«Дүние жүзі тарихы» пәні бойынша әдістемелік нұсқау Мамандығы: 0301013 «Емдеу ісі» Біліктілігі




Название«Дүние жүзі тарихы» пәні бойынша әдістемелік нұсқау Мамандығы: 0301013 «Емдеу ісі» Біліктілігі
страница1/6
Дата конвертации15.02.2016
Размер0.78 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://base.ukgfa.kz/wp-content/uploads/2014/11/дүниежүзі-тарихы-1-курс.doc
  1   2   3   4   5   6
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ

Техникалық және кәсіби білім беру факультеті

Қоғамдық пәндер кафедрасы


«Дүние жүзі тарихы» пәні бойынша әдістемелік нұсқау


Мамандығы: - 0301013 « Емдеу ісі»

Біліктілігі: - 0301013« Фельдшер»

Курсы: 1

Семестр: 1-2

Мамандығы: - 0304000 «Стоматология»

Біліктілігі: - 0304013 « Дантист»

Курсы: 1

Семестр: 1-2

Мамандығы: - 0302000 « Мейірбике ісі»

Біліктілігі: - 0302033« Жалпы тәжірибелі мейірбике»

Курсы: 1

Семестр: 1-2

Құрастырған: оқытушы Тасболат А. Ж.


Шымкент-2011

Кафедра мәжілісінде бекітілді,

Хаттама № ________ 2011 жыл

Кафедра меңгерушісі, бекітемін _______ Қ.Б Кемелбеков


1 сабақ

І.Тақырыбы: Кіріспе. ХІХ ғ. аяғы-ХХ ғ. басындағы Еуропа, Азия және Америка елдері.

ІІ.Оқу сағаты-2 90 мин (100%)

ІІІ.Сабақтың түрі: аралас

ІV.Сабақтың мақсаты:

-Оқушыларға ХІХ ғ. аяғы ХХ ғ. басындағы дамыған капиталистік елдердің пайда болып, импералистік бағытқа жол ашылғаны туралы түсіндіру.

-ХХ ғ. басында Еуропа мен АҚШ елдерінде ауыр индустрия артта қалып, ғылыми техникаға көше бастағандары туралы айтып өту.

-Оқушыларға « милитаризм» , «имперализм» анықтамасын түсіндіріп, екі одақтың құрылғанын айту.

V. Пәнаралық байланыс: Этнография ғылымы, жағрафия, археология ғылымы, қазақстан тарихы.

VІ. Сабақтың әдістемелік қамтамассыз етілуі:

а) әдебиеттер:

Қазақстан тарихы 11-кл.Алматы «Мектеп» 2007 ж

Дүниежүзі тарихы 10-сынып

ХХғасырдағы дүниежүзі тарихы. 11-сынып 2005 ж.

б) тесттер, кестелер, қима қағаздар

Оқыту орны: аудитория

VІ. Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі 5мин.( 5,5%)

Мақсаты:Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, сабаққа дайындығын тексеру, сабаққа дайындығын қалыптастыру.

1.Үй жұмысын тексеру: 10 мин.(11% )

2.Сабақтың тақырыбы бойынша жан-жақты сұраулар қою. 30 мин.(33%)

1. ХІХ ғ. аяғы ХХ ғ. басындағы Еуропа елдеріндегі демографиялық өзгерістердің болу себебі?

2. Мемлекеттің экономикадағы рөлінің артуына не себеп болды?

3. Басты мемлекеттер арсында дүниені қайта бөлісу күресі неліктен күшейді?

4. Имперализм дегеніміз не?

5. Ағылшын-бур соғысы қай жылдарды қамтыды?

6. Германияда ұлтшылдық пен шовинизм өсуінің себептері?

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру: 20 мин. (22%)

Мақсаты: жаңа сабақ бойынша түсінік беру.

1.1Тақырып жоспары:

1.ХІХ ғ. аяғы ХХ ғ. басындағы капиталистік елдердегі саяси жағдай.

2.Капитализмнің дамуындағы жаңа құбылыстар.

3. «Көмір мен болат индустриясы» дәуірінің аяқталуы.

4.ХІХ ғ. аяғы ХХ ғ. басындағы алдыңғы қатарлы елдердің әлеуметтік экономикалық дамуы.

5.ХІХ ғ. аяғы ХХ ғ. басындағы Азия елдері.

Ақпараттық дидактикалық бөлім.

ХІХ ғ. аяғы ХХ ғ. басында Еуропа, Америка елдерінде Конститутциялық құрылыс нығайып, сайлау құқықтары кеңейтіліп, парламенттік жүйенің нығаюына мүмкіндік туды. Әйелдерді манципатциялау (еркектермен құқығын теңестіру) үшін, әлеуметтік заңдар үшін демократиялық қозғалыстар күшейді, шіркеудің рөлі төмендеді. Капиталистік елдерде демографиялық өзгерістер күшейді. Еуропада халқы 1870-1914 жж. аралығында 300-450 млн. өсті. 1880 ж. Еуропа халқының саны 1,5 млн. асатын сегіз қала болса 1914 ж. олардың саны 29 жетті. ХІХ ғ. соңы мен ХХ ғ. басында орын алған капитализмнің белгілері- жеке меншік, нарық қатынастары, пайда , бәсеке, экономикалық шешім қабылдаудың еркіндігі.

ХІХғ. аяғы ХХғ. басында Африкадағы, Азиядағы, Тынық мұқиттағы жерлерді басып алу жөніндегі бәсеке өрши түсті. ХІХ ғ. 80-ші жылдары Африканың он пайызы ғана еуропалықтардың иелігінде болды. 1900 ж. Африканы жеті еуропалық елдер өзара бөлісіп алды. Ірі Африка елдері-Нигерия, Кения, Уганда, Танганьика, Родезия, Египет, Судан Англияның отарына айналды.

Франция Мадагаскарды, Батыс және Орталық Африканың бір бөлігін иемденді.Германияға Шығыс пен Оңтүстік-Батыс Африкадағы территориялар мен Того, Камерун тиді. Италия Ливия мен Сомалидің бір бөлігін, Бельгия Конгонды басып алды. ХХ ғ. басында оларды қайта бөлісу күшейді.

ХХ ғ. басында ауыр өнеркәсіпті дамыту негізінен аяқталды. Темір жол құрылысы кеңейді. Аса ірі кемелер салыну ісі де өрістеді. ХХғ. басында Ұлыбритания, АҚШ, Германия, Франция, Бельгия елдері технологиялық дамудан алдыңғы қатарға шықты. Жедел индустриялану жолына Швеция, Италия, Ресей, Автро-Венгрия, Канада, Жапония елдері түсті.

Экономикадағы жаңа процестермен байланысты капиталистік елдерде дамудың басты бағыты жаңа техника мен жаңа технологияны дамыту болды. ХІХ ғ. соңында мынадай жаңалықтар ашылды. 1876 ж. телефон, 1897 ж. телеграф, 1877 ж. кинематограф, 1876-1895 жж. генераторлар мен электроматорлар, 1886 ж.алғашқы автомобиль, 1903ж. тұңғыш самолет ойлап шығарылды. Әскери техника жедел қарқынмен өсті. Аталған жаңалықтарды капиталистік елдерде алдыңғы топтағы адамдар ғана қолдана алды. ХХғ. басында экономикалық күш қуатты іске асырудың екі бағыты анықталды.

Бірінші мүмкіндігі-күш-қуатын қауіпсіздігін нығайтуға, территорияларды басып алуға жұмсау. Екінші мүмкіндігі әлеуметтік реформалар жүргізу болды.

1913ж. Еуропа елдерінде өңдірісте жарақат алғандарға жәрдем көрсетудің әр түрлі жүйелері енгізілді. 1911ж. Англияда жұмыссыздықтан сақтандыру енгізілді. 1913 ж.Швецияда бірінші рет зейнетақы берілетін болды. Барлық индустриалды елдер ғылымға, денсаулық сақтауға көбірек көңіл бөле бастады. ХХғ. басында дамыған капиталистік елдерде Индустриялдық өркениет қалыптасты.

ХХ ғ. басында Еуропа мен Азия елдерінің арасында алшақтық күшие тусті. Дәстүрлі шығыс қоғамында мемлекеттік билік пен жоғарғы билеушінің рөлі күшті болды. ХІХ ғ. аяғы ХХ ғ. басында шығыс елдерінде де темір жолдар мен порттар, фабрикалар салынды. Бірақ батыстан айырмашылығы сөз жүзінде дербес іс жүзінде шетел капиталына тәуелді елдерге айналды. ХХ ғ. басында ұлттық өнеркәсіп мануфактуралық деңгейде қалды. Шығыс елдерінде отаршылдыққа қарсы көтерілістер Қытайда, Кореяда, Үндістанда, Персияда, Вьетнамда, араб елдерінде орын алды. Азия елдерінде бір мезгілде нәтижесіз революциялар болып өтті.

1911-1912 ж. Синхай революциясы, 1908 ж. Жастүріктер революциясы, 1905-1911 ж. Иран буржуазиялық революциясы, 1910-1917 ж. Мексикада революциялар болды.

ХХ ғ. басында Еуропада екі әскери одақ құрылды. Үштік одақ 1882 ж. құрылды. Оған кіретін мемлекеттер: Германия, Италия, Австро-Венгрия. 1904ж. француздар мен ағылшындар Антанта шартына қол қойды. 1907 ж. Антантаға Ресей қосылды. Аталған екі одақтың арасында ХХ ғ. басында соғыс оты тұтануға дайын еді.

4.Жаңа тақырыпты бекіту: 20 мин.(22%)

1.Жаңа тақырыптар бойынша негізгі түйінге тоқталу.

2.Негізгі терминдер мен тезистерді практика дәптеріне түсіру.

5.Сабақты қорытындылау: 3 мин. (3,3%)

1.Оқушыларды бағалау.

2.Сабақтың тақырыбы: ХІХ ғ. аяғы ХХ ғ. басындағы Еуропа, азия Америка елдері.

6.Үй тапсырмасы: 2мин (2,2%)

1.Жоғарыда көрсетілген әдебиеттерден үй жұмысына дайындалу.

2.Қосымша жұмыс:

Реферат тақырыбы:
1.ХХ ғ басындағы Еуропа елдері.

2. ХХ ғ. басындағы Азия елдері.

2 сабақ

І.Тақырыбы:Бірінші дүниежүзілік соғыс. 1914-1918 жж.

ІІ.Оқу сағаты-2 90 мин .(100%)

Сабақтың түрі: аралас

ІV.Сабақтың мақсаты:

-Оқушыларға ХХ ғ. басындағы дамыған капиталистік елдердің арасында пайда болған екі одақтың арасындағы Бірінші дүниежүзілік соғыстың болу себебін түсіндіру.

-Бірінші дүниежүзілік соғыстың адамзатқа тигізген зияны туралы айтып өту.

-Оқушыларды соғыста бірінші рет қолданылған жаңа қарулардың түрлерімен таныстыру.

V.Пәнаралық байланыс: Этнография ғылымы, жағрафия, археология ғылымы, қазақстан тарихы.

VІ. Сабақтың әдістемелік қамтамассыз етілуі:

а) әдебиеттер:

Қазақстан тарихы 11-кл.Алматы «Мектеп» 2007 ж

Дүниежүзі тарихы 10-сынып

ХХғасырдағы дүниежүзі тарихы. 11-сынып 2005 ж.

б) тесттер, кестелер, қима қағаздар

Оқыту орны: аудитория

VІ. Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі : 5 мин.(5,5%

Мақсаты:Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, сабаққа дайындығын тексеру, сабаққа дайындығын қалыптастыру.

1.Үй жұмысын тексеру: 10мин.(11%)

2.Сабақтың тақырыбы бойынша жан-жақты сұраулар қою. 30 мин.(33%)

1. ХІХ ғ. аяғы ХХ ғ. басындағы Еуропа елдеріндегі демографиялық өзгерістердің болу себебі?

2. Жапониядағы реформалар неліктен табысты өтті?

3. Басты мемлекеттер арсында дүниені қайта бөлісу күресі неліктен күшейді?

4. Имперализм дегеніміз не?

5.Сунь Ятсен дегеніміз кім?

6. Батыс елдерінің отаршылдығы шығыс елдерінің мәдениетіне өз әсерін тигізді ме?

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру: 20 мин.(22%)

Мақсаты: жаңа сабақ бойынша түсінік беру.

1.1Тақырып жоспары:

1.ХІХ ғ. аяғы ХХ ғ. басындағы капиталистік елдердегі саяси жағдай.

2.Капитализмнің дамуындағы жаңа құбылыстар.

3. «Көмір мен болат индустриясы» дәуірінің аяқталуы.

4. ХІХ ғ. аяғы ХХ ғ. басындағы алдыңғы қатарлы елдердің әлеуметтік экономикалық дамуы.

5. ХІХ ғ. аяғы ХХ ғ. басындағы Азия елдері.

Ақпараттық дидактикалық бөлім.

Соғыстың басталуына 1914 ж. 28 маусымында Сараевода Босния мен Герцеговинадағы австрия тағының мұрагері эрцгерцог Франц-Фердинандтың өлтірілуі сылтау болды. Террористік актіні іске асырушы Гаврило принцтің ұлты серб болып шықты. Австро-Венгрия өкіметі Германияның мақұлдауымен Сербияға ультиматум қойды. Ультиматумның талаптары Сербияның тәуелсіздігіне нұқсан келтіретіндей еді. Серб үкіметі Ресейдің келісімі бойынша барлық талаптарға келісті. Бірақ бұл есепке алынбады.

28 шілдеде Австро-Венгрия әскері Сербияға, 1 тамызда Германия Ресейге, 3 тамызда Францияға соғыс жариялады. Келесі күні соғысқа Ұлыбритания қатысты. Жапония Германияға соғыс жариялады. Оның мақсаты Германияның Тынық мұхиттағы отар жерлерін басып алу еді. Германия өз жағына Туркияны, Болгарияны тартты. Осылайша Бірінші дүниежүзілік соғыс басталды. Немістер француздардың территориясына Бельгия арқылы басып кіріп, күзге дейін жаулап алмақшы болды. Соғыстың бұл жоспарын біраз уақыт бұрын генерал Шлиффен жасады. Бірақ бұл жоспар толығымен іске аспай қалды. Осы кезде Франция Ресейге Шығыс майданда соғыс ашуын өтінді. Сол арқылы Париж жаудың басып алу қаупінен аман қалды.

1915 ж. Германия мен Австро-Венгрия Шығыс майдандағы соғысты күшейтіп, Ресейді соғыстан шығарып тастамақ болды. Германия Ұлыбританияға қарсы сүңгуір қайықтар қолданды. Германия Ипр түбінде химиялық қару –газды қолданды. Ол кейін «иприт» деп аталды.

1916 ж. Верден маңында үлкен шайқас болды. Бір жылда 1 млн. аса солдат қаза болды. Верденде соғысып жатқан Германияны әлсірету мақсатында ағылшындар Сомма өзенінің бойындағы қорғаныс шебін бұзуға әрекет жасады. Ағылшындар осы кезде алғаш рет танкілерді қолданды. Осы жылы Шығыс майданында соғысты генерал Брусилов жүргізді.

1916 ж. бастап соғыс қимылдарындағы стратегиялық бастама Антантаға көшті. Германия Африка мен Тынық мұқиттағы отарларынан айырылды.1917 ж. АҚШ Германияға соғыс жариялады.

Соғысқа қатысып жатқан елдердің барлық күші майданға жұмылдырылды. Барлық жерлерде карточка жүйесі енгізілді. Соғысып жатқан елдердің наразылығы өсті.

Ресейде 1917 ж. революция болып патшаны тақтан кетірді. Орнына Уақытша үкімет келіп, жүргізген реформалары халықты қанағаттандырмай, билік кеңестердің қолына көшті. 1918ж. 3 наурызда Брест келісім шарты бойынша Ресей соғыстан шығып, біраз жерлерінен айырылып, Германияға контрибуция төледі. Бірінші дүниежүзілік соғыста көптеген бұрын қолданылмаған жаңа қарудың түрлері: газдар, самолеттер, пулеметтер, бомбалар, танктер қолданылды.

1918 ж. соғыста Германия 800 мыңнан астам солдаттарынан айырылды. АҚШ соғысқа кіріскеннен кейін Антанта одағының күші басым болды. Германияның жақтастары жеңілетінін біліп, Болгария мен Осман империясы қыркүйек айында соғыстан шығып кетті.

1918 ж. 9 қарашада Германияда революция басталып, республика болып жарияланды. Революция Австро-Венгрияны да қамтып, нәтижесінде бірнеше мемлекет Чехословакия және Югаславия пайда болды.

1918 ж. 11 қарашада Компьен орманында Германия жеңілгенін мойындап келісімге қол қойды. Брест бітімі жарамай қалды.

Қорыта келгенімізде еуропа өркениетінде дағдарыс орын алды. Ресей, Австро-Венгрия, Германия, Осман империялары ыдырап, жаңа мемлекеттер пайда болдды. Соғысқа 38 мемлекет қатысты. 10 млн. адам опат болды. Соғыс шығындары үш жүз млрд. долларға тең болды.

4.Жаңа тақырыпты бекіту: 20мин.(22%)

1.Жаңа тақырыптар бойынша негізгі түйінге тоқталу.

2.Негізгі терминдер мен тезистерді практика дәптеріне түсіру.

5.Сабақты қорытындылау. 3мин.(33%)

1.Оқушыларды бағалау.

2.Сабақтың тақырыбы: Бірінші дүниежүзілік соғыс.1914-1918 жж.

6.Үй тапсырмасы. 2мин.(2,2%)

1.Жоғарыда көрсетілген әдебиеттерден үй жұмысына дайындалу.

2.Қосымша жұмыс:

Реферат тақырыбы:
1.Бірінші дүниежүзілік соғыс.

2. Соғысып жатқан елдердің әлеуметтік экономикалық жағдайы.

3сабақ

І.Тақырыбы: Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Еуропа мен Америка.

ІІ.Оқу сағаты-2 90 мин.(100%)

ІІІ.Сабақтың түрі: аралас

ІV.Сабақтың мақсаты:

-Оқушыларға Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі халықаралық жағдайды түсіндіру.

-Бірінші дүниежүзілік соғыстың адамзатқа тигізген зардабы туралы айтып өту.

-Оқушыларды елімізді дамыған елдердің қатарына қосу үшін білімді маман иесі болуға тәрбиелеу.

V. Пәнаралық байланыс: Этнография ғылымы, жағрафия, археология ғылымы, қазақстан тарихы.

VІ. Сабақтың әдістемелік қамтамассыз етілуі:

а) әдебиеттер:

Қазақстан тарихы 11-кл.Алматы «Мектеп» 2007 ж

Дүниежүзі тарихы 10-сынып

ХХғасырдағы дүниежүзі тарихы. 11-сынып 2005 ж.

б) тесттер, кестелер, қима қағаздар

Оқыту орны: аудитория

VІ. Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі : 5 мин.(5,5%)

Мақсаты:Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, сабаққа дайындығын тексеру, сабаққа дайындығын қалыптастыру.

1.Үй жұмысын тексеру: 10 мин.(11%)

2.Сабақтың тақырыбы бойынша жан-жақты сұраулар қою:30мин.(33%)

1. Бірінші дүниежүзілік соғыстың себебі.

2. Германияның соғысты тез аяқтау туралы жоспары неліктен іске аспай қалды?

3.Бірінші дүниежүзілік соғыс Ресейге қалай әсер етті.

4. Имперализм дегеніміз не?

5.Верден маңында болған соғыс не себепті верден қырғыны деп аталды?

6. Соғыста бірінші рет қандай қарулар қолданылды?

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру: 20мин(22%)

Мақсаты: жаңа сабақ бойынша түсінік беру.

1.1Тақырып жоспары:

1.Соғыстан кейін бітім шарттардың жасалынуы.

2.Соғыстан кейін Еуропа елдерінде болып өткен революциялар.

3. Соғыстан кейінгі АҚШ.

4.Дауэс жоспарының енгізілуі.

5.Еуропа елдерінде фашистік топтардың пайда болуы.

  1   2   3   4   5   6

Похожие:

«Дүние жүзі тарихы» пәні бойынша әдістемелік нұсқау Мамандығы: 0301013 «Емдеу ісі» Біліктілігі iconОрта білім оқу жетістектерін сырттай бағалау бойынша дүние жүзі тарихы
Мақсаты: 9 сынып оқушыларының дүние жүзі тарихы пәні бойынша дайындық деңгейі мен функционалдық сауаттылықтарының қалыптасқандығын...
«Дүние жүзі тарихы» пәні бойынша әдістемелік нұсқау Мамандығы: 0301013 «Емдеу ісі» Біліктілігі iconҚазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрлігі
«Емдеу ісі» мамандыгы 0301013 «Фельдшер» біліктілігі бойын­ша Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын (бұдан әрі мжмбс)...
«Дүние жүзі тарихы» пәні бойынша әдістемелік нұсқау Мамандығы: 0301013 «Емдеу ісі» Біліктілігі iconЖҰмыс бағдарламасы «Жұқпалы аурулар» пәні бойынша Мамандығы: «Жалпы практика дәрігері» Сағат саны-180
Жұмыс бағдарламасы емдеу ісі, педиатрия, шығыс медицина және интернатура факультетінің Әдістемелік кеңесінде талқыланды
«Дүние жүзі тарихы» пәні бойынша әдістемелік нұсқау Мамандығы: 0301013 «Емдеу ісі» Біліктілігі iconҚазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі
Тақырыбы: «Дүние жүзі тарихы» пәні бойынша жалпы білім беретін орта мектеп мұғалімдеріне арналған тест
«Дүние жүзі тарихы» пәні бойынша әдістемелік нұсқау Мамандығы: 0301013 «Емдеу ісі» Біліктілігі iconҚазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі
Тақырыбы: «Дүние жүзі тарихы» пәні бойынша жалпы білім беретін орта мектеп мұғалімдеріне арналған тест
«Дүние жүзі тарихы» пәні бойынша әдістемелік нұсқау Мамандығы: 0301013 «Емдеу ісі» Біліктілігі iconҚазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі
Тақырыбы: «Дүние жүзі тарихы» пәні бойынша жалпы білім беретін орта мектеп мұғалімдеріне арналған тест
«Дүние жүзі тарихы» пәні бойынша әдістемелік нұсқау Мамандығы: 0301013 «Емдеу ісі» Біліктілігі iconСиллабус «Археология» пәні бойынша 5В011400 «Тарих» мамандығы и-131 топ 1 курс студенттеріне арналған
Пәннің пререквизиті: Алғашқы қоғам тарихы, Ежелгі дүние тарихы, Ежелгі Шығыс тарихы, Орта ғасырлар тарихы, Ежелгі және және ортағасырлық...
«Дүние жүзі тарихы» пәні бойынша әдістемелік нұсқау Мамандығы: 0301013 «Емдеу ісі» Біліктілігі iconДүние жүзі тарихы пәні бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуге арналған тест спецификациясы
Бұл құжат орта білім берудегі жалпыға міндетті білім беру стандартының негізінде, жалпы білім беретін пәндердің оқу бағдарламасына...
«Дүние жүзі тарихы» пәні бойынша әдістемелік нұсқау Мамандығы: 0301013 «Емдеу ісі» Біліктілігі iconПәні: «Тіршілік қауіпсіздік негіздері»
Мамандық: «Дәрігерлік емдеу ісі», «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Мейірбике ісі», «Фармация»
«Дүние жүзі тарихы» пәні бойынша әдістемелік нұсқау Мамандығы: 0301013 «Емдеу ісі» Біліктілігі iconПәні: «Тіршілік қауіпсіздік негіздері»
Мамандық: «Дәрігерлік емдеу ісі», «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Мейірбике ісі», «Фармация»
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница