде тиімді педагогикалық тәжірибені зерттеп тарату

- оқытушылардың шығармашылық потенциалын дамыту және кәсіби біліктілігін арттыру;

- әзірмелерді әзірлеу барысында педагогикалық қызметкерлердің инновациялық қызметін дамыту және оқу үрдісіне білім берудегі технологияларды енгізу.


3. Байқауға қатысушылар

3.1 Қостанай медициналық колледж оқытушылары өз еркімен қатысуға мүмкіндік беріледі.


4. Байқау номинациялары

Байқау келесі номинация бойынша өткізіліеді:

- сабақтың ең үздік әдістемелік әзірлемесі.


5. Байқау жұмыстарының баға критерийлері

5.1 Байқауға ұсынған материалдардың сапасын бағалауында ескерілетін:

- сабақтың мақсаттары;

-берілген материалының денгейі (ғылымилығы, қолжетімділігі, қисындылығы, өзектілігі);

-сабақтың әдістемелік ерекшелігі;

-оқыту әдіс-тәсілдері мен түрлерінің алуан түрлілігі;

- оқу уақытын тиімді пайдалану;

- техникалық құралдары мен дидактикалық материалдарды тиімді пайдалану;

- материалдарды әзірлеу.


6. Материалдарды байқауға ұсынудың реті мен мерзімі

6.1 Байқау 2015 жылдың 1 сәуір - 15 мамыр аралығында өткізіледі.

6.2 Байқауға қатысу материалы 6 мамырға дейін әдістемелік кабинетке тапсырылады.

6.3 Байқаудың талаптарына, ережесіне сай келмейтін, уақытында тапсырылмаған материалдар қарастырылмайды.


7.Қорытындылау және қатысушыларды марапаттау

7.1 Байқау жеңімпаздары дипломмен марапатталады.


ОҚУ ӘДЕБИЕТІН ДАЙЫНДАУДЫ

ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӨНІНДЕ ЕРЕЖЕ


1. Жалпы ережелер


1.1.Оқу, оқу –әдістемелік құралдар, әдістемелік нұсқаулар, практикумдарды дайындау,

сараптамадан өткізу және жариялау жұмыстарын ұйымдастыру туралы осы Ереже

Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 5-бабы 27 тармағына , ҚР ДСМ ИТРО

құрастырылған ҚР медициналық жоғары оқу орындарында оқу әдебиеттерін дайындау мен баспадан шығаруды ұйымдастыру ережесіне сәйкес әзірленді және оқу

әдебиеттерін әзірлеу, сараптамадан өткізу мен жариялаудың ұйымдастыру тәртібін

анықтайды.

1.2. Оқулықтар ҚР БҒМ бекіткен Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары,ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрімен бекітілген

типтік оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес әзірленеді.

1.3. Жыл сайын, ағымды жылдың 28 тамызына дейін, оқытушылар ЦӘК(ПӘК) төрайымдарына оқу құралдарын дайындау жоспарын, сонымен бірге оқу құралының басылымға шығару дәйектемесі енгізілген жеке жоспарларын тапсырады.


1.4. Жыл сайын, ағымдағы жылдың 15 қыркүйегіне дейін, ЦӘК төрайымдары

әдістемелік кабинетіне басылым жоспарын келесі түрде ұсынулары тиіс:




Автордың А.Ж.Т


Жұмыс атауы

Сараптама комиссиясына тапсыру мерзімі















1.5. Оқу материалдарын сараптау жұмысын колледждің жоғары, бірінші санаттағы оқытушылардан құрылған, жыл басында колледж директордың бұйрығымен бекітілген сараптама комиссиясы жүргізеді.

1.6. Оқу әдебиетін жасаушы Әдістемелік кеңесінің сараптама комитетіне келесі құжаттарды тапсырады:

а) оқу әдебиеті сұлбасының бір данасын (баспа және электрондық);

6) жариялау үшін ұсынымдар ЦӘК/ПӘК отырысынан көшірме;

  • тақырыбы (оқулықтың, оқу құралдың, сөздіктің, т.б..);

  • жоспарға сәйкес берілген бөлімді оқытуға___сағат бөлінеді;

  • берілген оқу құрал(оқулық) бірінші рет басылады, немесе қайта шығарылады( өзгертуі,жылы);

  • жазылу стилі;

  • қорытындысы-басылу немесе қайта басылу қажеттілігі.

в) ғылыми дәрежелері бар мамандардың шолуы (ішкі, сыртқы).


1.7. Сараптама материалдардың сарапшылар комиссиясына берілген күнінен бастап, 30

күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде жүзеге асырылады.

Сараптама материалы колледж әдістемелік комиссиясында талқыланып, оқу үрдісінде қолдануына ұсыныс береді.

1.8 Сараптама комиссиясының негізгі критерийлері:

  • оқу басылымының тақырыптары, қолдану шеңбері;

  • иновациялық қызметінің түрі (жаңа дидактикалық тәсілдерінің әзірлемелері, жаңа әдіс-тәсілдерінің формаларының апробациялары);

  • оқу әдебиетінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына, оқу бағдарламасына, оқу материалының негізгі дидактикалық принциптеріне сәйкестігі;

  • басқа оқу басылымдардан сапалық айырмашылығы болуы.


1.9.Сараптама комиссиясының жұмыс нәтижесінің негізінде медициналық колледждің Әдістемелік кеңесі шешеім қабылдайды:

  • негізгі немесе қосымша әдебиеті ретінде бекітіледі;

  • толықтыруға жіберіледі;

  • қабылдамауды бекітеді.

1.10 Екі рет түзеуге беріліп, қателері жойылмаған оқу-әдістемелік әдебиеті одан әрі қарастырылмайды.

1.11 Сараптама комиссиясымен мақұлданған оқу құралдарының авторлары өз жұмыстарын Республикалық кітап палатасында тіркеуге құқықтары болады.

1.12 Кей жағдайларда, уақыт талабы сақталмағанда, берілген жұмыс автоматты түрде басылым жоспарынан алынып тасталынады. Автор аталмыш жұмысты келесі жылы ұсыну құқығынан айырылады (белгіленген уақытта жұмыстың көрсетілмеуінің дәлелді себептері болмаса).


2. ОҚУ ҚҰРАЛЫН ӘЗІРЛЕУІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ЖАЛПЫ ТАЛАПТАР


Оқу құралы құзыреттілікті дамытуға , білім алу үрдісінің нәтижесіне бағытталган, білім алушылардың өз бетімен жұмыс жасауға арналған.

Әдебиет міндетті түрде бәсекеге қабілетті тұлганы даярлауға жағдай жасау тиісті. Оқу әдебиеті білім беру үрдісінің нақты жағдайда, нақты нәтижеге жетуіне мүмкіндік беру тиіс.

Оқу құралдарына қойылатын жалпы талаптар:

  • мақсатты бағыттылық,оқу құралдарының нақты міндеттері мен мақсаттарының қойылуы;

  • құрылымның айқындылығы, сұрақтарды қарастыру кезіндегі ғылымилық дәлелдеменің нанымды болуы;

  • автордың оқу құралында қолданған түсініктер мен анықтамалар, терминологияны ашып көрсетуі;

  • баяндаудың нақтылығы, сауатты түрде рәсімдеу.

Оқу құралының жазылу стилі ғылыми болуы тиіс. Онда әдеби, эмоционалды тіркестер,эпиграфтар, лирикалық оралымдар қолданылмайды.

Оқу-құралы мазұнының қысқа да, анық болуымен, қарастырылған мағұлматтар толық және айқын көрсетілуімен ерекшеленуі керек.


3. ОҚУ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ


Оқулық - оқу пэнінің жүйелі мазмұны енгізілген, оқу бағдарламасына сай жазылған және басылымның осы түрі ретінде ресми бекітілген нақты бір пэнге арналған негізгі оқу басылымы.

• окулықтың атауы міндетті түрде МЖМБС-ғы пэннің атауымен сэйкес келуі қажет;

• бітірушінің біліктілік сипаттамасының барлық аспектілерін баяндайтын бөлімдер мен тақырыптар енеді;

• дайындық профиліне байланысты сол пэннің негізгі элементтерінен құрылады, назар аударуға тиіс тақырыпты көрсете отырып, берілетін материалды жүйелеп жэне дэл құру керек;

• басқа пэндерді қайталауды болдырмау жэне оқу материалын көп тапсырмау қажет;

• оқулық ғылыми зерттеу болмағандықтан, материал қарапайым, түсінікті тілде берілу қажет.

Оқу құралы - оқулықты жартылай немесе түгелдей толықтырушы не алмастыру-шы жэне басылымның осы түрі ретінде ресми бекітілген оқу басылымы. Оқу құралы пэнді түгелдей қамтымайды, тек алынған бағдарламаның бір бөлігін (бірнеше бөлімдерді) ғана қамтиды.

Оқу-әдістемелік құрал - сабақ беру эдістемесінің, оқу пэнін үйренудің, оның та-рауын не бөлімінің материалдарын қамтыған оқу басылымы.

Көрнекі оқу құралы - оқу ақпараты иллюстративті материал (атлас, фотосурет альбомы, рентгенограмма, графикалық схема, кесте, т.б.) түрінде берілген, оқуға, дэріс беруге немесе тэрбиелеуге көмектесетін басылым.

Оқу жинағы - оқытудың белгілі бір сатысына арналған жэне құрамына оқулық, оқу құралы, жұмыс дэптері, анықтамалық басылым енетін оқу басылымдарының жинағы.

Оқу-әдістемелік кешен (ОӘК) (эдістемелік эзірленімдер, эдістемелік нұсқаулық, оқу-эдістемелік құрал, т.б.) - жеке пэннің бағдарламасы бойынша құрылған жэне оның негіздерін терең меңгеруді қамтамасыз ететін, оқулықты толықтыратын басы-лым.

Терминологиялық сөздік - білімнің белгілі бір саласының терминдері немесе тақырыптары жэне олардың түсіндірмесі берілген сөздік.

Практикум–игерілген теориялық білім негізінде оқыту материалын тереңдете бекітуге себепші болатын оқу құралы. Оқу құралының мазмұны материалды түрліше мәлімдейтін бөлімдерге бөлінген. Онда, атап айтқанда, оқу пәні бойынша практикалық тапсырмаларсериясы ұсынылады:

Жаттығулар, тапсырмалар, дидактикалық материалдар, тренингтер, рөлдік үйретуге арналған және дамытушы ойындар талдау мен шешімді талап ететін тәжірибелік жағдайлар.

Тапсырманың түріне, оларды орындау бойынша әдістемелік көмек көрсету, студенттердің өзіндік жұмыс жасау қабілеттерін дамыту мақсатында түсініктемелер, талдаулар, практикалық кеңестер беріледі.

Қосымша ретінде сөздіктер (мысалы, оқытылып жатқан тілдер бойынша), глоссарий,жадынамалар, иллюстрациялар және қосымша материалдың басқа да элементтері орналасуы мүмкін.

Практикалық оқу құралында жеке авторлық материалдармен қатар құрастырушылар атап кететін басқа дерек көздерінен алынған материалдар тізімі қолданылады. Оларға мәтіндер, технологиялар, үлгілер, әдістемелер, өңделген оқу бағдарламалары, жобалық жоспарлар менолардың үлгілері және т.б. жатады.

Әдістемелік нұсқаулар оқу құралының түрі ретінде оқу материалын зерттеуде қандай да бір мәселеге арналуы мүмкін. Онда осы мәселенің сипаттамасы және оны шешудің нақты жолдары мен тәсілдері көрсетіледі. Нұсқаулық иллюстративті материалмен берілуі мүмкін.

Қорытындыда берілген мәселе бойынша қолданылған әдебиеттер тізімі беріледі.


4. ОҚУ ӘДЕБИЕТІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ


Оқу-эдістемелік эдебиет:

1) Титул парағынан;

2) Қысқарған сөздер тізбесінен;

3) Мазмұннан;

4) Кіріспеден;

5) Негізгі бөлімнен;

6) Қорытындыдан;

7) Тест тапсырмаларынан;

8) МЖМС сэйкес құрылған библиографиялық тізімнен тұруы керек.

Тигул парағында келесі атрибуттар болуы керек: Қазақстан Республикасының Дснсаулық сақтау министрлігі, медицина білімі мен ғылымының инновациялық тсхнологиялар Республикалық орталығы, автор жүмыс істейтін мекеменің атауы, жұмыстың аты, автор(лар)дың аты-жөні.

Тигул парағы қүжат беттерінің жалпы нөмірлеріне кіреді. Титул парағына беі номірі қойылмайды.

Титул бетінің екінші жағына авторлар мен рецензенттердің аты-жөні, ғылыми дэрежесі мен атағы туралы мэлімет жазылады, жүмыстың мазмүны жэне кімге арналғаны көрсетілген резюме беріледі (титул парағының үлгісі - № 1 қосымша).

Қысқарган сөздер тізбесі. Алғаш рет қолданылып отырған қысқарған сөздер толық жазылады, жақша ішінде қысқарған түрі беріледі. Жүмыста қысқарған сөз көп болмауы керек, бүл материалды түсінуді қиындатады. Кең таралмаған қысқарған сөздер, шартты белгілер, символдар тізім түрінде алфавит ретімен бір бетте жеке беріледі.

Мазмүны. Мазмүнындағы бөлімдер мен тараулардың атауы мэтіндегі атаулары-на сэйкес келуі жэне беттері көрсетілуі тиіс.

Кіріспе. Кіріспеде үсынылып отырған оқу-эдістемелік басылымның неме-сс жиынтықтың (ОӘЖ) өзектілігі мен жаңалығы көрсетіліп, мақсаты мен негізгі міндеттері белгіленуі, студенттердің өзіндік жүмысының маңыздылығына көңіл ау-дарылу керек..

Негізгі бөлім. Жүмыстың мазмүны мен оның атауы сэйкес келуі тиіс. Оқулық-гарды, оқу қүралдарын, оқу-эдістемелік қүралдарды, эдістемелік нүсқаулық-гарды жазғанда жалпы үғым аппараты, біріздендірілген терминология, жалпы қолданылатын белгілер (анатомиялық номенклатура, Бірліктердің халықаралық жүйесі СИ, МКБ - 10 жэне т.б.) қолданылады. Дэрілердің атауы дэрілер атауының Мсмлекеттік реестріне сэйкес болуы керек. ОӘӘ берілетін ақпарат дәрі өндірушілер мен медициналық техникага тәуелсіз болуы қажет.

Негізгі бөлім материалында тақырып бойынша жаңа терең мэліметтер баяндалғаны жэне дэлелді медицина принциптеріне сай болғаны жөн. Негізгі бөлімде диссертациялық жүмыстың, авторефераттың немесе ғылыми мақаланың қүрылымдық элементтері болмауы керек (материалдар жэне зерттеу эдістері, өз қорытындыларын талқылау, т.б.). Мэтінде эдеби дереккөздер авторларының тегі, аты, экесінің аты көрсетілмейді, олар эдебиет тізімінде беріледі. Материалды мазмүндауда басқа пэндер бойынша оқулықтардың мазмүнымен сабақтастық қажет. ОӘӘ мэтінін тергенде келесі ережені үстанған жөн: сол жақ ақ жиегі - 3 см, оң жақ- 2 см, астыңғы, үстіңгі ақ жиектер - 2 см, жоларалық интервал - жалқы, шрифт өлшемі - 14. Сурет-тер, кестелер, схемалар мэтінді мазмүндау барысына қарай нөмірленіп орналастыры-лады жэне мэтінде оған сілтеме беріледі.

Егер қысқарған сөздер, шартты белгілер, символдар үш реттен артық қолданылмаса, жеке тізімге оны кіргізбей-ақ, мэтінде кездесуіне қарай түсіндіріліп отырады.

Қорытындыда осы оқу-эдістемелік эдебиеттің (ОӘӘ) күндылығына баға беріліп, түжырым жасалады.

Тест тапсырмалары: ОӘЖ тест тапсырмалары мен ситуациялық есептері ( № 3 қосымша) нүсқаулықтарына сай эзірленеді.

Әдеби дереккоздер міндетті түрде басылған жылы көрсетіліп ( 5 жылдан аспау керек), жүмыстың соңында үсынылады 7.1 2003 МСТ-ға сай ресімделуі тиіс.

1   2   3   4   5   6   7   8

Похожие:

Министерство здравоохранения и социального развития республики казахстан iconЗакон Республики Казахстан от 28 апреля 1995 года «О льготах и социальной защите участников, инвалидов Великой Отечественной войны и лиц, приравненных к ним»
Министерство здравоохранения и социального развития Республики Казахстан по вопросам Специального докладчика ООН по правам инвалидов...
Министерство здравоохранения и социального развития республики казахстан iconМинистерство здравоохранения и социального развития Республики Карелия
«Республиканский центр по профилактике и борьбе со спид и инфекционными заболеваниями»
Министерство здравоохранения и социального развития республики казахстан iconМетодологические и управленческие основы развития геронтологической службы в Республике Казахстан
Работа выполнена в Институте развития здравоохранения Министерства здравоохранения Республики Казахстан
Министерство здравоохранения и социального развития республики казахстан iconРеспублики Казахстан «Саламатты Қазақстан»
Об утверждении Государственной программы развития здравоохранения Республики Казахстан
Министерство здравоохранения и социального развития республики казахстан iconРоссийской федерации министерство здравоохранения и социального развития российской федерации
Цель дисциплины изучение истории, закономерностей и логики развития врачевания, медицины и медицинской деятельности народов мира...
Министерство здравоохранения и социального развития республики казахстан iconПриказ Министерства здравоохранения и социального развития РФ от 1 июня 2006 г. N 443 "Об утверждении стандарта медицинской помощи больным с поражениями лицевого нерва"
Приказ Министерства здравоохранения и социального развития РФ от 1 июня 2006 г. N 443
Министерство здравоохранения и социального развития республики казахстан iconО концепции развития финансового сектора Республики Казахстан на 2007-2011 годы
В целях дальнейшего развития финансового сектора Республики Казахстан и приведения денежно-кредитной политики Республики Казахстан...
Министерство здравоохранения и социального развития республики казахстан iconРоссийской федерации письмо
Министерство здравоохранения и социального развития Российской Федерации направляет для использования в работе рекомендации по кодированию...
Министерство здравоохранения и социального развития республики казахстан iconРоссийской федерации министерство здравоохранения и социального развития российской федерации
Цель дисциплины освоение студентами теоретических основ и практических навыков диагностики заболеваний нервной системы и лечения...
Министерство здравоохранения и социального развития республики казахстан iconРеспублики Казахстан Министерство обороны Республики Казахстан Комитет Республики Казахстан по чрезвычайным ситуациям
В общеобразовательных школах всех типов занятия по "Основам безопасности жизне-деятельности" проводятся по настоящей Программе (1998...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница