I. Қаржының экономикалық мәні және экономикалық өсудегі




НазваниеI. Қаржының экономикалық мәні және экономикалық өсудегі
страница5/9
Дата конвертации15.02.2016
Размер0.88 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.diplomkaz.kz/wp-content/uploads/2013/02/Дип.-ЭКОНОМИКАЛЫҚ-ӨСУДІ-ҚАМТАМАСЫЗ-ЕТУДЕГІ-ҚА
1   2   3   4   5   6   7   8   9


2.3. Инфляцияның табиғаты және оның қаржымен өзара байланысы.


Экономикалық құбылыс ретінде инфляция көптен бері өмір сүріп келеді. Оны тіпті ақшаның шығуымен бірге пайда болды әрі ақшаның қызметімен тығыз байланысты деп саналады.

"Инфляция" термині (латынның inflatio сөзінен шыққан - кебіну, ісіну) ақша айналысына қатысты XIX ғасырдың орта шенінде пайда болды және АҚШ - тың Азамат соғысы жылдары (1861- 1865 ж.ж) қағаз долларының ("гринбектердің") қисапсыз көп шығарылуымен байланысты болды. XIX ғасырда бұл термин сондайақ Англия мен Францияда қолданылды. Экономикалық әдебиеттерде инфляция ұғымы XX ғасырда бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін кеңінен таралды, ал бүрыңғы кеңестік экономикалық әдебиеттерде ол 20-сыншы жылдары жазыла бастады.

Инфляцияның дәстүрлі ең жалпы анықтамасы - тауар айналымының қажеттілігімен салыстырганда айналыс сферасының артық қағаз ақша массасымен лықа толып кетуі, оның құнсыздануы және соның нөтижесі ретінде - тауарлар мен қызметтер көрсетуге баганың өсуі; ақшаның сатып алуга жарамдылыгының төмендеп кетуі. Инфляция кезінде қоғамдық өндіріс процесінің алшақтықтарына және артық көп ақшаның шығарылуына бай­ланысты ақша айналысының заңы бүзылады.

Инфляция - ақша жүйесінің дагдарысты жай-куйі.

Ақшаның құнсыздануына мына факторлар себепші болады:

айналысқа артық ақшаның шығарылуы;

қолайсыз төлем балансы;

үкіметке сенімнің жоғалуы.

Ұзақ уақыт бойы инфляцияны монетарлық құбылыс деп санай отырып, ол ақшаның құнсыздануы мен тауар бағаларының өсуі түрғысында түсіндіріліп келді. Әлі де бірқатар шетелдік авторлар инфляцияны экономикада бағаның жалпы деңгейінің артуы ретінде анықтайды. Алайда инфляцияның тауар бағасының өсуінде керінгенімен оны тек таза ақша феноменіне жатқыза салуға болмайды. Бұл нарықтық шаруашылықтың түрлі сфераларындағы ұдайы өндірістің сәйкессіздігінен туатын күрделі әлеуметтік - экономикалық құбылыс. Инфляция өлемнің көптеген елдеріндегі экономиканың қазіргі дамуының ең өткір проблемаларының бірі болып есептеледі.

Бүгінде инфляция бағаның өсуі нәтижесінде ақшаның са­тып алу жарамдылығының құлдырауымен ғана емес, сонымен бірге елдің экономикалық дамуының жалпы қолайсыз ахуалымен де байланысты. Инфляцияға өндіріс пен өткізу сферасындағы әртүрлі факторлар тудырған өндіріс процесінің қарама - қайшылықтары себепші болады. Инфляцияның әуел бастағы себебі - ұлттық шаруашылықтың түрлі сфераларындағы жинақтау мен тұтыну, сұраным мен ұсыным, мемлекеттің кірістері мен шығыстары, айналыстағы ақша массасы мен шаруашылықтың ақшаға қажеттілігі арасындағы алшақтықтар.

Инфляцияның ішкі және сыртқы факторларын (себептерін) айыра білу қажет. Ішкі факторлардың арасында ақшаға жатпайтын және ақшалай - монетарлық факторларды белуге болады. Ақшага жатпайтындары - бұл шаруашылық сәйкестігінің бүзылуы, экономиканың циклдық дамуы, өндірістің монополизациялануы, инвестициялардың теңгерімсіздігі, өлеуметтік - саяси сипаттағы ерекше жағдайлар және басқалары. Ақшалай факторларга мемлекеттік қаржының дағдарысы ү бюджет тапшылығы, мемлекеттік борыштың өсуі, ақша эмиссиясы, сондай - ақ несие жүйесінің кеңеюі, ақша айналысы жылдамдығының артуы нәтижесінде несие құралдарының есуі және басқалары жатады.

Дүниежүзілік құрылымдық дағдарыстар (шикізат, энергети­ка, валюта дағдарыстары), басқа елдерге инфляцияны экспортқа шығаруға бағытталған мемлекеттік валюта саясаты, алтынды, валютаны жасырын экспортқа шығару инфляцияның сыртқы факторлары болып табылады.

Сөйтіп, копфакторлы процесс ретінде инфляция - бұл ақша айналысы заңының бүзылуымен байланысты болатын қоғамдық ұдайы өндіріс дамуындағы алшақтықтың көрінісі.

Инфляцияның іс - әрекетін қаржы проблемаларымен байланыстырып отыру қажет, өйткені инфляция құбылысы мынандай қаржылық факторларга төуелді болып келеді:

белгілі бір салық нысандары мен әдістерін қолдану;

инфляциялық сипаттағы шараларды мемлекеттік бюджет арқылы қаржыландырудың ауқымы;

мемлекеттік бюджеттің тапшылығын жабудың әдістері;

мемлекеттік берешектің көлемі.

Нарықтық экономика кезінде қаржы инфляциялық процеске бірқатар факторлар арқылы айтарлықтай эсер етеді (инфляциялық тенденцияларды күшейте түседі).

Бірінші фактор - мемлекет шығыстарының өсуі, бұл ерекше телейалушылық сұранымының артуына жеткізеді, сойтіп тікелей баға белгілеуге өсер етеді. Тауарлар мен қызметке бағаның көтерілуіне байланысты ақшаның құнсыздануы бюджет шығыстарының көбеюіне соқтырады, ал оның кірістері, ең алдымен, салық түсімдері қажеттіліктен артта қалып қояды. Бұл сөзсіз болатын ұзақ уақытқа созылған тапшылыққа үрындырады.

Екінші фактор - табысқа (пайдаға) салынатын салықтың көбеюі. Салықтың едәуір бөлігі баға механизмі арқылы тұтынушыға ауысады және рыноктағы бағаның көтерілуінің басты себебі болады.

Үшінші фактор ~ бюджеттердің ұзақ уақытты тапшылықтары (өндірістік емес шығындардың неғүрлым өсуімен байланыс­ты).

Инфляция қаржы қатынастарын да өзгерістерге үшыратады. Біріншіден, инфляция тауарлар мен қызметтерге бағаның өсуі салдарынан мемлекет шығыстарының өсуін жандандырады.

Екіншіден, инфляция қаржы ресурстарын құнсыздандырады және салық түсімдерін арттырудың қажеттігін тудырады.

Үшіншіден, инфляциялық процесс мемлекеттің берешегі проблемаларын шиеленістіреді.

Сөйтіп, қаржы мен инфляция өзара тәуелді болып келеді қаржы инфляциялық процестердің тездеткіші бола алатыны сияқты, инфляция да қаржы қатынастарына өсер етеді. Ақшаның құнсыздануы және бағаның көтерілуі мемлекеттің шынайы кірістерін томендетуге, бюджеттің шығыстарын кебейтудің қажеттігіне, салық ауыртпалығының күшеюіне, мемлекеттік бюджет тапшылығынан болатын мемлекеттік борыштың өсуіне үрындырады. Инфляцияның жоғарғы қарқыны мемлекеттің қаржы ресурстарын құнсыздандырады, өйткені салықтық кірістер мен қарыздар оларды есептегеннен кейін уақыттың белгілі бір межелдемелері арқылы түседі, сондықтан мемлекеттің алу сәтінде олар құнсызданады. Осыған ұқсас мемлекеттік берешектің проблемасы шиеленіседі, өйткені қарыздарды тарту үшін мемлекет өзінің бағалы қағаздарының табыстылығын несиелік пайыз деңгейінен жоғары көтеруге мәжбүр болады, бұл мемлекеттік борыштың атаулы өсуін тудырады.

Қаржы қатынастары мен инфляциялық процестердің бір бағытты келеңсіз сипаты, бірін - бірі өзара толықтыра отырып, экономикалық жүйедегі келеңсіз нәтижелерге апарады. Мәселен, инфляция бірқатар әлеуметтік-экономикалық проблемаларды тудырады: ақшалай табыстардың құнсыздануы, ұзақ мерзімді инвестицияларға деген экономикалық ынтаның түсуі, ақшалай жинақтардың құнсыздануы, нақтылы пайыздың төмендеуі, экономикалық байланыстардың бүзылуы және т.б.

Темен инфляция немесе оның болмауы ұлттық шаруашылықтың түрлі деңгейлерінің қаржылық көрсеткіштерін жақсартатыны секілді ұқсас жағдайда қаржы қатынастарының оң бағыттылығы инфляция деңгейін төмендетеді.

Инфляцияны бағалау және өлшеу үшін багалар индексінің көрсеткіші - 16 пайдаланылады. Бағалар индексі тұтыну тауарлары мен қызметтердің ("нарық себеті") белгілі бір жиынтығының сатып алу бағасы мен базалық кезеңнің бағасы арасындағы арақатынасты өлшейді. Ағымдағы жылдың индексінің қарқыны былайша анықталады. Ағымдағы жылдың бағалары индексінен өткен жылдың бағалары индексі шегеріліп, өткен жылдың бағалары индексіне бәлінеді, сонан соң жүзге көбейтіледі:

Инфляция қарқыны = Т *100

Қазақстанда тұтыну тауарларының бағасы мен қызметтер көрсетудің тарифтері өткен жылға қарағанда былайша өсіп отырды 1990 - 1; 1992- 2,5; 1993- 30,6; 1994- 22,7; 1995-1,60; 1996-1,39; 1997-1,17; 1998- 1,07; 1999- 1,18; 2000- 1,13.

Дүниежүзілік практикада егер инфляцияның қарқыны жар­ты жыл ішінде және одан жағдайда көбірек айына 50 пайыз не­месе аптасына 11,5 пайыз құрса, онда мүндай деңгей әсіре инфляцияға сәйкес келеді. Сөйтіп, Қазақстанда бұл деңгей 1992 -1995 жж. ішінде айтарлықтай асып түсті.

Инфляциялық процестің қуаттылығын бағалауды және инфляцияның түрлерін мынандай критерийлер бойынша ажыратады:

бағалар өсуінің қарқыны бойынша:

баяу - баға жылына 10 пайыз өскенде; бұл кезде ақшаның номиналдық құны сақталады, кәсіпкерлік тәуекел болмайды;

өршімелі - баға 100 пайыз шегінде өскенде; ақшаның затталынуы өседі;

осіреинфляция - баға жүздеген пайызға оскенде; баға мен табыстардың арасындағы алшақтық үлғая бастайды;

бағалар өсуінің теңгерімділік дөрежесі бойынша:

теңдестірілген және теңдестірілмеген инфляция; теңдестірілген инфляция кезінде әртүрлі тауарлардың бағасы бір-біріне қатысты өзгерусіз қалады, теңдестірілмеген инфляция

кезінде - олардың бір-біріне ара қатысы өнбойы өзгеріп отырады, оның үстіне әртүрлі үйлесімде;

болжаулық ( болжап айтушылық ) дәрежесіне қарай:

күтілген, болжалды және күтілмеген;

шығу немесе пайда болу орнына қарай:

импортталынган және экспортталынган;

сондай-ақ дамудың әркелкілігімен сипатталатын сатылы, баға шамалы өскен немесе өзгерусіз қалған, бірақ тауар тапшылығы күшейген кездегі таңыртылған инфляцияны ажыратады.

Қаржы мен инфляцияның езара байланысын инфляцияның екі типі бойынша бақылап отыруға болады: сұраным инфляциясы (тұтынушылар инфляциясы) және шығындар инфляциясы (өндірушілер инфляциясы).

Бірінші жагдайда ол заңи және жеке тұлғалардың ақша массасының өсуімен байланысты өнімге, тауарларға және қызметтерге сұранымның есуінің салдары болып табылады.

Екінші жагдайда кәсіпорындардың еңбекке ақы толеуге, кредиттер бойынша пайыздық молшермелердің кобеюіне, тұтынатын шикізатқа, материалдарға баганың, қызметтер көрсетуге (тасымалдауға, электр қуатына, ақпаратқа және т.т.) тарифтердің есуіне жұмсалатын шығындардың кобеюі инфляцияны тудырады. Нақты экономикалық өмірде инфляцияның бұл түрлері және оларға ілеспелі салдарлар тығыз тоқайласады, өзін өзара толықтырады, бұл инфляциялық, шиыршық деп аталынатынды тудырады, бұл кезде өндірістің тұтылынатын компоненттері баға мен еңбекке ақы төлеудің есуі нөтижесінде шығындардың кобеюі шығарылатын өнім құнының артуына соқтырды, мүндай онімді тұтыну жалақының және экономиканың шектес секторларында материалдық шығындардың қосымша өсуін талап етеді және осылайша шексіздікке кете береді.

Нарықтық экономиканың механизмі - бәсеке мен тиімсіз кәсіпорындардың банкроттығы жеткіліксіз қалыптасқанда, ол өндірістің жеке салаларында ол жоқ болғанда инфляция дамиды.Еркін бәсеке жағдайында, мемлекет шығыстарын неме­се кредиттерді қысқарту жөніндегі шаралармен туындайтын сұранымның төмедеуі кезінде көсіпорын не өндірістің көлемін қыс-қартуға, не оның шығындарын төмендетуге мәжбүр болады. Макроэкономикалық деңгейде мұнымен қатар не іскерлік белсенділіктің құлдырауы, не бағалардың томендеуі болады. Алайда фирмалар, компаниялар жағдайдың жақсаруына үміттене отырып, рынокта түра алуға тырысады және бағалар мен өндіріс шығындарын төмендетуге мәжбүр болады. Процестің жаппай ауқымдағы әрекеті инфляцияның темендеуіне мүмкіндік жасайды.
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Похожие:

I. Қаржының экономикалық мәні және экономикалық өсудегі iconДиплом жұмысы тақырыбы: «Кәсіпкерлік теориясы: мазмұны, қағидалары және даму шарттары»
Кәсіпкерліктің теоретикалық-экономикалық мәні(кәсіпкерлік – ерекше экономикалық құбылыс)
I. Қаржының экономикалық мәні және экономикалық өсудегі iconҚазақстан республикасының білім және ғылым министірлігі
Экономикалық жүйе теориясының әдістемелік негіздері. Негізгі экономикалық жүйелер мен оларды дамыту заңдылықтары. Экономикалық жүйені...
I. Қаржының экономикалық мәні және экономикалық өсудегі iconБекітемін
«Экономикалық болжау» курсын оқу экономикалық болжаудын қағидалары, ұйымдастыруы, әдіснамасы, мәні туралы білімдерді студенттерге...
I. Қаржының экономикалық мәні және экономикалық өсудегі iconМемлекеттің кіріс жүйесіндегі кедендік төлемдерінің мәні, түрлері және алу ерекшеліктері
Ың бірінші тарауында кедендік төлемдердің экономикалық мәні, оның жанама салықтар жүйесіндегі ролі және кедендік алымдардың түрлері...
I. Қаржының экономикалық мәні және экономикалық өсудегі iconӘдістемелік нұсқаулық
Бұл пән студенттердің экономика, экономикалық даму және негізгі экономикалық ұғымдар, категориялар мен заңдар және экономикалық заңдылықтардың...
I. Қаржының экономикалық мәні және экономикалық өсудегі iconИсточник: ис параграф, 23. 04. 2010 11: 55: 16
Республикасының егемендігі мен экономикалық қауіпсіздігін қорғауға, Қазақстан экономикасының дүниежүзілік экономикалық қатынастар...
I. Қаржының экономикалық мәні және экономикалық өсудегі icon1 тақырып. Экономикалық теорияның қоғам дамуындағы орны мен ролі
Бұл пән студенттердің экономика, экономикалық даму және негізгі экономикалық ұғымдар, категориялар мен заңдар бойынша жүйелі көзқарасын...
I. Қаржының экономикалық мәні және экономикалық өсудегі iconЕлемесов Раушан Елемесұлы
Зерттеу облысы: Экономикалық зерттеу методологиясы, өтпелі кезеңдегі экономиканың мәселелері, халықаралық қаржының казіргі кездегі...
I. Қаржының экономикалық мәні және экономикалық өсудегі iconI Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын өндіруге және экспорттауға салынатын салықтардың экономикалық мәні
Кіріспе
I. Қаржының экономикалық мәні және экономикалық өсудегі iconЗаңды және жеке тұлғалардың әртүрлі көлік құралдары бойынша көлік құралдарына салынатын салықты есептеу және төлеу механизмі
Лік құралдары арасындағы экономикалық қатынасты реттейтін салық. Көлік құралдарын иелері көлік құралдарын иемдену барысында республиканың...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница