Дүние жүзі тарихы пәні бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуге арналған тест спецификациясы




Скачать 60.78 Kb.
НазваниеДүние жүзі тарихы пәні бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуге арналған тест спецификациясы
Дата конвертации15.02.2016
Размер60.78 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.testcenter.kz/upload/iblock/83a/bt_2015_d_niezh_z_-tarikhy-_az_.doc
Дүние жүзі тарихы пәні бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуге арналған

тест спецификациясы

(2014 жылдан бастап ұлттық бірыңғай тестілеуге қолдану үшін бекітілген)

Бұл құжат орта білім берудегі жалпыға міндетті білім беру стандартының негізінде, жалпы білім беретін пәндердің оқу бағдарламасына сай әзірленген.

ҚР Білім және ғылым министрлігімен, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясымен келісілді. Ұлттық тестілеу орталығының жанындағы Ғылыми-әдістемелік кеңестің отырысында талқыланды.

Мақсаты: Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орындары түлектерінің дүние жүзі тарихы пәні бойынша дайындық деңгейін анықтау.

Тест мазмұны: Тест тапсырмаларының қиындығы 3 деңгейде беріледі: бірінші деңгейде - 6, екінші деңгейде – 13, үшінші деңгейде – 6 тапсырма.

Тест жалпы білім беретін мектептерге арналған оқу бағдарламасына сәйкес дүние жүзі тарихы пәні бойынша оқу материалдарынан тұрады.

Тақырып №

Тақырып

01

Ежелгі дүние: Ежелгі Шығыс елдері

02

Ежелгі дүние: Антикалық өркениет

03

Ежелгі дүние: Ерте орта ғасырлар (V-X ғғ.)

04

Орта ғасыр тарихы: Дамыған орта ғасырлар (XI-XV ғғ.)

05

Орта ғасыр тарихы: Кейінгі орта ғасырлар (XV-XVII ғғ.)

06

Орта ғасыр тарихы: XVII-XVIII ғғ. Еуропа және Солтүстік Америка

07

Жаңа заман тарихы: XVII-XVIII ғғ Азия және Африка елдері.

08

Жаңа заман тарихы: Европа және Америка (XIX ғ.- XX ғ. басы)

09

Жаңа заман тарихы: Азии және Африка елдері (XIX ғ.-XX ғ. басы)

10

Жаңа заман тарихы: Сыртқы саясат және мәдениет (XIX ғ.-XX ғ. басы)

11

Қазіргі заман тарихы: Бірінші дүниежүзілік соғыс және оның салдарлары (1914-1920 жж.)

12

Қазіргі заман тарихы: Екі дүниежүзілік соғыс аралығындағы Еуропа және Америка елдері

13

Қазіргі заман тарихы: Азия және Африка (1918-1945 жж.)

14

Қазіргі заман тарихы: Екінші дүниежүзілік соғыс (1939-1945 жж.)

15

Қазіргі заман тарихы: Батыс Еуропа және Америка елдері (1945-2010 жж.)

16

Қазіргі заман тарихы: Оңтүстік, Орталық және Шығыс Еуропа елдері (1945-2010 жж.)

17

Қазіргі заман тарихы: Азия және Африка елдері (1945-2010 жж.)

18

Қазіргі заман тарихы: Халықаралық қатынастар және мәдениет (ХХ ғ. ІІ жартысы- XXI ғ. басы)

Тест жоспары:

Ежелгі дүние тарихынан – 3 тест тапсырмасы

Орта ғасыр тарихынан – 6 тест тапсырмасы

Жаңа заман тарихынан – 7 тест тапсырмасы

Қазіргі заман тарихынан – 9 тест тапсырмасы

Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:

Оқу бағдарламасы бойынша түлектер дүние жүзі тарихы курсынан меңгеруі тиіс:

Ежелгі дүние тарихының негізгі кезеңдерін; тарихтағы жыл санау жүйесін;

ежелгі дүниедегі алғашқы қоғамдық құрылыс мен мемлекеттер тарихының өзіндік ерекшеліктерін; алғашқы өркениет ошақтарын, олардың маңызын;

Қосөзен, Египет, Азияның оңтүстік-батысындағы, Орта жəне Орталық Азиядағы, Оңтүстік жəне Шығыс Азиядағы ежелгі мемлекеттердің, қалыптасу, даму ерекшеліктерін, қоғамдық құрылысын, мəдениеттегі жетістіктерін;

Орта Азия халықтарының грек-македон басқыншыларына қарсы күресін;

ежелгі дүние тарихында болған аса маңызды оқиғаларды; мəдени-экономикалық дамудағы Ұлы Жібек жолының сауда жолы ретіндегі маңызын;

Ежелгі Грекия мен Римде мемлекеттің пайда болып дамуының өзіндік ерекшеліктерін, мəдени өмірін жəне антик мəдениеттің əлемдік мəдениетке қосқан үлесін; əр түрлі халықтар мен этностардың мифтерін, аңыздарын жəне шежірелерін; əлемдік діндер мен философиялық ағымдарды (конфуцийлік, буддизм, христиандық); орта ғасырдағы дүние жүзі тарихының негізгі кезеңдерін; ортағасырлық қоғамның негізгі белгілері мен ерекшеліктерін;

феодалдық қатынастардың мəнін; орта ғасырлардағы қоғамның əлеуметтік құрамын; орта ғасырлардағы жер иеленудің, салықтың негізгі түрлерін; орта ғасырлардағы мемлекеттік құрылыс пен билік түрлерін; V-X ғасырлардағы Батыс жəне Орталық Еуропада, Таяу Шығыста орталықтанған мемлекеттердің құрылуының алғышарттары мен хронологиясын; VІ-Х ғасырлардағы арабтардың орта ғасырлық тарихын, ислам дүниесіндегі мəдениеттің ерекшеліктерін; ХІ-ХVғасырлардағы Еуропа мемлекеттері дамуындағы ерекшеліктерді; крест жорықтарының нəтижелерін; ортағасырлардағы Шығыс əлемінің тарихи көрінісін; ХІ-ХV ғасырлардағы Орта жəне Орталық Азия мемлекеттерінің əлеуметтік дамуын; моңғол-татар шапқыншылығы қарсаңындағы феодалдық бытыраңқылықты; орыс жерлерін біріктірудің аяқталуы мен Алтын Орданың құлауын; орта ғасырдағы тарихи тұлғалар мен ғылымның, мəдениеттің көрнекті қайраткерлерін; орта ғасырдағы өркениет аймақтары жəне олардың маңызын білуі тиіс; жаңа замандағы дүниежүзі тарихының хронологиялық шеңберін, негізгі кезеңдерін; Англиядағы капиталистік өндірістің дамуындағы ерекше белгілерді; ағартушылық дəуірдің еуропа қоғамының дамуына əсерін; отарлау саясатының мəнін, отаршылдыққа қарсы қозғалыстарды; Солтүстік Америкадағы отарлық жүйенің негізгі белгілерін, тəуелсіздік үшін соғыстың тарихи маңызын; Француз буржуазиялық революциясының себебі мен нəтижесін; ХVІІІ ғасырдағы Ресейдің даму ерекшеліктерін; ХVІІ-ХVІІІ ғасырлардағы Үндістан, Осман империясы, Қытай, Иран, араб елдерінің əлеуметтік-экономикалық дамуын; Азия мен Африка елдеріндегі отарлық езгінің зардаптарын; ХVІІ-ХІХ ғасырлардағы дүниежүзі мəдениетінің негізгі жетістіктерін, мəдениеттің дамуына үлес қосқан көрнекті тұлғаларды; ХІХ ғасыр–ХХ ғасырдың басындағы дүние жүзі елдерінің дамуында болған негізгі белгілер мен ерекшеліктерін; капитализмнің пайда болуы мен дамуын; революциялық жəне эволюциялық жолдармен қоғамдық қатынастардың өзгеру мүмкіндіктерін; революциялардың себептері мен реформалардың қоғам дамуындағы баламалы жолын; қоғамдағы жаңа əлеуметтік құрылымды жəне оның реформалардағы қарама қайшылықтарды шешу құралы ретіндегі рөлін; ХІХ ғ.–ХХ ғасырдың басындағы дүние жүзі елдерінің даму үдерісін жəне негізгі ерекшеліктерді; халықаралық қатынастардың өзекті мəселелерін; ХІХғ.-ХХ ғасырдың басындағы мəдениеттің дамуын, əлемдік ғылым мен көркем мəдениеттің маңызды жетістіктерін жəне оның жеке тұлғаның дамуына əсерін білуі тиіс; шетелдердің қазіргі заман тарихындағы негізгі оқиғалар мен құбылыстарды; ХХғ.–ХХІғ. басындағы дүние жүзінің саяси картасындағы өзгерістерді; ақпараттық қоғамға өту үдерісінің динамикасын анықтайтын негізгі факторларды; ХХғ.–ХХІғ. басындағы ғылым мен мəдениеттің маңызды жетістіктерін; ХХғ.–ХХІғ. басындағы маңызды əлеуметтік жəне ұлттық қозғалыстардың сипаты мен бағыттарын жəне саяси партиялар мен күштердің əлеуметтік негіздерін; ХХғ.–ХХІғ. басындағы əлемнің негізгі аймақтары мен елдер топтарының саяси, экономикалық жəне əлеуметтік дамуындағы маңызды бағыттарды; дүниежүзінің əртүрлі елдеріндегі саяси режимдердің ортақ белгілерін жəне жеке елдердің даму ерекшеліктерін;

дүние жүзінің ірі елдерінің экономикалық дамуының ортақ белгілерін сипаттау жəне жеке елдердің даму ерекшеліктерін; ХХғ.–ХХІғ. басындағы халықаралық қатынастар дамуының негізгі бағыттарын білуі тиіс.

Тапсырмалар орындалуының орташа уақыты:

Тестінің бір тапсырмасын орындап шығуға берілген уақыт – 1,5 минут. Тестінің толық орындалу уақыты – 37,5 минут.

Нұсқалар мен тапсырмалар саны:

Бір тестіде 25 сұрақ. Тест нұсқаларының баламалығы:

-тестілердің спецификацияға сай құрылуымен;

-өзара ауыстыруға келетін тапсырмалардың әр түрлі нұсқаларда бір орында келуімен,

-барлық нұсқаларда қиындық деңгейінің бірдей болып келуімен жүзеге асырылады.

Тапсырма формасы:

Тестте берілген бес жауап нұсқасынан бір дұрыс жауапты таңдау керек.

Таңдалған нұсқаны жауап парағында берілген пәнге сәйкес орынға, дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеу қажет.

Жеке тапсырмалар мен жалпы жұмысты бағалау:

Дұрыс орындалған әр тапсырма үшін мектеп бітіруші 1 балл алады. Дұрыс орындалмаған тапсырмаға – 0 балл. Тест тапсырмасы толығымен дұрыс орындалған уақытта 25 балл алады.

Похожие:

Дүние жүзі тарихы пәні бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуге арналған тест спецификациясы iconҚазақстан тарихы пәні бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуге арналған тест спецификациясы
Тест спецификациясы 2015 жылдан бастап Ұлттық бірыңғай тестілеуге қолдану үшін бекітілген
Дүние жүзі тарихы пәні бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуге арналған тест спецификациясы iconБиология пәні бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуге арналған тест спецификациясы
Тест спецификациясы 2015 жылдан бастап Ұлттық бірыңғай тестілеуге қолдану үшін бекітілген
Дүние жүзі тарихы пәні бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуге арналған тест спецификациясы iconҚазақстан тарихы пәні бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуге арналған тест спецификациясы
Бұл құжат орта білім берудегі жалпыға міндетті білім беру стандартының негізінде, жалпы білім беретін пәндердің оқу бағдарламасына...
Дүние жүзі тарихы пәні бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуге арналған тест спецификациясы iconГеография пәні бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуге арналған тест спецификациясы
Бұл құжат орта білім берудегі жалпыға міндетті білім беру стандартының негізінде, жалпы білім беретін пәндердің оқу бағдарламасына...
Дүние жүзі тарихы пәні бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуге арналған тест спецификациясы iconБиология пәні бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуге арналған тест спецификациясы
Бұл құжат орта білім берудегі жалпыға міндетті білім беру стандартының негізінде, жалпы білім беретін пәндердің оқу бағдарламасына...
Дүние жүзі тарихы пәні бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуге арналған тест спецификациясы iconАғылшын тілі пәні бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуге арналған тест спецификациясы
Бұл құжат орта білім берудегі жалпыға міндетті білім беру стандартының негізінде, жалпы білім беретін пәндердің оқу бағдарламасына...
Дүние жүзі тарихы пәні бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуге арналған тест спецификациясы iconОрта білім оқу жетістектерін сырттай бағалау бойынша дүние жүзі тарихы
Мақсаты: 9 сынып оқушыларының дүние жүзі тарихы пәні бойынша дайындық деңгейі мен функционалдық сауаттылықтарының қалыптасқандығын...
Дүние жүзі тарихы пәні бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуге арналған тест спецификациясы iconҚазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі
Тақырыбы: «Дүние жүзі тарихы» пәні бойынша жалпы білім беретін орта мектеп мұғалімдеріне арналған тест
Дүние жүзі тарихы пәні бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуге арналған тест спецификациясы iconҚазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі
Тақырыбы: «Дүние жүзі тарихы» пәні бойынша жалпы білім беретін орта мектеп мұғалімдеріне арналған тест
Дүние жүзі тарихы пәні бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуге арналған тест спецификациясы iconҚазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі
Тақырыбы: «Дүние жүзі тарихы» пәні бойынша жалпы білім беретін орта мектеп мұғалімдеріне арналған тест
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница