Қолы) (аты-жөні)




НазваниеҚолы) (аты-жөні)
страница7/10
Дата конвертации15.02.2016
Размер1.08 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://inside.wksu.kz/dmdocuments/ВИД._2008-2009_у.г..doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Практикалық сабақ № 14

Тақырыбы: Генеология және зерттеу әдістемесі

Мақсаты: студенттерге генеалогия пәні, міндеттері, зерттеу әдістері, генеалогияның даму тарихы туралы түсінік беріп, генеалогиялық кестелер құруға үйрету. Тарихи генеалогияның маңызын ашып көрсету. Өз шежіресіне шолу жасау.

Тапсырмалар:

1. Генеология пәні, міндеттері және терминологиясы.

2. Генеологиялық кестелер.

3. ХҮІ-ХҮІІІ ғ.ғ. Европада генеология ғылымының дамуы.

4. Генеологиялық түп деректер.

5. Тарихи генеологияның маңызы.

Әр студент өз генеалогиялық кестесін құру.

Кестені толтыру. Генеалогиялық кесте түрлері:

Түрлері:

Сипаты:













Әдістемелік нұсқаулар: топтық талдау, өз шежіресін жасау, кесте толтыру.


Практикалық сабақ № 15

Тақырыбы: Әлеуметтік этикет

Мақсаты: студенттерге әлеуметтік этикет жүйесі, шендер мен наградалардың пайда болуы, түрлері туралы мәлімет беру.

Тапсырмалар:

1. Орыс генеологиясының шығу тарихы.

2. «Рангілер турлы табель».

3. Қазақ халқының шежіресі.

4. Кеңес дәуіріндегі наградалар мен шендер.

5. Қазіргі кездегі шендер мен наградалар.

Кесте толтыру. Шендер мен наградалар түрлері (әр қайсысына бөлек-бөлек):

Түрлері:

Пайда болған жылы:

Сипаты:



















Әдістемелік нұсқаулар: конспект жазу, ауызша баяндау, кесте толтыру.

ОЖСӨЖ ӨТУІЗУ ЖӨНІНДЕГІ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР.

ОЖСӨЖ екі қызмет атқарады: кеңесушілік және бақылаушылық. ОЖСӨЖ – бұл оқу жұмыстары диалогтық режимде өтетіндіктен, студент пен оқытушының біріккен жұмысы. Мысалы, тренинг, дискуссия, іскерлік және дидактикалық ойындар, презентация, кейс құрастыру, топтық, жеке жобаларды құрастыру және т.б. Әрбір ОЖСӨЖ-ге материал дайындалуы тиіс.

ОЖСӨЖ жоспары:

- тақырыбы

- сабақ мақсаты

- өткізу формасы

- тапсырмалар, сұрақтар.

- методикалық нұсқаулар, үйлестіру құралдары.

- әдебиет.

ОЖСӨЖ № 1

Тақырыбы: Курсқа қатысты негізгі әдебиеттер.

Мақсаты: студенттерге курс бойынша пайдаланылатын әдебиеттер туралы мәлімет беру.

Өткізу формасы: дәстүрлі.

Тапсырмалар, сұрақтар: каталог арқылы курс бойынша пайдаланылатын әдебиеттер тізімін жасау.

Әдістемелік нұсқаулар: топтық жұмыс.

Әдебиет: №3 кітапхана каталогы.


ОЖСӨЖ № 3

Тақырыбы: Палеографияның қосалқы тарихи пән ретіндегі даму тарихының кестесін кезеңдер бойынша құрастыру.

Мақсаты: студенттерді палеографияның дамуындағы негізгі кезеңдермен таныстыру.

Өткізу формасы: дәстүрлі.

Тапсырмалар, сұрақтар:

Кестені толтыру.

Негізгі кезеңдер:

Сипаты:



















Әдістемелік нұсқаулар: топтық талдау.

Үйлестіру құралдары: кесте.

Әдебиет:

  1. Тихомиров М.И.и др. Русская палеография. М.,1982.

  2. Рейсер С.А. Палеография и текстология нового времени. М.,1970.

  3. Муравьев А.В. Русская палеография. М.,1956.

  4. Щепкин В.Н. Русская палеография. М.,1967.

  5. Черепнин Л.В. Русская палеография и другие вспомогательные исторические дисциплины. М.,1974.

  6. Пронштейн А.П., Кияшко В.Я. Қосалқы тарихи пәндер.А., 1978. 6-20 б.

  7. Кобрин В.Б., Шорин П.А. Вспомогательные исторические дисциплины. М.,1984 г. 14-50 беттер.


ОЖСӨЖ № 12

Тақырыбы: бақылау жұмысы.

Мақсаты: студенттердің 1-4 апталарда өткен тақырыптар бойынша білімін тексеру.

Өткізу формасы: дәстүрлі.

Тапсырмалар, сұрақтар:

І-вариант

1. Палеография – бұл . . .

А) түрлі өлшем бірліктерді зерттейтін қосалқы тарихи пән.

Б) ақша жүйесін зертейтін қосалқы тарихи пән.

В) түп деректердің сыртқы белгілерін зерттейтін қосалқы тарихи пән.

Г) жеке атауларды зерттейтін қосалқы тарихи пән.

2. ХҮІ ғ. метрологияның ғылыми пән ретінде қалыптасуын кімдердің есімдерімен байланыстырады?

А) А.П. Пронштейн және В.Я. Кияшко.

Б) Г.Агрикол және Ж.Скалигер.

В) Ж.Скалигер және М.В. Ломоносов.

Г) В.Я. Кияшко және Е.И.Каменцева.

3. Глоголица алфавитінде қанша таңба?

А) 45.

Б) 43.

В) 39.

Г) 36.

4. Сұйық денелер сыйымдылығының өлшемдері:

А) бочка, ведро, корчага.

Б) гривна, осьмин, кадь.

В) верст, ведро, половник.

Г) сажень, пядь, вершок.

5. 54 см-лік локоть қаншаға тең?

А) 26 см-ден 2 пядьке.

Б) 48 золотникке.

В) пядьке.

Г) 18 см-ден 3 пядьке.

6. Ғылыми пән ретінде палеография қашан және қайда пайда болды?

А) ХҮІІ ғ. Ресейде.

Б) ХҮІ ғ. ІІ жартысында, Италияда.

В) ХҮІІІ ғ. І жартысында, Францияда.

Г) ХҮІІ ғ. ІІ жартысында, Англияда.

7. 1755 ж. жарық көрген «Орыс грамматикасының» авторы:

А) А.Т.Николаева.

Б) М.В.Ломоносов.

В) И.И.Срезневский.

Г) Н.И.Греч.

8. ХҮІ – ХҮІІ ғ.ғ. негізгі жазу материалы?

А) пергамен.

Б) қағаз.

В) береста.

Г) грамота.

9. «Палимпсестер» дегеніміз не?

А) бір материалда бірнеше рет қайталанып жазылған қолжазбалар.

Б) ХІҮ-ХҮ ғ.ғ. жазу графикасы.

В) Усиавтағы жазуды қысқарту әдісі.

Г) ХІҮ ғ. қолжазбаларды әсемдеу әдісі.

10. Феодалдық бытыраңқылық кезеңінде миниатюра құрылымында қандай өзгерістер жүрді?

А) жеке тұлғаларды бейнелеу басталды.

Б) табиғат әсемдіктерін бейнелеу басталды.

В) тек билеуші тұлғаларды бейнелеу орын алды.

Г) саяси өмірді және тұрмыс жағдайларын бейнелейтін сюжеттер пайда болды.

11. «Пергамент» сөзі Орыс мемлекетінде қашаннан бастап қолданыла бастады?

А) ХҮІ ғ. ІІ ж. бастап.

Б) ХҮІІІ ғ. бастап.

В) ХІХ ғ. І ширегінен бастап.

Г) ХІХ ғ. соңында.

12. ХХ ғ. басында Кирилл алфавитіне алынып тасталған әріптің орнына қандай жаңа әріптер қосылды?

А) Б, П, I.

Б) N, Т, Х.

В) Ъ, Ш, Ж.

Г) Й, Э, Е.

13. 1564 ж. Москвалық баспа сарайында басылған ортағасырлық баспа ісінің тамаша үлгісі болған туындыны атаңыз?

А) «Соборлық Жарғы».

Б) «Остромирово евангелиясы».

В) «Апостол».

Г) «Мстислав евангелиясы».

14.Глаголица алфавиті қай жерлерде басқаларынан неғұрлым көбірек қолданылды?

А) Батыс Европаның солтүстік-шығыс аудандарында.

Б) Шығыс Аравияда.

В) Шығыс Адратика аудандарында.

Г) Қытайдың солтүстік аудандарында, Орта Азияда.

15. Қағаздың уақытын анықтаушы белгі қалай аталады?

А) штемпель.

Б) клеймо.

В) филигрань.

Г) рококо.

16. Г.Агриколдің «римдіктер мен гректердегі өлшемдер туралы бес кітап»

атты туындысы қашан жарияланды?

А) 1550 ж.

Б) 1675 ж.

В) 1762 ж.

Г) 1803 ж.

17. ХІ-ХҮ ғ.ғ. ұзындық өлшемдерін арнайы зерттеген академик Б.А.Рыбаков кіші пядьтың қанша см-ге тең екендігін анықтады?

А) 22 см.

Б) 23 см.

В) 25 см.

Г) 19 см.

18. Адам қолының екі жаққа созылғандағы үлкен екі саусақтарының арасындағы қашықтыққа тең болған, 19 см-гі 8 пядьтен құралған сажень қалай аталады?

А) қисық сажень.

Б) қарапайым немесе түзу сажень.

В) өлшемдік сажень.

Г) қашықтықтық сажень.

19. ХІҮ-ХҮ ғ.ғ итальян қағаздарындағы судағы белгілерінде не бейнеленді?

А) дельфин.

Б) ит.

В) мануфактура иелерінің елтаңбалары.

Г) шағын құмыра.

20. Қай жазу графикасында алғаш рет екі қатар тұрған әріптерді қосып жазуға әрекет жасалды?

А) жедел жазу.

Б) устав.

В) жартылай устав.

Г) барокко.

21. Жедел жазу – бұл . . .

А) қарапайым суретті жазу.

Б) әріптердің геометриялылығы сақталған, тік әріптермен жазылған жазу.

В) шағын адамдар тобына ғана түсінікті жазу.

Г) әріптері қосылып, тездетілген жазу.

22. Жеке бөлімнің немесе беттің басындағы, мәтіннің үстіндегі сурет қалай аталады?

А) концовка.

Б) заставка.

В) инициал.

Г) вязь.

23. ХҮ-ХҮІ ғ.ғ. локотьты біртіндеп ығыстырған неғұрлым ірі өлшем бірлігі?

А) сажень.

Б) пядь.

В) аршын.

Г) верст.

24. И.И. Кауфманның айтуынша Ежелгі Русьте қолданылған гривна қаншаға тең болды?

А) 409,512 г.

Б) 348,69 г.

В) 136,44 г.

Г) 296,75 г.

25. ХҮІ ғ. ортасына дейін Ресейде қай елден әкелінген қағаздар қолданылды?

А) Голландия.

Б) Франция.

В) Италия.

Г) Швеция.

ІІ – вариант.


  1. Метрология ғылымы нені зерттейді?

А) түп деректердің сыртқы белгілерін.

Б) түрлі өлшем бірліктердің даму тарихын.

В) ақша жүйесін.

Г) жеке атаулардың пайда болу тарихын.

2. Славян алфавитінің құрастырылуы туралы мәселе кімдердің есімімен байланысты?

А) И.И. Срезневский және Л.В.Черепнин.

Б) Мефодий және Агрикол.

В) Ю.Цезарь және Август.

Г) Кирилл және Мефодий.

3. Кириллица алфавиті қанша таңбадан тұрады?

А) 39.

Б) 42.

В) 43.

Г) 40.

4. Сусымалы денелер сыйымдылығының өлшемдері?

А) бочка, ведро, корчага.

Б) половник, осьмин, кадь.

В) гривна, половник, кадь.

Г) верст, сажень, осьмин.

5. ХҮІ ғ. пайда болған, 27 ағылшын дюймына тең болған аршын қанша см-ді құрады?

А) 72,4 см.

Б) 68,6 см.

В) 88,2 см.

Г) 76,8 см.

6. Кітап гравюрасы қашан пайда болды?

А) ХҮІІІ ғ.

Б) ХҮ ғ.

В) ХІХ ғ. І ж.

Г) ХІХ ғ. ІІ ж.

7. 1885 ж. жарық көрген палеография жөніндегі басшылық құралының авторы?

А) В.Н.Щепкин.

Б) Е.Ф.Карский.

В) А.В.Муравьев.

Г) И.И.Срезневский.

8. ХІҮ ғ. аяғына дейін қандай графика үстемдік етті?

А) жедел жазу.

Б) жартылай устав.

В) устав.

Г) құпия жазу.

9. ХҮІІІ ғ. ІІ ж. жедел жазу графикасына әсер еткен маңызды факторлардың бірі?

А) халықаралық қатынастардың жақсаруы.

Б) азаматтық шрифттің енгізілуі.

В) Петр І реформалары.

Г) Моңғол-татар шапқыншылығы.

10. Рококо – бұл . . .

А) Жазу графикасының ХҮІІІ ғ. неғұрлым жаңа түрі.

Б) Жазу материалы.

В) ХҮІІІ ғ. кітап орнаментіндегі бейнелеу стилі.

Г) ХҮІІІ ғ. миниатюра.

11. Европалық өнеркәсіптердегіқағаздарда судағы белгілер қашан пайда болды?

А) ХІҮ ғ. І ж.

Б) ХІІІ ғ.

В) ХІҮ ғ. соңында.

Г) ХҮ ғ.

12. Орыс алфавитінің құрылымын өзгерту үшін зор маңызға ие болған 1918 ж. реформа бойынша қандай әріптер алынып тасталды?

А) ять, фита, ижица.

Б) юсы, кси, пси.

В) ижица, омега, пси.

Г) аз, буки, ерь.

13. ХІ – ХІҮ ғ.ғ. ұзындық өлшемдерін зерттеу үшін негізгі дерек көздерінің бірі?

А) «Соборлық Жарғы».

Б) «Игумен Данилдің Қасиетті жерге баруы».

В) «Апостол».

Г) «Мстислав евангелиясы».

14.1966 ж. жарық көрген «Орыс палеографиясы» еңбегінің авторы кім?

А) С.А.Рейсер.

Б) Н.С.Чаев.

В) М.Н.Сперанский.

Г) М.В. Муравьев.

15. Палеографияда судағы белгілерін бейнелеу үшін қолданылатын тордағы вертикаль сызықтар қалай аталады?

А) филигрань.

Б) вержер.

В) пантюзо.

Г) барокко.

16. Қағаздағы ерте штемпельдің пайда болуын С.А.Клепиков қай уақытқа жатқызады?

А) 1828 ж.

Б) 1839 ж.

В) 1863 ж.

Г) 1889 ж.

17. ХІ-ХҮ ғ.ғ. ұзындық өлшемдерін арнайы зерттеген академик Б.А.Рыбаков үлкен пядьтың қанша см-ге тең екендігін анықтады?

А) 19-20 см.

Б) 22-23 см.

В) 20-21 см.

Г) 25-26 см.

18. Адамның жоғары созғандағы қолының саусақтарынан аяғының саусақтарына дейінгі қашықтықта анықталғансажень қалай аталады?

А) өлшемдік сажень.

Б) қарапайым сажень.

В) қисық сажень.

Г) түзу сажень.

19. ХІҮ-ХҮ ғ.ғ. француз қағаздарының судағы белгілерінде не бейнеленді?

А) секира.

Б) дельфин.

В) бір басты бүркіт.

Г) бұқаның өрнектелген басы.

20. ХҮ ғ. жартылай уставта болгар кітап шығарушылары әкелген қандай тыныс белгісі пайда болды?

А) сызықша.

Б) қос нүкте.

В) нүкте.

Г) үтір.

21. Устав – бұл . . .

А) әріптердің геометриялылығы, ара қашықтығы сақталған жазу.

Б) қарапайым суретті жазу.

В) шағын адамдар тобына ғана түсінікті жазу.

Г) әріптері қосылып, тездетілген жазу түрі.

22. Мәтіннің жаңа жолдағы ерекшеленіп боялған бастапқы әрпі қалай аталады?

А) концовка.

Б) заставка.

В) инициал.

Г) жағалау өрнек.

23. Ежелгі Русь мемлекетіндегі ХҮ ғ. ең ірі ұзындық өлшемі?

А) уборок.

Б) поприще.

В) лукно.

Г) лукошко.

24. Кейбір зерттеушілер гривнаны византиялық салмақ өлшемі литрмен (римдік - либра) байланыстырады және оны алғашқыда қаншаға тең деп есептеді?

А) 409,512 г.

Б) 204,36 г.

В) 348,29 г.

Г) 136,44 г.

25. ХҮІІ ғ. бастап Ресейде қай елден әкелінген қағаздар қолданыла бастады?

А) Франция.

Б) Голландия.

В) Италия.

Г) Испания.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Похожие:

Қолы) (аты-жөні) iconҚолы) (аты-жөні)

Қолы) (аты-жөні) iconҚолы аты-жөні

Қолы) (аты-жөні) iconҚолы) (аты-жөні)
«Қазақ филологиясы» мамандығының күндізгі бөлім студенттеріне арналған «Шетел әдебиеті»
Қолы) (аты-жөні) iconҚолы) (аты-жөні)
«Қазақ филологиясы» мамандығының күндізгі бөлім студенттеріне арналған «Шетел әдебиеті»
Қолы) (аты-жөні) iconҚолы) (аты-жөні)
Дүниежүзілік тарих және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының отырысында қарастырылды
Қолы) (аты-жөні) iconҚолы) (аты-жөні)
Хайдаров Е. Е. – дүниежүзілік тарих және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының аға оқытушысы
Қолы) (аты-жөні) iconҚолы) (аты-жөні)
Жұмыс бағдарламасы Қазақстан тарихы кафедрасының мәжілісінде талқыланды. №8 хаттама, 23. 04. 2009 жыл
Қолы) (аты-жөні) iconҚолы) (аты-жөні) келісілді *
В050300 – Психология мамандығының күндізгі оқу формасында оқитын студенттеріне арналған
Қолы) (аты-жөні) iconҚолы) (аты-жөні)
В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының сыртқы бөлім студенттеріне арналған
Қолы) (аты-жөні) iconҚолы) (аты-жөні)
Курс бағдарламасына (Sillabus) 2008/2009 оқу жылында енгізілген өзгертулер мен толықтырулар
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница