Пологиясының негізгі ұҒымдары жоғары оқу орындарының тіл мамандықтары студенттеріне арналған «Типологиялық зерттеулер негіздері» пәні бойынша оқу-әдістемелік құрал Павлодар




НазваниеПологиясының негізгі ұҒымдары жоғары оқу орындарының тіл мамандықтары студенттеріне арналған «Типологиялық зерттеулер негіздері» пәні бойынша оқу-әдістемелік құрал Павлодар
страница1/3
Дата конвертации06.02.2016
Размер0.6 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://library.psu.kz/fulltext/transactions/317_demesinova_g.h._magzumov_h.b._tilder_tipologiyas
  1   2   3


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрілігі


С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Г.Х.Демесінова, Х.Б.Мағзұмов


ТІЛДЕР ТИПОЛОГИЯСЫНЫҢ НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАРЫ

Жоғары оқу орындарының

тіл мамандықтары студенттеріне арналған

«Типологиялық зерттеулер негіздері»

пәні бойынша оқу-әдістемелік құрал


Павлодар

УДК 81’44 (075.8)

ББК 81.2 я 73

Д 29


С.Торайғыров атындағы ПМУ ғылыми кеңесі ұсынған


Рецензенттер:

О. Қ. Жармакин - филология ғылымдарының кандидаты, С.Торайғыров атындағы ПМУ профессоры.

Қ. Х. Текжанов - филология ғылымдарының кандидаты, ИНЕУ доценті.


Д 29 Демесінова Г.Х., Мағзұмов Х.Б.

Тілдер типологиясының негізгі ұғымдары: жоғары оқу орындарының тіл мамандықтары студенттеріне арналған «Типологиялық зерттеулер негіздері» пәні бойынша оқу-әдістемелік құрал. – Павлодар, 2006. – 44 б.


ISBN 9965-439-81-6


Бұл құралға лингвистикалық типологияның негізгі ұғымдары мен бөлімдерінің сипаттамасы енгізілір, студенттерде жалпы және жеке тіл білімі контексінде тілдерді типологиялық сипаттау туралы тұтас ұғым қалыптастыруға бағыттылған



Д 4602020000

00(05)-06

УДК 81’44 (075.8)

ББК – 81 я 73



ISBN 9965-439-81-6


– 652 –


19 – X



© Г. © Демесінова Г.Х., Мағзұмов Х.Б., 2006

© С.Торайғыров атындағы Павлодар

мемлекеттік университеті, 2006

Кіріспе


«Типологиялық зертеулердің негіздері» пәнінің мақсаты студенттерді ана тілімен салыстыру тұрғысында үйренетін тілдің фонетикасы, грамматикалық құрылысы мен сөздік құрамы бойынша барлық мәліметтерді қажетті жинақтау кезіндегі типологиялық зерттеу әдістемесіне үйрету.

Пәнді зерделеу міндеттері:

1) тілдер типологиясының негізгі ұғымдары мен типологиялық зертеулер тарихына кіріспе;

2) ана тілі мен үйренетін шет тілдің жйелерін тұтасынан және тілдердің барынша ортақ белгілерін, өзара байланысы мен шариттылығын таба отырып, ішінара жекелеген микрожүйелерінд салыстырып қарастыру;

3) үйренетін және ана тілдің тіларалық айырмашылық белгілерін зерделеу, сөйтіп болашақ кәсіби мамандықтарының ұтымды негізін қалау.

Зерделеу нәтижесінде студент:

1) типологиялық зертеулердің әдістемесі мен тарихын;

2) бөлініп алынған категориялар саласында тіларалық сәйкестіктерді;

3) салғастырудың тұтас сипатын қамтамасыз ететін мазмұнды, формальды және функционалды категориялардың кешенін;

4) шет тілді үйрену мен аудармаға ана тілі құрылымының ықпалының сипатын білуге тиіс.

Зерделеу нәтижесінде студент:

1) тілдік материалды қарастыруға жүйелік жолды қолдануға;

2) салғастырылатын категориялардың мазмұндық жағына сүйенуге;

3) салғастырылатын бірліктердің функционалдық ерекшеліктерін ескеруге;

4) құрылымдарының барлық деңгейлерінде шет және ана тілдерінің типологиялық ерекшеліктерін талдауға;

5) ана және шет тілдердің қүрылымдық және функционалдық ұқсас (изоморфалық) және құрылымдық айырықша (алломорфалық) нышандарын анықтауға;

6) болашақ мамандар ретінде алда кездесетін қиыншылықтар мен оларды еңсеру тәсілдерін болжай білуге үйренуге тиіс.

1 Типология ғылыми танымның әдісі ретінде

1.1 Типологиялық салыстырудың әмбебаптылығы


Типология ғылымның ерекше бөлігі ретінде білімнің барлық салаларына тән, себебі белгісіз көпшіліктің жиынтығынан тұратын түрлі объектілерді таксономикалық сипаттау, жіктеу және салыстыру лингвистикалық, сол сияқты лингвистикалық емес ғылымдарда да (химия, биология, психология, тіл білімі, география, социология т.б.) қолданылады.

Ғылыми құрылымдарда салыстырудың екі түрін бөлуге болады:

1) субстанциялы салыстыру (яғни нақты бұйымдар мен заттарды салыстыру және дыбыстар, цифрлар, сандар мен басқаларының типін заттандыру);

2) субстанциялы емес салыстыру (ғылым мен өмірдің түрлі салаларына қатысты жүйелер мен олардың элемнттерін болжамды салыстыру).


1.2 Жалпы типологияның бөлімдері

Ғылыми танымның әдісі болғандықтан жалпы типология лингвистикалық емес және лингвистикалық типологияны біріктіреді, себебі екеуіне субстанциялардың, құбылыстардың, нышандардың, фактілердің, қатынастардың, уақиғалардың және басқаларының изоморфалық, сондай-ақ алломорфалық қасиеттерін табу міндеттері ортақ және ұстанымдары ұқсас. Оларды диалектикалық бірлік ұстанымы бойынша біріккен белгілі иерархиялық жүйенің конституенттері ретінде қарастырыап, ұқсау-ұқсамауын, жалпыламашылығы-даралығы, жиынтылығы-ерекшелігі, тұрақтылығы-тұрақсыздығы және басқаларын ескеріп, жіктейді.


1.3 Лингвистикалық емес типология

Лингвистикалық емес типология көптеген ғылымдарда салыстыру әдісі болып қызмет етеді, оның қолданылаясы өте кең. Лингвистикалық емес типология геология, тарих, ботаника, қоғамтану, юриспруденция, математика, өнер, экономика, биология, психология және басқа көптеген ғылымдарда салыстыру әдісі бола алады. Бұл ғылымдардың бәріне ортақтық пен жекеліктің, ұқсастық пен айырықшылықтың болуы тән, салыстыру солардың негізінде жүргізіледі. Өз кезегінде салыстыру сыртқы әлемді танудың қисынды тәсілдерінің бірі болып табылады.

Кейбір ғылымдарда типология дербес сала болып бөлінеді: салыстырмалы психология (түрлі филогенетикалық қатарлардың адам психикасының онтогенезі мен хайуанаттар психикасы онтогенезі арасындағы генетикалық байланыстарды зерделейді), салыстырмалы педагогика (экономикалық, әлеуметтік-саяси және философиялық негіздерін, сол сияқты ұлттық ерекшеліктерін аша отырып, қазіргі әлемде педагогикалық теориялар мен практикалық оқыту мен тәрбиенің даму тенденциясы мен ортақ және айырықша сипаттарын зерделейді), мәдени-тарихи типология (әр халықтың өз тарихының тұрғысынан тарихи құбылыстарды түгендеумен және олардың сан алуандыққа қауымдасуы тұрғысынан сол тарихи құбылыстарды жинақтаумен айналысады), салыстырмалы құқықтану, салыстырмалы әдебиеттану (ұлттық әдебиеттерді бүкіл әлемдік әдебиеттің жалпы жүйесінде салыстырады) және тағы басқалары.

Сондықтан бір ұстанымдар бүкіл бөлімдерге, басқалары жалпы типологияның аралас бөлімдеріне тән.

Осындай параметрлермен жалпы типологияның басқа бөлімдерінің ортақ ұқсастырушы нышандарын анықтауға болады.

Білімнің түрлі салаларында салыстыру жолының шамамен ұқсас операциялары мен сәйкес тәсілдерінің болуы жалпы типологияның нақты бөлімдері, адам қызметінің түрлі салалары фактілерін, уақиғаларын талдау мен жіктеудің ұқсас әдістері мен ұстанымдары бар бірыңғай ғылым болып табылатынын көрсетеді. Салыстырудың барлық түрлерін типологияға жатқызып, жалпы типологияны салыстырудын дара ғылымы деп есептеуге болады.


1.4 Лингвистикалық типология

Лингвистикалық типология – бір қатар тілдерде байқалатын негізгі, елеулі сипаттарды, нышандарды топтастырумен және заңдылықтар шығарумен айналысатын тіл білімінің бөлімі; тілдердің типтері туралы және тілдік құрылымның типтері туралы ілім. Оның тіл білімінің басқа бөлімдерінің арасында дербестігін анықтайтын өз пәні, әдісі, бөлімі мен тарихы бар.


2 Лингвистикалық типологияның негізгі бөлімдері


2.1 «Тілдер типологиясы» терминінің мазмұны

Типология пәнін анықтау жөнінде түрлі пікірлер бар: тіл мамандарының біреулері типология ғылымының шеңбері мен көлемін шамадан тыс кеңейтсе, басқалары, керісінше, типологияны зерттеудің мейлінше тар саласы деп түсіндіреді.

Барынша кең тараған және мезгілі жағынан бұрын туған мәні ғылымның тұтас бөлімінің атауына – лингвистикалық типологиға немесе тілдер типологиясына қатысты. Тіл мамандарының көпшілігі тіл білімінде типологины жекелеген тұтас тілдер мен тілдер топтарының жүйелері сияқты, жекелеген деңгейлерін, шағын деңгейлері мен микрожүйелерін салыстыру немесе салғастыру жолымен зерделенетін тілдердің типтері туралы ілім ретінде түсіндіруге келіседі.

Дж. Эллис салыстырмалы тіл білімі аясына аударма теориясын, диалектологияны, алмасуды және лингвистикалық типологиямен тығыз байланыста болып, зерттеу объектісі мен басқа арнайы ғылыми салаға енетіндерді қосып, типологияның қолдану аясын тым кеңейтіп жіберген.

Типологиялық зерттеулер барлық тілдерде көрінетін ортақтықты бөлуді ұсынады. Барлық тілдер үшін сойлем құрамында сөздердің арасындағы қатынас ғана емес, тілде берілетін зат пен іс- қимыл, субъект, предикат, объект, модальдық нышандарымен анықтауыштық сияқты ұғымдар да ортақ. Барлық тілдер үшін осы ортақтық типолигиялық салғастырудың негізінде жатыр, себебі нақты тілдік материалда оны анықтаудың грамматикалық тұлғасы бірыңғай жобаны бермейді (И.И. Мещанинов).

Қарастырылып отырған мәнінде тілдердің ортақ мәндерін бөлу «типология» ұғымының компоненті ретінде еніп, құрылымдық нышандарының негізінде түрлі тілдердің құбылыстарын жүйелеу мен түгендеуді ұсынады (Б.А. Успенский).

Типология бұл мәнінде жекелеген тілдер кластарының бірқатар қасиеттерінің жиынтығының негізінде құрылуын, бұл кластардың ірілеу кластарға топтастырылуын, ең соңында, тіл типтерінің барынша ірілеу жіктелу бірліктерін белгілеуді қамтиды (Т.П. Ломтев).

Терминнің неғұрлым жиі мәні жекелеген тілдің немесе оның жекелеген микрожүйелерінің құрылысының сипаттамасымен шектеледі (С.Д. Кацнельсон, М.И. Лекоцева, М.В. Раевский).

Терминнің жеке мәні- әлдебір жалғыз тілдің типологиялық сипаттарының жиынтығын жасау және сонымен оның типологиялық жіктелімдегі ұстанымы ретінде (Б.А. Серебренников, Н.В. Охотина).

Типологиялық зерттеулерде типологияның белгілі бір бөлімдеріне шартты түрде бекітілген түрлі терминдер кездеседі: «типология», «құрылымдық типология», «салыстырмалы типология», «ареалды типология», «характерология», «контрастивті лингвистика», «конфронтациялық лингвистика», «тілдік әмбебаптар», «трансляциялық грамматика», «салыстармалы – типологиялық тіл білімі» және басқалары. Comparative historical method, Comparative philology, Comparative linguistics, Contrastive Linguistics, Descriptive comparative Linguistics, Commparative grammar, Confrontational linguistics және т.б. Ағылшын ғылыми әдебиетінде «Comparative philology» тіркесі «жалпы тіл білімі» ұғымының орнында жиі қолданылады. «Салыстыру», «салғастыру» және «салыстыру әдісі», «салғастыру әдісі» терминдері әдетте синонимді. Терминдердің мұндай шашыранқылығы лингвистикалық типологияның әлі де ғылым ретінде берік қалыптаспағанын көрсетеді. Тіл білімі ғылымында лингвистикалық типологияның әрбір бөлімі мен түрінің пәнін, салғастырмалы және типологиялық әдістердің қарама-қарсы қойылуын, туыстас және туыстас емес тілдердің типологиялық сипаттауды, характерологиялық және характерологиялық емес зерттеулерді және басқаларын анықтау үшін жеткілікті материал жоқ.

Тілдерді салыстырмалы зерделеу туралы ғылымның дамуымен «салыстырмалы әдіс» және «салғастырмалы әдіс» терминдерін көпшілік мойындады. Салыстырмалы әдіс-туыстас тілдерді салыстырмалы тарихи зерттеу, ал салғастырмалы-синхронды тілікте туыстас, сондай-ақ туыстас емес тілдерді салыстыру (салғастыру). Алайда бұл терминдер туыстас және туыстас емес тілдерді салғастырудың арасына айқын шек қоймайды.

Типология пәнінің манызыңа орай екі толғам айтылады:

  1. лингвистикалық типология - өзінің зерттеу пәніне тілдік жүйелерді салыстырудың барлық түрлерін (яғни сөздің толық мағынасында салыстырмалы лингвистика) қамтитын дербес ғылыми пән;

  2. лингвистикалық типология - дәстүрлі компаративистикаға, характерология мен ареалды лингвистикаға қарсы қойылатын салыстырмалы лингвистиканың дербес бөлігі (яғни құрылымдық типология тәрізді).

Салыстырылатын тілдердің саны ерекше мәнге ие:

1) шектелмеген (әмбебаптығын анықтау үшін);

2) туыстас тілдердің шектеулі саны;

3) екеу. Келіспеушілік себебі – лингвистикалық типологияның бөлімдеріне немесе түрлеріне жолдың дифференциалды болмауы.

Б.А. Успенский, Ю.В. Рождественский, В.Г. Гак типология мен характерология пәнің дифференциаландырып, типология пәнін негізгін:

1) тілдерді типологиялық жіктеу;

2) лингвистикалық әмбебаптылық;

3) тіл-эталон;

4) арнайы типологиялық теория және басқа бөлімдерді біріктіретін құрылымдық типология ретінде анықтайды, түрлі туыстас және туыстас емес тілдердің жүйелерін салыстырумен айналыстын типологияның басқа да бөлімдерінің бар екенін жоққа шығармайды.

Қазіргі анықтамалардың сан алуандылығына қарамастан типология тілдер жүйелерін салыстырудың әр түрлері ретінде түсініледі. Генетикалық, типологиялық және ареалдық салыстырулар салыстырудың бірыңғай үрдісінің үш жағын құрайды. Бұл әдістер өзара бәсекелес емес, қайта бірін- бірі толықтырады.

Лингвистикалық салыстыру түрлері:

1) салыстырмалы – генеалогиялық (тарихи) салыстыру (туыстас тілдердің ортақ ата тұлғаларын қайта құру);

2) тілдердің жүйелері мен шағын жүйелерін типологиялық салыстыру:

а) туыстас (жақын туыстас және алыс туыстас);

б) туыстас емес – бір жүйелі немесе түрлі жүйелі тілдер;

3) ареалды лигвистика, бұған белгілі бір географиялық жақындықтағы тілдер жүйелерін салыстыру тән;

4) Г.П. Мельниковтың доминанттық жіктемесі, бұл доминнанттық нышандар негізінде тілдік типтерді анықтайды.

А.Е. Карлинский салыстырмалы әдісті, салғастырмалы әдіс пен құрылымдық типология әдісін ажыратуды ұсынады. Біріншісі жабық (фонология, грамматика), сондай-ақ ашық (лексика, фразеология) шағын жүйелерін талдау кезінде әлемнің табиғи (туыстас және туыстас емес) тілдерінің арасында ұқсастықтарды (айырмашылықтарды емес) табады. Салғастырмалы (контрастивті) әдіс деп әлемнің түрлі тілдерінде бір-біріне қатыстық тілдік құбылыстардың ерекше белгілерін зерделеу, синхронды зерттеулерде жекелеген (туыстас, сондай-ақ туыстас емес) тілдердің жүйелік идиоматикасын (диаморфизмін) анықтау түсіндіріледі; әдісті екі тілге қолдану конфронтативтік талдау деп аталады да, халық (шетел) тіліне, сол сияқты әдеттегі және машинамен аударма теориясына оқыту әдістемелігінің лингвистикалық негіздерін жасаудың өзекті қолданбалы міндеттерін шешеді. Типологиялық әдіс дегеніміз барлық деңгейлер мен жоспарларда әлем тілдерінің хабарлау құбылыстарын зерделеу мен олардың типологиялық сипаттамаларын құру; әлем тілдерінің типологиялық жіктемесін жасау; басқа (шетел) тілді оқытудың лингвистикалық негіздерін жасау.

Сипаттама жұмыстарының алынған нәтижелерін синтездеумен айналысатын лингвистикалық типологияның лингвистикалық емес типологиядан айырмашылығы лингвистикалық салыстырудың бүкіл саласын өзіне алуға тиіс.


2.2 Тілдер типологиясының бөлімдері

Ғылыми әдебиетте лингвистикалық типологияның негізгі әдістері мен бөлімдерін дәл жіктеу жоқ.

Профессор В.Д. Аракиннің пікірінше, лингвистикалық типологияға төмендегі бөлімдер кіреді.

Жалпы типология генетикалық және географиялық жағынан байланыспайтын, әлемнің жекелеген тілдерінің жүйесін сипаттайтын ұқсас және айырықша белгілерінің сомасын табумен байланысты жалпы проблемаларды зерделейді.

Типологиялық зерттеулер түрлі құрылымдық тілдердің кең ауқымын тарта отырып, туыстас тілдердің шеңберінен тыс лингвистикалық қадағалаулар шығарады, сөйтіп ауқымды жалпы тілдік проблемаларды шешуге мүмкіндік береді.

Жеке типология бір тілдің немесе туыстас, сондай-ақ туыстас емес тілдердің шектеулі тобының типологиялық қасиеттерін зерделейді. Бастапқы сәті материалдық тұлғаның ортақтығы емес, туыстас емес тілдердегі белгілі бір бірліктердің семантикасының немесе функциясының ортақтығы (жіктеу есімдігің жүйесі, белгілі бір мысалы, қызмет функциялы жұрнақты морфемалар жүйесі).

Жеке типологияның шағын түрі - тарихи (диахронды) типология жекелеген тілдер ахуалы типологиясының, жекелеген тілдер мен тілдер топтары құрылымы типологиясының тарихи өзгерістерін зерделейді (синтетикалық типтен аналитикалық типке көшу немесе грамматикалық категориялар құрылымының тіл тарихының көне кезеңінен орта және жаңа кезеңіне өзгеруі).

Деңгейлік (аспектілі) типология, немесе шағын жүйелер типологиясы тілдердің жекелеген шағын жүйелерінің, деңгейлерінің фактілерін (фонологиялық жүйелерді, морфологиялық, лексикалық жүйелерді, сөз типологиясын т.б.) зерделейді.

Ареалды типология белгілі бір аймақтағы (Балқан түбегі, Шығыс Сібір аймағы) тілдердің жалпы типологиялық сипаттары мен заңдылықтарын зерделейді, мысалы болгар, албан және румын тілдерінде постпозитивтік артикльдің қалыптасуы.

Ана және шет тілдердің салыстырмалы типологиясы үйреніп жүрген тілдің ана тіліне қатысты типологиялық сипатын, көмегімен оқушының ана тілінде жоқ шет тіл құрылымының компоненттерін ескеруге болатындай әдістер мен тәсілдер жасау үшін шет және ана тілдерінің барынша елеулі типологиялық сипаттарын(нышандарын) табуды, оларды үйренушілердің ана тілінде жеткізуде қолданылатын құралдарды зерделейді.

Профессор Д.Буранов бұрынғы типологиялық зерттеулердің негізінде лингвистикалық типология бөлімдерін жіктеудің негізіне мына критерийлерді алуды ұсынады:

  1. жүйелік жақындық;

  2. генетикалық жақындық;

  3. салыстырылатын тілдер жүйелерінің сандық шектеулігі мен шектелусіздігі;

  4. салыстырылатын тілдер жүйелерінің ареалды шектеулігі мен шектелусіздігі;

  5. тереңдік-беткі тепе-теңдігі мен тепе-теңсіздігі;

  6. этикалық-эмикалық тепе-теңдік;

  7. салыстыруға атомарлық жол,

  8. салыстыруға деңгей аралық жол;

  9. салыстыруға контенсивті жол;

10) салыстыруға формалды жол;

11) тіл-эталонның шектеулігі мен шектеусіздігі;

12) типологиялық операциялардың аяқталуы мен аяқталмауы.

Салыстырылатын тілдердің жүйелік жақындығы салыстырылатын тілдерді анықтайтын тілдік типтердің ортақтастығын білдіреді. Салыстырылатын тілдерге жекелеген шағын жүйелердің жақындығы барынша тән.

Генетикалық жақындық – тіларалық корреспондацияланатын құралдардың материалдық ортақтығына негізделген тіл аралық ұқсастық.

Салыстырылатын тілдер жүйелерінің сандық шектеулілігі мен шектелусіздігі – салыстыруға енгізілегн тілдер тізімінің ашық немесе жабық болуы.

Салыстырылатын тілдер жүйелерінің ареалды шектеулігі – белгілі бір тілдік құбылыстар немесе нышандардың таралуының негізінде тілдер жүйелерінің аймақтық шартты шектелуі.

Терең–беткі тепе–теңдік пен тепе–теңсіздік – ортақ терең мағынасымен біріккен беткі материалдық құралдардың сәйкестігі немесе сәйкессіздігі. Мұнда салыстырылатын тілдердің негізінде жатқан жинақталған тілдік мағына тереңдік құрылым ретінде түсіндіріледі.

Этикалық-эмикалық тепе-теңдік барынша нақты семиологиялық релевантсыз материалдық бірліктердің семиологиялық релевантты дерексіздендірілген бірліктермен сәйкестігін шамалайды. Мысалы, грамматикалық деңгейдің бірліктерін салыстырғанда белгілі грамматикалық категория белгілі бір қосымшаның немесе қосымшалардың көмегімен айтылады. Материалдық бірліктер болғандықтан бұл қосымшалар тілдің этикалық шағын деңгейіне, ал олардың дерексіздендірілген корреспонденттері морфемалар ретінде тілдің эмикалық шағын деңгейіне жатады. Егер салыстырылатын тілдерде етістілік етіс морфемасымен айтылса, онда эмикалық сәйкестігін көрсетеді. Алайда этикалық шағын деңгейде бұл морфемалардың түрліше өткерілуі мүмкін.

Салыстыруға атомарлық жол белгілі бір категорияны деңгейлік оқшаулау ретінде сипатталады. Типология тілдік жүйелермен бір оқшауланған деңгейде немесе бір мезгілде бірнеше деңгейде іс жүргізеді.

Салыстыруға деңгей аралық жол деңгейлік оқшаулауға қарсы қойылады. Ол белгілі бір категориялық ұғым тіл иерархиясының бірнеше деңгейлерінде зерделенген жағдайда қолданылады (деңгей аралық синонимдер, тіл аралық корреспонденттер түрлі тілдердің жүйелерінде). Деңгей аралық жол салыстырылатын тілдер жүйелерін толық түгендеу үшін қолданылады.

Салыстыруға контенсивтік жол типологиялық категориялардың семантикалық негізде бөлінуі. Таңдалған семантикалық инвариант салыстыру үшін метатіл болып қызмет етеді.

Салыстыруға формалды жол тілдік жүйелерді салыстырып сипаттау тәсілімен байланысты. Тілдік жүйелерді салыстыруды не сипаттап, не салыстыру үшін жасалған арнайы символдардың көмегімен формалды жүзеге асыруға болады.

Практикалық мақсаттарда тіл-эталонның шектелулігі мен шектелусіздігі. Практикалық мақсат үшін тіл-эталонда немесе метатілде айыруға болатын: а) максималды тіл-эталон (метатіл); ә) минималды тіл-эталон (метатіл).

Бұл екі вариант өз қызмет саласымен айырықшаланады. Максималды тіл-эталон әмбебап қасиетке ие болып, тілдік әмбебаптарды анықтағанда қолданылады, ал минималды метатіл (тіл-эталон) өз қолданысында тілдердің генетикалық және ареалды тобының шегінде және екі нақты тілдің қосақты жүйесімен шектеледі.

Типологиялық операциялардың аяқталуы мен аяқталмауы да зерттеу көлемімен және тіл-эталонның қызмет саласымен байланысты. Тілдік жүйелерді салыстыру үрдісі екі кезеңнен тұрады:

а) талдау кезеңі;

ә) тілдесу кезеңі.

Бірінші кезеңді ішкі тілдік үрдіс ретінде сипаттауға болса, тілдесу кезеңі тіларалық болып табылады. Типологиялық операция аяқталған (шектелмеген) және аяқталмаған (шектеулі) болады. Шектеулінің екі типі айырықшаланады:

1) сандық –тілдік;

2) деңгейлік.

Бірінші типтің негізінде салыстыруға алуға болатыны:

а) бірыңғай тілдік типтің екі типі;

ә) түрлі типтердің екі тілі;

б) бір типтің бірнеше тілі;

в) түрлі типтердің бірнеше тілі.

Деңгейлік шектеу белгілі бір категориялық ұғым құралдарын деңгейлік оқшаулаумен байланысты.

Сөйтіп лингвистикалық типологияның бөлімдерін зерттеу мақсаттар және типологиялық сипаттауға жолдар:

1) зерттеу объектісі;

2) тілдің екі қырына қатынасы;

3) тіл иерархиясы деңгейлеріне қатынасына қарай жіктеу жон.

  1   2   3

Похожие:

Пологиясының негізгі ұҒымдары жоғары оқу орындарының тіл мамандықтары студенттеріне арналған «Типологиялық зерттеулер негіздері» пәні бойынша оқу-әдістемелік құрал Павлодар iconПавлодар
«Электр техникасының теориялық негіздері» пәні бойынша электртехникалық мамандықтардың студенттеріне зертханалық жұмыстарды орындауға...
Пологиясының негізгі ұҒымдары жоғары оқу орындарының тіл мамандықтары студенттеріне арналған «Типологиялық зерттеулер негіздері» пәні бойынша оқу-әдістемелік құрал Павлодар iconКәсіби шет тілі бойынша (ағылшын тілі) тмд елдері жоғары оқу орындарының лингвистикалық емес техникалық мамандықтары студенттеріне арналған Халықаралық интернет-олимпиада туралы Ереже
Кәсіби шет тіл бойынша (ағылшын тілі) тмд елдері жоғары оқу орындарының лингвистикалық емес техникалық мамандықтары студенттеріне...
Пологиясының негізгі ұҒымдары жоғары оқу орындарының тіл мамандықтары студенттеріне арналған «Типологиялық зерттеулер негіздері» пәні бойынша оқу-әдістемелік құрал Павлодар iconСінің теориясы «Электр техникасының теориялық негіздері» пәні бойынша зертханалық жұмыстарды орындауға арналған оқу әдістемелік құрал 3 бөлім Павлодар
«Электр техникасының теориялық негіздері» пәні бойынша зертханалық жұмыстарды орындауға арналған оқу әдістемелік құрал 3 бөлім
Пологиясының негізгі ұҒымдары жоғары оқу орындарының тіл мамандықтары студенттеріне арналған «Типологиялық зерттеулер негіздері» пәні бойынша оқу-әдістемелік құрал Павлодар iconЭлектртехникалық материалтану пәні бойынша электртехникалық мамандықтардың студенттеріне зертханалық жұмыстарды орындауға арналған оқу әдістемелік құрал Павлодар
«Электртехникалық материалтану» пәні бойынша электртехникалық мамандықтардың студенттеріне зертханалық жұмыстарды орындауға арналған...
Пологиясының негізгі ұҒымдары жоғары оқу орындарының тіл мамандықтары студенттеріне арналған «Типологиялық зерттеулер негіздері» пәні бойынша оқу-әдістемелік құрал Павлодар iconПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені пәнінің ОҚытушыға арналған жұмыс оқу бағдарламасы семей – 2012 Мазмұны
Биотехнология мамандығы бойынша студенттеріне арналған. Ол студенттерді пәннің мазмұнымен, саясатымен, өзектілігімен, қажеттілегімен...
Пологиясының негізгі ұҒымдары жоғары оқу орындарының тіл мамандықтары студенттеріне арналған «Типологиялық зерттеулер негіздері» пәні бойынша оқу-әдістемелік құрал Павлодар iconҚазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Жоғары оку орындарының тарих мамандығының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік оқу құралы
Пологиясының негізгі ұҒымдары жоғары оқу орындарының тіл мамандықтары студенттеріне арналған «Типологиялық зерттеулер негіздері» пәні бойынша оқу-әдістемелік құрал Павлодар iconОҚУ-Әдістемелік кешені
«Схемотехника негіздері» пәні бойынша «Информатика» мамандығы студенттеріне арналған оқу-әдістемелік кешені / Құраст. Мнафиянов Е....
Пологиясының негізгі ұҒымдары жоғары оқу орындарының тіл мамандықтары студенттеріне арналған «Типологиялық зерттеулер негіздері» пәні бойынша оқу-әдістемелік құрал Павлодар iconКурс – 3
Пәннің оқу әдістемелік кешені ҚР білім және ғылым министрлігі бекіткен. Педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған....
Пологиясының негізгі ұҒымдары жоғары оқу орындарының тіл мамандықтары студенттеріне арналған «Типологиялық зерттеулер негіздері» пәні бойынша оқу-әдістемелік құрал Павлодар iconЖәне жаратылыстану мамандықтары бойынша оқу-әдістемелік секциясы төрағасының орынбасары
Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы Қр бжҒМ жоғары және жоғары білім беруден кейінгі Республикалық оқу-әдістемелік...
Пологиясының негізгі ұҒымдары жоғары оқу орындарының тіл мамандықтары студенттеріне арналған «Типологиялық зерттеулер негіздері» пәні бойынша оқу-әдістемелік құрал Павлодар iconЖоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік оқу бағдарламаларын
Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді және азаматтарды жоғары оқу орындарының (бұдан әрі – жоо) магистратурасына,...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница