Министерство здравоохранения и социального развития республики казахстан




НазваниеМинистерство здравоохранения и социального развития республики казахстан
страница3/8
Дата конвертации15.02.2016
Размер0.82 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://komeco.kz/uploads/files/sbornik_polozhenij_kaz.doc
1   2   3   4   5   6   7   8

ЦИКЛДIК ӘДIСТЕМЕЛIК КОМИССИЯ ТУРАЛЫ

ЕРЕЖЕ





  1. Жалпы Ереже

Циклдiк әдiстемелiк комиссия бiлiм беру процесiн, нақты бiлiм беру саласы мен оқыту пәндерi бойынша оқу-әдiстемелiк қамтамасыздандыру жұмысымен айналысып, колледждiң негiзгi ұйымдастырушы, шығармашылық бөлiмшесi болып табылады.

ЦӘК туыс пәндер қатарының оқытушыларын бiрiктiредi. ЦӘК құрамы 3 оқытушыдан кем болмай ұйымдастырылады, олар комиссия мүшелерi.

Циклдiк әдiстемелiк комиссияның оқу жылына арналған тiзбесi колледж директорымен белгiленедi.

Циклдiк әдiстемелiк комиссияның жеке құрамы колледж директорымен бекiтiледi.

ЦӘК жұмысын тiкелей басқаруды бiлiм беру мекемесi директорымен оқу жылына арналып, тәжiрибелi оқытушылар қатарынан тағайындалған комиссия төрағасы атқарады. Колледждiң циклдiк комиссиясын жалпы басқаруды колледждiң әдiстемелiк кеңесiнiң төрағасы атқарады.

ЦӘК жұмысы әдiстемелiк кеңес төрағасы бекiткен оқу жылына арналған жоспар бойынша жүргiзiледi. Пәндiк комиссия отырысы айына бiр реттен сирек болмауы тиiс.

ЦӘК қызметiнiң негiзгi бағыттары


1.Оқушылардың өз бетiнше жұмыс iстеуiн ұйымдастыру, тәжiрибелiк сабақтарды орындау, пәндер бөлiмдерi мен бөлек тақырыптарды меңгерту бойынша нұсқаулар, әдiстемелiк құралдар, оқу жұмысының жоспары мен оқыту пәндерi бойынша бағдарламалар әзiрлеу.

2.Оқыту технологиясымен қамтамасыздандыру, оқыту тәсiлдерi мен әдiстерiн, инновациялық педагогикалық технологияларды таңдау.

3.Оқушылардың әдiстемелiк және кәсiби шеберлiгiн арттыру, олардың кәсiби бiлiмiн толықтыру, жас мұғалiмдерге көмек көрсету, ЦӘК құрамына кiретiн оқытушыларды аттестаттау бойынша ұсыныс енгiзу.

4.Жаңа педлагогикалық технологияларды, оқыту мен бiлiм беру тәсiлдерi мен әдiстерiн зерттеу, қорыту және бiлiм беру процесiне енгiзу, ашық сабақтарды дайындау, өткiзу және оларды талқылау.

5.Оқытушылардың ғылыми, шығармашылық жұмысын басқару.

6.Оқу бағдарламаларын, оқу, әдiстемелiк құралдарын, видеофильмдердi және басқа оқыту тәсiлдерiн қарастыру, оларға сын-пiкiр беру.

7.Оқыту пәндер кбинеттерiнiң жұмысы мазмұнына бiрыңғай талаптарды шығару, циклдiк әдiстемелiк комиссия құзыретiне қатысты оқытушылар жұмысының жоспарларын, ашық сабақтар өткiзу жоспарларын, т.б. материалдарды талқылау және қарастыру.


3. ЦӘК қызметi

1.Жоғары тұрған бiлiм беру, денсаулық сақтау мекемелерiнiң нұсқаулары мен бұйрықтарын, әдiстемелiк-бағдарламалық талаптарын пайымдау және оларды әрбiр оқытушыға уақытында және дұрыс жеткiзу.

2.Озат педагогикалық тәжiрибенi енгiзу, құнды педагогикалық табыстармен алмасу.

3.Психолого-педагогикалық нұсқаулар мен жетiстiктердi енгiзу мен қолдану.

4. Нақты оқыту –тәрбиелеу процесiн және оның нәтижелерiн талдау.

5. Оқытушылардың педагогикалық қызметiндегi қиыншылықтары мен кемшiлiктерiн жеңу және олардан алдын-ала сақтандыру.

6.Оқытушылардың өз бетiнше кәсiби бiлiм алуына, өзiн-өзi жетiлдiруiне дайындық ұйымдастыру.

7.Оқытушының теориялық және грамматикалық құзыреттiлiгн дамыту.


4. Жұмыс мазмұны мен түрi

Таңдалған әрекеттер түрi теориялық бiлiмдерiн практикалық жаттығулармен тежеу тiркесiмiн қамтамасыздандыру тиiс; аса тәжiрибелi оқытушылардың жастармен өзара әрекетi; ғылыми жетiстiктер мен тәжiрибе жұмысшыларының әдiстемелiк табыстарын қолдану:

  • жаңа бағдарламар мазмұнын талқылауға арналған отырыстар;

  • жаңа педагогикалық әдебиеттер және жаңа әдiстемелiк құралдар бойынша пiкiрталас; нормативтi құжаттарды зерттеу;

  • орта кәсiби бiлiм берудiң жаңалау жағдайындағы тәжiрибелiк және топтық сабақтар;

  • колледжiң алдына қойылған мiндеттерiн жүзеге асыру амалын көрсететiн ашық сабақтар өткiзу, тиiмдi оқыту әдiстемесi;

  • жаңа педагогикалық, медициналық мерзiмдiлiк пен басылымдарға қысқаша шолу жүйесi үшiн қалыптасқан қызығушылықтарды ескере отырып, тапсырмаларды бөлу;

  • әдiстемелiк кабинетке жыл сайын тапсырылатын оқытушылардың материалдарын: баяндамалар, әдiстемелiк зерттемелер, аналитикалық кестелер, оқу-әдiстемелiк құралдар, оқушылардың өздiк жұмысы бойынша құралдарын анықтау;

  • ЦӘК мүшелерi тапсырмаларды жалпы колледждiк әдiстемелiк жұмыс түрлерiне қатысу ретiнде орындау тиiс.

  • оқушылардың бiлiмiн бақылау мен талдау, бақылау жұмыстарына сын-пiкiр беруге оларды бағалауға бiрыңғай тәртiп пен мөлшерлерiн шығару, оқытушылар қиыншылықтарын анықтау; оқытушыларға әдiстемелiк көмек көрсету және оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудi жетiлдiру.

  • ОПТ қорыту, тарату, зерттеу бойынша жұмыстардың қорытындыларын талқылау;

  • ОҒЗЖ-ның конференциясы мен өткiзiлген үйiрмелер жұмысын, кәсiби шеберлiк конкурстар жұмысын талқылау.

  • қорытынды мемлекеттiк аттестаттау материалдарын, озат емтихандар өткiзу үшiн емтихан материалдарын дайындау, қарастыру және талқылау.

ЦӘК отырыстары ай сайын жоспарланып, теориялық семинарлар, пiкiрталас, iскери ойындар, дөңгелек үстелде кездесу түрiнде өткiзiлуi мүмкiн. ОӘК пәндерiн құру бойынша жұмыс, нұсқауларды шығару, үйiрме жұмысы тәжiрибесiмен алмасу, жас мұғалiмдермен тәжiрибелiк сабақтар өткiзу, оқушылардың бiлiмi, икемi мен дағдысын бақылау кесiндiсiн өткiзу және т.б. жұмыстар сессия аралық уақытына ЦӘК отырысына дайындық жұмысы түрiнде жоспарланады.


5. Циклдiк әдiстемелiк комиссия төрағасының мiндеттерi

1.Циклдiк әдiстемелiк комиссия жұмысын ұйымдастыру.

2.ЦӘК жұмысының жоспарын құрастыру.

3.Комиссия мүшелерi жұмысын зерттеу, оқыту сапасын бақылауды ұйымдастыру, оқытушылардың сабақтарға өзара қатысуын ұйымдастыру, ашық сабақтарды талқылау мен ұйымдастыруды басқару.

4.Комиссияның өткенде қабылдаған шешiмдерiнiң орындалуының жүйелiк тексерiсiн ұйымдастыру, комиссия отырыстарында тексерiстiң нәтижелерiн хабарлау.


6. Iс жүргiзу

1.Жұмыс жоспары.

2.Отырыстардың хаттамалары.

3.Семестр және жыл бойынша комиссия жұмысы жайында есеп.

4.Әдiстемелiк зерттемелер, баяндамалар, жарияланымдар және т.б.


ЖАС МҰҒАЛIМДЕР МЕКТЕБI ТУРАЛЫ

ЕРЕЖЕ





  1. Жалпы ережелер
Жас мұғалiмдер мектебi – бұл атқаратын қызметi бойынша еңбек өтiлi 2 жылдан кем емес жоғары және орта арнайы бiлiмi бар оқытушыларды бiрiктiретiн, бiлiктiлiктi жетiлдiру жүйесiнiң құрастырушы бөлiгi болып саналатын тұрақты жұмыс атқаратын кәсiби бiрлестiгi.
Жас мұғалiмдер мектебi жас мұғалiмдердiң жаңа кәсiби жағдайға кәсiби бейiмделу уақытында педагогикалық және әдiстемелiк қолдау көрсетедi.


2. Мақсаттары мен мiндеттерi:

Мақсаттары: жас мұғалiмдердiң өзiн-өзi оқытуы мен жетiлдiруiдi тұрақты талап етудi қалыптастыру.

Мiндеттерi:

- үздiксiз бiлiм беруде жас мұғалiмнiң талаптарын қанағаттандыру;

- түрлi қиыншылықтарды шешуде көмек көрсету;

- оқытушының жеке шығармашылық стилiнiң қалыптасуына көмектесу;

- жас мұғалiмдерге бiлiм беру процесiне қазiргi жаңа көзқарастар мен озат педагогикалық технологияларды енгiзуге көмек көрсету.


3. Қызметi мен мiндеттерi

1.Жас мұғалiмдер үшiн топтық сабақтар ұйымдастыру, практикалық, семинар сабақтарын, ғылыми-практикалық конференциялар өткiзу, бiлiм беру қызметiн ұйымдастыру және кәсiби өзiн-өзi оқыту мәселелерi бойынша жас мұғалiмдер мектебi мүшелерiнiң есептерiн тыңдау.

2.Жас мұғалiмдердiң кәсiби талаптарын зерттеудi ұйымдастыру, өзiн-өзi жетiлдiруге көмек көрсету.

3.Озат педагогикалық тәжiрибенi зерттеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.


4. Жас мұғалiмдер мектебi қатысушыларының құқықтары

1.Семинар, конференция, шығармашылық және педагогикалық шеберханаларға қатысу.

2.Колледждiң материялдық базасын өзiн-өзi оқыту үшiн қолдану.

3.Тәлiмгер-оқытушыдан консультациялық көмек алу.

4.Өзiнiң бiлiктiлiгiн арттыру.

5. Жауапкершiлiк

Жас мұғалiмдер мектебiнiң қатысушылары және жетекшiсi адлына қойылған мәселе, қызмет, мiндеттердi орындауға жауапты.


6. Басқаруды ұйымдастыру

Жас мұғалiмдер мектебiнiң жұмысын ұйымдастыру үшiн оқытушылар қатарынан жоғары немесе бiрiншi санатты оқытушы жетекшi болып тағайындалады.

Оқу жылы бойы жас мұғалiмдер мектебi төрт сабақ өткiзедi.

Жас мұғалiмдер мектебi жұмысының негiзгi формасына мыналар жатады:

-оқу-әдiстемелiк сұрақтар бойынша семинарлар, оқытушылардың шығармашылық есептерi;

- ашық сабақтар мен пән бойынша дәрiсханадан тыс iс-шаралар;

- дәрiстер, оқыту мен тәрбие беру әдiстемесi бойынша пiкiрталас және мәлiмдеме;

- педагоикалық озат тәжiрибенi зерттеу.


7. Iс жүргiзу

1. Жас мұғалiмдер мектебiнiң ережесi.

2. Жұмыс жоспары.

3. Әдiстемелiк нұсқау комплектiсi, ақпараттық бюллетеньдер.

Қосымша

Ағымдағы жылға арналған жас мұғалiмдер мектебiнiң


ЖОСПАРЫ


т/т №

Талқыланатын сұрақтар

Мерзiмi

Жауаптылар

Орындалуы жайында белгi, ескерту






























1   2   3   4   5   6   7   8

Похожие:

Министерство здравоохранения и социального развития республики казахстан iconЗакон Республики Казахстан от 28 апреля 1995 года «О льготах и социальной защите участников, инвалидов Великой Отечественной войны и лиц, приравненных к ним»
Министерство здравоохранения и социального развития Республики Казахстан по вопросам Специального докладчика ООН по правам инвалидов...
Министерство здравоохранения и социального развития республики казахстан iconМинистерство здравоохранения и социального развития Республики Карелия
«Республиканский центр по профилактике и борьбе со спид и инфекционными заболеваниями»
Министерство здравоохранения и социального развития республики казахстан iconМетодологические и управленческие основы развития геронтологической службы в Республике Казахстан
Работа выполнена в Институте развития здравоохранения Министерства здравоохранения Республики Казахстан
Министерство здравоохранения и социального развития республики казахстан iconРеспублики Казахстан «Саламатты Қазақстан»
Об утверждении Государственной программы развития здравоохранения Республики Казахстан
Министерство здравоохранения и социального развития республики казахстан iconРоссийской федерации министерство здравоохранения и социального развития российской федерации
Цель дисциплины изучение истории, закономерностей и логики развития врачевания, медицины и медицинской деятельности народов мира...
Министерство здравоохранения и социального развития республики казахстан iconПриказ Министерства здравоохранения и социального развития РФ от 1 июня 2006 г. N 443 "Об утверждении стандарта медицинской помощи больным с поражениями лицевого нерва"
Приказ Министерства здравоохранения и социального развития РФ от 1 июня 2006 г. N 443
Министерство здравоохранения и социального развития республики казахстан iconО концепции развития финансового сектора Республики Казахстан на 2007-2011 годы
В целях дальнейшего развития финансового сектора Республики Казахстан и приведения денежно-кредитной политики Республики Казахстан...
Министерство здравоохранения и социального развития республики казахстан iconРоссийской федерации письмо
Министерство здравоохранения и социального развития Российской Федерации направляет для использования в работе рекомендации по кодированию...
Министерство здравоохранения и социального развития республики казахстан iconРоссийской федерации министерство здравоохранения и социального развития российской федерации
Цель дисциплины освоение студентами теоретических основ и практических навыков диагностики заболеваний нервной системы и лечения...
Министерство здравоохранения и социального развития республики казахстан iconРеспублики Казахстан Министерство обороны Республики Казахстан Комитет Республики Казахстан по чрезвычайным ситуациям
В общеобразовательных школах всех типов занятия по "Основам безопасности жизне-деятельности" проводятся по настоящей Программе (1998...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница