I. Қаржының экономикалық мәні және экономикалық өсудегі




НазваниеI. Қаржының экономикалық мәні және экономикалық өсудегі
страница3/9
Дата конвертации15.02.2016
Размер0.88 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.diplomkaz.kz/wp-content/uploads/2013/02/Дип.-ЭКОНОМИКАЛЫҚ-ӨСУДІ-ҚАМТАМАСЫЗ-ЕТУДЕГІ-ҚА
1   2   3   4   5   6   7   8   9

2.1. Экономикалық өсу: әдістерімен ұлттық экономикалық қырлымы


Экономикалық өсу коғамды дамыту мен әлеуметтік мәселелерді шешуде маңызды бола отырып, бірнеше жүз жылдар бойы зерттелуде. Кез келген мемлекет өз халкының тұрмыс-жағдайын, ел-ауқатын жақсартуға және ұлттық кауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті. Ал бұл міндетті атқару үшін ұлттық экономиканың, халық шаруашылығының әлеуметтік-экономикалық дамуына қол жеткізу қажет.

Қазақстан Республикасынын Президентінің «Қазақстан-2030» Бағдарламасында Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуында тұрақты экономикалық өсуге, халықтың өмір сүру деңгейін, әл-аукат жағдайын көтеруге, жоғары индустриалды коғамды қалыптастыруға қол жеткізу мақсаттары көрсетілген. Жоғары индустриалды қоғам жаңа технологиялармен, өмір сүрдің жоғары денгейімен және сапасымен, халықтың әлеуметтік топтары арасындағы кайшылықтардың женілдеуімен сипатталады. Сондай-ақ, меншік қатынастары, экономикалық өсудің әлеуметтік және экономикалық факторлары арасындағы арақатынас өзгереді, адам капиталының рөлі жоғарлайды. Басқаша айтсақ, бағдарламада көрсетілгендей жоғары индус­триалды сатыға өту үшін ұзақ мерзімді экономикалық дамуды қамтамасыз ету қажет.

Экономикалық өсудің негізгі мақсаты болып халықтың материалдық әл-ауқатын көтеру және ұлттық кауіпсіздікті қамтамасыз ету табылады. Материалдық әл-ауқатты көтеру экономикалық өсудің басты мақсаты ретінде келесі негізгі құраушылармен нақтыл андырылады:

1. Халықтың орташа жан басына шаққандағы табысы. Бұл мақсатқа кол жеткізу жан басына шакқандағы ұлттық табыстың (ҰТ) өсу қарқынынан көрінеді.

2. Бос уақытты көбейту. Бұл мақсат елдің нақты ЖҰӨ немесе ҰТ көрсеткіштерінде көрінбейді, бірақ қажетті игіліктін бірі болып табылады. Сондықтанда бұл мақсатты бағалау кезінде жұмыс күнінін немесе аптаның белгілі бір қарастырылып отырған уақытта кысқаруын, қызметкерлердің еңбек қызметтің ұзактығын ескеру қажет.

3. Халықтың түрлі әлеуметтік топтары арасында ҰТ-ң бөлінуін жақсарту. Егер нақты ҰТ өсіп, дұрыс бөлінбесе, онда экономикалық өсу халықтың көпшілік бөлігі үшін тиімсіз болар еді, себебі олардың әл-аукаты бір қалпында қалады немесе одан да нашарлай түседі. Сондықтанда экономикалық даму процесінде әлеуметтік қорғау қағидасы ұсталуы керек.

4. Өндірілетін тауарлар мен қызметтердің сапасын жақсарту және әртүрлендіру. Бұл көрсеткіштер нақты ҰТ-ға тікелей көрініс алмайды. Бірақ жоғары сапалы және дифференцияцияланған тауарлар тұтынушылық қажеттіліктердің қанағаттандырылу деңгейін жоғарлатады, ол өз кезегінде тауарлар мен қызметтерге шығыстауды көбейтеді, ал олардың жиынтық мөлшері өндірілген ҰТ көлемін сипаттайды.

Жоғарыда көрсетілген экономикалық өсу мақсаттарына жетуде халық шаруашылығының өнеркәсіптік өндіріс салаларынын тиімді қызмет етуін арттыру қажет. Қазіргі кезде өндірістің тиімділігін арттырып, экономикалық өсуге жетудегі маңызды фактор - ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін игеру, тиімді пайдалану. Техникалық прогресс экономикалық өсудің маңызды козғаушысы болып табылады, мысалы, АҚШ-та ол нақты ұлттык табыстың өсімінің үштен бір бөлігін анықтайды. Техникалық прогресс өз құрамына өндірістің жаңа әдістерін ғана емес, сонымен қатар өндірісті басқару мен ұйымдастырудын жаңа формаларын да қосады. Тәжірибеде техникалық прогресс пен инвес­тиция тығыз байланысты, техникалық прогресс үнемі инвестиция тартады. Техникалық прогреспен қатар экономикалық өсуге әсер ететін факторларды да атап өтуге болады: табиғи ресурс, еңбек ресурсы, мемлекеттің саясаты, елдегі әлеуметтік, мәдени және саяси атмосфера, ЖҰӨ-ң абсолютті және салыстырмалы үлесінің өзгеруі; инфляция қарқыны мен жұмыссыздық денгейі; экспорт-импорт арақатынасы.

Көрсетілгендерді Батыс экономистерінің М.П. Тодаро мен С.Кузнецтің дамыған елдерге тән экономикалық өсуге берген сипаттамаларынан да көруге болады: халықтың жоғарғы өсу қарқыны, халықтың жан басына шаккандағы табысының өсуі, ЖҰӨ-ң өсуі, халықтың қажеттіліктерін толық қанағаттандыру, өндіріс факторларынын өнімділігінің өсуі, техникалық прогресс, т.б.

Қазіргі кезде «экономикалық өсу сапасы» деген ұғым кездеседі. Ол халықтың материалдық әл-ауқатын жақсарту, тұлғаның үйлесімді дамуының негізі ретінде бос уақытты көбейту, әлеуметтік инфрақұрылым салаларын дамыту, адам капиталына инвестиция бөлу, жұмыссыздарды еңбекпен қамту сияқты негізі құраушылармен сипатталады. Осыдан жоғары индустриалды қоғам болу үшін, алдымен адам капиталын, адамның өмір сүру деңгейін жақсарту, яғни адам манызының күнен күнге артуын байқауға болады. Сондай-ақ эконо­микалық теорияда «экономикалық өсу сапасы» әлеуметтік бағыттылықпен байланысты айтылады.

Экономикалық өсу сапасының негізгі құраушылары төмендегілер:

  • халықтың материалдық әл-ауқатын жақсарту;

  • тұлғаның үйлесімді дамуының негізі ретінде бос уақытты көбейту;

  • әлеуметтік инфрақұрылым салаларынын даму деңгейін көтеру;

  • адам капиталына инвестицияны өсіру;

  • адамдардын өмірі мен еңбек етуінің қауіпсіздік жағдайын қамтамасыз ету;

  • жұмыссыздар мен жұмысқа қабілетсіздерді әлеуметтік қорғау;

  • еңбек рыногында ұсыныс көлемінің артуына сәйкес толық еңбекпен қамтылуы.

Сонымен, экономикалық өсу - коғамдық өндірістің есуі және сапалы түрде жетілдірілуі, нақты ұлттық табыстың, нақты ЖІӨ-ң артуы кезіндегі ұлттық шаруашылықтың дамуы. Ал қазіргі экономикалық өсуге келсек, ол өндірістің ұзак мерзімді өсу қаркынының халық санының өсу қарқынан тұрақты түрде артуы кезіндегі экономикалық даму. Қазіргі экономикалық өсуге тән белгілер; жан басына шаққандағы ЖІӨ өседі, жоғары дамыған елдерде ол - 25000$; халықтың білім деңгейі жоғарлайды; аграрлық сектор үлесі азаяды; урбанизация процесі жүреді; ЖІӨ-нің экспорт үлесі еседі; ЖІӨ-гі жинақ үлесі біртіндеп өсе бастайды; экономика мен әлеуметтік-саяси даму арасында тығыз байланыс туындайды (демо­кратизация процесі).

Экономикалық өсудің кез-келген түрі, мейлі ол өндіріс масштабын ұлғайту немесе оның сапалы сипаттамаларын жанарту болсын, қосымша инвестицияны талап ету мүмкіндігі экономикалық өсудің негізгі қозғаушысы мен реттеушісі болып табылады. Инвестицияны рационалды орналастыру және оның тиімділігін көтеру экономикалық өсуді тездетеді. Л. Бальцерович бойынша экономикалық даму қарқынын анықтайтын факторлар төрт топқа бөлінеді:

  • Экономиканың дамуының бастапқы деңгейі: (мысалы, жан басына шапқандағы табыспен өлшенетін);

  • Адам капиталы, яғни халықтың білім деңгейі;

  • Шаруашылық жүргізудің ішкі шарттары, яғни экономикалық кұрылыс;

  • Шаруашылық жүргізудің сыртқы шарттары яғни әлемдік экономика конъюнктурасы.

Нобель сыйлығының лауреаты Сайман Куз­нец әлемнің дамыған елдеріне тән экономи­калық өсудің 6 сипатын көрсетеді:

1) Халықтың жоғарғы өсу каркыны;

2) Халықтың жан басына шаққандағы табысының жоғары өсу каркыны;

3) Өндіріс факторларының өнімділігінің өсуінің жоғарғы қарқыны.

4) Қоғамның әлеуметтік және идеологиялық өзгерістері.

5) Басқа шет елдерден өткізу рыногын және шикізат көздерін табу кабілеттілігі.

6) Дүниежүзі халқының бестен бір бөлігіне тән экономикалық өсу нәтижесін қамту.

Жалпы экономикалық өсудің түрлі модельдері (неоклассикалық, кейнсиандық, неокейнсиандық, институционалдық) бар екендігі белгілі. Неоклассикалық модельдің зерттеу объектісі экономикалық өсу факторлары, яғни еңбек, капитал, ресурстар, ҒТП, уақыт, экологиялық, ақпараттық фактор, адам капиталы болып табылады. Ал, Кейнстік бағытты жақтаушылар теориясында өсу әлеуметтік-экономикалық алғышарттардың кешеніне әсер етпейтін, тек техникоэкономикалық параметрлердің өзгерісі деп дәлелденген. Ол ең алдымен сапалық емес, сандық құбылыс ретінде қарастырылады. Кейнстік және неокейнстік бағыт экономикалық өсудің алғышарттарын жасайды, яғни дағдырыстан қалай шығу керек, дамушы елдердің жүргізетін саясаттарын қарастырады.

У.А.Льюис экономика секторларын өнеркәсіп және ауылшаруашылығына бөле отырып, негізгі екі: 1) қорлану, яғни жинактарды инвестицияға айналдыру; 2) жұмыспен қамту, яғни жұмыс күші артық сферадан еңбекке қажеттілігі жоғары сфераға еңбекті ауыстыру мәселелері шешілуі тиіс деп көрсетеді. Сонымен, Льюистің жанартуы секторлар арасындағы материалдық және еңбек ресурстарын қайта бөлу тәсілі болып табылады, яғни өнімділігі төмен секторды қыскарту және енімділігі жоғары секторды өсіру. Бұл концепцияда ҒТП мүмкіншіліктері қарастырылмайды. Сондықтан қай ел капиталды және еңбекті көп қажет ететін өндіріс түрлерін оптималды жүзеге асыратын болса, сол ел жоғары тиімділікке жетеді.

Неоклассикалық және неокейнсиандық модельдердің өзара айырмашылығына қарамастан, олар ұқсас методологияға негізделген. Институцияналдықтың олардан өзгешелігі сапалық басқа теориялық негіздерге сүйенеді. Дамушы елдердің әлеуметтік-экономикалық пікіріне швед ғалымы Гуннар Мюрдальдын (1898-1987) еңбегі елеулі эсер етті. Ол батыстың «үшінші әлемді» талдау бағытын сынға алды. Өйткені, олардың методологиясын, нәтижесін, дамыған елдердің жобасын дамушы едерге көшіре салу қате деп санады. Іс жүзінде экономикалық анклавты типті - европалық өнеркәсіптің тар секторын кұру болса, терең алғанда ішкі емес, сыртқы рынокпен байланысты европалық типтес экономика құруға ұмтылады.

Бірқатар зерттеушілер артта қалушылықты институционалды шарттармен байланыстырады, соның ішінде, ұлттық білім беру мен кәсіби даярлау жүйесінің дамымағандығы. Шынында да, артта қалған экономика ұлттық білім беруге, кәсіби даярлауға және кадрларды қайта даярлауға жеткілікті қаржы бөле алмайды. Жалпы және арнайы білім беру жүйесінің дамымағандығы білікті мамандардың төменгі деңгейін сипаттайды. Ол өз кезегінде еңбек өнімділігінің деңгейіне кері әсер етеді, оның әлсіз өсу қарқыны экономиканың артта қалуынын басты себебі болып табылады.

Қазақстанның тұрақты даму жағдайына келер болсақ, Республикамыз табиғи ресурстарға бай ел болғандықтан, экономикалық өсу негізінен шикізатты экспорттау, яғни әлемдік рынокта мұнай, газ, уран және әртүрлі металдарды өткізу есебінен болады. Қазақстанның моношикізатты бағыттағы ел болып қалмауы үшін жеңіл және тамак өнеркәсібін, инфрақұрылымды, мұнай және газ өңдеуді, химия және машина жасау салаларын, қызмет сферасын, туризмді, өндірісті дамыту қажет.

Ел Президентінің 2004 жылға арналған үндеуінде экономикалық және әлеуметтік саясаттың, қоғамды одан әрі демократияландыру мен мемлекеттік басқару тиімділігін артырудың, мәдениет, білім беру мен руханият салаларын дамытудың негізгі бағыттары баяндалған. Үндеуде Қазақстаннын экономикалық өсуінің жоғарғы қарқынын қамтамасыз ететін серпінді дамып келе жатқан отын-энергетика, метал­лургия, химия кешендері бар екендігі айтылды. Сонымен бірге экономикалық теңдестірмелігін қамтамасыз ету, өндеуші өнеркәсіпті, жоғары технологиялы және ғылыми қамтымды өндірістерді, өндірістік инфрақұрылымды және агроөнеркәсіп секторын ілгерлете дамыту жөніндегі маңызды міндеттер тұрғандығы баса айтылады.

2003-2005 жылдарда ауылды өркендету кезеңінің жариялануына сәйкес, «Ауылдық аймақтарды дамытудың мемлекеттік бағдарламасының» мақсаты - ауылдың әлеуметтік дамуын жеделдету және жұртты тоқыраулы әрі экологиялық және экономикалық жағынан келешегі күмәнді ауылдық аумақтардан көшіруге және еңбекке орналастыруға жәрдем көрсету болып табылады. 2004-2005 жылдар ауыл экономикасына 150 млрд тенгеден аса қаражат жұмсау жоспарланған. Алдағы екі жылда денсаулық сактау мұқтаждықтарына қосымша 30 млрд тенге, сонымен бірге 2003-2005 жылдары ауылдағы білім беру мен денсаулық сақтау ісіне, ауылды сумен жабдықтау объектілеріне инвестицияға мемлекеттік бюджеттен 15 млрд тенге бөлу жоспарланды.

2005 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативті жоспары бойынша, жаңа жұмыс орындарын құру мен еңбекпен қамтылуды жоғарлатудын приоритета бағыттары - өңдеуші өнеркәсіп салалары: жеңіл, тамақ, машина жасау, минералды тынайтқыштар өндірісі, сонымен қатар ауылшаруашылығын дамуымен тікелей байланысты салалар (ауыл шаруашылығы техникасының өндірісін ұйымдастыру, т.б.) болып табылады. ЖІӨ-ң өсуін, халықтың экономикалық белсенді бөлігінің және еңбекпен қамтылу денгейінің артуын есепке ала отырып, бес жылды бағалау бойынша (2000-2005) нақты жалақы өсімі 1,2-1,25 есені нақты табыс 1,5-1,6 есені құрайды.

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы үшін отын - энергетикалық кешен ұлттық экономиканың басқа салалары мен сфералары шоғырланатын негізгі сала болып табылады. Мысалы, отын-энергетикалық кешені қара және түсті металлургия өндірісімен, ауыл шаруашылық сферасымен т.б. байланысты. Қазақстанның ұлттық экономикалық тұрақтылығын көтерудегі өмірлік қажетті тауарлардың импорттан тәуелділігін қыскартуға көңіл бөлген дұрыс.
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Похожие:

I. Қаржының экономикалық мәні және экономикалық өсудегі iconДиплом жұмысы тақырыбы: «Кәсіпкерлік теориясы: мазмұны, қағидалары және даму шарттары»
Кәсіпкерліктің теоретикалық-экономикалық мәні(кәсіпкерлік – ерекше экономикалық құбылыс)
I. Қаржының экономикалық мәні және экономикалық өсудегі iconҚазақстан республикасының білім және ғылым министірлігі
Экономикалық жүйе теориясының әдістемелік негіздері. Негізгі экономикалық жүйелер мен оларды дамыту заңдылықтары. Экономикалық жүйені...
I. Қаржының экономикалық мәні және экономикалық өсудегі iconБекітемін
«Экономикалық болжау» курсын оқу экономикалық болжаудын қағидалары, ұйымдастыруы, әдіснамасы, мәні туралы білімдерді студенттерге...
I. Қаржының экономикалық мәні және экономикалық өсудегі iconМемлекеттің кіріс жүйесіндегі кедендік төлемдерінің мәні, түрлері және алу ерекшеліктері
Ың бірінші тарауында кедендік төлемдердің экономикалық мәні, оның жанама салықтар жүйесіндегі ролі және кедендік алымдардың түрлері...
I. Қаржының экономикалық мәні және экономикалық өсудегі iconӘдістемелік нұсқаулық
Бұл пән студенттердің экономика, экономикалық даму және негізгі экономикалық ұғымдар, категориялар мен заңдар және экономикалық заңдылықтардың...
I. Қаржының экономикалық мәні және экономикалық өсудегі iconИсточник: ис параграф, 23. 04. 2010 11: 55: 16
Республикасының егемендігі мен экономикалық қауіпсіздігін қорғауға, Қазақстан экономикасының дүниежүзілік экономикалық қатынастар...
I. Қаржының экономикалық мәні және экономикалық өсудегі icon1 тақырып. Экономикалық теорияның қоғам дамуындағы орны мен ролі
Бұл пән студенттердің экономика, экономикалық даму және негізгі экономикалық ұғымдар, категориялар мен заңдар бойынша жүйелі көзқарасын...
I. Қаржының экономикалық мәні және экономикалық өсудегі iconЕлемесов Раушан Елемесұлы
Зерттеу облысы: Экономикалық зерттеу методологиясы, өтпелі кезеңдегі экономиканың мәселелері, халықаралық қаржының казіргі кездегі...
I. Қаржының экономикалық мәні және экономикалық өсудегі iconI Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын өндіруге және экспорттауға салынатын салықтардың экономикалық мәні
Кіріспе
I. Қаржының экономикалық мәні және экономикалық өсудегі iconЗаңды және жеке тұлғалардың әртүрлі көлік құралдары бойынша көлік құралдарына салынатын салықты есептеу және төлеу механизмі
Лік құралдары арасындағы экономикалық қатынасты реттейтін салық. Көлік құралдарын иелері көлік құралдарын иемдену барысында республиканың...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница