Қысқа мерзімді курс тыңдаушыларының кәсіби құзіреттілік деңгейлерін бағалау бойынша әдістемелік ұсыныс




Скачать 287.78 Kb.
НазваниеҚысқа мерзімді курс тыңдаушыларының кәсіби құзіреттілік деңгейлерін бағалау бойынша әдістемелік ұсыныс
страница1/3
Дата конвертации15.02.2016
Размер287.78 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://sch1.kz/materials/portfoliokz.doc
  1   2   3
Қысқа мерзімді курс тыңдаушыларының кәсіби құзіреттілік деңгейлерін бағалау бойынша әдістемелік ұсыныс


Құрастырушы К.Қ.Кулесова


Заманауи әлеуметтік-экономикалық жағдайда педагогтардың оқу әрекеттерін оңтайландыру объективті түрде бірінші кезекке жылжиды. Педагогикалық қызметкерлердің біліктіліктерін арттыру және қайта даярлау мәселесін шешпей, заманауи дамыған экономика қажеттіліктеріне сәйкес білім беру сапасының мектеп бітірушілердің дайындығын қамтамасыз ету, жалпы білім беру жүйесін жаңарту мүмкін емес.

Қосымша кәсіби педагогикалық білім берудің заманауи жүйесінің мақсаттарын төмендегідей белгілеуге болады:

1. Педагогикалық кадрлардың кәсіби құзіреттіліктерінің деңгейлерін олардың қызметтерінің дамытушы мазмұнына сәйкес арттыру.

2. Мұғалім бойында жекке тұлғалық, кәсіби және әлеуметтік даму субъектісінің қасиеттерін қалыптастыру.

3. Педагогтардың өздерінің кәсіби біліктіліктерінің деңгейлерін көтеруге жеке жауапкершіліктерін арттыру, педагогтың оқу қызметіне тұлғалық мәнді бағытталуы, білім беру сұраныстарын жетілдіру, олардың қажеттілік-уәждік аясын дамыту.

4. Біліктілікті арттыру жүйесінде білім беру қызметкерінің тұтынушы ғана емес, сонымен қатар білім беру қызметінің өндірушісінің ролінде қатысуы үшін қолайлы жағдай жасау.

Заманауи өзгеріп отырған әлемде білім беру жүйесінің алдында тұрған негізігі міндеттердің бірі өз қабілеттері мен мүмкіндіктеріне сәйкес тиімді, дәл және жауапты шешім қабылдаушы, саналы, әрекет етуші өз бетінше дамудың жеке траекториясын таңдаушы адамның дайындығына қайта бағдарлау болып табылады.

Бағалау формалары өнімге бағытталған, өз бетінше ұйымдастыру мен жауапкершіліксіз оқу әрекетінің нәтижесі мүмкін емес.

Кәсіби құзіреттілікті белгілеудің әрекетті механизмі - «Портфолио». Бағалаудың осындай тәсілі оларға материалдық және моральдық кепілдік беретін, өз біліктері мен құзіреттіліктерін жетілдіруге бағытталған, өзінің білім және өмірлік траекториясын тиімді құру мүмкіндігі мен құқығын алған азаматтың қажеттілігіне бағдар анық байқалатын «Өмір бойы оқу» жаңа стратегиясына барынша сәйкес келеді.

Білім қызметкерлерінің кәсіби қайта даярлау және біліктілікті арттыру курстарында ұйымдастырылатын оқу үрдісінің Портфолиосы біліктілікті арттыру курстарында оқыту үрдісінің нәтижесін және оның барысын жүйелендіру мен жинақтау нұсқаларының бірін көрсетеді.

Тыңдаушының портфолиосы педагогқа көмек көрсету үшін құрылады:

- оқыту үрдісін дәріс және семинар сабақтарын өткізу уақытында да, тапсырма мен өз бетінше жұмысты орындау уақытын да толық белгілеу;

- оқылған материалға сүйене отырып қорытынды жұмысты сапалы дайындау;

- педагогикалық қызмет үрдісінде әрі қарай оқытудың бар үрдісін қалпына келтіру және оның материалдарын өзінің күнделікті жұмысында пайдалану.

Портфолионың мақсаты  педагогтардың шығармашылық бастамаларын дамыту, педагогикалық еңбектің өнімділігі мен кәсібилігін, құзіреттілікті өсуін ынталандыру болып табылады.

Портфолионы жүргізу біліктілікті арттыру курстарының әр тыңдаушысы үшін міндетті, өйткені ол ресми құжат болып табылады және курсты өту барысында тыңдаушымен қорғалатын бітіруші аттестациялық жұмысты көрсетеді.

Педагогтың кәсіби деңгейі белгілі бір қиындықты кәсіби міндеттерді шешу қабілеттіліктері мен біліктіліктері, білімдері кешенін анықтайды.

Курс тыңдаушысының портфолиосының нақты сипаттамасы мұғалімнің әрекетіне және оның нәтижелеріне сыртқы сараптаманы жеңілдететін құрал болып қана табылмайды, сонымен қатар мұғалім үшін рефлексия мен өзін-өзі бағалау мүмкіндігін қамтамасыз етеді, ең бастысы жобалауға және оның кезеңдерін, міндеттерін, оны іске асырудың түрлерін бақылауға мүмкіндік беретін кәсіби өсуді қолдайтын құрал.

Портфолиомен жұмысты бағалаудың критерийлері:

1.   Өзіне мониторинг жүргізудің жүйелілігі мен тұрақтылығы.
2.    Нақтылық пен объективтілік.

3. Материалдың жаңалығы.
4.    Автордың өзін-өзі жетілдіруіне мақсаттылығы.
5. Материалдардың құрылымдылығы, барлық жазбаша түсініктемелердің

қисындылығы мен қысқалығы.

6.    Көркемдеудің ұқыптылығы мен эстетикалығы.
7. Ұсынылған материалдардың тұтастығы, тақырыптық аяқталушылығы.
8.    Жұмыс нәтижесінің көрнектілігі.
9.    Технологиялығы.

10. Практикалық бағыттылығы

Портфолионың құрылымы біліктілікті арттыру жүзеге асырылатын оқу бағдарламасының құрылымына сәйкес келеді (сондай блокты-модульдік сипатта).


Курс тыңдаушыларының портфолиосының мүмкін тараулары:

Тарау I. Тыңдаушы туралы жалпы мәліметтер. Бұл тарауда педагог туралы жалпы мәліметтер түйіндеме түрінде ресімделеді. 2 жылдан 3 жылға дейінгі мерзімде кәсіби даму жоспары әзірленеді. Бұл тарауға мұғалімнің әр түрлі саладағы жетістіктерін сипаттайтын материалдар енеді және педагогтың жеке дамуы үрдісі туралы пікір айтуға мүмкіндік береді.

II тарау. Кіріс және шығыс диагностикасы. Тыңдаушы әр ұсынылған модульге педагогтың кәсіби құзіреттілік деңгейін объективті бағалайтын бірқатар тест тапсырмаларын орындау қажет. Педагогтар жауаптарын тексергеннен кейін кіріс диагностикасының нәтижелеріне өзін-өзі талдау жүргізіледі, IV тарауда нақты ұсынылатын өзіндік білім жетілдіру бойынша жұмыс бағыттарын анықтайды.

III тарау. Курс тыңдаушысының жұмыс дәптері. Бұл тарауда іштей оқу барысында оқу-тақырыптық жоспарды орындау үрдісін белгілеу (жалпылама) қажет. Оқу пәнін игеру үрдісі белгіленеді, анықталатын ақпарат толық жазылады, тыңдаушы оқылатын материалға өз қатынасын білдіреді, туындаған мәселелерді т.б. қалыптастырады.

Бұл тарауда принципті түрде, оқытушылармен күндізгі сесссия уақытында оқылатын, «үй тапсырмасында» орындалған материалдар ғана емес, сонымен қатар педагогтың оқытушы тапсырмасы бойынша өз бетінше өз бастамасы бойынша оқығаны маңызды.

Берілген тараудың материалдары аттесталатын педагогтың белгілі бір мерзімге оқу әрекетінің нәтижелерінің динамикасы туралы ұсынысты беруі тиіс.

IVтарау. Курс тыңдаушысының шығармашылық дәптері. Тыңдаушыға бұл тарауда өз бастамасымен және өз бетінше атқарған әрекетін белгілеу, мысалы, оқылған құралдар мен ғылыми баспалардың анннотациялары, әдістемелік журналдардан мақалалар, өткізілген зерттеулер мен олардың нәтижелеріне талдау, социологиялық сұраулар т.б. ұсынылады. Өзінің авторлық бағдарламасының мәтіндері де, әдістемелік материалдар және басқа оқылған материал негізінде құрастырылған, сондай-ақ оқытушылардан, курс тыңдаушыларынан немесе басқа да дереккөздерден алынған мәтіндер жүйеленеді. (нақты көздерді көрсетумен).

Бұл тарауда өткізілген зерттеудің бастапқы материалдары және алынған нәтижелер туралы есептерін жинау, кәсіби қайта даярлаудың аталған курсының материалдарын пайдаланумен тыңдаушылардың практикалық әрекеттері туралы пікірлерді жүйелеу қажет.

Осылайша, бұл тарауда педагогтың кәсібилігі туралы растайтын әдістемелік материалдар орналастырылады.

Vтарау. Курстан кейінгі кезеңге өз бетінше жұмысқа арналған тапсырмаларды орындау. Бұл тарауда курс тыңдаушыларына жеке жоспар бойынша оқытушылардың курс уақытында берген инновация, әдістеме және технологияны енгізу бойынша ұсынылған тапсырмаларды орындау нәтижелері белгіленеді және жүйеленеді.

VIтарау. Қосымшалар. Тарауға оқушылардың пән бойынша орындаған шығармашылық жұмыстары, рефераттары, оқу-зерттеу жұмыстары, жобаларының тізімдері енеді; олимпиада, байқау, жарыстар, интелектуалды ойындар және т.б. жеңімпаздардың тізімдері; сыныптан тыс іс-шара сценарийі, өткізілген іс-шара жазылған бейнетаспа және фотосуреттер (көрмелер, пәндік саяхаттар, КТК (КВН) брейн-рингтер және т.б.); үйірмелер мен факультативтер бағдарламалары; басқа құжаттар.

VII тарау. Тыңдаушының қорытынды бағалау парағы. Бұл тарауда беріледі портфолиоға пікірлері мен рецензиялар және жетістікті іске асыруды растайтын ресми құжат беріледі (немесе оның көшірмесі).

Қорытынды бағалау парағын куратор бағалау парағының әр тарауынан алынған мәліметтер негізінде толтырылады.

Портфолионың әр тарауы әр түрлі модульдер аясында тыңдаушылардың әрекеттерінің нәтижелерінен шыға отырып бағалау критерийлеріне сәйкес бағаланады. Жинақталған балдар қосылады. Егер тыңдаушы жіберілетін төменгі балл санын жинаса, онда жұмыс қорғауға жіберіледі.


Тыңдаушы өзінің шығармашылық дәптеріне енгізе алатын шығармашылық жұмыстардың кейбір түрлері (IVтарау):

Түсіндірме (Аннотированный) каталог тыңдаушыны қызықтыратын тақырыптар бойынша құрастырылады және мәлімет алынатын көзге қысқаша талдаудан тұрады. Түсіндірме каталогтың құрылысы төмендегідей болуы мүмкін:

- мақаланың, құралдың, электронды ресурстың шығыс мәліметтері;
- кілтті сөздер;
- қысқаша аннотация.

Өздігінен білім алуға арналған әдебиеттер тізімі, сандық ресурстар коллекциясы. Әдебиеттер тізімі МемСТ 7.1-84 «Құжаттардың

библиографиялық сипаттамасы: жалпы талаптар және құрастыру ережесі» талаптарына сәйкес келтіріледі. Әр дереккөз қатаң түрде оның алфавиттік тәртіптегі атауына сәйкес көрсетіледі және нөмірленеді. Тізімге портфолио авторын тікелей қызықтырған жұмыстар ғана енгізіледі.

Өз бетінше білім алу жоспарын кесте түрінде атауымен көрсетуге болады: тақырыбы; дереккөзі; орындалған күні; орындалуы туралы белгі; ескертулер.

Өздігінен білім алуға арналған тақырыптар кіріс диагностикасының нәтижелері бойынша анықталады немесе педагогтың жұмыс істеп жатқан мәселесінен таңдалады. Бұл тыңдаушы жұмыс істейтін нақты білім беру ұйымдарына арналған өзекті тақырыптар болуы мүмкін.

Бір тақырыпқа тыңдаушы зерттеуге жоспарлаған іріктелген бірнеше ғылыми көздер болуы мүмкін. Қандай да бір тақырыпты зерттеудің шамамен алғандағы күндері белгіленеді де, содан кейін жоспарланған жұмыстың орындалуы туралы белгі қойылады. «Ескертулер» графасында педагогты не ерекше қызықтырғаны, егер тақырып немесе дереккөздер орындалмаса, себебі көрсетіліп белгіленеді.

Тезаурус – бұл лексикалық бірліктер арасындағы семантикалық қатынас көрсетілген идеографиялық сөздік. Тезаурус бейтаныс терминнің мағынасын анықтауға мүмкіндік береді, қарастырылатын нәрсені нақтылайды, сонымен қатар тыңдаушы үшін өзекті тақырып (тақырыптар) бойынша құрастырылады. Тезаурсты кесте түрінде беруге де болады.

Диагностикалық және үйрететін әдістер Т.Г.Браженің басшылығымен әзірленген, педагогтардың кәсіби құзіреттіліктерін диагностикалаудың тиімді формаларының бірі болып табылады.


Барлық тапсырмалардың басты принципі – оқыту үрдісінде тікелей практикалық қолдануға бағыттылығы. Оларды сонымен қатар педагогтың практикалық әрекетінде оқытуда жоғары нәтиже алу үшін маңызды жаңғыртатын әртүрлі түрлерін, міндеттердің типтерінің әртүрлілігі сипаттайды. Педагогқа ұсынылған тапсырмаларды орындау өз әрекетін түсінуінің, жаңа деңгейге көтерілуіне және оны жетілдіруге мүмкіндік береді, өйткені тапсырмалардың диагностикалық және өзін-өзі диагностикалау функциясы педагогтың өз біліктілігін көтеруге, кәсіби құзіреттілігінің деңгейін сезінуінің маңызды элементі екендігін көрсетеді.

Реферат – тақырып бойынша ғылыми еңбектердің, әдебиеттер мазмұнын жазбаша түрде қысқаша баяндау. Бұл автордың зерттеген мәселесінің мәнін ашып, әр түрлі көзқарасын, сонымен қатар оған өзінің де көзқарасын келтіретін өз бетінше ғылыми-зерттеу жұмысы. Рефераттың тақырыбын педагогтың өзі анықтайды. Рефераттың тақырыбын таңдамас бұрын автор өз қызығушылығын, ол қандай мәселе бойынша жұмыс істегісі және оны біршама терең зерттегісі келетінін анықтауы тиіс.

Озық тәжірибені зерттеу және жинақтау психолого-педагогикалық әдебиетте педагогтың жетістігін анықтау мен насихаттауға бағытталған кез келген зерттеудің ажырамас құрамды бөлігі ретінде, әдіс ретінде және зерттеудің ерекше түрі есебінде қарастырылады.

Озық педагогикалық тәжірибені зерттеу аналитикалық сипатта және ақпаратты жинау, оны құрамды элементтерге бөлу үрдісін, оларды педагогикалық тиімділік тұрғысынан бағалауды, тұтас педагогикалық тәжірибеде әрбір бөлініп алынған элементтің функциясын анықтауды көрсетеді.

Озық тәжірибені жинақтау құбылыстар мен қарсылықтар арасындағы байланысты ашатын жеке факторлар мен құбылыстардың талдауын келтірген қорытынды ретінде педагогтың зерттеуін шешуге бағытталған қорытындыларды болжайды. Зерттеу объектісі қандай да бір өзекті мәселе болуы мүмкін.

«Топтық презентация» жанрында жұмыс қорғауға ұсынылуы мүмкін. «Топтық презентация» жанрын таңдаған топ бірыңғай тақырып негізінде қалыптасады.

Практикалық бағытталған жоба белгілі бір мәселені іс жүзінде жағымды маңызды нәтижеге бағытталған арнайы түрде ресімделген толық әзірлемені көрсетеді. (немесе оның шешімінің технологиясын).

Практикалық бағытталған жобаны іске асыра отырып, педагог кәсіби қызметтің келесі түлерін жүзеге асыра алады (барлығын немесе кейбіреуін):

– оқытушылық;
– өндірістік-технологиялық;
– әдістемелік;
– ғылыми-зерттеу;
– әлеуметтік-педагогикалық және (немесе) тәрбиелік;
– ұйымдастырушылық-басқарушылық;
– мәдени-ағартушылық;
– түзету-дамытушылық.

Практико-бағытталған жобаның түпкі ойы (мақсаттар мен міндеттерде көрсетілген) қорғау сәтіне жобаны іске асыру мүмкіндігін қарастырды (ең болмаса алдын ала нәтиже деңгейінде). Диагностикалық қойылған мақсатты айқын тұжырымдау түрінде болжамды нәтижелерді ұсыну нұсқасы болуы да мүмкін.

Бар бағдарламалардың негізгі мақсаттарын сақтаумен құрылған авторлық бағдарламалар шығармашылық қайта өңдеуге және олардың мазмұнын бейімдеуге, балалар ұжымының мынадай ерекшеліктеріне бағытталған болуы мүмкін:

– балалардың психолого-физиологиялық дамуының белгілі бір деңгейі (арнайы түзеу сыныптары, дарынды балаларға арналған сыныптар және т.б.);

– бейінді білім алуға бағыттау (бейінді сыныптар, халықтық қолөнер мектебі және т.б.);

– өмір сүрудің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлары (балалар үйі, мектеп- интернат, медициналық мекеме, тәрбиелеу колониясы және т.с.с.);

– этномәдени қатыстылық (ұлттық мектеп, ата-аналарының конфессиялық артықшылығы және т.с.с.);

– жыныстық принцип бойынша дифференциация (әйелдер гимназиясы, кәсіби лицейлер және т.б.) және басқалары.

Авторлық бағдарлама ҚР «Білім туралы» Заңында баяндалған және топтың жас ерекшеліктеріне сәйкес балаларға арналған санитарлық-гигиеналық нормалардың талаптарына сәйкес болуы тиіс (СанПиН).

Педагогикалық технология. Технологияны сипаттау оны жаңғыртуды мүмкін ететін оның барлық негізгі сипаттамасының бекіту түрі болып табылады. Концепцуалды бөлік (инновациялық), альтернативтік, гуманизм және демократизм, заманауилық, жаңалық позициясында қарастырылады. Технология аясында білім беру мазмұны жалпы орта білім берудің заманауи теориясы позициясынан, жүйелілік принципінен, дамыту оқыту идеялары мен әлеуметтік тапсырыс тұрғысынан қарастырылады.

Процессуалды сипаттамада бәрінен бұрын мақсаттылық және жеке элементтердің оңтайлылығы, барлық әдістемелік құралдардың кешенділігі, басқарушылық, білім беру мазмұнының және оқушылардың контингентіне адаекваттылық анықталады.

Бағдарламалық-әдістемелік қамтамасыз ету ғылымилық, технологиялық, жеткілікті толықтылықты және шынайы жүзеге асыру талаптарын қанағаттандыруы тиіс.

  1   2   3

Похожие:

Қысқа мерзімді курс тыңдаушыларының кәсіби құзіреттілік деңгейлерін бағалау бойынша әдістемелік ұсыныс iconҚазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді ноталарын шығару, орналастыру, айналысқа шығару және өтеу ережесін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-2-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің...
Қысқа мерзімді курс тыңдаушыларының кәсіби құзіреттілік деңгейлерін бағалау бойынша әдістемелік ұсыныс iconҚазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің еншілес ұйымдарының
Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі (1210)
Қысқа мерзімді курс тыңдаушыларының кәсіби құзіреттілік деңгейлерін бағалау бойынша әдістемелік ұсыныс iconҚазақстан халықаралық резервтер және шетел валютасында есептелген өтімділік
Шетел валютадағы қысқа мерзімді болжанған активтердің таза шығындары (атаулы баға )
Қысқа мерзімді курс тыңдаушыларының кәсіби құзіреттілік деңгейлерін бағалау бойынша әдістемелік ұсыныс icon1959 жылы 30 желтоқсанда Самар машина жасау станциясы базасы жанынан ауыл шаруашылығы механизациясы училищесі құрылды
Механизатор мамандығы бойынша білім алу үшін Қазақстанның түпкір-түпкірінен түлектер келе бастады. Алғашқы жылдары тракторшылар мен...
Қысқа мерзімді курс тыңдаушыларының кәсіби құзіреттілік деңгейлерін бағалау бойынша әдістемелік ұсыныс iconТелерадио хабарларын тарату саласындағы жеке кәсіпкерліктің тәуекелдер деңгейлерін бағалау өлшемдері
Телерадио хабарларын тарату саласындағы жеке кәсiпкерлiктiң тәуекелдер деңгейлерiн бағалау өлшемдерiн бекiту туралы
Қысқа мерзімді курс тыңдаушыларының кәсіби құзіреттілік деңгейлерін бағалау бойынша әдістемелік ұсыныс iconҚазақ тілі мен әдебиет мұғалімі
Бт-2009 қорытындысы бойынша талдау жүргізу, мұғалімдердің базалық деңгейлерін арттыру барысында орыс тілінде оқытылатын мектептердегі...
Қысқа мерзімді курс тыңдаушыларының кәсіби құзіреттілік деңгейлерін бағалау бойынша әдістемелік ұсыныс icon1. Ұлттық экономиканы, жұмыссыздықты, инфляцияны оқытатын
Төлем балансының тапшылығын төмендету мақсатында Қазақстан сыртқы саудаға бақылау орнатуға шешім қабылданды. Қысқа мерзімді кезеңде...
Қысқа мерзімді курс тыңдаушыларының кәсіби құзіреттілік деңгейлерін бағалау бойынша әдістемелік ұсыныс iconБарлығы – 90 сағат Орал
Курс бағдарламасы пәннің оқу әдістемелік кешені 050116 география мамандығы 2 курс студенттеріне арналған кредиттік оқыту технологиясы...
Қысқа мерзімді курс тыңдаушыларының кәсіби құзіреттілік деңгейлерін бағалау бойынша әдістемелік ұсыныс iconОңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы Бірлік елді-мекені №100 Ә. Жанкелдин атындағы жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Каюпова Сабира Жылгелдіқызының қысқа мерзімді жоспары

Қысқа мерзімді курс тыңдаушыларының кәсіби құзіреттілік деңгейлерін бағалау бойынша әдістемелік ұсыныс iconПрограммалау
Мәліметтер қоры (программалау) пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен кредиттік оқыту технологиясы бойынша ”Информатика ” мамандығының...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница