Қолы) (аты-жөні)




НазваниеҚолы) (аты-жөні)
страница6/10
Дата конвертации15.02.2016
Размер1.08 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://inside.wksu.kz/dmdocuments/ВИД._2008-2009_у.г..doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10



7. ПӘНДІ ОҚУДАҒЫ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР




А) Семинарлық сабақтар үшін әдістемелік нұсқаулар.

Семинарлық сабақтардың негізгі мақсаты-студенттердің теориялық білімдерін бекіту мен тереңдету және практика жүзінде оларды қолдану дағдыларын қалыптастыру.

1. Семинар сабақтарын тиімді өткізуге арналған талаптар.

1.1. Ұйымдастырушылық жұмыстарына қойылатын талаптар:

- семинар сабақтарының мамандық бойынша құрылған оқу жоспарына сәйкес келуі;

- пәннің типтік және оқу бағдарламасының, сабақ кестесінің болуы;

- семинар сабақтарының дәріс сабақтарымен, бақылау жұмыстарымен және басқа да пән бойынша өткізілетін оқу сабақтарының түрлерімен сәйкестігі;

- техникалық құралдарды кеңінене қолдану;

- университеттегі кітапханалардың әдебиеттермен қамтылу жағдайын ескере отырып, семинарларға әдебиеттер беру;

- семинар сабақтарына студенттердің дайындығын тексеруді ұйымдастыру;

1.2. Семинар сабақтарының мазмұнына қойылатын талаптар:

-семинар сабақтарының мазмұнының пәннің негізгі бөлімдерін қамтыған оқу бағдарламасына сәйкес келуі;

- семинар сабақтарының пәннің оқу сабақтарының басқа түрлерімен байланысын қамтамасыз ету;

-сабақтарда студенттердің жаңа жағдайда білімді өз бетімен пайдалана алу қабілетін дамыту;

-алға қойылған міндеттерді шешу қабілетін дамыту.

1.3. Әдістемелік талаптар:

-дәріс курсымен және басқа да оқу сабақтарының түрлерімен логикалық байланысын қамтамасыз ету;

-студенттер мен оқытушының семинар сабағына дайындық;

-қайшылықты мәселелерді дұрыс талдау мен дұрыс емес жауаптарды түзету;

-курстың спецификалық ерекшелігі мен студенттердің жеке қабілеттерін ескере отырып студенттердің өз бетімен жұмыстануына оқытушының дифференцияцияланған басшылықты қамтамасыз ету.

Лабораториялық және практикалық (семинар) сабақтарын өткізуге әдістемелік нұсқаулар.

- тақырыбы

- мақсаты

- тапсырмалар

- әдістемелік нұсқаулар

- негізгі сызбалар

- сұрақтар


Практикалық сабақ № 1

Тақырыбы: Палеография

Мақсаты: студенттерге палеография пәні, қалыптасу кезеңдері, тарихы бойынша түсінік беру.

Тапсырмалар:

1. Орыс палеографиясының пайда болуы мен дамуы.

2. Шығыс славяндарда жазу-сызудың пайда болуы. Жазудың көне түрлері.

3. Славян альфавитінің графикалық формасы: кириллица және глаголица.

4. Палеография әдістерін тарихи зерттеу процесінде қолдану.

Кестені толтыру: кириллица және глаголица альфавиттеріне салыстырмалы сипаттама беру.

Кириллица

Глаголица:



















Әдістемелік нұсқаулар: сабақ дәстүрлі формада өтеді, семинар және дәріс сұрақтары негізінде құрылған конспект бойынша сабақ айту. Қосымша берілген кестені толтыру.


Практикалық сабақ № 2

Тақырыбы: ХІ-ХҮ ғ.ғ. Русьтегі жазба ескерткіштер

Мақсаты: ХІ-ХҮ ғ.ғ. Русьтегі жазба ескерткіштер түрлеріне сипаттама беру.

Тапсырмалар:

1. ХІ-ХІІ ғ.ғ. Ежелгі Русьтегі жазба ескерткіштер.

2. ХІ-ХІІ ғ.ғ. ежелгі устав және оның ерекшеліктері.

3. ХІІ-ХҮ ғ.ғ. Русьтегі жазба ескерткіштердің сипаттамасы.

4. Жазу құралдары және олардың ерекшеліктері.

Қазақстанда кириллицаның енгізілуі. Қазақстан территориясындағы эпиграфикалық ескерткіштер.

Әдістемелік нұсқаулар: топтық талдау.


Практикалық сабақ № 3

Тақырыбы: ХҮ-ХІХ ғ.ғ. Орыс мемлекетінің жазба ескерткіштері

Мақсаты: студенттерді ХҮ-ХІХ ғ.ғ. Орыс мемлекетінің жазба ескерткіштерімен таныстыру, негізгі түрлеріне талдау жасау.

Тапсырмалар:

1. ХҮ-ХҮІІ ғ.ғ. жазба ескерткіштердің сипаттамасы.

2. Жазу құралдарының даму ерекшеліктері (ХҮ-ХҮІІ ғ.ғ.).

3. ХҮІІІ-ХІХ ғ.ғ. жазудың дамуына әсер еткен факторлар.

4. Жазу түрлері, құралдары (ХҮІІІ-ХІХ ғ.ғ.).

Кесте толтыру. Жазба ескерткіш түрлеріне салыстырмалы сипаттама беру.




ХҮ-ХҮІІ ғ.ғ. жазба ескерткіштер

ХҮІІІ-ХІХ ғ.ғ. жазба ескерткіштер

Жазу материалы:







Жазу графикасы:







Жазу құралы:







Әшекейленуі:







Судағы белгісі:







Әдістемелік нұсқаулар: дискуссия.


Практикалық сабақ № 4

Тақырыбы: Тарихи метрология

Мақсаты: студенттерге тарихи метрология пәні, міндеттері, зерттеу әдістері, қалыптасу кезеңдері туралы мәлімет бере отырып, осы қосалқы тарихи пән бойынша жалпы түсінік қалыптастыру.

Тапсырмалар:

1. Тарихи метрологияның пәні, міндеттері, зерттеу әдістері.

2. ХІ-ХІҮ ғ.ғ. ұзындық өлшемдері.

3. Аудан өлшемдері (ХІ-ХІҮ ғ.ғ.).

4. Тарихи метрологияның зерттеу процесіндегі ролі.

Тарихи метрология бойынша негізгі терминдерден сөздік құрастыру.

Әдістемелік нұсқаулар: топтық талдау, сөздікпен жеке жұмыс.


Практикалық сабақ № 5

Тақырыбы: ХҮ-ХҮІІ ғ.ғ.Орыс метрологиясы

Мақсаты: студенттерге ХҮ-ХҮІІ ғ.ғ.Орыс метрологиясы туралы мәлімет бере отырып, осы негізгі салмақ, аудан, ұзындық, сусымалы денелер, сұйық денелер өлшемдері туралы түсінік қалыптастыру.

Тапсырмалар:

1. ХҮ-ХҮІІ ғ.ғ. өлшем бірліктер және олардың түрлері:

А) Ұзындық өлшемдері.

В) Алаң өлшемдері.

С) Салмақ өлшемдері.

Д) Сұйық денелер сыйымдылығының өлшеулері.

2. Қазақ халқының өлшем бірліктер жүйесі.

3. Орыс метрологиясының дамуына әсер еткен факторлар.

4. Өлшемдердің метрикалық жүйесі.

Кесте толтыру. Өлшемдер түрлері:

Өлшем түрлері:

Сипаты:




















Қазақ халқының өлшем бірліктері:



Өлшем бірлік атауы.

Пайда болған уақыты.

Мәні.

1

Алыс қашықтықтағы қазақ өлшем бірліктері: алты айлық, айлық, күндік, ат шаптырым, аттам және т.б.







2

Жақын қашықтықтағы өлшем бірліктер: шай қайнатым, шай ішім, ет пісім, бие сауым, түйе сауым және т.б.







3

Ұзындық өлшем бірліктері: қадам, құлаш, адым, қарыс, сүйем және т.б.







4

Ұсақ өлшемдер: түймедей, иненің жасуындай, бір тамшы және т.б.







5

Сауда кезіндегі өлшем бірліктер: пұт, қап, дорба, қанар және т.б.







Әдістемелік нұсқаулар: дебат, кестемен жұмыс.


Практикалық сабақ № 6

Тақырыбы: Хронология

Мақсаты: студенттерге тарихи хронология пәні, міндеттері және зерттеу әдістері туралы мәлімет беру.

Тапсырмалар:

1.Тарихи хронология пәні, міндеттері және зертеу әдістері.

2. Тарихи оқиғаларды және түп деректерді даталау.

3. Тарихи хронология деректерін тарих ғылымында пайдалану және оның тарих ғылымындағы орны.

Әдістемелік нұсқаулар: топтық жұмыс.


Практикалық сабақ № 7

Тақырыбы: Дүние жүзі халықтарының хронологиясы

Мақсаты: студенттерді дүние жүзі халықтарының хронологиясымен таныстыру.

Тапсырмалар:

1. Күнтізбе және олардың түрлері.

2. Көне Египет күнтізбесі. Ертедегі майялар күнтізбесі.

3. Эра және олардың түрлері.

4. Мұсылмандық күнтізбелер. Мұсылман күнтізбесінің күндерін қазіргі уақытқа ауыстыру.

5. Француз революциясының күнтізбесі. Француз Республикалық күнтізбесінің даталарын қазіргі уақытқа ауыстыру.

Кесте толтыру. Дүние жүзі халықтарының хронологиясы.

Елдер:

Пайда болған уақыты:

Сипаты мен мазмұны:




























Берілген сұрақтар бойынша тест құрастыру.

Әдістемелік нұсқаулар: дебат.


Практикалық сабақ № 8

Тақырыбы: Нумизматика

Мақсаты: студенттерде нумизматика пәні бойынша түсінік қалыптастыру.

Тапсырмалар:

1. Нумизматика пәні, міндеттері және терминологиясы.

2. Ақшаның шығуы. Ақша түрлері.

3. Салым – нумизматика объектісі ретінде. Салым түрлері.

4. Алғашқы айырбас құралдары.

Терминдермен жұмыс: Аверс, реверс, эмитент, легенда, гурт, проба және т.б.

Әдістемелік нұсқаулар: дискуссия.


Практикалық сабақ № 9

Тақырыбы: Орыс мемлекетіндегі ақша айналымы

Мақсаты: студенттерге орыс мемлекетінің монеттері, түрлі реформалар туралы мәліметтер беру.

Тапсырмалар:

1. Орыс мемлекетінің монеттері:

А) ежелгі орыс монеттері.

В) 1534 ж. реформа және оның маңызы.

С) ХҮІІІ-ХІХ ғ.ғ. монет жүйесі.

Д) Петр І ақша реформасы.

2. Батыс Европа елдерінің монеттері және ақша айналымы.

3. 1922-1924 ж.ж. ақша реформасы.

Кесте толтыру.

Реформалар:

Өткізілген уақыты:

Мәні:



















Әдістемелік нұсқаулар: топтық жұмыс.


Практикалық сабақ № 10

Тақырыбы: Сфрагистика- тарихи пән ретінде

Мақсаты: студенттерге сфрагистика пәні, міндеттері, зерттеу әдістері туралы мәлімет бере отырып, мөрлердің түрлері туралы түсінік қалыптастыру.

Тапсырмалар:

1. Сфрагистика пәні, әдістері, міндеттері, хронологиясы.

2. Мөрлердің пайда болу тарихы, түрлері.

3. Ежелгі орыс мемлекетінің мөрлері.

4. Орталықтанған орыс мемлекетінің мөрлері.

5. Ресей империясының мөрлері.

6. КСРО мөрлері.

7. ҚР-ның мөрлері.

Түрлі елдер мөрлер түрлеріне кесте құру арқылы салыстырмалы сипаттама беру.

Әдістемелік нұсқаулар: берілген сұрақтар бойынша конспект құру, талдау жасау. Дөңгелек үстел.


Практикалық сабақ № 11

Тақырыбы: Геральдика – қосалқы тарихи пән ретінде

Мақсаты: студенттерге геральдика пәні, міндеттері, зерттеу әдістері туралы мәлімет бере отырып, осы пән бойынша жалпы түсінік қалыптастыру. Елтаңбалардың түрлерімен таныстыру.

Тапсырмалар:

1. Геральдика пәні, міндеттері, әдістері, терминологиясы.

2. Елтаңбаның пайда болуы, негізгі құрамдас бөліктері.

3. Қалалық және облыстық елтаңбалар және олардың пайда болуы.

4. Дворяндық елтаңбалар.

5. ХІХ ғ. Губерниялық және қалалық елтаңбалар.

6. Қазақ таңбасының рулық белгі ретінде қолданылуы. Қазақстан қалаларының символдары.

Берілген тақырып бойынша тест сұрақтарын құрастыру.

Әдістемелік нұсқаулар: топтық талдау, тестпен жұмыс.


Практикалық сабақ № 12

Тақырыбы: Тарихи ономастика және топонимика.

Мақсаты: студенттерге тарихи ономастика және топонимика туралы, зерттеу әдістері, басқа ғылым салаларымен байланысы туралы түсінік беру.

Тапсырмалар:

1. Тарихи ономастика пәні және міндеттері.

2. Топонимикалық субстрат.

3. Тарихи ономастика мен топонимиканың басқа ғылымдармен байланысы.

4. Зерттеу әдістері.

Әр студент өз туған өлкесі туралы конспект жасау.

Әдістемелік нұсқаулар: берілген сұрақтар бойынша конспект құрып, ауызша жауап беру.


Практикалық сабақ № 13

Тақырыбы: Антропонимика

Мақсаты: студенттерге антропонимика пәні, міндеттері, жеке атаулар тарихы бойынша мәлімет беру.

Тапсырмалар:

1. Орыс жеке атауларының тарихы.

2. Күнтізбелік атауларды христианизациялау және адаптациялау.

3. Фамилияның пайда болуы.

4. Түрлі территориялар мен әлеуметтік топтардағы бірдей атаулар.

Әрбір студент өз атының қойылу тарихы туралы баяндау.

Әдістемелік нұсқаулар: дискуссия.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Похожие:

Қолы) (аты-жөні) iconҚолы) (аты-жөні)

Қолы) (аты-жөні) iconҚолы аты-жөні

Қолы) (аты-жөні) iconҚолы) (аты-жөні)
«Қазақ филологиясы» мамандығының күндізгі бөлім студенттеріне арналған «Шетел әдебиеті»
Қолы) (аты-жөні) iconҚолы) (аты-жөні)
«Қазақ филологиясы» мамандығының күндізгі бөлім студенттеріне арналған «Шетел әдебиеті»
Қолы) (аты-жөні) iconҚолы) (аты-жөні)
Дүниежүзілік тарих және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының отырысында қарастырылды
Қолы) (аты-жөні) iconҚолы) (аты-жөні)
Хайдаров Е. Е. – дүниежүзілік тарих және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының аға оқытушысы
Қолы) (аты-жөні) iconҚолы) (аты-жөні)
Жұмыс бағдарламасы Қазақстан тарихы кафедрасының мәжілісінде талқыланды. №8 хаттама, 23. 04. 2009 жыл
Қолы) (аты-жөні) iconҚолы) (аты-жөні) келісілді *
В050300 – Психология мамандығының күндізгі оқу формасында оқитын студенттеріне арналған
Қолы) (аты-жөні) iconҚолы) (аты-жөні)
В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының сыртқы бөлім студенттеріне арналған
Қолы) (аты-жөні) iconҚолы) (аты-жөні)
Курс бағдарламасына (Sillabus) 2008/2009 оқу жылында енгізілген өзгертулер мен толықтырулар
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница