Оқу сағатының көлемі 90/2




Скачать 247.22 Kb.
НазваниеОқу сағатының көлемі 90/2
Карменбаев С А
Дата конвертации15.02.2016
Размер247.22 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://sirius.ssmu.kz/fs/_15/02/16/54e17722035ee.doc

G-041.07.01.32-2011

Силлабустың құрылымы МЖБС 2006


№02 тек



СЕМЕЙ қ. МЕМЕЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ




Кафедра: Қазақстан тарихы және әлеуметтік – гуманитарлық пәндер


СИЛЛАБУС

(Syllabus)


Пән: Құқық негіздері

Пән коды: ОР 1109

Мамандық: 5В110400 Медициналық-профилактикалық іс

Оқу сағатының көлемі 90/2


Курс 1,

семестр - 1


Семей 2013 ж.


Құқық негіздері курсымен (студенттердің жұмыс бағдарламасы) силлабус құралды

Типтік оқу бағдарламасы құқық негіздері негізінде;


Авторы (лар): Карменбаев С.А.


Кафедра отырысында бекітілді: «____» «______________» 20 ж. Хаттама №_____________


ӘГП кафедра меңгерушісі, доцент ______________ Сергазина Г.М.


Кафедра және оқытушы туралы мәлімет:





  1. Пашенцев А.П. – п.ғ.к., «Құқық негіздері» пәні бойынша оқытушы (орыс бөлімі).

  2. Карменбаев С.А. - Құқықтану магистрі, «Құқық негіздері» пәні бойынша жауапты оқытушы (орыс, қазақ, ағылшын бөлімі).

  3. Усербаев М.У. – Заң ғылымдарының магистрі, «Құқық негіздері» пәні бойынша оқытушы (орыс, қазақ бөлімі).

Байланыс ақпараттары:

Кафедра Семей қаласы Абай көшесі 103, (3-ші жатақхананың) 3 қабатында орналасқан. 314, 316 – оқытушылар бөлмесі, 301-313, 318 – оқу бөлмелері.

Қызмет телефондары: 8(7222) 520970

Автобус маршруттары 41,33 және маршрутты такси 213 «Медицина университеті» аялдамасы.

Пән саясаты – бұл білімалушының (студент, интерн, резидент, магистрант, докторант) оқу материалын анағұрлым толық меңгеруіне және оқытушылар мен білімалушылардың нәтижелі әріптестігіне бағытталған осы пәнді меңгеру үрдісінде білімалушыға кафедраның қоятын жалпы талаптары.

Білімалушы міндетті:

  • Білімді, шеберлікті, практикалық дағдыларды және біліктіліктерді толық көлемде меңгеру.

  • Таңдалған білім траекториясы бойынша біліктіліктерге жету үшін бірінші курстан бастап электронды нұсқада «Портфолио» жинау.

  • Оқытушыларға, қызметкерлерге және білімалушыларға құрметпен қарау.

  • Мұнтаздай таза және тәртіпті болу, Университетте, емханаларда өзін лайықты ұстау, тыныштықты және сабақтарда, холлдарда, дәліздерде тазалықты сақтау.

  • Білімалушы сабақ басталған соң (оқытушы сабақты нақты бастаған соң) аудиторияға тек оқытушының рұқсатымен кіріп шыға алады.

  • Пән бойынша оқу бағдарламасын толық меңгеру үшін дәрістерге, практикалық (зертханалық, семинар) сабақтарға қатысу міндетті болып табылады. Клиникалық кафедраларда профессордың немесе доценттің қарауына, дәрігерлер консилиумдарына міндетті түрде қатысу.

  • БОӨЖ (білімалушының оқытушы жетекшілігімен өздік жұмысы) қатысуға кафедраның талаптарын орындау.

  • Дәрістерге, практикалық, зертханалық және семинар сабақтарға, емтихандарға медициналық форм киіп қатысу.

  • Клиникалық кафедраларға СЭС рұқсаты бар санитарлық кітаптың болуы.

  • Кафедра мүлкіне ұқыптылықпен қарау, үстелдер үстін ластамау, жазу жазбау, мүлікті бұзған жағдайда келтірілген зиянның орнын толтыру.

  • Үшкір өкшесі бар аяқ киімді киюге тыйым салынады.

  • Өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін сақтау.

  • Университеттің ішкі тәртіп ережелерін сақтау.

  • Кафедра өміріне белсенді қатысу (СҒЖ үйірмесіне, кафедра іс-шараларына және т.б. қатысу).

  • Мамандық бойынша ғылыми-практикалық, патологоанатомиялық конференциялар мен ассоциациялардың жұмысына қатысу.

  • Дәрістер, сабақтар кезінде ұялы телефондарды өшіріп қою.

  • Емтихандарға ұялы телефондарды, i–Phone, i-Pad алуға тыйым салынады. Білімалушы ұялы телефондарды, i–Phone, i-Pad еске түсіру құралы ретінде пайдаланса, ол емтиханнан шығарылады және F бағасы қойылады. Емтиханда немесе саралау сынағында білімалушы көмекші қағаздарды қолданса, автоматты түрде қорытынды «қанағаттандырарлықсыз» баға қойылады.

  • Кафедраларда өтемдер сабақтан тыс уақытта өткізіледі, дағдылы күндерде де жіберіледі (теориялық кафедрада кезекші оқытушы 18.00 сағатқа дейін болуы тиіс), клиникалық кафедрада өтемдерді профессорлық – оқытушылық құрамының түнгі кезекшілігі кезінде өткізуге болады.

  • Себепсіз жағдай бойынша босатылған сабақтар өтелмейді.

  • Себепті жағдай бойынша сабақтарды босатқанда білімалушы сабаққа шыққан күннен бастап деканаттан бір апта ағымында рұқсатнама алуға міндетті.

  • Білімалушы себепті жағдай бойынша сабақтарды босатса 2 ай ішінде өтеуі керек.

  • Дәрістерді босатқан кезде себептерге қарамай білімалушы дәріс материалдарының конспектісі болуы керек және оны дәріскерге көрсетуі керек.

  • Білімалушы белгілі себептермен (стационарда емделсе, төтенше жағдайлар болған кезде: табиғат апаты, апаттар және басқалар) басқадай себептермен сабақ босатқан жағдайда интерн, топ старостасы немесе оның туыстары бір тәулік ішінде білім ұйымын болған жағдай туралы хабардар етуге тиісті (телефонмен және басқадай жолмен) және үш күн ішінде осы жағдайды куәландыратын құжат әкелуі керек.

  • Ақтау құжаттары болып табылады: студенттік емханадан анықтама (нөмірі емхананың анықтама беру журналындағы нөмірмен бірдей болуы керек), жақындарының қайтыс болуы туралы куәлік, донорлық анықтама, некелесу туралы куәлік, баланың туу туралы куәлігі). Интерндер, резиденттер, магистранттар, докторанттар жұмысқа жарамсыздығы парағын беруі керек. Ақтау құжаттары болмаған жағдайда себепсіз болып саналады.

  • Жалған анықтамалар берген жағдайда рұқсатнама берілмейді және білімалушыға қатысты ішкі тәртіп Ережелеріне сәйкес әкімшілік шаралар қолданылады.

  • Кафедраға рұқсатнамамен бірге растайтын құжат көшірмесі беріледі. Білімалушы себепті жағдаймен босатылған 2 сабақты бір ретте өтеуіне болады.

  • себепті жағдаймен босатылған сабақты өтеу кезінде қағаз журналда «бж» дөңгелектенеді және алынған баға қағаз және электронды журналға енгізіледі.

  • Білімалушы бір айда екі және одан да көп сабақтарды босатқан жағдайда аттесталмаған деп есептеледі.

  • Соңғы сабақта пән бойынша жіберу рейтингісінің бағасы (ЖРБ) есептеледі, ЖРБ ведомостіне танысқаны туралы білімалушы өзінің қолын қояды, ал ЖРБ жетекші оқытушымен сынақ кітапшасында ЖРБ қойылады.

  • Пәндердің (дәрістердің, практикалық) аудиторлік сабақтардың жалпы көлемінен 25% себепсіз жағдаймен босатқан білімалушы пән бойынша аралық аттестаттауға (емтиханға/дифсынаққа) жіберілмейді және жазғы (ақылы) семестрден өтуге міндетті.

  • Пәндердің (дәрістердің, практикалық) аудиторлік сабақтардың жалпы көлемінен 25% себепсіз жағдаймен босатқан білімалушы жеке кесте бойынша барлық өтеулерді өтеуге міндетті.

  • Деканаттан рұқсатнамалар оқу топтары журналдарында бірге сақталады.

  • Егер білімалушы себепті жағдай бойынша аралық бақылауды босатқан және оны бір ай бойы өтемеген жағдайда, «бж» орнына қағаз журналда «0» қойылады.

  • Егер интеграцияның бір пәні немесе аралас пәндер бойынша «Жалпы медицина» мамандығы 4,5,6,7 курстары білімалушысы «F» алса, онда білімалушы жазғы (ақылы) семестр кезінде «F» бар пәнді ғана өтеді.

  • Егер емтихан екі және одан да көп кезеңдерден тұрған жағдайда және біліалушы кезеңдердің бірінен «0» алса, онда қорытынды баға қанағаттанарлықсыз болады.

  • Егер жіберу рейтингісі бойынша және қорытынды бақылаудан да (емтихан/диффсынақтан) білімалушы оңды баға алса ғана қорытынды баға есептеледі. Сонымен бірге оңды баға болып 50% -дан 100% -ға дейінгі баға болып саналады, қанағаттанарлықсыз баға - 0 -дан 49% -ға дейінгі баға болып саналады.

  • Тестілік емтихан үлесі пәнннің қорытынды бағасындағы үлес салмағы 10% құрайды.

Ағымдағы сабақтарда және аралық бақылауда алынған қанағаттанарлықсыз бағалар өтелмейді. Қанағаттанарлықсыз бағалар болған жағдайда білмалушылар төмен ЖРБ алады, ол өз кезегінде емтихан рұқсатнамасына әсер етеді.

Аралық аттестаттау бойынша оңды бағаны оны көтеру мақсатында қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

  • ЖРБ сынақ кітапшасының оң жағына қойылады. Дифференциалды сынақ бағасы шәкіртақы тағайындауға әсер етеді.

  • Осы семестрдің оқу жоспарымен қарастырылған семестрдің барлық пәндері бойынша оқу бағдарламасын орындау шарттары барлық сынақтарды тапсыру/ алуда білімалушылар аралық және қорытынды аттестаттауға жіберіледі.

  • Емтихан сессиясына жіберу деканат өкімімен рәсімделеді, сонымен қатар білімалушы сынақ кітапшасына «сессияға жіберілді» мөртабаны қойылады.

  • Біліалушыны курстан курсқа ауыстыру студенттің үлгерімінің орта баллы (GPA) негізінде жүргізіледі.

  • Егер білімалушы қажетті өту баллының GPA санын ала алмаса, білім грантынан айрылуымен қайталау курсын өтеді немес өз еркімен оқудан шығарылады.

  • Толық көлемде курс бағдарламасын орындаған білімалушы, бірақ өту баллын (GPA) жинай алмаған, өзінің үлгерімінің орта баллын көтеру мақсатында ақылы негізде пәнді қайта жазғы (ақылы) семестрде оқуға мүмкіндік беріледі («Қазақстан тарихы» пәнінен басқа, ол бойынша мемлекеттік емтихан тапсырылады) және және қайта емтихан тапсырады.Қайта тапсырғанда алынған оңды баға шәкіртақыны тағайындауға әсер етпейді.

  • Академиялық демалыстан кейін оқуға келген немесе бір мамандықтан екінші мамандыққа ауысқан кезде білімалушы барлық курсты толық өтуі және емтихан тапсыруы қажет.

1. Кіріспе

Құқық негіздері – мемлекет және құқық туралы білімнің негізін құрайтын кешенді оқу пәні. Оқу курсында құқық саласының негізін қалыптастыратын құқықтық нормалар мен негізгі түсініктер қарастырылады. Құқық негіздері теориясының, мемлекет теориясының түсінігі және анықтамалары, құқық салаларының құқықтық қалыптарының әр құқық саласында жалпы бөлімде қарастырылған құқық қалыптарының маңызды мәні, негізі туралы түсініктерді қамтиды.

Адамның және азаматтың күнделікті өмірде көп кездесетін құқық салаларына: отбасы, еңбек, азаматтық және басқа да құқық қатынастарына көп көңіл бөлінеді. Құқық негіздері Қазақстанның құқық жүйесі және студенттердің әлемдік көзқарасы туралы білімді қалыптастыру кезінде маңызды роль атқарады, бұл оқу курсы барлық мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың жиынтығын нормативтік-құқықтық нысанда және құқық қолдану тәжірибесінде жүйелі қарастыруға мүмкіндік береді.

Қазіргі жағдайда құқық негіздері құқықтық тәрбиенің қажетті элементі ретінде көрініс табады және Қазақстан Республикасында құқықтық мәдениетті көтермелеу үшін, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін тиімді құрал болып табылады.

2. Пәннің мақсаты: Құқық негіздері қоғамдық қатынастарды мемлекеттік-құқықтық әсер етудің нәтижесі ретінде, құқықтық нормаларды әлеуметтік норманың түрі ретінде, мемлекет қоғамның саяси ұйымы ретінде қарастырады. Аралас пәндер қоғамның құқық пен мемлекеттің пайда болуының және дамуының саяси, тарихи, философиялық, әлеуметтік шарттары мен алғышарттарын қарастырады және ол Қазақстан Республикасында және әлемде болып жатқан саяси-құқықтық құбылыстарды кешенді түсінуге береді.

3. Оқытудың міндеттері - заң мамандығын алмайтын студенттерге мемлекет және құқық теориясының негіздерін меңгеру, ұлттық құқықтың жетекші салаларының шеңберінде қажетті білім беру.

4. Оқытудың соңғы нәтижелері студент алған білімін тәжірибеде дұрыс қолдана білу, әлеуметтік-құқықтық құбылыстарды параллел мен ұқсастық жолымен мәнін анықтау. Алған білім және тәжірибе студенттерге заң шығарушылық базаны құқықтық қатынастарға дұрыс қолдана білуге, саралай білуге және сол салаға тиістілігін анықтай білуге бағытталған тәжірибе жинақтауға мүмкіндік беруі, сонымен қатар заңи емес мәселелер шеңберінде құқық нормаларымен логикалық өзара байланысты ғылыми негізделген аргументтерді теоретикалық–құқықтық көзқарас пайдасына шешу.

5. Реквизитке дейінгі:

Қазақстан тарихы

Саясаттану

Философия

6. Реквизиттен кейінгі:

Қоғамдық денсаулық сақтау

Наркология

Жалпы хирургия

Студент істей білуі тиіс:

-Құқықтық институттарды ажырата білу, оларды қамтамасыз ету нормалары

-Құқықтық принциптерді ажырата білу, олардың қамтамасыз ету кепілдіктері

-Алған білімді тәжрибе жүзінде қолдана білу

-Құқықтық қатынастарды орындауындағы құқық нормаларының абстрактивті экстрополирлеу- әлеуметтің құқықтық маңызын анологтармен параллел жолымен түсіндіру

Пәннің қысқаша мазмұны:

Құқық негіздері курсының жүйесі, пәні. Мемлекет және құқық теориясы және мемлекет жайлы жалпы түсінік. Құқық және құқылық түзілістерінің жа-лпы ұғымы. Құқықтық қатынас. Құқық бұзушылық және заңға жауапкершілік. Конституциялық құқық- ҚР және мемлекетті басқару. ҚР административтік құқығы және мемлекетті басқару. Әкімшілік жауапкершілік. ҚР азаматтық құқығының жалпы көрінісі. Меншік құқығы. Міндеттеме жағдайы. Мұралық құқық. ҚР-да азаматтық құқық институттарына жалпы мінездеме . ҚР қаржы құқығының негізі. Қаржы құқығының ісі. Банкілік істер. Салық құқығының негізі ҚР салық жүйесі. ҚР қылмыстық құқық. ҚР жемқорлыққа қарсы күрес құқығының негізі. Сақтандыру ісінің құқықтық бұрмасы. ҚР экология құқық негіздері. ҚР жер құқығының негізі. ҚР процессуалды құқығы

Дәрістердің тақырыптық жоспары



Дәріс тақырыптарының атауы

Сағаттар

саны

1

Мемлекет, құқық және мемлекеттік құқықтық құбылыстар туралы негізгі ұғымдар

1

2

Қазақстан республикасының конституциялық құқығының негіздері

1

3

Қазақстан Республикасындағы адамдардың және азаматтардың жағдайының конституциялық негіздері.

1

4

Қазақстан Республикасындағы сайлау жүйесі

1

5

Қазақстан республикасының құқық қорғау органдары және сот

1

6

Қазақстан республикасындағы мемлекеттік басқару

1

7

Қазақстан республикасының әкімшілік құқығының негіздері

1

8

Қазақстан республикасының азаматтық құқығының негіздері

1

9

Отбасы құқығының негіздері

1

10

Қазақстан республикасының қаржы құқығы

1

11

Қазақстан республикасының еңбек құқығы және әлеуметтік қамтамасыз ету құқығы

1

12

Экологиялық құқығының негіздері

1

13

Жер құқығының негіздері

1

14

Қазақстан республикасының қылмыстық құқығы

1

15

Қазақстан республикасының іс жүргізу құқығы

1



Барлығы

15


Семинарлы ( тәжірибелік) сабақтардың тақырыптық жоспары



Сабақ тақырыбының атауы

Сағат

Саны

1

Мемлекет, құқық және мемлекеттік құқықтық құбылыстар туралы негізгі ұғымдар

1

2

Конституциялық құқығының негіздері

1

3

Қазақстан республикасының құқық қорғау органдары және сот

1

4

Қазақстан республикасындағы мемлекеттік басқару

1

5

Қазақстан республикасының әкімшілік құқығының негіздері

1

6

Қазақстан республикасының азаматтық құқығының негіздері

1

7

Отбасы құқығының негіздері

1

8

1 аралық бақылау

1

9

Қазақстан республикасының қаржы құқығы

1

10

Қазақстан республикасының еңбек құқығы және әлеуметтік қамтамасыз ету құқығы

1

11

Экологиялық құқығының негіздері

1

12

Жер құқығының негіздері

1

13

Қазақстан республикасының қылмыстық құқығы

1

14

Қазақстан республикасының іс жүргізу құқығы

1

15

2 аралық бақылау. Экзаменге консультация.

1




Барлығы

15


ОБӨЖ ( оқытушының басқаруымен білімалушының өздік жұмысы)



Сабақ тақырыптарының атауы

Сағаттар

саны


1

Мемлекеттің пайда болуының экономикалық және әлеуметтік себептері.

2

2

Қазақстан Республикасында адам мен азаматтың құқықтары мен еркіндіктерінің кепілдіктері

2

3

Референдумның өткізу ерекшеліктері».

2

4

Құқық қорғау органдарының бағыныштылығының иерархиясы

2

5

Мемлекеттік басқарудың конституциялық қағидаларының бекітуі

2

6

ҚР Әкімшілік құқығының субъектілері. Түсінігі және олардың түрлері.

2

7

Денсаулық сақтау саласын мемлекеттік басқару жүйесі. Санитарлық эпидемиологиялық бақылау.

2

8

Меншік құқығының түсінігі, түрлері, пайда болу негіздері

2

9

Алименттік қатынастар

2

10

Бюджет құрылымы

2

11

Еңбек дауларды шешудегі мүмкүндіктері

2

12

Табиғи ресурстарға меншік құқығының жалпы сипаттамасы

2

13

Жаза. Жазаның турлері. Жазаны тағайындау

2

14

Сот сараптамасы: түсінігі, түрлері. Сарапшының қорытындысы

2

15

Талап арыз. Сот өндірісінің түрлері және сатылары

2




Барлығы

30


Студенттің өздік жұмысының тақырыптық жоспары



Сабақ тақырыптарының атауы

Сағаттар

саны

1

Мемелекеттің түсінігі және оның ерекшіліктері мен белгілері.

2

2

Қазақстан Республикасының конституциялық даму кезеңдері, ҚР-ың конституциялық құрлымы.

2

3

Қазақстан Республикасындағы құқық қорғау қызметінің ерекшеліктері.

2

4

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқарудың түсінігі және мемлекеттік органдар.

2

5

Мемлекеттік қызметтің құқықтық ерекшеліктері.

2

6

Мәміле және шарттардың құқықтық қолдану аясы.

2

7

ҚР неке және отбасы құқығының қорғау дәрежесі.

2

8

Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық, қаржылық –құқықтық қатынастардың түсінігі.

2

9

Бюджеттік қатынастарды реттеу шеңберіндегі мемлекеттік басқару және бақылау.

2

10

Қазақстан Республикасындағы еңбек құқықтық қатынастары кезінде орнайтын еңбек шарты мен еңбек дауларының құқықтық ретеу жолдары.

2

11

Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамтамасыз етудің құқықтық негіздері.

2

12

Экологиялық құқықтың қайнар көздері.

2

13

Қылмыстық құқықтың құрлысы.

2

14

Қылмыстық іс қозғаyдың құқықтық жолдары.

2

15

Азаматтық іс жүргізyшілік құқықтық қатынастар, олардың сyбъектілері.

2

Барлығы

30


Студенттің өздік жұмысын ( СӨЖ) ұйымдастырудың жоспары




СӨЖ тақырыбы

СӨЖ тапсырмалары/өткізу түрі

СӨЖ бақылау түрлері

СӨЖ бақылау кестесі (мерзімі)

1

Мемелекеттің түсінігі және оның ерекшіліктері мен белгілері.

реферат

Жазбаша жұмыс, қорғау

3 апта

2

Қазақстан Республикасының конституциялық даму кезеңдері, ҚР-ың конституциялық құрлымы.

Графологиялық кесте

Жазбаша жұмыс, қорғау

4 апта

3

Қазақстан Республикасындағы құқық қорғау қызметінің ерекшеліктері.

Презентация

Презентация көрсету, қорғау

4 апта

4

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқарудың түсінігі және мемлекеттік органдар.

Графологиялық кесте

Жазбаша жұмыс, қорғау

5 апта

5

Мемлекеттік қызметтің құқықтық ерекшеліктері.

эссе

Жазбаша жұмыс, қорғау

6 апта

6

Мәміле және шарттардың құқықтық қолдану аясы.

Графологиялық кесте

Жазбаша жұмыс, қорғау

7 апта

7

ҚР неке және отбасы құқығының қорғау дәрежесі.

Презентация

Презентация көрсету, қорғау

7 апта

8

Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық, қаржылық –құқықтық қатынастардың түсінігі.

реферат

Жазбаша жұмыс, қорғау

9 апта

9

Бюджеттік қатынастарды реттеу шеңберіндегі мемлекеттік басқару және бақылау.

Презентация

Презентация көрсету, қорғау

10 апта

10

Қазақстан Республикасындағы еңбек құқықтық қатынастары кезінде орнайтын еңбек шарты мен еңбек дауларының құқықтық ретеу жолдары.

Презентация

Презентация көрсету, қорғау

11апта

11

Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамтамасыз етудің құқықтық негіздері.

Эссе

Жазбаша жұмыс, қорғау

12 апта

12

Экологиялық құқықтың қайнар көздері.

Презентация

Жазбаша жұмыс, қорғау

13 апта

13

Қылмыстық құқықтың құрлысы.

Презентация

Жазбаша жұмыс, қорғау

13 апта

14

Қылмыстық іс қозғаyдың құқықтық жолдары.

Реферат

Жазбаша жұмыс, қорғау

14 апта

15

Азаматтық іс жүргізyшілік құқықтық қатынастар, олардың сyбъектілері.

Презентация

Жазбаша жұмыс, қорғау

14 апта



10. Ұсынылатын әдебиет: негізгі және қосымша

Негізгі әдебиеттер:

  1. Оспанов Қ.И. Құқық негіздері / Қ. И. Оспанов. - Алматы : Жеті жарғы, 2006. - 296 б.

  2. Сапарғалиев Ғ.С. Мемлекет және құқық теориясы.Оқулық : учебник / 2007. - 331 б.

  3. Ғ. С. Сапарғалиев, А. С. Ибраева. - Астана : Фолиант, 2007. - 331 с.

  4. Жоламан Қ. Мемлекет және құқық. - Алматы : Эверо, 2008. - 306 б.

  5. Мұхтарова А.Қ. Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы : учебник /Нұр-пресс, 2005. - 561 с.

  6. Оспанов К.И. Основы права : учебное пособие / К. И. Оспанов. - 2-е изд., доп. - Алматы : Жеті жарғы, 2007. - 300 с. - (Учебное пособие)

  7. Ибраева А.С. Теория государства и права : учебное: Жеті жарғы, 2006. - 423 с. - (Учебное пособие)

  8. Основы государства и права Казахстана. Хрестоматия : учебник / сост. Г.Сапаргалиев. - 2-е изд., доп.,перераб. - Алматы :Атамұра, 2004. -272с.

  9. Қазақстан республикасының мемлекеті мен құкықғының неғіздері. Оқулық 2 кітаптан тұрады./ Құрастырған Е. Баяанов. 1-ші кітап ,- Алматы : Эверо, 2009-368

  10. Қазақстан республикасының мемлекеті мен құкықғының неғіздері. Оқулық 2 кітаптан тұрады./ Құрастырған Е. Баяанов. 1-ші кітап ,- Алматы : Эверо, 2009-384

Қосымша әдебиеттер:

1. Толеубекова Б.Х. Қазақстан Республикасының қылмыстық істер жүргізу құқығы: Жалпы бөлім. – Алматы: Жеті Жарғы, 2000. 345 с.

2. Азаматтық құқығы. Үштом. М.К.Сулейменов, Ю.Г.Басин. – Алматы, 2000, 2002, 2004. 543 с.

3. ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған үндеуі //Казахстанская правда». 19 ақпан 2005ж. 123 б.

4. ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған үндеуі Алматы: Білім, 1997. 145 б.

5. ҚР саяси құқығының концепциясы 20 қыркүйек 2002г. //Юридическая газета. – 2002 125 б.

6. Дауранов И.И. Мемлекеттік басқарманы ұйымдастыру. Монография – Алматы. Басылым НВГИГУ, 1997. –ұсыныс. 456 б.

7. Уваров В.И. Мемлекеттік басқарма теориясы. Алматы: Каз ГЮА. 2000. 234 б.

8. Уваров В.И. Мемлекеттік басқарма теориясы 2 бөлім, 2: мемлекеттік басқарма жүйесі. Алматы: Каз ГЮА, 2001. 345 б.

9. Амирханова И.В. ҚР кәсіпкерліктің дамуының қамтамасыз етуінің азаматтық құқығы – Алматы: Қазақ университеті, 2003. 267 б.

10. Худяков А.И. ҚР қаржылық құқығы. Жалпы бөлім. – Алматы: Құқықтық инициатива, 2001. 343 б.

11. Қаржылық құқық. ред. Н.И.Химичева. – М. Юрист, 2004. 234 б.

12. Байдельдинов Д.Л., Бекишева С.Д. ҚР экологиялық құқық – Алматы: Интерлигал, 2004. 234 б.

13. Хаджиев А.Х. ҚР жер құқығы. Алматы: Юрист, 2002. 345 б.

Оқу әдістемесі: (кіші топпен жұмыс істеуі, дискуссия, ситуациондық есептер, біріккен жұмыс, презентация,)



Таңбалық жүйе бойынша баға

Балдардың сандық эквиваленті

Пайыздық мөлшері

Дәстүрлі жүйе бойынша баға


А


4,0


100

өте жақсы




95

А-

3,67

90-94


В+

3,33

85-89


жақсы



В

3,0

80-89


В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74


қанағаттанарл-ық

С

2,0

65-69


С-

1,67

60-64


Д+

1,33

55-59


Д

1,0

50-54

F

0

0-49

қанағаттанарл-ықсыз
Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау критериі

Похожие:

Оқу сағатының көлемі 90/2 iconКурсы: IІ семестрі:і оқу сағатының көлемі
Жоғары оқу орнының атауы: С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті
Оқу сағатының көлемі 90/2 iconКурсы: IІ семестрі:і оқу сағатының көлемі
Жоғары оқу орнының атауы: С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті
Оқу сағатының көлемі 90/2 icon5В110300 «Фармация» мамандығы үшін (оқу түрі) Оқу сағатының көлемі (кредиттер*) 90 с. (2 кредит) II курс
Кафедра меңгерушісі: Ахметова Сауле Балтабаевна – м.ғ. к., доцент, микробиология және иммунология кафедрасының меңгерушісі, педагогикалық...
Оқу сағатының көлемі 90/2 icon5В110300 «Фармация» мамандығы үшін Оқу сағатының көлемі 90 (2 кредит) курс
Кафедра меңгерушісі: Миндубаева Фарида Анваровна, медицина ғылымдарының докторы, профессор, педагогикалық жұмыс стажы- 39 жыл
Оқу сағатының көлемі 90/2 iconОқу сағатының көлемі: 2 сағат Құрастырушы: оқытушы Омашева Ж. М., Рахметуллаева Д. Б. ҚАрағанды – 2014 ж
Анықтауышы қиыспаған анатомиялық терминдерін латын тілінен қазақ тіліне және керісінше аудару дағдыларын қалыптастыру
Оқу сағатының көлемі 90/2 icon5В110400 «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы үшін Оқу сағатының көлемі 90 (2 кредит) 1 курс ІІ семестр
Кафедра меңгерушісі: Миндубаева Фарида Анваровна, медицина ғылымдарының докторы, профессор, педагогикалық жұмыс стажы- 39 жыл
Оқу сағатының көлемі 90/2 iconКурсы Оқу сағатының көлемі
Маќсаты: студенттерді жалпы нозологияның негізгі түсініктерімен, аурудың маңызы туралы қазіргі көзқарастармен және аурулардың алдын...
Оқу сағатының көлемі 90/2 icon5В130200 «Стоматология» мамандығы үшін Оқу сағатының (кредиттер) көлемі 180 сағат, 4 кредит 2 курс
Кафедра меңгерушісі: Миндубаева Фарида Анваровна, медицина ғылымдарының докторы, профессор, педагогикалық жұмыс стажы- 39 жыл
Оқу сағатының көлемі 90/2 icon5В110100 «Мейірбике ісі» мамандығы үшін Оқу сағатының көлемі 90 сағат, 2 кредит 1 курс II семестр
Кафедра меңгерушісі: Миндубаева Фарида Анваровна, медицина ғылымдарының докторы, профессор, педагогикалық жұмыс стажы- 39 жыл
Оқу сағатының көлемі 90/2 iconКурсы Оқу сағатының көлемі
Маќсаты: Сыртқы ортаның әсерінен, аурудың ағымы мен ауырлығы айқындалатын организмнің ауыру немесе ауырмауы шешілетін, организмнің...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница