Скачать 2.03 Mb.
|
«Медицина тарихы» пәні бойынша ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН медициналық-профилактикалық іс 1 курс 2012 МАЗМҰНЫ: Жұмыс бағдарламасы ………………………………………………………….....………………………………3 Силлабус…………………………………………………………………………………………….……16 Дәрістер кешені …………………………………………………………………………....……………………….37 Семинарлық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау …………………………………………………………..........…………….........56 Оқытушымен бірге студенттің өзіндік жұмысына арналған әдістемелік нұсқау ……………………………………………………………………………73 Өзіндік жұмысқа арналған әдістемелік нұсқау ………………..........…...........………………….81 Бақылау- өлшеу құралдары ……………………………………………………………….................90 «БЕКІТЕМІН»Оқу және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор профессор Тулебаев Қ.А. _______________________ «____» ___________ 2012 ж. «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығына арналған IM 2113 «Медицина тарихы» пәні бойынша ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫКурс: бірінші Семестр: бірінші Дәрістер: 5 сағат Тәжірибелік (семинарлық) сабақтар: 10 сағат Студенттердің оқытушымен бірге өзіндік жұмысы (СОӨЖ) 7 сағат Аудиториядан тыс студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ) 23 сағат Бақылау түрі: емтихан Барлығы: 45 сағат (1 кредит) 2012 Жұмыс бағдарламасы кафедра меңгерушісі профессор М.А.Камалиевпен, аға оқытушы А.М. Шахиевамен, аға оқытушы А.Н. Нурбақытпен құрастырылған. Жұмыс бағдарламасы қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасының отырысында талқыланды № _______ хаттама «____» ___________ 2012 ж. Кафедра меңгерушісі, м.ғ.д., профессор Камалиев М.А. Жұмыс бағдарламасы «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасы комитетінің мәжілісінде талқыланды № _______ хаттама «____» ___________ 2012 ж. ҚД білім беру бағдарламасы комитетінің төрағасы, м.ғ.к., доцент Бужикеева А.Б. Жұмыс бағдарламасы С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дің әдістемелік кеңесінің мәжілісінде талқыланды № _______ хаттама «____» «___________» 2012 ж. ҚазҰМУ-дің әдістемелік кеңесінің төрағасы, м.ғ.д., профессор Тулебаев Қ.А. 1. Жалпы мәліметтер: Жоғарғы оқу орнының атауы С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті Кафедра: Қоғамдық денсаулық сақтау Пәні, пәннің коды: IM 2113 Медицина тарихы Мамандығы: 5В110400 «Медициналық-профилактикалық іс » Оқу сағаттарының (кредиттерінің) көлемі – 45 сағат (1 кредит) Оқу курсы мен семестрі - 1 курс, 1 семестр 2. Бағдарлама: 2.1. Кіріспе Медицина тарихы, ғылым ретінде медицинаның және денсаулық сақтаудың пайда болуын, дамуын және қазіргі кезеңдегі жағдайын, адамзаттың бүкіләлемдік даму тарихымен бірегей зерттейді. Медицина тарихы оқулық пән ретінде екі бөлімнен тұрады: жалпы және жеке медицина тарихы. Жалпы медицина тарихы емшіліктің және медицинаның ежелгі замандардан қазіргі кезеңге дейін бүкіләлемдік тарихи даму үрдісінің қалыптасуының жалпы заңдылықтарын анықтайды; медицинаның алға басуының әрбір тарихи-қоғамдық кезеңдердің үлесін айқындайды, медициналық ғылым мен денсаулық сақтау тәжірибесінде ұлттық және ұлтаралық бірегейлік пен өзара әрекеттестігін көрсетеді, медицинаның алға қарай дамуына атақты ғалымдардың және ғылыми мектептердің маңызын және дәрігерлік парыз туралы ұғымның қалыптасуына әсер етеді. Жеке медицина тарихын оқыту әрбір медициналық-биологиялық, профилактикалық және клиникалық пәндердің пайда болуы мен дамуы туралы түсініктеме береді. Медицина тарихын оқыту қойылған болашақ дәрігердің алдына кәсіби талаптармен қоса отансүйгіштік сезімін қалыптастырып, әсіресе қазақ халқының әлемдік өркениетке қосқан үлесін ерекше көрсетеді. Тәуелсіз Қазақстан ерекшелігі тарихтағы өткен-кеткенді зерделеп жаңарту, тарихи шындықтың шыңына жету, тарихи ақтаңдақтар мен көлеңкелі етіп көрсетілген жағдайларды айқындау, тарихи мұрағаттарға ұқыпты қарау. Қазақстан медицина тарихын зерттеу қазақтар және басқа да халықтардың эмпирикалық білімдердің негізінде және олардың тұжырымдалуына байланысты ғасырлар бойы аурудың алдың алу дағдылары мен біліктілілігі нақтыланып, жеке адамның және қоғамдық тазалық сақтау, медициналық білім беру мен ғылымның қалыптасуы,айтарлықтай жаңалықтар ашылуы, отандық дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің ізгі қызметтеріне байланысты екендігі анықталады. 2.2. Пәннің мақсаты: Болашақ маманның жалпы мәдени көзқарасын қалыптастырудың маңызды бөлшегі ретінде әлемдік медицинаның дамуының негізгі заңдылықтары мен бағыттары туралы түсінік қалыптастыру. Сонымен қатар, рухани, қәсіби және жалпы мәдени біліктілілігі жоғары, отансүйгіштік және ұлтаралық сезімге ие, денсаулық сақтау саласының болашақ маманында дүниетанымалдықты қалыптастыру 2.3. Оқыту міндеттері:
2.4. Оқытудың соңғы нәтижелері: Студенттерде білімді қалыптастыру:
Студенттерде тәжірибелік дағдыларды қалыптастыру:
Студенттерде коммуникативтік дағдыларды қалыптастыру: - Курстастарымен жақсы өзара қарым-қатынасты құру; - Басқа студенттердің көзқарасын сыйлау; - Қарым-қатынаста/араласуда шынайлық таныту; - Кішігірім топтармен жұмыс істей білу. Студенттерде құқықтық дағдыларды қалыптастыру:
Студенттерде өзін-өзі жетілдіру дағдыларын қалыптастыру:
2.5 Пәннің алғы реквизиттері: Қазақстан тарихы. Саясаттану. Әлеуметтану. 2.6. Пәннің соңғы реквизиттері: Оқу негізінде пәннің туындау және даму тарихын, медициналық мамандықтардың қалыптасуындағы атақты ғалымдар мен дәрігерлердің жетістіктерін тереңдей зерттеуді қажет ететін жаратылыстану ғылымдары, жалпы кәсіби және арнайы пәндер. 2.7 Тақырыптық жоспар: әр сабақтың тақырыбы, жүргізу формасы, ұзақтығы (дәрістер, тәжірибелік, семинарлық, зертханалық, оқытушы жетекшілігімен орындалатын өзіндік жұмыс, өзіндік жұмысы). Дәрістердің тақырыптық жоспары
Тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспары
Студенттердің оқытушымен бірге өзіндік жұмысының (СОӨЖ) тақырыптық жоспары
Студенттердің өзіндік жұмысының (СӨЖ) тақырыптық жоспары
2.8. Оқу және оқыту әдістері: Дәрістер – кіріспе, тақырыптық, шолу, қорытынды. Тәжірибелік сабақтар – алдын-ала түрлі оқу және ғылыми әдебиеттерден алған білімді белсенді қолдану әдісімен өткізілетін семинарлар (кіші топтар, презентациялар, талқылаулар және т.б.). СОӨЖ– кафедрада үйлестіру материалдарымен жұмыс жасау, типтік бақылау есептерін (тестерді) шешу, дербес компьютермен жұмыс істеу, конференциялар, пәндік олимпиада, кеңес өткізу. СӨЖ – жеке тапсырмаларды орындау: баяндамалар (презентациялар), эссе, пікірлер даярлау; курстық жұмыстарды орындау; студенттердің оқу-зерттеу жұмысы; тест сұрақтарын, кроссвордтар және жауаптардың эталонын құрастыру; үйлестіру материалдарын және көрнекі құралдарды дайындау. Жеке тапсырмаларды орындап тапсыру берілген тақырып оқылатын пән бөліміне сәйкес аптадан кешікпей жүргізілуі тиіс. 2.9 Студенттердің білімі мен дағдыларын бағалау әдістері: Құзыреттілікті бағалау
*1 кредитте студент өз таңдауымен СӨЖ бір тақырыбын орындайды. Аралық бақылау (r) – саны- 1, өткізу формасы – тест және жазбаша жауап түріндегі сұрақтар. Пәннің қорытынды рейтингі/бағасы 100 баллға тең. Күнделікті бақылау: - ауызша сұрау; - жазбаша бақылау; - тестілеу; - жағдаяттық есептердің шешімін тексеру; - ұсынылған рефераттар, баяндамалар, презентациялардың қорғауын бағалау. Қорытынды бақылау: нәтижелерді кешенді бағалау: - білімін күнделікті бақылау; - тестілеу; - ауызша әңгімелесу. Студенттердің білімін бақылауды ауызша жүргізу технологиясы Күнделікті бағалау t – біліктіліктің қалыптасуын бағалау деңгейі t = (Z+N+K+P+S+R)/n мұнда n – барлық біліктілік бойынша тапсырма саны Z: z1+z2+…+zn - білімнің бағасы N: n1+n2+…+nn - тәжірибелік дағдылар бағасы K: k1+k2+…+kn - коммуникативті біліктіліктің бағасы P: p1+p2+…+pn - құқықтық біліктіліктің бағасы S: s1+ s2+…+sn - СӨЖ бағасы R- аралық бақылау t – күнделікті бақылау = орта баға оқытудың бес біліктілігі бойынша: білім, тәжірибелік дағды, құқықтық біліктілік, коммуникативті біліктілік, өзін жетілдіру дағдыларына қатысты бағаланады. * Пән бойынша баллдық-рейтингтік бағалау өзгерістері №2 үлгіде көрсетілген Емтиханды жүргізу және бағалау технологиясы Қорытынды бақылау: дифференциалды сынақ, екі кезеңнен тұрады: 1) тестілеу, 2) ауысша (билет бойынша тәжірибелік дағдыларды тексеру және т.б.) қорытынды бақылауда білім алушының білімін бағалау. E= (Е1+Е2)/2 × 0,4 мұнда, Е1 - емтиханның I кезеңінің балдары Е2 – емтиханның II кезеңінің балдары. Студенттің емтиханға жіберілу рейтингі қорытынды бағада 60% кем болмау керек, сондықтан да, пән бойынша семестрлік бағалау келесі формула арқылы анықталынады: Rд = t × 0,6 мұнда t – күнделікті бақылау Қорытынды баға жіберілу рейтингімен және қорытынды бақылау бағасының қосындысынан тұрады: I = R х 0,6 + E х 0,4, мұнда I – қорытынды баға R– емтиханға жіберілу рейтинг бағасы E – қорытынды бақылау бағасы (пән бойынша емтихан) Қорытынды рейтинг 60% жіберілу рейтингтен және 40% қорытынды бақылау бағасынан тұрады. I = Rд + (Е1 + Е2 ) /2 х 0,4, мұнда I – қорытынды баға Rд – жіберілу рейтинг бағасы Е1 – қорытынды бақылау бағасы (пән бойынша тестілеу) Е2– қорытынды бақылау бағасы (пән бойынша әнгімелесу) Рейтинг I - 60% , емтихан I - 40% құрайды. Пән бойынша әріптік-балдық-рейтингтік бағасы
2.10. Негізгі және қосымша әдебиеттер: |
![]() | 2006ж жмбс бойынша жұмыс бағдарламасы Пәннің интеграцияланған жұмыс бағдарламасы ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасында интеграцияланған типтік оқу бағдарламасы негізінде... | ![]() | Модульдік жұмыс оқу бағдарламасы және смллабус Модульдік жұмыс оқу бағдарламасы және силлабус Жұмыс оқу жоспары, Эллективтік пәндер каталогі, Типтік оқу бағдарламасы және Мамандықтың... |
![]() | Модульдік жұмыс оқу бағдарламасы және силлабус Модульдік жұмыс оқу бағдарламасы және силлабус жұмыс оқу жоспары, эллективтік пәндер каталогі, типтік оқу бағдарламасы және мамандықтың... | ![]() | «Философия» пәні бойынша жұмыс бағдарламасы ОҢТҮстік қазақстан мемлекеттік фармацевтика Жұмыс бағдарламасы Қр білім және Ғылым Министрлігінің 11. 05. 2005 ж. №289, 12. 07. 2005 ж. №480 бекітілген типтік бағдарламасы бойынша... |
![]() | «Философия» пәні бойынша жұмыс бағдарламасы ОҢТҮстік қазақстан мемлекеттік фармацевтика Жұмыс бағдарламасы Қр білім және Ғылым Министрлігінің 11. 05. 2005 ж. №289, 12. 07. 2005 ж. №480 бекітілген типтік бағдарламасы бойынша... | ![]() | 1. Оқытушылар туралы мәліметтер Силлабус (студенттiң жұмыс бағдарламасы) биохимия және химиялық пәндер кафедрасында химия пәнi бойынша жұмыс бағдарламасы негізінде... |
![]() | ЖҰмыс бағдарламасы жануарлар физиологиясы пәні бойынша ... | ![]() | ЖҰмыс бағдарламасы адам анатомиясы пәні бойынша ... |
![]() | «Қоғамдық денсаулық» пәні бойынша жұмыс бағдарламасы Жұмыс бағдарламасы "Қоғамдық денсаулық" типтік оқу бағдарламасы негізінде құрастырылған | ![]() | КӘсіптік тәжірибе бойынша жұмыс бағдарламасы Кәсіптік тәжірибе бойынша жұмыс бағдарламасы ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасында «Клиникаға кіріспе – 2» пәнінің типтік оқу... |