Скачать 444.04 Kb.
|
4 Этанның өзгеру дәрежесі 37% болғандағы, этанолдың 1,5 тоннасын өндіруге қажетті, этанның және су буының шығын коэффициенттерін анықтау қажет. Этиленнің шығуы теориялық мүмкіннен 71%. Этанолдың шығуы теориялық мүмкіннен 59%. Дайын өнімде 76% этанол бар.5 Әк тастың құрамында 10% қоспалар бар болғандағы, келесі құрамды (%масс.): Nа2СО3 – 93%; NаНСО3 - 6%; басқа қоспалар – 1% сода қолданғандағы кәдімгі шынының 5 тоннасын өндірудің материалды балансын құрастыру қажет. Сода мен әк тастың өзгеру дәрежесі 81% және 85%. Есептеуде кварцты құм қоспасыз деп аламыз. Кәдімгі құм өндірісінде шикізат ретінде кварцты құм, сода және әк тас қолданылады. 6 Пештің негізгі астының ауданы 16,7 м2 болғандағы, пештің интенсивтігін, немесе пештің астының 1 м2-де жағылатын колчедан мөлшерін (45 %-ге есептегенде) анықтау қажет. КС-200 пешінде, құрамында 41% күкірт бар, колчеданның сағатына 10 тоннасы жанып кетеді. Нұсқа 18 1 Өнеркәсіптік катализдің маңызы мен қолдану аймағының сипаттамасы. Катализ түрлері мен мәні. 2 Метанды буауалық конверсиялау әдісімен азотсутектік қоспаны алудың технологиясының сипаттамасы 3 Кеннің шығыны 15 тонна, кеннің өзгеру дәрежесі 81% болғандағы, темір кенінен (Fe3O4) алуға болатын, құрамында 95% темір бар шойынның мөлшерін анықтау қажет. 4 Кальций карбонатынан алуға болатын, құрамында 91% СаО бар, күйдірілген ізбестің массасын анықтау қажет. Карбонат шығыны 8 т. Кальций карбонатының өзгеру дәрежесі 91%. 5 100 тонна азот қышқылын өедірудің материалды балансын құрастыру қажет. Аммиак-ауалы қоспадағы аммиактың мөлшері 3%об. Аммиактың тотығу дәрежесі 89%. 6 Диаметрі 5,2 м, биіктігі 9 м, ал интенсивтігі 1100 кг/(м3*тәулігіне) болатын, колчеданды шаңтәрізді күйдірудегі пештің өнімділігін есептеу қажет. Нұсқа 19 1 Көмірсутекті газдарды конверсиялаумен сутекті өндіру әдістерінің сипаттамасы. Бұл әдістердің салыстырмалы сипаттамалары. 2 Азотсутекті қоспаны көміртек диоксиді мен күкіртсутектен тазарту әдістерінің сипаттамасы. 3 Күкірт қышқылы өндірісіндегі S және SO2 жоғалулары 3%, ал абсорбциялану дәрежесі 98% болғандағы, күкірт қышқылының 1 тоннасында 40% S бар, колчедан шығынын есептеу қажет. 4 16 тонна пириттен 76% Н2SО4-тің қанша тоннасын алуға болады. Пириттің өзгеру дәрежесі 80%. 5 10т ТiО2 өндірісінің материалды балансын құрастыру қажет. Ильменитті кеннің құрамы (%масс.): FеТiО3 – 70%; Fe2О3 - 29%; басқа қоспалар – 1%. FеТiО3-нің өзгеру дәрежесі 81%. Өндірісте 76%-ті күкірт қышқылы қолданылады. 6 Күкіртті жағатын пештерге беруге қажетті ауаның теориялық мөлшерін есептеу қажет. Күкірт қышқылы өндірісінің шикізаты ретінде келесі құрамды 1-ші сортты күкірт: S – 98,2%; As – 0,01%; H2O – 1,5%; күл – 0,29 % қолданылады. Күйдіретін газда 18% (об.) SO2 бар. Нұсқа 20 1 Сутекті (азотсутекті қоспаны) коксты газды бөлумен өндіруді сипаттау. 2 Нитрозалы газдарды сұйылтылған азот қышқылына дейін өңдеу процесінің сипаттамасы. 3 15 тонна ацетальдегид өндірудегі,СаС2-нің өзгеру дәрежесі 85%, ацетиленнің шығуы теориялық мүмкіннен 81%, ал ацетальдегидтің шығуы теориялық мүмкіннен 79% болғандағы, судың және келесі құрамды техникалық кальций карбидінің: СаС2 – 82%, СаО – 11%, С – 7% шығын коэффициенттерін есептеу қажет. 4 Хлорсутектің өзгеру дәрежесі 79%, ал дайын өнімнің шығуы теориялық мүмкіннен 70% болғандағы, NaCl-ды алуға қажетті, құрамында 85% НСl бар газдың шығын коэффициентін есептеу қажет. 5 Өндірісте құрамында 93% (масс.) – NaCl бар ас тұзы және құрамында 9% (масс.) қоспалар бар купорос майы қолданылатын 10т Na2SO4-тің тұзды-сульфатты өндірісінің материалды балансын құрастыру қажет. Тұз және купорос майының ыдырау дәрежесі 87% және 79%. 6 Пешке келетін ауаның түгел оттегі күйдіруге жұмсалды деп алып, колчеданды күйдірген кезде алынған, күйдіретін газдағы күкірт қостотығының максималды мөлшерін есептеу қажет. Ауа 25%-тік артықшылықпен беріледі. Нұсқа 21 1 Қаратау фосфориттерінің күкіртқышқылды ыдырау ерекшеліктерін түсіндіру. Олардан экстракциялы фосфор қышқылын өндірудің технологиялық сипаттамасын келтіру. 2 Күкірт қышқылы өндірісінің күкіртқұрамды шикізаттарының түрлерінің сипаттамасы. Күкіртті кендерден алу, күкіртті тазарту. Күкіртті кендерді кешенді өңдеу қондырғысының схемасын келтіру. 3 Оксидтің өзгеру дәрежесі 76%, ал дайын өнімнің шығуы теориялық мүмкіннен 65% болғандағы, 30 т фосфор қышқылын алғандағы фосфор оксиді(V) мен судың шығынын анықтау қажет. 4 Кеннің шығыны 15 тонна, ал кеннің өзгеру дәрежесі 90% болғандағы, темір кенінен (FeO2) алуға болатын, құрамында 91% темір бар, шойынның мөлшерін анықтау қажет. 5 Келесі құрамды (%масс.): СО – 52%; Н2 – 15%; N2 – 33% генератор газының 150 тоннасын алудың материалды балансын құрастыру қажет. Қоңыр көмір құрамында 92% көміртегі бар. Ауаның құрамы (%об.): О2 – 21%; N2 – 79% деп аламыз. 6 Құрамында 70% H2S және % (об.) Н2О бар күкіртсутекті газды жаққанда алынатын газ құрамын анықтау қажет. Жанғышқа берілетін ауаның мөлшері газдың онеселік көлеміне тең. Ауада 4% (об.) Н2О бар. Әдебиеттер1 Беляева И.И. Сборник задач по химической технологии /И.И. Беляева, В.А.Трофимов и др. – М. : Просвещение, 1982. – 371 с. 2 Бояринов А.И. Методы оптимизации в химической технологии / А.И.Бояринов, В.В.Кафаров. – М. : Химия, 1975. – 134 с. 3 Вэйлас С. Химическая кинетика и расчеты промышленных реакторов / С.Вэйлас. – М. : Химия, 1967. – 426 с. 4 Гордеев Л.С., Кафаров В.В., Бояринов А.И.Оптимизация процессов химической технологии / Л.С. Гордеев, В.В. Кафаров, А.И. Бояринов. – М. : МХТИ им.Д.И.Менделеева, 1972. – 395 с. 5 Кутепов А.М. Общая химическая технология /А.М.Кутепов, Т.И.Бондарева, М.Г.Беренгартен – М. : Высшая школа, 1990. – 264 с. 6 Общая химическая технология: учебное пособие /А.Г.Амелин – М. : Химия, 1977. – 288 с. 7 Основы химической технологии / под ред. И.П. Мухленова – М. : Высшая школа, 1991. – 552 с. 8 Практикум по общей химической технологии / под ред. И.П. Мухленова. – М. : Высшая школа, 1979. – 378 с. 9 Расчеты химико-технологических процессов / под ред. И.П. Мухленова. – Ленинград : Химия, 1982. – 426 с. 10 Смирнов Н.Н. Химические реакторы в примерах и задачах /Н.Н. Смирнов, А.И.Волжанский. – Ленинград : Химия, 1986. – 368 с. 11 Соколов Р.С. Химическая технология: учебное пособие / Р.С. Соколов – М. : Гуманит. Изд. Центр ВЛАДОС, 2003. – 704 с. 12 Физико-химические закономерности химических процессов / под ред. В.С. Бескова, Е.В. Сучкова и др. – М. : 1999. – 400 с. 13 Химико-технологические системы / под ред. И.П. Мухленова. – Ленинград : Химия, 1985. – 260 с. Мазмұны Кіріспе....................................................................................................3 1 Жалпы әдістемелік нұсқаулар.............................................................5 1.1 Мазмұны мен дайындауға қойылатын талаптар...............................6 2 «Жалпы химиялық технология» курсының бағдарламасы..............6 2.1 Химиялық өндіріс.................................................................................72.2 Химиялық өндіріс химия-технологиялық жүйе (ХТЖ) ретінде......7 2.3 Химиялық процестер............................................................................8 2.4 Химиялық реакторлар..........................................................................9 2.5 Өнеркәсіптік химиялық өндірістер...................................................10 3 Бақылау тапсырмалары......................................................................123.1 Тапсыманы орындау үшін нұсқаны таңдау әдістемесі...................12 3.2 Мысалдар мен тапсырмаларды орындаудың әдістемелік ұсыныстары.....................................................................12 3.3 Бақылау тапсырмаларының нұсқалары............................................21 Әдебиет................................................................................................35 |