«Менеджмент және маркетинг» кафедрасының аға оқытушысы




Скачать 234.95 Kb.
Название«Менеджмент және маркетинг» кафедрасының аға оқытушысы
Дата конвертации15.02.2016
Размер234.95 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://group-global.org/sites/default/files/publications/-Астана_1.doc


М. Қанатұлы, С.Н. Нұрланова

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің студенті, Семей қ.

Ғылыми жетекші: Темиргалиева А.С.

«Менеджмент және маркетинг» кафедрасының аға оқытушысы.


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТУРИЗМНІҢ ДАМУЫ, ОНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ӨЗЕКТІЛІГІ


Қазақстан Республикасының теңдесі жоқ табиғи және мәдени әлеуетіне негізделген қазіргі заманғы туристік индустрия туризмнің туристік қызмет көрсетулердің халықаралық саудасы жүйесіне оралымды кірігуінің табиғи жүйе жасаушы факторы, неғұрлым серпінді дамушы және өзінің капитал сыйымдылығына қарамастан, салынған капиталға қайтарымы жөнінен тиімді салалардың бірі болып табылады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің туризм саласындағы белгілеген барынша маңызды міндеттерінің бірі - Қазақстанды орталық азиялық өңірдегі туризм орталығына айналдыру.

Туризмді дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында бес жылдың ішінде халықты жұмыспен қамту үшін, сыртқы және ішкі туризм көлемінің артуы есебінен кірістің тұрақты өсімі үшін, сонымен қатар Қазақстанды 2011 жылы Ортаазиялық аймақтың туризм орталығына айналдыру үшін бәсекеге қабілетті туристік индустрия құру қарастырылған. Аталмыш бағдарламаны іске асыруға республикалық бюджеттен 59 млрд. теңгеден астам сома көлемінде қаржы бөлу жоспарланып отыр.

Кластерлік инициатива шеңберінде туристік инфрақұрылымды дамыту үшін инвестиция жұмылдыру мүмкіндігі маңызды болып саналады.

  • Қонақ үйлер жүйесін, Ұлы Жібек Жолы үлгісінде керуен-сарайлар мен өзге де маңызды туристік маршруттардың құрылысына жағдай жасалатын болады.

  • Инвестициялық жобалар бойынша ұсыныстар негізінде аймақтық мөлшерде база қалыптасқан. Алғашқы кезеңде 90 инвестжоба сарапталып, жинақталды. Олардың 11–і 386 млн АҚШ долларына өзектірек саналып алынды, және «Қазына» тұрақты даму қорына мемлекеттік қолдау көрсету үшін жіберілді.

  • Алматы, Ақмола және Маңғыстау облыстарында әлемдік деңгейдегі заманауи көпфункционалды туристік орталықтар құрудың Тұжырымдамасы жасалды, оны Елбасы мен ел Үкіметі мақұлдап отыр. Аталмыш жоба бойынша инвестиция жұмылдыруға жоспарланып отырған сома 30 млрд АҚШ долларын құрайды.

Мемлекеттік бағдарлама республикада қазіргі заманғы тиімділігі жоғары және бәсекеге қабілетті туристік индустрия құруға және экономиканың сабақтас секторларын дамытуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ол туризмді дамыту саласындағы мемлекеттік саясаттың стратегиясын, негізгі бағыттарын, басымдықтарын, міндеттері мен іске асыру тетіктерін айқындайды және туризм инфрақұрылымын дамытуды, осы саланы мемлекеттік реттеу мен қолдаудың тиімді тетігін құрудың, туристік әлеуетті арттырудың, елдің тартымды туристік имиджін, рекреациялық шаруашылық мамандануы бар аймақтар қалыптастырудың негізгі аспектілерін қамтиды.

Ғылыми жобаның мақсаты:

  • туризм саласының мазмұнын түсіну;

  • Қазақстан Республикасының туризм саласына байланысты бағдарламаларды қарастыру;

  • Қазақстан Республикасы, Шығыс- Қазақстан облысы және Семей қаласы бойынша туристік саласына талдау жасау;

  • Туризмге байланысты негізгі мәселелерді айқындап және шешу жолдарын ұсыну.


Туризмді мемлекеттік басқарудың мақсаттары мен міндеттері


Мемлекеттік бағдарламаның мақсаты - сырттан келушілер туризмі және ішкі туризм көлемін арттыру есебінен халықты жүмыспен қамтуды, мемлекет пен халық кірісінің тұрақты өсуін қамтамасыз ету үшін бәсекеге қабілетті туристік индустрия құру. Қойылған мақсаттарға сәйкес бірінші кезектегі міндеттер мыналар болып айқындалды: туризм инфрақүрылымын дамыту; туризмді мемлекеттік реттеу менқолдаудың тишді тетігш құру; елдің тартымды туристік имиджін қалыптастыру; туристік әлеуетті арттыру; рекреациялық шаруашылық мамандануы бар аймақтар қалыптастыру. Туризм саласының болашағын айқындайтын ұсыныстар әзірленіп жатыр. Алдымен туристік саланың құқықтық-нормативтік базасын мен мемлекеттік үйлестіруді жетілдіруіміз керек. Бұл туризмді экономиканың кірісті саласымен бәсекеге қабілетті индустрия ретінде дамытуға мүмкіндік береді. Халықаралық міндеттер мен мақсаттарды тереңдете түсу қажет. Қазақстанның туризмдегі имиджін қалыптастыру - аса маңызды міндеттердің бірі. Сол сияқты ішкі жэне өзге елдерде шығатын туристік басым бағыттардың маңызы зор. Туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп олардың мақсаттары мен міндеттерін қорғау, туризм инфрақұрылымын жетілдіру, туризмнің міндеттері мен мақсаттарын туристік сала мамандарын дайындау шараларын дамыту сияқты негізгі мэселелер шешімін тауып жатса, Қазақстан туризімінің болашағы өте зор.

Қазақстанда туристік қызметті дамытудың негізгі мақсаты - қазіргі заманға сай жоғарғы тиімді және бәсекеге қабілетті туристік кешен құру. Ол бір жағынан, қазақстандық және шетел азаматтарының туристік қызметтерге деген қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін кең мүмкіндіктер беретіндей, екінші жағынан - ел экономикасының дамуына айтарлықтай үлес, соның ішінде жүмыс орындары санын арттыру, мемлекет бюджетіне түсетін салық түсімдері, шетел валютасының ағымы, мәдени және табиғи мұраларды сақтау мен рационалды пайдалану есебінен қосатындай болуы керек. Аталмыш мақсаттарды жүзеге асыру бойынша шаралар мынадай:

• Қазақстан экономикасын дамытудың негізгі бағыттары қүрамына туристік саланы енгізуді іс жүзінде қолға алу;

• Қазақстанда туристік қызметті дамыту бағытындағы мақсатты бағдарламаларды жүзеге асыру;

• Әлемдік және құқықтық тәжірбиелерге сэйкес туризмнің нормативті -құқықты даму базасын құру;

• Енгізілген туристік қызметті сертификациялау мен лицензиялау жүйесін қатаңдату;

• Туристік банктік қүрылымдар, көлік, қонақ үй және сақтандыру компанияларының кооперациясына ұтымды жағдайлар жасау, сол арқылы туристік қызметтің жоғары технологиялық кешеннін қалыптастыру жэне саланың материялды - техникалық базасын дамыту;

• Шетел және ішкі туризмнің дамуын ынталандыратын экономикалық механизмдерді құру, осы аяғы инвистицияларды тарту және салық пен кедендік жеңілдіктер, мемлекеттік кепілдеме мен мемлекеттік қолдаудың басқада шараларын қосатын жолы мен ішкі туризм нарығын қорғау.


    1. Шығыс-Қазақстан облысындағы туристік саланың даму жағдайын талдау


Қазіргі уақытта туризм – экономиканың перспективалы саласының бірі болып табылады. Тарихи-мәдени ескерткіштерді, табиғи ресурстармен тең қолдануда туризм тұрғындардың жұмысбастылық деңгейін көтеруге және тауар өнімін, қызмет көрсету өнімділігін жоғарлатуға ықпал етеді.

ҚР Президентінің халыққа жолдауында экономиканың шикізат секторының дамуының қажеттілігін атап өтті.

Шығыс-Қазақстан облысында туристерді қызықтыратындар бар: әдемі ландшафтар, әртүрлі климаттық зоналар, мәдени-тарихи құндылықтар, экологиялық және спорт туризмі қызметтеріне үлкен таңдау

2008 жылы Шығыс-Қазақстан облысында 27 туристік фирмалар мен агенттіктер қалыптасты. Оның ішінде, 24 заңды тұлға, 3 жеке кәсіпкерлер. Бір жылда олар 17830 туристке қызмет көрсетті, ол 2007 жылмен салыстырғанда 230 адамға арттық (1,3%-ға). Бір жылда облыс 1649 шығушы туристерді, облыстан тысқары 2622 туристті және ішкі туристердің саны 13559 адамды қабылдады. 2006 жылмен салыстырғанда туристердің өсу саны резиденттер мен бейрезиденттермен сәйкесінше 35,6% және 17,2%-ды құрады, ішкі туризмде қызмет көрсету, 4,9%-ға төмендеді. Туризмнің ағымының негзгі бөлігін ішкі туризм құрайды.

Шығыс-Қазақстан облысының туристері ТМД елдеріне шығуды көздеді (95,2% (2496 адам). Шығушылар негізінен келесідей бағыттар бойынща шығады: Қытай (54,8 % алыс шетелге шыққан резидент туристер), Түркия (13,3%), Германия (10,1%), БАЭ (7,6%). Аталған елдерден басқа туристер әлемнің басқа да 27 елінен шыққан. ТМД елдеріне жылына 126 турист, Ресей Федерацияна келушілер 62,7%, Украина – 21,4% және Қырғызстан – 15,9%.

2008 жылмен салыстырғанда жеке туристер іске байланысты шығушылар саны артты. 2009 жылы келуші туристер көбіне демалыс пен қызметтік іс-сапармен облысқа келді.

Шығушы туристер көп жағдайда шоп-турларға шықты. Іскерлік және кәсіби мақсатпен Қытайдан келген азаматтар саны (99% осы келушілер категорияларынан), Бельгиядан және Литвадан. Туыстарына келушілер Германиядан (92,5%), Литва, Ресейден, Словениядан болды.

Демалысқа келген туристер Ресейден (73,7%), Германиядан (87%), Австралиядан (5,1%), Франциядан (4,3%) және басқа 13 елден.

Туристік қызмет көрсетудің көлемі




Қызмет көрсету, мың тенге


барлығы

Соның ішінде

Заңды тұлғалар

Жеке кәсіпкерлер

Облыс бойынша


10486,8

10055,8

431,0

Өскемен қаласы

6543,8

6227,8

316,0

Семей қаласы

3843,0

3828,0

15,0

Риддер қаласы

100,0

-

100,0

Бейрезидент-туристер облыста негізінде ұшақпен, қалааралық автобустармен және құрғақ жолды көліктер. Шығушы туристер көбінесе автобустар мен әуе транспортын қалады: ішкі туристер негізінен өзінің жеке құрғақ жол көліктерімен қозғалды.

Байланыс қызметін 83,0 мың нөмірге жуық телефон стансасының сыйымдылығымен қалалық телекоммуникация торабы көрсетеді.

Соңғы жылдары АТС-66, АТС-62, АТС-63, АТС-45, АТС-44 он күндік желісінің бес моралдық-физикалық тозған телефон стансаларға және ПСК-1 және ПСК-2 екі подстансаға ауыстыру жүргізілді.

Ұялы байланысты K-Cell, K-Mobile, Beeline, Altel жүзеге асырады.

Кәбілдік телевиденияның қосымша қызметін «Семсат» ЖШС және «Алма ТВ» ЖШС және спутниктік «Қазтелерадио» АҚ ұсынады.

Қала тұрғындарына пошталық байланыс қызметін «Қазпошта» АҚ қалалық пошта байланыс торабы көрсетеді, 2008 жылдың бірінші тоқсанында Озерка ауылынан жаңа типті пошта байланыс бөлімшесі ашылды.

«Қазақтелеком» АҚ желісіндегі байланыс сапасын жоғарлату және қызметін жақсарту жөнінде жұмыс жүргізілуде. Осы мақсатта өңірдегі аз тұрғыны бар ауылдары байланыстың магистралды желісіне шығу үшін картотаксофон жүйесі келесідей ауылдарға орнатылды: Тепкаши, Маралды, Мұрат, Малая Актюба, Половинки, Каштак, Климентьевка, Талица, Жарқын, Талдықорған, Гранитный, Баженова және Шоптығақ стансасы.

NGN байланыс жүйесінің қызіргі заманғы түрін енгізу жөнінде жұмыс басталды. NGN жүйесінің жоғары технологиялық құрал-жабдықтары телекоммуникация желісі бойынша байланыс абоненттеріне Интернетті, спутникалық телевидения арналарын және тоқ байланысын пайдалануға ауқымды мүмкіндік береді.

Облыста Интернет желісі - Мегалайн жүйесі қазіргі кезде қарқынды дамыды.

Байланыс саласындағы негізгі проблемалар

  • Аз тұрғыны бар ауылдық округтерде инфрақұрылымның дұрыс дамымауы;

  • Байланысты қызметінде тұтынушыларды одан әрі қанағаттандыру;

  • Аз тұрғыны бар ауылдарға қымбат тұратын құрыл-жабдықтарды алу үшін жергілікті бюджеттен қаражаттың жетіспеушілігі.

Қонақүй кешенді жағдайы – туризмнің дамына маңызды мүмкіндік болып табылады. Облыстық қонақүй шаруашылығы көлемінің артуы, толуымен сипатталады (5 сурет).

01.01.2009 жылға облыста 5 қонақ үйлер ресторанымен, 16 ресторансыз қонақүйлер және 17 басқа да қысқа мерзімді тұруға арналған орындар болуы (заңды тұлғалар қарамағандағы). Көрсетілген орындарда 2358 номер, бір уақыттағы сыйымдылығы 6332 төсек-орынды құрады. 2008 жылдағы аналогиялық мерзіммен салыстырғанда номерлер 6,5%-ға, сыйымдылық -6,9%-ға өсті.

Қонақ үй қызмет көрсетуі мен басқа да қысқа мерзімді тұру орындарымен өткен жылы – 8,8 мың адам, 2007 жылмен салыстырғанда 20,2 және 72,5% көп болды.

2009 жылы келушілерге 350,7 мың төсек-орын берілген болатын (120,1% өткен жыл көрсеткіші).

Қызмет көрсету көлемі 412,6 млн теңгені құрады. Олардың көп бөлігін мейрамханасыз конақүйлерге тиесілі. 2007 жылмен салыстырғанда қызмет көрсету көлемі 11,3 %-ға өскен.

Облыста туристік ресурстарды табиғи байлықтар, экотуризмді жақсы көретіндердің қызығуына сай (аңшылық, балық аулау) болып табылады. ШҚО табиғаты экологиялық және дене шынықтыру туризміне қолайлы. Оған: Белуха тауын, Марқакөл көлі, Қатын өзені, Оңтүстік Алтайдың етегі аңшылық пен балық аулауға қолайлы, табиғи парктер мен қорықтар.

2009 жылы облыс бойынша ерекше қорғалатын 4 орын: Батыс Алтай және Марқакөл мемлекеттік қорығы, Катон-Қарағай мемлекеттік ұлттық табиғи парк және мемлекеттік табиғи резерват «Семей орманы» болды.

Жалпы ауданы 1434 мың га, оның ішінде 627,7 мың га (43,8%) орманмен, 49,4 мың га (3,5%), су қоймаларымен. Ерекше қорғалатын жерлердің үлесі облыс территориясының жалпы көлемінің 5,1% құрайды.

Ауданы бойынша үлкені «Катон-Қарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі», жалпы территориясы 643,5 мың га. Қорық территориясында 192 аң түрі, 678 құс түрі, 11 балық түрі және 2813 өсімдік түрі қорғалады.

Облыс Рахманов бұлағы, Алакөлдің шипалы азымен, таза ауасымен, ормандарымен танымал.

2009 жылы облыста 9 санаторий жұмыс істеді, профилактикалық санаторий орындары мен 5 демалыс базасы мен пансионаттар болды. Айына максимум төсек-орын саны 1263 және 785 болды. Қалпына келтіру, емдеу орындарында жыл бойы 7,2 мың адам емделіп, 4,7 мың адам демалыс базасында демалды.

2010 жылдың 1 қаңтарына облыс бойынша 11 музей (270,4 мың экспонаты бар) болды. 2009 жылы музейге келушілер саны 617,2 мың (6%-ға көп 2008 жылмен салыстырғанда) болды. Экскурсоводтармен 14,9 мың экскурсия, 1531 дәріс, сәйкесінше 106,4 және 136,7 % болды (2006 жылғы көрсеткіш деңгейімен).

2007 жылдың басында «Шығыс-Қазақстандық Жамбыл аындағы облыстық драма театр» ашылды. Ол 297 орынға арналған болды. Сонымен қатар, «Жаңалық сервис театры» (500 орынға, Семей қаласында) ашылды. Өткен жылдың ішінде театр колелктивімен 525 қойылым көрсетілді (2005 жылмен салыстырғанда 8,7%-ға көп). Көрсетілген қойылымдардың 215-і (41%) әлемдік классика мен шетел драматургиясы негізінд, 246 (46,8%) – балаларға, 64 (12,2%) – қазіргі кездегі тақырыпта болды. 2008 жылы 24 жаңа қойылым болды. Қойылымды 123,1 мың адам көрді (2007 жылмен салыстырғанда 10,1%-ға жоғары).

Облыс бойынша 2009 жылы киноқойылымдар 4 үнемі жұмыс істейтін кинотеатрларда 1780 орны бар, 6 залында болды. Жыл бойы 6,7 мың киносеанс өткізілді, оларды 173,3 мың көрермен көрді. Концерттік бағдарламаларды облыс бойынша 5 ұйым жүргізді. Олармен жыл ішінде 546 концерт, олардың 300 филормониялық, 246 эстрадалық концерт болды. Концерттің жалпы санының 349-ы балаларға арналған болды. Концерттерді 2006 жылы 126,1 мың көрермен көрді.

2010 жылы 1 қаңтарда облыс бойынша 259 кітапхана (2009 жылмен салыстырғанда 6 артық). Оқырман залы 2321 орынға, кітапхана қоры 8,5 млн, периодтық басылымдар – 329,9 мың, кино-фото қор құжаттары – 11 мың, электрондық басылымдар – 835, басқа әдебиеттер – 2,7 млн. жыл бойы (2004 ж) кітапханада 343,4 мың оқырман болды.

Облыста 171 клуб типтес орындар да 2009 жылы 13000 мейрамдар болды: демалыс паркі 18 объектісімен және зообақта 43 экземпляр құс 18 түрінің және 9 түрлі сүтқоректінің 14 экземпляры бар.

Осыдан келе қорытатын болсақ, облыста қызмет көрсететін туристік кешендердің, турфирмалар мен агенттер санының өсуімен сипатталады.

Саланың әрі қарай дамуына, яғни экономикалық 19 аймағында, қызмет көрсетуді көтеру және турфирмалардың және қонақүй объектілерін әртүрлендіру.


Қазақстан Республикасында туристік индустриясының даму мүмкіндігі мен болашағы (Шығыс-Қазақстан облысы мысалында)


Қазақстан Республикасы – Евразия материгінің түбіндегі ежелгі жер. Мемлекет әлемде көлемі бойынша тоғызыншы орында және Қытай, Қырғызстан, Түркменстан, Өзбекстан, Ресей елдерімен шекараласқан.

Республиканың территориясы батыста Волганың төменгі ағысынан (3000 км-да), шығыстағы Алтай тауларына дейін. Солтүстікте Батыс-Сібір жазығынан оңтүстіктегі Қызыл-Құм шөлі мен Тянь-Шань тау жоталарына дейін 2000 км жалғасады.

Қазақстанның табиғат байлығының 100 ден бір бөлігі қолданылуда, ал қалғаны өз көрермендерін күтуде. Туристік потенциалы өте жоғары: қазіргі уақытта Қазақстанда табиғаттық территориясы ерекше қорғауға алынған құрылымына кіретіндер: 9 мемлекеттік қорықтар, 5 ұлттық парктер, 57 тапсырыс орындары, 25 табиғат ескерткіштері, мұнда туризмнің әр түріне қатысты дамытуға үлкен мүмкіндігі бар – танымдық, экологиялық, ғылыми, шытырмандық және т.б. Туризмнің ең негізгі элементтерінің біріне шытырмандық туризм болуы мүмкін және болу да керек: парустық спорт, дельтапланеризм, үрлемелі шармен көтерулер, рафтинг, треккинг және т.б.

Қазақстандық туроператорларымен 2002 жылдан бастап 800 маршруттар жүзеге асырылып шығарылды. Олардың 78 түрі – экологиялық турлар, көбінесе бұл ұлттық парктер, қорықтар, басқа да табиғат орындарын аралау. Оларға: Чарын каньоны, Шымбұлақ, Көлсай көлі жатады. 126 денсаулық сақтау маршруты ұйымдастырылды. Таңдағандар оларды курорттық-санитарлы емдеу мен демалыспен біріктіреді.

Балық аулау мен аңшылықты ұнататындарға 61 маршрут, онымен туристтер 18 бағытта ат үстімен жүруге болады. Сонымен қатар 50 шытырмандық турлар да бар. Оның маршруты Ұлы Жібек жолымен өтеді, ол өзімен бірге көрші елдерді аралауды қосып алады. 315 маршрут демалыс күндеріне арналған мәдени-тану турлары бар.

Оңтүстік-Қазақстан облысы - тарихи байлығы, табиғаты, зор өндірісі бар, адам потенциалы дамыған жер бөлігі. Ол Ұлы Жібек жолы үстінде орналаса отырып, өзіне тарихшылар мен қыдырушыларды тартқан. Себебі ол Шығыс салты мен батыстың дәстүрін танытқан. Облыста 802 мәдени-тарихи ескерткіштері бар, ал Шығыс шеберлігін білдірткен («Екінші Мекке» барлық түріктілді әлемнің – Түркістан қаласы мен ондағы Мавзолейі – Ахмет Яссауи, Сайрам ескерткіші «Арыстан-баб» ескерткіші, Отырар қаласы). Оңтүстік Қазақстан облысының ең негізгі орынды алатын Ақсу-Жабағылы қорығы. Ол өзіне туристерді тартады. Оның байлығы: өсімдік пен жануар әлемі.

Қызылорда облысы. Сырдың жері – құдаймен қорғалған жер, мұнда Ұлы Жібек жолының ізі қалған, әрбір адам осында туған болса, өзіне қадір мен құрмет Сырдарияға қатысты сіңіреді. Сонымен қатар, Арал суына, осы жерде жерленген Қорқыт-Ата – философ, әнші, музыкантқа құрмет сіңіреді. Сырдың жерінің ежелгі және тарихы бар. Мұнда 504 архитекторлық, археологиялық, мәдени ескерткіштер орналасқан. Облыс территориясында «Барсакелмес» қорығы орналасқан, ласпен емделу санаториясы «Жаңақорған», «Космодрон», «Байқоныр» орналасқан.

Батыс Қазақстан – Еуропа мен Азия континенттерінің қиылысқан жерінде Каспий теңізінің бассейнінде орналасқан, сонымен қатар Волга, Орал өзендерінде орналасқан. Мұнда әлемнің екінші нүктесі орналасқан – Қарақол облысы. Ол 132 м теңіз деңгейінен төмен орналасқан. Мұнда балық аулауға арналған барлық жағдайлар қалыптасқан. Ежелгі қорық ескерткіші Маңғышлақ пен Үстірт, қазақ эпосымен байланысты жерлер үлкен ғылыми көзқарасты тудырады.

Ақмола облысы – табиғаты ғажайып жердің бірі. Ең әдемі жердің бірі – Көкшетау жотасы. Сонымен қатар, оны «Қазақстан Швейцариясы» деп атайды. Бұл жер көптеген қазақ ақындарымен әйгілі. Көптеген, мыңдаған қонақтар мен осы жер тұрғындарының сүйікті жері болып – 40 денсаулық сақтау жері бар Боровой мен Зеренде орналасқан. Екі ұлттық паркі «Боровой мен Көкшетау» қайталанбас жануарлар мен өсімдік әлемін сақтап қорғаушы. Ең ірі қорықтардың бірі қазақстандағы – «Қорғалжын». Бұл – құстар әлемі, мұнда құстар орналасқан, олар Қызыл кітапқа енгізілген. Бұл жердің флора мен фауна байлығы Ерементау мен Зеренді қорықтарында сақталып қорғалады. Жыл сайын тау шыңдары, каньондары, сарқырамалы, көк көлдің топырағы мыңдаған туристерді өзіне тартады. Балық аулау мен аңшылықты ұнататындар да шетте қалмас. Ежелгі қорғандар мен ортағасырлық мазарлар мен басқа да ескерткіштер осы жердің тарихы жайлы ескертеді.

Орталық Қазақстанда әлемдегі ең үлкен көлдердің бірі – Балқаш көлі орналасқан. Сонымен қатар Қарқаралы орман-тау оазисі орналасқан. Бұл жерде археологиялық және этнографиялық нысандар сақталған көптеген ескерткіш жерлер бар.

Шығыс-Қазақстан облысы – бұл Алтай жне оның орман-тау ауданы, Ертіс өзені мен Зайсан, Марқакөл, Алакөл, Сауысқан көлдері. Аймақ фауна мен флораға бай. Табиғат байлығын қолданудың ең қызықты мысалы – турфирма «Экосистема» тәжірибесін қолдануға болады. Ол Өскемен қаласында орналасқан. Бұл фирманың қызметкерлері өзінің саяхатшыларын әртүрлі тауларға турлар, тайгаға турлар, өзен-көлдерге турлар, балық байлығына емді бұлақтарға турлар арқылы Шығыс-Қазақстан табиғатымен таныстырады. 2002 жылдың тамыз айында экологичлық туризм жылына арналған бірінші халықаралық фестиваль «Белуха – 2002» Өскеменде өтті. Фестивальдің негізгі мақсаты – белсенді демалысты ұнататындарды Алтай табиғатымен, туризм саласындағы достық пен жұмыс байланысымен таныстыру. Фестивальға қатысушылар қиындыққа байланысты әртүрлі маршрут таңдай алады.

Фестивальдің құрметті қонағы ретінде әлемнің ең ірі туристік агенттері шақырылды.

Қазақстанда қыстық ең ұзақ мезгілдері болатындығынан және тау массивтерінде қалың қар жататындықтан мұнда шаңғы тебу туризмі жақсы дамыған. Барлық ауданда дерлік қыстық шаңғы маршруттары бар. Қазір ондай саяхатты мотошаңғылармен, ат шанамен толықтырылған, ұлттық ауылдарды аралау, қазақтың тағамдарымен танысу бұл турға көркем береді.

Қазақстан әрқашан жылқы елі болды. Жануар әлемінің бір бөлігі – жылқы, сол себепті жылқы туризмі бүгінгі таңда екінші өмірді алады. Жылқы маршруты тарихи, мәдени, ұлттық-дәстүрлі жерлерде орналасқан.

Шығыс-Қазақстан облысы бойынша саяхат пен қызмет көрсету кешені ретінде «Рахман кілті» ЖШС, «Алтай-Изумруд» ЖШС, «Эл-Тур-Восток» ЖШС мекемелерін ұсынуға болады. «Рахман кілті» ЖШС негізгі қызметі курорттық-санаториялық емдеу; тау-шаңғы кешені; белсенді турлар; балалар демалысы. «Алтай-Изумруд» ЖШС негізгі бағыты: белсенді экотурлар; студенттік тәжірибелер; «Аюда» демалыс базасы. «Эл-Тур-Восток» ЖШС – негізгі бағыты – пантоемдеу.

Семей қаласындағы фирмалар көбінесе Алакөл көліне, экскурсиялар тарихи жерлер бюойынша және Абай мемориалдық кешенін аралауға байланысты жұмыс атқарады.

«Иртыш-Сервис» ЖШС қонақ-үй бизнесімен айналысады, «Экосистем» - балық аулау, экотуризммен айналысады.

Семей қаласында 24 туристік фирмалардың лицензиялары бар, оның 12 белсенді жұмыс істейді (оның ішінде 2008 жылы 2 туристік фирма «Исин ЖК» және «Жас Тур» ЖШС ашылды), олар шетел мен Қазақстан бойынша демалысты ұйымдастырумен айналысады. 2008 жылы шетелге 1012 турист шықты, ішкі туризм бойынша 1323 туристке қызмет көрсетілді, оның негізгі мақсаты Абай тарихи кешеніне бару, туристік фирмалардың жұмыстары мен қызметтерінің көлемі 20 млн. артық теңгені құрайды.

Туристік бизнестегі адамдардың жұмыс істеуі кездейсоқ емес, сондықтан фирма жұмысы жоғары дәрежеде тұр.

Фирманың негізгі бағыттары:

  • Түркия, Араб Эмиратына, Иранға, Пакистан, Индияға және басқа елдерге туристік саяхат ұйымдастыру.

  • Жергілікті маршрут бойынша туристерді қабылдау. Олар Абай Құнанбаев, Мұқтар Әуезов, Шәкәрім Құдайбердіұлы атымен байланысты.

  • Қазақстан жерінде, ТМД елдерінде, сырт елдерде балалар демалысын демалыс кезінде ұйымдастыру, Англия, Америка орталығында 2 жұмадан 1 жұмаға дейін білім беру бағдарламалары.

  • Қазақстан санаторияларында, Чехия, Ресей курортында, Карлова Вара, Сейшельдік, Кипр аралдарына, Анталья, Баден-баден курорты және т,б,

  • Жанұя демалысын ұйымдастыру.

  • Визаларды ашу туралы кеңес беру.

  • Ұшақ билеттеріне алдын-ала тапсырыс.

  • Елшілік визаларды дайындау «Германия, Франция, Литва, Қытай, Греция, Польша т.б.).

Өткен жылы «Шара» фирмасы «XXI ғасырдың ең үздік маршруты» атты республикалық конкурста I дәрежелі диплом «Ішкі туризм» номинациясында алды. Конкурсқа «Абай – қазақ жерінің ақыны» маршруты ұсынылды. Одан басқа «Шара» фирмасы 2 жыл «Аспан» шағын және орта бизнес субъектілер ассоциациясының мүшесі болды. Қазір әкімшілік ұйым мен «Банк Туран Алем» АҚ бірігуімен оған дамушы кәсіпорындардың қолдауымен несие ресурстары анықталды. Ол ресурстар нарықта туристік қызмет көрсетуді дамытудың бастапқы қадамы.

Әкімшіліктің қолдауымен халықаралық туризмді дамыту жұмыстары жүргізілуде. Оның негізі инвестицияны тарту болы табылады. Туризм және спорт комитетінің қолдауымен әрдайым мынадай жұмыс атқарады: тусритік ағымдар есебін жүргізу, бөлек турұйымдарымыен жұмысын тексеру, туризм бағыттарын дамыту.

«Шара» турфирмасының қолдауымен Семей туралы буклет шықты. АҚ «Интурист» арқылы Семей туралы бөлімдер «Шығыс Қазақстан – белгісіз континент феномені» атты дайындалды. Осының барлығын қоса келгенде Семей қаласы қолдау арқылы Қазақстан Республикасының ең ірі туристік орталығына айналуына мүмкін.

Сервистің дамуы, жаңа қонақ-үйлер, көптеген мейрамханлар, бильярд салондары, спортклубтары Семей қаласын көркем түрінде көрсетеді. Тек қана ұйымдаспаған бағыт – жалғасқан мерекелер өткізу арқылы Семейлік туристік өнімді сыртқы нарыққа шығару.

Оған кіруі мүмкін:

  • туристік фирмалар инвентаризациясын өткізу.

  • туристік маршруттарды орнына келтіру.

А) Қарауыл жолын музей кешенін жөндеуден өткізу.

Б) Жидебай, Бөріліде үйлерді жөндеу.

В) дәретхана орнату.

- сервистік ұсынумен қамтамасыз ету:

А) автобустар, микроавтобустарды алдын алу

Б) этнографиялық ауылдар орнату.

В) бірнеше мерекелік бағдарламаларды қарастыру.

- үш тілді қамту.

- жергілікті турфирмалар қолдауын қамту.

- жергілікті туристік фирмалар презентацияларын өткізу.

- өнім жарнамасын шығару.


Қазақстанның туризм индустриясын маркетинг және менеджментті қолдану арқылы жетілдіру

Туризм жүйесінің дамуына маркетинг елеулі әсерін тигізеді. Өкінішке орай туризмде маркетингке дұрыс көңіл бөлінбей жүр. Туристік маркетинг негізгі мысалдар мен әдістерді сипаттап мәселені шешуде қолданылып, адамдардың, психологиялық және әлеуметтік қажеттіліктерін толық қанағаттандыратын, сонымен қатар қаржылық көзқарас бойынша ең тиімді әдістерін анықтауына, туристік ұйымның жұмыс істеуіне ықпал етеді. Өндірістік ұйымдар көзқарасы бойынша макретингті туризм ортасында пайдаланудың бірқатар ерекшелігі бар. Бір жағынан, туристік ұсыныс бірқалыпты емес, туристік қызмет тек орнында пайдаланылуы мүмкін. Туристік кәсіп ортасы кеңістік пен уақыттың өзгеруіне бейімделе алмайды. Екінші жағынан, туристік қызметтерге сұраныс өте икемді келеді, бағаның және табыстың көлемі саяси-әлеуметтік шартқа, маусымдық ауытқудағы ерекшеліктерге тәуелді.

Пайдаланушы субъектінің жұмысы туристік нарықта макетинг жолдар мен әдістер табу және тұрақты нарықта тұтынушылар, қоршаған бизнес-орта арасында тиімді қарым-қатынас орнату (дмографиялық, экономикалықғ, экологиялық, саяси, ғылыми-технкиалық).

Маркетинг қызметіндегі туристік фирманың негізгі мақсаты қазіргі кездегі білімге негізделдген коммерциялық қызметке арналған тиімді тұтынушылық шекті табуға негізделген, артықшылықты және инновациялы туристік өнімге сұраныс пен ұсыныс қалыптастыру, сосын бұл стратегиялық білім негізінде тұрақты фирма қызметті ұйымдастыру және қолдану оның тұтынуда және қызмет көрсету нарығында оң әсер қалыптастыру қажет.

Туристік фирманың тиімді жұмыс істеуі үшін маркетингтің маңызды міндеті болып, жаңа бизнес-идея жасау, макретинг ақпараттарын пайдаланып жаңа инновациялық бизнес-идея жоспар жасау, клиенттермен серіктестермен фирма шегінде және одан тыс бизнес-ортада өндірістік потенциалды және фирма мүмкіндігін пайдалану.

Бұл міндетті шешу үшін келісім алдындағы артықшылықты іскерлік ұсыныстар және оның негізінде фирманың стратегиялық жұмысын анықтау қажет. Осыған орай потенциалды тұтынушыларды әртүрлі туристік өнімдерді артықшылықты сегмент нарығы шегінде қажет жұмысты іске асыру қажет. Маңызды сұрақ болып нарықтық конъюнктурасы (нарық сыйымдылығы, турситік өнімнің номенклатурасы, клиенттердің төлем қабілеттілігі, сауда-экономикалық және экологиялық жағдай, географиялық орналасу, табиғи орта) туристік өнімді құрылымын жасау және т.б.).

Бәсекенің күшеюуі және турситік қызметке клиенттердің талаптарының көбеюі мынаған әкеп соғады, көптеген турситік ұйымдар макретингке қарайды, сыртқы ортанығ өзгеруіне бейімделуге және бәсекеде сәттілікке жету үшін стратегиялық амкретинг жоспар құрайды.

Біздің ойымызша қазақстанда маркетингті туризм саласында қолданудың негізігі кемшіліктері:

  • туристік қызметте бір текті концентрлі ортақ макетинг нарығыныңболмауы;

  • жарнама шетел туристік өнімдердің, турфирмалардың жоғарғы деңгейде жылжытуы;

  • туристік ұйымның жұмысшыларының квалификациясының әлсіздігі;

  • туроператорлардың бір-бірімен келіспей жұмыс істеуі;

  • Қазақстанның табиғи, мәдени-тарихи, қонақжайлылығын жеткіліксіз көрсету.

Осы тұстан қарағанда туризмді басқару шешуші рөл атқарадаы. Фирма локомотиві қозғалысының негізі және туризм индустриясының дамуы ретінде менеджмент жүйесіде басты орын алады. Жалғыз, мүлтіксіз басқару моделі болмайды деп туризм саласындағы мамандар дұрыс ойлайды. Себебі, әр фирманың өзіндік ережелері бар. Ол өзіне тиісті модельді іздеп табуы тиіс.

Қазіргі кезде басқару жүйесі қарапайым және иілгіш болуы тиіс. Оның басты алғы шарты болып: 1. тиімді ықпал етуді қамтамасыз ету; 2. бәсекеге қабілеттілік. Бұл жүйе келесідей мінездемеге ие болу керек: шағын бөлімшелер, шағын басқару деңгейлер, құрылым бұл топ мамандарының негізі, тауардың мінезі мен сапасын тұтынуға негізделген.

Туризмді басқарудың негізгі мақсаты объектіні, затты, функцияны анықтау болып табылады. Туризмді басқарудың объектісі болып ұжым, персонал, адамдар арасында пайда болуы, әлеуметтік, экономикалық, құқықтық қатынастар жиынтығы. Бұл кезде туризм саласын басқару процесі өз табиғаты бойынша адамдар арасындағы өндірістік қарым-қатынасты қозғайды.

Жоғарыда айтылғандар бойынша келесідей қорытынды жасауға болады:

  • біріншіден, туризм бір-бірін білу және түсінісуге тұрақты және оңтайы ықпал етеді, яғни әлемдегі бейбітшілікті күшейту және халықаралық шиеліністі шешу; туризмнің даму шиелісністерді жойып, керісінше бейбітшілік орнатады.

  • Екіншіден, бос уақыт қоғам қажіттілігі болып табылады, бірақ ол дұрыс пайдаланылмаса кедергі болуы мүмкін, бос уақытты өткізуде көптеген мүмкіндіктердің бір де бірі туризм сияқты мағына алмайды.

  • Үшіншіден, туризмнің экономикалық дамуының потцениалы шектелмеген, бірақ мұнда қомақты қаржылық шығын болады.

  • Төртіншіден, ішкі туризмнің дамуы мамандарды дайындау және туристік инфрақұрылым базасын қалыптастыруға ықпал етеді.

  • Бесіншіден, туризм экологиялық таза бөлім болып табылады, бірақ бұнда табиғи, мәдени потенциалды қауіп бар, бұл мемлекеттің көңілін аударуын талап етеді.

  • Алтыншыдан, мемлекеттік күш басқарудың барлық деңгейінде, бүкіл әлемде парламент туризмің дамуына қолайлы жағдай жасап, соның ішінде қаржымен, туризмге қатысты ақпаратпен қамтамасыз ету қажет.

Туризмнің қазіргі және болашақта дамы Үкіметтің белсенді қолдауын қажет етеді.


Қорытынды


Туризмнің бүгінгі анықтамасын және оның экономикалық потенциалын статистикалық мәліметтер бойынша суреттеуге болады.

  • бар мәліметтер бойынша барлық ішкі және сыртқы туризм шығындар 12 пайызы әлемдік ұлттық өнімді құрайды.

  • 1,5 млрд ішкі және халықаралық турстік саяхаттар, тіркеуді, оған әлемнің үштен бір бөлігі қатысты.

  • Халықаралық туризмге 6 пайыз жалпы халықаралық экспортқа және хлықаралық қызмет көрсету 2530 пайыз.

  • Бар болжамдарға сәйкес халықаралық туризм 1 жылда 2010 ж. дейін әлемдегі жетекші экспорт саласы болғанда 4 пайызға өседі.

Экономиканың, қоршаған ортаның, адамдардың өзгеруін туризмнің революциясы деп атауға болады.

Туризмнің көмегімен адам бұрын болмаған таныс емес жерлерді көріпғ әлемді толық түсініп сезінуге, барлық адамдарды саяхаттауға құқықтық намыс сезіне отырып, олар революцияға қатыса алады.

Туризм бір-бірін білу және түсінуге тұрақты және оңтайлы ықпал етеді, яғни әлемдегі бейбітшілікті күшейту және халықаралық шиеліністі жойып, керісінше бейбітшілік орнатады.

Бос уақыт қоғамдық қажеттілігі болып табылады, бірақ ол кедергі болуы мүмкін, егер дұрыс пайдаланылмаса, бос уақытта өткізуде көптеген мүмкіндіктердің бір де бірі туризм сияқты мағына ламайды.

Туризмнің экономикалық дамуының потенциалы шектелмеген, бірақ бұнда қомақты қаржылық шығын болады.

Сонымен қатар олар табыс әкеліп, туризм салаындағы шығындар экономиканың көптеген деңгейлерімен өтіп, тура және жанама жұмысбастылықты жасайды, шетел валютасымен түсуді қамтамасыз етеді.

Қазіргі кезде дамушы ел халықаралық туризмге қатысы жоғарғы, бірақ дамушы елдер халықаралық туризмнен көп пайда таба алады, сондай-ақ олар табысқа қандай да болмасын жолмен жетуге тырысуға болмайтынын ұмытпауы қажет.

Қазіргі кезде халықаралық туризм ортақ көлемде кшкі туризмнен түскен табыс үлкен, яғни экономикалық жағдайы, ұлттық аймақтыөқ, жергілікті жұмыс басылықты қамтамаысз етеді. Ішкі туризмнің дамуы әлеуметтік және адамдар арасындағы қарым-қатынасты жеңілдетеді.

Ішкі туризмнің дамуы сонымен қатар туристік инфрақұрылым базасын қалыптастырады және мамандарды дайындап, халықаралық туризм инфрақұрылымының дамуы достастық елдер арасында үйлесімділікпен дамытады.

Туризм экологиялық таза бөлім болып табылады, бірақ мұнда табиғи мәдени потенциалы қаупі бар, бұл мемлекеттің көңіл аударуын талап етеді.

Қатаң қорғаудағы ескерткіштер, адам аяғы баспаған жерлерге көп рет келуге туристерді тартып ынталандырады, өз кезегінде туристердің шығарған шығыны сол елдіңмәдениетін, қоршаған ортасын қорғауға экономикалық негіз болады және керісінше ескерткіштер қорғауға алынбаса ол туристерді қызықтырмай, экономикалық пайданы азайтады.

Туризмді бақылау мен жоспарау болмауы туристер мен жергілікті халықтар арасында экономикалық, мәдени, әлеуметтік қақтығыс туғызуы мүмкін, сонымен қатар туристердің іс-әрекеті мен қажеттіліктерінің біркелкі болуы туристерді қаблдайтын елдің жергілікті халықтың мәдени ерешелігіне кері әсер етуі мүмкін.

Қазіргі кезде әлемдік туристік сұраныс белгілі бір мерзімге байланысты, сұраныс шегі белгілі айларға келеді. Бұл жағдай климаттың және ынталандырушы факторларға ғана емес, шртты өндірістік тәжірибеге және ұлттық заңдарға, жұмысшыларға жыл сайын төленетін демалысты реттеумен байланысты түсіндіріледі. Бұған мектеп демалысынан да қосу қажет.

Туризм индустриясы әлі күнге дейін туризм жайлы шынайы көзқарас, туризмнің дамуын, бірінші орында парламент тарапынан қолдауды қалыптастыра алмады.

Көптеген елдердің ұлттық туристік индустриясы фрагменттік мінез ұстанған және ол ұсақ, өзін-өзі басқаратын капитал жетіспеушілігінен қиналып жүрген туристік мекемелерден тұрады. Бұл туристердің әртүрлі және жеке қажеттілігіне жауап беріп, арасындағы айырмашылық және халықаралық турситік ұсыныстар концентрациясының өсуімен байқалып отыр (халықаралық туроператорлар, авиакомпаниялар, қонақ үйлер).

Туризмді кешен негізінде жоспарлап басқа секторларға жататын барлық аспектілерді негізге алу керек, оған: көлік, жұмысбастылық, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, байланыс т.б. жатады.

Туристік индустриясыны дамыту, үкімет тарапынан қаржымен қамтамасыз етіп, ынталындыруды негізгі мақсат қылу қажет. Мұндай демеу беру экономикалық даму және жұмыс орындарын көбейтіп, сонымен қатар жақсы инфрақұрылыммен қамтамасыз етіп, қоршаған ортаны қорғау, әр елдің мәдени мұрасын дамытуға өз үлесін қосады. Сондықтан үкімет пен туризм индустриясы өз елінің қазіргі және болашақ туризм саласында белсенді саясат жүргізуді қажет етеді.

Үкімет туризмнің даму әдістерін өз қолына алу арқылы дәстүрлі мәдениеттерінің өз өміршедігін, тереңдігін, біртұтастығын сақтауға мүмкіндік береді.

Туризм саласына енді кірген дамушы елдер жоспарлау және іске асыру ұлттық деңгейде жасалуы қажет, халықаралық келісім шегнде дамыған елдер тәжірибесиесінің оң жағын пайдаланып жіберген қателерінен қашу керек.


Пайдаланылған әдебиеттері:


  1. Қазақстан Республикасының «Туристік қызмет туралы» заңы - № 211-11 от 13 июня 2001 года.

  2. Туризмді дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

  3. Указ Президента РК «Государственная программа РК «Возрождение исторических центров Шелкового пути» от 27 февраля 1998.

  4. Сборник нормативных правовых актов и информационных материалов по вопросам туризма. – Астана, 2005

  5. Концепции развития туризма в Республике Казахстан №333 от 6 марта 2001 года.// Туристская деятельность: Сборник законодательных актов. – Алматы: Юрист, 2004. – С. 16-30.

  6. Программа развития туристской отрасли на 2003-2005 годы от 29.12.2002 г. №1445. – Астана, 2003

  7. Балабанов И.Т., Балабанов А.И. Внешнеэкономические связи: Учебное пособие для студентов вузов. – М.: Финансы и статистика, 2000


Похожие:

«Менеджмент және маркетинг» кафедрасының аға оқытушысы icon«Менеджмент және маркетинг» кафедрасының аға оқытушысы
Мемлекеттік стандарттар жаңартылып,оқу бағдарламалары жетілдіріліп,жаңа типтегі оқу орындары ашыла бастады. Сонымен қатар,білім сапасына...
«Менеджмент және маркетинг» кафедрасының аға оқытушысы icon2014-2015 жылға арналған «Менеджмент және маркетинг» кафедрасының пәндер тізімі маркетинг бакалавриат

«Менеджмент және маркетинг» кафедрасының аға оқытушысы icon1. 2 Анатомия және физиология кафедрасы 3 Аға оқытушысы
Калиакперова Нұрлыхан Заманбековна, Анатомия және физиология кафедрасының аға оқытушысы
«Менеджмент және маркетинг» кафедрасының аға оқытушысы icon5В050900 «Қаржы» мамандықтары
Самиева Гүлмира Толеуғалиқызы, аға оқытушы, Темиргалиева Айгүл Сержанқызы, аға оқытушы, Омарбаева С. Т аға оқытушы «Менеджмент және...
«Менеджмент және маркетинг» кафедрасының аға оқытушысы iconҚазақстан республикасының Ғылым және білім министрлігі
Философия және психология факультетінің философия және мәдениет теориясы кафедрасының аға оқытушысы Донецкая Н. А., аға оқытушы Куликов...
«Менеджмент және маркетинг» кафедрасының аға оқытушысы iconМинистерство здравоохранения рк
«Мейірбике ісіндегі әкімшілік процесс және менеджмент» пәні бойынша лекциялар кешені «Денсаулық сақтау мен фармацияда маркетинг және...
«Менеджмент және маркетинг» кафедрасының аға оқытушысы iconМинистерство здравоохранения рк
«Мейірбике ісіндегі әкімшілік процесс және менеджмент» пәні бойынша СӨЖ өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулар «Денсаулық сақтау...
«Менеджмент және маркетинг» кафедрасының аға оқытушысы iconДайындаған анатомия және физиология кафедрасының аға оқытушысы Рақышева Толқын Труспекқызы

«Менеджмент және маркетинг» кафедрасының аға оқытушысы icon1 Қолданылу саласы
Сейсенбаева М. К., «Техникалық физика және жылуэнергетика» кафедрасының аға оқытушысы
«Менеджмент және маркетинг» кафедрасының аға оқытушысы icon1 Қолданылу саласы
Сейсенбаева М. К., «Техникалық физика және жылуэнергетика» кафедрасының аға оқытушысы
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница