Министерство здравоохранения и социального развития республики казахстан




НазваниеМинистерство здравоохранения и социального развития республики казахстан
страница6/8
Дата конвертации15.02.2016
Размер0.82 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://komeco.kz/uploads/files/sbornik_polozhenij_kaz.doc
1   2   3   4   5   6   7   8

ӨТІНІШ



_________________________________________________________отырысына

(ЦӘК (ПӘК), ӘК)

менің ____________________________________(тақырыбы) мәселесі бойынша педагогикалық жұмыс тәжірибемді қарастыруыңызды сұраймын


Мерзімі «___»________ 201___ж. Қолы____________________________


2 қосымша

ОҚЫТУШЫ ЖАЙЫНДАҒЫ АҚПАРАТ

Фпрямоугольник 1ото 3х4 1. АТӘА.

2. Туған жылы.

3. Жұмыс орны (толық атауы және заңды мекен жайы).

4. Лауазымы.

5. Педагогикалық өтілі.

6. Лауазымы бойынша жұмыс өтілі.

7.Білімі (оқу орнының атауы, мамандығы, біліктілігі, бітірген жылы).

8. Санаты (аттестациядан өткен соңғы жылы).

9.Соңғы аттестациядан өткеннен кейінгі біліктілікті жетілдіру курстары (өткен орны, мерзімі, сағат көлемі, тақырыбы, сертификат №).

10.Жеке жетістіктері (наградалары, мадақтамалары, дипломдары).

11.Оқушылардың жетістіктері.


3қосымша

САПАРТАМА ПАРАҒЫ



Бөлімдер

Бөлімдердің мазмұны

1.

Автор жайында қысқаша мінездеме

АТӘА, жасы, педагогикалық өтілі, лауазымы бойынша жұмыс өтілі, аталған ұйымдағы жұмыс өтілі, білімі, санаты, жұмысқа қарым қатынасы, оқушылармен және әріптестерімен өзара қатынасы

2.

Өзектілігі

ОПТ қандай мәселені шешуге бағытталған, оның маңыздылығы мен уақыттылығы

3.

Қызметтің мазмұны

ОПТ жүзеге асыру бойынша педагогикалық әрекеттердің нақты жүйесі. Сынаққа қатысатын студенттердің саны. Жаңалықтың тиімділік диагностикасының әдіс мен формасы.

4

Нәтижелілігі

Оқудың, тәрбиенің, дамуының нәтижелері.

5.

Білім беру өнімі

Әдістемелік құрал, жұмыс дәптерлері, силлабустар, бағдарламалар және т.б.

6.

Резенцияның болуы


Ішкі, сыртқы


7.

ОПТ-ні педагогикалық қоғамға ұсыну.

Семинарлардың, «дөңгелек үстелдердің», «мастер-класстардың», конференциялардың және т.б. бағдарламалары.

8.

Ұсыныстар мен ескертулер




9.

Қорытынды

Білім беру ұйымының деңгейінде жалпыландыру (жалпыландырмау).

4 қосымша


ПОРТФОЛИОНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ


  1. оқытушының колледж жетекшісінің атына жазған өтініші;

  2. жалпыландыру (жалпыландыру немесе жалпыландырмау) нәтижелері жөніндегі ЦӘК (ПӘК) ӘК хаттамалары;

  3. оқытушы жайындағы ақпарат (№ 2 қосымшаны қарау );

  4. сапартама парағы (№ 3 қосымшаны қарау);

  5. келесі бөлімдер бойынша сараптама парағына қосымша:

  • қызметтің мазмұны (жаңалықтың тиімділік диагностикасының әдісі мен формасы жайындағы нәтижесі);

  • нәтижелілігі (оқудың, тәрбиенің, дамуының нәтижелері);

  • білім беру өнімі (әдістемелік құрал, жұмыс дәптерлері, бағдарламалар және т.б.);

  • рецензия мен пікірлер;

  • ОПТ-ні педагогикалық қоғамға ұсыну.



5 қосымша


ОҚЫТУШЫНЫҢ ТӘЖІРИБЕСІН ЖАЛПЫЛАНДЫРУ БОЙЫНША ЕСКЕРТПЕ


  • Сізді қызықтыратын сұрақтар бойынша әдебиеттердің тізімін жазып отырыңыз және ғыми-әдістемелік әбиеттерді мұқият бақылап жүріңіз.

  • ОПТ жалпыландырудың мерзімін анықтаңыз. Сіздің жұмысыңыздың тәжірибесін 1 жыл, 2, 3 жылда жалпыландыруға болады.

  • Сіздің жұмысыңыздың тәжірибесін көрсететін жоспарлар, баяндамалар, басылымдар, дидактикалық оқулықтар сияқты материалдарды сақтап, жинаңыз.

  • Тәжірибені жалпыландыруға тақырыпты таңдай отырып, Сіздің жұмысыңыздағы және Сіздің әріптестеріңіздің жұмысындағы жетістіктер мен кемшіліктерді еске алуға тырысыңыз. Қажетті және маңызды деп санап, мақсатты түрде таңдап алынған тақырыбыңызды нақты және делелді түрде әзірлеу қажет.

  • Жалпыландырудың формасын анықтаңыз. Бұл баяндама немесе мақала болуы мүмкін. Бірақ тәжірибені басқаша жалпыландыруға болады. Мысалы, әдістемелік материалдарыңыз жайында қысқаша мазмұндама жазып, бір жүйеге келтіруге болады.

  • Тақырыптың қысқаша жоспарын жазып, содан кейін тақырып бойынша тезис құрастырыңыз. Сіздің нәтижелеріңіздің негізі болатын барлық фактілерді еске түсіріп, осы жоспарға енгізіңіз. Жоспарды бірнеше рет тексеріңіз; осы жоспарда сіздің тақырыбыңыздың негізгі идеясы мен логикасы байқалуы қажет.

  • Баяндаманы ең бірінші жай қағазға жазыңыз. Кіріспені барысынша қысқартуға тырысып, күнделікті қолданылатын сөздерді қоспаңыз және ғылыми түрде жазбаған дұрыс болады. Әдебиетті айтылған нәрсені қайталау үшін емес, өзіңіздің қорытындыларыңыз бен байқағандарыңызды тереңдетіп, жүйелеу үшін пайдаланған жөн.

  • Өзіңіздің тәжірибеңізді тәжірибелік тұрғыдан бағалаңыз. Жетістіктеріңізді хабарлай отырып, сонымен қатар жетіспеушіліктерді, қиындықтарды, қателіктерді ұмытпаңыз. Жақсы тәжірибенің негізгі бағасы нәтиже. Егер тәжірибеңіздің нәтижесі Сіздің студенттеріңіздің дамуынан байқалмаса, оны құрғақ сөзбен айтқан қызықсыз және сенімсіздеу болып көрінеді.

  • Материалды қысқа, қарапайым, логикалық, құрылымды, қайталаусыз жасауға тырысыңыз.

  • Тақырыппен жұмыс жасай отырып, әріптестеріңізбен кеңесіңіз, өзіңіздің қиындықтарыңыз бен күмәндерыңыз жайында бөлісіңіз. Сондай жағдайда мүмкін бағалы кеңестер және керекті фактілер пайда болуы мүмкін.

  • Қосымшаларды дұрыс таңдап, қажеттік формада әзірлеңіз (схемалар, карталар, кестелер, студенттердің жұмысы, әдебиеттер тізімі және т.б.).



«ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ. ЖАҢАШЫЛДЫҚ. ШЕБЕРЛІК» ДҮРКІНДІК БАЙҚАУ-КӨРМЕ ТУРАЛЫ

ЕРЕЖЕ



  1. Мақсаты мен міндеттері

Байқау мамандарды даярлау сапасын жоғарлату, инновационды технологияларды енгізу, МЖМБС талаптарына сәйкес оқу-тәрбиелік үрдісінің тиімділігін арттыру, колледждің жұмыс берушілерімен әлеуметтік серіктестігін дамыту, ғылыми-әдістемелік және зерттеу жұмысын жетілдіру мақсатымен өткізіледі.

2. Өткізу мерзімі

Байқау, ұсынған жұмыстарды талдау мен бағалау екі жылда бірақ рет жүргізіледі.

3. Байқау талаптары

Конкурс келесі номинациялармен өкізіледі:

  1. Оқу-әдістемелік кешендер.

  2. Мәтіндік оқу құралдары.

  3. Электрондық оқу құралдары.

  4. Көрнекілік оқу құралдары.

  5. Стандарт жинақтары

  6. Тест жинақтары

  7. Есеп жинақтары

  8. Студенттердің өздік жұмыстарына арналған әдістемелік әзірмелер.

  9. Практикалық сабақтарға жетекшілік.

  10. Оқуда инновационды технологиялар қолданумен теориялық және практикалық әдістемелік әзірмелер.

  11. Терминологиялық сөздіктер.


4. Әдістемелік материалдарға қойылатын талаптары

Бүкіл көрмелік материалы, колледж стандартизациялық қызметімен әзірленген стандарттарға сәйкес, ЦӘК (ПӘК) ұсынымы бойынша арнайы кабинетке тапсырылады. Жұмыстарда номинация атауымен этикетка, жұмыс атауы және автордың аты-жөні міндетті түрде болу керек.


5. Бақаудың қорытындысын шығару. Жеңімпаздарды марапаттау

ЦӘК(ПӘК) жазбаша ұсынысы негізіндегі, колледж директорымен бікітілген экспеттік комиссия жұмыстарды бағалап, байқаудың қорытындысын шығарады. Байқаудың жеңімпаздарын анықтағанда эксперттік комиссия жұмыстың өзектілігін, жаңашылдық деңгейін, ғылымилығын, инновациялық идеяларының болуын, әдіс-тәсілдері мен технологияларын, сауаттылығы мен рәсімдеу сапасын ескереді.

Әр номинацияда үздік жұмыстарының авторлары мадақтамамен марапатталады.


«МЕЙІРБИКЕ - ОҚЫТУШЫ» КЛУБЫНЫҢ

ЕРЕЖЕСІ


  1. Жалпы ережелер




    1. «Мейірбике – оқытушы» клубы (әрі қарай - Клуб деп аталынады) Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының «Қостанай медициналық колледжі» МКҚК базасында ұйымдастырылады.

«Мейірбике – оқытушы» клубы – бұл ЕСҰ базаларында Қостанай медициналық колледж студенттерінің тәжірибелік дайындықтарын жүзеге асыратын мейірбикелер – оқытушыларды біріктіретін және біліктілікті жетілдіру жүйесінің негізгі бөлігі болып есептелетін үнемі қызмет жасайтын кәсіби бірлестік.

1.2 Негізгі мақсат:

  • ЕСҰ базаларында Қостанай медициналық колледж студенттерінің тәжірибелік дайындау сапасын жақсарту үшін мейірбикелердің қызметін ұйымдастыру.

    1. Клубтың негізгі міндеттері:

  • жаңа кәсіби талаптарға кәсіби бейімделу кезінде оқытушы - мейірбикелерге педагогикалық және әдістемелік қолдау көрсету;

  • педагогикалық білімдері жоқ оқытушылардың кәсіби (педагогикалық) құзіреттілігін қалыптастыру;

  • мейірбике – оқытушыларда өзін өзі дамыту мен өзін өзі жетілдірудегі үнемі қажеттілікті қалыптастыру;

  • оқу үрдісіне озық педагогикалық технологияларды және қазіргі заманғы әдістерді енгізу;

  • Мемлекеттік, коммерциялық, қоғамдық бірлестіктермен және Қазақстан Республикасының сонымен қатар басқа елдердің жеке азаматтарымен қызметтестікті ұйымдастыру;

  • Клубтың қызметі жайында ақпараттарды БАҚ арқылы кең ауқымда жария ету.

    1. Клуб өзінің қызметін осы Ережеге сәйкес жүргізеді.



  1. Клубтың жұмысын ұйымдастыру

Клуб жеке бастаманың арқасында және Клубтың жетекшісі: «Қостанай медициналық колледжі» МКҚК директоры С.А. Катпенованың басшылығымен жұмыс жасайды.

Клубтың кеңесі (белсенділері) - өзін өзі басқарудың негізгі органы. Ол шешімдер қабылдап, соның орындалуын ұйымдастырады. Кеңестің әрбір мүшесі Клубтың белгілі қызметін немесе іс шараны ұйымдастыру мен өткізу бойынша нақты тапсырмаларды орындайды.

Клубтың мүшелері – ЕСҰ базаларында Қостанай медициналық колледж студенттерінің дайындықтарын жүзеге асыратын жоғары және бірінші санаттағы мейірбикелер.

Клуб кеңесінің жиналысы тоқсанда 1 реттен кем емес.


  1. Клуб мүшелерінің міндеттері мен құқықтары

3.1 Клуб мүшелерінің құқықтары бар:

  • клубтың барлық жиналыстарына қатысуға;

  • ҚМК оқытушыларының және Клуб мүшелерінің сараптама, ақпараттық, ғылыми, әдістемелік көмектерін қолдануға;

  • семинарларға, конференцияларға, шығармашылық және педагогикалық шеберліктеріне, оқыту семинарларына және мастер-класстарына қатысуға;

  • өзі білім алу үшін колледждің материалдық базасын қолдануға;

  • оқытушы-тәлімгерден кеңестік көмек алуға;

  • өз жұмыс тәжірибесінен материалдарды БАҚ жариялауға;

  • кәсіби байқауларға қатысуға;

  • өзінің біліктілігін арттыруға.

3.2 Клубтың мүшелері міндетті:

  • Клубтың жұмысына белсенді қатысуға;

  • Клуб қабылдаған шешімдерді орындауға.




  1. Клубтың мүліктері мен жабдықтары

Клуб өзінің жұмысын «Қостанай медициналық колледжі» МКҚК базасында жүзеге асырады.

Клуб құрамының саны шектелмейді.

Клуб жұмысының кестесі Клуб мүшелерінің ойларын есепке алу арқылы құрастырылады.


  1. Клуб жұмысын әдістемемен қамтамасыз ету

Клуб жұмысын әдістемемен қамтамасыз етілуін Қостанай медициналық коллежінің құрылымдық бөлімшелері жүзеге асырады /оқу бөлімі, әдістемелік кабинет, цикловая әдістемелік комиссия, заңгер/:

  • консалтинг;

  • меәдістемелік материалдар;

  • нормативтік құжаттар;

  • ҚМК-ның мониторинг орталығы;

  • статистикалық, аналитикалық, ақпараттық материалдар.




  1. Клуб жұмысының формалары

  1. Конференциялар.

  2. Оқыту семинарлары.

  3. Мастер-класстар.

  4. Дөңгелек үстелдер отырыстары.

  5. Ашық сабақтар.

  6. Кеңестер.

  7. Кездесулер.

  8. Дәрістер.

  9. ВКөрмелер.

  10. Кәсіби байқаулар және т.б.




  1. Клубтың ресми құжаттары

    1. Күнделікті жүргізу кестесі




Өткізу мерзімі

Өткізілген іс шараның қысқаша мазмұны

(қашан, кім өткізді)

Қатысқандардың саны, аудиторияның сипаттамасы

Қысқаша сараптама

Ескерту



















    1. Клуб мүшелері тізімін тіркеу формасы


А.Т.Ә.А.



Туған жылы

Білімі

Оқыған орны

Жұмыс орны

Қызметі

Мекен жайы

Жауапкершілік



























БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ

ЖҰМЫСЫ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ


  1. Жалпы ережелер

    1. Бұл Ереже Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңының, 2011-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы білімді дамыту Мемлекеттік бағдарламасының талаптарына сәйкес құрастырылған.

    2. Білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмысы жалпы білім беру процесінің бөлігі болып табылады және жүргізілетін барлық пәндердің мазмұнына оқу сабақтары түрінде енгізіледі.

    3. Осы Ереженің талаптарын білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыруға қатысатын колледждің барлық оқытушылары орындауға міндетті.

    4. Ереже ЦӘК отырыстарында қарастырылады, колледждің Әдістемелік Кеңесінде мақұлданып, ҒЗО жетекшісімен және директордың тәжірибелік оқыту жөніндегі орынбасарымен келісіледі де, колледж директоры бекітеді.


2. Негізгі мақсаттары мен міндеттері

2.1. Білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмысының мақсаты студенттердің шығармашылық қабілеттерін және ғылыми қызметке қызығушылығын анықтап, дамыту, болашақ мамандығын меңгеруге ынтасын жетілдіру, қазіргі заман жағдайларында талапқа сай мамандарды дайындау сапасын жоғарлату.

2.2. Білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмысы білім алушылардың ғылыми-зерттеу еңбегінің дағдыларын қалыптастыруға, шығармашылық ынтасын дамытуға және қазіргі заманғы маманды дайындауда қажет ететін ғылыми-техникалық прогресстің нәтижесін тәжірибеде қолдана білуге бағытталған болу керек.

2.3. Негізгі міндеттер:

- студенттердің танымның ғылыми әдістерін меңгеруі;

- студенттерді ғылыми зерттеу әдісімен, сараптама жүргізу тәсілімен және шешім қабылдаудың теориясымен таныстыру;

- ғылыми және тәжірибелік тапсырмалардың өзіндік шешімін табу дағдыларына ие болу;

- ғылыми ұжымдарда жұмыс істеу дағдыларына ие болуды, олардың жұмысты ұйымдастыру әдісімен таныстыру;

- білімалушыларда шығармашылыққа, өзіндік оқытуға, өзінің білімін үнемі жетілдіріп отыру талаптарына және оқу материалын терең және шығармашылық меңгеруіне тәрбелеу;

- ғылыми ақпаратты жинау, сараптау және өңдеу дағдыларын қалыптастыру;

- қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар мен ақпараттық қарым-қатынас жасау әдістерін (Internet, электрондық пошта және т.б.) меңгеру;

- қоғамның экономикалық, әлеуметтік және рухани дамуын қамтамасыз ететін ғылыми бағыттың (жұмыстың) өзектілігін бағалауға ғылыми әдісті қалыптастыру.


3. Білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру және жоспарлау

3.1. Білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмысы тікелей циклдық әдістемелік комиссияларда ұйымдастырылады.

3.2. Ғылыми жетекшілік ЦӘК-нің профессорлық-оқытушылық құрамымен жүзеге асырылады.

3.3. Білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмысы оқу үрдісіне қосылатын оқу – зерттеу жұмысы және оқудан тыс уақытта орындалатын ғылыми-зерттеу жұмысы болып бөлінеді.

3.4. Оқу үрдісіне қосылатын ғылыми-зерттеу жұмыс қарастырады:

- құрамында ғылыми ғылыми зерттеудің элементтері бар тапсырмаларды, зертханалық жұмыстарды орындау;

- кәсіби немесе оқу тәжірибесі барысында ғылыми-зерттеу сипатындағы нақты үлгіге сай келмейтін тапсырмаларды орындау;

- ғылыми зерттеудің әдістерін, қалпын, ұйымдастырудың және орындаудың теориялық негіздерін, ғылыми мәліметтерді өңдеуді және т.б. оқыту.

3.5. Оқудан тыс уақытта орындалатын ғылыми-зерттеу жұмысы келесі формада ұйымдастырылады:

- ғылыми үйірмелердегі жұмыс;

- ЦӘК-да орындалатын шығармашылық достастық бойынша тотармен және жеке жұмыстарға қатысу;

- медициналық ғылым саласындағы білімді тарату жөніндегі дәрістік жұмыстар.

3.6. Білім алушылардың ғылыми үйірмелері оқудан тыс уақыттағы студенттерді ғылыми жұмысқа жұмылдырудың негізгі көп тараған көпшілік формасы болып табылады. Студенттердің ғылыми үйірмесі бір немесе бірнеше ғылыми тапсырмаларды (мәселелермен) орындауға біріккен шағын шығармашылық ұжым ретінде болуы тиіс.

3.7. Ғылыми үйірмелер циклдық әдістемелік комиссияларда ұйымдастырылады. Үйірмелерде студенттер отандық және шетелдік арнайы әдебиеттер бойынша аңдатпа және рефераттар құрастырады, алынған нәтижелерді өңдеу және сынақ өткізу дағдыларын игереді, көрнекі құралдарды жоспарлап, әзірлейді, колледждің семинарлары мен үйірме отырысында сөйлейтін хабарламалар дайындайды. Дайындықтары жоғары студенттер одан да қиынырақ ғылыми тапсырмаларды орындауға жұмылдырылады. Үйірмелерде студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысының қорытындысы әдетке атқарылған жұмыс туралы және алынған нәтижелер туралы есептердің ұсынылуымен аяқталады.

Ғылыми үйірме пәндік немесе мамандық бойынша құрастырылуы мүмкін.

Пәндік үйірмеде оқу жоспары бойынша басқа пәндерді оқытудағы сияқты емес, одан қиынырақ тапсырмаларды орындау негізгі мақсат болып табылады. Мамандық бойынша ғылыми-зерттеу үйірмесінде студенттер ЦӘК-нің ғылыми тақырыбы бойынша зерттеулер орындайды.

3.8. Студенттердің ғылыми үйірмелерін ұйымдастыруға колледждің барлық ЦӘК-лері міндетті.

3.9.Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы оқытушылардың жеке жұмыс жоспарларына және оқу тәрбие мен ЦӘК-нің ғылыми жұмысының жалпы жоспарларына енгізіледі. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелері ЦӘК-нің жыл сайынғы есебіндегі «Білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмысы» бөлімінде көрсетіледі. ЦӘК есебінде толық ақпарат көрсетілуі қажет:

- ғылыми үйірмелердің жұмысы туралы (үйірмелердің тақырыптары, студенттер мен үйірменің жетекшілері туралы мәліметтер, атқарылған жұмыстар);

- өткізілген байқаулар, олимпиадалар, конференциялар туралы ақпарат.


  1. Білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмысын оқу-материалдық қамтамасыз ету


4.1. ҒЗЖ-қа қатысатын студенттер колледждің оқу-материалдық базасын, ақпараттық-коммуникациялық технологияларын, ЦӘК-нің әдістемелік материалдарын, колледждің кітапханалық қорын пайдаланады, сонымен қатар оқытушының жетекшілігімен клиникалық базалардың жоспарламаларына, конференцияларға, семинарларға, паталогиялық-анатомиялық союларға, дәрігерлердің тексерулеріне қатысады.


  1. Ғылыми жетекшінің міндеттері

5.1. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысының жетекшісі ғылыми үйірмені қалыптастырады, оның бағытын анықтайды, үйірменің және студенттердің тапсырмаларының жұмыс жоспарын құрастырады, студенттерге жоспарды құрастыруда және зерттеудің әдістемесіне жәрдемдеседі, әдебиеттерді ұсынады, студенттерге кеңес береді және қадағалайды, рефераттарды тексеріп, баға қояды (ғылыми есеп), басылымға материалдар дайындау кезінде көмек көрсетеді, дарынды студенттерге жеке жетекшілік етуге оқытушыларды шақырады.

5.2. Ғылыми жетекші дұрыс ғылыми және әдістемелік құрылымға және әрбір студенттің жұмысын тиімді ұйымдастыруға жауапбереді, сонымен қатар студенттердің колледждің конференцияларына, жалпы қалалық және республикалық байқауларға қатысуын қамтамасыз етеді.

5.3. Үйірменің ғылыми жетекшісі мерзімді түрде (жылына 1 рет) өзінің жұмысы туралы ЦӘК отырысында есеп беруі тиіс.

5.4. ҒЗЖ жетекшісі ЦӘК төрайымымен бірлесіп студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы бойынша жоспар әзірлейді, оның санын және ғылыми үйірменің бағытын анықтайды.

5.5. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысының жетекшісі ЦӘК-да студенттердің ғылыми конференцияларын, олимпиадалар және байқауларын ұйымдастырып, қажетті құжаттарды жүргізіп отырады, анықтамалар мен есептерді құрастырады.


6. Білім алушылардың ғылыми жұмысын ынталандыру жүйесі


6.1. Студенттердің ғылыми жұмысының жүзеге асыру және дамыту студенттерді ынталандыру және дем беру шараларын қарастырады.

Дем беру және ынталандырудың негізгі формалары келесілер:

  • ғылыми жұмысты орындау процесінде алған нәтижелерді, пән бойынша, курстық жұмыстар бойынша және білім берудің әртүрлі этапындағы ( сынақтар; емтихандар: тәжірибе бойынша орындалған ҒЗЖ есеп ретінде оқу) тәжірибелер бойынша алған бағаларын есепке алу;

  • ғылыми жұмыстарды басылымға бергені үшін және сақтауға бергені үшін ынталандыру, интеллектуалды өнімді тіркеу;

  • білім алушылардың үздік ғылыми жұмыстарын конкурстарға, көрмелерге және де жеңімпаздарды марапаттау қарастырылған басқа да жалпы-ұйымдастыру шараларына ұсыну;

6.2. Ғылыми-зерттеу жұмысында қол жеткізген жетістіктері үшін студенттер құрмет грамоталарымен, дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталады және де көрмелереге, конференцияларға, конкурстарға, олимпиадаларға қатысуға жіберіледі.


7. Білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша цәк есеп беруі

7.1.Оқу жылының соңында үйірменің жетекшісі белгіленген форма бойынша студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы жөнінде есепті ұсынады.

7.2. ЦӘК жетекшілігімен өткізілген студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының көрсеткіштері ЦӘК мен оқытушылардың қызметін бағалау кезінде ескеріледі.


ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ӨТКІЗІЛЕТІН ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ ТУРАЛЫ

ЕРЕЖЕ


Конференцияны өткізудің ұйымдастыру – үйлестіру жұмысын колледж ғылыми қоғамдық кеңесі мен СҒЗЖ жетекшісі бірлесіп атқарады

Мақсаты: ғылыми- зерттеу қызметінің ынтагерлігін және оқытушы мен студенттердің ізденімпаздық шығармашылықтарын актуальдандыру.

Конференция міндеттері:

  1. шығармашылықпен қызмет атқарып жүрген колледж оқытушылары мен студенттерге қолдау жасау;

  2. ғылыми-зерттеу және ізденістік қызметінің тәжірибесін тарату


Жұмыстарға қойылатын жалпы талаптар

Конференцияға зерттеу және ізденіс негізінде жасалған жұмыстар ұсынылады. Жұмысты сызбалар, суреттер және слайдтар сүйемелдеумен қорғауға болады.

Ғылыми жұмыс мазмұнына қойылатын талаптар:

  • түсінерлік және айқын, ашық баяндау;

  • тақырыбы мен мақсатының белгіленген жұмыс мазмұнымен сәйкестігі;

  • жұмыстың өзектілігі және тәжірибелік маңызы;

  • мәселеге өз көзқарасы мен тұжырымдамасының болуы;

  • жұмыстарды талап бойынша рәсімдеу.


Ғылыми жұмыстарды рәсімдеу талаптары

  1. Титулдық парағы

    1. оқу орнының атауы;

    2. зерттеу тақырыбы;

    3. автордың ТАӘА;

    4. ғылыми жетекшінің ТАӘА;

    5. қала мен жыл.

  1. Мазмұны

2.1 бөлім мен тарауларының атауы және беттерін көрсету

3. Кіріспе (көлемі 3-бетке дейін)

3.1 мәселенің өзектілігін негіздеу;

3.2 жұмыстың мақсаты;

3.3 зерттеудің гипотезасы;

3.4 зерттеу объектісі;

3.5 зерттеу тақырыбы

4. Негізгі бөлімі

4.1 Зерттеу тақырыбы материалдардың тарауларынан тұрады.Әр тараудың атауы болу тиіс. Басқа әдебиеттен алынған материалдарға сілтеме көрсетіледі [15, 236 б.]

Жасаған жұмыстың нәтижесі бойынша қорытындылайтын нақты пунктілернен тұратын қысқаша тұжырымдама жасалу керек.

Краткие выводы по результатам выполненной работы, должны состоять из конкретных пунктов, подводящих итог работы.

6. Әдебиет тізімі

Қолданылған әдебиеттер алфавит ретімен беріледі (автордың аты жөні, атауы, басылымы, жылы, беттерінің саны)

Мақала журналдан болса(автордың аты жөні,мақаланың атауы, журналдың атауы, жылы, журналдың нөмірі, мақала беттері)

7. Ғылыми жұмысы нәтижелерін әзірлеу формалары:

баяндама, тезистер, ғылыми мақалалар, ғылыми есептер, реферат.


Конференция ұйымдастыру

  1. Конференция сәуір айының бірінші декадасында өткізіледі.

  2. Конференцияға секция жұмысына белсенді қатысқан, ғылыми жұмысының жетекшісі ұсынылған студенттер қатысады

  3. Конференция шеңберінде жұмыс жасайтын секциялар:

    • жалпы білім беру пәндері

    • қоғамдық пәндер

    • жалпы кәсіби пәндер

    • арнайы пәндер

  4. Ұйымдастыру комитетіне материалдар конференция өтуіне 2 жеті бұрын тапсырылады электронды түрінде және қағазда.

  5. Презентацияға 10 минут беріледі.

  6. Жұмыс сапасын бағалайтын қазылар алқасының құрамында құзыретті, білікті оқытушылар тағайындалады.

  7. Әр бағытта үш жұмыс 1,2,3,орын иесі болып белгіленеді және марапаттауға ие болған жұмыстар айқындалады.

  8. 1 – 2 орынға ие болған студенттер облыстық ғылыми-зерттеу конференциясына жіберіледі.


Арнайы пәндер оқытушылардың кәсіби сынақ ісі туралы

ЕРЕЖЕСІ


Осы ереже «Қостанай медициналық колледжі» МКҚК арнайы пәндер оқытушылардың кәсіби сынақ ісін ұйымдастыру үшін әзірленген.

  1. Жалпы ережелер.

  1. Осы Ереже біліктілігін арттыру нысандарын, кәсіби сынақ ісін өту тәртібін, сынақ істің нәтижелеріне қойылатын талаптарды анықтайды.

  2. Кәсіби сынақ ісі оқытушылардың кәсіби біліктілігін арттырудың өнімді нысаны болып табылады.

Арнайы пәндер оқытушылардың кәсіби сынақ ісі бұл олардың кәсіби құзыреттерін мақсатты үзбей жетілдіруі болып табылады. Сынақ істің тәжірибелік бағытты сипаты бар. Сынақ ісі түрінде біліктілігін арттыру арнайы пәндер оқытушылардың тиімді қызметінің қажетті шарты болып табылады. «Сынақ ісі» түсінігі процесс және білім беру нәтижесі ретінде қарастырылады.



  1. Кәсіби сынақ ісінің мақсаттары және міндеттері.

  1. Колледждегі арнайы пәндер оқытушылардың кәсіби құзыреттерін қалыптастыруы және дамытуы сынақ істің мақсаты болып табылады.

  2. Сынақ ісінің міндеттері болып табылады:

      • кәсіби қызметте ғылымның, прогрессивті техниканың және технологияның заманға сай жетістіктері негізінде білімдерді және іскерліктерді жетілдіру;

      • біріншіден, оқытушыларды кәсіби модульдер бойынша даярлау, жаңашыл технологиялармен, денсаулық ісін ұйымдастыру және дамыту перспективаларымен танысу;

      • мамандардың біліктілік деңгейіне және кәсіби міндеттерді шешудің заманға сай тәсілдерін меңгеру қажеттелігіне қойылатын талаптардың отандық және шетелдік тәжірибесін зерттеу;

      • оқу үрдісті жетілдіру жайында нақты ұсыныстарды әзірлеп жасау, оқыту тәжірибесіне ғылымның, техниканың және өндірістің озат жетістіктерін енгізу.




  1. Кәсіби сынақ ісінің мазмұны.

Сынақ ісі қарастыруға мүмкін:

  • сынақ ісінің тақырыбы бойынша өздік теориялық дайындықты, осы жұмыстың міндетті түрде растаумен;

  • нормативті құжаттамамен жұмысты;

  • лауазымдық тұлғалардың функционалды міндеттерін орындалуын (уақытша міндеттерін орындайтын немесе дублер ретінде);

  • айтылған мәселе бойынша консультацияларды алу;

  • мастер-класстарға, дөңгелек үстелдерге, семинарларға, іскерлік кездесулерге және басқ. қатысу.

Барлық ұйымдастырушылық сұрақтар (өтудің нысандары, мерзімдері, ұзақтығы) және кәсіби сынақ істің пәндік мазмұны ЦӘК (ПӘК) төрайымымен, директордың ОТЖ жөніндегі орынбасарымен, директордың ОӨЖ жөніндегі орынбасарымен және сынақ іс өткізіліп жастқан ЕСҰ жетекшісімен шешіледі.

Жыл сайын кәсіби сынақ істі өту жоспары әзірленіп жасалады (№ 1 қосымша), онда келесі сәттер көрсетіледі:

  • өту мерзімдері;

  • өту орны (ЕСУ/ЖОО);

  • сағат көлемі.




  1. Кәсіби сынақ істі ұйымдастыру нысандары.

Сынақ ісі бір рет өтетін оқыту түрінде және уақыт бойынша бір неше таралған циклдерден (курстар, модульдер) тұруға мүмкін, оларды әр түрлі емдеу мекемелердің сынақ ісі алаңдарында өтуге болады.

Кәсіби сынақ істің жалпы көлемі 20 сағаттан кем емес құрайды.

  1. Кәсіби сынақ іске қызметкерлерді жіберу.

Оқытушылардың сынақ іске жіберілуі бекітілген жоспар негізінде директор бұйрығымен рәсімделеді.

Жұмысқа қатыспаумен сынақ іске жіберілген қызметкерлерге жұмыстың негізгі орны бойынша жалақылары сақталады.


  1. Кәсіби сынақ ісі бағдарламасының орындалуын бақылау.

Сынақ ісі түрінде өткен біліктілігін арттыру қорытындылары бойынша директордың ОТЖ жөніндегі орынбасарына келесі есеп құжаттар тапсырылады:

  • өткізілген жұмыстың қысқаша сипаттамасы көрсетілген кәсіби сынақ істі өткен жөнінде арнайы пәндер оқытушысының есебі (№ 2 қосымша). Есеп сынақ ісі өткен емдеу мекемесінің жетекшісімен расталады;

  • сынақ істі өткендігі туралы құжат (№ 3 қосымша).


Сынақ істің нәтижелері оқытушылардың аттестатталуы кезінде, портфолионы жасағанда қолданады.

1 қосымша


Бекітемін

«Қостанай медициналық

колледжі» МКҚК директоры

______________ (Т.А.Ә.А.)

20__ж. «__» ____№ __бұйрығы


20_ - 20_ оқу жылына арналған

арнайы пәндер оқытушылардың кәсіби сынақ ісін өту

Жоспары



№ р/б

Сынақ мерзімінен өтушідің

Т.А.Ә.А.

ЕСҰ/ЖОО

Бөлімі/кафедрасы


Өту мерзімдері

Сағат көлемі





























































































2 қосымша

Кәсіби сынақ ісі түрінде біліктілігін арттыру жайындағы

Е С Е П

Тегі, аты, әкесінің аты ______________________________________________

Лауазымы_________________________________________________________

Оқытуды өткен орны ________________________________________

Оқыту мерзімдері   20__ж. «___»____________20__ж. «___» ____________дейін

Оқыту қорытындылары (сынақ мерзімінен өтушімен толтырылады) ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Оқу үрдісте оқыту нәтижелерін пайдалану жайындағы ұсыныстар (сынақ мерзімінен өтушімен толтырылады)

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Сынақ мерзімінен өтуші _____________________/_____________________

  (қолы)      (қолдың мағынасын ашу)

Бөлімше немесе ЕСҰ жетекшісі______________ / ______________________

 (қолы)      (қолдың мағынасын ашу)


3 қосымша

Кәсіби сынақ істі өткендігі туралы куәлік


_____________________________________________ берілді, ол

(сынақ мерзімінен өтуші-оқытушының Т.А.Ә.А.)

____________________________________________ тақырыбы бойынша


__________________________________ базасында


20__ ж. «__»________20__ ж. «__»________ кәсіби сынақ істі өтті

Сағат саны -___________

ЕСҰ жетекшісі ________________ / _______________________

                                        (қолы)                (қолдың мағынасын ашу)


Мөрдің орны 20__ ж «___»______.


ТӘЛІМГЕРЛІКТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ТУРАЛЫ

ЕРЕЖЕ

1   2   3   4   5   6   7   8

Похожие:

Министерство здравоохранения и социального развития республики казахстан iconЗакон Республики Казахстан от 28 апреля 1995 года «О льготах и социальной защите участников, инвалидов Великой Отечественной войны и лиц, приравненных к ним»
Министерство здравоохранения и социального развития Республики Казахстан по вопросам Специального докладчика ООН по правам инвалидов...
Министерство здравоохранения и социального развития республики казахстан iconМинистерство здравоохранения и социального развития Республики Карелия
«Республиканский центр по профилактике и борьбе со спид и инфекционными заболеваниями»
Министерство здравоохранения и социального развития республики казахстан iconМетодологические и управленческие основы развития геронтологической службы в Республике Казахстан
Работа выполнена в Институте развития здравоохранения Министерства здравоохранения Республики Казахстан
Министерство здравоохранения и социального развития республики казахстан iconРеспублики Казахстан «Саламатты Қазақстан»
Об утверждении Государственной программы развития здравоохранения Республики Казахстан
Министерство здравоохранения и социального развития республики казахстан iconРоссийской федерации министерство здравоохранения и социального развития российской федерации
Цель дисциплины изучение истории, закономерностей и логики развития врачевания, медицины и медицинской деятельности народов мира...
Министерство здравоохранения и социального развития республики казахстан iconПриказ Министерства здравоохранения и социального развития РФ от 1 июня 2006 г. N 443 "Об утверждении стандарта медицинской помощи больным с поражениями лицевого нерва"
Приказ Министерства здравоохранения и социального развития РФ от 1 июня 2006 г. N 443
Министерство здравоохранения и социального развития республики казахстан iconО концепции развития финансового сектора Республики Казахстан на 2007-2011 годы
В целях дальнейшего развития финансового сектора Республики Казахстан и приведения денежно-кредитной политики Республики Казахстан...
Министерство здравоохранения и социального развития республики казахстан iconРоссийской федерации письмо
Министерство здравоохранения и социального развития Российской Федерации направляет для использования в работе рекомендации по кодированию...
Министерство здравоохранения и социального развития республики казахстан iconРоссийской федерации министерство здравоохранения и социального развития российской федерации
Цель дисциплины освоение студентами теоретических основ и практических навыков диагностики заболеваний нервной системы и лечения...
Министерство здравоохранения и социального развития республики казахстан iconРеспублики Казахстан Министерство обороны Республики Казахстан Комитет Республики Казахстан по чрезвычайным ситуациям
В общеобразовательных школах всех типов занятия по "Основам безопасности жизне-деятельности" проводятся по настоящей Программе (1998...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница