I. Қаржының экономикалық мәні және экономикалық өсудегі




НазваниеI. Қаржының экономикалық мәні және экономикалық өсудегі
страница4/9
Дата конвертации15.02.2016
Размер0.88 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.diplomkaz.kz/wp-content/uploads/2013/02/Дип.-ЭКОНОМИКАЛЫҚ-ӨСУДІ-ҚАМТАМАСЫЗ-ЕТУДЕГІ-ҚА
1   2   3   4   5   6   7   8   9

2.2. Қаржының негізі оның экономикалық өсуге әсері


Қоғамдық өнімді бөлу процесі өте күрделі, мұның барысында өндірісте жасалған құн шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында, ал олардың әрқайсысында мақсатты арналым бойынша бөлінеді. Осыған байланысты ол түрлі экономикалық категориялардың көмегімен жүзеге асады, бұлардың әрқайсысы ерекше, тек өзіне тән рөлдерді орындайды. Қаржы құндық бөлу процесіне қатыса отырып, баға, жалақы, кредит сияқты категориялармен өзара тығыз байланыста болады және өзара іс-қимыл жасайды. Бұл ақша категориялары ұдайы өндіріс цикліның басқа стадияларындағыдай сонымен бірге бөлгіштік процеске де қатысады. Алайда олардың қатысу өлшемі мен нысандары бірдей емес. Жеке экономикалық категориялардың ұдайы өндіріс процесінің түрлі стадияларында қатысу дәрежесі әр түрлі. Аталған категориялардың әрқайсысы тек оған төн әдістермен және тәсілдермен қоғамдық өнім мен ұлттық табысты бөлудің біркелкі процесіне қатыса отырып, бөлгіштік және басқа ұдайыөндірістік қатынастардың жүйесінде өзінің ерекше орнын алады.

Бага - жүртқа мөлім, тауар құнының ақшалай тұлғалануы. Ол еңбек өнімінің натуралдық-заттай нысанынан ақша нысанына кешуін және сатып алу-сату актілерінің негізінде оның бір иеден басқасына қозғалысын ортақтастыра отырып құндық бөліністің бастапқы категориясы ретінде көрінеді. Ұлттық табыс бөлінгенге дейін және қайта белінгенге дейін тауар сатылуы тиіс. Баға енім иесіне оны өткізуден түсетін ақшаның мөлшерін алдын ала анықтайды және одан әрі бөлінетін процестің алғашқы негізі болып саналады. Бөлініс процесінде еңбектің қоғамдық қажетті шығындарымен анықталатын құннан баганың ауытқуы пайда болуы мүмкін, мұның нөтижесінде бірқатар өндірушілерде көп құн, басқаларында аз құн өткізіледі. Мүндай жағдайда қайта бөлгіштік процеске өзінің әдістерімен қаржы араласады: ол құнның бір бөлігін (мысалы, акциздердің, экспортқа немесе импортқа салынатын салықтардың, кеден баждарының көмегімен) алады немесе құнның кем алынған бөлігін субвенциялар, бюджеттік немесе салалық қаржыландыру жолымен алып береді. Бағаның құннан ауытқуын мемлекет багалардың саясатын жүргізгенде реггелетін бағалар, әлеуметтік түрғыдағы төмен бағалар, жоғары сұраныммен анықталатын баға - монополиялық бағаларды әдейі белгілей алатынын есте үстаған жөн. Нарық жағдайында тауарлардың, қызметтер көрсетудің сұранымы мен ұсынымы қалыптастыратын еркін бағалар басым болады.


Алайда бағаның іс-әрекеті қорлардың тікелей жасалуын тудырмайды, ол тауар өндірісі мен айналысының тетігі болып көрінеді. Айырбас актісі дегеніміз бір мезгіндегі сату (біреу үшін) мен сатып алу (басқа үшін). Тауарларды баламасыз сату кезінде "т"-нің үлесі азаяды немесе көбейеді, ал баламасыз сатып алу кезінде жаңа тауардың "с" және "v" ауқымы мен үйлесімі өзгереді.

Қаржы көмегімен шаруашылық жоспарларымен және үйлесімдерімен белгіленген құн қозғалысының шарттарын ескере отырып бәлудің бағамен басталған процесі тузетіледі. Егер бағаның көмегімен өнімді өткізуден түсетін жалпы түсім-ақша қалыптасатын болса, қаржылық белу бұл түсім-ақшаны одан әрі белуге арналған мақсатты ақша қорлары бойынша бөлшектейді. Сөйтіп бөлудің қаржылық әдістері анағүрлым иілгіш келеді, олар бұл процестегі үлкен атаулы сипатты қамтамасыз етеді. Бөлу кенділігінің дәрежесі әр түрлі: егер баға құнның қоғамдық қажетті шығындардан ауытқуы немесе шығыңдардың жекедара шығындардан ауытқуы түріндегі оның тек бір белігін бөлетін болса, қаржы жалпы қоғамдық енімнің бүкіл құнын қайта беледі.

Қаржы бағамен негізі қаланған үйлесімдерді нақтылайды. Қаржылық бөлудің бағамен бөлуден айырмашылығы сол, бағамен бөлудің объектісі жалпы қоғамдық өнімнің тек бір бөлігінің болатындығы (бағаның құнан ауытқу бөлігі). Бағамен белуге қатысты каржылық белу қайталама болып табылады. Бағамен белу үлестірім бетінде байқалынбайды, ол түсім-ақшаның жалпы массасында жасырылған, ал қаржылық белу анық керініп түрады. Бағамен белу тек белініспен, ал қаржылық белу белініспен және қайта бөлініспен сипатталады.

Баға амортизациялық аударымдардың келемін анықтауда ерекшерел атқарады. Өндіріс құралдарының бастапқы және қолданыстағы бағаларының арасындағы алшақтық амортизациялық қордағы

елеулі ауытқұларға себепші болады. Өндіріске кепілдікке салынған (баламасыз сатып алуға қарай), құнның бағалық бүрмалануы баламасыз сату кезінде күшейеді және белу мен тұтыну стадияларындағы қайта белгіштік қатынастардың көбеюін тудырады.

Әсіреинфляция жағдайында Қазақстанда баға күшті есті және бағаның белгіштік функциясы күшейе түсті. Баға сонымен қатар тауарларға деген сұраным мен ұсынымды да реттейді, сейтіп, ұдайы еңдіріске, шығынның орнын толтыру қорының мелшері мен құрылымына, демек, табысқа да ықпал жасайды.

Қаржы еңбекке ақы төлеумен тыгыз байланысты. Бағаның ізінше қаржылық белудің ішінде жалақы жұмыс істей бастайды. Қаржы жалақы қоры мен еңбекке ақы телеудің басқа қорларының оқшаулануы үшін жағдайлар жасайды. Бұл категориялар жұмыс күшінің ұдайы ендіріс процесін ынталандырады. Материалдық ендіріс сферасында еңбекке ақы телеу қоры (жалақы қоры) қаржының кемегімен өнімді еткізуден түскен түсімақшадан белінеді. Бұл қор ендірілген енімнің келеміне қарай қалыптасуы мүмкін. Шаруашылық практикада табыс категориясын пайдаланған жағдайда еңбекке ақы телеу қоры қол жеткен қаржы нөтижелерімен тығыз байланысты үйлесімде қалыптасады.

Сырттай қарағанда еңбекке ақы телеу қорын анықтауға баға факторы тікелей қатыспайды деген пікір туады. Бірақ таза табысты белу арқылы оның әсері ақиқат керінеді. Нарықтық жүйеде бағаның еңбекке ақы телеу қорына әсері бүрынғыдан бетер арта түседі.

Ұлттық табысты белудің нәтижесі болып табылатын еңбекке ақы телеумен езара әрекеттесе отырып, қаржы оны салықтар, қарыздар және ақша ресурстарын жалпымемлекеттік қорға қаражаттарды жұмылдырудың басқа өдістері, зейнетақы, сақтандыру қорына теленетін жарналар арқылы ішінара қайта белуді қамтамасыз етеді.

Өндірістік емес сферада қызметкерлердің еңбекке ақы телеу қоры елеулі дәрежеде бюджет қаражаттары есебінен қалыптасатындықтан және тиісті бюджеттің қаржы мүмкіндіктерімен анықталатындықтан бұл сферадағы қаржы мен еңбекке ақы телеудің байланысы кернекі (айрықша) болады.

Барлық жағдайда экономикалық категория ретіндегі еңбекке ақы төлеу жасалған енімдегі әрбір қызметкердің үлесінің сәйкестігін, яғни қызметкердің болудегі қатысу шегін анықтайды, ал қаржы жалақы қорын немесе еңбекке ақы телеу женіндегі қорды қалыптастырады.

Еңбекке ақы төлеу тутыну стадиясында, яғни тауарлар мен қызметтерге ақы толеу арқылы пайдаланылады. Бір мезгінде оның белгілі бір бөлігі қаржылық әдістермен халықтың салықтарды, сактандыру жөніндегі жарналарды төлеуі түрінде; несиелік өдіспен - банктерге салынған салымдар, мемлекеттік қарыздардың облигациялары түрінде; акцияларды және басқа бағалы қағаздарды сатып-алу, лотереялар өткізу жолымен жұмылдырылады.

Жалақы мен қаржының іс-әрекет етуінің айырмашылығы:

1) қаржылық бөлудің шекарасы анағүрлым кең; жалақы тек еңбек шығындарын өтеуге қатысты;

2) қаржы құнның біржақты қозғалысына қатысады, ал жалақы оның ыңғайласпа қозғалысына - еңбек құнына және оның ақшалай өтемақысына қатысты.

Жалақы көмегімен v толық және т ішінара бөлінеді. қаржының көмегімен қорлардың жиынтығы, ал жалақының көмегімен жалақы қоры мен сыйлықақы қоры қалыптасады. Олар еңбекке ақы төлеу қорын құрайды. Жалақы - салық төлеудің негізі. Жалақының көзі қаржы ресурстары болып табылады, ал жалақы қоры оны үнемдеу кезінде өзі қаржы ресурстарының көзі бола бастайды. Сонымен бірге қарастырылып отырған категориялардың іс-қимыл сфералары мен іс-қимыл уәждері айтарлықтай ажыратылады. Қаржының іс-қимылы еңбекке ақы төлеуге қарағанда кеңірек, өйткені қаржы букіл қоғамдық өнімді, ал еңбекке ақы төлеу тек қажетті өнімді жоне қосымша өнімнің бір бөлігін бөледі. Еңбекке ақы төлеу өндірістің аса маңызды факторларының бірі - жұмыс кушінің іс-қимылымен байланысты, жұмсалынған еңбектің өтем-ақысының құралы қызметін атқарады, ал қаржы, бұдан басқа, өндіріс құралдарымен олардың тікелей қалыптасуы арқылы байла­нысты. Еңбекке ақы төлеу оның өнімділігін ынталандырады, ал қаржы қаржы механизмі арқылы оның дамуын жандандыра отырып, бүкіл қоғамдық өнімге ықпал етеді.

Қоғамдық өнім құнын белуге кредит те қатысады. Әрі қайта бөлгіштік процестер кредит қатынастарының сферасында ағылып жатады. Қаржыдағы сияқты кредит қатынастарында да шаруашылық жүргізуші субъектілерді, халықты, мемлекетті ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді несиелендіру мақсаттары үшін несиелік деп аталатын ақша қорлары қалыптасып, пайдаланылады.

Банктердің ресурстары қайта бөлу стадиясында қалыптасатыны белгілі, яғни кредит бүрын бөлінген құнды бөледі. Кредит қаржы ресурстарын толықтырады және үлғаймалы ұдайы өндіріс процесіне мүмкіндік тұғызады. Кредиттің көмегімен қаржы ре­сурстары шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың (үй шаруашьшығының) арасында қайта бөлінеді. Қаржы мен кредиттің арасында көптеген ортақ белгілер бар, бірақ негізгі белгі өндірістік

қорлардың (капиталдардың) толық айналымында екі категорияны кеңінен пайдалану болып табылады. Екі категория да қоғамдық шаруашылықта қаражаттардың қалыпты, үздіксіз ауыспалы айналымы үшін жағдайлар жасауға бейімделген. Бұл категориялардың материалдық сферадағы кешенді ықпал жасауының объектілері өндірістік капитал болып келеді. Қаржы және кердит күрделі жұмсалымдар мен айналым қаражаттарын қалыптастырудың көздері болып табылады. Бірге үйлесе отырып, олар кәсіпорындардың ақша қорларының айналымын үлғаймалы негізде қамтамасыз етеді. Қаржылық әдіспен әдетте шаруашылық органдардың ақшаға деген түрақты қажеттіліктері, несиелік әдіспен олардың уақытша мұқтаждары қанағаттандырылады. Келешекте күрделі жұмсалымдардың көзі ретінде кредит ресурстарының рөлі артатын болады.

Сонымен қатар қаралып отырған категориялардың арасында белгілі бір айырмашылықтар да бар. Егер қаржы қоғамдық өнімді бөлетін және қайта бөлетін болса, несие қаржы бастаған бөлуді жалғастыра отырып тек қайта бөлуге қатысады. Несиенің объектісі осы мезетте уақытша бос болып келетін құнның бір болігі болып табылады, бұл ақшаны қажетсініп отырған шаруашылық органдары мен халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін құнды несие қорына шоғырландыруға мүмкіндік береді. Жинақталған ақша қаражаттарын пайдалану өдісі айтарлықтай айырмашылық болып табылады: қаржыландыру қаражаттарды отеусіз және мерзімсіз тәртіппен бағыттауды шамаласа, несиелендіру қайтарымдылық, мезгілдік, ақылық жағдайларында жүргізіледі; кредиттің аса маңызды қағидаты - берілетін кредиттердің материалдық қамтамасыздығы.

Қаржы және сақтандырудың езара байланысы мен өзара іс-қимылы да оте шектеулі; бұл мәселелер 18 тарауда толық қаралған.

Қаржы есеп-қисаптармен және есеп айырысу жуйесімен өте тығыз байланысты, ойткені олардың іс-әрекет етуі жекелеген шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы өзара есеп айырысуға негізделген. Есеп-қисаптар экономикалық категориялар емес, олар - аталған категорияларды іске асырудың құралы. Бұл жерде ақшаның айналыс құралы және толем құралы ретіндегі функциясы пайдаланылады. Қаржылық операциялардың уақтылы жасалуы, мақсатты қорлардың қалыптасуы, қаржы ресурстарының қажетті бағыттар бойынша кедергісіз қозғалуы есеп-қисаптардың айқындығына, жолға қойылғаңцығына байланысты болып келеді. Ақшалай есеп-қисаптар коммерциялық есеп пен өзін-өзі қаржыландыруды жүзеге асырудың маңызды буыны болып табылады. Олардың қалыпты жұмыс істеуі ұдайы өндіріс пен құндық экономикалық категориялардың - бағаның, қаржының, кредиттің, еңбекке ақы төлеудің іс-қимылының өте қажетті шарты болып табылады.

Экономикалық категориялардың өзара іс-қимылы туралы қаралған негізгі қағидалары оларды ұдайы өндірісті басқарудың практикасында, оны жүзеге асырудың барысын бақылауда және оның тиімділігін ынталандыруда пайдалануға келісілген, езара үйлесілген тәсілдемені қажет етеді.
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Похожие:

I. Қаржының экономикалық мәні және экономикалық өсудегі iconДиплом жұмысы тақырыбы: «Кәсіпкерлік теориясы: мазмұны, қағидалары және даму шарттары»
Кәсіпкерліктің теоретикалық-экономикалық мәні(кәсіпкерлік – ерекше экономикалық құбылыс)
I. Қаржының экономикалық мәні және экономикалық өсудегі iconҚазақстан республикасының білім және ғылым министірлігі
Экономикалық жүйе теориясының әдістемелік негіздері. Негізгі экономикалық жүйелер мен оларды дамыту заңдылықтары. Экономикалық жүйені...
I. Қаржының экономикалық мәні және экономикалық өсудегі iconБекітемін
«Экономикалық болжау» курсын оқу экономикалық болжаудын қағидалары, ұйымдастыруы, әдіснамасы, мәні туралы білімдерді студенттерге...
I. Қаржының экономикалық мәні және экономикалық өсудегі iconМемлекеттің кіріс жүйесіндегі кедендік төлемдерінің мәні, түрлері және алу ерекшеліктері
Ың бірінші тарауында кедендік төлемдердің экономикалық мәні, оның жанама салықтар жүйесіндегі ролі және кедендік алымдардың түрлері...
I. Қаржының экономикалық мәні және экономикалық өсудегі iconӘдістемелік нұсқаулық
Бұл пән студенттердің экономика, экономикалық даму және негізгі экономикалық ұғымдар, категориялар мен заңдар және экономикалық заңдылықтардың...
I. Қаржының экономикалық мәні және экономикалық өсудегі iconИсточник: ис параграф, 23. 04. 2010 11: 55: 16
Республикасының егемендігі мен экономикалық қауіпсіздігін қорғауға, Қазақстан экономикасының дүниежүзілік экономикалық қатынастар...
I. Қаржының экономикалық мәні және экономикалық өсудегі icon1 тақырып. Экономикалық теорияның қоғам дамуындағы орны мен ролі
Бұл пән студенттердің экономика, экономикалық даму және негізгі экономикалық ұғымдар, категориялар мен заңдар бойынша жүйелі көзқарасын...
I. Қаржының экономикалық мәні және экономикалық өсудегі iconЕлемесов Раушан Елемесұлы
Зерттеу облысы: Экономикалық зерттеу методологиясы, өтпелі кезеңдегі экономиканың мәселелері, халықаралық қаржының казіргі кездегі...
I. Қаржының экономикалық мәні және экономикалық өсудегі iconI Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын өндіруге және экспорттауға салынатын салықтардың экономикалық мәні
Кіріспе
I. Қаржының экономикалық мәні және экономикалық өсудегі iconЗаңды және жеке тұлғалардың әртүрлі көлік құралдары бойынша көлік құралдарына салынатын салықты есептеу және төлеу механизмі
Лік құралдары арасындағы экономикалық қатынасты реттейтін салық. Көлік құралдарын иелері көлік құралдарын иемдену барысында республиканың...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница