Барлығы – 90 сағат Орал




НазваниеБарлығы – 90 сағат Орал
страница3/9
Дата конвертации15.02.2016
Размер1.21 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://inside.wksu.kz/dmdocuments/Енбек_нарыгы.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9

4. Қазақстан Республикасында еңбек нарығы.


Қазақстан Республикасында 1992 жылға дейін еңбек нарығы болған жоқ. Нарықтық экономикаға көшу осындай нарықтың болуын талап етеді. Еңбек нарығы бұл – жұмыс күшін тауар ретінде сату – сатып алу туралы экономикалық қатынастардың жүйесі. Еңбек нарығының тікелей әсер етуінің арқасында жоғарғы біліктілікті еңбектің дәрежесі көтеріледі, әрбір жұмыс орынының бағасы өседі жұмыскерге және оның еңбегіне талап күшейеді. Еңбек нарығында өте қабілетті және іскер жұмыскерлерге қатаң әрі қатал таңдау жүргізіледі. Ол еңбектің жоғары шапшандығын қамтамасыз етіп, іскерлік пен бастамашылдықты ынталандырады.

Қазақстан Республикасындағы қалыптасып отырған еңбек нарығы нақты еңбек нарығынан өзгешелеу. Мұнда әзірше жұмыс күшін еркін сату жузеге аспай тұр және оның болуы әкімшілік құқықтық және экономикалық факторлармен шектелуде. Мысалы, көмір және тау-кен өндіру, мұнай өңдеу аудандарында ерлер еңбегі басымдау. Себебі мұнда әйелдер еңбегін қолданатын кәсіпорындар нашар дамыған, осыдан байқалатыны елдегі жұмысшылардың үштен екісін әйелдер құрайды.

Нарықта сұраныс пен ұсыныс заңы жұмыс жасайды және ол еңбек ақыға әсер етеді. Мұнда жұмыс күшін сатушылар мен сатып алушылар кездеседі. Өзінің жұмыс күшін ұсынатын жұмыскерлер өзінің жұмысқа қабілеттілігін сатушылар болып табылады. Біздің елімізде еңбек нарығын мойындау үшін жұмыс күшінің әлеуметтік-экономикалық жағдайын түбегейлі өзгерту керек.

Егер жұмыс күшін тауар десек, онда оның құны жайлы әңгіме туындайды. Қазіргі кезде оның құны қандай және қалай анықталады? Шын мәнінде, жұмыс күші құнын өмір сүру жабдықтары қажеттіліктер құнына теңестіруге болады, яғни жұмыскерлер мен оның отбасының өмір сүруі осы қажеттіліктер құнына пара-пар болады.

Қазіргі кезде біздің Қазақстанда басқа көптеген елдер мен салыстырғанда адамның еңбегі төмен бағалануда. Мысалы, бір сағаттық адам еңбегі Швейцарияда –15,5 АҚШ – 12,8, Францияда – 11,5 Японияда – 10,3 Англияда – 7,3 доллар құрайды. Қазақстан Республикасында жұмысшы мен мемлекеттік сектордағы қызметкердің бір сағат еңбегі 0,4 доллар тұрады. Нарықтық қатынастарға көшкенде жұмыс күшінің сапасына деген сұраныс өседі, сондықтан оның ақысын көбейту қажеттілігі еріксіз туындайды.

Қазақстан Республикасында тәжірибесінде енді ғана тұрғандарды жұмыспен қамтудың нарықтық механизмге өтуі қарастырылуда. Қазіргі кезде жұмыспен қамту қатынастары терең дағдарысты басынан кешуде. Оның себебі әміршілдік экономика жағдайында жұмыспен қамту қатынастары тоталитарлық орталықтан жоспарланған еді. Бұрынғы әміршілдік қоғам толық жұмыспен қамту міндетін және тұрғындардың тиімді еңбекпен қамтылуын шеше алмады.

Ал енді тиімді еңбекпен қамту дегенді қалай түсінеміз?

Толық еңбекпен қамту дегеніміз халық шаруашылығы көлемінде еңбекке қабілетті тұрғындарды жұмыс орнымен қамтамасыз ету.

Тиімді еңбекпен қамту дегеніміз қоғам қажеттілігін өте аз еңбек шығынымен қанағаттандыра білу.

Қазіргі нарықтық экономикада жұмыскерлердің оңтайлы резерві міндетті түрде болуы қажет, сондықтан жұмыссыздықтың табиғи мөлшері сақталады.

Еңбек нарығы нарық түрлерінің ішіндегі ең жетілмегені болып табылады. Өзінің жұмыс күшін ұсынатын жұмыскерлер, әдетте, олардың еңбегіне сұраныстың

бар немесе жоқтығы туралы мәліметтермен толық ақпараттанбаған. Олар өзінің тұратын қалада бос жұмыс орнының барын толық білмейді. Ал басқа аймақта жұмыс орнының болуы туралы тіпті хабарсыз.


II тарау Еңбек нарығындағы ұсыныс.


1.Еңбек ұсынысы туралы түсінік, оның құрылымы

2.Еңбек ұсынысын сипаттайтын көрсеткіштер

1. Экономикалық мазмүны жағынан еңбек ұсынысы - қызметкердін еңбек рыногында өзінің еңбекке деген кабілетін тауар ретінде жүмыс берушіге белгілі бағамен белгіленген уақытқа сатып алуға ұсыну. Бұл кезде ұсыныс пен сүраныс бір-бірімен тығыз байланысты, бір-біріне тәуелді. Экономикалық категория ретінде еңбек үсынысы екі тауар иелерінің кездесу кезіндегі меншікті қатынастарын көрсетеді: кәсіпкер (өндіріс қүралдарына меншігі) және жалданған қызметкер (жұмыс күшіне меншігі). Бүл екеуінің қатынасы заң жағынан тең күқылы.

Нарықты экономика және қоғам өмірі демократизацияланған жағдайда әр адам өз тағдырын белгілеуде қүқылы болады. Оның жүмыс істеу-істемеуі тек өз шешіміне байланысты. Ұлттық экономика деңгейінде еңбек үсынысының көлемі жеке адамдардың жұмыс істеймін дегені шешімдерінен құрылады.

Еңбек ұсынысының құрылымы

Еңбек ұсынысын екі топқа бөлуге болады:

- жұмыс істейтіндер;

- жұмыс істемейтіндер.

Нарықты экономика дамыған елдерде бірінші топ ішінде өз бетімен жұмыс орнын құрып жұмыс істеп жатқан адамдарды жатқызады. Олар тек өз еңбегіне сүйенгеңдер, жалданба еңбек қолданбайды. Олар өз жүмыс күшін еңбег рыногында ұсынбайды. Бұл сөздер үй шаруашылығымен айналысқан, көбінесе әйелдерге де жатады, өйткені олардың еңбегі нарықтық қатынастың сыртында болады. Демек, аталған адамдар тобы жиынтык еңбек ұсынысынан алыну қажет. Сонда еңбек рыногында өз жүмыс кушін ұсынатын адамдар санына шығамыз.

Жұмыс істемейтіндер құрылымы да біркелкі болмайды. Олардың ішінде ұзақ уақыт бойы жұмыс таба алмай, күдер үзіп еңбек рыногынан біржолата кеткендер болады. Сонымен қатар еңбекке қабілеті бар, бірақ жұмысқа ықыласы жоқ, жұмыс істемеуді тұрмыстың қалпы ретінде қалайтын адамдар да болады. Мұндай жағдай, әдетте, еңбектен тыс табысы бар адамдар арасында жиі кездеседі.

Сонымен осы екі топты жұмыс істемейтін адамдар қатарынан алсақ, нәтижесінде көптеген жұмыссыз жүрген адамдар санына шығамыз. Негізінен, белсенді жүмыс іздеп жүрген адамдар еңбек рыногында еңбек ұсынысының жиынтығын құрайды.

Толық жұмыссыздар екі бөліктен тұрады:

1. жұмыстан босағандар. Жүмыстан айырылғаннан соң еңбек рыногына жүмыс іздеп келеді;

2. алғашкы рет еңбек рыногына келгендер. Әр түрлі оку орындарын бітіргендер және түрлі себеппен бұрын еңбек рыногына шықпағандар (мысалы, үй шаруасында болған әйелдер).

2.Нарықты экономика және демократиялық қоғам жағдайында, жоғарыда айтқандай, әр адам өз бетінше шешім қабылдайды: жұмыс істеу-істемеуге, еңбек өміріне ұзақ уақыт окудан кейін кірісу, жұмыс істеуін үзіп,үй-шаруашылығымен айналысу және т.б. Бүгін Қазақстан тәжірибесінде белгіленген уақыт мерзімінен артық жұмыс істеу, не, керісінше жартылай жұмыс істеу және т.б. жағдайлар жиі кездеседі. Жұмыс берушілер жұмыс уақытының ұзақгығын қаншама өздері белгілегенмен, олар кәсіподақгар талабымен санасады. Ал кәсіподақгар әрқашанда өзінің көптеген мүшелерінің қалауын білдіреді.

Демек, еңбек үсынысын бірнеше топ көрсеткіштер арқылы сипаттауға болады. Солардың ішінде сан көрсеткіштері маңызды орын алады.

Үлттық экономикада еңбек ұсынысының көлемі, ( алдымен, жүмысқа қабілетті адамдар санына тәуелді)

Әр мемлекет өз елінің әлеуметтік және экономикалық жағдайына қарай еңбекке қабілетті адамдардың төменгі және жоғарғы жасын белгілейді. Казақстаңда төменгі жас — 16, жоғарғы жас: әйелдер үшін - 58, ерлер үшін — 63 жас деп заңмен бекітілген. Сонымен, еңбекке қабілетті халық - жұмыс жасындағы адамдар жиынтығы, олар өзінің психофизиологиялық тәуірлігімен еңбек процесіне катысуы жарамды болуы керек.

Еңбекке кабілетті адамдар елдің еңбек ресурстарының ең үлкен бөлшегі болып табылады; олардан басқа еңбек ресурсына жастары еңбекке кабілетті жастан жоғары және төмен адамдар кіреді (2. кестеге караңыз).


2.1 - кесте

Қазақстанның халық саны мен еңбек ресурстары




1985

1990

1995

1998

2000

20011

Халык саны, мың адам

1584 0

16741,7

16066,1

14957,8

14896,1

14841,1

Еңбек ресурстары, мың адам

8854,1

9262,1

9153,0

8471,2

« »

« »

Оның ішщде



















еңбекке жарамды жастағы еңбекке жарамды халық саны

8600,5

9032,6

8983,1

837,66

« »

« »

үлкен жастағы адамдар

241,8

218,0

161,4

89,2

« »

« »

бозбалалар

11,8

11,5

8,5

5,4

« »

« »

экономикалық белсенді халық саны, мың адам

-

-

7359,8

7052,6

7107,4

7479,1

оның ішінде



















Экономикада жүмыс істеушшер

-

7560,

6551,5

6127,6

6201,0

6698,







-

808,3

925,0

906,4

780,31

Еңбек ұсынысының көлеміне кептеген факторлар эсер етеді, оның ішінде туу, өлім-жітім және миграция ерекше орын алады. Демографиялық процесті талдайтын болсақ, туу және өлім-жітім Казакстаңда жүмыс күші ұсынысы көлеміне бір бағытта эсер етеді: туу азаюы, өлім-жітімнің ұлғаюы еңбек ұсынысының төмендеу тенденциясына жол беріп отыр (2.2-кестеге караңыз).

2.2 - кесте

Казақстан халқының тууы, өлімі және табиғи өсімі (1000 адамға шаққанда)




1985

1990

1995

2000

2001

Туу коэффициенті

25,1

21,7

17,5

14,6

14,6

Өлш коэффициента

8,0

7,7

10,7

10,0

9,9

Табиғи есім коэффициенті

17,1

14,0

6,8

4,6

4,6

Соңғы жылдары Қазақстанда еңбек ұсынысы көлеміне ең күшті әсер ететін фактор ретінде эмиграция болып табылады (2.3-кестені қараңыз).

2.3 - кесте

Казақстан халқының сыртқы миграциясы




1991

1995

2000

2001

Келуі, адам

206094

71137

33621

49344

Кетуі, адам

255015

309632

156816

143593

Қалдығы, адам

- 48921

-238495

-123195

-94249

Елден кетіп жатқандардың көпшілігі білікті, білімді және бәсекелестік қабілеті жоғары, еңбекке қабілетті жастағы азаматтар екенін ескерсек, біздің қоғамымыздың еңбек потенциалына орны толмайтын шығын әкелгенін айтуымыз керек.

Еңбек үсынысын сипаттайтын екінші топ көрсеткіштер қатарына өз еңбегін ұсынған жүмыс күшінің қай бағытта шешім қабылдауын өлшейтін көрсеткіштер жатады. Осы шешімді сипаттайтын көрсеткіш ретінде еңбек процесіне қатысу ыктималдығы алынады. Адамның шешімі туралы оның бір апта (бір ай ішінде) қанша сағат жұмыс ұсына алатынын арқылы білеміз.

Еңбек ұсынысын зерттеуде оның сапа жағына да көңіл бөлінуі тиіс, өйткені өзінің еңбегін ұсынған адамдар біркелкі болып келмейді: олардың кабілеттері, білім алу деңгейлері және т.б. касиеттері әр түрлі болады.

Еңбек ұсынысының тағы бір топ көрсеткіштер – жүмысшының өзіне жүктеген еңбек міндеттемелерін орындауға қаншалықты ынтамен кіріседі екенің сипаттайды. Еңбек ұсынысына жанұялық жағдай да өз әсерін тигізеді. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, жанүя құратын ерлер мен әиелдер саны олардың жасына тәуелді болады. Қазіргі рынок жағдайында жастар бүрынғыға карағанда жанұя құруын кейінге калдырып жүр. Ал әйелдер ер адамдармен салыстырғанда ертерек тұрмысқа шығады

Еңбек үсынысының тағы бір елеулі сипаттамасы ретінде бір жыл ішінде жұмыс істелінген уақыт көлемін қолдануға болады. Егер де оны орынды талдасақ, еңбек рыногында адамдар өз еңбегін ұсынуын қанша сағат көлемінде қалайтындығын есептеп білуге болады.

Жоғарыда аталған және де басқа мәліметтер жоқ болғанына қарамастан, бүгін Қазақстаңда еңбек ұсынысы механизмінің калыптасуы рыноктық сипаттамаға ие болып отыр.

1   2   3   4   5   6   7   8   9

Похожие:

Барлығы – 90 сағат Орал iconСӨЖ – 30 сағат Кеңес-3 сағат. Емтихан – 1-ші семестрде Барлығы: 90 сағат. Орал – 2010
Пәннің оқу әдістемелік кешені /ПӘОК/ «Дене шынықтыру және спорт тарихы» пәні бойынша Қр мемлекеттік Стандарты Алматы, 2005 жыл
Барлығы – 90 сағат Орал iconБарлығы – 135 сағат Орал

Барлығы – 90 сағат Орал iconБарлығы – сағат Орал 2010 ж

Барлығы – 90 сағат Орал iconБарлығы – 135 сағат Орал

Барлығы – 90 сағат Орал iconБарлығы – 135 сағат Орал

Барлығы – 90 сағат Орал iconБарлығы – 90 сағат Орал- 2009 ж

Барлығы – 90 сағат Орал iconБарлығы – сағат Орал 2010 ж

Барлығы – 90 сағат Орал iconЛекция 15 сағат Практикалық сабақ 15 сағат Оқытушының жетекшілігімен Студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ)- 30 сағат СӨЖ 30 сағат Емтихан 5-ші семестрде Барлығы 90 сағат Орал, 2010 ж. Пәннің оқу-әдістемелік кешені «Өсімдіктер экологиясы»
Пәннің оқу-әдістемелік кешені «Өсімдіктер экологиясы» Алматы, 2003 типтік бағдарлама негізінде құрастырылған
Барлығы – 90 сағат Орал iconЛекция 15 сағат Практикалық сабақ 15 сағат Оқытушының жетекшілігімен Студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ)- 30 сағат СӨЖ 30 сағат Емтихан 5-ші семестрде Барлығы 90 сағат Орал, 2010 ж. Пәннің оқу-әдістемелік кешені «Микробиология және вирусология»
Пәннің оқу-әдістемелік кешені «Микробиология және вирусология» Алматы, 1999 типтік бағдарлама негізінде құрастырылған
Барлығы – 90 сағат Орал iconСӨЖ-30 сағат Барлығы – 90 сағат Орал 2009 ж
Курс бағдарламасы. Экологиялық құқық. Типтік оқу бағдарламасы. Астана 2006ж типтік бағдарлама негізінде құрастырылған. Авторы: Д....
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница