Уақыт -1 сағ Қарағанды 2010 Кафедраның әдістемелік жиналысында бекітілген




Скачать 117.93 Kb.
НазваниеУақыт -1 сағ Қарағанды 2010 Кафедраның әдістемелік жиналысында бекітілген
Дата конвертации15.02.2016
Размер117.93 Kb.
ТипДокументы
источникftp://ftp01.kgmu.kz/MPD/1 kurs/Istoria medicini/kaz/Lekcii/2.doc
Ф КГМУ 4/3-04/01

ИП №6 УМС при КазГМА


от 14 июня 2007 г.

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті


Әлеуметтік медицина мен денсаулық сақтауды ұйымдастырудың кафедрасы


Дәріс


Тақырыбы: «Ежелгі Шығыс медицинасы»

Пән «Медицина тарихы»


Мамандығы 5В110400- «Медико – профилактикалық ісі»

Курс - I

Уақыт -1 сағ




Қарағанды 2010


Кафедраның әдістемелік жиналысында бекітілген

2010 Хаттама № ____



Кафедра меңгерушісі м.ғ.д., проф Н.К. Смагулов


Тақырыбы: «Ежелгі Шығыс медицина»


Мақсаты: Ежелгі Шығыс мемлекеттері, Мысырдағы, Месопатамиядағы, ерте


Вавилондағы, Ассириядағы, Үндістандағы және Қытайдағы құлиеленушілік қоғамдағы


дәрігерліктің жалпы дамуы, құлиеленуші дәуірмен танысу. Алғашқы медициналық


жазбаша ескерткіштердің сипаттамасы. Әлемдік медицинаның дамуында Ежелгі Шығыс


медицинаның маңызы.


  • Дәрістің жоспары:


Ежелгі Шығыс мемлекеттеріндегі медицинаның жалпы даму ерекшклігі.


  • Мысыр медицинасы.




  • Месопатамия, Вавилон және Ассириядағы медицинаның дамуы.




  • Үндістандағы медицинаның дамуы




  • .Қытайда медицинаның дамуы



1.Ежелгі Шығыс мемлекеттеріндегі медицинаның дамуы.

Құлиелнушілік қоғамының дамуы алғашқы қауымдық қоғамның ыдырауына байланысты болған заңды құбылыс болып табылады.

Ол өндіру күштерінің өсуіне көп мүмкіншілік туғызды. Құлиеленуші кезеңінде тұрғындарды екіге бөлді: еркін өмір сүретіндер құлдар.Еркін өмір сүретіндер келесі класстарға бөлінді.

Жер иеленушілер, сонымен қатар олар көп құлиеленушілер қатарына жатты.Кіші өндіріс класстары шаруалар, қол өнершілер.Құлиеленушілер және құлдардың еңбегіне пайдаланушылар.Құлиеленуші қоғамда билердің де, орны ерекше болған. Сонымен қатар олар ірі жер және құл иеленушілер классына жатады.

Ежелгі Шығыс адамзат мәдениетінің бесігі болған.Ол мемлекеттерде алғашқы қауымдық қоғамнан құл иеленушілік қоғамға өту басқа мемлекеттерден ертерек басталған. Месопатамияда және Мысырда (IV-III мың жылдық б.э.д.) Үндістанда (б.э.д. ІІІ мың жылдық ортасында) Қытайда (б.э.д. ІІ мың жылдықта), Закавказьеде (Ұнарту мемлекеттерінде б.э.д. І мың жылдықта) құл иеленушілік басым болған.

Саяси билік әкеден – балаға мұра ретінде қалып отырған. Сонымен қатар (билікте) билердің де саяси билікте ықпалы болды.

Б.э.д. бірнеше мың жылдықтар бұрын Шығыс елдерінде материалистік әлемтану және табиғат туралы ғылыми түсініктер дами бастады. Ежелгі Шығыстың материалистік ойы әлемді материализм құл иеленушілік қоғамның қызығушылығымен қажеттілігі негізінде дамыған, ол қоғамдық өмірдің мәдениеті мен материалдық өндірісі болған. Материалистік әлемтанудың дамуы құл иеленушілік қоғамның қолөнер, сауда, ғылым мен білімнің саяси және экономикалық ойларға қарсы дамуымен байланысты.

Жазудың (б.э.д. IV мың жылдықтан бастап) және алғашқы медициналық мәтіндердің (б.э.д. ІІІ мың жылдық соңында) дамуы.

Дәрігерліктің 2 бағытының дамуы: 1.Халық (эмперикалық) медицинасы – халықтың практикалық тәжірибесінде негізделген және 2.діни (храмдық) діни уағыздарға негізделген. Аурулурдың дамуы туралы түсінік : нормальді – этикалық, табиғатпен байланысты, дінмен байланысты болған.

Дәрігерлікке дайындық: отбасылық дәстүр және храмдардағы арнайы мектептерде оқыту болып екіге бөлінген.

Медицинаның дамуын саркофагтарға, жартастарға, сазда тақтаға жазылған жазулар сипатталды. Көптеген дәрігерлерді дайындау рецепті, жуу заттары, туралы Мысыр папирустарында жазылған.

Ежелде саниатрлы гигиеналық құралдар құрастырылған. Гигиеналық әдістер дамыған. Дәрігерлік этиканың негізі қалыптасты. Фармация мен ежелгі дәрігерлік іс бір-бірімен байланысты болды.

Мысырдағы медицина.

Мысырдың ежелгі цевилизациясының ошағы ніл өзенінің төменгі ағысында, б.э.д. VI мың жылдық бұрын пайда болған қалалар мен мемлекеттер болып саналған. 3200 жыл б.э.д. шамамен біртұтас мемлекет құралған.

Мысырда ежелгі Мысыр мәдениетіндегі фармация туралы түсініктер саркофагтардағы көп санды иероглифтер, пирамидалардағы және де басқа да құрылыстардағы, папирустардағы жазулар болып саналады.

Қазіргі уақытта медициналық папирустардың ішінде: Әлемдер ауруына арналған Кахуна папирусы, Смит папирусы (тапқан ғылымның атымен аталған) 2000 ж б.э.д., хирургия бойынша, балалар ауруын емдеуге арналған Эберес 1500ж б.э.д. және Бругша (1450 – 1350 ж б.э.д.)медицинаның үлкен папирустары сақталған. Эберес папирусында «Әртүрлі өсімдіктерден түрлі майлар мен шырындар алу туралы» 800 – ге жуық рецепт жазылған «Дененің әртүрлі бөліктеріне арналған дәрілерді дайындау кітабы» туралы бөлім бар.

Ежелгі Мысыр ауыр құртты аурулардың ошағы болған. Мысырлықтар жеке бас гигиенасына үлкен көңіл бөлген. Олар: темір ыдыстардан су ішіп, күндіз және түнде 2екі реттен жуынған. Месопатамиядағыдай Мысырда да кейбір үлкен храмдарда психикалық ауруларға арналған мекемелер болған. Олар емдеу мекемелерінен сары изоляторға ұқсас болған.

Мысырда науқасты емдеу үшін: маздарды, сулы ерітінділерді, жууыды, ашуды, компресстерді, қышаларды, таңбаларды және қашатпаларды қолданған. Жол желкен жапырақтары, жусан, теңіз жуасы, уксус, вино, сыра ашытқылары кеңінен қолданылған. Минералды заттардың ішінен: квасты, қайнатылған тұзды және мемфи тастарын қолданған. Ал жануарлардың: майларын, өтін, миын, бауырын және әйелдермен ешкілердің сүтін, сонымен қоса балды қолданған. Мысырда тері аурулурына арналған заттарды шығарған, сондықтан көптеген тарихшылар оны тері ауруларының отаны деп санады. Ежелгі Мысырда дәрігерлік мәдениет мамандандырылған дәрігерлердің қолында болған. Бірақта осы кезеңнің өзінде билер жоғары білімді болған және кейінгі ғасырлада медицинаның дамуына өз үлестерін қосқан. Мысыр медицинасы Ежелгі Шығыстағы, Грециядағы, Римдегі және әлемдегі медицинаның дамуына әсерін тигізген.

Месопотамияда, Вавилонда және Ассириядағы медицинаның дамуы.

Б.э.д. ІІ мың жылдың аяғында ІІ мың жылдың басында Вавилон мемлекеті құрыла бастады. Кейінірек б.э.д. І мың жылдықта солтүстік – шығыс бөлігінде Месопотамия мен Ассирия құрылды. Осы мемлекеттерінің ішінде шаруашылықтың және мәдениеттің сонымен қатар медицинаның дамуы жағынан Вавилон басты орында болды.Вавилон патшалығы ерте вавилондық кезеңде Хаммурапи патшалығы уақытында өркендеу иелігіне жеткен (б.э.д. 1792-1750ж). Ол 42 жыл билік жүргізіп аса ұлы мемлекет құрды. Хаммурапи қайтыс болғаннан кейін Вавилонға бірінші рет шапқыншылық жасалған. Б.э.д. 668-626ж

Ашшурбанипал кезінде өркендеу иелігіне жеткен Ассирия Вавилонның көршісі болған және оның кезінде қазіргі уақытқа дейінгі сақталған сазды тақташаларға жазылған бірнеше мыңдаған клинопистік жазулары бар Ниневия қаласында патшалық кітапхана салынған. Тақташалардағы жазулар «Егер адам ауырса» деген сөздерден басталады, содан кейін аурудың белгілері және дәрігерлерге арналған дәрілердің дайындалуы туралы мәліметтер жазылған. Тақшадағы жазулар «Ол жазылып кетеді» деген сөзбен аяқталады.

Медицинада екі бағыт болды: асуту ( дәрігерлердің мәдениеті) және ашипуту (дұға оқу мәдениеті) екі салтта сақталып б.э.д. І мың жылдықтың ІІ жартысында қосылған және ол ашипутуға жақынырақ болған. Сырқаттылық туралы түсінік үш негізгі категорияға бөлінген.

1.Жоғарғы сенім себептері: «құдайдың қолы,» «Ламаштудың құшағы» (Ламашта атты кемпір түнде қалада жүріп балаларға қалтырауды таратады деген ұғым болған).

2.Жалпы қабылданған дәстүрлерді, заңдарды, моральдік және басқада салттарды бұзғаны үшін ызалану.

3.Өмір салты мен табиғаттың жаратылуымен байланысты шынайы себептер (дұрыс тамақтанбау, ластанған өзенде шомылу).

Асу дәрігерлері – аурудың дамуын жиі шынайы себептермен байланыстырған. Асу болжамдары «Ол жазылады,» «Оны емдеу керек» деген өзімшілдік ойларымен аяқталады. Асу дәрігерлігі – эмпирика дәрігерінің тәжірибелік қабілетіне негізделген. Оның емдеу мақсаты шынайы болған. Мысалы: «қалтырауды тоқтату,» «ісіктерді кетіру,» «ауруды қайтару,» және т.б. Ашипу дәрілерінің басты мақсаты дұға оқу болған. Ашипу аурудың түрін және себебін анықтап, ем жүргізерге дейін болжамын айтқан. Ашипу көбіне «ол қайтыс болады,» «Ол жазылмайды» деген қолайсыз болжамдар жасаған. Сирек «ол өмір сүреді,» «ауруынан жазылады» деген жақсы болжамдармен аяқталған. Егер болжамы тұрақсыз болса ашипу ем жүргізбейтін болған. Олар адам денесінің құрылысы туралы білгенше, өлген адамдардың ішкі құрылыстарын ашпаған. Олар өлген жануарлардың ішкі құрылысын ашып бауыр, жүрек, асқазан, бүйрек,шектер туралы жалпы мәлімет алған.

Әйелдерді босандыру мен әйелдер айналысқан. Ассиро – Вавилондық мәдениеттің ішінде астралогия үлкен орын алған. Астралогиялық болжамда ең маңыздысы астралогиялық күнтізбе болған. Ол күнтізбе арқылы босануға, операцияларға және т.б. сәтті және сәтсіз күндерді белгілеген. Ассиро – Вавилондық астрология басқа халықтарға таралып, медицинадан үлкен орын алған.

Вавилон мен Ниневия қалаларын қазу кезінде көпірпердің, су құбырларының, саздан жасалған канализациялардың қалдықтары табылған, сонымен қатар жұқпалы аурумен ауырғандарды қаладан алыстату туралы заңдар болған. Б.э.д. XVIII ғ құралған Хамурапи патшаның Вавилондық заңдылықтары туралы жазылған ескерткіштері қазіргі заманға дейінгі сақталған.Ескерткіште өмірдің барлық жағына арналған ежелгі заңдар жазылған.Дәрігерлердің қызметіне және оның әр түрлі жағдайдағы соттық жауапкершіліктері туралы бірнеше мағұлматтар базальтты бағанада жазылған.

Ежелгі Шығыс елдеріндегідей Вавилонда сырқаттылықтан емделуге тек қана байлардың шамасы келген.Грек тарихшысы Геродат б.э.д. Vғ кедей адамдарды емдеуге арналған ежелгі вавилон салтын жазған.


Үндістан медицинасы.

Үндістан б.э.д.бірнеше мыңжылдықтар бұрын пайда болған.Б.э.д. ІVғ аяғы мен ІІІ мың жылдықта Үндістанда құлиеленушілік қоғам қалыптасқан.

Экономика, мәдениет, медицина сөзі болып Ману және Веда заңдылықтары болып саналған. Бұл заңдарда тұрмыстық және религиялық заңдар, халықтың эпостық туындылары «Махабхарата», «Рамайян» поэмалары және т.б. археологиялық мәліметтер жазылған.

Ежелгі мемлекеттерге қарағанда Үндістанда адам денесінің құрылысы туралы мәліметтер толық болған. Оларға мәйітті әкелу қажет етілмеген. Олар мәйітті 7 тәулік бойы ағынды суда мацерациялап, содан кейін сусінген бөліктерін щеткамен тазалаған.

Ведада кездесетін анатомиялық терминдер анатомиялық ұғымның сонымен қатар бас және жұлын милары туралы нақты емес пікірлердің болғанын білдіреді.

Науқасты зертеу кезінде дәрігер сұрастыру мен қараудан бастаған. Жүрек соғысын

және тыныс алуын тыныштық күнінде жүгіру және жұмыс уақытында тыңдалған.Зәрдің дәмі арқылы ерекше ауруларды анықтаған. Емдеу үшін өсімдіктен, жануарлардан минералды заттардан алынған дәрілер қолданылған медициналық ғылымдардың бірінші және хирургияның дамығандығы туралы «Аюрведа» авторының бірі Сушрут анықтамалары бар..

Үндістан дәрігерлері ампутация лапаротомия офтальмалогиялық және пластиканық операциялар құлақ, мұрын, ерін кемістіктерін жабуға болатын операцияларын жасаған. Акушерлікте ұрықтың аяқ пен келуін, кесір тілігін жасауды білген.Сушрут білімін жетілдірмейтін бірақ операция жасай алатын дәрігерлерді бір қанатты құстарға тенеген. Дәрігер науқасты дұрыс емдемегені үшін науқастың касталық дәрежесіне байланысты айып пұл төлеген. Медицинада дамыған пікірлер бойынша денсаулық организмнің үш басты заттарына: ауа, шырын және өттің қалыпты болуы деп ойлаған. Олар табиғаттардың негізгі элементтеріне байланысты болған.

Үндістанда медицинналық ем күшті дамыған саласы гигиена болған. Гигиена құрамы. Ману заңдарында жазылған. Етті шектеулі қолдану, сүттен және балдан құнарлы тағамдар дайындау туралы, ыдыс-аяқтың тазалығына көңіл бөлінген, сонымен қатар онда денеге күтім жасау туралы да жазылған. Бұның барлығы тек бай адамдарға қатысты болған. Сонымен бірге б.э.д. VІғ жататын қалалық және үлкен жолдардағы ауруханалар да сипатталған. Үндістан медицинасында брахманизмге кейінірек будизмге религиялары үлкен таңба қалдырған.Ежелгі үнді медицинасынының құпиялары дәрілердің этикалық заңдылықтарына бекітілген. Бұл ұстазға деген сыйластық. Сұлулық кедейлерді және достарын тегін емдеу, науқасқа қызмет ету керек болса өз өмірін қиюы, білімін жетілдіру керек екендігін білдіреді.

Ежелгі үнді дәрігерлерінің ем жүргізу кезінде ең маңыздысы дәріні тағайындау болған. Сушрут пікірі бойынша «егер қолда дұрыс емес дәрі болса ол пышақпен бірге әсер етеді». «Аюрведа» заңында 760 дәрілік заттар жазылған. Үнді дәрігерлері өсімдік тектес заттардан жасалынған дәрілер, үндіде қазіргі уақытта қолданылып келеді.


Қытайдағы медицинаның дамуы.

Б.э.д ІVғ-ІІІ мыңжылдықта Хуанхэ өзенінің жағасында тайпалар қоныстанып б.э.д ІІғ ортасында мемлекетке айналған. Ежелгі қытайдағы медицинаның дамуы туралы көне иероглифтік кітаптарда жазылған. Оның кейбіреуіне ең көнесі Нэй цзиннің энциклопедиялық еңбектері болып саналады (18 кітап). Алғашқы тоғызы (Су вэнь) ағзаның құрылысы мен қызметіне, аурудың диагностикасы мен еміне арналған.Қытай халық медицинасының негізінде ежелгі қытайлық материалистік философиясы жатыр. Қытай халық медицинасының ерекшелігі чжень – цзю терапиясы (чжень-акупунктура немесе инелік терапия; цзю-мокса немесе күйдіру)болып саналады.

Оның эмперикалық тамыры ерте заманда қытай дәрігерлерінің өмірлік нүктелердің барын және оларды тітіркендіргенде емдік әсер беретіндігін тапқаннан басталған. Бұл әдіс туралы толық мағұлматтар б.э.д ІІІ ғ жазылған. XIV ғ «өмір нүктелері» 700 астам болған, «өмір сызықтары» 14 топқа біріктірілген. Инелер алғашқы кезеде кремни мен яшмалардан жасалынған, содан кейін бамбук сүйектерінен, кейінірек қола, күміс, алтын, платина металдарынан жасалынды. Инелік терапиясын үйрену үшін арнайы атластар және шиелерді нүктелермен жүйелерге енгізуге арналған манекендер болды.Барлық атақты қытай дәрігерлері инелік терапияны білген. Ежелгі қытай дәрігерлері пульстік терапияға ерекше көңіл бөлген.

Қытай дәрігерлері пультің 24 – 200 астам түрін бөлген. Пульс туралы Нэй цзин трактатында айтылған. Б.э.д. ІІІ ғ ежелгі Қытай пуль туралы ғылымы 10 томдық трактатта жазылған (Мо-цзин 280 ж). Ибн –Сина пульстің 48 түрін жазған, соның ішінде 35 Қытай медицинасынан алған. Оның негізін қалаған дәрігер Бянь-цзяо перифериясында әрбір органның тамыр соғысы әртүрлі болады және оларды кем дегенде тоғыз жерден тыңдау керек деген.

Қытайда дәрілік терапияда дамыған қытайдың халықтық фармациясынан әлемдік тәжірибеге өсімдік туындыларынан:жень-шень тамыры,жуа, чеснок жануарлардан алынған: бауыр желатина және т.б. енген. Ең көрнекті еңбек – ұлы шөпші Ли Ши-чженя 52 томдық еңбек жазған, оның ішінде 1892 дәрілік заттар жазылған. Сонымен бірге Қытайда вариоляция кең дамыған. Шешекке қарсы егу, ауру адмның кептірілген іріңді шешек пустуласын енгізумен аяқталаған. Аурудың алдын алу мақсаттарында келесі сөздер айтылған, медицина өлімнен құтқармайды, бірақ ол өмірді ұзартпайды, мемлекеттерді және халықты өзінің кеңестерінен күшейте алады деген.

Гигиена және профилактика элементтеріне сәйкес қытай медицинасында жалпы жағдайды жақсартатын: диета, сулы процедуралар және емдік гимнастикаға көңіл бөлінген. Қытайда императорларға қызмет ететің мемлекеттік медицина мекемелері болған. Дәріханалар арнайы мекеме ретінде болған. Қазіргі уақытта ҚХР-ң денсаулық сақтау мекемелері ежелгі қытай медицинасынан қалған қоса құру мұраларды қолданады

Осы арқылы Ежелгі Шығыс мемлекеттерінде халықтық эмпериалық, храмдық және медицина болған. Әсіресе Мессопатамияда храмдық медицинаның әсері күшті болған. Жалпы алғанда ежелгі Шығыстағы құлиеленуші мемлекеттерде ауруды тану және профилактика және ауруларды емдеуге арналған көптеген дәрілер болған.



  • Иллюстрациялы материалдар.

Кестелер:

«Ежелгі әлемдегі ірі дамушы елдердегі медицина тарихы»

«Құлиеленуші қоғамдағы медицина»

Біріншілік және екіншілік медицина.


Әдебиеттер

1. Арцишевский А. Этюды о врачевателях и фармацевтах /А. Арцишевский.-//Казахстанский фармацевтический вестник. - 2002. -N 1. -C 8-9; 2005.-

№ 16.- С 10-11.

2. Богоявленский Н.А. О значении данных археологии при изучении истории отечественной медицины /Н.А. Богоявленский.- //Из истории медицины: Сб. ст.- Рига, 1963.- С. 71-79.

3. Заблудовский П.Е. История медицины: Избранные главы /П.Е. Заблудовский. - М.: Медгиз, 1953. – Вып. 1. - 88с.

4. История медицины / П.Е. Заблудовский, Г.Р. Крючок, М.К. Кузьмин, М.М. Левит. - М.: Медицина, 1987. - 352 с.

5. Камов Б. Секреты тибетских лекарей /Б. Камов.- // Фармацевтический бюл. -2001.- N9.- С.35-36.

    6. Лисицын Ю.П.История медицины / Ю.П. Лисицын. - М.: ГЭОТАР-МЕД, 2004. -393 с.

7.Сайфулина Н.Ф. Курс лекций по истории медицины: Учебное пособие/ Н.Ф. Сайфулина. – Караганда, 2008.- 122 с.

8. Сорокина Т.С. Атлас истории медицины. Древний мир/ Т.С. Сорокина. - М.: УДН, 1981.-160с.

9. Сорокина Т.С. История медицины: Учебник для студ. высш. мед. учеб. заведений / Т.С. Сорокина. – 4-е изд., стер.- М.: «Академия»,2005.-560с.

10. Сорокина Т.С. Атлас истории медицины. Первобытное общество. Древний мир/ Т.С. Сорокина.- 2-е изд., перераб. и доп.- М.: УДН, 1987. - 170 с.


Бақылау сұрақтары:

1.Ежелгі Шығыс елдеріндегі медицина дамуының жалпы ерекшеліктерін атаңыз.

2 Ежелгі Мысыр еліндегі медицина дамуының оқу көздерін атаңыз

3.Мысыр медицинасын сипаттаңыз.

4.Месопотамия, Вавилон және Ассирия. Елдеріндегі медицинаның оқу көздерін атаңыз.

5. Месопотамия, Вавилон және Ассирияда медицинаның дамуы қандай

6.Ежелгі Үнді медицинасындағы оқу көздерін атаңыз.

7.Ежелгі Үндіде медицинаның дамуы қалай болды.

8.Ежелгі Қытайдағы медицинаның оқу көздерін атаңыз.

9.Ежелгі Қытайда медицинаның дамуы қалай болды.

10.Ежелгі Шығыс медицинасы әлемдік медицинаның дамуына қандай әсер етті.


Похожие:

Уақыт -1 сағ Қарағанды 2010 Кафедраның әдістемелік жиналысында бекітілген icon1 сағат-уақыт (узақтығы) Қарағанды 2011 Кафедраның әдістемелік жиналысында бекітілген
«Денсаулық сақтау жүйесіндегі менеджмент. Денсаулық сақтауды ұйымдастырудағы басқару әдісі мен дағдылары» тақырыбы
Уақыт -1 сағ Қарағанды 2010 Кафедраның әдістемелік жиналысында бекітілген iconКафедраның әдістемелік жиналысында бекітілген
«Анестезиологияның жалпы мәселелері. Жергілікті және жалпы наркоз жүргізу дайындығындығы мейірбике ролі» тақырыбы
Уақыт -1 сағ Қарағанды 2010 Кафедраның әдістемелік жиналысында бекітілген iconКафедраның әдістемелік жиналысында бекітілген
Дәрістың мақсаты: Студенттерге қоғамдағы саясатың орның және қоғамның саяси көзқарасына тоқталып, саясаттанудың қоғамдағы бағыттарын...
Уақыт -1 сағ Қарағанды 2010 Кафедраның әдістемелік жиналысында бекітілген iconКафедраның әдістемелік жиналысында бекітілген
Мақсаты: Аминқышқылдардың жіктелуі мен номенклатурасын атауды үйрету. Аминқышқылдардың формулаларын құрастыру және атын атай білуді...
Уақыт -1 сағ Қарағанды 2010 Кафедраның әдістемелік жиналысында бекітілген iconКафедраның жиналысында бекітілген 29. 08. 2011. №1 Хаттама
Мақсаты: Химиялық термодинамика мен биоэнергетиканың теориялық негіздері, термодинамиканың заңдары туралы түсінікті қалыптастыру
Уақыт -1 сағ Қарағанды 2010 Кафедраның әдістемелік жиналысында бекітілген iconКафедраның жиналысында бекітілген
Студенттерге термодинамиканың негізгі түсініктері мен заңдарын таныстырып, химиялық реакциялардың кинетикасы және тірі организмдегі...
Уақыт -1 сағ Қарағанды 2010 Кафедраның әдістемелік жиналысында бекітілген iconКафедраның жиналысында бекітілген 29. 08. 2011. №1 Хаттама
Мақсаты: Студенттерге ерітінділердің жіктелуі, заттар ерігіштігіне әртүрлі факторлардың әсері. Ерітінділердің коллигативтік қасиеттері....
Уақыт -1 сағ Қарағанды 2010 Кафедраның әдістемелік жиналысында бекітілген iconКафедраның жиналысында бекітілген
Мақсаты: Потенциометрлік титрлеу және потенциометрия теориялық негізіне жататын потенциалдардың пайда болудың мәнін ашу, студенттерге...
Уақыт -1 сағ Қарағанды 2010 Кафедраның әдістемелік жиналысында бекітілген iconҚарағанды 2012 Кафедраның мәжілісінде бекітілген 28. 08. 2012 ж. №1 Хаттама
Дәріс мақсаты: Зәр шығару заттардың фармакодинамикалық және фармакокинетикалық ерекшеліктерін анықтауды үйрету
Уақыт -1 сағ Қарағанды 2010 Кафедраның әдістемелік жиналысында бекітілген iconКафедраның жиналысында бекітілген 29. 08. 2011. №1 Хаттама
Мақсаты: Жанды ағзалардағы тіршілік процесстеріне қатысатынжәне емдеу ісіне қолданылатын маңызды поли және гетерофункционалдық қосылыстар...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница