Диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады




Скачать 394.61 Kb.
НазваниеДиссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады
страница1/4
Дата конвертации15.02.2016
Размер394.61 Kb.
ТипДиссертация
источникhttp://www.korkyt.kz/Docs/seitzhagipbarova.doc
  1   2   3   4
ӘОЖ 316.422:330.34:338.49


Қолжазба құқығында


Сейітжағыпарова Шынар жәнібекқызы


Экономиканың тұрақты даму кезеңінде ұлттық инновациялық инфрақұрылымды дамыту жолдары (Қазақстан Республикасының мәліметтері негізінде)


6М050600 – «Экономика» мамандығы бойынша экономика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін

алу үшін дайындалған диссертацияның


РЕФЕРАТЫ


Қызылорда, 2013

Жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің

«Экономика және менеджмент» кафедрасында орындалды.


Ғылыми жетекші: экономика ғылымдарының кандидаты

аға оқытушы А.Б. Сайлыбаева


Ресми оппонент: экономика ғылымдарының докторы,

Е.Әмірбекұлы


Диссертацияны қорғау « 17 » маусым 2013ж. Сағат 900 Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде (мекен жайы: 120014, Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі 29А бас оқу ғимараты, Тарих, құқық және экономика институты) өтеді.


Диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады.


КІРІСПЕ




Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Индустриалды–инновациялық даму үшін жағдайлар жасау ұлттық инновациялық жүйені дамыту, инвестицияны қамтамасыз ету, индустриалды дамыту және техникалық реттеу және метрология жүйесін дамыту секілді мақсаттарға жетумен шарттасқан.

Қазіргі кезде әлемдік экономиканың көшбасшыларына айналып, жоғары технологиялар саласы мен инновациялық жүйені дамытудың озық үлгісін көрсете білген бірқатар елдер бар. Бұл елдер шикізатты алу мен оны алғашқы өңдеу үрдісін қамититын индустриалдануға дейінгі, сондай-ақ шикізатты толық өңдей отырып, одан дайын өнім жасауға дейінгі үрдістерді қамтитын индустриалды кезеңдердің барлығынан өтіп, енді жоғары технологиялар мен инновацияларға негізделген постиндустриалды экономиканы жасақтаумен, оның басым бағыттарын жетілдірумен айналысуда. Басқаша айтқанда, олар қосылған құн тізбегін толық қалыптастырып, ғылыми сыйымды, әрі инновациялық сипаты бар өнімдер мен қызметтерді нарыққа ұсынып келеді.

Әлемдік экономиканың алдыңғы қатарлы озық тәжірибелерін игеруге және оны ұтымды пайдалана білуге талпынған мемлекеттер үшін бүгінгі уақыттағы басты мәселе индустриалды-инновациялық экономиканы қалыптастыру болып отыр. Индустриалды-инновациялық экономиканың басты ерекшелігі – ғылыми сыйымды, технологиялық өңделу деңгейі жоғары өнімдерді шығаруға икемді өндірістік және инновациялық инфрақұрылымның болуы.

Осы тұрғыдан алғанда Қазақстан Республикасында аталған бағыттарда көптеген жұмыстар атқарылып келеді. Атап көрсетер болсақ, 2003 жылы елдің инновациялық-индустриялық дамуын қалыптастыру және экономиканың нақты, түпкі өнім өндіру секторын өркендету әрі әртараптандыру мақсатында «Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы», 2005 жылы «Қазақстан Республикасының Ұлттық инновациялық жүйесінің қалыптасуы мен дамуының 2005-2015 жылдарға арналған бағдарламасы», ел экономикасының инновациялық белсенділігін көтеру мақсатында 2006 жылы ҚР «Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Заңы қабылданды. Осылардың негізінде 2003 жылдан бастап отандық инновациялық әзірлемелерді қолдау мен оны өндіріске ендіруге, сонымен бірге Қазақстан Республикасын болашағы зор шетелдік технологияларды трансферттеу алаңы ретінде дамытуға бағытталған инфрақұрылым жүйесін құру үрдісі басталып кетті.

Индустриялық-инновациялық дамуды қалыптастыру аясында мемлекет тарапынан жүргізіліп жатқан саясаттың алғашқы нәтижелері де көрініс бере бастады. Мәселен, еліміздің индустриялық-инновациялық стратегиясының алғашқы кезеңі аяқталып (2003-2007 ж.ж.), нәтижесінде даму институттары және инновациялық инфрақұрылым элементтері, яғни, инновациялық қызметті жүзеге асыруға қажетті алғышарттар қалыптасты.

Дегенмен, елімізде қазіргі қалыптасқан инновациялық инфрақұрылым оның субъектілерінің өзара байланысқан түрде үйлесімді жұмыс жасауына және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізушілерге кешенді қызмет көрсететін ұйым ретінде қалыптасуына жеткілікті деңгейде ықпал ете алмай отыр. Оның негізгі себептері ретінде мыналарды көрсетуге болады: инновациялық инфрақұрылым элементтерінің жұмысындағы тәжірибенің аздығы; инновациялық әлеуеті бар аймақтардың географиялық алшақтығы мен еліміздегі өңірлер мен өнеркәсіп салаларының біркелкі дамымауы; жеке сипаттағы инновациялық белсенділіктің тым төмендігі және өнім өндіру салаларына қарағанда қызмет көрсету салаларында табыстылықтың жоғары болуы; жеке кәсіпкерлердің ғылыми-техникалық зерттеулермен байланысты жұмыстарды жүргізуден қашқақтауы; инновацияға бейімді салалар туралы ақпараттың аздығы; отандық инновациялық нарықтың қалыптаспауы және де ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға бөлінетін қаражаттың мардымсыздығы. Ресми деректер бойынша ҚР-да 2008 жылы ЖІӨ-нің 0,22% ғана ғылыми-техникалық зерттеулер саласына жұмсалынып, жан басына шаққанда бар-жоғы 14 АҚШ долларын құраған, сәйкесінше АҚШ-та бұл көрсеткіш 858, Жапонияда – 747, Германияда – 536, Францияда – 480, Ресейде 64 АҚШ долларына тең.

Міне мұның барлығы да отандық инновациялық инфрақұрылымды дамытудың тиімді тетіктерін қалыптастыруды қажет етеді. Өйткені, тек дамыған инновациялық инфрақұрылымы қалыптасқан ел ғана инновациялық ортаның толыққанды қатысушысы бола алады. Бұған қоса, Инновациялық әлеуеті дамыған елдер болашақтың бағдарын елдегі табиғи ресурстарға қарап емес, адам капиталының, оның интеллектуалдық қуатының шамасына, инновациялық өнім, қызмет, сапалы жұмыс жасай алатын өнеркәсіптік, өндірістік инфрақұрылымның мүмкіндіктеріне, ғылыми-зерттеу, ғылыми-ізденушілік орталықтарының шамасына қарап айқындайды.

Бәсекелік ортада ұлттық экономиканың қуатты болуын қамтамасыз ету еліміздің негізгі ұстанымдарының біріне жатады. Ашық нарықтың басты талабының бірі әрбір тұтынушының нақты қажеттілігін қанағаттандыру деп білсек, онда осы талапқа сай экономика құрылымын жасақтау басты міндет болып қала бермек. Нарықтың үдемелі және өзгермелі сұранысын тез қанағаттандыру инновациялық әдістерді пайдаланумен ғана жүзеге асатыны белгілі. Сондықтан да, ұлттық экономиканың жедел және тұрақты дамуы еліміздегі инновациялық орта мен инновациялық инфрақұрылымның нәтижелі жұмыс істеуіне тікелей тәуелді деуге толық негіз бар. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2010 жылдың 29 қаңтарында Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Біз экономиканың тұрақты өсіміне жедел индустриаландыру және инфрақұрылымды жетілдіру арқылы қол жеткізуіміз қажет. Сондай-ақ, «болашақтың экономикасы» нәтижелі де тиімді қызмет ететін ұлттық инновациялық жүйеге негізделуі тиіс. Индустриалық-инновациялық даму – еліміздің жаңа онжылдықтағы өркендеуінің өзегі бола бермек» деген ой айтса [1], «Нұр Отан» ХДП XII съезінде сөйлеген сөзінде Президент ел экономикасының дағдарыстан өтуінің базалық қағидаларын атап көрсетті: «Барлық мемлекеттер өткен ғасырдың басында индустриялануды бастан өткерді, ал КСРО-да бұл 30-жылдары болып өтті. Бірақ мұндай индустрияландыру біз үшін жарамсыз, біз әлемдік экономика дамуының қазіргі құрылымымен сәйкес келетін инновациялық индустрияландыру туралы айтып отырмыз» [2]. Осыған орай, 2010 жылы Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы әзірленді.

Инновациялық инфрақұрылымды дамыту бағытында инновациялық әлеуеті мен өзіндік даму үлгісі қалыптасқан елдердің қолдануға тиімді тәжірибелері мен озық үлгілерін, олардың ғылыми сыйымды әрі жоғары технологиялы инновациялық өнімдерді шығарудағы жетістіктерін пайымдай отырып, еліміздің ұлттық инновациялық инфрақұрылымын дамытудың экономикалық механизміндегі негізгі тетіктер ретінде жағымды экономикалық ортаны қалыптастыру, инфрақұрылым шеңберіндегі элементтердің белсенділігін арттыру, оларды мемлекеттің қоғамдық, өндірістік, әлеуметтік, ғылыми және басқа да істеріне тығыз араластыру, бір-бірімен өзара үйлесімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ ғылыми-техникалық әлеуеттің мүмкіндіктерін пайдалану және оларды елдің барлық салаларында сынауға және қолданысқа енгізуге мүмкіндік жасау қажеттілігі туындайды.

Бұл тұрғыда, ұлттық инновациялық инфрақұрылымды дамыту бойынша сараптаулар мен талдауларды, әдіснамалық тәсілдері, озық тәжірибелерді, аталған тетіктерді қолдануға қатысты ұсыныстар мен тұжырымдарды ғылыми негіздеудің маңызы да жетіле түспек. Бұл ерекшеліктер зерттеу тақырыбының өзектілігін айқындайды және оның ғылыми-тәжірибелік құндылығын арттырады.

Тақырыптың зерттелу дәрежесі. Экономикадағы инновациялық жүйе мен инновациялық қызметтің ерекшеліктері бойынша ғылыми көзқарастарды теориялық және әдіснамалық тұрғыда көптеген ғалымдар өз еңбектерінде қарастырып өткен. Олардың қатарына батыстық Б.Санто, Ш.Тануцо, М.Портер, К.Фримен, П.Друкер, Б.Твисс, Й.Шумпетер, сынды ғалымдарды жатқызуға болады.

ТМД елдерінде инновациялық инфрақұрылымды дамытумен, оның тиімділігін арттырумен байланысты мәселелерді әртүрлі деңгейде талқылап, оның экономикалық маңызын зерттеген ғалымдар да көптеп кездеседі. Мемлекеттің инновациялық қызметті қолдау саясатынан бастап, инновациялық жүйе мен оның маңызды құраушысы – инновациялық инфрақұрылымды дамыту тетіктеріне дейінгі пікірлер бір топ ғалымдар И.Т.Балабанов, Ф.Ф.Безрудный, Л.П.Веревкин, Ю.П.Доценко, П.Н.Завлин, С.Д.Ильенкова, В.В.Иванов, Н.Иванова, Н.Ю.Криворучко, В.Г.Медынский, Н.Н.Молчанов, О.Л.Соловьева, Э.А.Уткин, В.Е.Шукшунов пен басқалардың еңбектерінде кездеседі.

Қазақстандағы инновациялық өзгерістер, ұлттық экономиканың инновациялық бағыттылығын қалыптастыру, еліміздің индустриялық-инновациялық саясатын барынша ұтымды жүзеге асыру, инновациялық орта мен оның белсенділігін арттыру мәселелерін елімізге белгілі ғалым-экономистер С.А.Алпысбаев, Р.А.Алшанов, Ф.Г.Альжанова, Б.Ахметжанов, Ә.Ә.Әбішев, Ш.Р.Әбділманова, О.Б.Баймұратов, Н.А.Барлыбаева, Ф.М.Днишев, А.Н.Дәуренбекова, Г.Н.Доғалова, А.Қ.Қошанов, Г.К.Қуатбаева, С.В.Могильный, Қ.О.Оқаев, С.Ы.Өмірзақов, К.Ә.Сағадиев, О.Сәбден, А.М.Сейтқазиева, А.Н.Cаханова, З.А.Сальжанова, А.Б.Темирбекова, А.Н.Толыбаев, Ә.Д.Шелекбай, Е.Әмірбекұлы және басқалар өз зерттеулерінде қарастырып, олардың қолданыс табуына қомақты үлестерін қосты.

Инновациялық инфрақұрылымды зерттеу аясының кеңдігі әлі де болса көптеген мәселелер бойынша, әсіресе, оның элементтерінің арасындағы өзара байланысты нығайтуға, олардың дамуына жағымды экономикалық ортаны қалыптастыруға, инфрақұрылымның мамандандырылған әрбір субъектісінің инновациялық белсенділігін арттыруға қатысты мәселелерді терең зерттеуді, осы саланың дамуына тікелей қатысы бар еліміздегі ғылыми-техникалық әлеуеттің қазіргі жағдайы мен оны дамыту мүмкіндіктерін сараптауды, ұлттық инновациялық жүйенің басқа да құраушыларының тиімділігін арттыру бағыттарын жан-жақты зерттеуді талап етеді. Сонымен қатар, нарықтық ортаның бүгінгі ерекшеліктері бәсекеге қабілетті экономиканың инновациялар мен интеллектуалдық ақыл-ой жетістіктеріне негізделетінін зерделей отырып, ұлттық экономиканың ғылыми сыйымды және жоғары технологиялы өнімдер шығаруына ықпал ететін отандық инновациялық инфрақұрылымды дамытудың экономикалық тетіктерін айқындауды да міндеттейді. Сондықтан да, аталған мәселені теориялық және әдіснамалық тұрғыда зерделеу қажеттілігі диссертациялық зерттеудің мақсаты мен міндеттерін анықтауға түрткі болды.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Диссертациялық жұмыстың мақсаты - инновациялық инфрақұрылым элементтерінің қызметі мен инновациялық белсенділіктерін теориялық, әдіснамалық және тәжірибелік тұрғыда жан-жақты сараптай отырып, оларды дамытудың экономикалық тетігі мен негізгі тетіктерін айқындау және жүзеге асыру аясы бойынша ғылыми негізделген ұсыныстар жасау.

Белгіленген мақсатқа жету үшін диссертациялық жұмыста келесі міндеттерді шешу көзделді:

- инновациялық инфрақұрылымның мазмұны және негізгі элементтерінің қызмет ету ерекшеліктерін зерттеу;

- инновациялық инфрақұрылымды дамытудың теориялық негіздемелерін әзірлеу;

- инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыру мен дамытудың теориялық негіздерін ескере отырып, назарға аларлық озық тәжірибелерді іріктеу;

- ұлттық инновациялық инфрақұрылым элементтерінің қызмет ету ерекшеліктеріне сай оларды дамытуды әдіснамалық зерделеу;

- инновациялық инфрақұрылым мен инновациялық ортада қызмет етуші субъектілердің белсенділігін бағалау әдістемесін әзірлеу;

- инновациялық инфрақұрылымның мамандандырылған субъектілері мен осы инфрақұрылым шеңберіндегі элементтердің экономикалық жағдайын және инновациялық белсенділіктерін бағалау;

- еліміздегі ғылыми-техникалық әлеуеттің қазіргі жағдайын талдау және оны дамыту мүмкіндіктерін бағамдау;

- Қазақстан өңірлерінің инновациялық әлеуеті мен инфрақұрылымды жетілдірудегі ықпалын сараптау;

- ұлттық инновациялық инфрақұрылымды дамытудың экономикалық механизмін жүзеге асыру тетіктерін анықтау және оларды қолдану аясы бойынша ғылыми негізделген ұсыныстар беру.

Зерттеу объектісіне Қазақстан Республикасының инновациялық инфрақұрылымы жатады.

Зерттеу пәніне экономиканың тұрақты даму кезеңінде ұлттық инновациялық инфрақұрылымды дамыту жолдарымен байланысты экономикалық қатынастар жиынтығы кіреді.

Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздеріне отандық және шетелдік ғалым-экономистердің инновациялық қызмет, инновациялық жүйе мен инновациялық инфрақұрылым аясындағы ақыл-ой еңбектері мен зерттеу нәтижелері алынды. ҚР Президентінің жарлықтары, ҚР Үкіметінің қаулылары, ҚР ұлттық экономиканы реттеу мен өркендетуге бағытталған заңдық және нормативтік-құқықтық құжаттары зерттелді және қолданылды. Зерттеудің мәліметтік базасы ретінде Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің мәліметтері, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ компаниялар тобының жасаған қызметтері туралы жылдық есептері, инновациялық инфрақұрылым элементтерінің атқарған қызметтері туралы деректері, халықаралық және республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның мәліметтері пайдаланылды.

Зерттеу әдістері ретінде диссертациялық жұмыста жалпы ғылыми зерттеу әдістерінің экономика-статистикалық және салыстыру, логикалық ойлау, кешенді сипаттау, сараптамалық бағалау, топтау және басқа да түрлері қолданылды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен нәтижелері. Зерттеу жұмысының жаңалығы ұлттық инновациялық инфрақұрылымды дамытуға ықпал ететін тетіктердің жиынтығынан тұратын экономикалық механизмді қолданысқа енгізу бойынша ғылыми негізделген ұсыныстар беру болып саналады. Сондай-ақ, ғылыми зерттеуді жүргізу барысында төмендегідей елеулі нәтижелерге қол жеткізілді:

- Қазақстан Республикасының инновациялық әлеуетіне баға беріліп, инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыру тәжірибесі сарапталды;

- ұлттық инновациялық инфрақұрылымның дамуына кедергі болып отырған мәселелер анықталды және оларды шешу жолдары ұсынылды;

- инновациялық инфрақұрылымның дамуына оның мамандандырылған субъектілері ғана емес, экономиканың барлық салаларында қызмет ететін шаруашылық субъектілерінің, сондай-ақ олардың қызметін реттейтін, үйлестіретін және ынталандыратын мемлекеттік ұйымдардың және жеке ынталы топтардың да тікелей қатысы бар екені ғылыми тұрғыдан негізделді;

- инновациялық инфрақұрылым мен инновациялық ортада қызмет етуші субъектілердің экономикалық белсенділігін бағалаудың жүйелі және кешенді әдістемесі ұсынылды;

- ұлттық инновациялық жүйе құраушыларының инновациялық инфрақұрылыммен өзара байланысы және оны дамытуда алатын орны анықталды;

- отандық инновациялық инфрақұрылымды дамытудың экономикалық механизмі мен оның негізгі тетіктері айқындалды және оларды нақты жүзеге асыру бойынша ұсыныстар берілді.

Зерттеу жұмысының қорғауға ұсынылатын тұжырымдары:

- инновациялық инфрақұрылымның экономикалық маңызы мен «инновациялық инфрақұрылым» түсінігіне қатысты авторлық ұстаным;

- инновациялық дамудың әлемдік және қазақстандық үлгілерінің салыстырмалы сипаты анықталып, олардың арасындағы ұйқастық белгілері көрсетілді;

- ұлттық инновациялық инфрақұрылым шеңберін құраушы әрбір элементтің осы жүйедегі орны мен маңызының ашылуы және өзара үйлесімділігін қамтамасыз ету бағыттарының ғылыми негізделуі;

- ғылыми-техникалық әлеуеттің инновациялық инфрақұрылымды дамытудағы маңызының анықталуы;

- инновациялық инфрақұрылымды дамытуға ықпал ететін экономикалық механизмнің ұсынылуы.

Зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы ұлттық инновациялық инфрақұрылымды дамытуға ықпал ететін экономикалық механизм мен оның тетіктерін ұсынумен және олардың тиімділігін ғылыми негіздеумен анықталады. Автордың зерттеу барысында қол жеткізген ғылыми нәтижелері еліміздің ұлттық инновациялық жүйесі мен оның құраушыларын, соның ішінде инновациялық инфрақұрылымды дамыту бағдарламаларын жетілдіруге, инновациялық инфрақұрылымның мамандандырылған субъектілерімен қатар, оны қалыптастырушы басқа да элементтердің инновациялық белсенділіктерін арттыру стратегияларын дайындауға негіз бола алады. Сондай-ақ, зерттеу нәтижелерін оқу үрдісінде де пайдалануға болады.

Зерттеу нәтижелерінің қолдау табуы. Зерттеудің негізгі нәтижелері мен тұжырымдары келесі халықаралық және республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияларда баяндалды және талқыланды:

Зерттеу нәтижелерінің жарияланымы. Зерттеу тақырыбы бойынша жалпы көлемі 1,0 баспа беттен тұратын 4 еңбек жарық көрді.

Диссертациялық жұмыстың құрылымы және көлемі. Зерттеу жұмысы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

  1   2   3   4

Похожие:

Диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады iconДиссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады
Жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Қазақ тілі кафедрасында орындалды
Диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады iconДиссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады

Диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады iconДиссертациямен Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады
Диссертациялық жұмыс Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің филология факультеті, «Қазақ тілі мен әдебиеті және...
Диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады iconДиссертациямен Қорқыт ата атындағы мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады
Диссертациялық жұмыс Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің филология факультеті, «Қазақ тілі мен әдебиеті және...
Диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады iconДиссертациямен ҚорқытАта атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады
Жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің, Гуманитарлық-педагогикалық институтының «Педагогика және психология»...
Диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады iconДиссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады
Дүниетану сабақтарында дидактикалық ойындарды пайдаланудың педагогикалық-психологиялық негіздері
Диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады iconДиссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады
Ауылшаруашылық ғылымдарының магистры академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған дисссертацияның
Диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады iconДиссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады
Орта ғасырлардағы сырдарияның ТӨменгі ағысындағЫ Қалалардың ҚОРҒаныс жүйесі: тарихи талдау (V-ХІV ғғ.)
Диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады iconДиссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады
Мектеп математика курсындағы математикалық анализ элементтерін қолданбалылық ЖӘне кәсіптік бағдар бағытында оқыту
Диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады iconДиссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады
Арал аймағында адам организміне экологиялық қолайсыз факторлардың әсері және оларды түзету жолдары
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница