Барлығы – 90 сағат Орал




НазваниеБарлығы – 90 сағат Орал
страница5/9
Дата конвертации15.02.2016
Размер1.21 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://inside.wksu.kz/dmdocuments/Енбек_нарыгы.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9

3. Еңбекақының жүйелері және нышандары өз алдына еңбектің нәтижесін қамтып көрсететін сандық және сапалық көрсеткіштер жиынтығының көмегімен жұмсалған, еңбектің санына және сапасына тәуелді еңбекақы мөлшерінің бекітілу тәсілдерін көрсетеді.

Мерзімдік ақы төлеу кезінде өлшемі пайдаланылған уақыт болып табылады, ал табыс болса, нақты пайдаланылғануақыт болып табылады, ал табыс болса, нақты пайдаланылған уақыттың жалақысына немесе қызметкерлердің тарифтік мөлшерлемесіне байланысты есептелінеді.

Еңбекақы мына формула бойынша есептелінеді:

Е А = T C + П У, мұндағы:

ЕА – еңбекақы

TC – біліктілік разрядындағы жұмысшының меншіктенген тарифтік мөлшерлерлемесі

ПУ – нақты пайдаланылған уақыт.


Кесімді ақы төлеу кезінде еңбек өлшемі жұмысшының өндірген өнімі болып табылатын және белгіленген кесімді бағалауды қоспағанда, тап осы кездегі жүйеде еңбекақы өнімнің әрбір бірлігіне есептелінеді, сондықтан табыс өндірілген өнімнің санына және сапасына тәуелді. Табыс мына формула бойынша есептелінеді:


Е А = K B * Ө M, мұндағы:

ЕА – еңбекақы

KB- өнім бірлігінің кесімді бағаламасы

ӨM- дайындалған өнімнің мөлшері


Еңбекақы төлеудің кесімді немесе мерзімді нышанын таңдау бірнеше факторларға тәуелді:

-қолданылатын жабдықтың сипатына;

-технологиялық процестің ерекшелігіне;

-еңбекті және еңбек ресурстарын пайдалануға;

-өнім сапасына қойылатын талаптарға байланысты.

Еңбекақының мерзімдік және кесімді нышаналары тәжрибеде әртүрлі жүйелер қолданылады.

Қазіргі кезле еңбекақының мерзімдік-сыйлық және жай мерзімдік жүйелері кең тараған. Жұмысшыға немесе бригадаға өнім сапасының талаптарын сақтаумен қатар, белгілі уақыт кезінде мерзімдік еңбекақысымен төленетін жұмысты орындауға тиісті, жұмыстың көлемі мен құрамы тағайындалады. Мысалы: 7 сағат белгіленген жұмысты 6 сағат орындаса, 7 сағат үшін ақы алынады.

Нормаланған тапсырмасы бар мерзімдік еңбекақы төлеу өндіріске қызмет көрсетумен байланысты.

Еңбекақы төлеудің кесімді нысаны бірнеше жүйелерге бөлінеді:

-тікелей-кесімді (өндірген өнімнің бірлігіне қарай төлейді);

-кесімді сыйақы (жақсы жұмыс үшін сыйлық беру);

-үдемелі кесімді (норманы орындағаны үшін);

-жанама кесімді (қосалқы және қызмет көрсеткендерге төленеді);

-аккордтық кесімді (жұмыстың барлық көлеміне төленетін ақыларды қамтамасыз етіледі).

Еңбекақы төлеудің аралас жүйесі мерзімдік және кесімді еңбекақы төлеудің негізгі артықшылықтарын қамтиды және еңбекақы мөлшерінің жеке қызметкерлер және кәсіпорын қызметкерлерінің нәтижесімен икемді байланысын қамтамасыз етеді. Мұндай жүйелерге қазіргі кезде тарифсіз жүйе жатады.

Еңбекақы төлеудің тарифсіз жүйесінде қызметкерлердің табыстары ұжым жұмысының соңғы нәтижелеріне толықтай тәуелді. Тарифсіз жүйе еңбекақы қорындағы барлық ұжымның тапқан табысындағы өзінің үлесін көрсетеді. Мұндай жүйеде тарифтік ставка немесе тұрақты жалақы белгіленбейді.


V тарау. Тұрғындардың жұмысбастылығы мен жұмыссыздық .


  1. Жұмысбастылық теориялары

  2. Тұрғындардың жұмысбастылығы туралы түсінік (халықтың жұмыспен қамтылуы туралы түсінік

  3. Жұмыссыз және жұмыссыздық түсініктер

  4. Жұмыссыздықтың себептері мен түрлері


1.Тұрғындар жұмысбастылығының мәселесіне экономикалық ғылымның көптеген белгілі өкілдері көңіл бөлді, бірақ жұмысбастылық заңдылықтарын зерттеудің негізін классиктер қалады.

Экономикалық теорияның классикалық мектебінің негізін қалаушы ағылшын ғалым-экономисі Адам Смит (1723 – 1790) өзінің «Халықтар байлығының жаратылысы мен себептері туралы зерттеулер» (1776) деген негізгі еңбегінде мынадай тұжырымдама жасады: ел байлығы өндірістің материалдық өнімімен анықталады. Өндірілген материалдық өнімнің көлемі, өз ретінде, осы өдіріске қатысатын халық санына және еңбек өнімділігіне байланысты. Еңбек өнімділігін арттыруды еңбек бөлінісін және өндірістің мамандандырылуын тереңдету арқылы жүзеге асыруға болады.

Адам Смит нарықтық өзін-өз реттеу туралы қағида тұжырымдады. Осы қағида бойынша бәсекелестіктің «көрінбейтін қолы», сұраныс пен ұсыныс экономиканың басым реттеу механизмі болып табылады. Осы процестерге мемлекет араласуының қажет жоқ. Еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныс халық жұмысбастылығын теңестіреді, соның нәтижесінде толық жұмысбастылық қамтамасыз етіледі.

Классикалық мектебінің басқа белгілі өкілі ағылшын финансисі және ғалым-экономисі Давид Рикардо (1772 – 1823) болып табылады – «Салық салу және саяси экономикасының бастамасы».

Сэйдің пікірі бойынша сұраныс пен ұсыныс әр уақытта сәйкес болып тұрады, сондықтан елде тауарларды артығымен өндіру немесе олардың жетіспеуі мүмкін емес, ал еңбек нарығында еңбекке сұраныс пен еңбек ұсынысы әрдайым қанағаттандырылады, яғни нарық халықтың толық жұмысбастылығын және жұмыссыздықтың жоқ болуын қамтамасыз етеді.

К. Маркс (1818 – 1883) ірі философ, политэконом, коммунизм теоретигі. Оның экономикалық теориясында еңбек туралы ілім негізгі орын алады, ал оның негізгі қорытындысы – қосынды құн туралы ілім. Соның негізінде К. Маркс жұмысшы классты қанап пайдалану теориясын әрі қарай дамытты. К Маркс өзінің «Капитал» деген негізгі еңбегіндегі капитализм барысында халық орналастыру заңдылығының тұжырымдамасында осылай деген: жұмыс істейтін халық капиталды көбейткен сайын өндірілген заттардың саны көбейе береді, соның салдарынан басы артық тұрғын халық пайда болады, яғни жұмыссыздар. Жұмыссыздық капиталистік нарықтық шаруашылықтың айрылмас (болмай қалмайтын) серігі болып табылады.

Ағылшын ғалымы Джон Мейнард Кейнс нарықтық экономиканы реттеуге мемлекетің қатысуы қажеттілігін дәлелдеп берді. «Ақша, процент және жұмысбастылықтың жалпы теориясы» еңбегінде Кейнс былай деген, нарық жетілген өзін-өзі реттейтін механизм бола алмайды, ол нәтижелі сұранысты қамтамасыз ете алмайды, Сондықтан тиісті несие-ақша және бюджеттік саясатының көмегімен сатып алу қабілеті бар сұранысты ынталандыруға мемлекетің араласуы қажет. Нәтижелі сұраныс бір жағынан жеке бас тұтынудың деңгейімен, екінші жағынан өндірістік тұтынудың шамасымен анықталады. Сұранысты арттыру үшін біріншіден несие процентін төмендету керек, соның нәтижесінде инвестиция салу көбейе түседі (кредиттік механизм), екіншіден инвестицияға мемлекеттік шығындарын көбейту және мемлекеттік сатып алуды көбейту (бюджеттік механизм), ал соның нәтижесінде тұрғындардың жұмысбастылығы ұлғаяды және жұмыссыздық төмендейді.


2. Халықтың жұмысбастылығы маңызды әлеуметтік-экономикалық категория болып табылады.

Экономистердің көзқарасынан халықтың жұмысбастылық деген әлеуметтік-экономикалық категорияны адамдарда жұмыс орны немесе заңды негізіндегі табысты (пайдалылық) қызметі барымен сипатталатын экономикалық белсенді халықтың бір бөлігінің жағдайы ретінде анықтауға болады. Басқаша айтқанда, жұмысбастылық – бұл табыс, еңбектік кіріс келтіретін, адамдардың қоғамдық қажетті жұмыспен қамтылуы.

Жұмысбастылық мынадай түрлеріне бөлінеді: нәтижелі (өнімді), әлеуметтік-қажетті, толық, ұтымды, тиімді, жасырын жұмысбастылық және т.б. Жұмысбастылықтың мынадай нысандары бар: жарым-жартылай, уақытша, икемді жұмысбастылық және т.б.

Нәтижелі (өнімді) жұмысбастылық – бұл қоғамдық өндірістегі тұрғындар жұмысбастылығы. Халықаралық еңбек ұйымның жұмысбастылықты есепке алу методологиясына сәйкес анықталған экономикалық белсенді халықтың белгілі бір бөлігінің жұмыс істейтіндер санымен сипатталады.

Толық жұмысбастылық – бұл барлық жұмыс істегісі келетіндердің еңбек ақы төленетін жұмысы бар деген қоғамның белгілі бір жағдайы.

Ұтымды жұмысбастылық –нәтижелі (өнімді) жұмысбастылық шамасы мен әлеуметтік-қажетті жұмысбастылық шамасының қатынасы.

Тиімді жұмысбастылық (теоретикалық түсінік) – бұл жұмыс уақытын тиімді пайдалану және ең жоғары экономикалық нәтижеге жету.

Жасырын жұмысбастылық – бұл салық төлемейтін, ресми органдарымен есепке алынбаған және тіркелінбеген шаруашылықтарда жұмыс істейтін адамдар.

Жарым-жартылай жұмысбастылық – апталық еңбек жүктеме көлемінің қысқаруымен сипатталатын жұмысбастылық нысаны.

Уақытша жұмысбастылық – бұл еңбек шартымен шектелген уақыт бойы өндірісте немесе қызмет көрсету аясында жұмыс істейтін адамдардың жұмысбастылығы.

Икемді жұмысбастылық – бұл жалдап алу мен еңбектің стандартты емес жағдайлары бар жұмысқа орналастыру. Оның мынадай жағдайлары бар:

Жұмыс уақытының стандартты емес тәртібі (толық емес жұмыс уақыты, қысқартылған жұмыс аптасы, маусымды жұмыс);

Жұмыскерлерді жалдап алудың стандартты емес ұйымдастырушылық нысаны;

Стандартты емес жұмыс істеу тәсілдері және жұмыс орындары;


3. Жұмыссыз қалу қаупі – әр ересек адам үшін үлкен мәселе. Аадамдардың көпшілігі үшін жалақы – жалғыз табыс көзі әрі жұмыс адамды моральдық жағынан қанағаттандырады. Сөйтіп, жұмыссыз қалу материалдық жағдайды төмендетіп қана қоймайды, сондай-ақ болашаққа сенімсіздік туғызады, адам өзін өмірге жарамсыз сезінеді.

Кез келген жұмыссыздыктың болуы — коғам үшін ең ауыр экономикалык және әлеуметтік сілкініс. Батыс ғалымдарының пікірі бойынша, адамды жұмыссыз деп есептегеңде, ол тек жұмыстан айырылып қана коймай, өзінің абыройын да жоғалтады. Шетелде жұмыстан айырылуды психологиялық закым ретінде бағалап, тек ең жакын туысқаны кайтыс болғанда алатын стресс деңгейінде каралады.

Жұмыссыз – жұмыс іздеп және жұмыс істей алатын, бірақ қазіргі кездегі еңбек жағдайы мен жалақы деңгейінде жұмысы жоқ адам.

Жұмыссыздық — еңбекке қабілетті адамдардың жұмыс істемеуі.

Жұмыссыздық — бұл жұмыс істегісі келетін еңбекке жарамды халықтың өндірісте жұмыспен қамтылмауы. Жұмыспен камтылмау өндірістің тиімділігін арттыруы, сонымен бірге жұмысшы күшінің бір бөлігін жұмыстан босатуға мүмкіндік жасайтын немесе оның құрылымына, сапасына жаңа талаптар қоятын ғылыми-техникалык прогрестің салдары болуы мүмкін.

Жұмыссыздық - экономикада экономикалық белсенді халықтың бір бөлігін жұмыссыздар құрайтын кездегі болатын құбылыс.

Күдер үзген қызметкер эффекті - жұмыссыздар жұмыс табу үмітін үзіп, оны іздеуді тоқтатып жұмыс қатарынан шығу нәтижесінен жұмыс күшінде пайда болатын өзгерістер.

Қосымша қызметкер эффекті — жанұяда басты асыраушы жұмыстан айырылғанда жанұяның басқа мүшелері жұмыс күші қатарына кіру нәтижесінде жұмыс күшіндегі өзгерістер.

Еңбек рыногы. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректері бойынша 2006 жылғы тамыздың соңына жұмыссыздар ретінде тіркелген азаматтар саны 96,3 мың адамды құрады. Ал олардың экономикалық тұрғыдан белсенді халық санындағы үлесі – 1,2%. Өңірлер бөлінісінде бұл көрсеткіш 9 облыста асып түскен. Жұмыссыздардың қомақты үлесі Павлодар (2,4%), Ақмола (1,7%) облыстарына, ең аз үлесі Астана қаласына (0,7%) келеді. Алматы қаласында бұл көрсеткіш 0,8% құрады.

2006 жылдың тамыздағы жұмыссыздар ретінде тіркелген және жұмысқа орналастырылған азаматтардың саны*




Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелген азаматтардыњ саны, есепті айдыњ соңында, адам

Экономикалық тұрғыдан белсенді халық санындаѓы тіркелген жұмыссыздардың үлесі, %-бен

Жұмысқа орналастырылғандар

барлығы, адам

тілек білдіргендердің жалпы санына %--бен

Қазақстан Республикасы

96299

1,2

16289

84,2

Ақмола

7149

1,7

850

83,0

Ақтөбе

3925

1,0

776

82,2

Алматы

6455

0,8

1512

104,6

Атырау

3569

1,5

1066

100,9

Шығыс Қазақстан

11192

1,5

1298

80,5

Жамбыл

5267

1,0

738

94,1

Батыс Қазақстан

4465

1,4

1042

74,4

Қарағанды

6425

0,9

3212

95,0

Қостанай

7413

1,3

986

89,5

Қызылорда

4580

1,5

616

77,3

Маңғыстау

2650

1,4

258

50,1

Павлодар

9743

2,4

943

65,0

Солтүстік Қазақстан

5264

1,3

800

92,4

Оңтүстік Қазақстан

11216

1,1

1195

94,8

Астана қ.

2126

0,7

333

35,5

Алматы қ.

4860

0,8

664

86,8

*) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректері бойынша.


4. Жұмыссыздық – экономикалық теорияның бұрынғы және қазіргі тарихындағы ең өткір мәселесінің бірі. Жұмыссыздықты әртүрлі мектеп өкілдері әртүрлі түсіндіреді.

Қазіргі мальтузиандықтардың пікірі бойынша жұмыссыздықтың себебі – тұрғындардың тым артып кетуі, яғни халықтың өсуі. Сондықтан жұмыстағы тұрақтылықты тууды шектеу саясатымен ұстауды ұсынады.

Еркін кәсіпкерлік мектебінің (Классикалық) теориясы бойынша жұмыссыздық өте жоғары жалақы әсерінен туындап отыр. Сұраныстан ұсыныстың көбеюі - жұмыссыздықтың себебі. Сондықтан жалақының азаюы жұмыссыздықтың азаюына әкеледі.

Кейнстік теория бойынша жұмыссыздық еңбекке сұраныстың жеткіліксіздігінен (жетіспегендігінен) туындайды. Жұмыссыздықтан құтылу жолдары: мемлекеттік шығындарды көбейту, салықтарды азайту, қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру. Егер мемлекет Д. Кейнс бағдарламасын қабылдаса, онда жұмыссыздық жоғарыда көрсетілген өндістер арқылы азаяды, қоғамда тұтынушылық сұраныс көбейеді, демек, баға өседі. Баға деңгейінің көтерілуі инфляцияны өсіреді. Одан кейін, төлем қабілеті сұранысын шектеуге әкеліп соғатын инфляциямен күрес жүргізіледі, ал бұл өндіріс көлемін төмендетіп, ең соңында жұмыссыздыққа әкеліп соғады.

Нарықтық экономикада жұмыссыздық дағдарыстар кезінде көбейеді. Нарык жоқ жағдайда жұмыссыздықтың көбею себебі мемлекеттің өндіргіш күштерді орналастырудағы бұрыс құрылымдык саясаты болуы мүмкін.

Жұмыссыздықтың мынандай түрлері бар:

1. Жасырын жұмыссыздык — өндірісте және мемлекеттік аппаратта артық жұмысшылардың қолданылуы. Қазіргі уақытта олардың жұмыстарын аз жұмыс күшімен атқаруға болады.

Жасырын жұмыссыздық - бұл жұмыссыздық қазіргі мезетте (дәл осы кезде) экономикалық белсенді халық санына кірмейтін, бірақ оған ұсынылған жұмыс қолайлы болса жұмыс күші қатарына қосылуды тілейтін адамдардан тұрады.

2. Фрикциондық жұмыссыздық — адамдар бір жұмыстан басқа жұмысқа, бір жерден басқа жерге жұмыс ізденумен ауысуын айтамыз.

Фрикциондық жұмыссыздық - бұл жұмыссыздык қызметкер бір жұмыс орнынан екіншісіне ауысқан кезде пайда болады, жұмыссыздық қыска уақытқа созылумен сипатталынады.

3. Маусымды жұмыссыздық — жұмыс күшінің тек маусымдық кезенде жұмыс жасауы; бұл кейбір ауыл шаурашылығы өндірісі саласында кездеседі, әсіресе қайта өндеу өнеркәсібінде т.б.

Маусымды жұмыссыздық - кейбір салаларда жыл ішінде экономикалық белсенділік деңгейінің өзгеруіне байланысты болатын жұмыссыздық.

4. Құрылымды жұмыссыздық - бұл жұмыссыздық экономика құрылымында ұзақ уақыт бойы өзгерістер болу жағдайында пайда болады; бұл жағдайда қызметкердің біліктілігі мен мамандығы жұмыс орын талап ететін біліктілік пен мамандылыққа сәйкес келмейді.

5. Технологиялық жұмыссыздық - адамдарды машинамен ауыстырудың нәтижесі, біліктілікті езгертуді немесе басқа мамандықты игеруді талап етеді.

6. Циклді жұмыссыздық — өндірістің құлдырауынан туындайды, яғни экономикалык циклдын осы фазасымен байланысты.

Циклді жұмыссыздық – тұтас (жиынтық) сұраныстың тапшы кезінде пайда болатын жүмыссыздық.

Амалсыз жұмыссыздық - бұл жұмыссыздық берілген жалақы деңгейінде қызметкердің жұмыс істей алатын және істегісі келетін, бірақ жұмыс таба алмайтын жағдайында пайда болады.

Ерікті (өз бетімен) жұмыссыздық - қызметкер жұмыс табар еді, бірақ ол жалақысы жоғары және ойындағы жұмысты іздеуді қалап, оның жұмыс істемеуінен туындаған жұмыссыздық. Классикалық жұмыссыздық - бұл жұмыссыздық еңбек рыногында жалакы тепе-теңдік деңгейінен жоғары болғанда пайда болады.

Өнеркәсібі дамыған еддердегі жұмыссыздыктың себептерін талдай отырып, шетел авторлары олардың жекелеген түрлерін тудыратын нақты факторларын қарастырады. Мысалы, АҚШ Конгресі зкономикалык статистика бойынша комиссиясының жүргізген зерттеуі, жұмыссыздыктың 70 түрін атаған. Олардың әрқайсысынын өзінің ерекше «себептері» бар. Экономистер барлык жұмыссыздыктың негізінен екі топқа жіктеп карайды. Жұмыссыздықтың бірінші — «жиынтық сүранымның жеткіліксіздігінен» туындауын жаткызады, алдыменен циклдык жұмыссыздыкты айтамыз. Жұмыссыздыктың екінші тобына - «жиынтык сүраным өзгерісімен байланысты емес: фрикциондық, күрылымдық, технологиялық және басқа түрлерін» жатқызамыз.

Бұрышты шешім - ұсынылған жалақы резервтік жалакыдан төмен болуынан пайда болған адамның "жұмыс істемеймін" деген шешімі.

1   2   3   4   5   6   7   8   9

Похожие:

Барлығы – 90 сағат Орал iconСӨЖ – 30 сағат Кеңес-3 сағат. Емтихан – 1-ші семестрде Барлығы: 90 сағат. Орал – 2010
Пәннің оқу әдістемелік кешені /ПӘОК/ «Дене шынықтыру және спорт тарихы» пәні бойынша Қр мемлекеттік Стандарты Алматы, 2005 жыл
Барлығы – 90 сағат Орал iconБарлығы – 135 сағат Орал

Барлығы – 90 сағат Орал iconБарлығы – сағат Орал 2010 ж

Барлығы – 90 сағат Орал iconБарлығы – 135 сағат Орал

Барлығы – 90 сағат Орал iconБарлығы – 135 сағат Орал

Барлығы – 90 сағат Орал iconБарлығы – 90 сағат Орал- 2009 ж

Барлығы – 90 сағат Орал iconБарлығы – сағат Орал 2010 ж

Барлығы – 90 сағат Орал iconЛекция 15 сағат Практикалық сабақ 15 сағат Оқытушының жетекшілігімен Студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ)- 30 сағат СӨЖ 30 сағат Емтихан 5-ші семестрде Барлығы 90 сағат Орал, 2010 ж. Пәннің оқу-әдістемелік кешені «Өсімдіктер экологиясы»
Пәннің оқу-әдістемелік кешені «Өсімдіктер экологиясы» Алматы, 2003 типтік бағдарлама негізінде құрастырылған
Барлығы – 90 сағат Орал iconЛекция 15 сағат Практикалық сабақ 15 сағат Оқытушының жетекшілігімен Студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ)- 30 сағат СӨЖ 30 сағат Емтихан 5-ші семестрде Барлығы 90 сағат Орал, 2010 ж. Пәннің оқу-әдістемелік кешені «Микробиология және вирусология»
Пәннің оқу-әдістемелік кешені «Микробиология және вирусология» Алматы, 1999 типтік бағдарлама негізінде құрастырылған
Барлығы – 90 сағат Орал iconСӨЖ-30 сағат Барлығы – 90 сағат Орал 2009 ж
Курс бағдарламасы. Экологиялық құқық. Типтік оқу бағдарламасы. Астана 2006ж типтік бағдарлама негізінде құрастырылған. Авторы: Д....
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница