Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы




Скачать 287.62 Kb.
НазваниеҚазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы
страница1/3
Дата конвертации15.02.2016
Размер287.62 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.damu.kz/content/files/azastanRespublikasynyarzhyPolitsiyasyOrgandaryTuraly2002Zhyly4S
  1   2   3
Источник: ИС ПАРАГРАФ, 05.06.2009 11:10:10


Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы

2002 жылғы 4 шілдедегі N 336-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы

(2007.15.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

   1-тарау. Жалпы ережелер                                  (1 - 4 баптар)

   2-тарау. Қаржы полициясының жүйесі және                  (5 - 7 баптар)

              қызметінің ұйымдастырылуы

   3-тарау. Қаржы полициясы органдарының                    (8 - 9 баптар)

              міндеттері мен құқықтары

   4-тарау. Қаржы полициясы органдары қызметкерлерінің      (10 - 12 баптар)

              білек күшін, арнайы құралдар және қару қолдануы

   5-тарау. Қаржы полициясы органдары                       (13 - 17 баптар)

              қызметкерлерінің құқықтық жағдайы

   6-тарау. Қаржы полициясы органдарының                    (18 - 22 баптар)

              қызметкерлері мен зейнеткерлерін

            әлеуметтік қөрғау

   7-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер                  (23 - 25 баптар)

 

 2005.08.07   № 76-III  ҚР Заңымен кіріспе  өзгертілді (бұр. ред. қара)

Осы Заң қаржы полициясы органдарының құқықтық мәртебесiн, мiндеттерiн, ұйымдастырылу және қызмет ету принциптерiн, өкiлеттiгiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасы  қаржы полициясы органдарының жүйесiн айқындайды.

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

2005.08.07   № 76-III  ҚР Заңымен  1-бап  өзгертілді (бұр. ред. қара)

1-бап. Қазақстан Республикасының қаржы полициясы

органдары

Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары (бұдан әрi қаржы полициясы органдары) заңмен белгiленген өкiлеттiктерi шегiнде жедел-iздестiру қызметiн, алдын ала тергеу және анықтау, әкiмшiлiк iс жүргiзу арқылы экономика мен қаржы қызметi  , сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында адам мен азаматтың құқықтарына, қоғам мен мемлекет мүдделерiне қылмыстық және құқыққа қайшы өзге де қол сұғушылықтың алдын алуға, оны анықтауға, жолын кесуге, ашуға және тергеуге бағытталған құқық қорғау қызметiн жүзеге асыратын арнаулы мемлекеттiк органдар болып табылады.

 

 

2-бап. Қаржы полициясы органдарының мiндеттерi

Қаржы полициясы органдарының мiндеттерi мыналар:

1) өкiлеттiгi шегiнде мемлекеттiң экономикалық қауiпсiздiгiн, кәсiпкерлiк қызмет субъектiлерiнiң, қоғам мен мемлекеттiң заңды құқықтары мен мүдделерiн қамтамасыз ету;

2005.08.07   № 76-III  ҚР Заңымен  2 тармақша  жаңа редакцияда  (бұр. ред. қара)

2) экономикалық қаржылық және сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау жолын кесу, ашу және тергеу;

3) экономика саласындағы сыбайлас жемқорлық пен қылмысқа қарсы күрес iсiнде мемлекеттiк саясатты әзiрлеуге және iске асыруға қатысу;

4) қаржы полициясы органдарының қарауына жатқызылған мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру.

3-бап. Қаржы полициясы органдары қызметiнiң

құқықтық негiзi

Қаржы полициясы органдары қызметiнiң құқықтық негiзiн Қазақстан Республикасының Конституциясы, осы Заң және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерi құрайды.

 2005.08.07   № 76-III  ҚР Заңымен  4 - бап   өзгертілді   (бұр. ред. қара)

4-бап. Қаржы полициясы органдарының ұйымдастырылу

және қызмет ету принциптерi

Қаржы полициясы органдарының қызметi заңдылық, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, қадiр-қасиетiн құрметтеу және сақтау, қаржы полициясы  органдары жүйесiнiң бiрлiгi, жұмыстың жария және жасырын нысандарын ұштастыру және дара баршылық, құқық қорғау және басқа мемлекеттiк органдармен, лауазымды адамдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара iс-қимыл жасау принциптерiнде жүзеге асырылады.

 

2005.08.07   № 76-III  ҚР Заңымен  2-тараудың  тақырыбы  өзгертілді   (бұр. ред. қара)

2-тарау.  Қаржы полициясы органдарының  жүйесі және

қызметінің ұйымдастырылуы

2005.08.07   № 76-III  ҚР Заңымен 5-баптың   тақырыбы  өзгертілді   (бұр. ред. қара)

5-бап.  Қаржы полициясы органдарының  жүйесi

2005.08.07   № 76-III  ҚР Заңымен  1 тармақ   өзгертілді   (бұр. ред. қара)

1. Қаржы полициясының төменгi бөлiмшелерi жоғары тұрғандарына бағынатын бiрыңғай орталықтандырылған жүйесi бар.

Қаржы полициясы органдарының бiрыңғай жүйесiн:

2005.08.07   № 76-III  ҚР Заңымен  1 тармақша   өзгертілді   (бұр. ред. қара)

1) мыналарды:

орталық   мемлекеттiк органды (бұдан әрi - уәкiлеттi орган);

қаржы полициясының аумақтық және мамандандырылған органдарын қамтитын қаржы полициясының органдары;

2) оқу орындары және өзге де ведомстволық бағыныстағы мекемелер құрайды.

 2005.08.07   № 76-III  ҚР Заңымен  2  тармақ   өзгертілді   (бұр. ред. қара)

2. Облыстардың,  (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) қаржы полициясының тиiстi бөлiмшелерi, сондай-ақ қаржы полициясының аймақаралық, аудандық, қалалық, қалалардағы аудандық бөлiмшелерi қаржы полициясының аумақтық органдары болып табылады.

Қаржы полициясының көлiктегi тиiстi бөлiмшелерi қаржы полициясының мамандандырылған органдары болып табылады.

3. Қаржы полициясының аумақтық және мамандандырылған органдары тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс шегiнде уәкiлеттi органның функцияларын жүзеге асырады.

 2005.08.07   № 76-III  ҚР Заңымен  4  тармақ  өзгертілді  (бұр. ред. қара)

4. Қаржы полициясы  органдарының жүйесiне кiретiн уәкiлеттi органды, оның бөлiмшелерi мен оқу орындарын, сондай-ақ ведомстволық бағыныстағы мекемелердi құру, қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

 2005.08.07   № 76-III  ҚР Заңымен  5  тармақ  өзгертілді  (бұр. ред. қара)

5. Қаржы полициясы  органдарының жүйесiне кiретiн ведомстволық бағыныстағы мекемелер қызметiн жүзеге асырудың ерекшелiктерi мен тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.

6. Қаржы полициясы органдарының туы мен нышаны бар.

Қаржы полициясы органдарының туы мен нышанының сипаттамасын Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.

6-бап. Уәкiлеттi орган

2005.08.07   № 76-III  ҚР Заңымен  1  тармақ  жаңа редакцияда  (бұр. ред. қара)

1. Уәкiлеттi орган экономикалық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мақсатында экономикалық, қаржылық және сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу жөнiндегi басшылықты, сондай-ақ заңдарда көзделген шектерде салааралық үйлестiрудi және өзге де арнайы атқарушылық және рұқсат етушілік функцияларды жүзеге асырады.

 2. Уәкiлеттi орган:

1) қаржы полициясының органдары мен ведомстволық бағыныстағы мекемелер қызметiнiң негiзгi бағыттары бойынша олардың iс-қимылына басшылықты, оның үйлестiрiлуi мен келiсiмдiлiгiн қамтамасыз етедi;

2) қаржы полициясы органдарының жедел-iздестiру, әкiмшiлiк, тергеу және анықтау қызметiнiң практикасына талдау жасайды;

2005.08.07   № 76-III  ҚР Заңымен  3  тармақша  өзгертілді  (бұр. ред. қара)

3) экономикалық, қаржылық және сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарға  қарсы күрестiң нысандары мен әдiстерiн жетiлдiредi, жедел-iздестiру қызметiнiң стратегиясы мен тактикасын белгiлейдi, қаржы полициясы органдары қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыру жөнiндегi шараларды әзiрлейдi және iске асырады;

4) қаржы полициясы органдары бөлiмшелерiнiң жұмысына бақылау жасайды;

5) Қазақстан Республикасының экономикалық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiнде басқа мемлекеттiк органдармен өзара iс-қимыл жасайды;

6) қаржы полициясы органдарының мамандарын даярлауды және кадрларының бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады;

7) қаржы полициясы органдары қызметiнiң басым бағыттарын белгiлейдi, оларды icкe асырудың құқықтық, ұйымдық және экономикалық тетiктерiн әзiрлейдi;

2005.08.07   № 76-III  ҚР Заңымен  8  тармақша  өзгертілді  (бұр. ред. қара)

8) экономикалық, қаржылық және сыбайлас жемқорлық  қылмыстар мен құқық бұзушылықтарға қарсы күрес мәселелерi бойынша шет мемлекеттердiң тиiстi органдарымен өзара iс-қимыл жасайды, өз өкiлеттiктерi шегiнде халықаралық ұйымдардың қызметiне қатысады;

9) заңмен белгiленген өз өкiлеттiгi шегiнде нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдайды.

3. Уәкiлеттi органның, оның бөлiмшелерiнiң, сондай-ақ ведомстволық бағыныстағы мекемелерi қызметiнiң негiзгi мәселелерiн қарау үшiн уәкiлеттi орган басшысының жанынан консультациялық-кеңесшi орган болып табылатын алқа құрылады.

7-бап. Уәкiлеттi органның басшысы

1. Уәкiлеттi органның басшысы мен оның орынбасарлары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

2. Басшы шешiмдердi өз өкiлеттiгi шегiнде дербес қабылдайды және уәкiлеттi органның қызметi үшiн жеке өзi жауап бередi.

3. Басшы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес:

1) уәкiлеттi органға басшылықты жүзеге асырады;

2) барлық мемлекеттiк органдар мен ұйымдарда уәкiлеттi органның атынан өкiлдiк етедi;

3) қаржы полициясы органдары бөлiмшелерiнiң, оқу орындарының және ведомстволық бағыныстағы басқа мекемелердiң басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

4) өз орынбасарларының, қаржы полициясы органдары бөлiмшелерiнiң, оқу орындарының, сондай-ақ ведомстволық бағыныстағы басқа мекемелер басшыларының құқықтары мен мiндеттерiн белгiлейдi;

5) өз өкiлеттiгi шегiнде қаржы полициясы органдары мен ведомстволық бағыныстағы мекемелердiң мiндеттi түрде орындауына жататын бұйрықтар шығарады және нұсқаулар бередi;

2005.08.07   № 76-III  ҚР Заңымен  6  тармақша  өзгертілді  (бұр. ред. қара)

6) Қазақстан Республикасының Президентi  бекiткен штат санының лимитi шегiнде қаржы полициясы органдары , бөлiмшелерi мен оқу орындарының құрылымын және қаржы полициясы органдарының бөлiмшелерi мен оқу орындары туралы ережелердi бекiтедi;

7) Қазақстан Республикасының мiндеттi арнайы тексеруден өткен азаматтарын қаржы полициясы органдарының кадр құрамына қабылдайды, арнайы атақтар бередi;

8) қаржы полициясы органдарының қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

9) әдетте, орынбасарлар, бөлiмшелер басшылары және өзге де лауазымды адамдар арасынан алқаның сан және жеке құрамын бекiтедi, сондай-ақ алқа отырыстарын әзiрлеу мен өткiзудiң тәртiбiн белгiлейдi;

10) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де өкiлеттiктi жүзеге асырады.

3-тарау. Қаржы полициясы органдарының

міндеттері мен құқықтары

8-бап. Қаржы полициясы органдарының мiндеттерi

1. Қаржы полициясының органдары өздерiнiң алға қойған мiндеттерiне сәйкес, өз өкiлеттiктерi шегiнде:

1) жасалған немесе жасалуға әзiрленiп жатқан қылмыстар туралы мәлiмдемелер мен хабарларды қабылдауға, тiркеуге және қарауға, қылмыстардың жолын кесу, оларды ашу, қылмыс жасаған адамдарды ұстау және қоғамға қауiптi салдарына жол бермеу жөнiнде дер кезiнде шаралар қолдануға;

2) Қазақстан Республикасының қылмыстық iс жүргiзу заңдарында көзделген тәртiппен анықтау мен алдын ала тергеудi жүзеге асыруға;

3) әкiмшiлiк құқық бұзушылықтардың алдын алуға, оларды анықтауға және жолын кесуге;

4) жедел-iздестiру шараларын жүзеге асыру, қылмыстық процесте пайдалану үшiн олардың нәтижелерiн тiркеп қою арқылы қылмыстарды анықтауды, алдын алуды, жолын кесудi және ашуды қамтамасыз етуге, өзiнiң iс жүргiзуiндегi қылмыстық iстер бойынша жедел-iздестiру шараларын жүргiзу туралы тергеушiнiң жазбаша тапсырмалары мен прокурордың нұсқауларын, сондай-ақ соттың қаулыларын орындауға;

5) мыналарды:

қаржы полициясы органдарының қарауына жатқызылған қылмыстық iстер және әкiмшiлiк құқық бұзушылық жөнiндегi iстер бойынша адамдарды;

жүрген жерi белгiсiз болған кезде соттың қаулысы бойынша мемлекет мүддесiне орай талап қоюлар бойынша жауапкерлердi iздестiрудi жүзеге асыруға;

6) экономикалық құқық бұзушылықтар келтiрген мүлiктiк зиянның өтелуiн қамтамасыз ету үшiн шаралар қолдануға;

2005.08.07   № 76-III  ҚР
  1   2   3

Похожие:

Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы iconИнвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру
«Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы», "Инвестициялық қорлар туралы" Қазақстан Республикасының...
Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы iconҚазақстан республикасының Қаржы рыногын
«Почта туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын...
Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
«Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 маусымдағы Заңының 56-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы...
Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
Республикасындағы кредиттік бюро және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы” Қазақстан Республикасының Заңын іс жүзіне асыру мақсатында...
Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы icon«Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 24 шілдедегі
Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (бұдан әрі – Бюджет кодексі) сәйкес...
Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы icon«Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 24 шілдедегі
Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (бұдан әрі – Бюджет кодексі) сәйкес...
Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы iconҚазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының 2006 жылдың 30 қыркүйегіндегі Қазақстан Республикасындағы Салықтық қызмет органдары қызметкерінің Кәсіби этика кодексін бекіту туралы
Гандарының қоғам мен мемлекет алдындағы жоғары жауапкершілігін ескере отырып әрі салықтық қызмет органдары қызметкерінің арасындағы...
Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының Қаулысы
Н тәуекелдерді басқару жүйелерінің болуына қойылатын талаптар туралы нұсқаулықты бекіту және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі...
Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы iconНациональный Банк Республики Казахстан
«Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының...
Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы iconҚаржы нарығының жекелеген субъектілерінің бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және қаржы нарығының...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница