Курс – 3




НазваниеКурс – 3
страница8/15
Дата конвертации15.02.2016
Размер0.75 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://inside.wksu.kz/dmdocuments/Сауда_технологиясы.doc
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15

Әдебиет: 1,2,3,4,5.


Келісім деп азаматтық құқықтар мен міндеттерді қалыптастыруға, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталатын азаматтар мен заңды тұлғалардың іс-әрекеттері танылады.

Келісім – бір жақты, екі жақты және көп жақты деп бөлінеді.

Келісім жасауға бір жақтың ерік білдіруі қажетті және жеткілікті болып табылса, келісім бір жақты деп саналады.

Екі жақты немесе көп жақты келісімдер келісімшарттар деп аталады. Мұндай келісімдер жасалуы үшін екі, үш немесе одан да көп жақтардың қатысу қажет болып табылады. Келісімдер ауызша немесе жазбаша жасалуы мүмкін. Заңмен немесе келісім жасаушылармен жазбаша формада қарастырылмаған келісімдер ауызша келісімдер деп аталады.

Жазбаша түрдегі келісімдер оның мазмұны берілген және келісімді жасаушы тұлғалардың қолы қойылған құжаттың рәсімделуі арқылы жасалуы керек.

Келісім шарт деп екі немесе одан да көп тұлғалардың азаматтық міндеттері мен құқықтарын қалыптастыруы мен тоқтатуы туралы келісімі танылады.

Келісім шарт қайтарымды және қайтарымсыздеп бөлінеді. Келісімшарт жасау нәтижесінде тұлғалар өздерінің міндеттерін орындағаны үшін қарсы ұсыныс күтсе келісім шарт қайтарымды деп саналады.

Қайтарымсыз келісім шарт деп бір жақтыңбасқа тұлғаға қандайдабір қызметті атқаруға міндеттелуі, сонымен қатар сол міндетті атқарғаны үшін төлем немесе қарсы ұсынысталап етілмейтін келісім шартты айтамыз.

Келісім шарт жасалған сәттен бастап күшіне енеді және келісім шарт жасаған тұлғаларға міндеттер жүктейді.

4 апта

7 дәріс

Тақырып: Тауарды көтерме сатып алуға байланысты коммерциялық жұмыстар.

Дәрістің мазмұны:


7.1. Сатып алу жұмыстарының маңызы мен мазмұны.

7.2. Жеткізіп беру келісімшарттарының ерекшеліктері мен мазмұны.

8 дәріс

Тақырып: Тауарды сатып алуға байланысты коммерциялық жұмыстар.

Дәрістің мазмұны:


8.1. Тауарды сатуға байланысты коммерциялық жұмыстардың маңыздылығы.

8.2. Тауарды көтерме сатудың әдістері.

Әдебиет: 1,2,3,4,5.


Тауарды көтерме сатып алуға байланысты коммерциялық жұмыстар.

  1. Сатып алу жұмысы- сауда ұйымдарының негізгі коммерциялық функцияларының бірі болып табылады. Ол қайта өткізуге тағайындалатын тауарларды сатып алу кезінде жасалады.

Тауарларды көтерме сатып алу жұмысы келесі операциялардан тұрады:

    • Сатып алушы сұранысын зерттеу мен болжамдау;

    • Тауарға деген қажеттілікті анықтау;

    • Тауарлардың келіп түсу көздерін анықтау және жеткізіп берушіні таңдау;

    • Жеткізіп берушілермен шаруашылық байланыс орнату;

    • Келісім шарттардың орындалуын қадағалау;

Тұтынушы сұранысын зерттеусіз және болжаусыз көтерме сатып алуда коммерциялық шешімдерді қабылдау мүмкін емес. Тұрғындар сұранысының төмендеуі мен құрылымы факторлар әсерінен өзгеріп отырады. Әлеуметтік-экономикалық (тұрғындардың ақшалай табысының деңгейі, бөлшек сауда бағасының деңгейі және т.б.), демографиялық (тұрғындардың саны мен құрамы, жанұя көлемі мен құрамы), табиғи-климаттық, тарихи және ұлттық сұранысты зерттеу тұрғындарға қажетті тауарлар мен олардың тауарлары үшін төлей алатын бағасы туралы толықтай ақпарат алуға мүмкіндік беретін кешендік тәсілді қажет етеді. Мұндай ақпарат сұранысты зерттеумен қатар, оның өзгеруі менн даму тенденциясын анықтауға мүмкіндік береді.

Көтерме саудада сұранысты зерттеу мен болжамдаудың түрлі тәсілдері бар. Мысалы, тауар өнімдері мен тауар қорларының көрсеткіштерін талдау, көтерме ұйымдарының тапсырыстарын зерттеу, көтерме дүкендерден тапсырыстарға байланысты сұрақ-жауаптар алу, жаңа тауарларды көрмелерде сатуды ұйымдастыру және т.б. Әртүрлі әдістермен алынған жалпыланған және жүйеленген мәліметтер тауарларға деген қажеттілікті анықтауға негіз болады. Оған қоса сатып алынатын тауарлардың көлемі мен оның ассортименті нақтыланады.

Көтерме сатып алушылар сатып алу жұмыстарын жүргізген кезде өз қызметін жүзеге асырып отырған аймақтың тауарлық ресурстарын барынша пайдалануға тырысуы қажет. Ол үшін аймақтағы өндірістік және ауыл шаруашылық кәсіпорындары (өндіруші-жеткізіп беруші) мен олардың өндіретін тауар ассортименттері (сапасы, бағасы) туралы ақпараттарға ие болуы керек. Жеткізіп беруші - өндірушіні таңдағанда олардың қазір өндіретін тауарларымен қатар, болашақтағы өндірісті жетілдіру перспективасы мен жаңа өнім шығару мүмкіндіктерін білген маңызды рөл атқарады.

Сатып алу жұмысының маңызды элементіне тауарларды жеткізіп берушілермен шаруашылық байланыс орнатуды жатқызуға болады.

Шаруашылық байланыс деп – тауарларды сатып алушы мен жеткізіп беруші арасында орын алатын экономикалық, ұйымдастырушылық, коммерциялық, қаржылық, құқықтық және басқа қатынастар түсіндіріледі. Мұндай қатынастарды реттеу азаматтық заңнаманың құқықтық актілерімен жүзеге асырылады.

Шаруашылық байланысты қалыптастыру нәтижесінде жеткізіп берушімен жасалған келісім шарт - саудамен айналысатын кәсіпорындарда қажетті тауарлардың әрдайым болуына мүмкіндік туғызады. Дегенмен ол үшін келісім шарт міндеттемелері толықтай және уақытылы орындалуы керек, яғни келісім шарттың екі жақпен де орындалуын қадағалау қажет.

Жәрмеңке тауар өндіруші-сатушылар мен сатып алушыларға қатысуға болатын (белгіленген орында және бекітілген мерзімде) сату-сатып алу келісім шарттарын жасау және аймақтық, аймақаралық және мемлекетаралық шаруашылық байланыс қалыптастыру мақсатында (белгіленген орында және бекітілген мерзімде) ұйымдастырылатын дербес нарықтық қатынас түсіндіріледі.

Жәрмеңкелермен қатар сауда-өндірістік, көрме-жәрмеңкелер, көрмелер, көрме-салондар ұйымдастырылуы мүмкін. Оларда өндірілетін тауарлар мен олардың өндірісінде қолданылатын шикізаттар, материалдар мен қондырғылар таныстырылады.

Көрмелер мен жәрмеңкелерді келесі негізгі белгілері бойынша жіктеуге болады:

  • Қатысушылардың географиялық құрамына қарай;

  • Салалық белгілеріне қарай;

  • Іс-шараның ел, облыс, қала экономикасы үшін маңыздылығына қарай;

  • Территориялық белгісіне қарай;

  • Жұмыс істеу уақытына қарай;

Қатысушылардың географиялық құрамына қарай көрмелер мен жәрмеңкелердің келесідей түрлері болады:

  • Әлемдік – мысалы, елдің экономикалық, ғылым, техника және мәдениет саласындағы өз жетістіктерін жариялауы;

  • Халықаралық – мұнда шетел қатысушыларының үлесі 10%-дан төмен болмауы керек;

  • Ұлттық – қ.д.б. елдің ұйымының қатысуымен өткізілетін көрме;

  • Аймақаралық – бірнеше аймақ не облыс өндірушілерінің тауарлары мен қызметтері таныстырылады;

  • Жергілікті – тек бір қала не облыс ұйымдарының қатысуымен ұйымдастырылатын жәрмеңкелер мен көрмелер жатады;

Салалық белгілеріне қарай жәрмеңке мен көрмелерді төмендегідей ажыратамыз:

  • Әмбебап;

  • Мамандандырылған көп салалы;

  • Аралас салалы;

Іс-шараның маңыздылығына қарай:

  • Аймаққа тағайындалған көрме (біртұтас ел үшін маңызы бар жәрмеңкелер);

  • Аймақаралық маңызы бар көрме (елдің бірнеше аймағы үшін маңызды саналатын көрмелер);

  • Жергілікті маңызы бар көрмелер (бір аймақ үшін маңызды болып саналатын көрмелер);

Территориялық белгісіне қарай:

  • Ел ішінде өткізілетін жәрмеңкелер;

  • Басқа ел территориясында өткізілетін жәрмеңкелер;

Жұмыс істеу немесе жәрмеңкенің өткізілу мерзіміне қарай:

  • әрдайым ұйымдастырылатын (жарты жылдан жылға дейінгі және одан да көп уақытты қамтиды);

  • Уақытша (15 күннен 5 айға дейінгі аралық);

  • Қысқа мерзімді (1-5 күн мен 2 апта уақыт аралығын қамтиды);

Жәрмеңке қатысушылары ретінде, яғни экспоненттер ел ішіндегі және шетелдегі кәсіпорындар мен ұйымдар қарастырылуы мүмкін.


5 апта

9 дәріс

Тақырып: Биржалық сауданы ұйымдастыру.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15

Похожие:

Курс – 3 iconИнтеллектуальные системы в гуманитарной сфере
Курс рассчитан на пять семестров. Он начинается в 5 семестре (3 курс) и заканчивается в 9 семестре (5 курс). Таким образом, изучение...
Курс – 3 iconКурс лекций по макроэкономике А. А. Фридман
Особенность предлагаемого курса в том, что он соединяет в себе вводный курс и курс промежуточного уровня по степени охвата материала,...
Курс – 3 iconКурс – 3
«География» мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын 3-курс студенттерге арналған
Курс – 3 iconКурс – 3
«География» мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын 4-курс студенттеріне арналған
Курс – 3 iconКурс – 1
«География» мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын 2-курс студенттерге арналған
Курс – 3 iconКурс – 4 Семестр –8
Курс бағдарламасы Т. Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясы.ҚР ғылым және білім министрлігі 11. 05. 2005 №289
Курс – 3 iconКурс – 3
Курс бағдарламасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес «Туризм» мамандығы студенттеріне...
Курс – 3 iconПәннің оқу-әдістемелік кешені. Курс – 3 Семестр – 6 Кредит саны – 3
Курс бағдарламасы : Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігінің 11. 05. 2005ж. №289 негізінде жасалды
Курс – 3 iconКурс – 3
Курс бағдарламасы Қазақстан Республикасының мемлекетік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес 050507 «менеджмент» мамандығы...
Курс – 3 iconКурс – 1 Семестр – 1,2 Кредит саны 2
Курс бағдарламасы ҚР-ның жоғарғы оқу орнының студенттеріне арналған «Экология» пәнінің типтік бағдарламасының негізінде (Астана қаласы,...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница