Оңтүстік Қазақстан облысының мәліметтері негізінде кіріспе зерттеу тақырыбының өзектілігі




НазваниеОңтүстік Қазақстан облысының мәліметтері негізінде кіріспе зерттеу тақырыбының өзектілігі
страница1/3
Дата конвертации15.02.2016
Размер0.5 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.xn--80aja6bcnk.kz/wp-content/uploads/2015/12/Аграрлық-секторда-кәсіпкерлікті-дамытуды
  1   2   3

www.РЕФЕРАТ.kz Қазақша рефераттар сайты

Аграрлық секторда кәсіпкерлікті дамытуды жетілдіру жолдары

( Оңтүстік Қазақстан облысының мәліметтері негізінде)


КІРІСПЕ


Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Аграрлық салада жүргiзiлген реформа нәтижесiне екi тұрғыда баға беруге болады: бiрiншiден, агроөнеркәсiп кешені өндiрiсінде көп укладты экономика қалыптасты, шаруашылық субъектiлерiне толық дербестiк берiлiп, олардың өз қызметтерiн өздерінің жүзеге асыруына және өндiрген өнiмдерiнің бөлуiне мүмкiндiк жасалынды, яғни нарықтық қатынастың, кәсiпкерлiктiң дамуының бiр орталықтан басқару жүйесiн толықтай дерлiк әлсiреттi; екiншiден, асығыс жүргiзiлген институционалдық өзгерiстер, агросектордағы экономикалық қатынастардың салааралық диспаритетін (теңсiздiгін) күшейтті. Агроөнеркәсiп кешенінде интеграция мен кооперативтік жүйенің дамуы үшiн жағдай жасаудың орнына, ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өңдеушi және қызмет көрсетушi кәсiпорындарды жекешелендiру, ауылдық тауар өндiрушiлердiң басым бөлiгiн ұсақ, жеке өндiрiске бағыттады. Барынша тиiмдi ұйымдық құрылымдардың қалыптаспауы, қажеттi инфрақұрылымды қалыптастырмастан нарықты ығыстыруға, өңдеушi және сауда ұйымдарының нарықтағы монополиялық жағдайының күшеюiне алып келдi. Реформа барысында тиімді шешiмiн таппаған бұл мәселелер агроөнеркәсiп кешенiнде шаруашылық байланыстарды жаңаша қалыптастыру қажеттiлiгiн тудырып отыр. Осы тұрғыдан алып қарағанда ауыл шаруашылығын материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету, оның өнiмдерiн өткiзудi және өңдеудi жоғары деңгейде ұйымдастыру-шаруашылық байланыстардың нарықтық экономикаға тән жаңа әдiстерiн барынша жетiлдiрудi және ол байланыстарды реттеудiң экономикалық механизмiн жасауды талап етедi. Онсыз ауыл шаруашылығы мен оған қызмет көрсетушi салалардың қажетті мәселелерiн оңды шешу мүмкiн емес. Сондықтан мемлекеттiк реттеу мен өзiн-өзi реттеудi үйлестiруге, тауар өндiрушiлердi ынталандыру мен протекционизмге негiзделген экономикалық механизм қажет. Оның негiзiн баға және қаржы-несие қатынастарының өзара байланысы құрайды, ал оның құрылымының басты элементтерi – баға, несие, салық, жоспарлау болып табылады.

2008 жылғы 6-ақпан айында «Қазақстан халқының әл ауқатын арттыру мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» тақырыбымен Қазақстан Республикасының Президентінің жолдауында айтылғандай: «Дамудың жаңа кезеңі ел агроөнеркәсіп кешенінің алдына бірқатар жаңа, аса маңызды міндеттер қойып отыр. Өткен 5 жылда Қазақстан аграрлық секторды дамытуда айтарлықтай нәтижелерге жетті. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 2002 жылмен салыстырғанда 2 есеге жуық өсті. Инвестициялар 3 еседен астамға ұлғайды. Бұл аграрлық секторды мемлекеттің орасан қолдауы нәтижесінде мүмкін болды. Соңғы жылдары қазіргі заманғы технологияларды қолдаудың арқасында дәнді-дақылдарды жинау күрт артты. 2004 жылдан бастап егінді міндетті сақтандыруды енгізу фермерлерге құрғақшылық жылдарының өзінде кепілді кіріс алуына мүмкіндік туғызды. Қабылданған шаралар ауыл шаруашылығындағы тауар айналымының төрт есеге жуық жалпы өсіміне оң ықпал етсе, 4 миллиард АҚШ доллары мөлшерінен асып түсті. Ауылдарымыз бен селоларымызда өмір сапасын жақсарту мемлекеттік саясаттың басым бағыты болып қала береді. Қалыптасқан әлемдік үрдістермен қолда бар әулетті ескерер болсақ, агроөнеркәсіп кешені біздің экономикамыздың жоғары маңызды, табысты саласы болуы тиіс. Ауыл шаруашылығы өнімдеріне баға өсу үстінде, және тұтастай алғанда, аталған сала өте пайдалы болуда, сондықтан біз оған ақша салуымыз қажет. Ауылдың бұған екпінді еңбегімен және жоғары қайтарыммен жауап беретініне сенімдімін» -деген.

Сондықтан, шаруашылықтарда байланыстарды реттеуде экономикалық механизмнiң негiзгi элементтерiн қолдана отырып, ауыл шаруашылығы мен оған қатысты салаларды дағдарыстан шығарудың» мүмкiн жолдарын анықтау үшiн экономикада өтiп жатқан процестердi терең зерттеп, талдау қажет.

Агроөнеркәсiп кешенiндегi шаруашылық байланыстардың экономикалық механизмi жөнiндегi және ондағы кәсiпкерлiктiң дамуы туралы мәселе ТМД елдерiнiң ғалымдары Л.Абалкин, П.Бунич, А.Калыныш, А.Козлова, В.Медведев, В.Новиков, В.Гончарук, В.Грузинов, В,Савицкая, В.Сергеев, В.Назаренко, А.Руцкой, Е.Строев, А.Чаянов, В.Фроловтың еңбектерiнде жан-жақты қарастырылған. Бұл авторлардың еңбектерi нақты зерттеулер үшiн негiз болып табылады және агроөнеркәсiптегi экономикалық механизм туралы мәселелердi оқып-үйренуде үлкен теориялық-әдiстемелiк маңызы бар.

Қазақстанда бұл мәселеге көптеген ғалымдардың еңбектерi арналған. Атап айтқанда: Т.Ашимбаев, Р.Аутов, Л.Әбдильдина, Т.Есполов, Ө.Есқараев, Т.Есiркепов, В.Григорук, М.Кенжегузин, Ш.К. Көпешев, К.Кубаев, А.Ш. Куралбаева, Г.Қалиев, Ж.Қорғасбаев, А.Қошанов, А.Молдашев, А.Нұрсейiт, О.Сәбден, К.Сағадиев, С.Сатыбалдин, Ж. Сулейменов, М.Сигарев, А.Челекбаев және тағы басқа қазақстандық ғалымдардың еңбектерi, нарықтық қатынастар жағдайында аграрлық сектордың кәсіпкерлік іс-әрекеттерін»ң дамуына терең баға беруге мүмкiндiк беретiндiгін оның маңызының зор екендігін көрсетіп отыр.

Осы аталған мәселелер диссертациялық зерттеудiң тақырыбын, мақсаты мен шешу жолдарын анықтауға негiз болды.

Зерттеудiң мақсаты мен мiндеттерi нарықтық қатынастар жағдайында Оңтүстік Қазақстан облысындағы ауыл шаруашылық кәсiпорындары мен оған қызмет көрсетушi сала кәсiпорындарының арасындағы жаңадан қалыптасатын шаруашылық байланыстарды реттеудiң экономикалық механизмiн кешендi түрде талдау және соның негiзiнде – оны алдағы кезеңде жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар жасау болып табылады.

Мақсатқа жету үшiн төмендегiдей мiндеттердi шешу алға тартылды:

- кәсiпкерлiктi дамытудың жолдарын, шаруашылықтарда оны реттеудің экономикалық механизімінің мәнімен құрылымын теориялық және әдістемелік негіздерін ұсыну;

-нарықтық қатынас жағдайында шаруашылық байланыстарды ұйымдастыру ерекшіліктерін, ауыл шаруашылығыменен өнеркәсіп салаларының мүдделерін үйлестіру механизімінің жетілдірудін тұжырымдау;

- агроөнеркәсіп кешенінің өндірісінің қазіргі жағдайын талдау және ауыл шаруашылығына қызмет көрсететін салалардың қатынастарының негізгі бағыттарын анықтау;

- аграрлық саладағы шаруашылықты реттеудің құқықтық әдістері мен шарт жасаудың ерекшіліктерін, даму шараларын әзірлеу;

- ауыл шаруашылық салаларында лизинг механизмін, баға, салық салу, қаржы-несие мәселелерді жетілдірудің кәсіпкерлікті дамытуға тигізетін әсері жөнінде ұсыныстар жасау.

Зерттеу объектiсi: Оңтүстiк Қазақстан облысының агроөнеркәсiп кешеніндегі ауылшаруашылық тауар өндiрушiлері.

Зерттеу пәнiне нарықтық қатынастарды тереңдету жағдайындағы Оңтүстiк Қазақстан облысы аудандарының агроөнеркәсiптiк өндiрiсi, ондағы жаңадан қалыптасқан шаруашылық байланыстарды реттеумен кәсіпкерлікті дамытуды жетілдіру жолдары жатады.

Зерттеудiң теориялық-әдiстемелiк негiзiн агроөнеркәсіп өндірісіндегі кәсіпкерлік-шаруашылық жүргізудің экономикалық механизмінің мәселесiне арналған ғалымдардың еңбектерi мен шетелдiк әдебиеттер, заң актiлерi, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлықтары, Үкiметтiң экономикалық мәселелер жөнiндегi қаулылары, аграрлық өзгерiстер жөнiндегi басқа да мемлекеттiк бағдарламалық құжаттар құрайды.

Зерттеудің ақпараттық эмпирикалық базасы ретінде Қазақстан Республикасының статистика жөнiндегi агенттiгi мен ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң, Оңтүстiк Қазақстан облысының экономика, ауылшаруашылығы департаментінің, облыстық статистикалық басқармасының мәлiметтерi, сондай-ақ монографиялық зерттеулер және жеке шаруашылықтардың жылдық есептеулері пайдаланылды.

Зерттеу нәтижелерiн талқылау есеп-конструктивтiк, статистика-экономикалық, абстрактiлi-логикалық, салыстыру және басқа да әдiстердi қолдану арқылы алынды.

Зерттеудiң ғылыми жаңалығы. Зерттеу барысында алынған төмендегi нәтижелер диссертациялық жұмыстың ғылыми жаңалығын анықтайды:

- кәсіпкерліктің ғылыми тұрғыдан түсінігі, көрсеткіштері, жұмыс істеудің механизмінің мәнімен құрылымы, баға белгiлеу, салық салу, қаржы-несие мәселелері бағытталды;

- кәсiпкерлiк экономиканың аграрлық және индустриалды секторларының мүдделерiн үйлестiрудiң механизмдерi белгiленiп, шаруашылық байланыстарды қалыптастыру жолдары, тиiмдi әдiстерді өндіріске енгізу жолдары ұсынылды;

- кәсіпкерліктегі инновацияны дамытуда кластерлік-желілік әдістерді қолданудың тиімді жолдары ұсынылды;

-кәсіпкерлікті мемлекет тарапынан құқықтық-нормативтік қолдау, дамыту кезіндегі аумақтық жүйеде қойылған міндеттерді шешу үшін тиімді бағыттар ұсынған;

- кәсiпкерлiктегі ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп өнімдеріне баға паритетін, салық салу мен қаржылық қолдау мәселелерін шешуде жаңа әдістік тәсілдер белгіленді;

- нарықтық үлгідегі кәсіпкерлік құрылымдарды материалдық-техникалық жабдықтау – лизингтік қатынастарды пайдалану мен жетілдіру жөнінде нақты ұсыныстар жасалынды.

Қорғауға шығарылған ұсыныстардың негізгі тұстары:

  • кәсіпкерлікті ғылыми тұрғыдан дамытудың түсінігі, көрсеткіштері;

  • шаруашылықтардағы кәсіпкерлердің байланыстарын реттеудің экономикалық механизмінің мазмұны, қалыптастыру жолдары;

  • ауыл шаруашылығындағы тауар өндіруші кәсіпкерлердің бір-біріменен қатынастағы тиімді әдістері, қаржылық қолдау мәселелері;

  • аграрлық кәсіпкерлердің материалдық - техникалық жабдықтаудағы, жоспарлаудағы өзара экономикалық реттеудің бағыттарын жетілдірулері.

Зерттеу жұмысының ғылыми тәжірибелік маңызы. Жүргізілген зерттеу барысында жасалған қорытындылар, ауыл шаруашылығындағы құрылымдарда еңбек ұйымдастыру, тұрақты жағдайда өнім өндіруге басқада технологиялық мәселелерді жаңалауға теориялық-әдістемелік көмектесе отырып, бәсекелестікке қабілетті өнім өндіруге үлесін қосты. Сондай-ақ жоғарғы оқу орындарында «Кәсіпкерлік экономикасы», «Маркетинг», «Өндірістегі кәсіпорын», «Менеджмент», «Қаржы», «Статистика», «Агробизнес», «Экономикалық теория», «Экономиканы мемлекеттік реттеу», «Кәсіпорын экономикасы» тағы басқа пәндерін оқытуда пайдалануға болады.

Зерттеу жұмысының нәтижелерін апробациялау және жаңалау.

Жұмыстың негізгі мазмұны Қазақстан Республикасының өзекті экономикалық жағдайларын дамыту және шешу жолдарына арналған, ғылыми тәжірибелік, халықаралық конференцияларда апробацияланған. Диссертация мәліметтері ғылыми-тәжірибелік конференцияларда баяндалған: «Региональные проблемы реализации рыночных реформ на постсоветском пространстве» (г.Актобе, 2001), «Қазақстан экономикасының тұрақтануынан кейінгі даму моделі» (Алматы қаласы, 2001), «10 лет реформа на постсоветском пространстве: Ожидания, результаты, перспективы» (г.Алматы, 2002), «Постстабилизационная модель развития Казахстана» (г.Алматы, 2001), «Становление рыночной системы в Казахстане в ХХІ веке» (г.Алматы, 2001), «Региональные проблемы реализации рыночных реформ на постсоветском пространстве» (г.Актобе, 2001).

Публикациялар. Диссертация тақырыбы бойынша 11 ғылыми еңбек жарық көрген. Оның ішінде алты ғылыми еңбек Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің білім және ғылым саласындағы Бақылау комитеті бекіткен басылымдарда қалғаны ғылыми еңбек және халықаралық ғылыми - өндірістік конференцияларда жарияланған. Жалпы басылымның көлемі – 4,2 табақ бет.

Диссертациялық жұмыстың құрылымы мен көлемі. Диссертация жұмысы кіріспеден үш бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыстың мазмұны 139 компьютер мәтінінде, оның ішінде – 28 кесте, - 29 сурет, қосымшалармен берілген.

Жұмыстың бiрiншi тарауында кәсiпкерлiк байланыстарды реттеудiң экономикалық механизмiнiң теориялық негiздерi, экономикалық механизмнiң мәнi, агроөнеркәсiп өндiрiсiндегi кәсiпкерлiкті дамытудың негiзi ретiнде экономикалық мүдделерi жан-жақты қарастырыла отырып шаруашылықты ұйымдастыру тәсiлдері мен олардың ұйымдық-құқықтық негiздерiнiң қалыптасуы зерттелген.

Екiншi тарауда әр түрлi меншiк әдiсiндегi ауыл шаруашылық құрылымдарындағы кәсіпкерліктің материалдық-техникалық жабдықталу деңгейi, олардың өңдеушi сала кәсiпорындарымен байланыстарының даму барысының нәтижелерi және нарықтық қатынастар талабына сай ауыл шаруашлығы мен оған қатысты салалар арасында кәсiпкерлiкті реттеудiң экономикалық механизмiн дамытудың қажеттiлiгi негiзделген.

Үшiншi тарауда агроөнеркәсiп кешенi құрамындағы әр түрлi меншiк жүйесіменен шаруашылық құрылымдардың арасындағы кәсiпкерлiкті дамыту жөнiндегi шаралар және ол шаралардың мейлiнше тиiмдi жүргiзудiң әдiстерi ұсынылды.

Жұмыстың қорытындысында зерттеудiң негiзгi нәтижелерi тұжырымдалып, ұсыныстар берілді.


НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Кәсіпкерлік барлық дүниежүзіндегі өмір сүріп келе жатқан адам баласына

тән, іскерлік белсенділігі, қабілеті. Өйткені, адамдар өмір сүру үшін қызмет етуі керек. Сол арқылы өзінің өмір сүруіне керекті мәселелерді азық-түлік басқа да керекті заттарды қамтамасыз ете алады. Кәсіпкерлік қызметінің дамуы дүниежүзінде орта ғасырдан басталған. Оған себеп болған факторлар: қоғамда көпестер, саудагерлер, қол өнеркәсібіндегі қызметкерлер пайда бола бастады. Былайша айтқанда, жай қарапайым жұмысшылардан басқа қоғамда білікті жұмыскерлер тобының бөлінуі. Олардың алғашқы дамуына себепкер болған, сол өздері жұмыс істейтін кәсіпорындарда, жұмыс істей бастағанынан бастап, құрал жабдықтарға иелік ете бастауы. Дүние жүзіндегі кейбір мемлекеттерде XVI ғасырдың ортасынан бастап акционерлік қоғамдар құрылып, оларда акциялық капиталдар пайда бола бастады. 1554-жылы Англия мемлекетінде сауда компаниясы құрылды. 1660 жылы Индия мемлекетінде Ост - Индия компаниясы жұмыс істей бастады. Ал, XVII ғасырдың аяғында кейбір мемлекеттерде акционерлік банктер іске қосылып капиталдарын өндіріске қосты.

Кейінгі кездегі жарық көріп жатқан басылымдар кәсіпкерлікті, еңбек нарығын, бизнесті, кейбір ғалым экономистер бір ұғым деп санап жүр. Бұндай ойға қосылуға болады. Себебі, кәсіпкерлікте жұмыс істеуге күші бар, икемділігі мол адамдар іске асырады. К.Маркстік әдебиеттерде «жұмыс күші» деп осы адамдардың еңбекке қабілеттілігін айтады. Өйткені, басқа өндіріс факторларына қарағанда кәсіпкерлік еңбектің ерекшелігі сонда. Мұндағы ең бастысы еңбектің қай түрі болмасын адамның жұмыс істеу күшіне байланысты.

Сонымен, кәсіпкерліктің негізгі сипаттамаларына тоқталатын болсақ, оларды былай деп тұжырымдауға болады. Кәсіпкер өзі құратын немесе сатып алатын кәсіпорындарда өзінің меншікті құралдары мен уақытын жұмсай отырып, өнімнің жаңа түрін өндіруші. Ол өндіріске әр уақытта жаңалық ендіруші ретінде жұмыс істеуі тиіс. Өнім өндіру үшін кәсіпкер өз өндірісіне жаңа техника, технология немесе өнімді өткізу (сату) үрдістеріне жаңадан әдістер табуы керек. Міне сол жағдайда ғана ол өзінің ісін әр уақытта кеңейтуге және пайданы молайтуға мүмкіндік жасайтын шараларды ғана өндіріске енгізуге ынталы.

Қоғамда кәсіпкерліктің түрлері атқаратын міндеттеріне қарай бірнеше түрге бөлінеді: өндірістік кәсіпкерлік; саудалық (коммерциялық); қаржылық; делдалдық; қамтамасыздандыру; кеңес беру (консультациялық); тағы басқа да кәсіпкерліктер болуы мүмкін.

Ал, меншік түрі бойынша, кәсіпкерлік - жеке меншіктік, мемлекеттік меншіктік, муниципалды, қоғамдық құрылымдар. Экономикасы нарықтық бағытта дамып келе жатқан мелекеттер үшін, соның ішінде Қазақстан Республикасы үшін де, кәсіпкерлікті дамыту өзекті мәселе. Өйткені, нарықтық экономиканың өзі, кәсіпкерлік – экономикасына, кәсіпкерлікті дамыту – нарықтық экономиканы дамыту жолында жұмыс істейді, соның кепілі. Сондықтан да, кәсіпкерлік төңірегіндегі теориялық, тәжірибелік тағы да басқа мәселелерді зерттеу және оны талдау қазіргі дүние жүзіндегі мемлекеттердің шаруашылықтарының жаһандану кезеңіндегі негізгі мәселелердің біріне айналуда.

Аграрлық кешенінде еңбек нарығын зерттеп жүрген экономист-ғалым С.Қ. Сұрағанова кәсіпкерлердің жұмыс күшінің анықтамасын былай деп түсіндіреді: «Жұмыс күші нарығы - транзиттік экономика жағдайында жиынтық жұмыс күшінің ұлғаймалы ұдайы өндірісі жөнінен кәсіпкерлер, еңбекшілер және мемлекеттер арасындағы меншік қатынастардың белгілі бір жиынтығы немесе жүйесі».

Жоғарыдағы келтірілген анықтамалардан кәсіпкерлердің еңбек нарығын құрайтын төрт негізгі элементті атап көрсетуге болады. Олар: сұраныс, ұсыныс, бәсеке және нарықтық баға.

Қазіргі өндірістерді индустриалды-интеграциялау кезеңіндегі кәсіпкерлік жұмыстар көп жақты құбылыс, оның мазмұнын түсінуде әртүрлі көзқарастырдың қалыптасқаны орынды. Бірқатар зерттеушілер өз көзқарастарын былайша дәлелдейді. Еңбек нарығы сұраныс пен ұсынысты білдіретін болса да, сатып алушылар мен сатушылардың арасында кеңістік байланыс болуын түсіндіреді. Бұл, айтылғандар, экономикалық георграфиялық түсінік. Ал, екіншілері - кәсіпкерлікті тиісті механизімдермен, мөлшерлермен (нормалармен), институттармен кәсіпкерлердің жұмыс күшін жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін экономикалық қатынастар жүйесі деп те түсіндіреді. Айтылған көзқарастарға келісе отырып, біз, кәсіпкерлікті, бәсекеге лайықты өнім өндіру жағдайында, кәсіпкерлер мен жалдамалы жұмысшылармен, мемлекет және қоғамдық ұйымдар арасындағы мүдденің теңесуіне жету мүмкіндігін жасайтын қатынас жүйесі деп түсінеміз.

Қазіргі кездегі көптеген ғалым-экономистер кәсіпкерлердің еңбектерін сегментке бөлуге назар аудармайды. Біз кәсіпкерлердің еңбектерін зерттеу барысында, әсіресе ауыл шаруашылығындағы әртүрлі белгілері бойынша жіктеудің керектігі барына көңіл бөлдік. Оның басты себебі кәсіпкерлікпен әртүрлі деңгейдегі жұмысшы - қызметкерлер айналасуы мүмкін. Олар аумақтық белгісі бойынша, әлеуметтік статусы бойынша, біліктілігі бойынша, қызметтік белгісі бойынша, жұмыспен қамытылуы статусы бойынша тағыда басқа белгілері бойынша бөлінуі мүмкін ( сурет 1).







Сурет 1 - Ауыл шаруашылығындағы кәсіпкер жұмысшы- қызметкерлердің жіктелуі

Е с к е р п е - автормен құрастырылған


Кәсіпкерлік-көп қатарлы және өте көлемді түсінік, ол бір мағанада емес. Американдық ғалымдардың оқулықтарында бұл жұмыс жүйесі, халықтың сұранысын қанағаттандыратын өнім өндіру, жұмыспен қамту, білім беру, денсаулық сақтау, былайша айтқанда нарықтық экономиканың негізгі бағыты деп тұжырымдайды.

Экономикасы дамыған мемлекеттерде кәсіпкерлер экономикалық қарым-қатынас жасамай бір-бірімен өз жұмысын жүргізуі мүмкін емес. Кәсіпкер әр уақытта өз пайдасын ойлай отырып, басқаның да жағдайына зер салуы тиіс, өзімен қарым-қатынастағы кәсіпкерліктегі әріптестеріне, бұл көзқараста «пайда» сөзінің орнына «өзара пайда» деген сөзді қолданғаны жөн. Бұл жөнінде Англияның оқулықтарында кәсіпкерлік анықтамасы жұмыс, кәсіпкерлер, мекемелер арқылы табылатын табиғи игілік, өндірісті сату және сатып алу, қызмет немесе ақша, өзара пайда алып келетіндігін көздеген мекемелер немесе жеке тұлғалар деген тұжырымдаманы айтады. Сол себепті кәсіпкерлік бір тараптың екінші тарапты алдауына мүмкіндік бермейтін шындық қызмет.

Қазақстан Республикасы өзінің егемендігін, тәуелсіздігін алғаннан кейін, мемлекетте әсіресе өндірістерде, қызмет көрсетуде, ауыл шаруашылығында шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға мүмкіндік алды. Бірақта, алғашқы кезде олардың тарихи дамуы қоғамда сапалы жүргізілмеді. Ал, қазіргі кезде бұл кәсіпкерлер экономиканың жасаушы күші ретінде қалыптасып келеді.

Адамзат, кәсіпорындардың мөлшері бойынша топтарға бөлуде бай тәжірибе жинақтады. Бірақта, барлық елдер үшін ортақ шағын кәсіпорындарды бөлудің қандай да бір ортақ әмбебап өлшемі ғылыми түрде дәлелденген жоқ. Әр мемлекет өзінің ұлтынын ерекшелейтін, экономикасындағы салалық қызметіне байланысты кәсіпорындардың мөлшері бойынша бөлу өлшемдерін белгілеуде.

Агроөнеркәсіп өндірісі мен оның салаларын да шаруашылық жүргізудің экономикалық механизімінің мәнін айқындауда зерттеуіміздің транзиттік экономика жағдайында іске асырылып отырылғанын назарға алуымыз керек. Өйткені, көптеген елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, шаруашылықты жүргізудің бір жүйесінен екіншісіне ауысу барысында өндіргіш күштер мен өндірілген тауарларға меншік түрлерінің өзгеруін іске асыру арқылы жүргізіледі. Оны республиканың экономикасының бүгінгі сипаты айқынырақ көрсетіп отыр.

Экономикалық механизм – кәсіпкерлік шаруашылықты жүргізудің қағидаларына негізделген әдісі бола отырып, кез-келген кәсіпорындардың залалсыз қызмет істеуінің мәнін ашып көрсетеді. Экономикалық механизм ұғымына мұндай көзқарас кәсіпорындардың заңда белгіленген шеңберде жұмыс істеуі үшін жағдай жасауды білдіреді.

Экономикалық механизм - кәсіпкерлік шаруашылық, өндірістік қатынастар жүйесі, өндіргіш күштер және қоғамның қондырмасы арасындағы өзара іс-қимылдарды көрсетеді. Яғни, ол ең алдымен өндірушілердің, содан соң тұтынушылардың және жалпы қоғамның экономикалық мүдделерін ескере отырып, әр түрлі өндіріс процестерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Өйткені, бұл жағдайда негізгі элемент: біріншісі үшін, залал шекпеу; екіншісі үшін, өнімді пайдалану тілегі; үшіншісі үшін, салық алу мен өркендетудегі өлшемі.

Агроөнеркәсіп өндірісінде шаруашылық жүргізудің экономикалық механизмнің мән-мағынасы — экономикалық заңдарды негізге ала отырып, онда қалыптасқан шаруашылық байланыстарды реттеудің экономикалық әдістерінің жүйесі. Демек, экономикалық механизм, экономиканы қозғалысқа келтіретін жүйе болып табылады және оған экономикалық заңдар «қызмет істейді» деген көзқарас білдіруге болады (сурет 2).

Экономиканы модернизациялау жағдайында мемелекеттік реттеу мен экономикалық механизмнің маңызды элементтерінің бірі ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді, өңдеуді және өткізуді қамтитын жоспарлау болып табылатынын әлемдік тәжірибе дәлелдеп отыр. Жоспарлауды, кәсіпкерлік жүргізудің нарықтық механизмінің бір бағыты ретінде қарастыра отырып, «нарық жоспарлаумен үйлеспейді» деген жалған догмадан арылу керек. Нарықтың дамуы ғылыми болжамдаумен және бағдарламалаумен толықтай үйлеседі.




Сурет 2 - Экономикалық механизм жүйесі


Ауыл шаруашылығын жоспарлау және материалдық-техникалық жабдықтау сала кәсіпорындарымен шаруашылық байланыстарды ұйымдасытру негізінде ұдайы өндіріс процесін жандандыруға мүмкіндік алады және олардың арасындағы қалыптасатын байланыстардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктерінің барлығын ескере білуі тиіс. Әрине, жалпы өндірістік және экономикалық қарым-қатынас жүйесінің өзгеруі алдымен меншік түрлеріне және олардың өзгеру қарқынына байланысты екені белгілі. Нарық қатынасына өту барысында меншік түрлерінің жылдам қарқынымен өзгеруі, кәсіпкерлік- шаруашылық жүргізу үлгілерінің тез өзгеруіне себепкер болады (кесте 1).

Объективті экономика заңы мен заңдылықтарына сүйенсек, өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың даму деңгейі, өндірісті шынайы қоғамдастыру заңы аграрлық саладағы шаруашылықтардың көбінің ірі шаруашылық болып қалыптасуына алып келеді.


1 кесте – Меншік түрлерінің кәсіпкерлік-шаруашылық жүргізу үлгілері


Жіктелу белгілері

Шаруашылық айналыстардың түрлері

Интеграцияның формасы бойынша

Сала ішіндегі, сала аралық

Іс-әрекеттің ұзақтылығына қарай

Қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді

Интенсивтілігіне қарай

Уақытша, тұрақты

Қажеттілігіне қарай

Кездейсоқ, жоспарланған

Мазмұнынға қарай

Ұйымдық, технологиялық, экономикалық

Іс-әркеттің тәсілі бойынша

Тікелей, делдалдар арқылы


Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік стратегиясында жаңа технологияны өндіріске енгізу, жаңа жұмыс орындарын құруға бағдарланған кәсіпкерлікті дамыту мен жетілдіруге басты назар аударылған. Сонымен қатар, мемлекет пен кәсіпорындар арасында дәнекер болып табылатын кәсіпкерлер бірлестіктерінің мемлекет тарапынан тиімді жұмыс істеуіне көмек көрсетуде қарастырылған.

Оңтүстік Қазақстан облысы, республикадағы ауыл шаруашылық саласының дамыған аймақтарының негізгілерінің бірі. Бұл аймақта республика халқының 15%-дан асатын, былайша айтқанда 2,3 млн-нан артығы тұрады. Аймақта халықтың өсуі, оның ішінде еңбек жасындағы белсенді жұмысшылардың көбеюі, оған керісінше өндірістік күштердің баяу дамуы, әлеуметтік - экономикалық мәселелерді тұрақты шешуді қиындатып отыр.

Осы жағдайды еске ала отырып облыс көлемінде әсіресе, ауыл шаруашылығында кәсіпкерлікті дамыту өзекті мәселелердің біріне айналуда.

Кейінгі жылдары облыс ауыл шаруашылық өнімін өндіруде, оның көлемін өсіруде біраз табысқа жеткенімен, бұл салада әліде болса пайдаланылмай жатқан мүмкіндіктер жеткілікті. Осыларды іске қосуда кәсіпкерлікті мұнан әрі қарай дамыту керектігін өмір көрсетіп отыр. Бұл туралы мемлекеттің Призеденті өзінің 2007 жылғы халыққа жолдауында былай деген: - «кәсіпкерлікті дамыту қоры халықтың кәсіпкерлік әлуеті мен бастамашылығын іске асыруға тырысқан түрлі топтары үшін қаржы ресурстары мен сараптама жасауын нақты қайнарына айналуға тиіс».

Оңтүстік Қазақстан облыстық статистикалық басқармасының мәліметтері бойынша 2006 жылы облыс бойынша кәсіпкерлік субъектілері 119,0 млрд. теңгенің өнімін (көрсетілген жұмыстар мен қызметтер) өндірген немесе өткен 2005 жыл мен салыстырғанда бұл көрсеткіш 1,3 пайызға артқанын көрсетеді (сурет 3).

2006 жылы кәсіпкерлікті колдау мақсатында облыстық бюджеттен, «Жергілікті деңгейде шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін несиелеу» бағдарламасы бойынша 30,0 млн. теңге қарастырылған. Аталған несиелік қаржының 9,5 млн. теңге ауыл шаруашылығына, 10,0 млн. теңге ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеуге, 0,5 млн. теңге жылыжай соғуға 10,0 млн теңге қызмет көрсету саласына бағытталған.

Сурет 3 - Кәсіпкерлік құрылымдардың өндірген өнімінің көлемі (млрд.тенге)

Е с к е р т у - Оңтүстік Қазақстан облыстық статистикалық басқармасының мәліметтерімен құрастырылған


2006 жылдың басында кәсіпкерлік құрылымдарына екінші дәрежелі банктерден – 17,03 млрд. теңге, «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» Акционерлік қоғамның аймақтық филиалы - 38,7 млн. теңге, «Несие беру» Қазақстандық қоры - 1,72 млрд. теңге және «Фермерлер мен кәсіпкерлерді қолдау қоры» қоғамдық қорына - 57,1 млн. теңге несие каражаттарын бөлді.

Қазіргі кезеңде облыста - 77 микрокредиттік ұйымдар құрылған немесе өткен 2006 жыл мен салыстырғанда 28,0 пайызға өсіп, бұл республикадағы микрокредиттік ұиымдардың үштен бір бөлігін құрап отыр (кесте 2).


2 кесте - 2004-2006 жылдар аралығында шағын бизнес кәсіпкерлеріне берілген кредиттік қаражаттар (млрд.теңге)


Көрсеткіштер

2004


2005


2006


2006 ж 2004 .%

Кредиттік қаражат беруші ұйымдар;

соның ішінде:

а) екінші деңгейдегі банктер

б) микрокредиттік ұйымдар

в) «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ аймақтық филиалы

г) ауыл несие серіктестіктері

д)«Қазақстандық несие беру қоры» Шымкент филиалы

е)«Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлерді қолдау қоры»

ж) Облыстық бюджет



14458,0

312,0


221,


1476,0


1119,

21,0

33,0



16438,0

342,0


241,0


1576,0


1139,0

26,0

35,0



19999,0

794,00


387,0


2205,0


1721,0

57,0

30,0



138,5

253,3


175,3


149,4


153,9

264,4

90,9

Е с к е р т п е - Оңтүстік Қазақстан облыстық статистикалық басқармасының мәліметтерімен құрастырылған

Кестедегі мәлеметтердің көрсетуі бойынша 2006 жылы барлық қаражат беруші ұйымдардың ішіндегі, микро кредитті ұйымдар үш есеге жақын, Оңтүстік Қазақстан облысының фермелер мен кәсіпкерлерді қолдау қоры 2004 жыл мен салыстырғанда 2,6 есе несие беруді жоғарлатқан.

Оңтүстік Қазақстан облыстағы кәсіпкерліктің даму жағдайын аудандар бойынша талдайтын болсақ, Шымкент қаласы мен Мақтаарал ауданының басым үлестері байқалуда. Шымкент қаласында тіркелген кәсіпкерлік субъектілердің саны 2005 жыл мен салыстырғанда 2006 жылы 27,4% төмендеген, ал Мақтаарал ауданында керісінше 6,1% өскенін көрсетіп отыр.

Облыста, ауыл шаруашылғының жалпы өнім көлемі 2006 жылы тұтас алғанда 100,4 млрд. теңгені (ағымдағы республиканың орташа бағасы мен) құрады. Бұл 2005 жылдың тиісті кезеңі мен салыстырғанда 11,6% артық, оның ішінде мал шаруашылығы - тиісінше 41,9 млрд. теңге, немесе 41,6 %, өсімдік шаруашылығы – 58,9 млрд. теңге, немесе 58,4% құраған. 2005 жыл мен салыстырғанда - 16,1 және 5,6% артық. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемінің басым бөлігі Мақтаарал ауданы – 18,9 % немесе, 17,1 млрд. теңге. Сарыағаш - тиісінше – 15,8 % немесе 14,2 млрд. және Сайрам ауданы 10,3 % немесе, 9,3 млрд. теңгені құрайды.

Облыс бойынша 2006 жылдың аяғында 70,88 мыңнан асатын шаруа (фермер) қожалықтары тіркелді. Оның 80,7 пайызы, белсенді өнім өндіретін шаруашылықтар қатарына жатады. Шаруа (фермер) қожалықтарының басым көпшілігі агроөнеркәсіп кешеніндегі шитті - мақта өндіретін аудандарда. Мысалы; Мақтаарал ауданында мұндай шаруашылықтардың саны 21,1 мыңнан артығырақ немесе облыстағы барлық шаруашылықтардың 29,8 %; Сарыағаш ауданында тиісінше – 8,5 мың немесе 12 %; Шардарада – 5,3 % немесе 7,5%; Ордабасыда – 4,8 мың немес 6,8%; Түркістанда 7,4 мың немесе 10,4% құрайды. (кесте 3).


3 кесте - Облыс көлеміндегі ауыл шаруашылығындағы тіркелген шаруа (фермер) қожалықтар мен онда жұмыс істейтін жұмыскерлердің саны (1.01.2007ж)

Аудандар

Барлық тіркелген шаруашылықтар

Оның ішінде

өнім

өндіретіндері

Өнім өндіретін шаруашылықтардағы жұмысшылар саны мың адам

саны

%

саны

%

Облыс бойынша

1. Арыс қ.

2. Түркістан қ

3. Мақтаарал қ.

4. Ордабасы

5. Отырар

6. Сарыағаш

7. Шардара

8. Басқа аудандар

70886

1056

7402

24146

4799

2747

8523

5340

19871

100,0

1,4

10,4

29,8

6,8

3,9

12,0

7,5

28,2

62906

560

5796

20416

4485

1683

8499

4953

16498

88,7

53,0

78,3

96,5

93,5

61,3

99,7

92,7

83,0

157,0

1,7

12,6

71,2

84,4

4,7

13,9

15,1

29,4

Е с к е р т п е - Оңтүстік Қазақстан облыстық статистикалық басқармасының мәліметтерімен құрастырылған


Қазіргі нарықтық қатынас жағдайын, ауыл шаруашылығы кәсіпкерлерді материалдық - техникалық құралдар мен жабдықтайтын өнеркәсіп салалары мен байланыстыратын делдалдар арқылы жүргізілуде. Оның себебі ауыл шаруашылық өндірісінің өзіндік ерекшелігіне байланысты. Ол, материалдық-техникалық жабдықтаудағы ұйымдастыруы мен жоспарлаудағы өзгешеліктері. Осындай өзгешеліктердің бірі - ауыл шаруашылығында өндірістік кезеңнің жұмыс кезеңімен тура келмеуі. Мұнда өндірістік уақыт екі кезеңнен құралады: бірінші кезең - тікелей адам еңбегінің әсерімен жасалатын өндірістік процесс кезеңі, екіншісі - табиғи процестердің әсері мен жасалатын кезең. Осы процестер өндіріс нәтижесінде ауыл шаруашылығында, оның қоғамдық сипатына байланыссыз, ұдайы өндіріс табиғи процесі мен әрдайым бірігіп, тұтасып кетеді. Бұл жағдайлар ауыл шаруашылық өндірісі үшін маңызды экономикалық ерекшеліктер.

Сондықтан да, ауыл шаруашылығындағы барлық құрылымдардың, әсіресе кәсіпкерлердің тиімді жұмыс істеу үшін техникалық жарақтануы жоғары деңгейде болуы тиіс. Шаруашылықтардың кейінгі жылдардағы жабдықтану жағдайын мына төмендегі кестеден көруге болады (кесте 4).


4 кесте - Облыстың ауыл шаруашылық кәсіпорындарының техникалық базасының көрсеткіштері (дана)


Көрсеткіштер

2004


2005

2006

2006 ж. %

- 2004 ж. %

Барлық маркалы тракторлар (арнайы машиналар қондырған тракторларды қосқанда)

3379 2931

2199

2131

72,7


Тракторлардың тіркемелері

2399

2133

1825

76,1

Астық кептіргіштер

405

3 10

153

37,8

Дестелегіштер

230

190

121

52,6

Комбайндар:

Астық жинайтын

Жүгері жинайтын

Жем-шөп жинайтын

Мақта жинайтын

690

57

123

313

671

43

82

271

598

35

57

198


86,7

61,4

46,3

63,3

Картоп қазатын және жинайтын машиналар

15

13

12

80,0

Қызылша жинайтын машиналар

2

2

2

100,0

Соқалар

953

758

603

63,3

Трактор тырмалары

154

117

87

56,5

Минералды тыңайтқыштарды шашатындар

101

84

50

49,5

Тозаңдатқыштар

158

83

87

55,1

Е с к е р т п е - Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы департаментнің мәліметтерімен құрастырылған



Соңғы кездерде, республикамызда ауыл шаруашылығын техникамен жарақтандыру деңгейін көтеру, ауыл шаруашылығының өнімдерін өндіру мен өңдеуді тұрақтандыру мақсатында бірқатар заңды және нормативтік актілер жарық көрді. Сондай құжаттардың бірі - агроөнеркәсіп кешеніндегі лизинг жөніндегі қабылданған ережемен 2000 жылы қабылданған «Қаржы лизингі туралы» заң.

Агроөнеркәсіп кешеніндегі лизинг (агролизинг) - бұл уақытша пайдаланылмай жатқан немесе арнайы тартылған қаражатты инвестициялау есебінен, ауыл шаруашылық кәсіпорындарының техникалық жарақтану деңгейін көтеру мақсатында машиналарды, жабдықтарды, көлік құралдары мен материалдарды тағы басқа өндірістік мақсаттарға тұрақты-жағдайларда ұзақ мерзімді жалдау. Яғни, лизинг - бұл арендалық операциялардың бір түрі, аренданың түрі (формасы) немесе басқаша айтқанда, ол құрылымы күрделі мүліктік қатынастар. Оны кәсіпкерлік қызметтің жаңа бір үлгісі деп те айтуға болады ( кесте 5).


5 кесте - Оңтүстік Қазақстан облысының шитті-мақта өндіретін агроқұрылымдарда лизинг тәртібімен алынған техникалар, аудандар бойынша 2007 жыл көрсеткіші


Аудандар

Барлық

алынған

техника

саны

Барлық

құны млн.

теңге

Оның ішінде

“БРК-Лизинг” АҚ-на техника тапсырылған сұраныстар

“КазАгро

Қаржы” АҚ

Басқа меке

-мелер арқылы


дана

құны

дана

құны

дана

құны

1.Арыс

2.Мақтаарал

3.Ордабасы

4.Отырар

5.Сарыағаш

6.Түркістан

7.Шардара

8.Басқа аудандар

Облыс бойынша барлығы

6

11

16

19

28

20

20


158


278

9,9

25,9

39,0

9,2

16,0

21,2

14,4


194,6


330,2

5

7

6

1

3

3

4


37


66

9,5

24,3

35,0

2,0

6,0

14,0

8,0


146,2


245,0

1

4

10

18

25

17

16


121


212

0,4

1,6

4,0

7,2

10,0

7,2

6,4


48,4


85,2

7

18

56

9

48

71

15


110


334

10,8

74,5

93,4

18,1

84,9

123,1

36,2


264,1


705,1

Е с к е р т п е - Оңтүстік Қазақстан облыстық статистикалық басқармасының мәліметтерімен құрастырылған


Кестедегі көрсеткіштерге қарағанда лизинг шарт жасау жылдан жылға өріс алуда. 2007 жылға дейін лизинг шартымен барлығы 280-ге жуық техника алынса, 2008 жылдан бастап оның саны – 334-ке жетпек, ал құны 2 еседен артық (230,2-705,1).

Сонымен, ауыл шаруашылық құрылымдарда кәсіпкерлікті дамыту, материалдық-техникалық базаны жетілдіруді талап етеді.

Ауылдағы өндірістерде лизингтік қатынастарды ары қарай дамыту үшін және облыстағы машина трактор паркін жаңарту мақсатында «Ауыл көмек» жабық акционерлік қоғам құрылуда. Оның акционерлері - мемлекеттік мүлік пен коммуналдық меншік жекешелендіру басқармасының департаменті, «МТС агросервис», «Интеграция агрохим» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері мен «Алатау» жабық акционерлік қоғамы болып отыр.

Президенттің кейінгі жылдардағы Қазақстан халқына жолдауларында экономиканың тұрақты дамуына бағытталған мәселелердің кең өріс алуы үшін жағдай жасау керектігін, әрбір іскер қазақстандық инновациялық экономикадағы өз орнын табуға тиіс және кәсіпкерліктің жаңа идеологиясын қалыптастыруын керек екенін атап өтті.

Осындай жаңа инновациялық экономиканы құрудың арқасында кейбір ұйымдасқан өндірістік кооперативтердегі кәсіпкерлер өздерінің құрылымын өзгертуде және экономикалық көрсеткіштері өсуде. Оған мысал, кейінгі үш жылдағы (2004-2006ж.) «Ынтымақ» өндірістік кооперативінің дамуы дәлелдейді (кесте 6).


6 кесте - «Ынтымақ» өндірістік кооперативінің негізгі экономикалық көрсеткіштерінің динамикасы


Көрсеткіштер

Бірлік өлшемі

2004ж

2005ж

2006ж

2005ж %

2004 жылға

2006ж % 2005

жылға

2006ж

%

2004 жылға

Сатылған өнім

Мың теңге

47504

58945

75650

124,08

128,3

159,2

Сатылған өнімнің өзіндік құны

Мың теңге

41455

48760

56445

117,6

115,7

136,1

Алынған табыс

Мың теңге

6049

10185

19205

168,4

188,5

317,5

Қосымша шығындар

Мың теңге

1245

2350

3640

188,7

154,9

292,4

Табыс салығы

Мың теңге

483

814

1536

168,5

188,7

318

Таза табыс

Мың теңге

4321

7021

14029

162,5

199,8

324,7

Рентабельділік

%

9,1

11,2

18,5

121,7

165,2

203,3

Жұмыс істейтіндер

адам

129

137

150

106,2

109,5

116,3

Орташа айлық еңбекақы

Теңге

13000

17000

22000

130,7

129,4

169,2

Е с к е р т п е– «Ынтымақ» өндіріс кооперативінің мәліметтерімен құрастырылған


Қазіргі кезеңде бұл бастамшылық стратегиясында қойылған мақсаттар бірлесіп тиімді жұмыс істеуге кірісе бастады.

Индустриялық-инновациялық даму стратегиясы ісін жүзеге асыру нәтижесінде өнімнің бәсекелес түрлерін өндіру мен экспорттың көлемінің өсіміне жағдай жасау және экономиканы әртараптандыру, жаңғырту негізінде елдің экономикасының ұзақ мерзімді тұрақты өсімі қамтамасыз етілетінін тәжірибелер көрсетуде.

Республика саяси және экономикалық тұрақтылық жағдайына, жету мақсатында ұзақ мерзімді стратегиялық саясаты негізіндегі инновациялық бағыттарға бет алған мемлекет болып табылады. Осыған орай, көптеген елдердің тәжірибесі қолда бар мүмкіндіктерден бастау қажет екендігін көрсетіп отыр. «Біз іс жүзінде барынша тиімділік беретін үздік халықаралық тәжірибелерді енгізуіміз қажет», - деп атап көрсетілген Президенттің Қазақстан халқына жолдауында. Республиканың индустриясын-инновациялық дамытуда кластерлік-желілік әдістемені қарастыруымыз керек.

Кластер мен экономика өзара тығыз байланысты. Бұл әсіресе кәсіпкерліктің ұлғайып дамуына және өз потенциалын толық жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады. Сонымен, қатар құрылған тауар өндірушілердің бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру жолдағы – «Оңтүстік Арнайы Экономикалық Аймақ» болып отыр (сурет 4).




Сурет 4 - ОАЭА кәсіпкерлік субъектілерінің Оңтүстік Қазақстан облысындағы кластерлік дамуы

Е с к е р т п е – автормен құрастырылған

Бұл, ОАЭА инвестицияларды тартуға қолайлы жағдайлар жасау мақсатында кәсіпкерлік қызметпен айналысатын субъектілерге кедендік құжаттарды рәсімдеуде және салық төлемдеріне арнаулы жеңілдіктер енгізу қолға алған. Бұл шаралар кәсіпкерліктегі жаңа кәсіпорындардың ашылуына позитивтік ықпал етіп, облыстағы нақтылы сектордың дамуына жаңа өріс береді. Ауыл шаруашылығындағы, әсіресе мақта өндірісімен айналысатын кәсіпкерлердің дамуына теріс әсерін тигізіп отырған негізгі мәселелердің бірі шаруа (фермер) қожалықтардың ұсақ құрылымдардың көптігі.

Бұл мәселе жөнінде мемлекет Президенті 2005 жылғы қаңтар айының 31 жұлдызындағы республикалық ауыл шаруашылық мәселелеріне арналған кезекті Кеңесте, ауыл шаруашылығының дамытудың жаңа кезеңі басталды деген сөзінде, - «қазір ауыл шаруашылығында ұсақ құрылымдар басым. Олар қазіргі замандағы аграрлық технологияны тиімді қолдана алмайды. Болашақта ауыл шаруашылығында орта және ірі тауар өндірушілердің көбеюіне сенім мол. Халқаралық тәжіребе оны растайды», – деген ойды айтты.

Осыны ескере отырып, тұрақты және мол көлемде өнім өндіру үшін кейінгі жылдары ( 2007 жылдан бастап) Қазақстанда, оның ішінде Оңтүстік Қазақстанда ұсақ шаруа қожалықтар өз еркімен біріктіріліп ірі және орта өндірістік кооперативтер ұйымдастыруды қолға ала бастады ( кесте 7).


7 кесте - Оңтүстік Қазақстан облысының аудандары бойынша мақта өндіретін құрылымдардың ірілену жағдайы 1.10.2007 жыл


Аудандар

Шаруа қожалықтардың барлығы

Оның ішінде іріленгенге қосылғандары

саны

барлығы %

саны

барлығы %

1. Арыс

2.Мақтаарал

3.Ордабасы

4. Отырар

5. Сарыағаш

6.Түркістан

7.Шардара

Облыс бойынша барлығы

1342

21186

4304

3188

8186

7346

5340


50880

2,6

41,6

8,5

6,3

16,1

14,4

10,5


100,0

233

3739

928

313

1229

1940

1362


9744

17,4

17,9

21,6

10,0

15,4

26,4

25,5


19,2

Е с к е р т п е- Оңтүстік Қазақстан облыстық статистикалық басқармасының мәліметтерімен құрастырылған


Кестедегі көрсеткіштерге қарағанда 2007 жылдың соңына таман облыстағы 51 мыңға жуық мақта өндіретін шаруашылықтардағы, шаруа қожалықтарының 19,0 пайызынан асатыны ірі және орта өндірістік кооперативтерге өз еркімен, өз жеке меншік пайларымен бірге бастаған. Олардың бірігуі, ондағы жұмыс істейтін кәсіпкерлердің тиімді жұмыс атқаруына, сапалы, мол көлемде өнім өндіруіне мүмкіндік жасай бастады. Мысалы; Ордабасы ауданындағы мақта өндіретін өндірістік кооперативтегі кәсіпкерлер, К.Спатаев атындағы 2007 жылы өздеріндегі 240 гектарлық мақталық егістіктен, әр бір гектарынан 29,4 центнерден шитті-мақта өнімін өндіріп коллективтің тиімділігін 46,1 пайызға көтерді. Ал, Шардара ауданындағы (Бірлік) өндірістік кооперативіндегі кәсіпкерлер әрбір гектардан 36,4 центнерден мақта өнімін өндіріп, өндірістің тиімділігін 53,2 пайызға жеткізді т.б.

Кәсіпкерлердің тиімділігін арттыратын, бәсекелікке лайықты өнім өндіретін мәселелердің бірі - өндірістік кооперативтерді тездетіп ұйымдастыру керектігі туып отыр. Бұл жөнінде мемлекеттің Президенті 2007 жылғы наурыз айының 5 жұлдызындағы агроөнеркәсіп кешеніндегі мәселелеріне арналған республикалық кеңесте сөйлеген сөзінде бұл жөнінде тағы да тоқтала келіп быйлай деді: -«Республикамызда әзірге ұсақ тауарлы қара дүрсін технологияны пайдаланатын бытыраңқы өндірістер көп болып тұр. Ал, енді айтарлықтай экспорттық әлеуеті бар бірде-бір консерн жоқ».

Осыны ескере отырып Оңтүстік Қазақстан облысындағы ауыл шаруашылығындағы, 2007 жылдың басындағы, 67,5 мыңға жуық кіші шаруа қожалықтары өз еркіменен біріктіріліп, іріленген 9170 өндірістік кооперативтер ұйымдастырылды. Бұл процесс кәсіпкерлердің тиімді, сапалы жұмыс істеуіне мүмкіндік жасайтын жолдың бірі, оны көптеген кооперативтердің тәжірибелері көрсетіп отыр. Бұған мысал ретінде «Ынтымақ» өндіріс кооперативінің 2007-2009 жылдарға арналған экономикалық болжам көрсеткіштерін айтуға болады

( кесте 8).


8 кесте - «Ынтымақ» өндірістік кооперативінің экономикалық қаржылық жағдайына болжам (млн. теңге)





1

2



Негізгі

көрсеткіштер

2004-2006жж

(орта есеппен)

Орташа

жылдық өсім

2006ж нақты

2007ж

нақты

2008ж

жоспар

2009ж

жоспар

Сатылған өнім

60,699

14,073

75,150

93,500

120,104

151,322

Алынған Табыс

11,813

65,78

19,205

34,901

60,808

108,023


Таза табыс

8,457

4,854

14,029

25,305

45,012

85,523




Е с к е р т п е – «Ынтымақ» өндіріс кооперативінің мәліметтерімен құрастырылған


Кестедегі көрсеткендей 2009 жылы сатылған өнімнің өсуі екі еседен артады, 2004-2006 жылдарға қарағанда. Ал, алынатын таза табыстар сәйкесінше 14 пайыздан 85,5 пайызға өседі.

Соныменен, Оңтүстік Қазақстан облысындағы кәсіпорындардағы жұмыс істейтін (өнім өндіретін) кәсіпкерлердің жұмысын зерттеу және талдау барысында, олардың агроқұрылымдардағы ерекшілігін ескере отырып тиімді және тәртіпті түрде мәселелерін шешу үшін ұтымды бағдарламалар қабылданып оларды жүзеге асыру мәселесі өзекті жұмыстардың біріне айналуда.

  1   2   3

Похожие:

Оңтүстік Қазақстан облысының мәліметтері негізінде кіріспе зерттеу тақырыбының өзектілігі iconКіріспе зерттеу тақырыбының өзектілігі
Бүгінгі білім саласында республикалағы білім кеңістігін әлемдік деңгейге жеткізуге ұмтылыс байқалады және мұғалім іс-әрекетін жаңаша...
Оңтүстік Қазақстан облысының мәліметтері негізінде кіріспе зерттеу тақырыбының өзектілігі iconЗерттеу тақырыбының өзектілігі
Олай болса, шет елдегі қазақтардың әдеби мұрасы жалпы қазақ мәдениетінің ажырамас бір бұтағы, сырттан құяр қайнар бұлақтың бірі
Оңтүстік Қазақстан облысының мәліметтері негізінде кіріспе зерттеу тақырыбының өзектілігі iconОңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасының бастығы
Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалымен...
Оңтүстік Қазақстан облысының мәліметтері негізінде кіріспе зерттеу тақырыбының өзектілігі iconКіріспе
Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи жағдайлары
Оңтүстік Қазақстан облысының мәліметтері негізінде кіріспе зерттеу тақырыбының өзектілігі iconІі бөлім. Оңтүстік Қазақстан облысының экологиялық жағдайын талдау
Кіріспе
Оңтүстік Қазақстан облысының мәліметтері негізінде кіріспе зерттеу тақырыбының өзектілігі iconДипломдық зерттеу жұмысының өзектілігі
Кіріспе
Оңтүстік Қазақстан облысының мәліметтері негізінде кіріспе зерттеу тақырыбының өзектілігі iconДиплом жұмысы Тақырыбы: «Оңтүстік Қазақстан облысының экономикалық географиялық проблемалары және болашағы»
Кіріспе
Оңтүстік Қазақстан облысының мәліметтері негізінде кіріспе зерттеу тақырыбының өзектілігі iconОңтүстік Қазақстан облысының жекелеген әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы
Бірлескен Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2006 жылғы 30 маусымдағы n 23/271-iii шешімі және Оңтүстік Қазақстан облыстық...
Оңтүстік Қазақстан облысының мәліметтері негізінде кіріспе зерттеу тақырыбының өзектілігі iconОңтүстік Қазақстан облысының жекелеген әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2008 жылғы 7 шілдедегі n 8/111-iv шешімі және Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2008...
Оңтүстік Қазақстан облысының мәліметтері негізінде кіріспе зерттеу тақырыбының өзектілігі iconОңтүстік Қазақстан облысы бойынша 2008 жылға қоршаған ортаға эмиссия үшін төлем ставкаларын белгілеу туралы
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2008 жылғы 27 наурыздағы n 5/71-iv шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница