I. Қаржының экономикалық мәні және экономикалық өсудегі




НазваниеI. Қаржының экономикалық мәні және экономикалық өсудегі
страница2/9
Дата конвертации15.02.2016
Размер0.88 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.diplomkaz.kz/wp-content/uploads/2013/02/Дип.-ЭКОНОМИКАЛЫҚ-ӨСУДІ-ҚАМТАМАСЫЗ-ЕТУДЕГІ-ҚА
1   2   3   4   5   6   7   8   9

1.2. Қаржының функциялары мен экономикадағы рөлі


Қаржының мөні, іс-әрекет механизмі және рөлі оның функцияларынан айқын көрінеді. Қаржының мәнін толық ашу оның ұғымы мен қажеттігін ғана емес, сонымен бірге қаржыныд қоғамдық арналымын, яғни оның функцияларын анықтауды да талап етеді.

Қаржыға қатысты функция осы экономикалық категорияға төн қызмет тобын, моннің іс-қимылдағы көрінісін, сапаның әзіне тон категориялары кескінінің айрықшалықты әдістерін білдіреді. Функцияда категорияның қоғамдық арналымы қамгып көрсетіледі, оның экономикалық табиғаты ашылады.

Қаржы басқа тым жалпы категориядан - ақшадан туындайтын айрықшалықты экономикалық категория болып табылатындықтан және бұл экономикалық категорияның іс-қимылының шегін сызып қоюдың мүмкін еместігіне, оның қоғамдық, саяси және экономикалық омірдің барлық сферасына терең дендеп енуіне бай­ланысты қаржы функциясы туралы мәселе ғалым-теоретиктер арасында осы күнге дейін пікірталас тудыруда.

Қазіргі уақытта қаржының бөлгіштік және ұдайыөндірістік тәрізді екі тұжырымдамасы танылып отыр. Бірінші тұжырымдаманың жақтаушылары қаржы қоғамдық өндірістің екінші стадиясында - ақша нысанындағы қоғамдық өнімнің құнын бөлу процесінде пайда болады. қаржының бөлгіштік сипаты оның іс-әрекет етуінің ерекшелігін көрсетеді деп санайды. Бұл тұжырымдамаға сәйкес қаржы екі функция орындайды: болу және бақылау.

Бөлгіштік қатынастардың ерекше сферасы ретінде қаржының мөні ең алдымен бөлгіштік функцияның көмегі арқылы көрінеді. Тап осы функция арқылы қаржының қоғамдық арналымы - шаруашылық жүргізудің әрбір субъектісін оған қажет арнаулы мақсатты ақша қорлары нысанында пайдаланылатын қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету жүзеге асырьшады.

Жалпы қоғамдық онімнің құны (оның ақша нысанында), со­нымен бірге ақша нысанында тұлғаланатын ұлттық байлықтың бір болігі қаржының бөлгіштік функциясының іс-әрекетінің объектілері болып табылады.

Қарамағында мақсатты арналымның қорлары қалыптасатын ұдайы өндірістік процестің қатысушылары болып табылатын заңи және жеке тұлғалар (мемлекет, кәсіпорындар, бірлестіктер, мекемелер, азаматтар) қаржылық болуде субъектілер болып келеді.

Қаржының комегімен бөлгіштік процесс қоғамдық омірдің барлық сфераларында - материалдық өндірісте, айналыс және тұтыну сфераларында отеді. Болудің қаржылық әдістері экономиканы басқарудың түрлі деңгейлерін: жалпыұлттық, аумақтық, жергілікті деңгейлерді қамтиды. Қаржылық болініске бөлінудің әр түрлі түрлерін - ішкішаруашылық, ішкісалалық, салааралық, аумақаралық бөліністі тудыратын копсатылық тән.

Бөлу функциясы қаржы құралдарын қоғамдық жалпы өнім мен оның аса маңызды болігі - ұлттық табысты, сондай-ақ ұлттық байлықтың бір болігін (мысалы, айналым қаражаттарын, мемлекеттік мүлікті сату операцияларын шығарып тастағанда) болу және қайта болу процесінде пайдаланған кезде көрінеді. Бұл функцияны қаржы онімді оздігінше боле береді деген мағынада емес, қаржы тек жасалған өнімді болуді ғана ортақтастырып, жүзеге асырады деп түсіну керек. Былай деп айтқан дүрыс: онімнің натуралдық-заттай құрамын болу ақша қорларын болу арқылы жасалады. Мемлекет, кәсіпорын, фирма және халық арасында ақша қорларын (табыстар мен қорланымдарды) болуге сәйкес жасалған натуралдық онім де болінеді.

Қаржының бөлгіштік функциясының іс-әрекеті оның мәнінен: жиынтық қоғамдық онімді, ұлттық табысты және таза табысты болумен және қайта болумен байланысты қатынастарды қамтамасыз етуден; табыстар мен қорланымдарды қалыптастырудан; ақша қорларын жасаудан туындайды.

Қоғамдық онімді белу алғашқы және кейінгі, немесе қайта болу болып ажыратылады.

Алғашқы бөлу кезінде жиынтық қоғамдық онімнің жалпы көлемінен орнын толтыру (отеу) қоры (материалдық шығындар мен амортизациялық аударымдар) шығарып тасталады және жаңадан жасалған құн - ұлттық табысты бөлудің нәтижесінде мемлекеттің, өндірістік сфераның (шаруашылық жүргізуші субъектілердің) және халықтың алғашқы табыстары қалыптасады, олар бөлудің және қайта бөлудің күрделі процестеріне үшырайды, бұл процестерде маңызды рөлді қаржы атқарады. Қоғамдық өнім мен ұлттық табысты алғашқы бөлу кезінде қаржы еңбекке ақы төлеу және баға сияқты экономикалық категорияларымен тығыз байланыста дамиды.

Қайта бөлу салалық, сондай-ақ аумақтық түрғыдағы шаруашылық жүргізуші субъектілер бойынша қоғамдық өнімді мүшелеудің сан алуан процесін қамтиды. Мұның нәтижесінде натуралдық - заттай нысандағы өнімді түпкілікті тұтынуды қамтамасыз ету үшін ұдайы өндіріс қатысушыларының ақшаға деген әр түрлі қажеттіліктері қанағаттандырылып отырады. Бұл орайда қатысушылардың бәрінің табыстары басқалардың шығыстары есебінен қалыптасады және ұлттық табыс қорлану қоры мен тұтыну қорына ие болады. Бірінші жагдайда қаражаттар өндірісті кеңейту үшін немесе материалдық сфера капиталынан, өлеуметтік инфрақұрылымның өндірістік емес қорларынан болатын өндірістік қорлардың (капиталдың) өсімі үшін, резервтер мен сақтық қорларын жасау үшін пайдаланылады. Тұтыну қорын бүкіл халықтың оның ұдайы толықтырылуы үшін пайдаланылатын түпкілікті табыстарын, өлеуметтік сфераның мекемелерін үстауға, ғылымға, мәдениетке, басқаруға, елдің қорғанысына арналған ресурстар құрайды.

Қаржы кемегімен ұлттық табысты белу және қайта белу екі әдіспен жүзеге асырылады:

қаржылық - бюджеттік одіс. Ол бюджетке табыстарды алғанда және бюджеттен қаражаттарды қайтарусыз тәртіппен бергенде қолданылады;

несиелік - банктік әдіс. Ол уақытша бос қаржы ресурстарын жұмылдыруды және қайтарымдылық негізде кредиттер беруді білдіреді.

Қоғамдық өнімді құндық бөлудің процесі мемлекет белгілеген қаржы құралдарының - нормалардың, мелшерлемелердің, тарифтердің, аударымдардың және т.б. көмегімен жүзеге асырылуы мүмкін.

Ұлттық табысты қаржы көмегімен қайта бөлудің негізгі максаттары мыналар болып табылады:

ендірістік емес саланы қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету; бұл салада ұлттық табыс жасалмайтыны белгілі;

елдің жеке экономикалық аймақтары арасында қаржы ре­сурстарын мақсатты бөлу;

қаржы ресурстарын маңызы зор прогрессивті салалардың айырықша дамуын қамтамасыз ететін басым түрде салааралық бөлу;

қаржы ресурстарын үтымды түрде сала ішінде бөлу, ол кәсіпорындардың әр түрлірентабелділігімен және күрделі жұмсалымдардың құбылмалы тиімділігімен ынталандырылып отырады.

Сөйтіп, ұлттық табысты қаржы көмегімен бөлу және қайта бөлу қоғам мен кәсіпорынның, фирманың материал және ақша ресурстарының ұдайы өндірістегі қажетті мелшерлестігін қамтамасыз етеді.

Қаржының қоғамдық өнімді бөлу және қайта белу процесіне қатысуы бірдей емес. Алғашқы бөлу кезінде, жоғарыда атап өтілгендей, қаржы басқа экономикалық категориялармен - бағамен, еңбекақымен өзара іс-қимыл жасайды. Қаржыны қолданудың негізгі сферасы - қайта бөлу, мүнда ол тектес экономикалық категориямен - кредитпен өзара іс-қимыл жасайды. Қаржының бөлгіштік функциясы аумақаралық, салааралық, ішкісалалық, ішкішаруашылықтық беліністі қамтиды. Аумақаралық жоне сала-аралық қайта бөлу мемлекеттік бюджет арқылы жүзеге асырыла­ды, бұл кезде ақша қаражаттары шаруашылық жүргізуші субъектілердің бірінен алынып, қаржы ресурстарының жетіспеушілігін басынан кешіріп отырған әкімшілік-аумақтық бірліктер мен салаларға беріледі. Қайта бөлудің бұл түрлерінің арқасында бүкіл экономиканың үйлесімді дамуына қол жетеді, бұл Қазақстан жағдайында түпкілікті салалардағы өндірістің дамуы үшін, сондай-ақ артта қалған аймақтарда экономика мен әлеуметтік-тұрмыстық инфрақұрылымды орлету үшін өте-мөте көкейтесті болып табылады. Ішкісалалық жоне ішкішаруашылықтық қайта бәлу сферасы экономиканы қайта құрудың барысында шаруашылық жүргізуші субъектісінің тапқан қаражаттарын пайдалануды қажет ететін (заң бойынша мемлекетке тиісті аударымдардан басқа) коммерциялық есеп пен өзін-өзі қаржыландыру әдістерінің енгізілуімен байланысты біртіндеп тарылып келеді.

Демек, қаржы белгіштік функция арқылы ақшалай табыстар­ды қалыптастыружәне қаражаттарды жұмсау жолымен мемлекеттің, экономикалық агенттердің экономикалық мүлделерін қамтып көрсететін белгілі бір қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандырады. Сөйтіп, бөлгіштік функция арқылы бөлу категориясы ретінде қаржының мәні ашылады, ақша нысанындағы жиынтық қоғамдық өнімнің, оның құрамды элементтерінің қозғалысымен байла­нысты болатын экономикалық қатынастар айшықталады және сатып алу-сату арқылы натуралдық-заттай нысандағы қоғамдық өнімді өткізу үшін жағдайлар жасалады.

Қорытындысында қоғамдық өндірістің барлық қатысушыларының нақтылы еңбек үлесі мен қоғамдық өндіріске қатысу дәрежесі ескеріле отырып, олардың экономикалық мүлделері қанағаттандырылуы тиіс.

Қаржы ұлттық табыс құрамындағы бастапқы табыстарды да, түпкілікті табыстарды да қалыптастыру мен пайдалануды ортақтастырып, жүзеге асырады.

Қаржының бөлгіштік функциясының жақтаушылары бөлу арқылы қаржы ұдайы өндірістің басқа стадияларына - өндіруге, айырбастауға, тұтынуға белсенді ықпал етеді деп жорамалдайды. Мысалы, қаржы өндіріске қалыптастырылатын ақша қорларының мөлшері арқылы санмен эсер етеді: бұл қорлардың көлемін өзгерте отырып, өндіріске қалаған бағытта ықпал жасауға болады, не қолайлы қаржы жағдайларын жасау жолымен экономиканың жеке құрылымдық бөлімшелерінің дамуын тездетуге болады, не бұл өсудің қарқынын баяулатуға болады. Ба­ска жағынан, егер көтермелеу қорларының көлемін өндірістің белгілі бір сапалық көрсеткіштерінің: еңбек өнімділігінің, ресурстарды үнемдеудің, қор қайтарымының және т.б. . жетістіктерімен үштастырса өндіріске сапалық эсер етуге жетуге болады. Қаржы көмегімен ұдайы өндірістің басқа сатыларына да осылайша эсер етуге болады. Сөйтіп, бөлгіштік функция арқылы қаржының ұдайы өндірістің барлық процестерімен байланысы жэне бұл категорияның өндірістің барлық стадиялары­на белсенді эсер етуі бақыланып отырылады.

Қаржының бөлгіштік функциясы тұжырымдамасының жақтаушылары айқындамасындағы осал мезеті категорияның функ­циясы тап осы категорияның өзіндік ерекшелігін қамтып кэрсетуі тиіс деген қағида болып табылады. Қарастырылып отырған функ­ция бөлуге қатысушы басқа экономикалық категорияларға да - бағаға да, еңбекақыға да, кредитке де тэн.

Ұдайыөндірістік тұжырымдамасының жақтаушылары қаржы - бір стадияның емес, жалпы алғанда ұдайы өндірістің категориясы деп санайды, өйткені, олардың пікірінше:

қоғамдық ұдайы өндірістің барлық стадиялары бір-бірімен тығыз байланысқан;

қаржы қоғам қызметінің бүкіл сферасына - материалдық өндіріске, айналыс пен тұтыну сферасына ене отырып, ұдайы өндірістің бір стадиясына ғана емес, жалпы бүкіл бұл процеске қызмет көрсетеді;

қаржы қоғамдық өндіріс қозғалысының барлық стадияларында пайдаланылатын бақылаудың әмбебапты құралы болып табыла­ды.

Қаржының табигатын ақшаның қозғалысында анықтайтын

қаржының бөлгіштік тұжырымдамасынан айырмашылығы ұдайыөндірістік тұжырымдамасы бұл табиғатты ақша нысанындағы құн қозғалысында анықтайды. Мүндай үстанымда қаржының іс-әрекет сферасы айтарлықтай кеңиді.

Ұдайыөндірістік тұжырымдамасы жақтаушыларының қаржының мәнін осылай кеңінен ұғынуына сәйкес олар қаржыға мына функцияларды береді:

1) ақшалай табыстар мен қорларды жасау;

2) ақшалай табыстар мен қорларды пайдалану;

3) бақылау функциясы.

Қаржы көмегімен мемлекет өзінің иелігіне материалдық өндіріс сферасында жасалған қоғамдық жиынтық өнім құнынының бір бөлігін алады. Бұл процесс қаржының бірінші функциясын - ақша қорларын (табыстарды) жасау арқылы жүзеге асады, бұл езінің нақты түрдегі практикалық көрінісін, ең алдымен, мемлекеттің салық саясатында табады. Нәтижесінде қоғамда дэйекті түрде сан алуан ақша қорлары - орталықтандырылған (мемлекеттік бюд­жет), орталықтандырылмаған (аймақтық және жергілікті деңгейдегі), мақсатты қорлар және т.б. жасалады.

Бұл ақша қорларын (табыстарды) нақтылы пайдалану қаржының екінші функциясы арқылы жүзеге асады, оның заттық мазмұны негізінен мемлекеттің шығыстары саясатьш жүргізгенде көрінеді. Ақша қорларының (табыстардың) қаражаты қайта белу жолымен мемлекеттік аппаратты үстауға, қоғамдық өндірістің үтымды эрі тиімді құрылымын жасап, қолдауға, материалдық жағынан аз қамтылғандарды қолдауды қамтамасыз етуге және т.с.с. бағытталады. Сөйтіп, бөлу процесі ақша қорларын қалыптастыру және пайдала­ну түрінде жүзеге асады. Қоғамдық өнімді ақша қорларын қалыптастыру және пайдалану арқылы бэлу экономикалық қатынастардың пайда болуына себепші болады.

Коммерциялық есеп пен маркетинг операцияларын жүзеге асыруға байланысты болатын қаржының бақыяау функциясын барлық ғылыми тұжырымдамалардың окілдері мойындайды. Қаржының бұл функциясы экономикалық категория ретіндегі қаржыға тэн қасиет және қаржының не бірінші, не екінші функциясымен бір мезгілде жүзеге асады. Бақылау функциясы мазмұнының нақтылы көрінісі мемлекеттің қаржы саясатын жүргізетін қаржы органдары қызметінің барысында іске асады.

Бақылау функциясы қаржының бөлгіштік функциясынан туындайды және жиынтық қоғамдық өнімді, ұлттық табысты және таза табысты тиісті ақша қорлары бойынша бөлуге және оларды мақсатты жұмсауға бақылау жасаудан көрінеді. Егер қаржының мәні, табиғаты және мазмұны, бір жағынан, жиынтық қоғамдық өнімнің, ең алдымен, таза табыстың бір бөлігінің қозғалысымен, оны бөлумен, ақша қорларын жасаумен және материалдық өңдіріс процесінде үлғаймалы ұдайы ендіріске бағыттаумен және басқа жағынан, мемлекеттің орталықтаңдырылған ақша қорларын жасау­мен байланысты болса, қаржының бақылау функциясы да тиісті түрде материалдық өндірістің бүкіл ұдайыөндірістік процесіне де, сондай-ақ мемлекеттің ақша ресурстарының орталықтаңцырылған қорын қалыптастыру және пайдалану процесіне де қызмет етеді. Қаржының екі функциясының диалектикалық бірлігі мен өзара байланыстығы осында.

Бақылау функциясы қаржылық бақылауда - жалпы ішкі өнімді тиісті қорларға бөлуге және оларды мақсатты арналым бойынша жұмсауға бақылау жасауда керінеді.

Бақылау функциясы сандық түрде қаржы ресурстарының қозғалысы арқылы жиынтық қоғамдық өнімді бөлумен және қайта бөлумен байланысты болатын экономикалық процестерді бейнелейді. Сонымен бірге нақты нысандағы қаржы ресурстарының қозғалысы жиынтық қоғамдық өнімді құндық белу процесіне мемлекет тарапынан бақылау жасаудың негізі болып таылады. Мүндай бақылаусыз экономиканың теңгерімді дамуының қамтамасыз етілуі мүмкін емес.

Қаржының бақылау функциясының экономикалық мағынасы кәсіпорынның, фирманың шаруашылық - қаржы қызметіне теңгемен бақылау жүргізу. Бұл бақылау материал, еңбек және ақша ресурстарын өнімсіз әрі тиімсіз пайдалануды анықтап қана қоймай, сонымен бірге кәсіпорындарда, фирмаларда өндіріс рентабелділігін арттырудың резервтерін ашуға, өндірістік емес шығындарды болдырмауға мүмкіндік береді.

Қаржы мәселесі жөніндегі заңнамалардың бұлжымай сақталуын, мемлекеттік бюджет, банк алдындағы қаржылық міндеттемелердің, сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектілердің есептесу және төлемдер женіндегі өзара міндеттемелерінің дер кезінде және толық орындалуын тексеру қаржылық бақылаудың аса маңызды міндеттерінің бірі болып табылады.

Қаржының бақылау функциясын жүзеге асырудың нысаны қаржылық көрсеткіштерді білдіретін қаржы ақпараты болып та­былады. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметінің түрлі жақтарын жинақталған түрде қамтып көрсететін түсім-ақша, табыс (пайда), рентабелділік, етінімділік, айналымдылық, төлем қабілеттілігі, қор қайтарымы және басқалары сияқты талдап көрсетілген қаржылық көрсеткіштер арқылы белгіленген нормалар мен нормативтерді қолдануды, макродеңгейде де, микродеңгейде де экономикалық процестердің тиімділігі мен нәтижелігін бақылауға болады.

Ұдайы өндіріс процесіндегі қаржының бақылау функциясының рөлі қаржылық тортіп арқылы жүзеге асуымен және оның жай-күйімен, белгіленген нормалар мен нормативтердің сақталуымен, қаржылық міндеттемелердің орындалуымен байланысты болуы мүмкін.

Қаржылық тәртіп оны бүзушыларға қаржы санкцияларын колдана отырып мемлекеттік парызды сақтауға негізделген.

Қаржының бақылау функциясы қаржы органдарының сан қырлы қызметі арқылы жүзеге асырылады. Қаржы жүйесі мен салық службасы қызметкерлері қаржылық бақылауды қаржыны жоспарлау процесінде, бюджет жүйесінің кіріс және шығыс бөлігінің атқарылуы кезінде жүзеге асырады.

Нарықтық қатынастардың дамуы жағдайында бақылау жұмысының бағыттары, қаржылық бақылаудың нысандары мен әдістері айтарлықтай өзгерді.

Қазіргі кезде қаржылық бақылаудың мынадай түрлерін ажыратады:

қаржылық-шаруашылық бақылау. Оны фирмалардың, кәсіпорындардың, бірлестіктердің, министрліктер мен ведомстволардың қаржы органдары ақша қорларын бөлу жолымен жүргізеді. Ұдайы өндірістің бүкіл барысына: онімді шығару мен өткізудің ауқымына, өзіндік құн мен рентабелділікке, еңбекке ақы төлеуге осылайша ықпал жасалады. Қаржылық бақылаудың бұл түрі өндіріс тиімділігін жүйелі арттырып отыруға бағытталған;

қаржылық-бюджеттік бақылау. Ол кәсіпорындар табысының (пайдасының) бір бөлігін мемлекеттік бюджетке алу арқылы, сондай-ақ көсіпорындар мен құрылыстарды қаржыландыру арқылы жүзеге асырылады. Осылайша қаржы жүйесі белгіленген төлемдердің бюджетке дер кезінде түсуін, сондай-ақ бюджет қаражаттарының бизнес-жоспардың немесе құрылыс қарқынының орындалуына қарай берілуін бақылайды;

кредиттік-банктік бақылау. Ол фирмалар мен кәсіпорындарды несиелеу арқылы жүргізіледі. Бұл жағдайда қаржының бақылау функциясы несие берудің мезгілдігі, қайтарымдылыгы, ақылыгы қағидаттарынан керінеді. Бақылаудың бұл түрі банк арқылы өтетін ақшалай есептесудің (өнім, жұмыс, қызметгер көрсету үшін) жүйесі арқылы жүргізіледі.

Қаржы қоғамдық ұдайы өндірістің бөлу стадиясының құралы бола отырып, ұдайы өндірістің барлық стадияларына ықпал ете алады. Ықпал етудің объективті алғышарттары екі мөн-жаймен байланысты:

1. Қаржы қоғамдық өндірістің барлық стадияларына (ендіру, белу, айырбастау, тұтыну) ықпал етеді.

2. Қаржының экономикалық процестерінің катализаторы болуға әлуеттік ерекшелігі бар (бұл бөлгіштік функциядан туындайды). Бөлу ұдайы өндірісте айқындаушы сфера болып табылатын материалдық өндіріс сферасында басталады, өйткені ол өндірістің сипаты мен ауқымына эсер етеді.

Қаржы ұдайы өндіріс процесіне екі түрлі ықпал жасайды:

а) сан жағынан, бұл бөлгіштік процестің үйлесімдерімен сипаталады;

ә) сапа жағынан, бұл қаржының шаруашылық жүргізуші субъектілердің материалдық мүлделеріне ықпалымен сипатталады.

Қаржы микроэкономикалық дамудың тиімді ара қатысын белгілеуде, ұдайы өндірістің заттық және құндық элементтерінің тепе-тендігіне жетуде, өндіріс тиімділігін арттыруда маңызды рол атқарады.

Қаржының экономикалық рөлі мына бағыттардан көрінеді:

қаржы капиталдың айналымын тездете отырып, кәсіпорындардың, фирмалардың өндірістік қызметі тиімділігінің өсуіне жағдай жасайды;

кірістер мен шығыстарды ұдайы салыстырып отыру арқылы қаржы кәсіпорындардың, фирмалардың коммерциялық есебін нығайтып, дамытады;

қаржы ақша қорларын болу және қайта бөлу арқылы экономикалық осудің ара салмағын қамтамасыз етеді;

қаржы ұлттық табыстарға қорлану және тұтыну қорларының үйлесу тиімділігін арттырудың экономикалық негізін жасайды;

қаржы ұлттық экономикада меншіктің сан алуан нысандарының және шаруашылық жүргізу нысандарының дамуына мүмкіндік тұғызады.

Сонымен бірге қаржы оңтайлы ұлттық шаруашылықтың ара салмағын қамтамасыз етуде белсенді рөл атқарады: олардың көмегімен экономикалық және әлеуметтік дамудың индикативтік жоспарының басты элементтерінің өзара теңдестірілуіне қол жетеді; қаржы тұтқаларын жоспарлы пайдалану қоғамдық ұдайы ендіріске қаржының ынталандырғыш ролін күшейтуге арналған негізгі қаржылық көрсеткіштерді мемлекетке орталықтандыра отырып анықтауға жағдай жасайды.

Қаржы кемегімен жететін нәтижелерді бағалауға жалпы тәсілдеме қаржының рөлін 3 бағытта атқаруға мүмкіндік жасайды:

1) үлғаймалы ұдайы өндірістің қажеттіліктерін қажетті қаржы коздерімен қамтамасыз ету түрғысынан;

2) қаржыны қоғамдық өндірістің құндық құрылымын реттеу үшін пайдалану түрғысынан;

3) қаржының әлеуметтік - экономикалық дамудың ынталандырмасы ретінде пайдалану түрғысынан.


1.3. Экономикалық өсу факторлары және типтері


Экономиканы тұрақтандыру ҚР Президенті, үкіметі алдарына қойып отырған бірінші кезектегі міндет болып табылады. Макроэкономикалық саясатты талдау Экономика министрлігінің, Қаржы министрлігінің, ҚР Парламентінің және басқа мемлекеттік органдардың кұнделікті міндеттеріне кіреді.

ҚР Парламентінде салық саясаты талқыланғанда, ұлттық банкте ақша-несие саясаты талданғанда жорамалданған шаралар инфляцияға, жұмыссыздыққа қандай ықпал жасайды және тұтас сұранымды ұлғайту немесе азайту қажет пе деген мәселе басты назарда туруы керек.

Нарықтық экономиканың дамуында кәптеген заңдылықтар айқындалады. Солардың бірі - шаруашылық жұйесінің құрылымы ұдайы кұрделене тұсуге ұрдіс алған. Уақыт біртіндеп экономикалық кәзқарас, кұбылыс, жағдайлардың басым кәпшілігінің әзара әрекеттесуіне итермелейді. Кейде ол айтарлықтай шығындармен де байланысты. Алайда басты нәтиже - нарықтық механизмнің нәтижелі болуында.

өз эволюциясының барысында нарықтық жұйе әзін-әзі тұзетіп бірқатар әдістерді әмірге келтірді (мысалы, - бәсекелестік қабілеті жоқ әндірістің жұтауы және оларды экономикадан "итеріп шығару"). Алайда нарықтық механизмге барлық келеңсіз факторлардың әсер етуін бейтараптандыру әр кезде мұмкін емес. Оған кейде сыртқы тұзетулер қажет. Бұл міндетті де мемлекет әзіне алады.

Экономика дамуының белгілі бір кезеңінде мемлекеттің реттеуші шаралары "Экономикалық саясат" деген атты иеленіп, тұтастай бір жұйеге айналған болатын. Бұл құбылысты былайша анықтауға болады: "Мемлекеттің экономикалық саясаты экономикалық процестерді реттеуге, оларға ықпал жасауға немесе олардың ағымын тікелей алдын-ала анықтауға бағытталған тұтас шараларды кәрсетеді".

Нақтылыққа келсек, экономикалық саясат екі тұрлі міндетті орындауга бағытталған:

  • рыноктың дұрыс дамуы үшін инфрақұрылымды құру және оны тиісті деңгейде ұстап тұру;

  • нарықтық тепе-теңдіктің "сыпайы" тұзетілуі әзін әзі реттейтін нарықтық механизм "жаңылыстық" берген кезде болады.

"Инфрақұрылым" терминіне қатысты мынаны ескеру керек: бұл ұғымның мағыналық мазмұны біртіндеп өзгереді. Егер бұрындар кәбінесе тек материалдық объектілер деп тұсінілсе, кейінірек бұл ұғым әлеуметтік және экономикалық компоненттердің топтамасын да қамтыды.

Инфрақұрылым - нарықтық экономикаға жұмыс істейтін қызметтер сферасының жұйесі. Инфрақұрылымның құрамдас элементтері болып мыналар саналады:

1. Экономикалық объектілер:

  • елдің валюталық жұйесі;

  • мемлекеттің қаржылық жұйесі.

2. Материалдық объектілер:

  • энергиямен қамтамасыз ету жұйесі;

  • ұлттық экономиканың аумақтық-экономикалық құрылымы (ықтималды құрылымдық және аймақтық пропорциялар);

  • жолдар, порттар, аэродромдар жұйесі.

3. Әлеуметтік объектілер:

  • білім беру жұйесі;

  • денсаулық сақтау жұйесі;

  • ұлттың қолы жеткен білім беру, гылым және мәдениет деңгейі.

Қазақстанның әтпелі экономикасы жағдайындағы экономикалық саясаттың мақсаты 1996 жылы қабылданған "Стратегия - 2030" бағдарламасында анықталынған.

Экономикалық әсу қарқынын жеделдету үшін Қазақстан Республикасының үкіметі жуық жылдарда инфляцияның жылдық орташа деңгейін дәйектілікпен тәмендетуді, басқаруға болатын бюджет дефицитін сақтауды, және ұлттық валюта бағамының тұрақтылығын қолдауды кәздеуде. 2000 жылы, негізінен, экономикадағы құрылым реформасы аяқталатын, және жекеменшік секторының ұлестік әсуі жалғасатын және әндірістің кеңейтілуі үшін негіз қаланатын болады. Инфляцияның тәменгі деңгейіне жету және соны ұстап тұру мақсатында ақшалай-несиелік және қаржылық реттеуді, еліміздің банк жұйесін нығайтуды және қаржылық секторды дамытуды жетілдіре тұсу жәніндегі жұмыстарды жалғастырумен бірге ақша-несие және бюджет саясатын қатайту кәзделуде. Қол сұқпайтын стратегиялық қорға, табиғи ресурстарға, оларды есепке алудағы тиімді жұйелерге қатысты заңнама базасын жасау да кәзделуде.

Қолда бар әнеркәсіптік кәсіпорындардың және ғылыми-техникалық әлуеттің негізінде қорғаныс-әнеркәсіп кешенін құрылымдандыру және дамыту жәнінде шаралар қабылдау ойластырылуда. Бұл жағдайда жекелеген ғылыми-әндірістік бірлестіктердің бағыттары бойынша "талдау-жобалау-әзірлеу" деген тұйық жасау мақсат етіп қойылуда, бұл республикамызды отандық әнімдермен қамтамасыз ету деңгейін кәтеруге мұмкіндік береді.

Экономикалық саясатқа қол жеткізудің құралдары мына тәмендегілер бола алады:

1. Әкімшілдік;

2. Институциялдық;

3. Экономикалық;

  • қаржы механизмі;

  • ақша-несие механизмі.

Осынау құралдар жиынтығы тұтас сұраным мен тұтас ұсыным арасындағы тепе-тендікке жету үшін қолданылады.

Бұл ретте экономикалық саясатты жұзеге асырудың әртұрлі нұсқалары бар: кейнсиандық, монетарлық.

Кейнс, негізінен, тұтас сұранымға мемлекеттің трансформациялық және трансферттік шығындар саясаты арқылы ықпал етуін ұсынған. Сондайақ мемлекеттік табыстар саясаты арқылы да.

өндірістің құлдырауы жағдайында кейнсиандықтар мыналарды ұсынады:

а) жетімсіз сұранымның орнын толтыру үшін: бұл жағдайда бюджет пен инфляция дефицитінен қорықпау, тауарлар мен қызметтерді сатып алуға мемлекет шығындарын кәбейту керек;

б) инвестицияларды ынталандыру үшін жеке табыс пен пайдаға салынатын салық ставкасын азайту керек;

в) мемлекет жұмыс орындарын ашуы керек;

г) арзандау несие беру және инвестицияны кеңейту мақсатында банк пайызының нормасына ықпал ету керек.

Экономиканың әрлеуі жағдайында кейнсиандықтар мыналарды жән деп санайды:

а) тауарлар мен қызметтерге тұтас сұранымды азайту үшін мемлекеттік сатып алуды қысқарту және инвестиция кәлемін тәмендету керек;

б) тұтынушылық және инвестициялық шығындарды қысқарту үшін салықтық ставканы кәбейту керек;

в) несиені қымбаттатуға шаралар қабылдау керек.

Дискрециялық емес және дискрециялық фискальдық саясатты ажырата білу.

Дискрециялық емес фискальдық (қазналық) саясат жанама тұрақтандырғыштар арқылы жұзеге асырылады. Жанама тұрақтандырғыштарға салықтық жұйе, ең алдымен прогрессивті салықтар жатады. Жанама тұрақтандырғыштар - бұл автоматты тұрде іске қосылатын нормалар, ол ұкімет тарапынан қандай да бір арнайы қадамдар жасаудың қажетінсізақ күшіне енеді. Жалпы ұлттық әнімнің әсуіне орай әркендеу кезеңінде салықтық тұсім автоматты тұрде молаяды, ол экономикалық әрлеуді тежейді. Керісінше, жалпы ұлттық әнім құлдырау кезеңінде азайса, салықтық тұсім автоматты тұрде кемиді, және бұл азаю экономикалық құлдырауды тежейді, баяулатады. Трансферттік тәлемдер (әлеуметтік тәлемдер) бұған тура қарама-қарсы әрекетте болады. Жұмыссыздық бойынша жәрдем ақша, кедейлік бойынша жәрдем ақша, фермерлерге жәрдем ақша тәлеу - олардың бэрі экономикалық әрлеу кезеңінде азаяды және әндіріс құлдыраған уақытта кәбейеді. Нәтижесінде экономикалық әрлеу уақытында трансферттік тәлемдер арқылы тұтынушылық шығындар тізгінделеді, ал құлдырау уақытында т±тынушылық шығындар жоғары қарай ығыстырылады, ол сұранымды ынталандырады және қосымша қуаттылықты қосуды қамтамасыз етеді.

Жанама тұрақтандырғыштардың рәлін ұлғайтуға тура келеді. Тұрақтандырғыштардың жасай алатындары - ол экономикалық ауытқұдың құлаш жайып немесе терендеп кетуін шектеу болып табылады. Берілен бағалаулар бойынша, АҚШ-та жанама тұрақтандырғыштар ұлттық табыстың ауытқұын шамамен ұштің біріне азайта алатындай жағдайда тұр.

өндірісті дамыту, инфляция және жұмыспен қамтылу қарқынын айқын сезінерліктей бетбұрыстар үшін дискрециялық фискальдық шаралар қажет, яғни ұкіметтің салықтармен, ұкіметтік шығындармен айлашарғылы акциялар қабылдауға саналы тұрде баруына тура келеді.

Дискрециялық фискальдық саясат. Бұл ұлттық әндірістің және жұмыспен қамтылудың нақтылы кәлемін өзгерту, инфляцияны бақылау және экономикалық әсуді тездету мақсатында саналы тұрде бюджетпен (салықтармен және ұкіметтің шығындарымен) айла-шарғы жасау саясаты. Мұндай шаралардың ішіне салықтық ставкалардың, салық құрылымдарының және шығындар кәлемінің өзгерістері кіреді. Оның мысалы ретінде қомақты сомаға тауарлар мен қызметтер сатып алу туралы ұкімет шешімін немесе жалпы әнімнің кәлеміне байланыссыз жаңа салықты ендіру ісін атап әтуге болады.

Кейнсиандық саясат екінші дұниежұзілік соғыстан кейін кеңінен қолданыла бастады. Нәтижесінде экономикада айтарлықтай жандану жұрді, құлдырау ауқымы азайды, және тіпті құлдыраудың әзі сиреді, айтарлықтай дәрежеде жұмыссыздық жойылды. Алайда осы жылдар ішінде мемлекеттік шығындардың әсуі нәтижесінде айтарлықтай бюджет дефициті жинақталды, ал инфляция алпысыншы жылдардың аяғында жорғалаудан шоқырақтауға айналды. Кейнсианстық реттеу әдістерін сынаушылар шықты.

Монетаристік нұсқа экономикаға тұтас ұсыным арқылы ықпал етуді кәздейді.

Жетпісінші жылдары инфляцияның тоқтаусыз әсуі жағдайында классикалық тұжырымдаманы жақтаушылардың кейнсианстықтарға шабуыны басталды. Мемлекеттің нарықтық механизмге араласуы инфляция мен әсу қарқынының тәмендеуіне басты себеп болды деп жарияланды. Шабуылдың басында Чикаго мектебі мен оның жетекшісі Милтон Фридмен тұрды. Оның теориясының басты идеясы: тек ақшанын, ғана мәні бар, барлығы елдегі ақша массасының санына байланысты. Ақша, Фридменнің ойынша, шаруашылыққа ықпал ететін барлық импульстардың ішінде басты орын алады.

Фридменді еркін рынок идеясы қызықтырады. Ол сұраным мен ұсынымды ең қуатты экономикалық рычагтар және әлуетті ең пайдалы деп санады. Экономика үшін мемлекет не істей алады, ең дұрысы - бизнеске тиіспеу керек және рыногқа әз ісімен шұғылдануға мұмкіндік берілуі тиіс. Фридменнің ойынша - бағаның стихиялық механизміне араласпау қажет.

"Баға жұйесі механизмінің анық және тиімді жұмыс істейтіндігі соншалықты, кәп жағдайларда біз әуелі оның қарекеттері туралы кұдіктенбейміз де. Оның қалыпты жұмыс істеуіне бірдеңе кедергі келтіргенде барып, біз оны сонда ғана білеміз, тіпті осы жағдайдың әзінде жанжалдың себебі неде екендігін біз сирек анықтай аламыз. Мұндай жанжалдың айқын мысалы ретінде 1974 ж. ОПЕК (мұнайды экспорттайтын елдер ұйымы) елдері мұнайға эмбарго (тиым салуды) ендірген кезде, онан соң Иран тәңкерісінен кейін 1979 ж. кәктемі мен жазында қайталанған аяқасты бензинге ұзыннан ұзақ кезекке тұрудың шыға келгендігін айтуға болады. Екі жағдайда да барлық шатақ шикі мұнайдың шет елден жеткізілуінің кұрт ұзіліп қалғандығынан шықты. Алайда, кезекке тұрудың мұндай кәріністері мұнай әнімдерін толайым және толықтай шет елдерден тартатын Германия немесе Жапонияда болған емес; бензинге кезекке тұру тек АҚШ-та ғана болды (АҚШ ұлкен кәлемде әз мұнайларын шығарғанына қарамастан). Мұның себебі біреу ғана: қабылданған әкімшілік шаралардың нәтижесінде баға автожанармай құю стансаларындағы бензиннің молшерін тұтынушылар осындай бағамен сатып алуға келісетіндей мәлшерге дәлме-дәл келуіне кепілдік беретін деңгейден тәменірек шамада жасанды тұрде сақталып тұрған болар еді".

"Бағалар әндірушіні әнімге сұранымның артуына қатысты ғана емес, сонымен бірге әте ұнемді әндірістік технологияны - "рыноктың қуатты қолын" іздеуге қатысты да ақпараттарға кәңіл қоюға міндеттейтін ынталандырушы рәлін атқарады.

Ақпаратты тиімді берудегі негізгі міндеттердің бірі - ақпаратты керек етпейтін адамдардың ұстел ұстін онымен қобыратқызбай, оны пайдалана алатын адамдардың қолдарына тұсуін қамтамасыз ету болып табылады. Баға жұйесі бұл проблеманы автоматты тұрде шешеді.

Нарық механизмі, Фридменнің пікірі бойынша, салалар арасында ресурстарды ең жақсы тұрде бәлуді қамтамасыз етіп ғана қоймайды, сонымен бірге рссурстардың: кұрделі игіліктердің, жердің, адам капиталының иелері арасындағы табыстарды бәлуді де қамтамасыз етеді. Біреулер ата-аналарынан кұрделі игіліктерді, енді біреулер - қабілеттілікті мұра тұтады. Бұл жерде әділеттілік туралы айтуға бола ма? Әркім барымен базарлап, тиісінше сонысымен әрекет етеді, әркім әз қабілетін немесе әз капиталын қалай қолданады, кәп нәрсе соны тандай білуге байланысты.

Фридмен мынадай байламға келеді: мемлекеттің экономика мен әлеуметтік сфераға араласуы аз болуға тиіс және ол ақшалай ұсынымды бақылауга әкеп соғады. Егер мемлекет ақша ұсынымын қатаң бақылайтын болса, қолда бар ақша санының және несие ақшаның кұрт кәтеріліп кетуін болдырмаса, онда соның арқасында экономикалық дамудың тұрақтылығы қамтамасыз етіледі. Инфляциямен кұресте монетарлық тұжырымдама айырықша тиімді.

АҚШ-пен Ұлыбританияда сексенінші жылдары монетарлық саясат аса дәйектілікпен жұргізілді. Нәтижесінде инфляция қарқыны айтарлықтай баяулады. Сонымен бірге әлеуметтік бағдарламаларға бәлінген шығындық ақшаның айтарлықтай азайтылуы себепті халықтың бір бәлігінің әлеуметгік қанағаттан-баушылығы әсті. Бағдарламалардың бірқатар ережелерін орындау мұмкін болмай шықты, мысалы, бюджет дефицитін жәнге келтіру мұмкін болмай қалды.

Дамыған елдердегі қалыптасқан экономикалық саясаттың тәжірибесі мынаны кәрсетеді: "мемлекеттік реттеу" терминіне қарағанда "экономикалық саясат" терминінің мәні кеңірек. Экономикалық саясатты жұргізе отырып, мемлекет бастаушы, негізгі буын болып кәрінеді. Алайда бұл рәлде мемлекеттің кәдімгі ұлкен оркестрдің дирижері болып кәрінетіндігін дұрыс тұсіну керек. Макроэкономикалық реттеу бойынша әрекеттердің табыстылығы - мемлекеттің тоталитарлық әкіметінде емес, оның жұргізілген саясатқа орай барлық қатысушылардың бірлескен әрекеттерін ұтымды ұйымдастыра білу мұмкіндіктеріне байланысты. Олардың басын қоспай, мемлекет оркестрі жоқ дирижер рәлінде кәрінетін болады.

Экономикалық саясат әрқашанда белгілі бір мақсаттарды жұзеге асырудың процесін байқатады. өмір, қоғамның даму процесінде бірмезгілде кәптеген мәселелерді шешу қажеттілігін кәрсетіп отыр.

Әбден сәтті шыққан құрылым келбеті мындай тұрде кәрінеді. Барша қоғамның барынша жақсы турмыс, молшылыққа жетуін кәздеген экономиканың негізгі мақсатын ғаламдық, жоғары деңгейде белгілеу қажет.

Алайда практика бұл тұсініктің теориялық жағынан соншалықты кұрделі екендігін кәрсетіп отыр. Мұның себебі, тұрмыс жағдай туралы айта отырып, осы мақсатты нақтылы, санмен тұжырымдау қиын. Бұл мақсат айтарлықтай дәрежеде салыстырмалы сипатта болады. Экономикалық саясатты іс жұзінде жұзеге асыру барысында тұрмыс-жағдай мәселесі әзінің тікелей стилистикалық нұсқасында тіпті аталмайды да.

Негізгі мақсаттан басқа екінші деңгейлі тәрізді мәселелердің жиынтығы да болады. Экономикалық әдебиеттерде олар кейде мемлекеттік функциялар белгілерін алады.

II. Экономикалық өсуді қамтамасыз етудегі қаржының алатын орны
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Похожие:

I. Қаржының экономикалық мәні және экономикалық өсудегі iconДиплом жұмысы тақырыбы: «Кәсіпкерлік теориясы: мазмұны, қағидалары және даму шарттары»
Кәсіпкерліктің теоретикалық-экономикалық мәні(кәсіпкерлік – ерекше экономикалық құбылыс)
I. Қаржының экономикалық мәні және экономикалық өсудегі iconҚазақстан республикасының білім және ғылым министірлігі
Экономикалық жүйе теориясының әдістемелік негіздері. Негізгі экономикалық жүйелер мен оларды дамыту заңдылықтары. Экономикалық жүйені...
I. Қаржының экономикалық мәні және экономикалық өсудегі iconБекітемін
«Экономикалық болжау» курсын оқу экономикалық болжаудын қағидалары, ұйымдастыруы, әдіснамасы, мәні туралы білімдерді студенттерге...
I. Қаржының экономикалық мәні және экономикалық өсудегі iconМемлекеттің кіріс жүйесіндегі кедендік төлемдерінің мәні, түрлері және алу ерекшеліктері
Ың бірінші тарауында кедендік төлемдердің экономикалық мәні, оның жанама салықтар жүйесіндегі ролі және кедендік алымдардың түрлері...
I. Қаржының экономикалық мәні және экономикалық өсудегі iconӘдістемелік нұсқаулық
Бұл пән студенттердің экономика, экономикалық даму және негізгі экономикалық ұғымдар, категориялар мен заңдар және экономикалық заңдылықтардың...
I. Қаржының экономикалық мәні және экономикалық өсудегі iconИсточник: ис параграф, 23. 04. 2010 11: 55: 16
Республикасының егемендігі мен экономикалық қауіпсіздігін қорғауға, Қазақстан экономикасының дүниежүзілік экономикалық қатынастар...
I. Қаржының экономикалық мәні және экономикалық өсудегі icon1 тақырып. Экономикалық теорияның қоғам дамуындағы орны мен ролі
Бұл пән студенттердің экономика, экономикалық даму және негізгі экономикалық ұғымдар, категориялар мен заңдар бойынша жүйелі көзқарасын...
I. Қаржының экономикалық мәні және экономикалық өсудегі iconЕлемесов Раушан Елемесұлы
Зерттеу облысы: Экономикалық зерттеу методологиясы, өтпелі кезеңдегі экономиканың мәселелері, халықаралық қаржының казіргі кездегі...
I. Қаржының экономикалық мәні және экономикалық өсудегі iconI Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын өндіруге және экспорттауға салынатын салықтардың экономикалық мәні
Кіріспе
I. Қаржының экономикалық мәні және экономикалық өсудегі iconЗаңды және жеке тұлғалардың әртүрлі көлік құралдары бойынша көлік құралдарына салынатын салықты есептеу және төлеу механизмі
Лік құралдары арасындағы экономикалық қатынасты реттейтін салық. Көлік құралдарын иелері көлік құралдарын иемдену барысында республиканың...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница