Скачать 1.14 Mb.
|
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті «Бекітемін» Тарих және құқық факультет деканы ______ Е.Е.Хайдаров «____» ________ 2009 ж Тарих және құқық факультеті Құқықтық пәндер кафедрасы 050301 «Құқықтану» мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын студенттерге арналған Жаза тағайындаудың ілімі мен тәжірибесі (пәннің атауы) ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ Курс – 4Семестр – 5 Кредит саны - 3 Дәріс – 30 сағат Практикалық сабақ – 15 сағат Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы (ОЖСӨЖ) – 30сағат СӨЖ-30 сағатБарлығы – 135 сағатОрал 2009 ж1. Пәннің типтік оқу бағдарламасыКурс бағдарламасы. Жаза тағайындаудың ілімі мен тәжірибесі. Типтік оқу бағдарламасы. Астана 2006ж типтік бағдарлама негізінде құрастырылған.Авторы:Ағыбаев А.Н. Құрастырушы: Құқықтық пәндер кафедрасының оқытушысы Батыров АБ.. Құқықтық пәндер кафедрасының отырысында қарастырылды. “____” ________________200__ ж. № ___хаттама. Кафедра меңгерушісі___________ С.К. Есетова (қолы) Келісілді: ОҮҰ және ОӘЖБ жетекшісі _________ А.А.Какимова факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінің төрағасы (аты-жөні) (қолы ) 2.1. Оқытушы туралы мәліметОқытушы: Батыров Алтай Батырович Офис: М.Өтемісов атындағы БҚМУ Құқықтық пәндері кафедрасы Толық мекен жай : Сарайшық көшесі 34, №3 оқу ғимараты каб.310 Жұмыс телефоны: 51-04-69 2.2 Пән туралы мәлімет Жаза тағайындаудың ілімі мен тәжірибесі Семестр 15 оқу аптасынан және 2 апта сессиядан тұрады. Жұмасына 3 кредит сағат жоспралануы мүмкін. Әрбір кредит сағат үйренушінің (СӨЖ) оқытушының жетекшілігінде (СӨОЖ) және екі сағаттық өз бетімен жұмыстануындан тұрады. Кредитті аптаға бөлу:
Кредиттердің саны – 3 Өткізу орны: кесте бойынша №3 оқу корпусы Оқу жоспарынан үзінді:
2.3 Кіріспе Курстың мазмұны: Елімізде заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтудағы тәжірибелік мәселелерді шешуде, маңызды рольді, қылмыстылықпен күресті қамтамасыз ететін, қоғамдық құқықтық жүйе элементі ретінде қылмыстық құқық атқаратыны сөзсіз. Қазіргі күші бар қылмыстық заңның басты міндеттерінің бірі адам, қоғам, мемлекет мүддесін қорғау болып табылады. Қылмыстық кодекстің жалпы бөлімінде қылмыстық құқықтың түсініктердің, институттардың ұғымы берілген. Қылмыстық жаза мемлекеттік күштеу шараларының бірі ретінде қолданылады. Қылмыстық құқық әдебиеттерінің сарапталған мәліметтеріне қарағанда, заңгер ғалымдардың арасында жаза түсінігі туралы бірдей көзқарас жоқ.. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 38-бабына сәйкес жаза дегеніміз - соттың үкімі бойынша тағайындалатың мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы . Жаза қылмыс жасауға кінәлі деп танылған адамға қолданылады және ол адамды құқықтары мен бостандықтарынан,осы кодексте көзделген айыру немесе оларды шектеу болып табылады. Қылмыскерге тек қылмыстық жазалау шараларын, оның ішінде ауыр, қатал жаза қолдану арқылы ғана қылмыскерлікті біржола жеңе алмайтындығымызды тарих дәлелдеді. Ал , қылмыскерліктің алдын алу,одан сақтандыру шараларының бұл күресте көмегі көп екендігі сөзсіз. Өйткені, жаза тағайындау, оны жүзеге асыру сотталған адамды түзеуге, әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіруге, қылмыстың алдын алуға ықпал етеді. Жазаның осы мақсаттарына қол жеткізу көбіне қылмыстық жазаны әділ әрі негізді тағайындау арқылы мүмкін болады. Қылмыстық заң нормаларын сақтауды мемлекет мәжбүрлеу арқылы қамтамасыз етеді, себебі бұл нормалардың бұзылуы заңның басқа салаларындағы нормалардың бұзылуына қарағанда мемлекет мүддесіне, қоғам мүддесіне немесе жеке азаматтар мүддесіне үлкен зиян келтіреді. Әрбір нақты іс бойынша жаза тағайындау кезінде сот басшылыққа алуы тиіс заңмен бекітілген белгілер, Қылмыстық заңда жаза тағайындаудың жалпы негіздері ретінде жазаның әділеттілігі, мақсатқа лайықтылығы, тиімділігі жаза тағайындаудың жалпы негізі болып саналады. Жаза егер ол жасалған қылмыстың ауырлығына, қоғамға қауіптілік сипаты мен дәрежесіне, кінәлінің жеке тұлғасына және қылмысты жасау жағдайларына сәйкес тағайындалатын болса әділетті деп танылады. Сонымен бірге, жаза мәні жағынан заңды және негізді болуы керек. Егер оны барлығы, сотталғаннан бастап қоғамның барлық мүшелері заңды, негізді және көз жетерлік жаза ретінде қабылдаса ғана ол әділетті деп танылады. Тағайындалатын жазаның заңға сәйкестік талаптары ерекше маңызды. Жасалған қылмыстың қауіптілігін бағалай отырып, сот ең алдымен, аталған қылмыстың түрін Қылмыстық кодексінің ерекше бөліміндегі заң шығарушының берген бағасын ескеруі керек. Сондықтан, әділетті жаза тағайындаудың міндетті алғышарттары ретінде қылмыстың нақты заңдық саралануы саналады. Қылмысты саралаудағы қате әділетсіз жаза тағайындауға әкеп соғады. Соттың тағайындаған мәжбүрлеу шарасының сотталған адамға оң ықпал етуге сәйкес келу талабын білдіреді. Соттың таңдаған жазасы оның жалпы мақсаттарына қол жеткізудің жеткілікті құралы болу керек. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 52-бабы 2-бөлігінде «Қылмыс жасаған адамға оның түзелуі және жаңа қылмыстардың алдын алу үшін қажетті және жеткілікті жаза тағайындалуы тиіс...»деп көрсетілген. |