2011-2015 жылдарға арналған қаланың дамыту Бағдарламасы туралы түсіндірме жазба




Название2011-2015 жылдарға арналған қаланың дамыту Бағдарламасы туралы түсіндірме жазба
страница9/20
Дата конвертации15.02.2016
Размер2.56 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://uralsk.gov.kz/fileadmin/user_upload/Proekti i programa razvitiya/Programma-razvitiya-goro
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20

2010 жылы мәдениет мекемелерін ұстау үшін бюджеттік қаржыландырудан 670609,0 тг бөлінді.

Облыс халқының мәдениет саласы бойынша көрсетілген қызмет сапасына қанағаттану дәрежесі 2009 жылы 45%-ды құрады.

Тілдерді дамыту


Қаланың тілдік саясаты Қазақстан халқының бірлігі және аймақтың тілдік қорын сақтау фарторлары ретінде мемлекеттік тілді қолдануды кеңеюін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жағдай жасауға бағытталған.

Жалпы алғанда, қаладағы қазақ тілін меңгеру деңгейі 60%-ды құрайды.

Орал қаласында жергілікті мемлекеттік органдардың іс қағаздарын біртіндеп қазақ тіліне көшіру жүзеге асқан. Сонымен қатар 19 жергілікті мемлекеттік органдардың іс қағаздары мемлекеттік тілге көшті. Қаланың мемлекеттік органдарындағы іс қағаздар мониторингі іс қағаздар 99,2%-да мемлекеттік тілде жүретінін көрсетті.

Қазақ тілімен қатар орыс тілі де ресми қолданылатынын, ағылшын тілін оқуға жағдай жасалынатынын атап өту қажет.

Қалада мемлекеттік тілді оқытатын, оны оқыту курстарын ұйымдастыратын «Ағартушы» мемлекеттік тілді оқыту орталығы, мемлекеттік тілді үйрететін мультимедиялық кабинет қызмет атқарады. Мемлекеттік тілді дамыту мақсатында бірыңғай үш тіл саясаты жүргізіледі: мемлекеттік органдарда іс қағаздарын жүргізуде қазақ тілімен тең дәрежеде орыс тілі де ресми қолданылады. Қазақ тілін меңгермеген отандастарға арнайы курстар ұйымдастырылады.

Тілді оқытудағы методологиялық базаны қамтамасыз ету мақсатында 2009 жылы 10 мың, 2010 жылы – 15 мың оқыту-әдістемелік оқулықтар дайындалды және бекітілді. Тілдік саясаттың ақпараттық орталығының рөлін орындайтын облыстағы мемлекеттік органдар сайттары жұмыс жасайды.

Білім беру жүйесіндегі мемлекеттік тілді қолданудың оң тенденциясын атап айту керек.

Қаладағы 44 мектепке дейінгі мекемелердің 20-ы (50,2%) жұмысын мемлекеттік тілде, 24-і мемлекеттік және орыс тілінде жүргізеді.

Қала территориясындағы 45 мектептің 15-і оқытуды қазақ тілінде жүргізсе, 11 мектепте орыс және қазақ тілінде жүргізеді.

Қаланың тілдік қорын сақтау мақсатында қалада тұратын ұлттар тілдерін оқытатын 6 жексенбілік мектеп бар.

Қазіргі таңда қалада тілдердің функционалды дамуын жүзеге асыруға арналған құқықтық негіздер қалыптасты. Тілдік құрылыс үрдісін қоғам жақсы түсінеді және қолдайды. Мемлекеттік органдар жүйесінде қазақ тіліне сұраныстың өсу тенденциясы байқалып отыр. Батыс Қазақстан әкімдігі жанында 2001-2010 жылдарға арналған тілдерді дамыту және қалыптастыру мемлекеттік бағдарламасы мен тіл туралы заңнаманың орындалуын қадағалайтын координациялық кеңес құрылды.

Дегенмен, қол жеткізген жетістіктерге қарамастан, мемлекеттік органдар жұмысындағы мемлекеттік тіл потенциялын жүзеге асыру деңгейі әлі де жеткіліксіз. Қаладағы мемлекеттік қызметкерлер арасында қызметтік фунциясын жүзеге асыру үшін қажетті деңгейде мемлекеттік тілді меңгермеген мамандар бар. Сондықтан 2010-2012 жылдарға арналған тілдерді дамыту бойынша стратегиялық жоспарды іске асырудағы ең басты міндет – білікті мамандарды даярлау.

Оң көрсеткіштермен қатар мәселелер де туыпдап отыр:

- барлық қоғамдық сала бойынша, соның ішінде халыққа қызмет көрсету саласы бойынша, мемлекеттік тілді іске қосу деңгейінің жеткіліксіздігі.

- орта, арнаулы орта және жоғарғы оқу орындарындағы мемлекеттік тілді оқыту деңгейінің жеткіліксіздігі.

Мемлекеттік емес ұйымдарда мемлекеттік тілді енгізу қажеттілігі.

Қалалық ономастикалық комиссия қызметі қамтамасыз етілді.

Спорт


Орал қаласында барлығы 319 спорт құрылысы, оның ішінде 1500 орынға арналған трибунасы бар Авангард, Юность, «Ақжайық» ФК 3 стадионы, 2 спорт сарайы, 2 спорт кешені, 3- жүзу бассейні (6 ш.а., Зенит МҮ, Энергия), 95 спорт залы, 1 ат-спорттық манеж, 6 шаңғы базасы, 2 есу базасы, 39 ату тирі, 1 садақ ату орны жұмыс жасайды.

Қалада 11 балалар-жасөспірім спорт мектептері, 1 облыстық жоғарғы спорт шеберлігінің мектебі, 1 олимпиада резервіне дайындау орталығы, 5750 адам қатысатын 1 облыстық спорта дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаты, 3 кәсіби клуб (болейбол бойынша «Жайық» СК, доппен хоккей және гандбол бойынша «Ақжайық» СК, «Ақжайық» футбол клубы) жұмыс атқарады.

2.07.09 жылғы №1678 әкімдік Қаулысы бойынша көпшілік спортты дамытуға байланысты жұмысты күшейту үшін «Намыс спорт клубы» МККК ашылды. Оның міндетіне тұрғылықты жер бойынша спорттық-көпшілік шараларды ұйымдастыру мен өткізу жатады. «Намыстың» балансында 10 спорттық алаң, оның ішінде 5-і 2006 жылы салынып, 2009 жылы клуб балансына берілді.

2010 жылы Гагарин к-сі, 97, Достық-Дружба даңғ, 232, Құрмаңғазы к-сі, 150, Ихсанов к-сі, 87, Еуразия даңғ, 54 мекен жайлары бойынша тағы да 5 балалар ойын алаңы қолданысқа берілді. Әрбір аталған нысанда спорт инвентарын сақтауға және жалға беруге арналған орындардың барлығы жөнделді.

2010 жылы қалалық бюджеттен жасанды жабуы бар 2 спорт құрылысын салуға 22649 мың теңге бөлінді. Жобалық-сметалық құжатқа сәйкес жалпы құны 3408950 мың.тг тұратын Деркөл ауылдық округінде дене шынықтыру-оңалту кешенінің құрылысы басталды. Бұл кезекте көп функционалды спорт залы, жаттығу залы, күрес залы, әкімшілік-тұрмыстық кешен, инженерлік желі бар.

Жыл сайын салауатты өмір салтын насихаттау бойынша 40,0 мың адамды қамтитын 1600-ден астам спорттық-көпшілік шаралар өткізіледі. Орал қаласындағы 42 спорт түрлері бойынша 3-4 жастық категорияда чемпионаттар, біріншіліктер, кубоктар, турнирлер өтіп тұрады, осыған орай жыл сайын 12 мыңнан астам адамды қамтитын 120 шаралар өткізіледі. Орал қаласындағы 45 мектепте 150 дене шынықтыру мұғалімі 2500-нан астам баланы қамтып, түрлі спорт түрлерімен айналысады. 2009 жылы барлық аула клубтарында спорт бойынша әдіскердің бірлігі енгізілген. Бұл 1000 жасөспірімді қамтып, тұрғылықты жер бойынша дене шынықтыру жұмысын жүргізуге көмектеседі.

2009-2010 жылдары спортшылар мен Орал қаласының спорт командалары бірнеше мәрте облыстық, республикалық, халықаралық жарыстардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары болды. Соның ішінде БҚО мектеп оқушылары арасындағы Спартакиададан 1-орын, 2009 жылы Мемлекеттік қызметкерлер арасындағы Спартакиададан 1-орын, Қазақстан Республикасының Президенті сыйлықтары ойнатылатын 4-ші ұлттық спорт ойындарының облыстық филиалында 1-орын (14 спорт түрлерінен 11 1-орын), 2010 жылы Мемлекеттік қызметкерлер арасындағы Спартакиададан 3-орынды иеленді.

Қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі келесі спорт түрлері бойынша біріншіліктің ашылуын жасады: Астана күніне арналған 1994 жылы туылған Алматы, Тараз, Астана, Қарағанды, Орал қалалары спортшыларының арасында водный пол ашық турнирі; Ақтөбе, Атырау, Тараз, Қарағанды және Ақсай қалалары командаларының қатысуымен Кеңес Одағының батыры М.Мәметованы еске алуға арналған каратэ турнирі; 1993 жылы туылған Қызылжар, Орынбор, Қазан, Саратов, Новокуйбышевка, Уфа Оралдың екі командысының қатысуымен, волейбол бойынша әкім сыйлықтарына ойнатылатын екінші халықаралық турнирі; П.Атоян сыйлықтарына ойнатылатын футбол турнирі; Алматы, Талдықорған, Орал командаларының қатысуымен Кеңес Одағының батыры М.Мәметованы еске алуға арналған садақтан ату турнирі.

1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20

Похожие:

2011-2015 жылдарға арналған қаланың дамыту Бағдарламасы туралы түсіндірме жазба icon2011-2015 жылда Зырян ауданының «Ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мм дамыту бағдарламасы
Р үдемелі индустриалды инновациялық дамуы жөніндегі мемлекеттік бағдарлама, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы...
2011-2015 жылдарға арналған қаланың дамыту Бағдарламасы туралы түсіндірме жазба icon2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын Павлодар облысында іске асыру жөніндегі 2014-2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы 2-тармағына, Қазақстан...
2011-2015 жылдарға арналған қаланың дамыту Бағдарламасы туралы түсіндірме жазба icon2011-2015 жылдарға арналған атырау облысының аймақтарын дамыту бағдарламасы
Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы №827 «Мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Жарлығы
2011-2015 жылдарға арналған қаланың дамыту Бағдарламасы туралы түсіндірме жазба icon1 –ші кесте Аудандық бюджеттің 2012 -2014 жылдарға арналған негізгі параметрлары
Республикасының 2011-2015 жылдарға арналған даму болжамына және Шығыс Қазақстан облысының 2011 -2015 жылдарға арналған әлеуметтік...
2011-2015 жылдарға арналған қаланың дамыту Бағдарламасы туралы түсіндірме жазба iconПавлодар облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы туралы
«Павлодар облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы туралы» №330/30 шешімімен бекітілді
2011-2015 жылдарға арналған қаланың дамыту Бағдарламасы туралы түсіндірме жазба icon2011-2015 жылдарға Өскемен қаласының аумағын дамыту бағдарламасы

2011-2015 жылдарға арналған қаланың дамыту Бағдарламасы туралы түсіндірме жазба iconАқтөбе облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы
Ару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы №308 «Қазақстан Республикасындағы...
2011-2015 жылдарға арналған қаланың дамыту Бағдарламасы туралы түсіндірме жазба icon2011-2015 жылдарға арналған Астана қаласын дамыту бағдарламасы
Негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер, мақсаттық индикаторлар мен нәтижелік көрсеткіштер және оларғА Қол жеткізу жолдары 74
2011-2015 жылдарға арналған қаланың дамыту Бағдарламасы туралы түсіндірме жазба icon2011-2015 жылдарға арналған Астана қаласын дамыту бағдарламасы
Негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер, мақсаттық индикаторлар мен нәтижелік көрсеткіштер және оларғА Қол жеткізу жолдары 73
2011-2015 жылдарға арналған қаланың дамыту Бағдарламасы туралы түсіндірме жазба iconҚызылорда облысының 2004-2015 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму аймақтық бағдарламасы туралы
Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық стратегиясы туралы“ Қазақстан Републикасы Президентiнiң 2003...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница