Қазақстан республикасының білім және ғылым министірлігі




НазваниеҚазақстан республикасының білім және ғылым министірлігі
страница1/10
Дата конвертации15.02.2016
Размер1.51 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://edu.semgu.kz/ebook/umkd/d488d36c-86b0-11e3-9ea3-f6d299da70ee3 налог Умкд.doc
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

ПОӘК 042-18-20.1.24/03-2013

№ 1 баспа

беттің -беті




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

3 деңгейлі СМЖ құжаты

ОӘК

ПОӘК 042-18-20.1.24/03-2013

«Қазақстан Республикасының салық құқығы» пәнінің оқу-әдістемелік кешені



№1 басылым

.09.2013ж





«Қазақстан Республикасының салық құқығы»

ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

«5В030100»- құқықтану мамандықтарына арналған

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР


Семей

2013


Мазмұны


  1. Глоссарий

  2. Дәрістер

  3. Практикалық және лабораториялық сабақтар

  4. Курстық жұмыс

  5. Студенттердің өздік жұмысы



1. Глоссарий




Терминдік ұғым сөз

Ұғымдық мазмұны

1

Салықтар


коғамдағы экономикалық қатынастардың аса қажетті буыны, бюджет-қаржы жүйесінің маңызды құраушы-сы, әлеуметтік-саяси қатынастардың басты элементі, мемлекет-тік кірістің негізгі нысаны, жалпы-мемлекеттік каржылардың элементі, қоғамдықөндіріске мемлекеттарапынан экономика-лық ықпал ету үшін пайдаланылатын механизм, мемлекеттік бюджет кірісін камтамасыз ететін тетік, экономиканы реттеу және ынталандыру кұралы, дербес экономикалык категория, мемлекеттік бюджет кірісі мен корпоративтік және жеке меншік шаруашылыкаялардағы қаржылык қатынастарға тікелей каты-сы бар объективті-субъективті қаржылык-экономикалыкжәне күқықтық коғамдық құбылыс болып табылады.Азаматтық құқықтың ғылым,әдебиет және өнер т.б. туындыларын пайдалануға байланысты туындайтын қарым қатынастарды реттейтін саласы

2

Салық салу жүйесі.

мемлекеттің салықтык құзырының аукы-мында жұмыс істейді

3

Мемлекеттің салықтык кұзыры

Қазакстан Республикасынын Конституциясында айкындалып, Салык кодексінің ережелерінде зандык көрініс тапкан тиісті мемле-кеттік билік органдарының салыктар мен баска да міндетті төлемдерді белгілеу және алу жөніндегі мемлекеттік өктем өкілеттіліктері камтитын ая болып табылады, сондай-ак ол экономикалық кеңістіктегі мемлекетгің салық салу жүйесінің стра-тегиялык әлеуетін қалыптастырады.

4

Алымдар


дегеніміз уәкілетті мемлекеттік органдар тарапы-нан өздеріне өтінуші қатысты түлғаларға белгілі бар көрсетілген тиісті қызметтер мен берілген құкыктар немесе арнайы рүқсат-тар үшін сол занды немесе жеке түлғалардан алынатын максат-ты, эквивалентті әрі міндетті ақшалай төлемдер.

5

Баж


деп арнайы мамандандырылған уәкілетті органдар та-рапынан өздеріне өтінуші түлғаларға қатысты жасалған заңи маңызы бар белгілі бір іс-қимылдар және берілген ресми қүжат-тар үшін сол заңды немесе жеке түлғалардан алынатын эквива-лентті, міндетті ақшалай төлемді

6

Төлемақы


уәкілетті мемлекеттік органдар тарапынан өзде-ріне өтінішпен келуші түлғаларға көбінесе материалдык көрініс табатын, сондай-ақ кейде басқаша мақсатта пайдаланылатын белгілі бір объектілерді, не болмаса соларға байланысты рұксат-тарды және құқыктарды бергені үшін сол занды немесе жеке тұлғалардан алынатын біршама-эквивалентті, міндетті ақшалай төлем.



2.Дәрістер

Тақырып 1. Тақырып 1.Салық және Қазақстан Республикасының салық жүйесі

1.Салықтардың пайда болуы тарихы,кезеңдері

2.Салықтық белгілер

3.Салықтарды топтастырылуы

4.Салық салуды реформалау

Салыктар коғамдық қатынастары біртіндеп дамып келе жатқан адамзат өркениетінің бастапкы кезендерінде пайда болган болатын. Кезінде Інжілдегі Ізгі хабарын жазғанда Лука Исаның (Христостың) тууы туралы өзінің баяндауын «Сол күндері кесарь (патша) Август жер жүзінің барлық тұрғындары салық төлеу үшін тізімге тіркелсін деген бұйрык берді» деп бастаған еді. Осы оқиға салықтар мен алымдарға байланысты санақ есебін алу және тізімге тіркеу ісінің бастамасы болды, сондай-ақ халық санағы мен жерлерді есепке алу женіндегі аталмыш өктем іс-қимылдар Сирияны Квирини басқарып тұрған кезде, астарлы мағынада жүргізілген болатын.

Тізімге тіркеу (қазіргі кездегі салықтык тіркеу есебіне алу) барысында, бірінші кезекте римге бағынышты барлык провинциялардың жерлерін кадастрлеуге және бағалауға кол жеткізілсе, екінші кезекте түрғылыкты халыктар накты салық төлеушілер ретінде есепке алынды. Міне, осындай жәйттер Иса Құтқарушы (Машиах) дүниеге келген кезден бастап салыктар-дың императорлар (падишахтар) қазынасы мен мемлекет пайдасына халыктан мәжбүрлеп ақша алудың танымал әрі таптырмас құралына айналғанын дәлелдейді.'

Көне Үндістанда «Ману зандарында»: «шалынған құрбандықты өзіне, яғни құрбандықка шалынған (берілген) малмүліктерді өзіне тек брахмандар ала алады» деп белгіленген болатын. Сонымен бірге осы зандарда «Веданы жатқа, жақсы білушілерден патша салық ала алмайды» деп, брахмандардың салык төлеуден босатылатыны бекітілген еді. Ал патшаға және баска да басқарушыларға байланысты сол «Ману зандарында» «Патша жыл сайын елде тұратын бұқара халыкты дербес кәсіппен айналысуға мәжбүр етсін және оларды салык деп аталатын төлемді төлеуге мәжбүрлесін» деп көрсетілген.

Енді көне Грекияға көз салсак, онда алымдар мен салыктар-ы алудың әр алуан тәсілдері мен түрлері пайдаланылғанын байкаймыз. Классикалык Грекияда алғашкы тікелей алымды тек құдайлар мен храмдарға құрбандық шалу ретінде берілетін малмүліктер түрінде алып отырса, кейіннен кемелер жасауға, белгіленген тәртіпті камтамасыз етуге, кала шаруашылығы мен порттағы жұмыстарды жүзеге асыруға деп азлап салық алынатын болған.

Біздің эрамызға дейінгі VII—VI ғасырларда ауқаттылардың өкілдері табыстың онға бөлгендегі бір бөлігін немесе жиырмаға бөлгендегі бір бөлігін қазынаға алу қажет деп белгілеген. Ал VI ғасырдың соңы мен V ғасырдың басында қоғамдық ауыртпашылықтар-литургиялар пайда болған. Литургиялық міндеттерін өтегендер басқа салықтарды төлемейтін болған.

Бесінші ғасырдың ортасына таман салықтарды алудың жаңа түрлері ойластырылған. Мысалы: базарлардағы сауда-саттыққа салынатын салықтар, шетелдік азаматтардан алынатын салыктар, кедендік баждар алынған. Жезәкшелерге де салық салынған. Бұлар кірістерді кұраса, шығыстарға: қаланы астықпен және ағашпен қамтамасыз етуге кететін қаражаттар; спорт ойындарын каржыландыруға, дипломатиялық қатынастарды қаржылан-дыруға, полицияны ұстауға қажетті қаражаттар жатқан. Бұл ретте басқару нысанына, мемлекеттерге және басқа да жайларға қарамастан, салықтардың қажеттілігі және әрдайым әрі ұдайы алынатындығын, сондай-ақ салық төлеуден ешкімнің тыс қалмайтындығын байқаймыз. Мысалы, ауқатты азаматтар триеархияға 200 таланттан (алтын ақша) төлеп отырған. 378-377 жылдары ауқатты және басқа азаматтардың мүліктері мен байлыктарын жаппай бағалау жүзеге асырылған. Ерікті коғамдық төлем литургия да өкінішке орай салыққа айналдырылған болатын.

Көне Римдегі алғашкы салықтар цензус (ценз) деп аталған. Ценздер әрбір бес жылдың көлемінде азаматтардың муліктеріне сәйкес белгіленіп, алынған.

Кейде салыктар мен баждардан және жерді жалга беруден түскен түсімдер қала шаруашылығына кететін шығындарды жаппаған жағдайда, тек қалада тұратын азаматтардан «мунира» деп аталатын салық алынған. Мунирадан баска мемлекеттік салық «трибутумды» телеу рим азаматының борышы әрі міндеті болған. Провинциялардағы жерлердің аумағы өлшеніп, калалар бойыиша кадастрлар жасалынып отырған. Римдегі (онын провинцияларындағы) негізгі салыктардын бірі жер салығы «аннона» болған. Оның төлемдері ауылшаруашылығы өнімдері түрінде алынған.

Ресей мемлекетінің салық жүйесі IX ғасырдын соңына таман қалыптаса бастады. Ең бірінші алынған салык «дань» деп аталынатын. Сол кездерде алынатын салықтардың бәрі баждар болып саналатын. Баждардын мына түрлері алынған: «мыт», «гостиная», «перевоз», «вес и мера», «торговая», «вира», «продажа». Татар-монғол шапқыншылығы кезінде Ордаға «выход»-деген салық төленген, сондай-ақ «ям» атты салык Орданың елшісі мен оның кызметкерлерін ұстау үшін алынған. Патша Үшінші Иванның кезінде «данные», «ямские», «пишальные» деген салыктар, «стрелецкая подать», «полоняничные деньги», «сборы на городовое и засечное дело», «соха», «медовая дань», «яеуся» деген түрлі міндетті төлемдер алынған.

Бірінші Петрдің тұсында фискальдық палата құрылған болатын. Одан басқа қаржылар мәселесімен айналысатын камерколлегия, штатс-контр-коллегия, комерц-коллегия және ревизионная коллегия сияқты мемлекеттік органдар болған.

Сол кезде мына келесідей әр алуан салықтар мен міндетті толемдер алынған: «гербовый сбор», «подушной сбор с извозчиков», «налоги с постоялых дворов», «налоги на бороду, усы», «налоги с печей, судов, продажи съестного», «подушная подать» (кейін «налог со строений»). Кейінгі патшалардың басқарулары аясында «питейный налог», «гильдейская подать», «квартир-ный налог», «налог на доходы с ценных бумаг», «сбор с проезда по шоссе Санкт-Петербург — Москва», «пошлина с имущества, переходящего по наследству», «сборы с заграничных паспор-тов», «паспортные сборы», «акцизы на табак, сахар, соль, спички, прессованные дрожжи, осветительные масла», «промысловый налог». Міне, Ресей салык жүйесінің қалыптасып, дамуы кезінде алынған негізгі міндетті төлемдер осылар болған. Әрине, әрбір елдің салық жүйесінің әр кездегі болмысы және кұкыктык тағдыры патшалар мен билеушілердің, мемлекеттің саяси еркіне тәуелді болғаны, сондай-ак бола беретіні сөзсіз.

Қазақстанда да заман-кезендеріне сай салык жүйесі болғаны ешбір күмән тудырмайды. Бір ғана дәлел ретінде «Ұлы жібек жолы» мен өркендеп, дамыған қамал-қалалар «Сығанақ», «Отырар», «Тараз», «Мерке», «Исфиджаб», «Құлан», «Яссы», «Сауран», «Барысхан, «Аспара», «Баласағүн», «Қойлық», «Талхиз», «Екіөгіз», «Баба-ата» жөніндегі мағлұматтарды айтуға болады. Тек бір өкініштісі, жазба мәліметтердің сақталмағанына байланысты осы салықтар жөніндегі дерек көздерінің өте аз болуы.

Кезінде Қазакстан тарихына, сонымен бірге салық салу мәселелерін шешуге орасан зор үлесін қосқан бірден-бір құқықтық дерек кезі Тәуке ханның (Әз Тәуке) хандық құруы кезінде, оның тікелей қатысуымен қабылданған «Жеті Жарғы» болыптабылады.

Қазакстанның Ресей боданы болуына байланысты оның аумағында да Ресейдің заңдарында көзделген салыктар мен өзге де міндетті төлемдер алынатын болған. Тек Қазакстанның езіне тән алымдар да белгіленіп отырған. Мысалы, «кибиточный сбор», «ясачная подать», «паспортный сбор», «ямская повинность» және т.б.

8-12 ғасырларда айтарлыктай дамыған салык салу теориясы экономикалық және мәдени гүлденуі шарықтаған ислам әлемі елдерінің мұсылмандық құқығында шариатта көрініс тапкан болатын. Салық салудың мұсылмандык жүйесінің көптеген элементтері казіргі Казакстан мен Орта Азия аумағындағы мемлекеттерде, олар 19 ғасырда Ресей экономикалык жүйесіне косылмай тұрып таралған еді.

Шариат (араб сөзі «аш — Шариа» түзу, дұрыс жол мағынасында айтылады) қоғамдағы адамдардың өзара катынастарын, соның ішінде салыктарға байланысты мән-жайларды да жан-жақты реттейтін нормалары бар казіргі әлемдегі ете ірі әрі біртұтас құкық жүйесі болып табылады.

Белгілі өзбек ғалымы, мемлекет танушы А.Саидов 12 ғасырдағы ханифиттер мазхабының (мектебінің, ағым — бағытының деуге болады) факиғы (факих — діни құқықтанушысы) Бурхан ад — Дин әл Маргинанидің «Әл — һидоя» деген еңбегіне көптеген ғасырлар бойына жасалынған түсіндірмелер («Хидоя. Мүсылман кұқығының түсіндірмелері») жинағына жазған баяндамасында: «мүсылман құқығының айрықша ерекшелігі — оның біртұтастығы және пәрменділігі; шариат нормаларында батыс (континентальдық, англосаксондық) құкық жүйелерінде байқалатын, адамдардың өзара қатынастарын реттейтін нормаларды құкыктык, әдептілік және діни нормалар деп бөлу орын алмаған.

Шариат - ислам құқығының философиясы, ол үшін рухани, діни және зайырлы өкімет біртүтас, яғни мұсылманнын діни, зайырлык және практикалық қызметгері бәлінбес сипатта болады» деп көрсеткен.

Кезінде салықтарды жинаудың икемді тәсілдерін қолдану қажеттілігі жөнінде Әмір Темір кереген (Гурхан Тимурленг Гурганджи) әзінін «Халықтан кірістер мен контрибуциялар жинау туралы» қаулысында: «Алым, салық жинау кезінде мүмкіндігінше халыққа ауыртпашылық түсірмеу керек және аумактардағы елді мекендерге салмақ салуды азайту қажет.

Өйткені, халықтың кедейленуі мемлекеттің қазынасынын тапшылығына әкеліп соктырады, ал мемлекеттік мүқтаждықтарды өтеуге кажетті қаражаттың болмауы әскери және басқа күштерін ыдырап кетуіне әкеліп соктырады, ал жеткілікті, мықты әскердің және баска да күштердің болмауы мемлекеттік екімет билігін, мемлекетті әлсіретеді » деген болатын.

Ресей империясының қаржылық құқық саласы бойынша көрнекті ғалымы П.П. Гензель бұрынғы кездерде етек жайған салықтарға байланысты заңсыз мәжбүрлеулер жөнінде: «Көне заманнан бері салық салудың техникалық жолдары, әралуан кадастрлары және ендіріп алудың аса бір икемді тәсілдері жақсы мәлім болған» деп айта келіп «кене заманда қаржылық қүқық жоқ болғандықтан казіргі кездегідей салық салу тәртібін білмегендері белгілі. Ол кезде тек бағындырылған халықтан салық алуға бағытталған қаржылық мәжбүрлеуді ғана білген» деп тұжырымдаған. Міне, салықтар жөнінде осындай кезқарастар қалыптаскан еді.

Сонымен салықтардың бағзы заманнан алынып келе жатқаны жоғарыда біршама айтылды және кандай болмасын мемлекеттің болмысы мен есіп-дамуының материалдық негізі - қаржыларды калыптастыратын ең басты кайнар түсім көздеріне салықтар мен баска да міндетті төлемдердің жататыны белгілі болды. Бүл ретте ескеретін маңызды жәйт, салыктар билеу-шілердің, императорлардың, патша ағзамдардың карамағына болсын, кейіннен мемлекеттіңтікелей өзіне болсын мәжбүрлеп алынғандықтан, олардың араларындағы айырмашылык тек жекеше-қүқыктык кірістер түрінде немесе коғамдык (мемлекеттік) құқыктык кірістер сипатында болды.

Жоғарыда айтылғандай салық салу жүйесі (салықтар) адамзат өркениетінің әр қилы кезеңдеріңде туындап, қалыптасып. дами отырып бүгінде белгілі бір денгейде дамыған әрбір мемлекеттің мызғымас атрибуты, сол мемлекеттің қандай да болмасын мұқтаждықтарын қанағаттандырудың және әлеуметтік-экономикалық салаларын реттеудің таптырмас құралы ретінде көрініс табуда.Салықтар, салық салу және салықтық құқық жөнінде кезінде А. Смит, Д. Рикардо, У. Петти, Н. Тургенев, М. Сперанский. 11.1. Уәлиханов, И. Алтынсарин, А.Құнанбаев, А. Байтұрсынов, А. Бөкейханов, кейіннен бұрынғы Кеңес кеңістігі мен қазіргі егеменді еліміздің ғалымдары М. Оспанов, А. Худяков қалып тастырған маңызы зор теориялар, экономикалық және құкықтық көзқарастар осы салықтардың қоғам мен мемлекет үшін ауадай қажет екенін дөлелдеп отыр.Осы салық жүйесінің мындаған жылдар бойы дамып, өркениетті түрде қалыптасқан шағы XVII ғасырдың соңы мен XVIII ғасырдың басына тұс келген болатын. Оны ірге тасын қалаушылардың ішіндегі бірегейі Адам Смит деп айтсақ қателеспейміз. Ол өзінің 1776 жылы шыққан «Халықтар байлығының табиғаты мен себептерін зерттеу жөнінде» атты кітабында: «Мемлекеттің тұрғындары өздерінің табыстарына қарай мемлекеттің мұқтаждығын қанағаттаңдыру үшін ат салысуға тиіс. Олар телейтін төлем - салықтың мелшері өте дәл айкындалғаны дұрыс болады, сондай-ақ телеу мерзімі, төлеу тәсілі және төленетін сомасы өте анық болуы қажет. Салықты алу кезеңі мен уақыты немесе тәсілі салық тәлеуші үшін ыңғайлы әрі қолайлы болуға тиіс. Сонымен қатар, әрбір салықтың салмағы халықтың жанқалтасын ойсыратып кетпей, мүмкіндігінше аздап алынуы қажет. Сонда, мемлекет қазынасына түсетін табыс мөлшерлеген межеден артық болмаса, кем түспейді» деп жаз-ған еді.

Міне, осы айтылғандардың түпкі тұжырымы ретінде мына-
дай: «салықтарды барлық азаматтардың арасында, олардың та-
быстарына сай біркелкі бөліп, белгілеу; салықтық төлемнің со-
масы, тәсілі және уақыты оны тәлеушіге күні бұрын әрі нақтылы белгілі болғаны дұрыс; салықтар әрбір салық төлеушіге қолайлы уакытта және ыңғайлы тәсілмен алынуға тиіс; салық алу кезінде салық төлеушінің шығындары мүмкіндігінше аз болуға тиіс» деген салық салудың негізгі қағидалары қалыптастырылған болатын. Салыктың белгіленуі салық салу мемлекеттің қүрылысына, қалыптаскан қоғамдық дәстүрлерге, мемлекет экономикасы менфискальдык саясатының мән-жайына, билік етуші тармақтардың өктем өкілеттіліктерінің демократиялык деңгейіне, накты

қалыптасқан әлеуметтік, саяси және әкімшілік жағдайларға қарай жүзеге асырылады. Былайша айтқанда, салықты мемле|кеттің экономикалық әлеуетінің (күш-қуатының) функциясы іздеп санауға болады. Осы орайда қатты ескеретін жәйт, салықтын (экономикалық) мән-жайы мен заң жүзінде іске асырылатын мәнінін арасында қарама-қайшылық туындамауы қажет.

Демек салық, салық салу, мемлекеттің салық жүйесі деген сөздердің мағынасын мемлекеттің кірісін салық төлеушілердің заңды және жеке тұлғалардың материалдық мүдделеріне мүмкіндігінше нұқсан келтірмей қалыптастыру керек деп түсінген дұрысПысықтау сұрақтары:

1Салықтың шығу тарихы

2.Салықтың жіктелуі
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Похожие:

Қазақстан республикасының білім және ғылым министірлігі iconҚазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі

Қазақстан республикасының білім және ғылым министірлігі iconҚазақстан республикасының білім және ғылым министірлігі
Азаматтық құқықтың ғылым,әдебиет және өнер т б туындыларын пайдалануға байланысты туындайтын қарым қатынастарды реттейтін саласы
Қазақстан республикасының білім және ғылым министірлігі iconҚазақстан республикасының білім және ғылым министірлігі
Азаматтық құқықтың ғылым,әдебиет және өнер т б туындыларын пайдалануға байланысты туындайтын қарым қатынастарды реттейтін саласы
Қазақстан республикасының білім және ғылым министірлігі iconҚазақстан республикасының білім және ғылым министірлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің Қазақстан тарихы кафедрасының отырысында
Қазақстан республикасының білім және ғылым министірлігі iconҚазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі
Лист утверждения к рабочей ф со пгу 18. 1/06 программе дисциплины разработанной на основании
Қазақстан республикасының білім және ғылым министірлігі iconҚазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі
Стандарттау, метрология және сертификаттау мамандығының студенттерге арналған «Сапа менеджменті жүйелері»
Қазақстан республикасының білім және ғылым министірлігі iconҚазақстан республикасының Ғылым және білім министірлігі
«Ветеринариялық санитариялық сараптаудағы топографиялық анатомия және лимфа жүйесі» бойынша бағдарламасы
Қазақстан республикасының білім және ғылым министірлігі iconҚазақстан республикасының білім және ғылым министірлігі
В020300 «тарих» мамандығы үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарты арнайы пәннің типтік бағдарламасының негізінде жасалған....
Қазақстан республикасының білім және ғылым министірлігі iconҚазақстан Республикасының ғылым және білім министірлігі
М070300 «Ақпарақаттық жүйелер» мамандығы бойынша мемлекеттік емтихан пәндерінің тізімі
Қазақстан республикасының білім және ғылым министірлігі iconҚазақстан республикасының білім және ғылым министірлігі
«Қазақстандағы ХХ ғ Шетел кәсіпкерлігінің қалыптасу тарихы» пәнінің оқу-әдістемелік кешені
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница