Шығ. №2-42/174 2010 жылғы 19 ақпан




Скачать 73.53 Kb.
НазваниеШығ. №2-42/174 2010 жылғы 19 ақпан
Дата конвертации15.02.2016
Размер73.53 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://fedorovka.kostanai.kz/docs/1266901625.doc


Шығ. № 2-42/174

2010 жылғы 19 ақпан


Қостанай облысы

әкімінің орынбасары

С.Ш. Бектұрғановқа


Қостанай қ.,

Әл-Фараби даңғ., 66


Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кеңейтілген отырысының 2009 жылғы 27 қазандағы № 3 хаттамасын орындауда төмендегісін мәлімдейміз.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 мамырдағы N 784 Қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2009 - 2011 жылдарға арналған бағдарламасын Федоров ауданында іске асыру жөніндегі 2010 – 2011 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары әзірленіп бекітілген.

Федоров ауданы әкімдігінің жанындағы нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өткізілді. Онда, комиссияның 2009 жылғы жұмысының қорытындылары шығарылып, мынадай сұрақтар қаралды:

– аудандағы жалпы білім беретін мектептерде нашақорлық бекеттер мен «Денсаулық клубтарының» жұмысы туралы.

– аудандағы мәдениет және спорт мекемелерінің нашақорлықпен және уытқұмарлықпен күрес жөніндегі жұмысы туралы.

– Федоров ауданы әкімдігінің жанындағы нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссияның жоспарын бекіту туралы.

«Жас саясаткер» АНТ тұрғындарды ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы мен ауданда нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөнінде атқарылып жатқан жұмыстар мен қолданатын шаралар туралы хабардар ету жөніндегі ақпараттық-насихаттау жұмыстарды жүргізеді.

Федоров ауданында мемлекеттік мекемлер арасындағы ақпараттық-анықтамалық, талдау алмасу жүйесі ұйымдастырылды. Оның басты мақсат – «Дөңгелек үстелдер», семинарлар, алдын алу әңгімелесулер ұйымдастыру, газетте жарияланатын очерктер жазу, талдау, тоқсан сайынғы есептер құрастыру, нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі комиссия отырыстарын өткізу. 17 ақпанда Федоров ауданының соты төрағасының бастамасымен «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы» атты «дөңгелек үстел» өтті. Оған мүдделі тұлғалар мен «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалының өкілдері қатысты. Тақырыптың өзектілігі аталған мәселелерді шешудегі мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар, лауазымды және жеке тұлғалар арасындағы өзара әрекеттесуді арттырумен мәжбүрленген.

«Федоров ауданының жастар орталығы» ҚБ 2010 жылға арналған жастар жобаларын әзірледі. Осы жобалар нашақорлыққа қарсы тұрақты имунитетін қалыптастыруға, салауатты өмір салты мен патриотизмді дамытуға бағытталған аудан жастарының демалысының әр түрлі нысандарды қамтыған.

Жасөспірімдердің есірткі заттарды пайдалануға жол бермеу мақсатында балалармен және жастармен сыныптан тыс жұмысына ерекше назар аударылады. Білім беру ұйымдарда құқық қорғау және денсаулық сақтау органдарының өкілдерінің қатысумен «дөңгелек үстелдер», пікірталас турнирлер, акциялар өткізіледі. Жастар ортасында патриоттық рухының артуы – қоғамның нашақорлыққа қарсы ұстанымын нығайтудың маңызды факторы болғандықтан, ауданда оқушылардың «Нашақорлық – Қазақстанның болашағына қауіпі» атты қозғалысын қалыптасу жұмыстары жалғасын табуда. Оқушылар мен ата-аналар арасында мәдени-тәрбие жұмысы мен нашақорлыққа қарсы белсенді насихаттау жүргізіліп жатыр.

Ауданның мектептерінде 22 нашақорлыққа қарсы бекет және 22 «Денсаулық клубы» қызмет етеді. Олардың құрамына 238 адам кіреді. Мұғалімдер СӨС орталығымен бірлесе отырып 35 дәріс, 137 әңгіме, нашақорлық пен зиянды заттарды пайдаланудың алдын алу жайында 72 дәріс өткізді. Оларға 2375 оқушы қатысты. Білім бөлімі білім жүйесінің барлық мекемелерді нашақорлыққа қарсы профилактикалық іс-әрекеттерге қатыстыру жөніндегі іс-шаралар жоспары мен ұсыныстарды әзірледі. Бұл мәселе бойынша ең маңызды міндеттерді атап өтсек, олар:

– нашақорлықтың профилактикасы жөнінде тәрбиелеу іс-шаралардың тиімділігін арттыру;

– нашақорлыққа қарсы профилактикалық жұмыстарды оқушылардың отбасыларында, сондай-ақ, жастар мен балалардың демалыс орындарда жүзеге асыру;

– білім беру мекемелерінде есірткіге және есірткі заттарды тарататын және таратуға оқушыларды тартатын адамдарға жағымсыз қарауды қалыптастыратын инфрақұрылымды құру.

«Досыма, оны есірткіден құтқару үшін не айтар едім?» атты аудандық шығармалар байқауы өткізілді (ең үздік шығармалар М. Мәметова атындағы № 4 ОМ, Пешков ОМ, Баннов ОМ облыстық байқауға жіберілді).

2010 жылдың қаңтар айында әлеуметтік педагогтар мен директорлардың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлар үшін «Мектептегі денсаулық сақтайтын технологиялардың мәселелері. Салауатты өмір салтын қалыптастыру». «Өзің өмір сүріп, басқаларға да өмір сүруге мімкіндік бер» атты еріктілер бағдарламасы шеңберінде «Жоғары сынып оқушылары клубының» отырысы өткізілді. Онда, нашақорлық және темекі тарту мәселелер бойынша тренингтер өткізілді.

«Нашақорлықтың профилактикасы» бөлімі бар салауатты өмір салты жайында бейне жиынтығы құру жұмыстары жүріп жатыр.

«Федоров АОА» МКҚК-да ішімдік пен есірткіден масаю жағдайын медициналық куәландыру мәселелері жөнінде мастер-класс өткізілді. Іс-шараны Қостанай қ. Облыстық наркологиялық диспансерінің ӘҰБ меңгерушісі нарколог-дәрігер Н.В. Жукова өткізді. Осы мәселемен айналысып жүрген барлық медициналық қызметкерлер қатысып, тәжірибелерімен бөлісті және өздерінің ұсыныстарын ортаға салды.

Семинар, денсаулық сақтау саласындағы жаңа жүйеге өту талаптарында мециналық қызметкерлердің әдебі мен деонтологиясы жөнінде өткізілді. «Қатерлі ісік ауруларының төртінші кезеңі, ЖҚТБ, қарқынды созылмалы аурулармен ауыратындарға, өзін-өзі күте алмайтын адамдар мен мүгедектерге медбикелік көмек беріп, үйіне барып қызмет көрсету мекемелерінің тізімі туралы» ҚР Үкіметінің Қаулысы белсенді талқыланды.

Дерматолог, онколог дәрігер Н.С. Скорняков, СӨС медбикесі В.Н. Циммерман мектеп интернаты мен балалар үйінің ұлдарымен ЖЖЖИ алдын алу, қатерлі ісік ауруларының алдын алу «Даль шеңбері» ойыны.

Мәдениет және спорт мекемелер есірткі заттарды пайдаланудың профилактикасына және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған жоспарланған жұмысын жүргізіп жатыр.

Нашақорлыққа қарсы тұрақты имінитетін қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар өткізіледі. Мысал келтірсек «Зиянды әдеттер», «Менің өмір сүріп жатқан әлем» (ОК), «Есірткі заттар туралы мифтер және ақиқат» (Баннов с/к, Новошумный с/к), «Есірткіге – ЖОҚ, деп айт!» (Ала-Боталы с/к), «Нашақорлықтың қоқынышы!» (Ленин с/к); «Есірткілер – денсаулықсыз өмір» (Мирный с/к), «Шприц – ара емес, ЖҚТБ – бал емес» (Малороссийка с/к) атты тренинг-әңгімелер; 9-11-сынып оқушыларға арналған «Нашақорлық пен маскүнемдіктің профилактикасы» (Первомай с/к). Лесная селолық кітапхана медицина қызметкері қатысумен «Салауатты өмір салты үшін» кездесі мен «Залым талқандаушы» атты денсаулық сабағын өткізді. Сабақ барысында ішімдіктің, есірткінің зияны мен олардың пайда болу тарихы туралы айтылып, слайдтар көрсетіліп, «Менің зиянды әдеттерге деген көзқарасым».

«Нашақорлық – алапат белгісі» (Малороссийка с/к) бейне сабағы, «Сасық мендуананың жазасы» (Курский с/к) ауызша журналы, балаларға арналған тақырыптық дискотека өткізілді, телевизиядан есірткі заттардың зияны туралы «Есірткіге – ЖОҚ!» атты ақпарат көрсетілді (Лесной с/к), «Есірткіге – ЖОҚ, деп айт!» тақырыптық кеш (Ала-Боталы с/к), «Есірткіге – ЖОҚ, деп айт!» атты тақырыптық дискотека (Чистый-Шандақ с/к) өткізілді.

Первомай селолық клубында «Бәрі де сенің қолыңда» атты «дөңгелек үстел» өткізілді, учаскелік инспектор, фельдшер және мектеп директоры нашақорлықтың профилактикасы туралы әңгіме өткізді.

Ауданның кітапханаларында нашақорлықтың профилактикасы жайында кітаптар көрмелер дайындалады: «Дені сау адам – сәнді және беделді адам», «АҚТҚ/ЖҚТБ-сіз әлем» (ОК), «Выбираешь «дурь» - вся жизнь сплошная «хмурь» (БК), «Темекін шегу денсаулық үшін қауіпті» (Владыкин с/к), «Нашақорлық – тұңғиыққа апаратын жол» (Жаңақой с/к).

2009 жылғы қарашадан бастап 2010 жылғы ақпанға дейін спорттық-бұқаралық күнтізбелік жоспарына сәйкес ауданда нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күресіне және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған спорттық іс-шаралар өткізіледі. Олар:

- АБЖСМ-ның гір спортынан ашық біріншілік;

- ауданның ерлер командалары арасында баскетболдан чемпионаты;

- ауданның гір спортынан чемпионаты;

- ауданның мини-футболдан чемпионаты;

- аудан орталығының мекемелер мен ұйымдар қызметкерлерінің спартакиадасы;

- мүмкіншіліктер шектеулі адамдар үшін аудандық жарыстар;

- ерлер мен әйелдер арасында волейболдан аудандық жарыстар;

- шайбалы хоккейден аудандық жарыстар;

- футзалдан аудандық жарыстар;

- оқушылар арасында мини-футболдан аудандық жарыстар;

- оқушылар арасында тоғызқұмалақтан аудандық жарыстар;

- БЖСМ тәрбиеленушілер арасында волейболдан ашық біріншілік.

Федоров АІІБ қызметкерлері 2009 жылдын 4 тоқсан және 2010 жылдың 1 ай ішінде есірткі заттардың заңсыз айналымға байланысты 3 фактісі айқындады, әрбір фактісі бойынша қылмыстық істер қозғалды. Соның ішінде 1 фактісі – «марихуананы» алып тастау, 2 фактісі – «героинді» алып тастау, сонымен қатар, есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар заңсыз айналымы саласындағы 4 құқық бұзушылық, олардың барысында еірткі заттардың 6 келе 789 грамм алынып тасталды.

2009 жылғы 4 тоқсан ішінде және қазіргі уақытқа дейін Федоров АІІБ қызметкерлері мынадай жедел-профилактикалық іс-шараларды өткізді: «Есірткіге қалқан» (есірткі заттардың заңсыз айналымы саласында 1 құқықбұзушылығы анықталды), «Арна» (есірткі заттардың заңсыз айналымы саласында 1 құқықбұзушылығы анықталды), «Допинг» (тұту ережелрді бұзумен сақталатын күкірт қышқылының прекурсоры алынып тасталды). Қазіргі кезде қатты әсер ететін есірткі заттарды пайдаланатын 17 адам наркологиялық есепке алынды. Олармен ай сайын есірткілердің зияны туралы профилактикалық әңгімелер өткізіледі. Сонымен қатар, «Допинг», «Есірткіге қалқан», «Арна-2009» атты жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізу барысында осы тұлғалардың тұрғылықты жері бойынша учаскелік испекторлармен бірге тексерістер өткізілген болатын.


Федоров ауданы

әкімінің орынбасары қолы қойылған О. Федорова


Орын. Л. Шаптала

тел. 22316


Похожие:

Шығ. №2-42/174 2010 жылғы 19 ақпан iconҒалымға құрмет шәкіртке міндет [Текст] : [Академик Е. Бөкетовтың туғанына 85 жыл] // Орталық Қазақстан. 2010. 9 ақпан (№20)
Текст] : [Академик Е. Бөкетовтың туғанына 85 жыл] // Орталық Қазақстан. 2010. 9 ақпан (№20)
Шығ. №2-42/174 2010 жылғы 19 ақпан iconЗайсан ауданы бойынша аудан, қала, ауылдық округ әкімдерінің 2014 жылғы қаңтар, ақпан айларында есеп беру кездесулерінде айтылған ұсыныс-пікірлер мен сын –ескертпелерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
Зайсан ауданы бойынша аудан, қала, ауылдық округ әкімдерінің 2014 жылғы қаңтар, ақпан айларында
Шығ. №2-42/174 2010 жылғы 19 ақпан iconҚазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Астана қ. 2014 жылғы 14 ақпан
Шығ. №2-42/174 2010 жылғы 19 ақпан icon2010 жылғы 1-тоқсандағы атқарылған жұмыстар туралы есеп
Шығыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы 2010 жылғы 1-тоқсанда мынадай жұмыстарды атқарды
Шығ. №2-42/174 2010 жылғы 19 ақпан iconНормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 25 мамырда №5-1-145 тіркелді
Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласы әкiмдiгiнiң 2010 жылғы 27 сәуiрдегi n 6857 қаулысы
Шығ. №2-42/174 2010 жылғы 19 ақпан icon«Банк ЦентрКредит» АҚ-тың
Директорлар кеңесінің 2010 жылғы 19 қарашадағы №276, 2011 жылғы 25 ақпандағы №36, 2011 жылғы 24 наурыздағы №55, 2011 жылғы 16 мамырдағы...
Шығ. №2-42/174 2010 жылғы 19 ақпан iconБұйрық №367 19 қараша 2010 жыл Балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу және ұйымдастыру
Шиелі аудандық білім бөлімі облыстық білім басқармасының 2010 жылғы 12 қараша №342 бұйрығын, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым...
Шығ. №2-42/174 2010 жылғы 19 ақпан icon2012 жылғы «29» ақпан №11- ө бұйрығы байқау қҰжаттамасы мемлекеттік сатып алу бойынша
Тапсырыс беруші Қр тжм «Қазселденқоргау» мм-нің Семей аумақтық пайдалану басқармасы
Шығ. №2-42/174 2010 жылғы 19 ақпан iconБюджеттiк өтiнiмдi жасау және ұсыну ережесiн бекiту туралы
Республикасы Қаржы министрiнiң 2010 жылғы 19 мамырдағы n 233 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде 2010 жылғы 15...
Шығ. №2-42/174 2010 жылғы 19 ақпан iconМ. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті
Е40 2010 жылғы Білім және ғылым саласының көрсеткіштері [Мәтін] = Показатели сферы образования и науки в 2010 году. Астана, 2010....
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница