Курсы және оқу семестрі: 4 курс 7,8 семестр Семей 2013




Скачать 309.24 Kb.
НазваниеКурсы және оқу семестрі: 4 курс 7,8 семестр Семей 2013
страница1/4
баева С С
Дата конвертации15.02.2016
Размер309.24 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://sirius.ssmu.kz/fs/_14/01/27/52e638efde74a.doc
  1   2   3   4

G-041.07.05.23-2013


Силлабус

Бакалавриат МЖМБС

1 бас.

Бет тен





СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ


ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА КафедраСЫ


Силлабус

(Syllabus)


Пән: Денсаулық сақтау саласындағы экономика және маркетинг

Пәннің коды: EMZ 4302

Мамандығы: 5В110100 -«Мейірбике ісі»

Оқу сағатының/кредиттің*көлемі: 180/4

Курсы және оқу семестрі: 4 курс 7,8 семестр


Семей 2013


Силлабусты (студенттің жұмыс бағдарламасын) Қоғамдық денсаулық сақтау және информатика кафедрасы құрастырды

«Денсаулық сақтау саласындағы экономика және маркетинг» Типтік оқу бағдарламасының негізінде;

Мамандығы- 5В110100 «Мейірбике ісі»


Автор: м.ғ.к., оқытушы Қырықбаева С.С.


_______ _______________20__ кафедра отырысында талқыланды

№____Хаттама

Кафедра меңгерушісі: м.ғ.к., профессор_________________ Базарбек Ж.Б.


Оқытушылар туралы мәліметтер




Т.А.Ә.

Лауазымы, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы

Ғылыми ықыласы және жетістіктері/категориясы

1

Хисметова З.А.,

м.ғ.к., аға оқытушы


Хисметова Зайтуна Абдулкасымқызы кафедрада 1994 ж. бастап қызмет жасайды.2000 жылы кандидаттық жұмысты қоғады.


2

Базарбек Ж.Б.,


м.ғ.к., профессор


Базарбек Женисбек Базарбекұлы 1993 ж. бастап кафедраны басқарады.100 жазу жұмыстардың авторы. Жұмыс істеген уақытында бір неше рез марапатталған, алғыс алған, РК денсаулық сақтау үздікі.

3

Самарова У.С.,


м.ғ.к.,доцент


Самарова Умитжан Сапарқызы кафедрада 1994 ж. бастап қызмет жасайды. 1994 жылы кандидаттық диссертацияны қорғады, 1995 ж доцент атағын алды, 50 баспа жұмыстардың авторы.

4

Рахметова Күміс

м.ғ.к., доцент



1981 жылы СММИ бітірді. 1995 жылдан бастап кафедрада қызмет жасайды, доцент, 30 баспа жұмыстардың авторы.

5

Рахимжанова Ф.С.,


м.ғ.к., доцент


Рахимжанова Фарида Серғазықызы 1989 ж. СММИ бітірді, 1994 жылы кандидаттық диссертацияны қорғады, 30 баспа жұмыстардың және бір оқу-методикалық пособияның авторы.

6

Хисметова З.А.,


м.ғ.к., аға оқытушы.


Хисметова Зайтуна Абдулкасымқызы кафедрада 1994 ж. бастап қызмет жасайды.2000 жылы кандидаттық жұмысты қоғады.


7

Калиханова Қ.Е.,


оқытушы


Калиханова Құралай Ерғалиқызы 2009 жылдан кафедрада жұмыс істейді, 10 баспа жұмыстардың авторы, куратор.


8

Қырықбаева С.С

оқытушы

Кырыкбаева Салтанат Саятовна, кафедрада 2010года қызымет істейді.Кафедрада әдістемелік, ғылыми және тәрбие жұмыстарың атқарады.

9

Нурмуканов Д.К

оқытушы ғ.м.к.,

кафедрада 2010года қызымет істейді, 20 ғылыми енбктің авторы.Кафедрада әдістемелік, ғылыми және тәрбие жұмыстарың атқарады.



10

Горемыкина М. В.

оқытушы ғ.м.к.,


кафедрада 2010года қызымет істейді, 20 ғылыми енбектің авторы.Кафедрада әдістемелік, ғылыми және тәрбие жұмыстарың атқарады.



Байланыс ақпараты: ШҚО, Семей қаласы,Ленина көшесі, 3.

3 жатақана 5 қабат

Пән саясаты

Пән саясаты – бұл білімалушының (студент, интерн, резидент, магистрант, докторант) оқу материалын анағұрлым толық меңгеруіне және оқытушылар мен білімалушылардың нәтижелі әріптестігіне бағытталған осы пәнді меңгеру үрдісінде білімалушыға кафедраның қоятын жалпы талаптары.

Білімалушы міндетті:

  • Білімді, шеберлікті, практикалық дағдыларды және біліктіліктерді толық көлемде меңгеру.

  • Таңдалған білім траекториясы бойынша біліктіліктерге жету үшін бірінші курстан бастап электронды нұсқада «Портфолио» жинау.

  • Оқытушыларға, қызметкерлерге және білімалушыларға құрметпен қарау.

  • Мұнтаздай таза және тәртіпті болу, Университетте, емханаларда өзін лайықты ұстау, тыныштықты және сабақтарда, холлдарда, дәліздерде тазалықты сақтау.

  • Білімалушы сабақ басталған соң (оқытушы сабақты нақты бастаған соң) аудиторияға тек оқытушының рұқсатымен кіріп шыға алады.

  • Пән бойынша оқу бағдарламасын толық меңгеру үшін дәрістерге, практикалық (зертханалық, семинар) сабақтарға қатысу міндетті болып табылады. Клиникалық кафедраларда профессордың немесе доценттің қарауына, дәрігерлер консилиумдарына міндетті түрде қатысу.

  • БОӨЖ (білімалушының оқытушы жетекшілігімен өздік жұмысы) қатысуға кафедраның талаптарын орындау.

  • Дәрістерге, практикалық, зертханалық және семинар сабақтарға, емтихандарға медициналық форм киіп қатысу.

  • Клиникалық кафедраларға СЭС рұқсаты бар санитарлық кітаптың болуы.

  • Кафедра мүлкіне ұқыптылықпен қарау, үстелдер үстін ластамау, жазу жазбау, мүлікті бұзған жағдайда келтірілген зиянның орнын толтыру.

  • Үшкір өкшесі бар аяқ киімді киюге тыйым салынады.

  • Өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін сақтау.

  • Университеттің ішкі тәртіп ережелерін сақтау.

  • Кафедра өміріне белсенді қатысу (СҒЖ үйірмесіне, кафедра іс-шараларына және т.б. қатысу).

  • Мамандық бойынша ғылыми-практикалық, патологоанатомиялық конференциялар мен ассоциациялардың жұмысына қатысу.

  • Дәрістер, сабақтар кезінде ұялы телефондарды өшіріп қою.

  • Емтихандарға ұялы телефондарды, i–Phone, i-Pad алуға тыйым салынады. Білімалушы ұялы телефондарды, i–Phone, i-Pad еске түсіру құралы ретінде пайдаланса, ол емтиханнан шығарылады және F бағасы қойылады. Емтиханда немесе саралау сынағында білімалушы көмекші қағаздарды қолданса, автоматты түрде қорытынды «қанағаттандырарлықсыз» баға қойылады.

  • Кафедраларда өтемдер сабақтан тыс уақытта өткізіледі, дағдылы күндерде де жіберіледі (теориялық кафедрада кезекші оқытушы 18.00 сағатқа дейін болуы тиіс), клиникалық кафедрада өтемдерді профессорлық – оқытушылық құрамының түнгі кезекшілігі кезінде өткізуге болады.

  • Себепсіз жағдай бойынша босатылған сабақтар өтелмейді.

  • Себепті жағдай бойынша сабақтарды босатқанда білімалушы сабаққа шыққан күннен бастап деканаттан бір апта ағымында рұқсатнама алуға міндетті.

  • Білімалушы себепті жағдай бойынша сабақтарды босатса 2 ай ішінде өтеуі керек.

  • Дәрістерді босатқан кезде себептерге қарамай білімалушы дәріс материалдарының конспектісі болуы керек және оны дәріскерге көрсетуі керек.

  • Білімалушы белгілі себептермен (стационарда емделсе, төтенше жағдайлар болған кезде: табиғат апаты, апаттар және басқалар) басқадай себептермен сабақ босатқан жағдайда интерн, топ старостасы немесе оның туыстары бір тәулік ішінде білім ұйымын болған жағдай туралы хабардар етуге тиісті (телефонмен және басқадай жолмен) және үш күн ішінде осы жағдайды куәландыратын құжат әкелуі керек.

  • Ақтау құжаттары болып табылады: студенттік емханадан анықтама (нөмірі емхананың анықтама беру журналындағы нөмірмен бірдей болуы керек), жақындарының қайтыс болуы туралы куәлік, донорлық анықтама, некелесу туралы куәлік, баланың туу туралы куәлігі). Интерндер, резиденттер, магистранттар, докторанттар жұмысқа жарамсыздығы парағын беруі керек. Ақтау құжаттары болмаған жағдайда себепсіз болып саналады.

  • Жалған анықтамалар берген жағдайда рұқсатнама берілмейді және білімалушыға қатысты ішкі тәртіп Ережелеріне сәйкес әкімшілік шаралар қолданылады.

  • Кафедраға рұқсатнамамен бірге растайтын құжат көшірмесі беріледі. Білімалушы себепті жағдаймен босатылған 2 сабақты бір ретте өтеуіне болады.

  • себепті жағдаймен босатылған сабақты өтеу кезінде қағаз журналда «бж» дөңгелектенеді және алынған баға қағаз және электронды журналға енгізіледі.

  • Білімалушы бір айда екі және одан да көп сабақтарды босатқан жағдайда аттесталмаған деп есептеледі.

  • Соңғы сабақта пән бойынша жіберу рейтингісінің бағасы (ЖРБ) есептеледі, ЖРБ ведомостіне танысқаны туралы білімалушы өзінің қолын қояды, ал ЖРБ жетекші оқытушымен сынақ кітапшасында ЖРБ қойылады.

  • Пәндердің (дәрістердің, практикалық) аудиторлік сабақтардың жалпы көлемінен 25% себепсіз жағдаймен босатқан білімалушы пән бойынша аралық аттестаттауға (емтиханға/дифсынаққа) жіберілмейді және жазғы (ақылы) семестрден өтуге міндетті.

  • Пәндердің (дәрістердің, практикалық) аудиторлік сабақтардың жалпы көлемінен 25% себепсіз жағдаймен босатқан білімалушы жеке кесте бойынша барлық өтеулерді өтеуге міндетті.

  • Деканаттан рұқсатнамалар оқу топтары журналдарында бірге сақталады.

  • Егер білімалушы себепті жағдай бойынша аралық бақылауды босатқан және оны бір ай бойы өтемеген жағдайда, «бж» орнына қағаз журналда «0» қойылады.

  • Егер интеграцияның бір пәні немесе аралас пәндер бойынша «Жалпы медицина» мамандығы 4,5,6,7 курстары білімалушысы «F» алса, онда білімалушы жазғы (ақылы) семестр кезінде «F» бар пәнді ғана өтеді.

  • Егер емтихан екі және одан да көп кезеңдерден тұрған жағдайда және біліалушы кезеңдердің бірінен «0» алса, онда қорытынды баға қанағаттанарлықсыз болады.

  • Егер жіберу рейтингісі бойынша және қорытынды бақылаудан да (емтихан/диффсынақтан) білімалушы оңды баға алса ғана қорытынды баға есептеледі. Сонымен бірге оңды баға болып 50% -дан 100% -ға дейінгі баға болып саналады, қанағаттанарлықсыз баға - 0 -дан 49% -ға дейінгі баға болып саналады.

  • Тестілік емтихан үлесі пәнннің қорытынды бағасындағы үлес салмағы 10% құрайды.

Ағымдағы сабақтарда және аралық бақылауда алынған қанағаттанарлықсыз бағалар өтелмейді. Қанағаттанарлықсыз бағалар болған жағдайда білмалушылар төмен ЖРБ алады, ол өз кезегінде емтихан рұқсатнамасына әсер етеді.

Аралық аттестаттау бойынша оңды бағаны оны көтеру мақсатында қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

  • ЖРБ сынақ кітапшасының оң жағына қойылады. Дифференциалды сынақ бағасы шәкіртақы тағайындауға әсер етеді.

  • Осы семестрдің оқу жоспарымен қарастырылған семестрдің барлық пәндері бойынша оқу бағдарламасын орындау шарттары барлық сынақтарды тапсыру/ алуда білімалушылар аралық және қорытынды аттестаттауға жіберіледі.

  • Емтихан сессиясына жіберу деканат өкімімен рәсімделеді, сонымен қатар білімалушы сынақ кітапшасына «сессияға жіберілді» мөртабаны қойылады.

  • Біліалушыны курстан курсқа ауыстыру студенттің үлгерімінің орта баллы (GPA) негізінде жүргізіледі.

  • Егер білімалушы қажетті өту баллының GPA санын ала алмаса, білім грантынан айрылуымен қайталау курсын өтеді немес өз еркімен оқудан шығарылады.

  • Толық көлемде курс бағдарламасын орындаған білімалушы, бірақ өту баллын (GPA) жинай алмаған, өзінің үлгерімінің орта баллын көтеру мақсатында ақылы негізде пәнді қайта жазғы (ақылы) семестрде оқуға мүмкіндік беріледі («Қазақстан тарихы» пәнінен басқа, ол бойынша мемлекеттік емтихан тапсырылады) және және қайта емтихан тапсырады.Қайта тапсырғанда алынған оңды баға шәкіртақыны тағайындауға әсер етпейді.

  • Академиялық демалыстан кейін оқуға келген немесе бір мамандықтан екінші мамандыққа ауысқан кезде білімалушы барлық курсты толық өтуі және емтихан тапсыруы қажет.



1. Кіріспе Денсаулық сақтау жүйесін және жоғары медициналық білім беру жүйесін қайта құрудың қазіргі кезеңінде елімізде мұндай секторды басұарудың адекватты әдістерін іздеу өзекті мәселе болып табылады. Қазіргі нарықтық қатынаста денсаулық сақтау жүйесінің әртүрлі деңгейлерде сәтті жұмыс істеуі, емдік-профилактикалық ұйымдарды (ЕПҰ) басқарудың принциптік жаға формаларын және әдістерін белсенді қолдануды, нарықтық әлеуметтік-экономикалық құрылымның адекватты мәнін талап етеді.

Пәнді оқытудың мақсаты студенттерде экономикалық ойлауды қалыптастыру және жетілдіру, медицинада кәсіпкерлік қарым-қатынасты дамытудың қажеттілігін негіздеу. Мұндай әрекеттерді сауатты іске асыру мүмкіндігі экономиканың теориялық жағдайы, маркетингілік зерттеудің әдіснамасы мен әдістемесі туралы білім береді.


2. Пәннің мақсаты: медицина қызметкерінің маркетингілік қарым-қатынас жағдайында және пациенттің қоғамның жаңа әлеуметтік-экономикалық қатынасқа өту жағдайында экономикалық және маркетингілік біліктілік негіздерін, ақпараттық қызмет машықтарын қалыптастыру.


3. Оқыту мақсаттары: денсаулық сақтау маркетингі мен экономика негіздері туралы білім қалыптастыру;

маркетингінің қазіргі тұжырымдамаларымен таныстыру;

медицина мекемесінің нақты жұмыс жағдайында экономикалық шешімдерді қабылдау машықтарын үйрету;

медициналық қызметтер нарығына маркетингілік әсердің негізгі формалары мен әдістерін уйрету.


4. Реквизитке дейінгі: әлеуметтану, құқық негіздері, экономикалық теория негіздері, денсаулық жағдайын бағалау.

Шектес пәндер: әлеуметтік медицина, денсаулық сақтауды ұйымдастыру және денсаулық сақтаудағы заңнама негіздері, медициналық статистика, әкімшілік процесс және медбике ісіндегі менеджмент, медициналық биоэтика.


5.Реквизиттен кейінгі: «Мейірбике ісі бакалавры» өндірістік практика.


6. Пәннің қысқаша мазмұны: Денсаулық сақтау саласындағы экономика және маркетинг пәні студенттерге денсаулық сақтау экономикадағы мемлекеттік саясаттың негіздері туралы білім беру керек, экономикалық эффект, экономикалық, әлеуметтік және медициналық тиімділік туралы түсінік беру керек. Бұл келешектегі специалистке денсаулық сақтауды дамытудың экономикалық проблемаларын шешу және әлеуметтік-этикалық маркетинг тұжырымдамасы жіне оның медициналық мекеменің кызметің басқару жүйесіндегі орнын табуга көмектеседі.Студенттер маркетингілік анализ, экономикалық және құндық көрсеткіштер, денсаулық сақтаудағы бағаны белгілеу, бюджеттік қаржыландыру және денсаулық сақтау саласындағы орындар маркетингі туралы бәлім алады.

  1   2   3   4

Похожие:

Курсы және оқу семестрі: 4 курс 7,8 семестр Семей 2013 iconКурсы және оқу семестрі 1- курс, 1 семестр Семей, 2013
Силлабусты (студенттің жұмыс бағдарламасын) информатика пәні бойынша кафедрасы құрастырды
Курсы және оқу семестрі: 4 курс 7,8 семестр Семей 2013 iconКурсы және оқу семестрі 1 курс, 2 семестр Семей 2013
Силлабусты (студенттің жұмыс бағдарламасын) қоғамдық денсаулық сақтау және информатика кафедрасы құрастырды
Курсы және оқу семестрі: 4 курс 7,8 семестр Семей 2013 iconКурсы және оқу семестрі 4 курс, 7,8 семестрлар Семей 2013

Курсы және оқу семестрі: 4 курс 7,8 семестр Семей 2013 iconКурсы және оқу семестрі 1 курс 1 семестр Семей 2014
Казакстан Республикасы Денсаулық сақтау министірлігі Астана 2007 ж Типтік оқу бағдарламасының негізінде
Курсы және оқу семестрі: 4 курс 7,8 семестр Семей 2013 iconКурсы және оқу семестрі 1 курс 1 семестр Семей 2014
Казакстан Республикасы Денсаулық сақтау министірлігі Астана 2007 ж Типтік оқу бағдарламасының негізінде
Курсы және оқу семестрі: 4 курс 7,8 семестр Семей 2013 iconКурсы және оқу семестрі 1 курс, 1 семестр Семей 2013ж
Пәннің Жұмыс бағдарламасы Қоғамдық денсаулық сақтау және информатика кафедрасында құрастырылды
Курсы және оқу семестрі: 4 курс 7,8 семестр Семей 2013 iconКурсы және оқу семестрі: 2 курс, 4 семестр Семей 2014
Пәннің Жұмыс бағдарламасын Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы құрастырды
Курсы және оқу семестрі: 4 курс 7,8 семестр Семей 2013 iconКурсы және оқу семестрі: 1 курс, 1,2 семестр Семей 2014
Пәннің Жұмыс бағдарламасы тағамтану және гигиеналық пәндер кафедрасымен «Экология және тұрақты даму» Типтік оқу бағдарламасының негізінде...
Курсы және оқу семестрі: 4 курс 7,8 семестр Семей 2013 iconКурсы және оқу семестрі 2 курс, ІҮ семестр Семей 2014
Силлабусты (студенттің жұмыс бағдарламасын) Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы құрастырды
Курсы және оқу семестрі: 4 курс 7,8 семестр Семей 2013 iconКурсы және оқу семестрі 2 курс, ІҮ семестр Семей 2014
Силлабусты (студенттің жұмыс бағдарламасын) Қазақстан тарихы және жалпы білім беру пәндер кафедрасы құрастырды
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница