Реферат Тақырыбы: Тура салық




Скачать 64.65 Kb.
НазваниеРеферат Тақырыбы: Тура салық
Дата конвертации15.02.2016
Размер64.65 Kb.
ТипРеферат
источникhttp://group-global.org/sites/default/files/publications/Tortbaeva_A_karzhy_SRS.doc
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті






Реферат

Тақырыбы: Тура салық


Орындаған: Тортбаева А.

Тобы: Эк12к

Тексерген: Керімбекова Н.


Алматы, 2014

1991 жылғы желтоқсанның 25-інен бастап біздің елімізде салық жүйесі жұмыс істей бастады. Ол «Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы» заңға негізделді. Бұл заң салық жүйесін құрудың қағидаттарын, салықтар мен алымдардың түрлерін, олардың бюджетке түсу тәртібін белгіленген алғашқы құжат еді.Осы заңға сәйкес Қазақстанда 1992 жылға қаңтардың 1-нен бастап 13 жалпы мемлекеттік салық,18 жергілікті салықтар мен алымдар енгізді.

Қазақстан Республикасының Үкіметі 1995 жылдың басында салық реформасының ұзақ мерзімді тұжырымдамасын қабылдап, онда еліміздің салық жүйесі мен салық заңнамасын бірте-бірте халықаралық салық салу қағидаттарына сәйкестендіру көзделді. Осыған байланысты «Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы»1995 жылғы сәуірдің 24-інде Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлығы шықты. Енді бұрынғы 42 салықтар мен алымдар едәуір қысқартылып, олардың саны небәрі 11 болып қалды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы сәуірдің 24-індегі заң күші бар жарлығы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы шілденің 16-сындағы № 440-1 заңына сәйкес заң мәртебесін алды. Осы уақыт аралықтарында Президент жарлықтарымен және Қазақстан Республикасының заңдарымен бұл заңға өзгертулер мен толықтырулар еңгізіледі. Қазақстан Республикасы Конституциясының 35 – бабында: заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің бұрышы әрі міндеті болып табылады, - деп жазылған. 

Салық деп заң актілерімен белгіленген тәртіп пен шарттарға сәйкес төлеушілердің бюджетке немесе бюджеттік емес қорларға міндетті түрде жасайтын жарнамаларын айтамыз. Ұлттық табысты қайта бөлу фкторы бола отыра салықтар мына жағдайларды жүзеге асырады. Бөлу жүйесінде пайда болатын қатерлерді жоюға мүмкіндік туғызады. Адамдардың осы немесе басқа әрекеттерінің дамуын ынталандырады (немесе ынталандырмайды).

Мемлекетке түсетін салықтардың алымдардың, баждардың және басқа төлемдердің ( бұдан кейін салықтар) жиынтығы және олардың құрылуын формалары мен әдістерінің жиынтығы салық жүйесін құрайды.

Салық жүйесі мемлекеттің сәйкес келетін заңдылық актілеріне негізделеді. Оның арқасында салықтың құрылуының және жиналуының нақты әдістері, яғни салықтар элементтері белгіленеді.

Төлем жасау, қабілетіне байланысты салықтар тікелей және жанама болып бөлінеді. Тікелей салықтарды салық субъектілері тікелей төлейді. Олар заңды және физикалық тұлғалардан алынады. Тікелей салықтар сондай-ақ нақты және өзіндік болып жіктеледі. Нақты салықтар мүліктің жеке түрінен төленсе, ал өзіндік салықтар заңды немесе жеке тұлғалардың табыс көзінен немесе декларация бойынша өндіріліп алынады. Мұнымен қатар, тікелей салықтардың бір түрі тек заңды түлғалармен төленсе, екіншілері — тек жеке түлғалармен, ал үшіншісі — әрі заңды, әрі жеке тұлғалармен төленеді.

Тікелей салықтар төлем қабілеттігіне тікелей пропорционалды болады. Осыған жататындар:

  • Азаматтарға салынатын табыс салығы және корпарациялардың (фирмалардың) пайдасына салынатын салық;

  • Мүлік салығы осының ішінде меншікке (жерге, қозғалмайтын мүлікке) әлеуметтік сақтандыруға, жалақы қорына және жұмысшы күшіне (әлеуметтік жарнамалар деп аталатындар) салынатын салықтар пайданы шетелге аударған үшін салынатын салықтар;.



Жеке табыс салығы — жеке тұлғалардың ең бірінші кезекте төлейтін салығы болып саналады. Себебі, тапқан табыстарынан немесе табыс көздерінің бір бөлігін салық ретінде аударып отырады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев халыққа арнаған Жолдауында жеке табыс салығының ставкаларын төмендетіп, салық төлеу тәртібін оңтайлы етіп, белгілі бір жүйеге келтіруді атап өтті, яғни мұны жеке тұлғаларға халықтың әлеуметтік жағдайының жақсаруына қосқан үлесі ретінде қарауға болады. Жеке табыс салығы алғашқы салықтардың бірі.
Салық кодексі қабылданғанға дейінгі кезеңде бұл салық түрі «жеке тұлғалардың табыстарына салынатын табыс салығы» деп аталатын. Салық кодексі қабылданып, бұл атау қысқарып, халықаралық стандартқа сәйкес, «жеке табыс салығы» деп аталды.

Жеке табыс салығын - салық салу объектілері бар жеке тұлғалар төлейді. Резидент емес жеке тұлғалар жеке табыс салығы бойынша  салықты есептеп, төлейді және жеке табыс салығы бойынша  салық  декларациясын табыс етеді.

Жеке табыс салығы бойынша негізінен екі салық салу объектілері бар:
1. төлем көзінен салық салынатын табыстар;

2.төлем көзінен салық салынбайтын табыстар.


Салық төлеушінің төлем көзінен салық салынатын табыстары жеке тұлғалардың ақшалай түрде алған барлық табыстарының жиыны болып табылады және оның құрамына жататындар:
1) қызметкердің табысы;
2) біржолғы төлемдерден алынған табыс;
3) жинақтаушы зейнетақы қорларынан берілетін зейнетақы 
төлемдері; 
4) дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түріндегі табыс; 
5) стипендиялар;
6) жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табысы жатады,

Корпоративтік табыс салығы салықтық түсімдерде және мемлекеттік бюджет кірістерінде едэуір орын алады ( тиісінше 32,7% және 23%-ға жуық (2008 ж). Бұл салықты мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңи тұлға-резиденттері, сондай-ақ Қазақстан Республикасында кызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын немесе Қазақстан Республикадағы көздерден табыс алатын заңи тұлға-бейрезиденттер төлейді. Оңайлатылған мағлұмдама негізінде арнаулы салық режімін колданатын заңи тұлғалар көрсетілген режім шеңберінде салық салынатын табыстар бойынша корпоративтік табыс салығын есептейді және төлейді. Корпоративтік табыс салығының мынадай мөлшерлерде мөлшерлемелері белгіленген:
табыс көзінен салық салынбайтын табысқа - 20%; заңи тұлғалар – ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілердің табысына, егер мұндай табыс ауыл шаруашылығы өнімін, арашаруашылығы өнімін өндіру, сондай-ақ ез өндірісінің көрсетілген өнімді өңдеу және өткізу бойынша кызметін жүзеге асырудағы алынған болса- 10%; Салықтық кодекске сәйкес анықталатын бейрезиденттердің мұндай бейрезиденттердің тұрақты мекемесімен байланысты емес төлем көзінен салық салынатын табыстарына 5%-дан 20%-ға дейін:
1) төменде көрсетілген табыстарды қоспағанда табыстарына - 20%;
2) жеңілдікті салық салуы бар мемлекетте тіркелген тұлғаның табыстарына - 20%;
3) тәуекелдерді сақтандыру (қайта сақтандыру) келісімшарттары бойынша сақтық сыйлықақыларына - 10%;
4) халық аралық тасымалдарда көлік кызметтерін көрсетуден түсетін табыстарына- 5%;
5) кұн өсімінен түсетін табыстарға, дивидендтерге, сыйақыларға, роялтиге - 15%;

Салық кодексінің 405-бабына сәйкес салық салу объектiсi бар жеке тұлғалар жеке тұлғалардың мүлiк салығын төлеушiлер болып табылады.

 Жеке тұлғаларға меншік құқығымен тиесілі Қазақстан Республикасының аумағындағы тұрғын үйлер, ғимараттар, саяжай құрылыстары, гараждар және өзге де құрылыстар, ғимараттар, үй-жайлар және аяқталмаған құрылыс объектiлерi қоныстану, пайдалану кезiнен бастап оларға мүлік салығын салу объектісі болып табылады.
     Бұл 405-бапқа өзгеріс енгізілген - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.


Қорыта айтқанда, салық міндеттемесі мемлекет алдындағы әрбір салық төлеушінің міндеттемесі болып табылады және ол салық заңына сәйкес жүргізіледі. Салық ел экономикасының өсуіне үлкен ықпал келтіреді:

Салықтың жүктемелі төмендету біздің реформаны жүзеге асыруда қолданылады. Бұл кәсіпкерлікті дамыту үшін қажетті жағдай жасауға көмектеседі. Салық кодексі Қазақстан Республикасындағы барлық салықтық қатынастарды реттейтін бірден-бір заңды кұжаты болып табылады. Салық кодексі салықтардың толық тізімін, оларды есептеу тәртібін, салық салу объектілерін, салықтың негізгі түрлері бойынша төлеушілерін анықтайды.
Есепке алынған ақпараттардың көмегімен шаруашылық жүргізуші субъектілердің есебін және олардың құрылымдық бөлімшелердің қызметін жедел басқару үшін, экономикалық болжамдар мен ағымдық жоспарлар жасау үшін, сөйтіп, мемлекеттік бюджеттің, ел экономикасының даму заңдылықтарын зерделеу және зерттеу мүмкіндіктері пайда болады.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Ермекбаева Б.Ж., // Салық салу негіздері // Оқулық, - Алматы 2013

2.Құлпыбаев С.,Мельников В.Д. Қаржы негіздері: Оқулық,-Алматы, 2009

2. ҚР кодексі: Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы. // , 2001 ж, 29 шілде, №27,1-139б.

3. Байдусенов А.Д. Қазақстан салық жүйесіндегі кейбір мәселелері: салық жүйесі // Қаржы – қаражат, 2001ж №4, 32-36б.

4. www.google.ru

Похожие:

Реферат Тақырыбы: Тура салық iconҚорытынды Пайдаланған әдебиеттер Кіріспе
Оның мазмұнын төмендегідей маңызды терминдер сипаттайды: салық міндеттемесінің есебі, міндеттеме тәсілімен табыс салығының есебі,...
Реферат Тақырыбы: Тура салық icon3 дәрістің 3ші, 5 дәріс, 6 дәрістің 3ші, 9 дәрістің 2ші, 10 дәрістің 3ші, 12 дәріс, 13 дәріс, 14 дәрістің 2ші
Мақсаты: Бұл семинар тақырыбы дәріс сабағында қарастырылды, дәріс сабағында мемлекеттің салық қызметіне жалпы түсінік берілді. Студенттер...
Реферат Тақырыбы: Тура салық iconIi салық берешегі бойынша айыппұлдар және оларды есептеу және рәсімдеу
Салық тексеруі Қазақстан Республикасы салық заңдамасының орындалуын салық қызметі органдары жүзеге асыратын тексеру түрі
Реферат Тақырыбы: Тура салық iconIi салық берешегі бойынша айыппұлдар және оларды есептеу және рәсімдеу
Салық тексеруі Қазақстан Республикасы салық заңдамасының орындалуын салық қызметі органдары жүзеге асыратын тексеру түрі
Реферат Тақырыбы: Тура салық iconСалық бүгінгі күннің өте өзекті мәселесі. Еліміздің экономиксының өркендеп, халық тұрмысының жақсару негізінен салық үлкен роль атқарады
Салық кодексін дайындап жасаушылар халықтың салық мәдениеті мен кәсіборын басшыларының кәсіби деңгейін көтеріп, салық Кодексін өмірге...
Реферат Тақырыбы: Тура салық iconҚызмет көрсетуге уәкілетті, салық қызметінің органы
Салық төлеушінің (салық агентінің) салық есептілігін тапсыруды (тоқтата тұру мерзімін ұзарту, қайта жанарту) тоқтата тұру
Реферат Тақырыбы: Тура салық iconКодексінің (Салық кодексі) 56-бабы 4-тармағына
Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін, шаруа және фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілерге...
Реферат Тақырыбы: Тура салық iconРеферат Тақырыбы
Тақырыбы: Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін ұлттық-инновациялық жүйені өсірудің маңызы
Реферат Тақырыбы: Тура салық iconҚазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi)
Осы Кодекс салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi белгiлеу, енгiзу және есептеу мен төлеу тәртiбi жөнiндегi...
Реферат Тақырыбы: Тура салық icon2-тарау. Салық төлеушінің және салық агентінің құқықтары мен міндеттері. (11 14 баптар)
Мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз (45 48 баптар)
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница