Қазақ әдебиеті қазақ халқының рухани бай қазынасын әлемге танытып келе жатқан, қазыналы әдебиет. Халықтың мәдениетінің жоғарылығы мен рухтың беріктігі ұлт




Скачать 298.72 Kb.
НазваниеҚазақ әдебиеті қазақ халқының рухани бай қазынасын әлемге танытып келе жатқан, қазыналы әдебиет. Халықтың мәдениетінің жоғарылығы мен рухтың беріктігі ұлт
страница1/3
Дата конвертации15.02.2016
Размер298.72 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://zhambyl-lib.kz/sites/default/files/Жүнісов.doc
  1   2   3


Алғысөз

Қазақ әдебиеті – қазақ халқының рухани бай қазынасын әлемге танытып келе жатқан, қазыналы әдебиет. Халықтың мәдениетінің жоғарылығы мен рухтың беріктігі ұлт әдебиетіне байланысты. Есті ұрпақ болса еститін сөз қалдырған қазақ әдебиетінің қазынасы мол-ақ. Біздің халық сөздің қадіріне жеткен, сөзге тоқтаған, сөз сұрамаған, тілі бай халық. Осы сөз маржандарынан әдебиет қазынасының сандығын толтырған, қазақ әдебиетінің жүгін қара нардай көтерген қаламы қарымды қаламгерлерден кенде емеспіз.

Сіздерге ұсынылып отырған әдістемелік құрал қазақ әдебиетінің шыңына шыққан шығармаларымен өзі бір төбе боп тұрған халық жазушысы, драматург, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сәкен Нұрмақұлы Жүнісовтің өмірі мен шығармашылығына арналады. Сәкен Жүнісовтің жүрегінің алыптығы, батылдығы, шығармаларының өміршеңдігі өзі кетсе де артына өшпес әдеби мұра қалдырғандығы даусыз. Оқалы сөз бен көркем ойлардың авторы, бекзат, сері жазушымыз Сәкен Жүнісовтің шығармасын жастанып оқып өскен ұрпақтың өкілі ретінде сөзге жомарт жазушының қазақ әдебиетінің айдынында қалықтаған шығармалары талай ұрпақтың тілін сындырып, әдебиеттің соншалықты құдіретті екеніне көзін жеткізетініне сенімдіміз.

Уақыт деген қатыгез сарапшының ақиқатына сенсек Сәкен серінің шығармалары мәңгілік. Саңлақ тұлғаның аузы ашылса көмейінен көркем жыр, тілінен көсемсөз, жүрегінен жыр, домбыра ұстаса әуелеп ән төгілген алабөтен қасиет дарыған дара тұлға.

Ұсынылып отырған әдістемелік құралдан жазушының өмірін, шығармашылығын, ол кісі туралы ойларды, өзінің жазған өлеңдерін, әркезде берген сұхбаттарынан үзінді, шығармашылық кешінің сценарийін, арнау-өлеңдерді және әдебиеттер тізімін оқи аласыздар.

Әдістемелік құрал кітапханашыларға және жазушының өмірі мен шығармашылығы қызықтырған оқырман қауымға арналады.


Деректеме

(1934-2006)


Сәкен Нұрмақұлы Жүнісов 1934 жылы 11 ақпанда Көкшетау облысы, Қызылтау ауданы, Кішкенекөл ауылында туған. Сәкен Жүнісовтің әкесі – Нұрмақ өз ортасына ғұмыр бойы жарық сепкен, елі үшін аянбай еңбек еткен белгілі педагог болған.

С.Жүнісов 1957 жылы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық университетін бітірген. 1957-1959 жылдары "Пионер" (қазіргі "Ақжелкен") журналында, 1960-64 жылдар аралығында Қазақ драма театрында әдебиет бөлімінің меңгерушісі, 1964 жыл Қостанай педагогикалық институтында оқытушы, 1964-68 жылдары "Қазақ әдебиеті" газетінде бөлім меңгерушісі, КСРО Әдеби қоры Қазақ бөлімшесінің директоры, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы қызметтерін атқарған.

Алғашқы туындысы «Бір шофердің әңгімесі» атты шағын әңгімесі республикалық «Қазақстан пионері» газетінде 1953 жылы жарияланған. Бірінші кітапшасы да «Сонарда» деген атпен балаларға арналған тырнақалды туындысы 1959 жылы жарық көрді. «Әжем мен емші және дәрігер» (1961), «Кімнің мекені жақсы? (1962), «Жапандағы жылғыз үй» (1965 жылы, орыс тілінде 1968), "Ажар мен ажал" (1967), "Тұтқындар" (1972), "Жаралы гүлдер" (1973), "Қызым, саған айтам" (1973), "Қос анар" (1974), "Әр үйдің еркесі" (1975), "Қысылғаннан қыз болдық" (1976), «Ақан сері» дилогиясы (1-кітабы 1971 жылы, 2 кітабы 1977 жылы, орыс тілінде – 1979 жылы). "Кроссворд" (1981), «Алғашқы вагон» (1982), «Өліара» (1986) «Заманай мен Аманай» (1987) шығармалары жарық көрді. Барлық дерлік драматургиялық шығармалары республика және облыс театрларында сахналанды.

Жүнісов - әдебиет пен театрдың, жалпы қоғамның келелі мәселелерін қозғаған жүзге жуық зерттеулер мен сын мақалалардың авторы. Л.Толстойдың, П.Федоровтың, В.Кочетовтың, С.Цвейгтің шығармаларын, О.Гончардың "Перекоп", "Көк адыр" романдарын қазақ тіліне аударған. Өзінің көптеген шығармалары шетел тілдеріне аударылған.
Автордың 2000 жылы «Сәкен сері ел жайында, ел Сәкен сері жайында» кітабы жарық көрді.
"Аманай мен Заманай" романының желісі бойынша 1987 жылы "Заманай" атты көркем фильм түсірілді.

С.Жүнісов ұстаздан да, шәкірттен де жолы болған қаламгер. Олай дейтініміз әдебиет әлемінің асқар шыңын бағындырған классик М.Әуезов ұстазы болса асқар Алтайдың кербұғысы атанған Оралхан Бөкей шәкірті еді.


Перзентін сан қырлы өнері үшін халқы аялап еркелетті. Ұлттық мүдде, ұлт тынысы, халық өмірі Сәкен Жүнісов үшін өмірлік ұстаным болғандықтан, ол қоғамдық-әлеуметтік салада айнымас ақиқат ұғымдар үшін күресе білді. Елім деп еңіреп, туған жерім, ана тілім деп толғанған Сәкен Жүнісовтің еңбегі еленбей қалмады. Ол Қазақ ССР Жоғары Советінің Құрмет грамотасымен марапатталған. 1986 жылы «Өліара» пьесасы үшін Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. Қазақстанның халық жазушысы, Көкшетау қаласының құрметті азаматы атағын алды.

2006 жыл мамыр айында өмірден озды. Жазушының Астана қаласындағы тұрған үйіне ескерткіш тақта орнатылды.


Көркемсөздің көк семсері

(көрменің үлгісі)


1 – бөлім: «Әуезовтың соңғы аспиранты»


Бұл бөлімге жазушының жарық көрген шығармалары, мақалалары қойылады.


Дәйексөз: «Кешегі Сәкен, Бейімбет, Мұхтарлар негізгі туындыларын елуге дейін жазғанын ұмытпауымыз керек. Біздің Сәкен де осы жасында біраз іргелі, атаулы туындылар беріп салды»

Ғабит Мүсірепов


2 – бөлім: «Ұлтым деп ұрандаған ұлы тұлға»


Бұл бөлімге жазушы туралы сын-пікірлер, естеліктер қойылады.


Дәйексөз: «Сәкен Жүнісов – туған жерге тамырын терең жіберген Дала жыршысы. Дала болғанда, ғажайып Сарыарқаның – ғаламат сұлу Көкшетау даласының жыршысы»

Зейнолла Қабдолов


Қазақ прозасының құлагері

(Дарабоз жазушы С.Жүнісовтің шығармашылығына

арналған кештің сценарийі)


Оқырмандар залы гүлмен безендіріледі, көрме қойылады, жазушының өмірі мен шығармашылығына арналған слайд дайындалып, естелік айтатын қаламдастары, ұрпатары, туған-туыстары шақырылады.


Кітапханашы: Жанып бір алсаң жарқылдар нағыз алмастар,

Алмас бар жерде алтының оған болмас пар.

Әлемде мынау аққудың аздығы секілді

Сәкендер аз ғой, Сәкендер аз ғой жолдастар,- деп Серік Тұрғынбеков ақын жырлағандай қазақ халқының маңдайына біткен құлагер жазушысы Сәкен Жүнісовтің шығармашылық кешіне хош келдіңіздер!

Заманының заңғар суреткері, ұлы тұлға Мұхтар Әуезовтің шәкірті, жазушы Сәкен Жүнісов көзі тірі болса 80-ге келер еді. Қазақ ұлтының рухы сонау түркі дәуірі – көк бөрінің ұрпағымыз деп атойлаған кезеңнен бері ешқашан еңкейіп, құлдыраған емес. Ұлтым деп ұрандаған ұлы тұлғалаларымыздың бірегейі, жазушы, драматург Сәкен Жүнісов еді.


Композитор, әнші Қанат Жүнісовтің «Сәкен-Сұңқар» әні орындалады.


Кітапханашы: Иісі қазақ атына қанық, халқы үкілеп «Сәкен сері» деп атаған, әдеби туындыларымен кең танылған, көркем сөз бен оқалы ойлардың аса көрнекті өкілдерінің бірі Сәкен Жүнісов – шығармашылық уақыттың шынайы биігіне көтерілген суреткер болды. Сәкен Жүнісов – сан қырлы тұлға. Ол – әдебиетші, жазушы, ақын, ұстаз, журналист, драматург, аудармашы.

«Басында-үкі, қолында домбыра, аузында-ән, бұл - заманынан озып туған, жастайынан өнер қуып, сахараны сырлы жырына толтырған, сал-серілердің падишасы, ақпа ақын, саңлақ сазгер, дүлдүл әнші Ақан сері Қорамсаұлы». Осы қазақтың маңдайына біткен сұңқары Ақан Серіге Сәкен сері «Ақан сері» дилогиясын жазып, мәңгі ескерткіш «қойып» кетті. Ұлы Абайдан кейін ақын туралы шығармаға тайсалмай қалам тартқан жазушы Сәкен Жүнісов еді.

«Ақан серіге баруыма бірнеше себеп болды. Әуелден мен серілікке құштар болып жаратылған адаммын. Өзім өлең жазғанмын. Домбыра тартамын. Толып жатқан өнердің тізгінін ұстауға талпынамын. Міне, осының барлығы «Ақан сері» романына бастады мені»,-деген екен жазушы.

Ендеше бүгін Сіздердің назарларыңызға көрнекті жазушының атақты «Ақан сері» дилогиясынан Ақан сері мен Ақтоқтының алғашқы кездесуінен шағын театрландырылған қойылым ұсынуды жөн көрдік.

Қатысатындар: кітапханашылар мен оқырмандар.

Хабарлаушы

Ақан сері

Ақтоқты


Ақан сері: Тіршілік нәрін сепкен күн –

Дүние жалын, дүние от,

Тіршілік бойдан кеткен күн-

Сөнген шала, өшкен шоқ.

Хабарлаушы: Сахна сыртынан айтады. (Бұл сол аймаққа әйгілі арлан Бірішекті соғып, аңнан қайтып келе жатқан Көкшетау өңіріне аты жайылған аңшы, саятшы сері жігіт, өз жанынан шығарып айтатын әнші, суырып салма ақын Қорамсаның Ақаны еді)

Ақан сері: Оу, шешелерің ұл тапқандай қуанып, түн ішінде еліріп жүрген кімсіңдер?

Бала: Тауып айттыңыз, ағасы, шешеміз ұл таппағанымен жеңгеміз ұл тауып, соның қуанышымен жүрміз.

Ақан сері: Е,сонда бұларың не, бәйге ме, өздерің бесеу-ақсыңдар

Бала: Жоқ,аға, бәйге әлі алда, біз мына көрші ауылдарағ хабар беріп келе жатыр ек, ел жақын қалған соң жарысып барайық дегеніміз ғой.

Ақан сері: Ол кім жаңа босанған, бұл кімнің ауылы еді?

Бала: Тастан деген адамның ауылы, соның жамағаты, естуіңіз бар шығар?

Ақан сері: Е, білемін, Бақтыбайдың інісі Тастан десейші. Онда бағытымыз дұрыс екен.

Бала: Ал өздеріңізге жол болсын, аң аулап келе жатырсыздар ғой тәрізі. Кім боласыздар?

Ақан сері: Иә, аң аулап келеміз, Қоскөл жақтыкіміз.

Бала: Байқаймын, олжалы көрінесіздер, сауға.

Ақан сері: Ал,ал, ана кейінгі атта бір қаншықтың терісі бар, соны байлан.

Бала: Байлаған соң, арланын байлаңыз.

Ақан сері: Ай, өзің қулау баламысың деймін. Сендердей бозбалаларға қасқырдың арланынан гөрі қаншығы жақсы емес пе?

Бала: Сіз де бұрын аңшылықты қаншықтан бастап па едіңіз?

Ақан сері: Жеңілдім, жеңілдім. Менікі жай әншейін қалжың ғой. Шынымды айтайын, байлар едім біраз мұның сыры болып тұр. Бұл өзі осы өңірді шулатып жүрген арлан. Әдейі елге апарайық деп ек.

Бала: Бірішек шолақ емес пе?

Ақан сері: Иә, дәл түстің үстінен. Немене сенбейсің бе, таңырқап қалдың ғой?!

Бала: Жо-оқ, Бірішекті соққаныңызға сенем, сізді танымағаныма таңырқап келемін. Сіз... сіз Ақжігіт... Ақан аға емссіз бе? Астыңыздағы кер дөнен ғой?

Ақан сері: Сен оны қайдан білдің?

Бала: (аз ойланып, әлденеден қысылғандай бөгеліп, күмілжіңкіреп)

Мұндай бөрінің сырттанын Ақан ағайдай жігіттің сұңқары, кер дөнендей жылқының тұлпары ғана соға алады деп топшылағаным ғой.

Ақан сері: Оудоу дерсің, бізді әулие ғып аспанға бір көтеріп тастадың-ау, Қалқа бала! Сенің атың кім өзі?

Бала: Атым өзіңіз айтқан Қалқа бала,-Аға, «бұра сөйлеген күлкіге жақсы деп», өзіңіз сөзді бұрып әкеттіңіз-ау. Сауғаңыз арлан бола ма, қаншық бола ма, маған байламаңыз, ана жаңа дүниеге келген нәрестеге байлаңыз. Ол да еркек кіндікті азамат қой, ол да жігіттің сұлтаны болар ма екен.

Ақан сері: Балақай, өзің жас та болсаң, сөзің түйеден түскендей екен.-Жарайды Тастанның өзі болса, байламақ түгіл бір қылшығын сипатпас ем, сәби ғой. Байладым. Ал сен өзің бір сырттанды емес, жүз сырттанды байлауға тұрарлық жігіт екенсің, қалқа бала.

Бала: Бәсе,-сізді ақын ғана емес жұрт сері дейтін болыпты. Сері осылай жомарт болса керек-ті. Әйтпесе серінің серілігі қайда.

Ақан сері: Сен өзі мені сынап та келе жатырма ең? Егер менің серілігімді шын сынағың келсе, аң аулағанда сынама...

Бала: Қыз аулағанда сына дейсіз бе?...

Ақан сері: Әй, қу бала, өзің көп нәрсенің ретін білетін сыңайың бар.

Бала: Аға, сіз қыздарды жақсы көресіз-ау деймін?

Ақан сері: Еһ, сен жақсы көрмейтін шығарсың!

Бала: Дегенмен сізді тым бейімірек тұрады дейді. Сіздің «Мақпал», «Кепсер», «Бәтима қызға», «Ақмарал», «Торыны таң асырып мінген қандай» деген әндеріңізді айтып жүреміз. Бәрі де қыз туралы ғой.

Ақан сері: Оларды да білемін де, қу бала. Дұрыс-дұрыс, жастық шағында ойнада күл, жанған шам, жағылған от бір күн сөнер. Әнге, сөзге құмарлық жастық көңілге ынтықтық, жақсыға, сұлуға құштарлық-нағыз жігіттіктің белгісі...Сіздің ауылда қыздар көп пе?

Бала: Бар,жетерлік. Бүгін шілдеханада боласыздар ғой. Көресіз. Өздеріңіз құтты қонақсыздар. Бірақ қандай қыздарды сұрайсыз, аты қыз болса бола ма?

Ақан сері: Айттым ғой, Қалқа бала, сен өзің бір болайын деп тұрған бала екенсің. Дұрыс айтасың. Менің сұрап келе жатқаным шотылар емес, тотылар.

Бала: Қалай дедіңіз, түсінбей қалдым.

Ақан сері: Қыз жақсысын тоты, қыз жаманын шоты дейді. Ал ер жақсысын жігіт, ер жаманын мігіт дейді.

Бала: Дегенмен жаманын демеңізші, Ақан аға, кім жаман болам, кім кем болам дейді.

Ақан сері: Жоқ, жаман дегенге аяғы ақсақ, көзі соқыр кемтарларды, не беті бұжыр, мұрны пұшық кемсіндерді айтып тұрғам жоқ, жаны жадағай, көңілі кір, мінезі тік, ойы тайыз мүгедектерді айтам.

Бала: Ендеше, Ақан аға, жаман қыздар қандай, жақсы қыздар қандай болады.

Ақан сері: Ой-бой, бір сөзбен бітпейтін қияметтің қияметі ғой.

Бала: Білем, аға сіздің қыздарды сипаттап шығарған өлеңіңізді білемін. Әйтсе де, тағы қандайлары болады, тым құрмаса қыз келбетін айтыңызшы.

Ақан сері: Бар әлемге, бар ғаламға атың таныс, жарық ай, сол әлемге бірде келіп, бірде кетіп, көк жүзінде күлім қағып сыланған, көк аспанның ортасына тана көздей, алтын күміс теңгедей, қарағанның көзі тоймас, ойлағанның ойы жетпес сен де бір қыз қызықтырған пендені. Бір сызат жоқ аппақ уыз балбыраған жүзінде, жиі үркерден, шоқ жұлдыздан бұлғақтаған шоқ үкің, құсжолынан жыпырлаған алқа сәнің құс төсіңе қондырған, ерке күліп, еркін жүзіп, көзге түсіп, қолға түспей, іш күйдіріп ойқастайсың алыстан; тыпырлатып төрт аяғын ақ жұлдыздан ақ боз атты ойнақтатып босағаңа қойсаңда да, темірқазық – ертең барар жаңа жұртың суық қарар алыстан; торуылдап сені жалғыз түсіре алмай уысқа, біреу емес жеті жігіт – қарақшылар күнде арманда қалысқан; таң атқанда мақпал шапан етегіңнің бір жалт етіп оқасы, ақ отауға мың бұралып кіргендей, арманда ғып, шерменде етіп тағы ғайып боласың; күншығыстан кірпік қағып, күлімдеп, шыға келген таң шолпаны сенің гауһар сұлу, нұрлы көзіңдей. Екіншісін нұрлы көздің ылғи қысып, жылы жүздіназбенен, әлде жұртты емексітіп, үміт беріп жүрегіңекүйдірердік, өртеп жанды лаулатып, жалыны мол, қызуы көп шоқ тастап, күнде келіп, күнде кетіп жүретұғын аспанында жігіттің, сырың да көп, мінезің де қызық-ай, өн бойыңда, тал бойыңда көп құпия, көп жұмбақ, жерде тұрып, бірге күліп, бірақ іште сыр бүгіп жүретұғын қыздардай.

(Ақан сәл бөгелді де, айға үнсіз тесіле қарап, тағы да жалғады)

Ақан сері: Кейбір кезде шарбы бұлттан перде салып бетіңе, сәулеңді ұрлап, қызықтырып, көз талдырып ұзақ шықпай бұлт астында жүзесің, бірақ жүзің торғын жібек астынан көрінгенде жүрек тербеп, ұзай алмай қасыңнан, қалай ғана алыс кетіп, қалай ғана алыс кетіп, қалай күдер үзесің. Бұлт астынан ақша маңдай бір қылт етіп көрінсе, өзен бойын бойлай өскен жасыл талдың ішінде жасырынбақ ойнап жүрген ерке назды сұлудай, мамық төсін толқынға ұрып, бірде бұрып, бірде бұрмай маңғаз аппақ мойынын, бірге сүңгіп, бірде жүзіп ақ маржанды домалатқан иығынан, жонынан көзге ыстық көрінесің көлдің ерке құсындай; сен болмасаң жолаушының көңілін де түн басып, әлденеге ұрынады-ау байқамай, сен барыңда жетпесе де саған қолы қуат алып, жарығыңнан ұзақ жолда талмай жортып шаршамай жүре берер ұшын іздеп үміттің, нұр себелеп, жебеп көңілін жігіттің аспанында тұра берсең – тілегім сол, қалқам-ай!...

Бала: Ауыл да енді алыс емес. Рақмет, Ақан аға, көңілге көп ой салдыңыз. Күнде көріп, көңіл бөлмеген ай жарығынан, көп жұлдыздан мүлдем жаңа сәуле көргендеймін. Көп нәрсенің мол сырына қанбақ түгілі, ештеме сезбей дүниені бір-ақ қырынан қарап жүреді екеміз. Әттең, қасыңызға еріп, сөзіңізді жиі» тыңдасам, осынау кең дүниенің де, адамдарды да ақын көзімен көріп, ақын жүрегімен ұғынуға үйренер ем. Бірақ...-

Ал енді мен сіздерден озып, елге хабар берейін.

Ақан сері: Сәл бөгелші,-Балақай байқаймын, сен зерделі жастардың бірі сияқтысың. Сырға да берік боларсың. Осы ауылда Бақтыбайдың Ақтоқты деген қызы бар дейді...

Өй, сен соншама неге үріктің. Өзіңнің бір шатағың жоқ па?

Бала:Жо-оға. Бірақ қыз атастырылып қойылған, басы бос емес қой.

Ақан сері: Иә, білем. Сүтемгеннің Жалмұқанына айттырыпты деп естігем. Сүтемгеннің болашақ келіні болған мен, Ақтоқты оның желілеген құлыны, көгендеулі қозысы емес.

Бала: Ол рас қой. Бірақ, Ақан аға, біреудің ауына түскен балықты алып, пәлесіне қалып қайтесіз.

Ақан сері: Ау Жалмұқандікі болғанмен, балық есілдікі емес пе?!

Бала: Есілдің Ақтоқтыдан басқа да ақ сазандары көп қой.

Ақан сері: Әй, бауырым-ай, көбінің дәмін татып жүрміз-ау, су татыған жүзінен, бал татыған бірі артық,-деп ақын айға қарап күрсінді.-Балақай, сөз жарыстырып қайтесің, тоқ етері сол, Ақтоқтыны бір көруге армандамын, оның себебін сұрама. Өзім де білмеймін. Бұл ауылға келіп көруге сылтау таба алмай жүруші ем. Бүгін сәті түскен сияқты. Тек енді сен ағаңа қол ұшын бер. Шілдеханаға әкелуге мұршаң келе ме?

Бала: Тастан ағасы емес пе. Өзі де келетін шығар.

Ақан сері: Әйтсе де.

Бала: Жарайды, қисынын табармын. Бірақ, алдын-ала ырымын жасаңыз. Көрімдігі кейін.

Ақан сері: Апырай, сен тоның суланбай жатып, тонауға кірістің-ау.

Бала: Өзіңіз біліңіз. «Қалмады белде белбеу, баста бөрік, жеңгесін қызды ауылдың сыйлай-сыйлай» депті ғой.

Ақан сері: Егер сен жеңгелікте тұрып, жігіт көңілінен шықсаң, жан пида, шеш биялайыңды.

Бала: Бұл нешінші сақинаңыз, ағасы, кеңдеу екен?

Ақан сері: Әй, өзің қылжақбастаусың ба, қалай. Алтын сақина ұсына беретін Ақтоқтылар көп деп пе ең!

Бала: Ғафу етіңіз, Ақан аға, әшейін сөздің ретімен... Әйтсе де есіңізде болсын, жүйіткіген жүрек болмаса, желіккен жел көңілге жеңгетай бола алмаймын.

Екеуі де сахнадан кетеді.


Ән тыңдалады: Ақан серінің «Торыны таң асырып мінген қандай» әні


Өздеріңіз білетіндей Ақан серінің аңнан қайтып келе жатып кездесіп, сөйлескен қалқа баласы, ер балаша киінген Ақтоқтының өзі болатын. Енді Ақтоқты мен Ақан серінің екінші кездесуінен:

  1   2   3

Похожие:

Қазақ әдебиеті қазақ халқының рухани бай қазынасын әлемге танытып келе жатқан, қазыналы әдебиет. Халықтың мәдениетінің жоғарылығы мен рухтың беріктігі ұлт icon5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 050121 «Басқа ұлт мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиеті»
В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 050121 «Басқа ұлт мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандықтарының 2 курс студенттеріне...
Қазақ әдебиеті қазақ халқының рухани бай қазынасын әлемге танытып келе жатқан, қазыналы әдебиет. Халықтың мәдениетінің жоғарылығы мен рухтың беріктігі ұлт iconҚазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Тусупбекова Сауле Айтбековна Сабақтың тақырыбы: Елорда Сабақтың мақсаты
Астана – күн сайын өсіп келе жатқан әдемі, көрікті жерлері көп қала. Бүгінде Астананың аты әлемге әйгілі. Қазір біз Астана қаласыныңтарихын...
Қазақ әдебиеті қазақ халқының рухани бай қазынасын әлемге танытып келе жатқан, қазыналы әдебиет. Халықтың мәдениетінің жоғарылығы мен рухтың беріктігі ұлт icon«Ақбастау» жалпы орта мектебінің қазақ тіл мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі
Мақсаты: Тәуелсіздік ұғымын түсіндіру арқылы қазақ халқының ғасырлар бойы басынан өткен қиыншылықтарын айта келіп, осы қиын зұлмат...
Қазақ әдебиеті қазақ халқының рухани бай қазынасын әлемге танытып келе жатқан, қазыналы әдебиет. Халықтың мәдениетінің жоғарылығы мен рухтың беріктігі ұлт iconҚазақ халқының қоғамдық өмірінде, даму тарихында ерекше роль атқарған Қазақ
Жоғарыда аталғандай, газет саяси орган болуымен қатар, қазақ мәдениеті, әдебиеті мен өнері, журналистиканың дамуындағы үлкен бір...
Қазақ әдебиеті қазақ халқының рухани бай қазынасын әлемге танытып келе жатқан, қазыналы әдебиет. Халықтың мәдениетінің жоғарылығы мен рухтың беріктігі ұлт icon5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша
«Әдебиет теориясы» пәнінен оқу-әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған (Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ...
Қазақ әдебиеті қазақ халқының рухани бай қазынасын әлемге танытып келе жатқан, қазыналы әдебиет. Халықтың мәдениетінің жоғарылығы мен рухтың беріктігі ұлт iconПәннің атауы: «Қазақ халқының дәстүрлі рухани мәдениеті»
М020400-Мәдениеттану мамандығының күндізгі оқу нысанындағы студенттеріне арналған «Қазақ халқының дәстүрлі рухани мәдениеті» пәні...
Қазақ әдебиеті қазақ халқының рухани бай қазынасын әлемге танытып келе жатқан, қазыналы әдебиет. Халықтың мәдениетінің жоғарылығы мен рухтың беріктігі ұлт iconҚазақ елін мекен ететін басқа ұлт өкілдерінің қазақ халқының мәдениетін, әдебиетін, өнерін, тілін т б. танып-білуге деген сұраныстары мен мемлекеттік қазақ
Оқулық авторы: Қоғамдық –гуманитарлық бағытта О. Абдиманұлы, С. Дюсебаев. Аптасына 1 сағат
Қазақ әдебиеті қазақ халқының рухани бай қазынасын әлемге танытып келе жатқан, қазыналы әдебиет. Халықтың мәдениетінің жоғарылығы мен рухтың беріктігі ұлт iconҚазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» (жеделдетілген), 5В 012100 «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі...
Қазақ әдебиеті қазақ халқының рухани бай қазынасын әлемге танытып келе жатқан, қазыналы әдебиет. Халықтың мәдениетінің жоғарылығы мен рухтың беріктігі ұлт iconПән бағдарламасының титулдық парағы (Syllabus)
...
Қазақ әдебиеті қазақ халқының рухани бай қазынасын әлемге танытып келе жатқан, қазыналы әдебиет. Халықтың мәдениетінің жоғарылығы мен рухтың беріктігі ұлт icon050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті»
«Қазақ тілі мен әдебиеті», «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті», 050205 «Филология: қазақ тілі» мамандықтары...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница