Осы ұжымдық келісім-шарт Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Кәсіподақ




Скачать 335.4 Kb.
НазваниеОсы ұжымдық келісім-шарт Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Кәсіподақ
страница1/2
Дата конвертации15.02.2016
Размер335.4 Kb.
ТипКодекс
источникhttp://kaznmu.kz/wp-content/uploads/2013/11/Ұжымдық-келісім-шарт-2013-2015-жж..doc
  1   2






  1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ

    1. Осы ұжымдық келісім-шарт Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Кәсіподақ туралы» Заңына сәйкес дайындалған және оның ішінде:


Бірінші тараптан Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның атынан (мәтінде бұдан әрі – «Кәсіпорын») қазіргі Жарғы негізінде Ректор А.Ақанов, және

екінші тараптан Кәсіпорынның еңбек ұжымы қызметкерлерінің атынан С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің Кәсіподақ қызметкері (бұдан әрі – «Кәсіподақ») У.М.Датхаев, бұдан әрі «Тараптар» бірге, жекелеген немесе жоғарыда көрсетілгендей «Тараптар».

    1. Осы Келісім-шарт мақсатын анықтауда «еңбек ұжымы» дегеніміз Кәсіпорынмен жасасқан еңбек келісім-шарт негізінде еңбек қатынасына түскен жұмыскерлер ұжымы болып табылады.

Кәсіпорын азаматтық-құқықтық шарт негізінде немесе өзге келісім тәртібі негізінде орындалатын жұмысты (қызметті) жүзеге асыратын тұлғалар еңбек ұжымы құрамына енбейді.

    1. Осы ұжымдық келісім-шарттың орындалуы және еңбек шарттары мен жұмысшылардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту мақсатында Кәсіпорын еңбек құқығы нормаларын құрайтын ішкі нормативтік актілерді қабылдай алады. Кәсіпорынның ішкі нормативтік актілері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен және Осы келісім-шартпен салыстырғанда жұмысшылардың жағдайын төмендетпеуі тиіс.

  1. КЕЛІСІМ-ШАРТТЫҢ ПӘНІ

    1. Осы еңбек келісім-шарт және Кәсіпорын мен жұмысшылар арасындағы еңбек, әлеуметтік-экономикалық және кәсіби қарым-қатынасты реттеуші Тараптардың өзара мүдделерінің қиысуына негізделген құқықтық акті болып табылады.

    2. Осы келісім-шарттың пәніне заңнамамен салыстырғанда кәсіпорынның жұмысшыларға ұсынатын еңбек жағдайы мен оның төлемақысы, кепілдігі мен жеңілдігі туралы қосымша ереже жатады.

    3. Сонымен қатар Осы келісім-шартта Кәсіпорын жұмысшылар үшін ерекше мәні бар Еңбек туралы заңнаманың негізгі ережелері келтіріледі.

    4. Төмендегі құжаттар мен шарттар, осы келісім-шартта көрсетілгендей оның ажырамас бөлігі болып саналады, атап айтсақ:

  • Осы келісім-шарт;

  • Ішкі еңбек тәртібінің ережесі (Келісім-шартқа №1 қосымша);

  • РМК «С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетіндегі» қосымша үстемақы төленетін, жұмыс ұзақтығын қысқартатын және жыл сайын қосымша төленетін еңбек демалысын ұсынатын ауыр, зиянды (ерекше зиянды) және қауіпсіз жағдайда жұмыс істейтін құрылымдық бөлімше, кәсіп пен лауазымдардың тізімі, жұмыстардың тізімдемесі (Келісім-шартқа қосымша).

  • Еңбек келісім-шартының типтік формасы (Келісім-шартқа №3 қосымша);

  • Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы, өндірістік тазалық, жұмысшыларға қауіпсіз еңбек жағдайын жасау шараларының жоспары (Келісім-шартқа №4 қосымша).

  1. КЕЛІСІМ-ШАРТТЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

    1. Осы келісім-шарттың мақсаты:

  • Кәсіпорын жұмысшылар мүдделері мен еңбек ету құқығына кепілдік;

  • Қазақстан Республикасының еңбек заңына қосымша Кәсіпорын жұмысшыларының құқықтық нормаларын сақтау және әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту;

  • Жергілікті еңбек қатынастарын реттеу және Кәсіпорынды басқаруға қатысты жұмысшылар құқығын жүзеге асыру;

  • Кәсіпорын жұмысшыларының әлеуметтік-экономикалық мүдделерін және Кәсіпорын жұмысының тиімділігін қамтамасыз ету үшін Кәсіпорын әкімшілігі қызметінің үйлесуі;

  • Кәсіпорын және мекеме жұмысшыларының өкілі арасындағы әлеуметтік серіктестік формалары мен ұстанымдарын жетілдіру;

    1. Келісім-шарт заңнама нормаларын, тараптар өкілінің өкілеттігін, таңдау еркіндігін, оның мазмұнын құрайтын мәселелерді талқылау және шешу, қабылданған міндеттемені орындау шынайылығын сақтау негізінде тең құқылы Тараптар дайындады.

    2. Тараптар осы келісім-шартта көрсетілген міндеттерді орындау және оның өкілдерінің міндеттерді орындамау жауапкершілігін растайды.

  1. КЕЛІСІМ-ШАРТТЫҢ ЖАРАМДЫЛЫҚ МЕРЗІМІ ЖӘНЕ ҚОЛДАНУ САЛАСЫ

    1. Осы келісім-шарттың 01.01.2013 жылдан бастап 31.12.2015 дейін жарамдылық күші бар.

    2. Келісім-шарт Кәсіпорын қайта құрылғанға (қосылғанға, біріктірілгенге, бөлінгенге, қайта құрылғанға ) дейін жарамды.

    3. Кәсіпорын мүлкінің меншік иесі ауысқан жағдайда жарамдылығы үш ай мерзімге сақталады.

Осы мерзімде Тараптар жаңа ұжымдық келісім-шарт жасау туралы келіссөз бастауға немесе сақтауға, осы келісім-шартқа қосымша қосуға және өзгерту енгізуге құқылы.

    1. Осы келісім-шарт Кәсіпорын жойылған, банкрот жариялаған сәттен бастап Кәсіпорын жұмысшыларымен еңбек келісім-шартын тоқтатылған соң күшін жояды.

    2. Келісім-шарттың күші Кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелерінің, филиалдарын қосқанда, өкіл және жекелеген құрылымдық бөлімшелерінің, сондай-ақ, Кәсіпорынның барлық санаттағы жұмысшыларына толық мөлшерде таратылады.

  1. КӘСІПОДАҚ МӘРТЕБЕСІ, КӘСІПОДАҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ КЕПІЛДІКТЕРІ

    1. Кәсіподақ Кәсіпорын жұмысшыларының еңбек ұжымының әлеуметтік-кәсіби мүддесін жүзеге асырады және өкілетті орган болып табылады, Кәсіпорынмен өзара қарым-қатынастағы еңбек ұжымының біртұтас өкілетті өкілі және Осы келісім-шарт Қазақстан Республикасының заң күші бар заңнамасында белгіленген өкілеттілік шегінде әрекет етеді.

    2. Осы келісім-шарт еңбек ұжымының Кәсіподаққа Кәсіпорынмен өзара қарым-қатынаста өз мүдделерін еңбекақыға байланысты келіссөздерде, Кәсіпорын жұмысшыларын қызметтен босатуда, барлық ұжымға қалыпты әрекет етуде еңбек жағдайын тиімді жасау үшін, сондай-ақ, еңбек саласындағы мәселелер мен басқа да әлеуметтік-экономикалық қарым-қатынастағы еңбекке байланысты дайындалады және жасалады.

    3. Кәсіподақ оқу үдерісіндегі Кәсіпорынның ғылыми-өндірістік қызметі пен әлеуметтік саясатындағы ортақ мақсатты жүзеге асыруда өз жауапкершілігін мойындайды және Кәсіпорын қызметінің жоспарларын өмірде іске асыруға өз жұмысын бағыттайды.

    4. Кәсіподақ мүшелері Кәсіподақ тарапынан заңдық, материалдық және моральдық тұрғыдан қорғалады. Сайланылған кәсіподақ жұмысшылары сайлау кәсіпорганының келісімінсіз жұмыстан шығарылмайды.

    5. Кәсіподақ мүшелері конференция, пленум, съезге делегаттардың құрамында қатысса, сондай-ақ, кәсіподақтық оқу кезеңінде негізгі жұмыс орнындағы орташа жалақысы сақталады.

    6. Кәсіпорын әкімшілігі Кәсіподақ ғимаратын, кеңсе жиһазын, ұйымдастырушы техника, қалалық және қалааралық байланыс құралдарын, Интернетті тегін қолдануға мүмкіндік жасайды.

  2. ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫ МЕН МІНДЕТІ

    1. Еңбек қарым-қатынасы үдерісіндегі тараптардың міндеттері мен шарттары Қазақстан Республикасының заңдық күші бар заңнамасымен, Осы келісім-шарт, еңбек келісім-шарты және Кәсіпорынның өкілеттілігі шегінде шығарылған ішкі нормативтік актілерімен реттеледі.

    2. Тараптардың өзара міндеттемесі

  • Кәсіпорын және Кәсіподақ қызметі біріге отырып Осы келісім-шарттағы талаптарды қатаң сақтауға міндеттенеді және төмендегілерді мойындайды:

  • Қазақстан Республикасының заңдары мен басқа да нормативтік құқықтық актілерінің басымдығын;

  • әр Тараптың құқығы мен өкілеттілігін;

  • өз міндеттемесін орындаудағы ұқыптылық;

  • жұмысшылардың әлеуметтік кепілдігінің бекітілген заңнамасын сақтау және орындау;

  • Кәсіпорын және Кәсіподақ әлеуметтік серіктестікті ынтымақтастықтың қажетті формасы және талаптарды қалыптастырудың элементі ретінде мойындайды, әлеуметтік даулардың алдын алуға немесе реттеуге, ұжымда әлеуметтік келісім мен әлеуметтік бейбітшілікті қалыптастырады, жұмысшылар мен Кәсіпорын әкімшілігі арасындағы әлеуметтік еңбек қарым-қатынасы түрлерінің өркениетті формаларын бекітеді.

  • Кәсіпорын мен Кәсіподақ Қазақстан Республикасының заңнамасына негізделген Кәсіпорын қызметінің барлық бағыттары бойынша және әлеуметтік серіктестікті жетілдіруде бірлесе жұмыс жасау мен дамытуды қажет деп санайды.

  • Кәсіпорын мен Кәсіподақ жұмысшылардың еңбек жағдайын, оқу және демалыс шараларын жақсарту бағытында өзара қолдау көрсетеді.

  • Кәсіпорын мен Кәсіподақ жұмысшыларына әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында Кәсіпорынның қолма-қол қаражатына байланысты Кәсіпорын Кәсіподаққа бөлінген қаражат көлемі бойынша келісуі мүмкін.

    1. Кәсіподақ құқықтары:

  • Еңбек заңнамасын сақтауға және Осы келісім-шарттың орындалуына қоғамдық бақылауды жүзеге асырады, Кәсіпорын әкімшілігінен айқындалған тәртіп бұзушылықтарды жоюға ұсыныс енгізеді және соған қол жеткізеді.

  • Әкімшілік пен Кәсіпорын жұмысшылары арасында туындаған мәселелер бойынша жұмысшылар мүддесін қорғайтын өкілетті өкілі болады.

  • Кәсіпорындағы еңбекақы жүйесін қайта құруға қатысады.

    1. Кәсіподақ міндеттенеді:

  • Осы келісім-шарттың және заңдық күші бар еңбек заңнамасына сәйкес жұмысшылар мүддесін қорғау, бекітілген әлеуметтік кепілдікті орындау тұрғысынан жұмысшылар құқығы мен мүддесін шектеуге жол берілмейді.

  • Кәсіпорындағы еңбек заңнамасының нормаларын сақтау, Кәсіпорын жұмысшыларына заңнама мен келісім-шарт ұсынған еңбек, әлеуметтік және басқа да құқықтары, кепілдігі мен жеңілдігін Кәсіпорын әкімшілігінің сақтауына қоғамдық бақылау жүргізеді.

  • Кәсіподақ мүшелеріне еңбек заңнамасының мәселелері бойынша тегін кеңес беру және сәйкес құқықтық көмек көрсетеді.

  • Кәсіпорын әкімшілігі еңбек дауларын қарастыратын келісім комиссиясының жұмысын қамтамасыз етеді.

  • Кәсіпорын келісім комиссиясының еңбек дауларын шешуде әкімшілікпен бірге қарастырады.

  • Келісім-шартта көрсетілген міндеттемені орындауда ұжымдық еңбек дауларының алдын-алуға ықпалдасу.

  • Ішкі еңбек тәртібі ережелерін, еңбек тәртібін қамтамасыз ету, тиімді және белсенді шығармашылық, белсенділік пен еңбек тиімділігін арттыруға бағытталған тәрбиелік шараларды қолданады.

  • Келіссөз жүргізу үдерісі үшін ұжымдағы әлеуметтік қысымның алдын-алу мүмкіндігін пайдалану.

  • Кәсіподақ мүшелеріне қолдау көрсету және Кәсіпорын әкімшілігімен біріге отырып Кәсіпорында өткізілетін спорттық-сауықтыру жұмыстары мен мәдени-көпшілік шараларына қаражат бөлу.

  • Кәсіпорын әкімшілігін Кәсіподақ өткізетін өндірістік және оқу үдерісіне зиян келтірмейтін бұқаралық шаралар туралы мәлімет беру.

  • Әр жыл сайын 15 қаңтардан кешіктірмей еңбек ардагерлерінің есебін жүргізіп, оның тізімін Кәсіпорын әкімшілігіне өткізу.

  • Кәсіпорын әкімшілігіне Кәсіподақ мүшелерінің мерейтой күні туралы және сәйкесінше жәрдем ақы (немесе материалдық ) ұсынуға дайындық туралы мәлімет беру.

  • Кәсіподақ қаржысы есебінен зейнеткерлерге бөлінген жәрдем ақы, құттықтау хаттары мен сувенирлерді жеткізіп беруді қамтамасыз ету.

  • Жыл сайын жұмысшылар мен зейнеткерлерді құттықтау үшін ұйымдастырылатын жаңа жылдық сыйлықтарды сатып алуға қаражат бөлу (Кәсіподақ мүшелеріне тегін бір сыйлық және олардың мектеп жасындағы балаларына)

  • Кәсіпорын жұмысшысы Кәсіподақтан мүмкіндігі шегінде жәрдем, Кәсіподақ есебінен бөлінетін материалдық көмек сұрайды.

  • Келісім-шарттың орындалу нәтижесі туралы Кәсіподақ мүшелеріне мәлімет беру.

  • Осы келісім-шарт пен заңдық күші бар заңнамада қарастырылған басқа да міндеттемелерді орындау.

    1. Кәсіпорын құқығы:

  • Кәсіпорыннан бөлінген қаражатты бөлу жөнінде және Кәсіпорын жұмысшыларына әлеуметтік-экономикалық қолдау аясында Кәсіподақ қызметі туралы толық және шынайы ақпарат беруді Кәсіподақтан талап ете алады.

  • Кәсіпорын жұмысшыларының Кәсіподақтағы мүшелілігі туралы ақпарат беруді Кәсіподақтан талап ету.

    1. Кәсіпорын міндеттенеді:

  • Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын, Осы келісім-шартты, Кәсіпорын жұмысшыларымен жасалынған еңбек келісім-шарт талаптарын сақтау.

  • Осы келісім-шарт және заңдық күші бар заңнама шарттарына сәйкес Кәсіпорын жұмысшылары мен Кәсіподақ құқығын қорғау.

  • Еңбек қорғауды кешенді басқару, айқындалған тәртіп бұзушылықтарды өз уақытында жою шараларын қолдану.

  • Жұмыс орындарын экономикалық және әлеуметтік негізсіз қысқартуға жол бермеу.

  • Кәсіпорынның жойылу, қайта ұйымдастырылып, қайта құрылған жағдайда жұмысшылардың жұмыстан шығарылуы мүмкін болған жағдайда жұмысшы мүддесі мен құқығын сақтау жөнінде келіссөз жүргізу немесе бір ай бұрын жазбаша түрде Кәсіподаққа ескерту.

  • Кәсіподаққа Кәсіпорынның еңбек қатынастары саласында болжанған өзгерістері мен олардың орындалу барысы туралы жоспарлары мен тапсырмалары туралы мәлімет беру.

  • Кәсіпорындағы еңбек заңнамасы талаптарының сақталуын қоғамдық бақылауды жүзеге асыру мүмкіндігін Кәсіподаққа беру.

  • Қабылданатын жұмысшыны еңбек келісім-шартындағы мәселелер бойынша және Кәсіподақтағы мүшелілігін анықтау үшін Кәсіподақ төрағасынан кеңес алуға жіберу.

  • Кәсіподақ мүшесі болып табылатын жұмысшылардың жалақысынан кәсіподақ жарнасын Кәсіпорын бухгалтериясы арқылы Кәсіподақтың есеп-шотына аудару.

  • Қазақстан Республикасының заңдық күші бар заңнамасы, Еңбек келісім-шарты, Кәсіпорынның өкілеттілігі шегінде шығарылған ішкі нормативтік актілері мен Ішкі еңбек тәртібі ережелері Кәсіпорын жұмысшыларының құқықтары мен міндеттерін анықтайды.

  1. ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ ЕҢБЕКПЕН ҚАМТАМАСЫЗ

ЕТУ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ

    1. Жұмысқа қабылдау тәртібі, жұмысшыларды ауыстыру, жұмысшылармен еңбек келісім-шартын бұзу Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, заңдарына және мемлекеттік медициналық білім беру ұйымдарының қызметін реттеуші басқа да құқықтық нормативтік актілеріне, Кәсіпорын Жарғысына, Осы келісім-шарт пен Кәсіпорынның ішкі нормативтік актілеріне негізделіп реттеледі,

    2. Педагогикалық жұмысшылардың мәртебесі.

  • Педагогикалық жұмысшылар қатарына оқу мен тәрбиеге ісіне байланысты, білім беру ісімен айналысатын тұлғалар жатады.

  • Педагогикалық жұмысшылар мен оған теңдестірілетін тұлғалардың лауазымдық тізімдемесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

  • Педагогикалық жұмысшылар Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік білім беру ұйымдарында азаматтық қызметкерлер болып табылады <Заңның 50 бабы>.

    1. Еңбек келісім-шартын жасау

  • Тараптардың еңбек қатынастары заңдық күші бар еңбек заңнамасына сәйкес жазбаша еңбек келісім-шарты әр бір жұмысшымен жеке жасалады.

  • Еңбек келісім-шарты типтік формаға сай жасалады (№ 3 шартқа қосымша) екі данадан кем емес және Тараптардың қолы қойылады. Еңбек келісім-шарты жұмысшыда және Кәсіпорын әкімшілігінде бір данадан сақталады. Еңбек келісім-шартының Жұмысшыға берілетін данасы жазбаша түрде расталады.

  • Кәсіпорынның ішкі нормативтік актілері, заңдық күші бар заңнамамен анықталған тәртіп жағдайында еңбек келісім-шарттарын жасау рәсіміне дейін төмендегідей процедуралар жасалады:

  • лауазымға таңдалу (сайлану);

  • конкурс бойынша сәйкес келетін лауазымға уақытша таңдалу;

  • лауазымға тағайындалу немесе лауазымға бекітілу;

  • белгіленген квота есебінен заңды органдардың уәкілін жұмысқа жіберу;

  • еңбек келісім-шарты жасалғаны туралы сот шешімін шығару.

  • Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңына сәйкес ғылыми-педагогикалық жұмысшылардың (профессор-оқытушылар құрамы, ғылыми жұмысшылар) қызметке алынуы конкурстық негізде жүзеге асырылады.

  • Жұмысшының Кәсіпорынмен қосымша, әр түрлі оқу түрлері, ғылыми, сарапшылық және басқа да жұмыстардың орындалуы, соның ішінде мемлекеттік білім беру стандарттары мен бағдарламалар аясынан тыс оқытудың жаңа технолгояларын енгізу және дайындау туралы шарт жасауына құқы бар.

  1   2

Похожие:

Осы ұжымдық келісім-шарт Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Кәсіподақ iconҚазақстан республикасының Ұлттық банкі басқармасының Қаулысы
Заңына”Инвестициялық қорлар туралы” Қазақстан Республикасының Заңына, “Секьюритилендіру туралы” Қазақстан Республикасының Заңына...
Осы ұжымдық келісім-шарт Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Кәсіподақ iconБілім беру қызметін лицензиялаудың Ережесі Білім беру қызметін лицензиялаудың ережесін бекіту туралы
Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылдың 7 маусымындағы Заңына және "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995...
Осы ұжымдық келісім-шарт Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Кәсіподақ iconЕңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында ақпарат беру
Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 15-бабының 4 тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан...
Осы ұжымдық келісім-шарт Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Кәсіподақ iconҚазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерін басқару жөніндегі
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Шетел валютасындағы және бағалы металдардағы активтерді...
Осы ұжымдық келісім-шарт Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Кәсіподақ icon«Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша салыстырма кесте
«Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан...
Осы ұжымдық келісім-шарт Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Кәсіподақ iconСақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының
Сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі туралы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделедi және Қазақстан Республикасының...
Осы ұжымдық келісім-шарт Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Кәсіподақ icon«Локомотив сервис орталығы» акционерлік қоғамы мен оның еңбек ұжымы арасындағы 2009-2011 жылдарға арналған
Президенті (бұдан әрі – Жұмыс беруші) және «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы қызметкерлерінің өкілі –...
Осы ұжымдық келісім-шарт Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Кәсіподақ iconОрал қаласы №28-2 13 желтоқсан 2010 жыл
Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-iv бюджет кодексіне және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан...
Осы ұжымдық келісім-шарт Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Кәсіподақ icon«Астана-Теплотранзит» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілді
Ереже) Қазақстан Республикасының Азаматтық, Еңбек кодекстеріне, «Акционерлік қоғам туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13...
Осы ұжымдық келісім-шарт Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Кәсіподақ iconРегламентін бекіту туралы
Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница