Пәннің атауы: «Қазақ халқының дәстүрлі рухани мәдениеті»




Скачать 410.25 Kb.
НазваниеПәннің атауы: «Қазақ халқының дәстүрлі рухани мәдениеті»
страница1/4
Дата конвертации15.02.2016
Размер410.25 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://psu.kz/arm/upload/umk/171812.doc
  1   2   3   4

Пән бағдарламасының титулдық парағы (Syllabus)

https://docviewer.yandex.ru/htmlimage?id=24b3-4yvmldu5rkf7hhpxt7kk6gaf45biuh0d58suxv6nb2xq6oed362omr1elybh7bh00pway195r0x1wqqsosni6vty7wzwpabmkuv&name=result_html_m7b92d8af.png


Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.4/19


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Философия және мәдениеттану кафедрасы


6М020400- Мәдениеттану мамандығының студенттеріне арналған

«Қазақ халқының дәстүрлі рухани мәдениеті» пәні бойынша


ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus)

Павлодар, 2013 ж.

Пән бағдарламасының бекіту парағы (Syllabus)

https://docviewer.yandex.ru/htmlimage?id=24b3-4yvmldu5rkf7hhpxt7kk6gaf45biuh0d58suxv6nb2xq6oed362omr1elybh7bh00pway195r0x1wqqsosni6vty7wzwpabmkuv&name=result_html_m7b92d8af.png


Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.4/19

БЕКІТЕМІН

Факультет деканы _________Ақышев А.А. 20__ ж. «___»________

Құрастырушы: аға оқытушы Сабданбекова Ә.Ә __________


Философия және мәдениеттану кафедрасы


6М020400-Мәдениеттану мамандығының күндізгі оқу нысанындағы студенттеріне арналған «Қазақ халқының дәстүрлі рухани мәдениеті» пәні бойынша

Пән бағдарламасы (Syllabus)


Бағдарлама «___» _________20__ж. бекітілген жұмыс оқу бағдарламасының негізінде әзірленген.


20__ж. «___»____________кафедра отырысында ұсынылған №_____ хаттама.


Кафедра меңгерушісі______________ Ахметова Г.Ғ. 20__ ж. «____» ________


Тарих және құқық факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған _________ 20__ж. «_____»____________№____ хаттама


ОӘК төрағасы ____________Сулейменова Ш.К. 20___ж. «_____»___________


1. Оқу пәні туралы жалпы ақпарат


Пәннің атауы: «Қазақ халқының дәстүрлі рухани мәдениеті»

Таңдау компоненті бойынша пән

Кредиттер саны мен меңгерудің мерзімі

Барлығы – 3 кредит

Курс: 2

Семестр: 3

Аудиторлық сабақтардың барлығы – 45 сағат

Дәрістер - 30 сағат

Тәжірибелік /семинарлық сабақтар - 15 сағат

МӨЖ – 90 сағат

Оның ішінде МОӨЖ – 135 сағат

Жалпы жүктеме - 135 сағат

Бақылау түрі

Емтихан – 3 семестр


«Қазақ халқының дәстүрлі рухани мәдениеті» таңдау бойынша компонет пәні болып табылады, «Мәдениеттану» студенттерінің білімін кеңейтуге бағытталған.

Курстың пререквизиттері: Осы пәнді меңгеруде төмендегі пәндер бойынша алған білім, білік, дағдылары қажет: Қазақстан тарихы, Мәдениеттану, Философия.

Курстың постреквизиттері: Пәнді оқып білу арқылы алған білім, білік, дағдылары төмендегі пәндерді оқып меңгеруде қажет: Қазақстанның рухани мәдениеті, философияның теориясы мен мәдениеті.

2 Оқытушылар туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары

Сабданбекова Әсемгүл Әбляшқызы – философия және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы.

Кафедра №529 аудиторияда орналасқан. Байланысу телефоны 1153


3 Пәннің мақсаты және міндеттері

«Қазақ халқының дәстүрлі рухани мәдениеті» Қазақтың ертеден осы қазіргі заманға ұрпақтан ұрпаққа келіп жеткен рухани дүниесін жас ұрпақтың бойына сіңіру. Студенттер рухани дүниенің қайнар көзі мен болашағы туралы нақты білім ала алады.

Пәннің мақсаты: 5В020400 "Мәдениеттану мамандықтары" студенттерін қазақ халқының дәстүрлі рухани мәдениетінің қалыптасуының ерекшеліктерімен таныстыру.


Пәннің міңдеттері:

- рухани мәдениет салаларына сипаттама беру;

-дәстүрлі қазақ мәдениетінің негізгі институттары;

- қазақ халқының дәстүрлі мәдениеті бойынша негізгі зерттеулерімен таныстыру;

- Қазақстан аумағында діннің тарихи дамуымен таныстыру


4. Курсты оқыту процесінде білім, қабілеттіліктерге, дағды мен құзыреттілікке қойылатын талаптар

Осы пәнді оқып білуде студенттер мынаны білуі тиіс:

-дәстүрлі рухани мәдениет қалыптасуы мен даму деңгейін;

- Қазақстан мәдениетінің қызмет ету механизмі мен принциптері туралы білу;

біліктіліктерін қалыптастыру қажет:

- Ежелгі заманнан қазіргі күнгі Қазақстан аумағында көшіп келіп тұрып жатқан халықтардың тарихы мен мәдениетін;

- ән-күй, өлең, діни дәстүр, ауызша халық шығармашылығының қалыптасуының тарихи деректерін.

қолдана білуі қажет:

Осы және басқада және тарихи пәндер бойынша алған базалық білімдерін пайдалана білу;

- алған білімдерін дүниетанымын және эрудициясын кеңейтуге пайдалана білу.

тәжірибелік дағдыларға ие болуы тиіс:

- алған білімдерін тәжірибеде қолдана білу, сай бола білу

-мәдениет диалогында инварианттық түсінігін және приниптерін түсіну, әсіресе дәстүрлі рухани мәдениетті жүзеге асырылуында

Пәнді игерудің тақырыптық жоспары

Академиялық сағаттарды сабақ түрлеріне бөлу






Тақырып атауы

Сағат саны

Дәр

Тәж.

СӨЖ


Барлығы

соныңде ішінде СОӨЖ

1

2

3

4

5

6

1

Рухани мәдениет түсінігі және құрылымы

2

1

12

1,5

2

«Ауызша дәстүр» қазақ мәдениетінің феномені ретінде

4

2

12

3

3

Қазақ билерінің шешендік өнері

4

2

12

3

4

Жырау институының қайнар көзі мен қалыптасуы

4

2

12

3

5

Ақындармен сал-серілерідің суырып салма өнері

4

2

12

3

6

Дәстүрлі қазақ мәдениетінідегі «Күй» феномені

4

2

12

3

7

Қазақ мәдениетіндегі діни жүйе және түрлері

4

2

12

3

8

Қазақ ұлттық идеясы мәдениеттанулық мәселе ретінде

4

2

6

3




БАРЛЫҒЫ :

30

15

90

22,5


6. Дәріс сабақтарының мазмұны

Тақырып 1. Рухани мәдениет түсінігі және құрылымы

Жоспар:

1.Рухани мәдениеттің жалпы сипаттамасы.

2. Мәдениет морфологиясы.

3. Қазақ рухани мәдениетінің ерекшеліктері.

Мәдениет негізінде екі үлкен түрде болады: материалдық және рухани.
Материалдық - бұл өндірістегі құрал-саймандар техника, құрылымдар және тағы басқалар.
Рухани –бұл ғылым, өнер, әдебиет тағы басқалар.
Мәдениеттің бұлай бөлінуі белгілі шартқа байланысты Олардың арасында тығыз байланыс, қатынастар бар. Осылардың нәтижесінде олар бір-біріне әсер етеді. Мысалы, адам ойындағы кейбір ғылыми-техникалық жобалар, тұжырымдар нақтылы өмірде жаңа техника, сайман, басқа құрал-жабдық түріне айналады. Ал жаңадан пайда болған техника, құрылғы, технология, жаңа ой-пікірлер, тұжырым, теория жасауға мүмкіндік туғызады.
Рухани мәдениет. Бұл адамның рухани дүниесін және оның әлеуметтік өмірін өзгертумен байланысты болады.
Мәдениеттің мәні мен мазмұны оның құрылымымен тығыз байланысты. Ал, оның құрылымы күрделі болғандықтан әртүрлі элементтерден, бөліктерден тұрады. Мәдениеттің негізгі элементтерінің ең бастысы және осыған сәйкес басты атқаратын қызметі таным, яғни таңба – символдық элемент болып саналады. Халықта «күш - білімде» деген сөз бос айтылманы белгілі.
Білім әр уақытта белгілі бар ұғымдар, түсініктер арқылы қалыптасып, тілде көрініс тауып, анықталады. кетпейді.
Адамдар күнделікті өмірде мәдени құбылыстарды әртүрлі түсінеді. Біреулері мәдеениетті қоғамдағы құндылықтарды адамдардың жете ұғынуы, саналы түрде меңгеріп алуы десе, екіншілері – қоғамдағы адамдардың білім мен тәрбие алу процестерінде пайда болған адамның саналы ақыл-ойы, мінезі, оның ойлау қабілеті, сезімі ретінде қарайды.

Рухани мәдениет - адамның, өзіне және басқа адамдарға, дүниеге қатысын реттейтін дәстүрлер мен құндылықтардың жиынтығы.

Мәдениет морфологиясы мәдениет туралы негізгі ғылымдардың бірі. Оның зерттеу пәні болып мәдениеттің типтік түрлерін зерттеу болып табылады.

Әдебиеттер тізімі:

1.ҒабитовТ. Мәдениеттануға кіріспе. Алматы, 2013

2.Нұрланова К. Адам және әлем. Алматы

3. МұхамбетоваА. Казахская традиционная культура и ХХ век. Алматы.

4.Орынбеков М.С. Предфилософия протоказахов. Алматы.

ХасановМ., Қаракұзов Ж. Қазақ мәдениетінің космосы. Алматы.,

Тақырып 2. «Ауызша дәстүр» қазақ мәдениетінің феномені ретінде «Ауызша дәстүр» қазақ мәдениетінің феномені ретінде

Жоспары:

1.А. Мұхамбетованың «Қазақ халқының дәстүрлі ән-күймәдениеті және ХХ ғасыр» еңбегі.

2. «Ауызша дәстүр» жырау, сал-серілердің шығармашылығының ерекшелігі ретінде.

3. К. Нұрлановтың «» Адам және әлем

еңбегі. Қазақтың ұлттық идеясы.

Ауыша дәстүрі — халық шығармашылығының айрықша саласы, ауызша шығарылып, ауызша тараған көркем-әдеби туындылардың жиынтық атауы. Қазақ халқының мұндай сөз өнерін ғалымдар ауыз әдебиеті деп атаған. Сонымен бірге ғылым мен мәдениетте “халық шығармашылығы”, “халық поэзиясы”, “халықтың ауызша сөз өнері” дейтін атаулар да осыған жақын мағынада қолданылады. 1846 жылы ағылшын Вильям Томс ұсынған “фольклор” (ағылшынша lolk — халық, lore — білім, даналық) сөзі де ауыз әдебиеті атауы үшін халықаралық ғылым атау ретінде орныққан. Бұлардың қай-қайсысы да бірінің орнына бірі қолданыла береді. Бірақ мағыналары бір емес. [1]Мысалы, “халық поэзиясы” дейтін ұғым өлең түрінде айтылатын поэзиялық жанрларды жинақтап атауға лайық болса, “халық шығармашылығы” — халық шығармашылығы мен өнерінің барлық түрлерінің жалпы атауы, “ауызша сөз өнері” — прозалық та, поэзиялық та шығармалардың ортақ ұғымы. Бұларға қоса “халық даналығы”, “халық білімі” деп аударылатын “фольклор” терминінің мән-мағынасында да елеулі айырма бар. Батыс Еуропа, Америка, Австралия халықтарының ұғымында бұл сөздің мағынасы тым ауқымды. Ол халықтың киім-кешек, құрал-жабдық, әдет-ғұрып, тұрмыс-салт, наным-сенім, сондай-ақ түрлі көркем өнерін (поэзия, музыка, би, ою-өрнек, тоқыма өнері, т. б.) тұтастай атау үшін қолданылады. Бұл жағынан алғанда ол тек ауыз әдебиетін ғана емес, “этнография”, “этномәдениет” дейтін ұғымдармен де сабақтасып жатыр. “Фольклор” атауы орыс ғалымдарының зерттеулері арқылы халықтың ауызша поэтикалық шығармашылығы деген мағынада қалыптасқан. Қазақ әдебиеттану ғылымындағы “ауыз әдебиеті” деген ұғым да “фольклордың” осы мәнімен сабақтас.[2] Бұлар бірін-бірі толық алмастыра береді. Ауыз әдебиетіін зерттейтін ғылымды “фольклортану” деп атау да осыған байланысты. Қазақ халқының ауыз әдебиеті өзінің көркемдік-идеялық нәрімен, эстетикалық қуат-тегеурінімен, түрі мен жанрларының молдығымен, тақырыптық және сюжеттік байлығымен, қоғамдық-әлеуметтік және тәрбиелік терең мән-мазмұнымен ерекшеленеді. Ол — көне тас дәуірінде пайда болып, түркілік тұтастықты бастан кешірген, одан бері де қазақ халқының қалыптасу тарихымен біте қайнасып, бірге жасап келе жатқан теңдесі жоқ рухани мұра. Байырғы ата-бабаларымыздың наным-сенімдерінен, тарихынан, тұрмыс-тіршілігінен, жақсы мен жаман туралы түсініктерінен, асыл арманы, биік мұратынан жан-жақты мағлұмат береді. Әрі ұлттық рухани мәдениеттің ғасырлар тізбегіндегі тарихи өзгерісін, этникалық санамен қарайлас жүріп өткен жолын да көз алдымызға елестете алады. Ауыз әдебиетінің шығарушысы да, таратушысы да, тыңдаушысы да — халық. Сондықтан ол, шын мәнінде, халықтың өз еншісі болып табылады. Ауыз әдебиетінің осы өзгешілігі оның әлеум. бітімін де айқын сипаттайды. 20 ғасырдың басына дейін көшпелі қоғамда туып, көшпелі қоғамның талап-талғамы мен әлеуметтік қажеттілігіне толық жауап берген ауызша сөз өнері өзінің барлық даму жолдарында айрықша жүк арқалады, көркемдігі мен әлеум.-қоғамдық қызметі бойынша ең биік тұғырға көтерілді. Көшпелі қоғам мәдениетінде табан астында туып, тыңдаушысын тәнті етпеген өлеңді, мәнерін таппаған жырды өнер деп танымаған. Осындай тіршілік аясында қалыптасқан ауыз әдебиеті барлық белгілері бойынша классик. деңгейге көтерілген.

Әдебиеттер тізімі:

1.ҒабитовТ. Мәдениеттануға кіріспе. Алматы, 2013

2.Нұрланова К. Адам және әлем. Алматы

3. МұхамбетоваА. Казахская традиционная культура и ХХ век. Алматы.

4.Орынбеков М.С. Предфилософия протоказахов. Алматы.

5.., Қаракұзова Ж. Қазақ мәдениетінің космосы. Алматы.,

Тақырып 3. Қазақ билерінің шешендік өнері

Жоспары:

  1. Зерттеушілер қазақ қоғамындағы билердің орны мен рөлі.

  2. Тәуке ханның «жеті жарғы» заңы, оның рөлі мен мәні

  3. Е. Тұрсынов, С. Қасқабасов. К. Нұрланованың қазақ қо,амындағы билердің орны.

Би — дәстүрлі қазақ қоғамының саяси-әлеуметтік жүйесіндегі демократиялық биліктің иесі. Зерттеуші ғалымдардың, әсіресе, В.В. Бартольдтың пікірінше, “би” сөзі шамамен 14 — 15 ғасырларда ежелгі түркі тіліндегі “бек” атауының бір нұсқасы ретінде пайда болып, басқарушы, ел билеуші мағынасын білдірген. Кейіннен бастапқы семантикалық-тілдік реңкінен ажырап, көбінесе, дау-жанжалды шешіп, кесімді төрелік айтушы, әділ үкім шығарушы адамды бейнелеу үшін қолданылған. 17 ғасырда өмір сүрген Махмұд ибн Уәлидің “Бахр әл-асрар фи манақиб әл-ахйар” атты еңбегінде “жоғарғы мәртебелі әмірлер мен елге сыйлы, пендәуи тірліктен азат адамдардың” барлығы би аталғанын жазады. Ал қазақ халқының дәстүрлі түсінігінде бұл атау төрт түрлі мағынада.

Әдебиеттер тізімі:

1.ҒабитовТ. Мәдениеттануға кіріспе. Алматы, 2013

2.Нұрланова К. Адам және әлем. Алматы

3. МұхамбетоваА. Казахская традиционная культура и ХХ век. Алматы.

4.Орынбеков М.С. Предфилософия протоказахов. Алматы.

ХасановМ., Қаракұзов Ж. Қазақ мәдениетінің космосы. Алматы.,

Тақырып 4. Жырау институының қайнар көзі мен қалыптасуы

1.Дәстүрлі қазақ қоғамындағы жыраулық дәстүр.

2.Бұқар жыраудфың қазақ қоғамындағы рөлі мен маңызы.

3.Жырау институның пайда болуы мен қалыптасуы.

Жыраулар - халық поэзиясын жасаған ақылғөй даналар. Олар заманының өздері куә болған елеулі уақиғаларын, тарихи кезеңдерді жырға қосқан...
Жыраулар поэзиясына дейінгі әдебиет халык жасаған ауыз әдебиеті деп аталды. Жыраулар поэзиясы Қазақ хандығы құрылғаннан бастап (XV ғасыр) өріс алды. XV ғасырда Асан Қайғы, Казтуған жыраулар өмір сүрді.
Жырауларды халык, қадір тұтқан. Ел толқыған кезде, бүліншілік шыққанда немесе ел шетіне жау келғен кездерде ақыл, кеңес сұрайтын болған. Мұндай кезде жырау жұртшылықты абыржымауға шақырып, оларға күш-қуат беріп (дем беріп), істің немен тынатыны жайлы болжамдар айтып отырған. Жыраулар поэзиясы ХV-ХVII ғасырлар аралығын қамтиды.
Жырау деген атау "жыр" сөзінен шыққан. Жыршы деп көптеген эпостық жырларды жатқа білетін, дайын репертуары бар айтқыштарды таныған.
Жыраулар өз шығармаларын ақыл-нақыл, өсиет түрінде айтқан. Олардың толғауларының негізгі тақырыптары - туған жерді, елді сүю, Отанды қорғау, елді бірлікке шақыру, адамгершілік қасиетті насихаттау.
Жыраулар поэзиясының біраз үлгілері осы тарауда ұсынылып отыр. Соларды оқып-үйрену барысында халқымыздың атадан мирас болып қалған сөз маржандарына қанығасыңдар, халқымыздың басынан кешірген тарихи кезеңдермен таныс боласыңдар, оның қадір-қасиетін білесіңдер, тәлімдік, танымдық, тағылымдық терең ой дүниесіне енесіңдер. Әдебиет тарихы ел тарихы, халық тарихы екеніне көз жеткізесіңдер.
Жыраулар поэзиясының маңызы мен тақырыбы. Жыраулар поэзиясының құндылығы неде? "Бұл дәуірдегі әлеумет тіршілігінің, – дейді Әдебиеттер тізімі:

Әдебиеттер тізімі:

1.ҒабитовТ. Мәдениеттануға кіріспе. Алматы, 2013

2.Нұрланова К. Адам және әлем. Алматы

3. МұхамбетоваА. Казахская традиционная культура и ХХ век. Алматы.

4.Орынбеков М.С. Предфилософия протоказахов. Алматы.

ХасановМ., Қаракұзов Ж. Қазақ мәдениетінің космосы. Алматы.,
  1   2   3   4

Похожие:

Пәннің атауы: «Қазақ халқының дәстүрлі рухани мәдениеті» iconМақсаты: Қазақ халқының тілі және қазақ тілі тарихы туралы мәлімет бере отырып, елі және жері, рухани мәдениеті мен тарихы туралы әңгімелей білу. Қазақстанның
Мәтін негізінде сөздік қорларын молайту, лексика-грамматикалық тапсырмалар арқылы сөйлеу дағдыларын қалыптастыру
Пәннің атауы: «Қазақ халқының дәстүрлі рухани мәдениеті» iconҚолы) (аты-жөні)
Пәннің оқу әдістемелік кешені Қазақ халқының рухани мәдениетінің тарихы. 050114 «Тарих» мамандығы үшін. Алматы, 2007 типтік оқу бағдарламасы...
Пәннің атауы: «Қазақ халқының дәстүрлі рухани мәдениеті» icon«Қазақ халқының рухани мәдениетінің тарихы» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені №1 басылым
В020300 «тарих» мамандығы үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарты арнайы пәннің типтік бағдарламасы негізінде жасалған.Құрастырушы...
Пәннің атауы: «Қазақ халқының дәстүрлі рухани мәдениеті» icon«Қазақ халқының рухани мәдениетінің тарихы» Оқу- әдістемелік кешені 5В020300 -«тарих» мамандығына арналған
В020300 «тарих» мамандығы үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарты арнайы пәннің типтік бағдарламасы негізінде жасалған.Құрастырушы...
Пәннің атауы: «Қазақ халқының дәстүрлі рухани мәдениеті» iconҚазақ халқының өнері және музыка мәдениеті
Білімділік: Оқушылардың алған білімін толықтыру, Қазақтың ұлттық мәдениетінің маңызын түсіндіру, халық композиторларының шығармаларын...
Пәннің атауы: «Қазақ халқының дәстүрлі рухани мәдениеті» iconҚазақ халқының қоғамдық өмірінде, даму тарихында ерекше роль атқарған Қазақ
Жоғарыда аталғандай, газет саяси орган болуымен қатар, қазақ мәдениеті, әдебиеті мен өнері, журналистиканың дамуындағы үлкен бір...
Пәннің атауы: «Қазақ халқының дәстүрлі рухани мәдениеті» iconПән бағдарламасының титулдық парағы (Syllabus)
...
Пәннің атауы: «Қазақ халқының дәстүрлі рухани мәдениеті» icon«1940-60 жылдардағы қазақ әдебиеті (пәннің атауы) Оқу-әдістемелік кешені 050117 «қазақ тілі мен әдебиеті»
Силлабус
Пәннің атауы: «Қазақ халқының дәстүрлі рухани мәдениеті» iconҚазақ Ордасының ханы, қазақ мемлекетінің тарихындағы аса көрнекті мемлекет қайраткері, арғы тегі Жошы хан, бергі бабалары қазақ ордасының негізін салған. Төле
Абылай қаһарлы хан болуымен қатар, қазақ халқының рухани қасиетінен еркін сусындаған дарынды күйші ретінде де белгілі. Ол «Ақ толқын»,...
Пәннің атауы: «Қазақ халқының дәстүрлі рухани мәдениеті» iconҚазақ әдебиеті қазақ халқының рухани бай қазынасын әлемге танытып келе жатқан, қазыналы әдебиет. Халықтың мәдениетінің жоғарылығы мен рухтың беріктігі ұлт
Біздің халық сөздің қадіріне жеткен, сөзге тоқтаған, сөз сұрамаған, тілі бай халық. Осы сөз маржандарынан әдебиет қазынасының сандығын...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница