Ф кгма 4/3-04/02 ип №6 умс при Казгма




Скачать 71.56 Kb.
НазваниеФ кгма 4/3-04/02 ип №6 умс при Казгма
Дата конвертации15.02.2016
Размер71.56 Kb.
ТипДокументы
источникftp://ftp01.kgmu.kz/FARM/3 kurs/Osnovi organiz/KAZ/lekcii/3.doc
Ф КГМА 4/3-04/02

ИП № 6 УМС при КазГМА

от 14 июня 2007 г.




Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы

Химия курсымен фармацевтикалық пәндер кафедрасы




ДӘРІС

Тақырыбы: Фармацевтикалық бөлшек сауда буынының қызметін ұйымдастыру.


Фармацевтикалық қызметті ұйымдастыру негіздері пәні

051103- Фармация мамандығы


3 курс

1сағат уақыт (ұзақтығы)




Қарағанды 2009ж .

Кафедраның әдістемелік жиналысында бекітілген

24.04. 2009ж. № __9__ Хаттама


Кафедра меңгерушісі, б.ғ.к. ________________ Лосева И.В.


Тақырыбы: Фармацевтикалық бөлшек сауда буынының қызметін ұйымдастыру.


Мақсаты: Дәріхана мекемелерінің қызметін ұйымдық, құқықтық қалыптары мен формаларымен таныстыру. Дәрілік заттардың бөлшек сауда ережелері.


Дәрістің жоспары:

  1. Дәріхана мекемелерінің қызметін ұйымдық, құқықтық қалыптары, формалары.

  2. Фармацевтикалық қызметті лицензиялау.

  3. Дәріханалық мекемелердің түрлері.

  4. Дәрілік заттардың бөлшек сауда ережелері.



ҚР ДСМ номенклатурасына сәйкес дәріхана жүйесіне кіреді: дәріхана, аудандық орталық дәріхана, қалалық орталық дәріхана, дәріханалық дүкен, медициналық техника дүкені, оптика дүкені, дәріханалық киоск, әріханалық база, медициналық техникалық база, аналитикалық бақылау лаборатоиясы.

Амбулаторлық емхана және стационарлық жағдайда науқастарды дәрімен қамтамасыз етудің негізгі мекемесі дәріхана болып табылады.

Дәріхана өзінің қызметінің сипаты бойынша денсаулық сақтау мекемесіне жатады, ал атқаратын қызметі бойынша дәрі-дәрмек және оған теңелген медициналық мақсаттағы бұйымдар, таңу-байлау материалдары, тазалыққа қажетті заттарды, медициналық техниканы және т.б. жалпы айтқанда тауарларды сатуменен айналысады, сонымен қатар дәріхана халық арасында тазалықты сақтау туралы және әртүрлі аурулардан сақтану туралы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізеді. Сондай-ақ дәріханадан сатылатын дәрілік заттар туралы ақпаратты емдеу мекемелеріне және халыққа беріп отырады. Дәріхана өзінің жұмысын ҚР конституциясына, ҚР үкіметі заңдарына, жарлық қаулыларына сәйкес сондай-ақ ҚР денсаулық сақтау министрлігі және осы саладағы басқарушы органдар бұйрықтарына сай ұйымдастырады. Дәріханалар өздеріне жүктелген міндеттерді атқару үшін тиісті ұйымдық құрылымы болуы керек.

Дәріхана мекемелерінің құқықтық ұйымдық түрлері ҚР азаматтық кодексімен анықталады. Осы кодекске сәйкес дәріханалар мемлекеттік, жекеменшік, жауапкершілігі шектелген серіктестік, акционерлік қоғам, жеке меншік кәсіпорын т.б. формалары бар.


2. ҚР жоғарыда айтылған қызметпен шұғылдану үшін лицензия болу керек. Фарамцевтикалық қызметке емдік препараттарды, өнеркәсіптік, өндіріс және дәріхана жағдайларында дайындаумен емдік препараттарды көтерме және бөлшек саудада сату қызметі жатады. Осы қызметті жүзеге асыруға, лицензияларды беру және есепке алу тәртібін олардың шарттарын ҚР үкіметінің 2000 жылғы 28 қазандағы №1624 қаулысымен бекітілген. Осы қаулы, яғни лицензияны фармацевтикалық қызметті жүргізу үшін реттейді.

Емдік препараттар (дәрілік заттар) фармакологиялық белсенділігі бар, шығу тегі әртүрлі (өсімдіктерден, жануарлардан, минералдық, биотехнологиялық т.б.) заттар және аурулардың алдын алуға, диагнозын қоюға және емдеуге қолданылатын осы заттардың нысандары, сондай-ақ дәрілік заттарға дәрілік заттардың құрамдас бөліктері болып табылатын заттар олардың дәрілік ысандары адам денесінде және тәні ішінде уақытша немесе ұзақ болуға арналған бұйымдар мен материалдар, сонымен қатар емдік-профилактикалық азық-түліктер, тағам қопалары, емдеу мақсатында пайдаланылатын бұйымдар, құрылғылар мен приборлар жатады.

Фармацевтикалық қызмет фармацевтикалық және медициналық зауыттарда, фабрикаларда, цехтарда, сондай-ақ дәріхана қоймаларында, дәріханаларда, дәріхана пункттерінде, дәріхана дүңгіршектерінде, емдеу-техника және оптика дүкендерінде жүзеге асырылады.

Фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіптің және дәріхана иелері жеке және заңды тұлғалар болуы мүмкін. Оларды лицензияттар деп атайды. Фармацевтикалық қызметті лицензиялау ҚР азаматтарының денсаулығы мен өмірін қорғау, дәрі айналымы саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, фармацевтикалық қызметтердің жоғары сапасын қамтамасыз ету мақсаттарында жүргізіледі. Лицензиялауға төмендегі істер жатады:

1. Дәрілік заттарды өнеркәсіптік, өндіріс жағдайларында өндіру ісі

2. Дәрілік заттарды дәріхана жағдайында дайындау ісі

3. Дәрілік заттарды көтерме саудада сату ісі

4. Дәрілік заттарды бөлшек сауда жүйесінде сату ісі


Фармацевтикалық қызметті лицензиялауды ҚР азаматтарының денсаулығын сақтау саласында басшылық жасауды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган (ҚР ДСМ) оның құрамындағы фармация комитеті береді. Оларды лицензияр деп атайды.

Фармацевтикалық қызметпен тиісті лицензиясыз немесе лицензиялық ережелер мен нормалық ережелерді бұза отырып айналысу ҚР заңнамалық келісімдеріне сәйкес жауапқа тартылады.


Лицензия берудің тәртібі және шарттары.

Лицензия алу үшін лицензият мынадай құжаттар дайындап лицензия беретін мекемеге немесе лицензиярға тапсыру керек:

1. ҚР үкіметі бекіткен белгіленген үлгідегі өтініш.

2. Заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгендігі туралы куәліктің нотариалдық куәландырылған көшірмесі.

3. Қызметтің лицензияланатын түрімен айналысу құқығына алым енгізілгендігі туралы құжат.

4. Лицензияттың белгіленген тәртіппен тіркелген заңды және жеке тұлғаның тәуелсіз сараптамалық бағалау негізінде жасалған біліктік талаптарына сәйкестік туралы қорытынды.

5. Жергілікті, санитарлық эпидемиялогиялық станциялардың шешімдері.

Лицензия өтінішке қарай бір айдын ішінде талқыланып құжаттары дұрыс болса, сол бір айдын ішінде лицензия беріледі.


Дәріхана түрлері.

1. Емдеу, алдын-алу мекемесінің дәріханасы – бұл дәріхана ашу үшін оларға 130 м2 мекен – жай керек.

2. Шаншуға арналған дәрілік заттар түрлерінің дайындауға құқығы бар дәріхана – бұл дәріхана ашу үшін оларға 120 м2 мекен – жай керек.

3. Дайын дәрілік заттар дәріханасы – бұл дәріхана ашу үшін 30 м2 мекен – жай керек.

Дәріханалардың барлық түрі негізінен 3 функция атқарады:

1. өндірістік функция

2. медициналық функция

3. сауда функциясы

Өндірістік функция деп дәріхананың дәрі-дәрмек дайындау процессін, сапасын тексеру, бақылау, дайындалған дәрілердің безендіру жұмыстарын атқарады.

Медициналық функция деп дәріхана барлық медициналық мекемелерге сәйкес тұрғындарға, халыққа керек болған жағдайда бірінші медициналық көмек көрсетеді, санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізеді, медициналық және фармацевтикалық ақпараттарды жүргізуді айтады.

Сауда функциясы деп басқа да сауда мекемелері сияқты дәрі-дәрмекті сатуды, тұрғындарға және емдеу орындарына босатуды айтады.

Негізінен дәріханада 4 бөлім болу керек:

  1. Рецептуралық өндіріс бөлімі

  2. Дайын дәрілер бөлімі

  3. Қор сақтау бөлімі

  4. Рецептсіз босату бөлімі

Дәріхананың негізгі бөлмелері:

1. Сауда залы

2. Ассистент бөлмесі

3. Фармацевт-аналитик бөлмесі

4. Дәріхана меңгерушісінің бөлмесі

5. Қойма

6. Дәріханалық ыдыстарды жуу бөлмесі

7. Зарарсыздандыру блогы

8. Тазартылған суды алу бөлмесі


Дәріхананы басқару дәріхана меңгерушісіне жүктеледі. Дәріхананың әр бөлімін бөлім меңгерушісілері басқарады. Бөлім меңгерушісілері дәріхана меңгерушісінің орынбасарлары болып табылады. Дәріхана меңгерушісі, орынбасарлары, дәріханалық пункт, киоск меңгерушісілері және дәріхана кассирі материалдық жауапкершілікте болады. Материалдық жауапкершілік жазбаша түрде арнайы материалдық жауапкершілік шарты бойынша бекітіледі. Материалдық жауапкершіліктің 2 түрі болады:

      1. Толық материалдық жауапкершілік

      2. Шектелген материалдық жауапкершілік

Толық материалдық жауапкершілік 2 түрге бөлінеді:

1. Ұжымдық материалдық жауапкершілік

2. Жеке материалдық жауапкершілік

Шектелген материалдық жауапкершілікке дәріхана кассирі жауап береді.Себебі, дәріхана кассирі ақшадан басқа материалды құнды заттарға жауап бермейді.


Дәрілік заттардың бөлшек сауда ережелері.

Дәрілік заттар дәріхана, дәріхана пункттерінде, дәріхана дүнгіршектерінде сатылады. Дәрілік заттардың сатудын бірнеше деңгейлері бар.

0 – деңгейлі Дәріхана тұтынушылар (науқас адам)

1-деңгейлі Зауыттар дәріхана науқас адам

2- деңгейлі Зауыттар көтерме сауда жүйесі дәріхана науқас адам

3-деңгейлі Зауыттар көтерме сауда жүйесі ұсақ көтерме сауда жүйесі дәріхана науқас адам


Иллюстрациялы материалдар: плакат.

Әдебиеттер:

  1. В.И.Криков, В.И.Прокопищин –Организация и экономика фармации.- М:-1991

  2. И.В.Косова –Организация и экономика фармации.- М: – 2002г.

  3. Концепция национальной лекарственной политики РК №584.

  4. Закон РК «О системе здравоохранения» №430-II от 04.06.03г.

  5. Закон о ЛС №522- II 3РК

  6. СанЕжН – 2002г.



Бақылау сұрақтары:
  1. Дәріханалық ұйымның негізгі функциялары.

  2. Дәріханалық ұйымның түрлері.

  3. Арнайы дәріханалық ұйым.


  4. ҚР ДЗ мен ММБ көтерме таратуды іске асыру тәртібі

Похожие:

Ф кгма 4/3-04/02 ип №6 умс при Казгма iconФ кгма 4/3 – 04/02 ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г
Тақырыбы: Вегетативті жүйке жүйесінің ауруы: медбикелік істі ұйымдастыру және диагностика
Ф кгма 4/3-04/02 ип №6 умс при Казгма iconФ кгма 4/3 – 06/ 01 ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007г
Мақсат: Экзо- және эндокриндік ісіктерді классификациялық ұстанымға және морфологиялық бейнесіне сүйене отырып, өзара ажыратып, анықтай...
Ф кгма 4/3-04/02 ип №6 умс при Казгма iconФ кгма 4/3 – 06/ 01 ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007г
Мақсат: Ісіктің қалыптасуын гистогенездік классификациясына сәйкес анықтап, оларды клиника-морфологиялық түрғыдан сипаттамасын ажыратып,...
Ф кгма 4/3-04/02 ип №6 умс при Казгма iconФ кгма 4/3 – 06/ 01 ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007г
Тромбоз. Эмболия. Шок. Инфаркт. Некроз. Экссудатты қабыну. Пролиферативті қабыну. Гранулематоз. Спецификалық гранулемалар. Иммуногенез...
Ф кгма 4/3-04/02 ип №6 умс при Казгма iconФ кгма 4/3-08/01 ип №6 умс при Каз гма от 14 июня 2007 г

Ф кгма 4/3-04/02 ип №6 умс при Казгма iconИп №6 умс при Казгма
Тақырыбы: «Топырақты қорғаудың қазіргі проблемалары. Топырақтың гигиеналық маңызы»
Ф кгма 4/3-04/02 ип №6 умс при Казгма iconФ кгма 4/3-08/01 ип №6 умс при Каз гма от 14 июня 2007 г
Бехтерев ауруыныњ дамуындаѓы инфекциялыќ-аллергиялыќ факторлардыњ мєнін аныќтањыз?
Ф кгма 4/3-04/02 ип №6 умс при Казгма iconИп №6 умс при Казгма
Тақырыбы: «аіи кезінде эпидемиологиялық қадағалауды ғылыми және ұйымдастыру негіздері»
Ф кгма 4/3-04/02 ип №6 умс при Казгма iconИп №6 умс при Казгма
Тақырыбы: «Төтенше жағдайларда тұрғындарды емдік-эвакуациялық қамтамасыз етілуін ұйымдастыру»
Ф кгма 4/3-04/02 ип №6 умс при Казгма iconФ кгма 4/3-08/01 ип №6 умс при Каз гма от 14 июня 2007 г
Маќсаты: Ревматоидтыќ артрит кезіндегі тіндер мен м‰шелердегі морфофукциональді µзгерістерін аныќтауды игеру
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница