Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты




Скачать 410.07 Kb.
НазваниеӘлеуметтік-экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты
страница1/2
Дата конвертации15.02.2016
Размер410.07 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2012/10/2012-zhylgy-27-kantardagy-zholdaudy-oryndau-tu
  1   2


Мемлекет басшысының 2012 жылғы 27 қаңтардағы

«Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат


Мемлекет басшысының 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпұлттық іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Жалпыұлттық жоспар) Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 30 қаңтардағы №261 Жарлығымен бекітілген.

Жалпыұлттық жоспардың 30-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігіне (бұдан әрі – Агенттік) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен бірлесіп, халықтың дене шынықтырумен және спортпен жаппай айналысуы үшін спорттық инфрақұрылымының қолжетімділігін қамтамасыз ету тұрғысынан барлық спорттық объектілерге тексеру жүргізу және қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасында дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған салалық бағдарламасына өзгерістер енгізу туралы тапсырма берілген.

Халықты жүйелі түрде дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға, саламатты өмірді насихаттауға тарту үшін қолданыстағы спорт объектілерін барынша пайдалану, оларға барлық бұқара топтарының қолжетімділігін қамтамасыз ету жолымен түбегейлі шараларды қабылдау қажет.

Агенттік тапсырманы орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігімен келісе отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі – Жол картасы) бекітті. Жол картасының іс-шаралары ел халқының дене шынықтыру-сауықтыру және спорт қызметтерiне қажеттiлігiн мониторингілеуге; дене шынықтыру және бұқаралық спортты дамыту үшін жағдайлар жасауды қамтамасыз ететін іс-шараларды ұйымдастыруға; халықпен, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдармен дене шынықтыру-сауықтыру және спорт жұмыстарын ұйымдастыруға; бiлiм беру мекемелерiмен дене шынықтыру және сауықтыру жұмысы мәселелері бойынша өзара әрекеттесуге бағытталған.

2012 жылдың ақпан-мамыр айлары арасында Жол картасы шеңберінде мынадай жұмыс атқарылды:

- спорттық инфрақұрылымға тексеру жүргізу жөніндегі комиссия құрылды, оның құрамындағы мүшелер спорттық инфрақұрылымды және спорттық ғимараттарын тексеру (түгендеу) мақсатында бекітілген кестеге сәйкес өңірлерге барды;

- сонымен қатар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарында қолданыстағы спорттық объектілерге тексеру (түгендеу) жүргізу және оларға келетін адамдардың көптігі, халыққа көрсетілетін спорттық қызметтің қолжетімділігі, құны мен сапасы тұрғысынан мониторингілеу комиссиялары құрылды;

- дене шынықтыру және спортты дамыту мәселелері бойынша ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды, оның отырыстарында дене шынықтыру және спорт объектілерін кешкі уақыттарда тиімді пайдалануға, сабақтан тыс уақытта спорт секцияларының қызметін ұйымдастырғаны үшін қосымша ақы төлеу, сонымен қатар оқушы жастар, студенттер арасында бұқаралық спорт түрлерін және дене шынықтыруды дамыту мақсатында үкіметтік емес ұйымдармен жұмысты жандандыруға қатысты проблемалық мәселелер көтерілді;

- Қазақстан Республикасында дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған салалық бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы қаулы жобасы дайындалып, Үкіметтің қарауына енгізілді.

Спорт объектілеріне жүргізілген тексеру (түгендеу) қорытындыларын талдау барысында спорт инфрақұрылымының және жалпы ел бойынша спортпен шұғылданатындар санының өсу динамикасы байқалуда, оны мына мәліметтерден көруге болады:

2009 жылы – ғимарат саны 30 мың 330 (483 бірлікке өскен), шұғылданушылар саны – 16% болса;

2010 жылы – 31 мың 266 ғимарат (936 бірлікке өскен) жұмыс істеп, шұғылданушылар саны – 17,7%-ға жеткен;

2011 жылы – 32 мың 614 ғимарат (1348 бірлікке өскен) қолданылып, шұғылданушылар саны – 20%-ды көрсетіп отыр.

Тек 2011 жылдың өзінде 1 Спорт сарайы, 20 дене шынықтыру-сауықтыру кешені, 199 спорт залы, 100 хоккей корты, 40 теннис корты, 12 жүзу бассейні, 10 шаңғы базасы, 2 оқу-жаттығу орталығы, сондай-ақ 1000-нан астам жазықтықты спорт құрылысы пайдаолануға берілген. Пайдалануға берілген спорт объектілерінің басым көпшілігі ауылдық жерлерде орналасқан, объектілердің бір бөлігі жеке инвесторлардың қаражатына салынған.

Еліміздегі барлығы 32 614 спорт ғимаратының 21268 бірлігі ауылдық өңірлерге тиесілі, 26 207 объекті спорт мектептерін қоса алғанда білім беру мекемелеріне жатады, тек 6 407 объекті ғана дене шынықтыру-спорттық сипаттағы объектілерге жатады.

Елімізде дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде 3,3 млн адам шұғылданады, бұл жалпы тұрғындар санының 20%-ын құрайды, еліміздің спорт мектептерінде 6-18 жас аралығындағы 261 852 мың бала мен жасөспірім шынығады (10,6%).

Талдау нәтижесі көрсетіп отырғандай, дене шынықтыру және спортпен айналысатындар санының басым бөлігі Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстарында анықталды, ал спортпен шұғылданушылардың ең аз бөлігі – Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары мен Астана қаласында болып отыр.

Алайда, бұл динамика спорт объектілері құрылысының өсуімен байланысты емес екендігін атап өткен жөн, себебі бұл тұрғыдан алғашқы бестікке Алматы, Қызылорда, Атырау, Қарағанды және Оңтүстік Қазақстан облыстары еніп отыр. Спортқұрылыстары Палодар, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Астана және Алматы қалаларында аз салынуда.

Бұған қоса, тексеру қорытындыларын талдау көрсеткендей, бүкіл ел ішіндегі спорт объектілеріне спортпен шұғылданғысы келетін барлық азаматтардың қолы жете бермейді, себебі бұл объектілердің қабылдау қабілеті 1 млн. 143 мың адамды немесе 7,19%-ды ғана құрайды.

Осыған орай, сондай-ақ материалдық-техникалық базаны тиімді пайдалану және барлық жіктегі және жастағы тұрғындардың арасында спортты жаппай дәріптеу мақсатында спорт объектілерінің қызмет көрсету бойынша баға саясатына талдау жүргізілді.

Мемлекеттік спорт мектептерінің барлығында дерлік сабақтан тыс уақытта стадиондарда және спорт залдарында балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектептерінің жаттықтырушыларының жетекшілігімен мектеп жасындағы балаларға ақысыз оқыту-жаттықтыру процестері мен секциялық сабақтар өткізіледі.

Талдау нәтижесінде, орта есеппен алғанда ел бойынша облыстарда жүзу бассейндеріне бір рет бару құны сағатына 300 теңгеден 500 теңгеге дейін, жаттығу залдарына – 400-ден 600 теңгеге дейін, Спорт сарайларындағы және спорт кешендеріндегі дене шынықтыру-сауықтыру топтарына бір рет қатысу 200-ден 400 теңгеге дейін (12 рет қатысу абонементі 2000-нан 4000 теңгеге дейін) екені анықталды. Фитнес-орталықтарына қатысуға арналған абонемент төлемдері 9000 теңгеден 11 000 теңгеге дейінгі соманы құрайды.

Алайда, коммуналдық қызметтер тарифінің, нұсқаушылар жалақысының және спорт құрылыстарын жаңа үлгідегі құрал-жабдықтармен жабдықтау шығындарының артуына байланысты, өңірлерде аталған абонементтер бағасының артып отырғаны байқалады.

Елдегi саны 450 мың адамнан артық болатын мүмкiндiктерi шектеулi адамдарға ерекше көңіл бөлінеді, олардың iшiнен 200 мың адам, немесе 45%, бұл зияткерлiк мүмкiндiктерi шектеулі, тiрек-қимыл аппараты, көз және есту қабілеттері төмен адамдар.

Соңғы үш жылда дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын мүгедектер санының ұдайы өсіп отырғаны байқалады, айталық, бұл көрсеткiш 2009 жылғы 12 мың адамнан немесе 6,0%-дан 2011 жылдың қорытындылары бойынша 15 мың 505 адамға немесе 7,7%-ға дейiн өсті.

Бүгінгі таңда республикада мүгедектер спорты бойынша Маңғыстау, Атырау, Алматы облыстарында және Астана, Алматы қалаларында 5 спорт клубы, Оңтүстiк Қазақстан және Қарағанды облыстарында 2 мамандандырылған спорт мектебі, сонымен қатар Петропавл және Қызылорда қалаларында 2 бөлiмше, барлығы 9 спорттық ұйым жұмыс iстейдi.

2012 жылы Павлодар, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Жамбыл, Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында денсаулығының мүмкiндiктерi шектеулi адамдар үшiн спорт клубтарын ашу жоспарланып отыр.

Талдау нәтижесі жеке меншік спорт объектілерінде мүгедектер үшiн жеңiлдiктi бағалар және 20%-дан 100%-ға дейін жеңiлдiктер белгіленгенін көрсетті.

Сонымен қатар, кеңес заманында салынған спорт ғимараттарында оларға кіретін пандустардың жоқтығы мүгедектер үшiн негiзгi проблема болып отырғаны анықталды. Қазiргi заманғы спорт объектілерінде «Қоғамдық ғимараттар және құрылыстар» құрылыс нормалары және ережелерінің «Аз қимылдайтын келушiлер үшiн қолжетімділікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптар» атты 4-бөліміне сәйкес мүмкіндігі шектеулі адамдардың кедергiсiз және ыңғайлы қимылдап-қозғалуы үшін жағдайлар жасалған.

Облыстардың және Астана мен Алматы қалаларының әкімдіктері халық арасындағы аз қимылдайтын топтар үшін кедергiсiз және ыңғайлы қимылдап-қозғалу үшін жағдайлар жасау мақсатында спорт ғимараттарының аумағындағы учаскелерді арнайы бейімдеуге қаражат бөлуде.

Осы іспеттес шаралардың қабылдануына қарамастан, мүмкiндiктерi шектеулі адамдар үшін қолжетімді спорт объектілері жеткiлiксiз болып отыр.

Бүгінгі таңда өңірлерде спорт инфрақұрылымы объектілерін салу және қайта жаңарту, сондай-ақ кешенді спорттық іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізу, соның ішінде ұлттық спорт түрлерін дамыту жөніндегі жұмыстар жалғасын табуда.

Соңғы үш жылда ұлттық спорт түрлерімен шүғылданушылар санының 2009 жылғы 122 мың адамнан 2011 жылы 208 мыңға дейін едәуір артқаны байқалады.

Республиканың Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарында және Астана қаласында ұлттық спорт түрлері бойынша 12 спорт клубы немесе спорт мектебі жұмыс істейді.

Ауылдық аймақтарда дене шынықтыру мен спортты дамыту және насихаттау мәселелерімен айналысатын «Ел Қайраты» республикалық ауылдық дене шынықтыру-спорттық қоғамы» қоғамдық бірлестігі құрылды. Жыл сайын ұлттық спорт түрлерінен 40 000-на астам спортпен шұғылданушылардың қатысуымен 80-нен аса республикалық чемпионаттар мен турнирлер өткізіледі, және халықаралық жарыстарға қатысу қамтамасыз етіледі.

Солардың арасында мыналарды атап өткен жөн: тоғызқұмалақтан І Әлем чемпионаты, Қазақстан Республикасының І жасөспірімдік ауыл спорты ойындары, қазақ күресінен үш Әлем чемпионаты, Қазақстан Республикасы Президентінің жүлделеріне Халық спорты ойындары, «Ақ Бидай» республикалық ауыл спорты ойындары, Ұлттық спорт түрлерінен Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогы, А. Асқаровты еске алуға арналған көкпардан Халықаралық турнир.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының шеңберінде, 2011 жылы бұдан кейін жыл сайын өткізу жоспарланған Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жүлдесіне «Қазақстан Барысы» атты қазақ күресінен республикалық турнир және ұлттық спорт түрлерінің ІІІ республикалық фестивалі өткізілді.

Еліміздің спорт мекемелерінде ұлттық спорт түрлерінен 357 бөлім бар, олар - 19 спорттық-сауықтыру тобы, 1 227 алғашқы дайындық тобы, 861 оқыту-жаттығу тобы, 45 спорттық жетілдіру тобы, 7 жоғарғы спорт шеберлігі тобы, 14 адам арнайы сыныптарда жаттығады.

Спортпен шұғылданушыларды тәрбиелеу және даярлау мәселелерімен ұлттық спорт түрлерінен 1 049 жаттықтырушы айналысады, олардың штаттағы саны 617 адам, 377 адамның жоғары дене шынықтыру мамандығы бар, 447 жаттықтырушының дене шынықтыру мамандығы бар, жоғары жаттықтырушы санатына 35 адам ие, 1 санатқа – 99, 2 санатқа – 105 жаттықтырушы ие.

Ұлттық спорт түрлерін одан әрі дамыту және насихаттау үшін төмендегідей негізгі мәселелер шешімін табуды талап етеді:

Астана қаласында Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Ұлттық және атты спорт түрлері орталығы» РМҚК құру және ашу;

Қостанай, Маңғыстау, Атырау облыстарында және Алматы қаласында ұлттық спорт түрлерінен клубтар немесе спорт мектептерін құру жөнінде шаралар қабылдау.

Аталған шаралар дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде шұғылданатын тұрғындар санының артуына, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдерді жаппай спортқа тартуға ықпал ететін болады.

Сонымен қатар, әр түрлі санаттағы және топтағы тұрғындармен дене шынықтыру және спорт жұмыстарын жүзеге асыратын спорт саласының білікті мамандары санының өсу динамикасы байқалады, айталық олардың саны 2010 жылмен салыстырғанда 2011 жылы 3 мың 287 бірлікке артып, бүгінде 39,5 мың адамды құрап отыр (жаттықтырушылар және жаттықтырушы-оқытушылар), оның ішінде – 18 мың 304 адам ауылдық жерде.

Сондай-ақ, ауылдық округтерді спорттан нұсқаушы-әдіскерлермен қамтамасыз ету - өңірлерде бұқаралық спорты дамытудағы неғұрлым өзекті мәселелердің бірі болып қалып отыр.

Осы бағыт бойынша Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Алматы, Атырау және Қарағанды облыстарында атқарылып отырған жұмыстар жеткіліксіз екенін атап өту қажет.

Дегенмен, кей өңірлерде спорттан нұсқаушы-әдіскерлердің бірліктерін сақтап қалуға мүмкіндік жасалып отыр, әсіресе ауылдық жерлерде, айталық:

Павлодар облысында барлығы 359, оның ішінде ауылдық жерлерде – 227 нұсқаушы-әдіскер;

Қызылорда облысында – 218, Ақтөбе облысында – 210, Қостанай облысында – 163 нұсқаушы-әдіскер жұмыс істейді.

Қазіргі кезде жоғары және бірінші санатты базалық білімі бар штаттағы дене шынықтыру қызметкерлерінің және кәсіби жаттықтырушы кадрлардың жетіспеушілігі сезіледі. Олардың қатарында бірнеше жылдардан кейін жұмыс істей алмайтын қосымша жұмыс істеушілер мен зейнетке жақын және зейнет жасындағы адамдардың үлесі жоғары болып отыр.

Дене шынықтыру және спорт саласы үшін жоғары білікті кадрларды даярлаудың маңыздылығын ескере отырып, білім беру гранттарының санын көбейту ұсынылып отыр. Бұл студенттік спортты дамыту және студенттік спорт лигалары мен клубтар желісін құру, әсіресе, Алматы қаласында өтетін қысқы Универсиада – 2017 қарсаңындағы қосымша ынталандыру шаралары болатын еді.

Жалпы алғанда, тексеру қорытындыларын талдау спорт инфрақұрылымының қазіргі заманғы жағдайы мен дамуы мынадай факторлармен және үрдістермен сипатталатынын көрсетіп отыр:

- халықпен спорттық-бұқаралық жұмыстарды ұйымдастыру үшін өңірлік деңгейде спорттық инфрақұрылымды дамыту мақсатында рекреациялық аумақтарды және саябақ аймақтарын жетілдіру жөнінде шаралар қабылдануда;

- елде 7,5 мың жалпы білім беру мекемесі бар, олардың 5 мыңнан астамының өзіндік спорт залдары жұмыс істейді;

- спорт ғимараттары негізінен ірі қалалар мен облыс орталықтарында шоғырландырылған, мұнда халықтың көп бөлігі дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық қызмет көрсетудің қажетті көлемімен қамтамасыз етіледі;

- ауылдық жерлерде халықтың белсенді демалуына арналған жыл бойы жұмыс істейтін спорт ғимараттарының тапшылығы сезіліп отыр;

- соңғы жылдары жергілікті жерлерде спорт инфрақұрылымының дамуына арналған шығындар қысқартылуда, осының салдарынан кейбір өңірлерде жабық спорт ғимараттарының құрылысы жүргізілмейді.

Нәтижесінде жұмыс істеп тұрған спорт ғимараттары халықтың қажеттілігін толық қамтамасыз етпейді және бүгінгі күні сапалы және заманауи жабдықтармен жарақталған дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысын салу қажеттілігі өткір сезіліп отыр.

Қалыптасқан жағдайлар қолданыстағы спорт объектілерін тиімді пайдалануға және салынып жатқан дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің санын бірте-бірте көбейтуге бағытталған мемлекеттік саясатты жүргізуді талап етеді.

Осыған орай, Агенттік «Қала құрылысы. Қалалық және ауылдық елді мекендерді жобалау және салу» ҚР ҚНжЕ 3.01.-01-2008, яғни дене шынықтыру-сабақтары үшін 1 мың адамға 80 шаршы метр үй-жай (спорт залы) қажеттігі туралы құрылыс нормалары мен ережелерін ескере отырып, қалаларда және ірі елді мекендерде дене шынықтыру және сауықтыру кешендеріне деген қажеттілікке талдау жасады.

Тек Маңғыстау, Қостанай, Павлодар, Ақмола және Қарағанды облысытарында, сонымен қатар, Астана және Алматы қалаларында ғана нақты алғанда халық үшін спортпен және дене шынықтырумен шұғылдануға арналған қолданыстағы спорт залдары жоғарыда көрсетілген нормалар бойынша тиісті норманың 50%-ын құрайды, ал қалған өңірлерде 40% көрсеткішке де қол жеткізілмеген.

ҚР СНжЕ3.01-01-2008*«Қала құрылысы. Қалалық және ауылдық елді мекендерді жоспарлау және салу» талаптарына сәйкес тұрғын үй алаңдарын (шағын аудандарды) жобалау кезінде түрлі мақсаттағы жалпы пайдалану алаңдарын, соның ішінде спортпен айналысу үшін спорт алаңдарын орналастыру көзделген.

Спортпен айналысу үшін балалар және спорттық алаңдардың шамамен мөлшері бір адамға шаққанда 0,5 м2 рұқсат етіледі.

Елді мекендер аумағында жергілікті жерлердегі сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін реттейтін аумақтық (облыстық, аудандық, қалалық) құрылыс салу ережесі бар. Жергілікті жерлерде мұндай уәкілетті орган әкімдіктің бөлімшесі – сәулет және қала құрылысы басқармасы болып табылады, ол құрылысқа тапсырыс берушіге (құрылыс салушыға, инвесторға) жобалауға сәулет-жобалау тапсырмасын (СЖТ) береді.

Жоғарыда жазылғанның негізінде, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері ҚР СНжЕ3.01-01-2008* сәйкес жобалауға сәулет-жобалау тапсырмасын беру кезінде тұрғын үйлерді спорттық және балалар алаңымен жарақтандыру бойынша талаптарды қосуды міндет етуі қажет.

Талдау қорытындысы бойынша тағы бір проблема анықталды: - ол пайдалануға берілген және қайта жаңартылған спорт ғимараттарын ұстау.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы Бюджет Кодексінде жергілікті деңгейде спорт ғимараттары мен кешендерін күтуге аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджетттің шығындары бойынша нормалар қарастырылмаған.

Жалпы алғанда, республика бойынша дене шынықтыру-сауықтырумен айналысу үшін қажеттілік 747 443 шаршы метрді құрайды.

Қалаларда қажетті дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің (бұдан әрі - ДШСК) саны 324 бірлікті құрайды.

Орта мөлшермен алғанда, бір ДШСК құрылысының құны 222 млн. теңге болса, шамамен 72 млрд. теңге қажет етіледі.

Аудандық орталықтарға және елді мекендерде қажетті ДШСК саны 600 бірлікті құрайды, яғни орташа мөлшермен алғанда бір ДШСК салу құны 118 млн. теңге болса, шамамен 70 млрд. 800 млн. теңге қажет етіледі.

2020 жылға дейін республика бойынша, жалпы сомасы 142 млрд. 800 млн. теңгеге барлығы 924 ДШСК салу қажет.

Бастапқы кезеңде жалпы құны 6 млрд. 403 млн. 752 мың теңгеге 40 ДШСК салу ұсынылады.

Қазіргі кезде Агенттік республика өңірлерінде аталған ДШСК құрылысын қаржыландыруға арналған бюджеттік өтінімді республикалық бюджеттік комиссияның қарауына дайындауда.

Спорт саласындағы сарапшылар дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің желісін дамытудың әлеуметтік маңызы бар, себебі олар болған жағдайда балалар мен жасөспірімдер үшін спорт біршама қолжетімді болады деп санайды. Дәл осы жерде балалар мен жастар түрлі спорт түрлерімен айналысуды бастауы тиіс. Көптеген балалар мен жасөспірімдер үшін мектептегі сабақтан кейінгі бос уақытты тиімді өткізу қамтамасыз етіледі, ал дарындылар үлкен спортқа жолдама алады.

Сонымен қатар, елде спорт тауарларын және спорттық қызмет көрсетуді өндіруді, жарнамалауды және өткізуді қамтитын спорт индустриясын дамыту қажет.

  1   2

Похожие:

Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты iconӘлеуметтік экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты
Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың «Әлеуметтік экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауынан туындайтын...
Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты icon«Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты»
«Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі қағидаларын насихаттау...
Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты iconӘлеуметтік-экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты
Жергілікті атқарушы органдарында Президенттің кезекті Жолдауын зерделеуді ұйымдастыру
Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты iconӘлеуметтік-экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты
Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерін түсіндіру және насихаттау жөніндегі
Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты iconБекітемін облыс әкімінің орынбасары
Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Әлеуметтік –экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына...
Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты icon«Мемлекет басшысының 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты»
Моноқалаларды дамытудың 2012 2020 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы
Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты icon«Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты» атты
Индустриаландыру картасына енгізілген индустиалдық-инновациялық жобаларды (2 құрама жем өндіру зауыты, биотыңайтқыш шығару өндірісі,...
Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты icon2012 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасы
Республикасы Президентінің 2012 жылғы 30 қаңтардағы №261 Жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық...
Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты iconӘлеуметтік-экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты
Жолдау аясында және жергілікті атқарушы органдары басшыларының халықтар алдында есеп беру кездесулерін өткізу туралы Жарлығын орындау...
Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты iconБілім беру жүйесін жаңғырту адами капиталдың сапалы өсуінің басты бағыты
«Білім беру жүйесін жаңғырту – адами капиталдың сапалы өсуінің басты бағыты» тақырыбындағы дарынды балаларға арналған білім беру...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница