«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы»




Скачать 296.97 Kb.
Название«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы»
страница3/3
Дата конвертации06.02.2016
Размер296.97 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.akorda.kz/upload/content_files/doc/Gos_programi/o_yazikah_kaz.doc
1   2   3
Нәтижелер көрсеткіштері:

мемлекеттік тілді көпшіліктің қолдануына қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың үлесі (жыл сайынғы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыруға бөлінетін қаражаттың жалпы көлемінің 10 %-ынан кем емес);

мемлекеттік БАҚ эфирінде мемлекеттік тілдегі жаңа телевизиялық жобалар санының өсуі (жыл сайынғы телевизиялық жобалардың жалпы санының - 10 %-ы);

мемлекеттік тілде шығатын баспасөзді қолдауға бағдарланған мемлекеттік ақпараттық тапсырыстың үлесі (жыл сайын 50 %-дан кем емес).

 

Үшінші бағыт - қазақстандықтардың тіл мәдениетінің деңгейін арттыру

Мақсаты: «Дамыған тіл мәдениеті - зиялы ұлттың әлеуеті»

Нысаналы индикаторлар:

тұрғындардың ономастикалық комиссиялардың жұмысындағы шешім қабылдау процесін талқылау кезінде қоғамдық қолжетімділік пен ашықтық қағидаттарының сақталуына қанағаттанушылық дәрежесі (2014 жылға қарай - 60%, 2017 жылға қарай - 75%, 2020 жылға қарай - 90%);

қазақ тілінің реттелген терминологиялық қорының үлесі (2014 жылға қарай - 20%, 2017 жылға қарай - 60%, 2020 жылға қарай - 100%).

1. Қазақ тілінің лексикалық қорын жетілдіру және жүйелеу

Аталған бағытты іске асыру арқылы ең алдымен, әкімшілік-аумақтық бірліктердің атауларын жүйеге келтіруді қамтамасыз ету көзделеді.

Ономастика саласындағы жұмысты жетілдіру арқылы, ең алдымен, ономастикалық жұмыстарды жүргізген кезде ашықтық қағидаттарын енгізу, қоғамдық пікірді ескеру, шешімдерді қабылдау процесіне азаматтық қоғам институттарын және бұқаралық ақпарат құралдарын кеңінен тарту көзделеді.

Бұл нәтижеге қол жеткізу үшін ономастика саласындағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіре түсу, сондай-ақ географиялық объектілердің атауларын мемлекеттік тілде жазу, оны орыс және басқа да тілдерде транслитерациялаудың ережелерін әзірлеу талап етіледі.

Антропонимикалық атауларды және көрнекі ақпараттарды сәйкестендіруді жүзеге асыру мемлекеттік тілде антропонимикалық белгілеулерді жазу мен сәйкестендіру жөніндегі бірыңғай талаптарды әзірлеуді, сондай-ақ көрнекі ақпаратты көркем ресімдеу туралы нормативтік құқықтық базаны жетілдіруді талап етеді.

Терминологиялық лексиконы біріздендіру, терминологиялық қорды толықтыру жөніндегі міндет өте өзекті болып саналады.

Қазақ терминологиясын жүйелеу жөніндегі жаңа талаптарды әзірлеу, терминдерді және атауларды негізгі қағидаларға, қазақ тілінің жазу нормаларына сәйкес ретке келтіру жұмыстары қажетті шаралар болып есептеледі.

Аталған жұмыс әлемдік тәжірибені, туыстас тілдердің үлгілерін, халықаралық терминдерді және терминологиялық атауларды пайдалану арқылы, сондай-ақ жаңадан бекітілген терминдерді бұқаралық ақпарат құралдарында пайдалану жиілігіне тұрақты мониторинг жасау жағдайында жүргізілуге тиіс.

Терминологиялық қорды жаңа терминдермен жаңарту тілдік тарихи мұраны қайта жаңғыртуды, сондай-ақ терминтану мен терминография жөніндегі арнайы жұмыстарды жүргізуді талап етеді.

Сонымен қатар салалық терминологияның бірыңғай электрондық базасын құрып, қазақ терминологиясының жалпы қорын жасап, веб-сайттар мен порталдарға орналастыру көзделеді.

Сондай-ақ үздіксіз тілдік өзгерістер процесін тіркеп отыратын, тілдің лексикалық және грамматикалық құрылысын сипаттайтын жүйе құру қажеттілігі де өте өзекті болып табылады.

Тілдерді қолдану саласындағы заңнаманың сақталуына бақылауды күшейту ұсынылып отырған жүйенің негізгі құрамдас бөліктерінің бірі болуға тиіс.

Осы жұмыс аясында құқықтық олқылықтарды жою және тіл туралы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілікті күшейту тұрғысынан нормативтік құқықтық базаны жетілдіру талап етіледі.

Көрнекі және жарнамалық ақпарат құралдарында қазіргі қазақ әдеби тілінің тиісінше қолданылуын бақылауды күшейту де қажетті шаралар қатарына жатады.

2. Тіл мәдениетін жетілдіру

Қазақстандықтардың тіл мәдениетінің деңгейін көтерудің қажетті құрамдас бөлігі сөйлеу мәдениетін дамыту болуға тиіс.

Айтыстар, мүшәйра, пікірталас турнирлерін және жыраулар мен жыршылар конкурстарын ұйымдастыру және өткізу осы бағыттағы негізгі шаралар болып табылады.

Қазақ жазуын одан әрі жетілдіру сауаттылықты арттыруға бағытталған конкурстық іс-шаралар кешенін ұйымдастыру және өткізу арқылы іске асырылатын болады. Сонымен бірге мемлекеттік тіл мәселесімен айналысатын мерзімді баспа басылымдарын мемлекет тарапынан қолдау талап етіледі.

Сонымен қатар, ақпараттық-анықтамалық электрондық тілдік қызметті құру және одан әрі дамыту, элективті, қосымша курстарды ұйымдастыру арқылы мемлекеттік тілдегі іскери ресми жазба дағдыларын үйрету жүйесін ұйымдастыру жоспарланып отыр.

Толерантты тілдік ортаны сақтау қажеттілігі тіл мәдениетін жетілдіру жөніндегі міндеттердің өзегіне айналып отырғанына дау жоқ. Жұртшылықты, мәдениет және өнер қайраткерлерін, БАҚ өкілдерін кеңінен тарта отырып, Мемлекеттік тіл күнін ұйымдастыру және өткізу, түркі жазбаларына арналған шаралар кешенін ұйымдастыру, сондай-ақ тіл мәдениетін насихаттауға бағытталған шараларды өткізу дәстүрін жалғастыру жұмыстары қажетті шаралар қатарына жатады.

Нәтижелер көрсеткіштері:

көрнекі ақпараттың пайдаланылуын бақылаудың өңірлерді қамту дәрежесі (2014 жылға қарай - 30%, 2017 жылға қарай - 50%, 2020 жылға қарай - 100%);

тұрғындардың терминологиялық комиссиялардың жұмысындағы шешім қабылдау процесін талқылау кезінде қоғамдық қолжетімділік пен ашықтық қағидаттарының сақталуына қанағаттанушылық дәрежесі (2014 жылға қарай - 60%, 2017 жылға қарай - 75%, 2020 жылға қарай - 100%);

 

Төртінші бағыт - лингвистикалық капиталды дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау

Мақсаты: «Қазақстандықтардың лингвистикалық капиталын дамыту»

Нысаналы индикаторлар:

республикадағы орыс тілін меңгерген ересек тұрғындардың үлесі (2020 жылға қарай - 90%);

ұлттық-мәдени бірлестіктер жанындағы ана тілдерін оқытатын курстармен қамтылған этностардың үлесі (2014 жылға қарай - 60%, 2017 жылға қарай - 80%, 2020 жылға қарай - 90%);

республикадағы ағылшын тілін меңгерген тұрғындардың үлесі (2014 жылға қарай - 10%, 2017 жылға қарай - 15%, 2020 жылға қарай - 20%);

үш тілді (мемлекеттік, орыс және ағылшын) меңгерген тұрғындардың үлесі (2014 жылға қарай - 10%, 2017 жылға қарай - 12%, 2020 жылға қарай - 15%).

1. Коммуникативтік-тілдік кеңістіктегі орыс тілінің қызмет етуі

Төртінші бағытты іске асыру арқылы Қазақстанның коммуникативтік-тілдік кеңістігінде орыс тілінің қатысуын қамтамасыз ету жөніндегі жүйелі жұмыстарды ұйымдастыру көзделеді.

Мұның аясында орыс тілін оқыту жүйесін оқу-әдістемелік және зияткерлік тұрғыдан одан әрі қамтамасыз ету, сондай-ақ оқытушы кадрларды кәсіптік тұрғыдан оқыту жөніндегі жұмыс жалғасатын болады.

Орыс тілінің қолданылуын ақпараттық қолдауға Қазақстанның ақпараттық кеңістігінде орыс тілін пайдалануды қамтамасыз ету арқылы қол жеткізілетін болады.

2. Қазақстандағы тілдік әралуандықты сақтау

Осы міндет аясында, ең алдымен, Қазақстанда тұратын этнос өкілдерінің ана тілдерін оқытуға жағдай жасау көзделеді. Бұл үшін жексенбілік мектептерге оқу-әдістемелік көмек көрсету, сондай-ақ ана тілдерін оқыту кезінде тілді білетін тәжірибелі педагог мамандарды тарту және халықаралық тәжірибені, заманауи технологияларды пайдалану жоспарланады.

Бұған қоса, этностардың тілдерін сақтау және мәдениеттерді өзара байыту үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз ету көзделеді. Кеңінен ақпараттық қолдау арқылы мәдени-көпшілік іс-шараларды ұйымдастыру, этностардың тарихи және қазіргі заманғы жазба мұрасын сақтауды қамтамасыз ету жұмыстары қажетті шаралар қатарына жатады.

Халықтың шығармашылық тұрғыдан өсуіне жәрдемдесу этностардың мәдени және шығармашылық мүмкіндіктерін одан әрі іске асыру арқылы жоспарланады.

3. Ағылшын және басқа да шет тілдерін оқып-үйрену

Қазақстандықтардың лексикалық капиталының негізгі құрамдас бөліктерінің бірі іскерлік және халықаралық қарым-қатынас құралы ретіндегі шет тілдері болып табылады.

Осы міндеттің аясында шет тілдерін оқыту процесінің ауқымды білім беру кеңістігін сақтау көзделіп отыр.

Шет тілдік мәдениетпен өзара іс-қимыл жасау мақсатында халықаралық ынтымақтастықты кеңейту арқылы үкіметаралық келісімдер аясындағы мәдени-көпшілік іс-шаралар - Шет мемлекеттердің мәдениет күндерін, көрмелер өткізу, көркем және деректі фильмдерді түпнұсқа тілінде көрсету көзделеді.

Нәтижелер көрсеткіштері:

ана тілдерін үйретуге арналған әдістемелік көмекпен қамтылған ұлттық-мәдени бірлестіктері бар этностардың үлесі (2014 жылға қарай - 20%, 2017 жылға қарай - 60%, 2020 жылға қарай - 100%);

орталықтардың жалпы санына шаққанда ағылшын және басқа да шет тілдерін үйрету қызметін ұсынатын, тілдерді оқытатын мемлекеттік орталықтардың үлесі (2014 жылға қарай - 50%, 2017 жылға қарай - 75%, 2020 жылға қарай - 100%).

 

 

Бағдарламаны іске асыру кезеңдері

 

Бағдарламаны іске асыру үш кезеңде жүзеге асырылады.

Бірінші кезеңде (2011 - 2013 жылдар) тілдерді одан әрі дамыту мен қолданудың нормативтік-құқықтық және әдіснамалық базасын жетілдіруге бағытталған кешенді шаралар өткізу көзделеді.

Мәселен, бірінші кезеңнің аясында мемлекеттік тілді оқыту стандарттарын жетілдіру, қазақ тілін оқыту орталықтарын аккредиттеудің және олардың қызметін рейтингтік бағалау ісінің құқықтық негізін әзірлеу жұмыстарын жүзеге асыру қарастырылады.

Бұған қоса, әкімшілік-аумақтық бірліктердің атауларын жүйелеуді қамтамасыз ету мәселесі бойынша ономастика саласындағы, терминологиялық лексиканы біріздендіру мәселесі бойынша терминология саласындағы, сондай-ақ антропонимикалық атаулар мен көрнекі ақпаратты сәйкестендіруді жүзеге асыру мәселесі бойынша антропонимика саласындағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіру көзделеді.

Сонымен қатар, құқықтық олқылықтарды жою мен тіл туралы заңнаманың бұзылғаны үшін жауапкершілікті күшейту тұрғысынан нормативтік құқықтық базаны жетілдіру көзделеді.

Осы кезеңде мемлекеттік тілді көпшіліктің кеңінен қолдануына қол жеткізетін, Қазақстанда тұратын этностардың тілдерін сақтауға және оқып-үйренуге қолайлы жағдайлар жасайтын ұйымдастырушылық-практикалық шаралар кешені, сондай-ақ нәтижелердің тиімділігіне мониторинг жүргізу жүйесін енгізу көзделеді.

Екінші кезең (2014 - 2016 жылдар) аясында мемлекеттік тілді оқып-үйрену және қолдану саласында, сондай-ақ тілдік әралуандықты сақтауда жаңа стандарттар, технологиялар мен әдістерді енгізу жөніндегі практикалық шаралар кешенін іске асыру қарастырылады. Сонымен қатар, осы кезеңде Мемлекеттік тілді оқыту орталықтарын аккредиттеу ісін жүргізу, сондай-ақ олардың қызметіне рейтингтік бағалауды енгізу жұмыстары басталады.

Мемлекеттік тілді меңгеруді ынталандыру жүйесін құру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру - мемлекеттік қызметшілердің, халыққа қызмет көрсету және мемлекеттік қызметтер көрсету саласы қызметкерлерінің мемлекеттік тілді меңгеруі жөніндегі міндетті төменгі талаптарды енгізу көзделеді. Бұған қоса, мемлекеттік тілді көпшіліктің кеңінен қолдануына қол жеткізу жөніндегі жұмыс жалғасатын болады.

Тілдерді қолдану саласындағы заңнаманың сақталуын бақылауды күшейтумен қатар, әзірленген нормативтік құқықтық базаның негізінде қазақ тілінің терминологиялық қорын ретке келтіру, ономастикалық кеңістікті жүйелеуді қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстар басталатын болады.

Бағдарламаның үшінші кезеңінде (2017 - 2020 жылдар) мемлекеттік тілді меңгеру дәрежесін бақылау тетіктерін енгізу жұмысын ұйымдастыру көзделеді.

Сонымен қатар, қоғамдық өмірдің барлық саласында мемлекеттік тілге қажеттілік болуына, оның басқа тілдердің тұғырын одан әрі сақтау жағдайындағы тиісінше қолданылу сапасына және меңгерілу деңгейіне жүйелі мониторинг жүргізу көзделеді.

Бұған қоса, ономастика, терминология, мемлекеттік тілді көпшіліктің қолдануына қол жеткізу, сондай-ақ толерантты тілдік ортаны сақтау жөніндегі жұмыстар жалғасатын болады.

 

 

Қажетті ресурстар

 

2011 - 2020 жылдары Бағдарламаны іске асыруға республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да қаражаттар жұмсалатын болады.

Бағдарламаның бірінші кезеңін іске асыруға арналған мемлекеттік бюджеттің жалпы шығыны 19 134 946 мың теңгені құрайды.

2011 - 2020 жылдарға арналған Бағдарламаны қаржыландыру көлемі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті қаржы жылына арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді қалыптастыру кезінде нақтыланатын болады.

 

  
1   2   3

Похожие:

«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» iconҚазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» iconҚазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы
Республикасының 2030 жылға дейінгі Даму Стратегиясын іске асыру мақсатында қаулы етемін
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» icon«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары туралы»
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 1...
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» icon2011 – 2020 жылдарға арналған
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» icon«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары туралы»
Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 1 ақпандағы №922 Жарлығын және Қазақстан Республикасы...
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» iconҚазақстан Республикасы Президентінің
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1...
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» icon1. бағдарламаның паспорты
Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің...
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» iconЖаңа онжылдық жаңа экономикалық өрлеу Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері
Жолдауын және «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің...
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» iconҚазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы
Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» 2011 жылғы 18 ақпандағы №1158 жарлықтарын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының...
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» icon2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары мазмұНЫ

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница