Аудандық бюджет кірісі республикалық және облыстық бюджеттерден бөлінетін трансферттер мен субвенцияларды қоса алғанда




Скачать 439.85 Kb.
НазваниеАудандық бюджет кірісі республикалық және облыстық бюджеттерден бөлінетін трансферттер мен субвенцияларды қоса алғанда
страница1/3
Дата конвертации15.02.2016
Размер439.85 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://zhanakorgan.gov.kz/upload/files/rayakim2014.doc
  1   2   3
Жаңақорған ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы АНЫҚТАМА


Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауының қағидаларын және ауданның 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасында межеленген мақсаттар мен міндеттерді іске асыру бағытында өткен мерзім ішінде ауданда біршама жұмыстар атқарылды.

Қабылданған шаралар нәтижесінде ауданның әлеуметтік-экономикалык дамуында оң өзгерістер өз жалғасын табуда.


Бюджет және салық

2013 жылы аудан бюджеті 9 млрд. 234 млн. 868 мың теңгеге нақтыланып,

894 млн. 249 мың теңгеге өсті. Аудандық бюджетке 8 рет өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, жалпы кірістер 715 млн. 540 мың теңгеге, өз кірісіміз 648 млн. 872 мың теңгеге көбейді.

Аудандық бюджет кірісі республикалық және облыстық бюджеттерден бөлінетін трансферттер мен субвенцияларды қоса алғанда (болжамы 9 млрд. 056 млн. 159 мың теңге, орындалуы 9 млрд. 350 млн. 811 мың теңге) 103,3%-ға, яғни 295 мың теңгеге артық орындалды. Оның ішінде :

- Республикалық бюджет болжамдағы 4 млрд. 888 млн. 595 мың теңгенің орнына

3 млрд. 984 млн. 287 мың теңгеге (81,5%) ;

- Облыстық бюджет болжамдағы 142 млн. 32 мың теңгенің орнына 145 млн. 967 мың теңгеге (102,8%) ;

- Аудандық бюджет болжамдағы 1 млрд. 678 млн. 448 мың теңгенің орнына 1 млрд. 978 млн. 360 мың теңгеге (117,9%) орындалды.

2013 жылы бюджет кірісі өткен (2012ж.-5 млрд. 23 млн. 312 мың теңге) жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 1 млрд. 85 млн. 302 мың теңгеге артық түсірілді немесе 121,6%-ға орындалды.

Есепті мерзім ішінде жергілікті бюджет шығысы 9 млрд. 152 млн. 376 мың теңгеге немесе 99,1 %-ға (болжам 9 млрд. 324 млн. 868 мың теңге) орындалды, оның ішінде трансферттік түсімдер 7 млрд. 342 млн. 209 мың теңге.

2013 жылы аудандық бюджеттің 57,48 % білім, 6,00 % әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру,18,89% тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, 2,85 % ауылшаруашылық салаларына бағытталды.

Өнеркәсіп өндірісі және кәсіпкерлік

Ауданның өнеркәсіп орындары 2013 жылдың есепті кезеңінде 31 млрд. 413 млн. теңгенің өнімін өндіріп, өнім көлемі 2012 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 143,3%-ды құрады.

Кен өндіру өнеркәсібінде 17 млрд. 460 млн. 469 мың теңгенің өнімі өндірілген, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 137,9%.

Еліміздегі іске асырылып жатқан индустриялы-инновациялық даму бағдарламасы аясында облыста 22 жоба іске асырылса, оның ішінде жалпы құны 33 млрд. 982 млн. теңгені құрайтын 5 жобасы ауданында іске асырылды. Аталған жобалардың іске асырылуы есебінен 485 жаңа жұмыс орындары ашылып, 1 жоба Республикалық даму картасына, 4 жоба аймақтық даму картасына еніп отыр.

Индустриялы-инновациялық Даму бағдарламасы картасынан тыс жалпы құны 14 млрд. 295,5 млн. теңге тұратын 3 жоба іске асырылып жатса, 502 жаңа жұмыс орындары ашылды. Жалпы алғанда 2010-2013 жылдары өндіріс саласына 48 млрд. 277 млн. теңгеден астам инвестиция салынып, жаңадан 987 жаңа жұмыс орындары ашылды. Жалпы 2014-2016 жылдары ауданға 60,0 млрд. теңгенің инвестициясы тартылады деп күтілуде.

Ауданда ауылшаруашылығы өндірісінің дамуымен қатар, өнеркәсіп орындары шоғырланған аймаққа айналуы өнеркәсіп өндірісінің өндірген өнім көлемі 2009 жылмен (2009ж.-5 млрд. 58 млн. теңге) салыстырғанда 6 есе, өткен жылдың (2012ж.-20 млрд. 955,5 млн. теңге) есепті кезеңімен салыстырғанда 149,9%-ға артып отыр.

Индустриялы-инновациялық Даму бағдарламасының аясында алдағы (2-ші бесжылдықта) кезеңде іске асырылатын бірнеше ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бағытында, жоба бастамашыларымен оның ішінде «Шалқия ЦИНК ЛТД» ЖШС-нің кен байыту фабрикасы, жылдық қуаты 700 мың тонна цемент өнімін шығаратын «Сырцемент» ЖШС-нің зауытының құрылысы, қуаты 50 Мвт электр энергиясы қуатын өндіретін күн электр станциясы, полиэтилен трубалары зауыты, минералды тыңайтқыш өндіретін зауыт құрылысының жобаларын нақтылау жұмыстары жүргізілуде.

«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында «Тату Агро» шаруа қожалығының томат өңдеу зауытын электр энергиясымен қамтамасыз ету мақсатында жалпы құны 331,0 млн. теңге тұратын іске асырылып жатқан жобасы Бесарық, Кеңес, Манап елді мекендерін электр қуатымен қамтамасыз етуде.

Ауданда орта және шағын өндірісі саласы жылсайын дамып, жаңа қызмет көрсету орындары ашылып, қарқын алу нәтижесінде жаңадан сауда алаңы 1200 шаршы метрлік жалпы құны 170 млн. теңге тұратын «Нұрасыл» сауда үйі, жалпы құны 30,0 млн. теңге тұратын «Тасболат и К» ЖШС–нің қуаты тәулігіне 60,0 тонна күріш ақтайтын зауыт салынып пайдалануға берілсе, кондитер өнімдерін шығаратын 2 цех, қабырғалық құрылыс блоктарын (шлакоблок) шығаратын бірнеше цехтар ашылып жұмыс істеуде.

2014 жылдың 1 қаңтарына ауданда шағын және орта кәсіпкерлік саласында
2504 субъектісі тіркелген. Оның ішінде 181 бірлік заңды тұлғалар, 1732 бірлік жеке кәсіпкерлер, 591 бірлік шаруа қожалықтары. Есепті кезеңде шағын және орта кәсіпкерлік саласында жұмыспен қамтылғандар саны 5360 (адам) бірлікті құраса,

6 млрд. 350 млн. теңгенің өнімін өндіріп, жергілікті бюджетке 161,7 млн. теңгенің салық түсімдері түсірілді.

2012 жылдың есепті кезеңімен салыстарғанда 2013 жылды кәсіпкерлік субъектілерінің тіркелуі 100,1%-ға, жұмыспен қамтылған адамдар саны 100.2%-ға, шығарылған өнім мен көрсетілген қызмет 108,0%-ға, бюджет түсімдері 108,0%-ға өсіп отыр.

2013 жылы аудан орталығындағы микрокредиттік ұйымдар арқылым аудан тұрғындарына 274,0 млн. теңге, «Қамқоршы» несие серіктестігі арқылы кәсіпкерлерге 180,0 млн. теңге жеңілдетілген несие берілді.

Ауыл шаруашылығы

Ауданда ауылшаруашылығы өндірісімен айналысатын 688 шаруашылық құрылымдары тіркелсе, оның 341-і егін шаруашылығымен, оның 133-і күріш өсірумен айналысуда.

2013 жылы ауданда жоспардағы 27122 гектардың орнына, 29261 гектарға немесе жоспардағыдан артық 2129 гектар жерге ауылшаруашылығы дақылдары егілсе, 250 тонна супер элита, 127 тонна элита, 300 тонна І-репродукция, 1142 тонна ІІ-репродукция күріш тұқымы себіліп, егілген ауылшаруашылығы дақылдарына 2564 тонна азот, 129 тонна фосфор тыңайтқыштары беріліп, 60 килограмм Гулливер улы химикатымен күріш алқабының арам шөптерге қарсы өңдеу жұмыстары жүргізілді. Күріштің 3400 гектары үстеп қоректендірілсе, 700 гектары арам шөптерге қарсы өңдеу жұмыстары атқарылды.

Барлық егілген егістің 11410 га дәнді дақылдар болса, оның ішінде: 8226 га күріш, 2192 га күздік бидай, арпа, 430 га тары, 502 га дәндік жүгері, 526 га мақсары, кұнбағыс, 2876 га картоп, бақша, көкөніс, 4906 га жаңа жоңышқа, 9603 гектар ескі жоңышқа күтімге алынып дер кезінде жиналып алынды.

Негізгі дақыл күріштің әрбір гектарынан 40,0 цн өнім алынып, 32970 тонна өнім өндірілсе, егілген 2160 гектар күздік, жаздық бидай дақылдары жиналып алынып, 2012 жылмен салыстырғанда 201 тоннаға артық өнім өндірілді.

Сонымен қатар 2013 жылы тамшылатып суару технологиясымен 2 шаруа қожалығы («Шадымхан»,«Нұр») 71,5 гектарға жеміс-жидек екті, оның 30 га алма, 41,5 гектары жүзім дақылдары. «Серікбай» шаруа қожалығының 0,7 гектар жылыжайында 12 адам тұрақты жұмыспен қамтылып, 35 тонна қияр өндіріліп халыққа сатылды.

Аудан бойынша межеленген 136,0 мың тонна мал азығының орнына, 142500 тонна дайындалып 105,0%-ға орындалса, мал азығындық дақылдарының көлемі 2012 жылмен салыстырғанда 2824 гектарға ұлғайды.

2013 жылы республикалық бюджеттен бөлінген қаржыға 602 гектар жерге бақша дақылдарының зиянкесі қауын шыбынына қарсы , 5050 гектар жерге саяқ шегірткеге қарсы өңдеу жұмыстары жүргізілді, оның 2650 гектары шаруашылық құрылымдарының, 2400 гектары мемлекеттік жер қорынан.

Көктемгі егіс пен егін жинау кезіндегі жұмсалатын өндірістік шығындарды арзандату үшін 193 шаруашылық құрылымдарына барлығы 344,3 млн. теңге субсидия берілді, оның ішінде 213,0 млн. теңге егісті қолдауға, 28,5 млн. теңге тұқым сатуға, 19,0 млн. теңге минералды тыңайтқышпен улы химикаттар сатып алуға, 49,7 млн. теңге жеміс-жидек өсіруге, 34,1 млн. теңге су жеткізіп беру қызметі құнын арзандатуға субсидия төленді.

Несиелендіру жұмыстары.

Аудандағы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне жеңілдетілген несие берумен айналысатын «Қамқоршы» несие серіктестігінің құрылтайшылар саны 2013 жылдың аяғына дейін 84-ке жетіп, көктемгі егіске аталған несие серіктестігі арқылы барлығы 27 шаруашылыққа 180,1 млн.теңге жеңілдікпен несие берілді, оның ішінде егін шаруашылығымен айналысатын 7 шаруашылық 81,0 млн. теңге, мал шаруашылығын дамытуға 20 шаруашылыққа 99,1 млн. теңге.

Сонымен бірге «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның Қызылорда филиалы арқылы 2013 жылы көктемгі егіске және мал шаруашылығын дамытуға аудандағы 5 шаруашылыққа барлығы 27,5 млн. теңге жеңілдетілген несие берілді. Аудандағы шаруашылықтар лизингілік жүйемен 4 жаңа трактор алды.


Аудандағы шаруашылық құрылымдарына (әрбір литрі 86,70 теңгеден) 2013 жылдың көктемгі дала жұмыстарына жеңілдетілген бағамен 2040 тонна, күзгі дала жұмыстары мен егін жинау кезінде 2340 тонна жанар май сатып алынды.

Ауданда мал шаруашылығын дамыту саласы бойынша 2013 жылдың соңында (1.01.2014ж.) мал басының саны мүйізді ірі қара 45618 басқа, уақ мал 180000 басқа, жылқы 9500 басқа, түйе 1050 басқа жетіп, 6100 тонна ет, 11500 тонна сүт, 290 тонна жүн өнімдері өндіріліп, өткен жылғы есепті кезеңмен салыстырғанда 101—105 пайызға артыо отыр. Қазіргі таңда ауданымызда 3 асыл тұқымды қой шаруашылығы, 1 сүт бағытындағы асыл тұқымды мүйізді ірі қара малын өсіретін шаруашылықтар жұмыс істеуде.

Аудандағы мал шаруашылығын дамытуға мемлекет тарапынан көрсетілген қолдаудың нәтижесінде 2012 жылы мал өсіруші шаруашылықтар 143,0 млн. теңге, 2013 жылы 210,0 млн. теңге субсидия алып, төленген субсидия көлемі 2012 жылмен салыстырғанда 147,0%-ға артып отыр.

«Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасы бойынша берілген несиеге 2012 жылы 185,3 млн. теңгеге 93 бас асыл тұқымды бұқалар мен 1061 бас сиыр, 2013 жылы 111,1 млн. теңгеге 135 бас асыл тұқымды ет бағытындағы бұқалар мен 1861 бас аналық сиырлар мен қашарлар сатып алынса, одан тысқары аталған бағдарлама шеңберінде 18 шаруашылық меншігіндегі ірі қараларға селекциялық жұмыстар жүргізу мақсатында 54 бас асыл тұқымды бұқалар мен 100 бас асыл тұқымды ақ бас қашар сатып алды.

Сатып алынған бұқалар тұқымдық түрлендіруге 2013 жылдың басындағы 16520 ірі қара малдың 4800 басына (аналық малдың 29,0%-ы) асыл тұқымдандыру үшін селекциялық жұмыстар жүргізілді.

Мемлекеттің мал шаруашылығы жөніндегі қолдау көмегін тауар өндірушілер жыл сайын тиімді пайдаланып келеді. Атап айтқанда аудан бойынша 2010 жылы 48,2 млн. теңге, 2011 жылы 62,0 млн. теңге, 2012 жылы 143,0 млн. теңге, 2013 жылы 210,0 млн. теңге субсидия берілді. Қожамберді ауылдық округіндегі «Нұрболат» ШҚ 13500,0 мың теңгенің бордақыланған қой етін, «Бақытжан» ШҚ 5328,0 мың теңгенің бордақыланған сиыр етін, 1987,2 мың теңгенің бордақыланған жылқы етін, 2160,0 мың теңгенің қой етін, «Бозінген» ШҚ 368,0 мың теңгенің бордақыланған сиыр етін сатып субсидия қаржысын игерді. «Нұрболат» ШҚ мал бордақылау алаңында өз меншігіндегі малын семіртіп, өңдеп сатуды қамтамасыз етіп отыр. Алдағы кезеңде осындай мақсаттағы жұмыстарды «Мырзабай», «Көбелдес», «Бақытжан» шаруа қожалықтары мал сою пункттерінің құрылысын салып жүзеге асыруды көздеп отыр. «Сыбаға» бағдарламасын тиімді пайдалану мақсатында аудандағы бірқатар шаруашылықтар бордақылауға қойылатын малдарының басына қарай бордақылау алаңдарын салып алуды қолға алуда. Өткен жылы 600 астам ірі қара мал басын тауар өндірушілер өздерінің бордақылау алаңдары арқылы жоғары кондицияға жеткізіп сатуды қамтамасыз етті.

Эпизоотияға қарсы шараларды жүргізуге республикалық бюджеттен бөлінген 166 млн. 923 мың тенге қаржының 166 млн. 747 мың теңгесі (99,9%) игерілсе, оның

49779,3 мың теңгесіне 357877 бас уақ мал мен мүйізді ірі қара мал жоспарға сәйкес диагностикалық тексеруден өткізілді, 116968,0 мың теңгесіне ҚР Үкіметінің тізіліміне енгізілген 1391 мың бас уақ және ірі малдарға аса жұқпалы ауруларға қарсы егу шаралары жүргізілді.


Республикалық бюджеттен бөлінген 82 млн. 421,2 мың тенгеге ветеринариялық құрал жабдықтар сатып алынып толық қамтамасыз етілді. Оның ішінде 1-Дук қондырғысы орнатылған автокөлік, 1 өлекселер өртейтін крематорий пеші (инсениратор), 25 тоңазытқыш, 25 электрогенератор, 25 ветеринариялық шаралар кезінде жануарларды ұстау құрылғысы, 25 қолдан ұрықтандыру пунктеріне құрал жабдықтар, 25 жиынтық компьютер бірліктері, 25 қызметтік автокөлік сатып алынды.

2013 жылға аудандық бюджеттен каңғыбас ит мысықтардың көзін жою шараларына 1700,0 мың тенге қаржы бөлініп, 1932 бас ит, 94 бас мысықтың көзі жойылды.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасының орындалуы :

2009 жылдың басынан бастап жүзеге асырылып келе жатқан «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында ауылдық елді мекендерге тұруға және әлеуметтік ұйымдарда жұмыс істеуге келген мамандарға 2013 жылға республикалық бюджеттен 41 маманға (20-ы білім беру, 14-і денсаулық сақтау, 7-і ветеринария саласына) 4,9 млн. теңге бір жолғы көтерме жәрдемақы мен 57 маманға бөлінген 147,9 млн. теңгеден 146,2 млн. теңгесі 62 маманға (39-ы білім беру, 18-і денсаулық сақтау, 2-і әлеуметтік қамсыздандыру, 3-і ветеринария саласы) тұрғын үй сатып алуға несие берілді.


Инвестиция, құрылыс

Есепті мерзімге негізгі капиталға тартылатын инвестицияның макроэкономикалық жылдық болжамы 24 млрд. тенге болса, нақты барлығы 12 млрд. 958 млн. 840 мың теңге инвестициялық қаржы салынды, бұл көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 111,3% құрайды. Оның ішінде республикалық бюджеттен 2 млрд. 878 млн. 824 мың теңге, жергілікті бюджеттен 1 млрд. 235 млн. 515 мың теңге, кәсіпорындар мен халықтан 4 млрд. 124 млн. 539 мың теңге қаржы тартылған.

Есепті кезеңге жеке тұрғындар есебінен макроэкономикалық жылдық болжамда жалпы ауданы 19400 шаршы метр, тұрғын үй салынатын болса, нақты 25420 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, өткен жылдың тиісті кезеңіне 111,7%-ды құрады.

Ауданда мемлекеттік коммуналдық 2 тұрғын үй құрылысына Республикалық бюджеттен 11200,0 мың теңге, облыстық бюджеттен 2255,0 мың теңге, аудандық бюджеттен қосымша 9092,0 мың теңге, барлығы 22247,0 мың теңге бөлінген қаржыға Жаңақорған кентінен 2 бөлмелі 2 тұрғын үй салынып пайдалануға берілсе, коммуналдық меншікке 2 тұрғын үй сатып алуға бөлінген 4000,0 мың теңгеге ҰОС ардагерлеріне Жаңақорған кентінен 2 тұрғын үй сатып алынды.

2014 жылы салынатын 36 тұрғын үйдің ЖСҚ-н 2012 жылғы әзірленген ЖСҚ негізінде байланыстыра отырып, мемлекеттік сараптамадан өткізуге бөлінген 4804,0 мың теңгенің 4573,0 мың теңгесі игеріліп, қаржының қалған 231,0 мың теңгесі жасалған келісім шартқа сәйкес осы жұмыстарды аяқтау үшін 2014 жылдың сәуір айына мемлекеттік сараптамаға қалдырылып отыр.

Жаңақорған кентінен 50 орындық балабақша құрылысын салу үшін 2013 жылға бөлінген 95000,0 мың теңге қаржының 73083,1 мың теңгесі игерілсе, аталған нысан келісім шартқа сай нысан 2014 жылдың маусым айында пайдалануға берілетін болады.

Есепті кезеңде аудандық маңыздағы автомобиль жолдарына Республикалық бюджеттен «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасына сәйкес, 2341113,0 мың теңге бөлініп 16,0 шақырым автомобиль жолдарына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде аудандық маңыздағы «Самара-Шымкент-Қосүйенкі» жолының 12,0 шақырымына 113500,0 мың теңге қаржы бөлініп игерілді.
  1   2   3

Похожие:

Аудандық бюджет кірісі республикалық және облыстық бюджеттерден бөлінетін трансферттер мен субвенцияларды қоса алғанда iconАуданның әлеуметтік-экономикалық дамуының
Республикалық және облыстық бюджеттерден түскен субвенциялар мен нысаналы трансферттер 1224,2 млн теңгені құрайды
Аудандық бюджет кірісі республикалық және облыстық бюджеттерден бөлінетін трансферттер мен субвенцияларды қоса алғанда icon2012-2014 жылдарға арналған Арал ауданының аудандық деңгейдегі азаматтық бюджеті
Бюджет Кодексіне 2012-2016 жылдарға арналған Арал ауданының әлеуметтік-экономикалық даму болжамы мен бюджеттік параметрлеріне және...
Аудандық бюджет кірісі республикалық және облыстық бюджеттерден бөлінетін трансферттер мен субвенцияларды қоса алғанда iconОблыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мал шаруашылығын дамытуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер
«Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыру мақсатында...
Аудандық бюджет кірісі республикалық және облыстық бюджеттерден бөлінетін трансферттер мен субвенцияларды қоса алғанда iconОблыстық бюджеттердiң мал шаруашылығы өнiмдерiнiң өнiмдiлiгiн және сапасын арттыруды субсидиялауға 2012 жылғы республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидалары
Н ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) 088 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының...
Аудандық бюджет кірісі республикалық және облыстық бюджеттерден бөлінетін трансферттер мен субвенцияларды қоса алғанда iconОблыстық бюджеттердiң мал шаруашылығы өнiмдерiнiң өнiмдiлiгiн және сапасын арттыруды субсидиялауға 2012 жылғы республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидалары
Н ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) 088 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының...
Аудандық бюджет кірісі республикалық және облыстық бюджеттерден бөлінетін трансферттер мен субвенцияларды қоса алғанда icon2012 жылғы 16 мамырдағы №325 Қаулысы Облыстық бюджеттердiң мал шаруашылығы өнiмдерiнiң өнiмдiлiгiн және сапасын арттыруды субсидиялауға 2012 жылғы республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидаларын бекiту туралы
Азақстан Республикасының «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шiлдедегi...
Аудандық бюджет кірісі республикалық және облыстық бюджеттерден бөлінетін трансферттер мен субвенцияларды қоса алғанда iconОблыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің тұқым шаруашылығын қолдауға 2012 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану
Республикасының «Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы және «2012 – 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы»...
Аудандық бюджет кірісі республикалық және облыстық бюджеттерден бөлінетін трансферттер мен субвенцияларды қоса алғанда iconҚазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпыәскери жарғыларын бекіту туралы
Және «Республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) терроризмге қарсы...
Аудандық бюджет кірісі республикалық және облыстық бюджеттерден бөлінетін трансферттер мен субвенцияларды қоса алғанда icon30. 03. 11 г. №297 Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің тұқым шаруашылығын қолдауға 2011 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасын бекіту туралы
Азақстан Республикасының «Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы және «2011 – 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет...
Аудандық бюджет кірісі республикалық және облыстық бюджеттерден бөлінетін трансферттер мен субвенцияларды қоса алғанда iconОблыстық бюджеттердiң және Астана қаласы бюджетiнiң өндiрiлетiн ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығын және сапасын арттыруды қолдауға 2010 жылғы республикалық бюджеттен бөлiнетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану ережесiн бекiту туралы
Азақстан Республикасының «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шiлдедегi...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница