Министерство здравоохранения и социального развития республики казахстан




НазваниеМинистерство здравоохранения и социального развития республики казахстан
страница5/8
Дата конвертации15.02.2016
Размер0.82 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://komeco.kz/uploads/files/sbornik_polozhenij_kaz.doc
1   2   3   4   5   6   7   8


II. ОПТ : инновациялық технологияларды қорытындылау, тарату

т/б


Мерзiмi, ЦӘК


Пән

Сабақтың тақырыбы, түрi

Оқыту технологиялары

Оқытушы




Орындалуы жайында белгi



















ЗЕРТТЕУШI ОҚЫТУШЫ МЕКТЕБI ТУРАЛЫ

ЕРЕЖЕ


    1. Жалпы Ережелер

Оқытушылардың экспериментальды және ғылыми-зерттеушiлiк жұмысын құруға ынталандыру үшiн ҚМК әдiстемелiк кбинетi базасында зерттеушi оқытушы мектебi құрылды. Мектеп жұмысын басқарумен әдiстемелiк кабинет айналысады. Оның құрамына әкiмшiлiк мүшелерi, ЦӘК төрағалары, колледж оқытушылары, бiлiктiлiк санатын растау мен алуға үмiткерлер кiредi.

Ғылыми зерттеушiлiк жұмысының негiзгi бағыттары:


  1. ҚМК стратегиялық қажеттi және негiз қалаушы құжаттарды әзiрлеу.

  2. Ғылыми-зерттеушiлiк және экспериментальды жұмыстарын бiртұтас және бөлек бағыттар бойынша жоспарлау.

  3. ҚМК-нде тиiмдi ғылыми-зерттеушiлiк жұмысы үшiн деректер жиынтығын құру қажет.

  4. Деректер жиынтығын хаттау үшiн озат технологиялар бойынша, оқыту және тәрбиелеу саласындағы ғылыми теориялар бойынша ақпараттық саланы қолдану.

  5. Оқытушылардың кәсiби ынтасын арттыру.

  6. Колледжде өткiзiлетiн зерттеулердiң, енгiзiлген өзгерiстер тиiмдiгiгiн бақылау және оның бағасы.

  7. Қолданыстағы жоспар, жобаларды өзгерту немесе жетiлдiру.

  8. Оқытушылар талпынысының үйлесiмдiлiгi.

2.Мақсаттар мен мiндеттер

  1. Оқытушылардың шығармашылық жұмысының жеке бағыттылығы.

  2. Кәсiби дәлдер, құндылықтар, мәселелердi түсiну және талдау; өз тәжiрибесiнiнiң талдауы, креативтi мiнез-құлық қалыптастыру, рефлексивтi қызмет дамыту.

  3. Зерттеу, ғылыми зерттеу аппаратын, ғылыми ауызша стилiн, жазбаша тiлдi меңгеру және әдiснаманы зерттеу.

  4. Дидактикалық материалдардың технологиялық жөнделуi.




    1. Жұмыс мазмұны

1) Түрлi жеке мақсатты және авторлық бағдарламаларды, жаңа

әдiстемелiк технологияларды, стандарттарды, диагностика әдiстерiн

әзiрлеу мен жүзеге асыру, оқу-әдiстемелiк комплекстi құру.

  1. Тиiмдi педагогикалық және әдiстемелiк технологиялар туралы деректер

жиынтығын құру.

  1. Инновациялық сипаттағы оқу-әдiстемелiк материялдарды, жобаларды

әзiрлеу және мақұлдау.

4) Әдiстемелiк-ақпараттық, баспаханалық жұмысын атқару.

5) Ғылыми-зерттеу жұмысында оқытушылардың және оқушылардың

бiрлестiгi.


4. Ғылыми – зерттеу, экспериментальды жұмыстарын жүзеге асыру түрлерi

1) ОҚ, ӘК, ОТМ, ЗОМ, ОБ –дерiнiң жұмыс жоспары.

2) Аналитикалық анықтамалар, педагогикалық материялдарының

зерттеулерi.

3) Жұмыс тәжiрибесiнен басылымдар, сөз сөйлеулерi, баяндамалар.

4) Рефераттық және ғылыми-зерттеушiлiк жұмыстар, жобалар, т.б.

  1. Шығармашылық есептер, бюллетендер.

  2. Оқу құралдар /мәтiндiк, электрондық/ технологиялық стандарттар жинағы, тесттер, альбомдар, сөздiктер, оқу видеофильмдерi, тақырыптардың электрондық презентациялары.

  3. Ашық сабақтар.



Қосымша

Зерттеушi оқытушы мектебi
жұмысының жоспары




№ т/б

Жұмыс мазмұны

Жүзеге асыру түрi

Мерзiмi


Жауаптылар

Орындалуы жайында белгi







































САБАҚТАРҒА ҚАТЫСУ РЕТІ ТУРАЛЫ

ЕРЕЖЕ

1. Құқық деректері.

Осы Ереже мына құжаттарға сәйкес әзірленді:

  • 2007 жылғы 27 шілдесінен «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңына № 319-III (өзгерістермен және толықтырулармен);

  • 2013 жылғы 17 мамырынан «Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын, оның ішінде балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы.» Қазақстан Республикасының Үкіметінің № 499 Қаулысы;

  • Орта медициналық және фармацевтикалық білімнің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпы міндетті білім стандарттары;

  • Білім беру қызметін жүргізу реті жөнінде нормативтік құжаттар;

  • Колледж жарғысы




  1. Жалпы ережелер.

Осы Ереже қамтамасыз етуді айқындайды:

  • білім алушылардың білім алуға құқығын;

  • оқытушылардың шығармашылық еркіндігінің құқықтарын;

  • Қазақстан Республикасы заңнама бақылауын жүзеге асырудағы колледж әкімшілігінің құқығын.




  1. Колледж әкімшілігінің сабақтарға қатысуы.

3.1 Колледж әкімшілігіне (осы жағдайда) колледж директоры, директордың орынбасарлары, бөлім меңгерушілері, әдіскерлер жатады.

3.2 Колледж әкімшілігі сабақтарға қатысу жоспары бойынша сабаққа қатысады.

3.3 Сабақтарға қатысудың негізгі мақсаты болып табылады:

  • оқытушыларға кәсіби міндеттерді орындауда көмек көрсету;

  • оқытушылардың қызметіндегі білім алушылардың пән бойынша МЖМБС талаптарын меңгеру сұрақтарын бақылау;

  • оқу және тәрбие шеңберінде заңнамалық сақтауды бақылау;

  • колледждегі жұмыс нәтижесінің тиімділігін жоғарлату.

3.4 Оқытушыға жоспарланған қатысу туралы сабаққа дейін 45 минут бұрын алдын ала ескертілу керек; директор және оның орынбасарлары ескертусіз сабаққа қатысуына болады.

3.5 Әкімшіліктің құқығында:

  • сабақтың оқу жоспарымен танысу;

  • білім алушылардың дәптерлерін жинап қарау;

  • қажет болса, сабақтан кейін білім алушылармен сұбаттасу.

3.6 Сабаққа қатысу кезінде әкімшіліктің келесіге құқығы жоқ:

  • сабақ барысына кірісу;

  • сабақ үстінде шығу (жоспардан тыс жағдайда ғана);

  • қоңырау соғылғанша шығу (жоспардан тыс жағдайда ғана).

3.7 Сабаққа қатысқан соң әкімшілік өкіліне міндетті түрде келесі бағыттарда сұхбаттасу:

  • оқытушының өз сабағын талдауы;

  • әкімшілік өкілінің сабақ талдауы;

  • сабаққа қатысу нәтижесінің корытындысын ұйғару.


4.Колледж оқытушыларының сабақтарға қатысуы.

4.1 Оқытушылардың сабақтарға қатысуы ЦӘК(ПӘК) ішінде, сонымен бірге басқа ЦӘК(ПӘК) ұйымдастырылады.

4.2 Оқытушылар оқу жылы басында ЦӘК(ПӘК) отырысында жоспарланған кесте бойынша сабақтарға қатысады.

4.3 Сабақтарға қатысу кестесін ЦӘК(ПӘК) төраймдары қадағалап отырады.

4.4 Бір оқытушының сабақтарға қатысуларының саны оқу жылында 24 сағаттан кем болмауға тиіс.

4.5 Оқытушылар әріптестерінің сабақтарына келесі мақсатпен қатысады:

  • озат педагогикалық тәжірибесін жинақтау және зерделеу;

  • жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру;

  • әдістемелік, кәсіптік көмек көрсету;

  • пәнаралық байланысты тиімді қолдану;

  • білім алушылардың оқу бағдарламасын меңгеру сапасын арттыру;

  • пән бойынша оқу бағдарламасын орындау;

  • басқаратын топтарын бақылау.

4.6 Сабаққа қатысатын оқытушының құқықтары:

  • сабақта қолданылатын әдістемелік ұсыныстармен және дидактикалық оқу тәсілдерімен, оқу-жоспар құжаттармен танысуға құқығы бар;

  • сабақтан соң талдау кезінде жағымды және жағымзыз жақтары жөнінде өз пікірін айту.

4.7 Сабаққа қатысқан оқытушының міндеттері:

  • сабаққа қатысу жөнінде оқытушыға алдын ала хабарлау керек (бір күн бұрын)

  • оқытушы мен студенттердің жұмысына кіріспеу

  • тәртіп пен тыныштық сақтау;

  • сабаққа қатысқан соң оқытушы сабаққа талдау жасап, жағымды және жағымсыз жақтарын, болса қателерін айтып, талдауды жазбаша рәсімдеу керек.

4.8 Сабағына қатысатын оқытушының құқықтары:

  • алдын ала сабаққа қатысуға келісілмеген оқытушыларға рұқсат бермеуге құқығы бар;

  • сонымен біге, сабағына қатысатын оқытушы сабақ нәтижелі болу мақсатында, әріптестеріне қашан, қай сабаққа қатысуға болатын белгілеуге құқығы бар.

4.9 Сабағына қатысатын оқытушының міндеттері:

  • әріптестеріне сабаққа қатысу ниеттеріне себепсіз кедергі жасамау;

  • жоғары және бірінші біліктілік санаттағы оқытушылар міндетті түрде өз сабақтарына кіруге рұқсат беріп, әрдайым педагогикалық және әдістемелік көмек көрсету;

  • оқу кабинетінде сабақтың барысын бақылау және талдау үшін орын дайындау.

4.10 Сабаққа қатысу нәтижелерін оқытушы ЦӘК(ПӘК) төрайымына оқу жылының аяғында немесе талап еткен кезінде ұсынады.

4.11 ЦӘК(ПӘК) төрайымдары сабақтарға қатысу нәтижелерін комиссияның жылдық есебіне енгізеді.

4.12 Сабаққа қатысқан әріптестер білім беру сапасы, сонымен бірге болашақ мамандарды дярлау денгейі төмен болуын анықтаса, оқытушыға педагогикалық және әдістемелік көмек көрсету сұрағын педкеңеске шығаруға құқықтары бар.

4.13 Қатысқан сабақты талқылау барысындағы даулы мәселер ЦӘК отырысында оқу жөніндегі директор орынбасары немесе әдіскер қатысуымен шешіледі. Қорытынды шешімді колледж директоры қабылдайды.


ОЗЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕНІ (ОПТ) ЖАЛПЫЛАНДЫРУ МЕН ОҚУ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ



  1. Кіріспе

Озық педагогикалық тәжірибеге шығармашылық ізденіс элементтерін, жаңа нәрселерді, ерекшеліктер, басқа сөзбен айтқанда заманауи тәжірибелерді жатқызуға болады.

Мұндай педагогикалық тәжірибе педагогикалық ғылымға жаңа жолдар ашады, сондықтан ең алдымен жаңа тәжірибелер сараптауға, жалпыландыруға және таратуға негіз бола алады. Жай шеберлік пен жаңашылдықтың шегін табу қиын болғандықтан, педагогтар ғылымдағы танымал қағидалар мен әдістерді үйреніп алғаннан кейін, сол жерде тоқтап қалмайды. Жаңадан өзгеше дағдылар мен әдістерді тауып, шебер-педагог ескі әдістерді тиімді пайдалана отырып, уақыт өткен сайын нағыз жаңашыл адам болады. Осыдан шығатын ой, білім беру тәжірибесіне кез келген жақсы тәжірибені енгізіп оны тарату, сонымен қатар жаңшыл-педагогтардың тәжірибелерін жан жақты және терең сараптап, жалпыландырып және тарату қажет.

2. Жалпы ережелер

2.1. Осы ереже келесі құжаттар негізінде жүзеге асырылады:

  • ҚР «Білім беру туралы» заңы

  • 2011-2020 ж.ж. арналған білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы

  • ҚР білім және ғылым министірінің 2007 жылдың 29.11-нан бекітілген № 583 бұйрығы, оқу-әдістемелік жұмысты орындау мен ұйымдастыру ережесі;

  • ҚР ғылым және білім министірінің м.а. 2007 жылдың 21.12-нан бекітілген № 644 бұйрығы, әдістемелік ( оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік) кеңес және оны сайлау қызметінің үлгілік ережелері;

  • ҚР ғылым және білім минмстірінің 2008 жылдың 16.07-нан бекітілген № 272 бұйрығы, мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу, бастауыш, негізгі орта, негізгі орта және қосымша білім беру ұйымдарында педагогикалық кеңес және оны сайлау қызметінің үлгілік ережелері;

  • ҚР ғылым және білім министірінің 2013 жылдың 07.08-нан бекітілген № 323 бұйрығы «Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары меншартын, сондай-ақ мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптікбілім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңдестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарты» .

2.2. Осы ереже педагогикалық қызметкерлердің тәжірибелерін жалпыландыру бойынша материалдарды дайындау кезінде басшылыққа алынады.

2.3. ОПТ жалпыландыру кезінде педагогикалық тәжірибенің негізіне жататын ойлар, заңдылықтар, механизмдер сипатталып, қол жеткен нәтижелерге мінездеме беріледі, сонымен қатар жұмыстың жеке әдістері мен жолдарының орындалу үрдісіндегі артықшылықтар анықталады.

2.4. ОПТ жалпыландыру педагогикалық қызметкердің ықыласымен немесе колледждің әдістемелік кеңесінің ұсынысы (облыстық деңгей) бойынша өткізіледі.

2.5. Оқытушының колледж директорының атына жазған өтініші жалпыландыруға негіз бола алады. (1қосымша).

2.6. Мақсат

Озық педагогикалық тәжірибені жалпыландыру мен тарату, үйрету арқылы анықтайтын педагогикалық ғылым мен тәжірибені дамытуға әсер ететін кәсіби педагогикалық шеберлікті арттыру жүйесін жетілдіру.

2.7. Міндеттер

- педагогтардың кәсіби құзіреттілігін арттыру;

- педагогикалық қоғамды ОПТ туралы хабардар ету;

-педагогтарды ғылыми-әдістемелік, тәжірибелік-эксперименттік және ғылыми-зерттеу қызметке ынталандыру мен мотивациялауға жағдай жасау.

  1. Озық педагогикалық тәжірибені жалпыландыру процедурасы




Мазмұны

Формасы

Құжаттар

1-ші кезең: ОПТ анықтау және үйрену. Ұзықтығы 1 жылға дейін

1.


Жаңалықты анықтау және үйрену.

Әкімшілікпен және әріптертермен сабақтарға қатысу (сыныптан тыс іс шараларға).

Оқытушының ОПТ көрсетудің формасы мен түрі жазылған арызы. Ашық сабақтардың әзірлемелері (сыныптан тыс іс шаралардың) және қатысқан сабақтардың, іс шаралардың талдауы.

2.

Жаңалықтың талдауы.

Жаңалықтың тиімділігінің мониторингі.

Оқушылар жетістіктерінің мониторингінің нәтижелері.

3.

Жаңалықтың сипаттамасы.

Портфолионы құрастыру (ОПТ бойынша ақпараттар жинау).

Автор жайында ақпарат (№ 2 қосымша).

2-ші кезең:ОПТ жалпыландыру. Ұзақтығы - 1 жылдан кем емес.

4.

Жаңалықты ЦӘК (ПӘК), әдістемелік кеңес отырыстарына ұсыну.

Ашық сабақтар (сыныптан тыс іс шаралар), жаңалықтың ережелері мен негізгі ойлардың дәлелдемелерімен, актуальдандырумен баяндамалар. ЦӘК-ның білім беру ұйымның әдістемелік кеңесіне жаңалықтың ұсынғаны туралы шешімі.

Баяндамалардың, рефераттардың мәтіндері; әдіскерлер мен практиктердің ОПТ-ге резенциялары (сараптама парағы, № 3 қосымша).


5.

Әдістемелік кеңестің деңгейінде ОПТ жалпыландыру

Білім беру Басқармасының ТжКО бөліміне облыс пен қала деңгейіндегі ОПТ жалпыландыру жөніндегі өтініші туралы әдістемелік кеңестің шешімі.

ОПТ-ге практиктердің, әдіскерлердің рецензиялары; колледж комиссиясының сараптамаларының нәтижесі; колледждің әдістемелік кеңес отырысының хаттамасынан көшірме.

3 –ші кезең: ОПТ-ні енгізу және тарату

6.

ОПТ ұсыну

Басылымдар, әдістемелік құралдың, жинақтардың шығарылымдары; ашық сабақтарды, аудиториядан тыс іс шараларды, семинарларды, «дөңгелек үстелдерді» «мастер-класстарды» өткізу; конференцияларға, семинарларға, форумдарға және т.б. қатысу.

Портфолио, публикации в научно-информационных и научно-методических журналах, материалах конференций, семинаров и пр.


4. Озық педагогикалық тәжірибеге критерийлер

4.1.Әлеуметтік тапсырысқа, қоғамдық даму үрдістеріне сәйкестілік.

Озық оқытушылар оқыту мен тәрбиелеуге қоғамның талаптарын тез ұғынып, жетілдірудің тиімді жолдарын тауып, осы талаптарға сай педагогикалық үрдістің жаңалануына септігін тигізеді.

4.2.Педагогикалық қызметтің жоғары нәтижелілігі және тиімділігі.

ОПТ оқушылардың жалпы және арнайы оқыту дамуында жоғары білім сапасын, тәрбиелік деңгейінде жақсы өзгерістер көрсетуі қажет.

4.3.Оқу-тәрбие үрдісіндегі нәтижелердің тұрақтылығы.

Тәрбиелеу мен оқытудың жағдайлары өзгерген кездегі көрсетілген нәтижелердің сақталуы, сонымен қатар ұзақ уақыт көлемінде жақсы нәтижелерге қол жеткізу.

4.4.Жаңалық элементтерінің болуы.

Жаңалықтың элементтері ретінде ғылыми жаңалықтың деңгейінде болуы мүмкін, олар – жаңа мазмұн, жаңа формалар, оқыту мен тәрбиелеудің әдістері, педагогикалық еңбекті жетілдірудің және оның нәтижелерін арттырудың жаңа заңдылықтарын орнату. Сонымен қатар танымал ережелердің тәжірибесінде тиімді қолданылатын және педагогикалық еңбектің жеке тұстарын жүзеге асыру ретінде осы негізде оқу-тәрбиелік үрдісті жетілдіру.

4.5. Өзектілік пен перспективтілігі.

Тәжірибенің өзектілігі пен перспективтілік негізгі екі көзқарастан шығуы тиіс:

  • Аталған тәжірибе болашақтағы оқу-тәрбие тәжірибесін жетілдіруге арналған колледждің алдына қойылған оқыту мен тәрбиелеудің негізгі міндеттерін шешуге қандай көлемде әсерін тигізеді;

  • Аталған тәжірибемен көпшілік тәжірибеде кездесетін қарама-қайшылық пен қиындықтарды шешуге көмектеседі, ғылыми және тәжірибелік мағынасы жағынан тереңірек түсінуге жәрдемдеседі және қол жеткізген нәтижелерді дұрыс бағалайды.

  • 4.7.Репрезентаттық.


Репрезентаттық – бұл:

  • тәжірибенің уақыт бойынша жеткілікті тексерілуі;

  • осы тәжірибені пайдалануға алған бір ғана оқытушының емес сонымен қатар барлық оқытушылардың қызметіндегі позитивті нәтижелерді дәлелдеу;

  • оқытушыдан басқаның тәжірибені қайталаудың және шығармашылық пайдалануы, осы тәжірибенің көпшіліктің арасында таралуы.

4.8. Қазіргі заманғы педагогика мен әдістеменің жетістіктеріне сәйкес келетіндігі, ғылыми дәлелденуі.

Озық педагогикалық тәжірибені жаңа педагогикалық білім позициясынан сараптау мүмкіндігі болуы қажет. ОПТ оқытушының теориялық шығармашылық ізденісінің нәтижесі болуы мүмкін немесе қате мен сынақ кезіндегі кездейсоқ табыс болуы мүмкін. Бірақ кез келген жағдайда бұндай тәжірибе әрқашанда ғылыми негіз болады. ОПТ көп міндеттерінің бірі болып осындай жағдайға ғылыми түсіндіру беру болып табылады.

Осындай белгілер анықталған жағдайда ғана аталған тәжірибені озық деп есептеуге болады, бірақ содан кейін де аталған белгілер қандай деңгейде екенін тексеру қажет болады.

5. Озық педагогикалық тәжірибені жалпыландырудың түрлері

  • оқу бағдарламасының қиын деген бөлімдері бойынша әдістемелік ұсыныстар,

  • сабақтар мен аудиториядан тыс іс шаралардың әдістемелік әзірлемелері,

  • өзекті мәселелер бойынша әдістемелік құралдар,

  • оқу-әдістемелік кешенді және т.б. электрондық материалдар.

6. Озық педагогикалық тәжірибені ұсынудың формалары

  • Портфолио,

  • Ғылыми-ақпараттық және ғылыми-әдістемелік журналдардағы, конференциялар, семинарлар материалдарындағы және т.б. басылымдар.

  • Баяндамалардың, сөйлеген сөздерінің мәтіндері және т.б.

  • жобалар,

  • оқу-әдістемелік кешен,

  • сабақтар мен аудиториядан тыс іс шаралардың әдістемелік әзірлемелері,

  • электрондық материал (фото және видео материалдар, презентациялар, флипчарттар),

  • тәрбиелік іс шаралардың сценарийлері және т.б.



1қосымша

ҚМК директорына___________ ___пәндердің оқытушысынан ­­

1   2   3   4   5   6   7   8

Похожие:

Министерство здравоохранения и социального развития республики казахстан iconЗакон Республики Казахстан от 28 апреля 1995 года «О льготах и социальной защите участников, инвалидов Великой Отечественной войны и лиц, приравненных к ним»
Министерство здравоохранения и социального развития Республики Казахстан по вопросам Специального докладчика ООН по правам инвалидов...
Министерство здравоохранения и социального развития республики казахстан iconМинистерство здравоохранения и социального развития Республики Карелия
«Республиканский центр по профилактике и борьбе со спид и инфекционными заболеваниями»
Министерство здравоохранения и социального развития республики казахстан iconМетодологические и управленческие основы развития геронтологической службы в Республике Казахстан
Работа выполнена в Институте развития здравоохранения Министерства здравоохранения Республики Казахстан
Министерство здравоохранения и социального развития республики казахстан iconРеспублики Казахстан «Саламатты Қазақстан»
Об утверждении Государственной программы развития здравоохранения Республики Казахстан
Министерство здравоохранения и социального развития республики казахстан iconРоссийской федерации министерство здравоохранения и социального развития российской федерации
Цель дисциплины изучение истории, закономерностей и логики развития врачевания, медицины и медицинской деятельности народов мира...
Министерство здравоохранения и социального развития республики казахстан iconПриказ Министерства здравоохранения и социального развития РФ от 1 июня 2006 г. N 443 "Об утверждении стандарта медицинской помощи больным с поражениями лицевого нерва"
Приказ Министерства здравоохранения и социального развития РФ от 1 июня 2006 г. N 443
Министерство здравоохранения и социального развития республики казахстан iconО концепции развития финансового сектора Республики Казахстан на 2007-2011 годы
В целях дальнейшего развития финансового сектора Республики Казахстан и приведения денежно-кредитной политики Республики Казахстан...
Министерство здравоохранения и социального развития республики казахстан iconРоссийской федерации письмо
Министерство здравоохранения и социального развития Российской Федерации направляет для использования в работе рекомендации по кодированию...
Министерство здравоохранения и социального развития республики казахстан iconРоссийской федерации министерство здравоохранения и социального развития российской федерации
Цель дисциплины освоение студентами теоретических основ и практических навыков диагностики заболеваний нервной системы и лечения...
Министерство здравоохранения и социального развития республики казахстан iconРеспублики Казахстан Министерство обороны Республики Казахстан Комитет Республики Казахстан по чрезвычайным ситуациям
В общеобразовательных школах всех типов занятия по "Основам безопасности жизне-деятельности" проводятся по настоящей Программе (1998...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница