Ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г




Скачать 220.53 Kb.
НазваниеИп №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г
Дата конвертации15.02.2016
Размер220.53 Kb.
ТипДокументы
источникftp://ftp01.kgmu.kz/SD/3 kurs/Osnovy rac. pitan/kaz/Lekcii/Auru tu.tam.mans..doc
Ф КГМУ 4/3-04/01

ИП №6 УМС при КазГМА


от 14 июня 2007 г.

Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті

Жалпы гигиена, экология және тағам гигиенасы кафедрасы




ДӘРІС

Тақырыбы: «Аурулардың туындауында тамақтану маңызы»


Дисциплина: Ұтымды тамақтану негізі

051101 мамандығы - «мейірбике ісі»

Курс 3

Уақыты (ұзақтығы) 1 сағат




Қарағанды 2011ж.

Жалпы гигиена, экология және тағам гигиенасы кафедрасы отырысында бекітілген

«______» _______ 2011ж. Хаттама № ____



Кафедра меңгерушісі ________________ Терехин С.П.

● Тақырыбы: Аурулардың туындауында тамақтану маңызы

  • Мақсаты: Студенттерді жұқпалы емес ауруларға тамақтану сипатынын глобальді және региональді әсер ету мәселелерімен, алиментарлы-тәуелді аурулардың алдын алудың негізгі принциптерімен таныстыру.

  • Дәрістің жоспары

  1. Кіріспе.

  2. Тамақтану жеткіліксіздігімен байланысты аурулар.

  3. Тамақтану мен созылмалы жұқпалы емес аурулар арасындағы өзара байланыс.

  4. Қорытынды.

    • Дәрістің тезистері (5 беттен кем емес.)

«Сау тамақтану» түсінігі 1990 жылдардың басынан қолданылуда. Бұл тамақтану тек тамақтық заттар және энергиямен ағзаның физиологиялық қажеттілігін қамтамасыз ету ғана емес, созылмалы жұқпалы емес аурулардың дамуын алдын алу және денсаулық пен ұзақ өмір сүруді сақтау. «Сау тамақтану» түсінігі ұтымды тамақтану түсінігін құрайды және тамақтану және тағам жүрек қан тамыр аурулары, онкологиялық аурулар, гипертония, остеопороз, қант диабеті сияқты көптеген патологиялардың дамуында немесе профилактикасында негізгі фактор болып табылады.

«Сау тамақтану» «дұрыс тамақтану» мен «ұтымды тамақтану» түсінігі арасында аса айырмашылық жоқ, бұл терминдердің мағынасы да бір, яғни бұл ағзаны тамақтық заттар және энергиямен толық физиологиялық қажеттілігі бойынша қамтамасыз ететін, адамның негізгі ауруларының алдын алуға мүмкіндік беретін, бұл аурулардың дамуындағы қауіпті факторларды ескертетін тамақтану болып табылады.

Рацион құндылығын арттыру бойынша «бай тамақтану» жағына тамақтану сипатын өзгерту ересек және қарт жастағы адамдардасозылмалы жұқпалы емес аурулардың кең таралуынаәкелуде. Бұл созылмалы аурулар тұрғындар арасында тамақтық заттар жеткіліксіздігімен, тамақтану әлсіздігімен, ағзаның ашығуы мәселелерімен болады. Әртүрлі формадағы тамақтану жеткіліксіздігінің маңызы қазіргі уақытқа дейін бүкіл әлемде қоғамдық денсаулық сақтау орындарына арналған өзекті мәселе болып отыр. Алайда, дамушы және дамыған мемлекеттер тұрғындары тамақтану құрылымын өзгерту арқылы созылмалы жұқпалы емес аурулардың алдын алу мәселесіне аса көңіл аударуда.

Әлемнің эконоикалық дамыған елдеріндегі кепілді тамақтану қолжетімділігінің тікелей тиімділігі – бұл ашығуды болдырмау, тамақтану жеткіліксіздігімен пайда болған аурулар жиілігін төмендету, балалар мен жасөспірімдердің қалыпты дамуы мен өсуін қамтамасыз ету, жұқпалы ауруларға қарсы тұруды арттыру, орташа өмір сүру ұзақтығын жоғарлату болып табылады.

Ең бастысы күнделікті тағамдар өндірісінде өмір сүру ұзақтығын арттыру. Сонымен қазіргі әлемге сипатты екі тамақтану бұзылысы байқалады. Бірі – тамақтық заттардың жеткіліксіздігі, ал, екіншісі – тамақтану құрылымы бұзылысы ментамақтық заттар және энергияның артық түсуімен сипатталатын «бай тамақтану». Бірінші мәселе – көп жағдайда кедей дамымаған елдерде, ал екіншісі – дамыған және қарқынды дамушы мемлекеттерге тән.

Әлемдік экономикалық даму бүкіл жер шары тұрғындарына тамақтық заттар мен энергияға қолжетімділікті арттырады. Сонымен бірге тамақтану жеткіліксіздігі – белоктық-энергетикалық жеткіліксіздік пен ашығудан бастап жеке тамақтық заттар жеткіліксіздігіне дейінгі жағдай – дамушы елдердің өзекті мәселесі болып отыр. Экономикалық даму және мемлекеттің қаржылық деңгейі толық құнды тамақтанудың сандық және сапалық қолжетімділігін анықтайды.

Белоктық-энергетикалық жеткіліксіздік.

Тамақтану жеткіліксіздігі, тоймай тамақтану және жұқпалы аурулардың кең таралуы – соңғы жылдар аралығында жиі кездесетін дамушы елдердің ең басты медициналық және әлеуметтік мәселесі болып отыр.

Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейінгі жүргізілген зерттеулер пеллагра (ниацин жеткіліксіздігі), А витамині және йод жеткіліксіздігінің кең таралуын анықтады. Белоқтық-энергетикалық жеткіліксіздік әлемнің барлық дамушы мемлекеттерінің кең таралған әрі маңызды мәселесі екені дәлелденді. Балалар мен ересектердің өсуі мен дамуы тамақтану жағдайына инфекциялардың, генетикалық, сондай-ақ, әлеуметтік-экономикалық факторлардың әсер етуін көрсетеді. Антропометриялық мәліметтер жекек адамның және барлық тұрғындардың тамақтану статусының көрсеткіштерінің бірі болып табылады.

Өсу мен дамудың артта қалуы көптеген дамушы елдерде кең таралған.

Эпидемиологиялық зерттеулер нәтижесі балалардағы жоғары өлім көрсеткіші, дамудың артта қалуы және аурулардың кең таралуы жануар текті белоктарды аз қабылдаумен байланысты екенін көрсетті.

Жануар текті белоктарды қабылдау жанұяның әл-ауқатын, жанұялық оңтайлы табысты, тұрғын және санитарлық-гигиеналық жағдайдың жақсылығын көрсетеді. Жануар текті азық-түліктер микроэлементтер және В тобы витаминдер жеткіліксіздігін алдын ала отырып, денсаулық жағдайын жақсартады. Көптеген дамушы елдерде тұрғындардың табысы жақсарған сайын жануар текті белоктарды қабылдау жоғарлайды. Бұл тәуелділік Ресей тұрғындары арасында анықталған. Көптеген елдерде қоғамның кедей қабаттары тұрғындары арасында жануар текті белоктарды қабылдау мен ағзаның біршама қызметтері жақсаруы (физикалық және психикалық жағдайлар) арасындағы оңтайлы байланыс анықталды. Алайда, жануар текті белоктарды қабылдау арқылы денсаулық жағдайын жақсарту туралы ойлар ғылыми дәлелденбеген.


Йод-жеткіліксіздік аурулары.

Йод жеткіліксіздігі йод-жеткіліксіздік ауруларымен (ЙЖА) көрінетін микронутриенттер жеткіліксіздігінің бір мысалы болып табылады.

Зоб және кретинизм – ЙЖА-дың кең таралған клиникалық көрінісі. Соңғы онжылдықта бүкіл әлемде тамақтану бұзылысының бұл формасы миллиондаған адамдардың қайғысы туралы йод жетіспеушілікпен шақырылатын патологиялық жағдай спектрі ретінде шынайы мәліметтер алынды. Денсаулық сақтау орындары үшін йод жетіспеушілік маңызы аурулардың нақты клиникалық көріністер санымен шектелмейді. Йод жетіспеушілік жағдайының жеңіл көрінісі (соның ішінде зоб, кретинизм және т.б.) және қосымша клиникалық көрінісіне балаларда ақыл-ой және физикалық дамудың артта қалуы, интеллектуалды мүмкіндіктері мен ересектердің жұмысқа қабілеттігі төмендейді.

ЙЖА қоршаған орта құрамында йод мөлшері аз жерлерде кездеседі және әдеттегі тағамдар мен сусындардан тұрғындар йодты жеткіліксіз қабылдаған аймақтарда байқалады. 1990 жылы ЙЖА әлемнің 118 елінде денсаулық сақтау мәселесі болып табылды және йод жеткіліксіз аймақтарда 1,5млрд астам адам тіршілік етуде. Бұл жеткіліксіздік салдарынан әлем тұрғындарының 30% қауіп төніп тұр. Зобпен зақымданған адамдар саны 655 млн, ал кретинизм ауруымен зақыдалғандар 11 млн артық. Бұндай жоғары көрсеткіштер йод жетіспеушілік жағдайды тұрғындар тамақтануымен тікелей байланысты әлемдік өзекті мәселелер бірі болып табылады.

Йод жетіспеушілік жағдайы өте жиі әлемнің таулы аймақтарында Оңтүмтік Америка, Анд тауы, Гималай Тауы, сонымен қатар далалық алқаптарда да кездеседі.

Зобогенді факторлардың әсері ( мымалы, орталық Африкада – тамақтануда маниоканы қолдану, Латын Америкада – зобогенді факторлар берілетін суды қабылдауы) йодтың қалыпты сіңірілуі мен метоболизміне кедергі жасап, йод жеткіліксіздік жағдайын күшейтеді.

Йод жетімпеушілік жағдайларының себептері өте қарапайым. Ол топырақта және сол топырақтан алынған азық-түліктерде йод мөлшерінің аздығынан тұрғындар йодты аз қабылдайды. Бұл мәселені шешудің қарапайым жолы – тағамдар мен азық-түліктерге жасанды түрде йод қосу. Тұрғындарды йодтың қосымша мөлшерімен қамтамасыз етудің негізгі әдісі – бұл ас тұзын йодтау болып табылады.

А витамині жеткіліксіздігі.

А витамині жеткіліксіздігі ксерофтальмия, кейде соқырлық дамуына әкелетін дамыған елдердегі балалардың кең таралған өзекті мәселерінің бірі болып отыр. А витамині жеткіліксіздігі сонымен қатар, инфекцияларға тұрақтылықты төмендетеді және өлім деңгейін жоғарлатады.

Қазіргі уақытта А витамині жеткіліксіздігі аймақтарында тұратын адамдарға А витаминің қосымша тағайындау өлім деңгейін төмендетіп қана қоймай, соқырлықтың таралуын алдын алуда. Әртүрлі региондардағы тамақтануда тамақтық азық-түліктерді қабылдау туралы мәліметтерді талдауда А витамині қолжетімділігі шектеулі екені анықталды. Бұл мәселе тұрғындардың мәдени және басқа да тамақтану ерекшеліктеріне байланысты көкөністермен А витаминінің қажетті мөлшерін алмаған жағдайда өрши бастайды.

Темір жеткіліксіздігі.

Темір жеткіліксіздік жағдай, сонымен бірге, алиментарлы анемия экономикалық дамудың әртүрлі сатысындағы көптеген елдерде аса маңызды мәселелер бірі болып табылады. Әсіресе, анемия жиілігі темір жеткііксіздігімен тығыз байланысты Африкада және Оңтүстік Азияда жоғары. Ішектік паразитарлық аурулар клеткаішілік қан кетулер салдарынан темір жеткіліксіздігін күшейтеді. Төмірді төмен қабылдаумен бірге қан жоғалту және (немесе) оның жеткіліксіз сіңірілуі балалар мен ересектердің физикалық белсенділігін шектейді және балалардың ақыл-ой дамуына зиян келтіретін ауыр анемияға әкеледі. Индустриальді елдерде балаларда, бойжеткен қыздарда, жүкті әйелдерде анемия жағдайлары байқалады.

Тағаммен түсетін темірдің сіңірілуі темірдің түрі мен бір уақытта қабылданатын тағам табиғатына байланысты. Тамақтық рационда темірдің екі негізгі түрі кездеседі – гемдік темір және өсімдік текті бейорганикалық темір. Біріншісі тек жануар текті азық-түліктерде кездеседі, жеңіл сіңіріледі, оның сіңірілуі рационда басқа да заттардың болуымен байланысты емес. Гемдік емес темірдің сіңірілуі тағаммен бір уақытта бірге қабылданатын белгілі факторларға байланысты. Темір сіңірілуінің екі активаторы кеңінен белгілі – жануар текті азық-түліктер және аскорбин қышқылы (С витамині). Дәнді дақылдар және бұршақ тұқымдас өнімдерде темір өте көп, бірақ олармен бірге тамақтану рационында С витамині болмаса темірдің шамалы пайызы ғана сіңіріледі. Сондықтан рационға ет немесе аскорбин қышқылына бай азық-түліктерді қосу темір жеткіліксіздік жағдайларды алдын алуға мүмкіндік береді.

Фтор жеткіліксіздігі.

Клиникалық, эпидемиологиялық және тәжірибелік зерттеулер фторлы қосылыстар тіс жегі ауруының алдын алатынын көрсетті. Ертеде фтордың негізгі әсері қантты қабылдауда пайда болатын, тіс налетін дамытатын ,кышқыл әсеріне эмаль тұрақтылығын жоғарлатуда деп есептелген. Соңғы зерттеулер фторлы қосылыстар тіс налетіндегі бактриялардың дамуына және кариозды зақымдалуларды алдын алуға әсер ететінін көрсетті. Қазіргі уақытта фтор қосылыстарын қабылдау ауыз суды фторлау, ас тұзына немесе тіс пастасына фторды қосу, фтор қосылыстарын жергілікті қабылдау есебінен оптимальді деңгейінен артық болып отыр. Таза қантты шектеу қажеттігі тек тұрғындар фторланған тіс пастасы менауыз суды қолданғанда ғана рұқсат етіледі.

Созылмалы жұқпалы емес ауруларға тамақтану әсері туралы мәліметтер эпидемиологиялық зерттеулер нәтижесі мен адамдардың арнайы клиникалық тексерістерінен пайда болған. Жануарларға жасалған әртүрлі тәжірибелік зерттеулер нәтижесі де тамақтану сипаты мен созылмалы жұқпалы емес аурулар арасындағы байланысты айқын көрсетті.

Сонымен, тамақтану әсерінің созылмалы жұқпалы емес аурулардың дамуындағы маңызы туралы қорытындыға эпидемиологиялық, клиникалық және лабораторлық мәліметтерге сәйкес жүргізілген зерттеулерге сүйенген дұрыс

Жүрек қан тамыр аурулары

Қан тамырларының атеросклероздық зақымдалуы мен олардың өткізгіштігінің тарылуы, артерия тромбозы мен гипертония – дамуында тамақтану факторы маңызды орын алатын, жиі кездесетін жүрек қан тамыр аурулары.

Жүректің ишемиялық аурулары (ЖИА).

Европада және Солтүстік Америкада жүректің ишемиялық аурулары (ЖИА) ХХ ғасырдың басындағы қоғамдық денсаулық сақтау орындарының басты мәселесі. 1950 жылға қарай бұл ересек тұрғындар арасында жалпы өлім көрсеткішінің басты себебі болды.

Әлемнің 7 мемлекетінде жасалған зерттеулер нәтижесі тамақтану мен ЖИА арасындағы байланысты ұлтаралық деңгейде көрсетті. Қаныққан май қышқылдарын қабылдау келесі көрсеткіштерге сәйкес келді: Жапонияда жалпы энергиялық құндылықтың 3%, ал, Шығыс Финляндияда – 22% құрайды. Бұл популяцияда қан сарусуындағы холестериннің жалпы мөлшері 4,3 ммоль/л (165 мг/100 мл) және Шығыс Финляндияда 7,0 ммоль/л (270 мг/100 мл) болды. Соңғы 15 жылда ЖИА саны келесі көрсеткіштерге сай: Жапонияда 10 000 тұрғынға шаққанда 144 және Шығыс Финляндияда 10 000 адамға шаққанда 1202 жағдай. Қан сарысуындағы жалпы холестерин мөлшері ЖИА жиілігіне тікелей әсер етеді. Қаныққан жануар текті май қышқылдарын қабылдау мен қандағы холестерин құрамы арасындағы байланыс анықталды.

Популяциялық зерттеулер негізінде қандағы холестерин деңгейі 3,89 ммоль/л (150 мг/100 мл) жоғарлаған кезде ЖИА даму қаупі де жоғарлайды.

Қаныққан майларды қабылдау мен ЖИА арасындағы оң корреляциялық байланыс бары анық. Қаныққан майларды 3-тен 10% аралығында энергияны қабылдайтын қандағы холестерин деңгейі 5,17 ммоль/л төмен болатын популяцияда ЖИА-нан туындайтын өлім көрсеткіші төмендеген. Жалпы рацион құндылығының 10% артық қаныққан майлар құрайтын тамақтану нәтижесінде ЖИА болатын өлім көрсеткіші жоғарлаған.

Жалпы май қабылдаудың (40% энергиядан артық) негізгі құрамы моноқанықпаған май қышқылдарынан (зәйтүн майы) тұратын Жерорта теңізі елдерінде ЖИА жиілігі төменірек байқалады.

Эпидемиологиялық зерттеулер орташа жастағы адамдарда ЖИА даму қаупі 3 негізгі факторлар әсерінен жоғарлайтынын дәлелдеді: қан сарысуындағы жалпы холестерин деңгейінің жоғары болы, жоғары артериялық қысым және темікі тарту. Бұл қауіпті факторлар арасында синергизм бар, яғни, бірнеше қауіпті факторлар бір уақытта әсер етуі кезінде аурудың даму қаупі жоғарлайды. ЖИА-ның қосымша факторларына төменгі физикалық белсенділік деңгейі, семіздік және инсулинге тәуелсіз қант диабеті жатады.

Жалпы холестерин ТӨТЛП фракциясының атерогенді индикаторы болып табылады. Қаныққан май қышқылдары қан сарысуындағы холестерин деңгейін жоғарлатады, ал, полиқанықпаған май қышқылдары керісінше төмендетеді. Моноқанықпаған май қышқылдары тікелей эффект шақырады. 12-ден 16 көмірсу атомды моноқанықпаған май қышқылдары қан сарысуындағы ТӨТЛП холестерин деңгейін тұрақты түрде жоғарлатады.

Тек майлар ғана емес қандағы холестерин деңгейін тамақтық компоненттер де, мысалы, тамақтық талшықтар қандағы холестерин құрамына әсер етеді.

Сонымен, тамақтық рационның жануар азық-түліктерімен бай болуы жалпы майдың, қаныққан майдың және холестериннің көп болуына және полиқанықпаған май қышқылджары мен тамақтық талшықтардың аз түсуіне әкеледі. Бұл факторлар қандағы холестерин құрамына тікелей әсер ететіндіктен бұлардың жиынтығы атеросклероз ауруының дамуында және өршуінде маңызы зор.

Өсімдік текті азық-түліктерді басым қабылдайтын тұрғындар топтарында ЖИА сирек кездеседі. Британдық вегетариандықтар арасында ЖИА 30% төмен. Лактовегетариандықтармен салыстырғанда абсолютті вегетариандықтарда қан сарысуында холестерин деңгейі айтарлықтай төмен.

ЖИА дамуына алкогольді ішімдік қауіпті фактор болып табылады. Шотландия, АҚШ, Израил, Франция және Югославияда жүргізілген зерттеулер нәтижесі ішімдікті мүлдем қабылдамайтын адамдармен салыстырғанда алкогольді қабылдаған адамдар арасында ЖИА даму қаупі жоғары екенін көрсетті.

Гипертония және бас миы тамырларының аурулары.

Артериялық қысым жоғарлағанда ЖИА және инсульттің даму қаупі де жоғарлайды. Егер диастолалық АҚ 40 мм.с.б. диапозонында айырмашылық болса, ЖИА 5 есе, ал инсульт даму қаупі 10 есеге артады. Егер диастолалық АҚ 7,5 мм.с.б. диапозонында айырмашылық болса, ЖИА 28%, ал инсульт даму қаупі 44%-ға артады.

37000 науқасқа жүргізілген АҚ төмендету бойынша медикаментозды терапиялық зерттеулер нәтижелері инсульт жиілігінің едәуір төмендегенін көрсетеді. Дәл осындай терапия нәтижесі ЖИА да жиілігін төмендетті. Кейбір сынақтарда қандағы холестерин құрамын 3-5 % жоғарлататын диуретиктерді қолданған және ЖИА жағдайларын 5-10 % жоғарлауы байқалған. АҚ төмендеуі ЖИА мен инсульттің алдын алуда қолайлы әсер етеді.

Кең көлемді 32 елдің 52 орталығында жүргізілген зерттеулер нәтижесі семіздік, ішімдік және минералды заттарды жеткіліксіз қабылдау сияқты факторлар көптеген елдерде АҚ жоғарлауына әкелді. Ас тұзын қабылдау жас ұлғая келе АҚ артуына әкеледі. Ас тұзын күніне 3 г төмен қабылдаған адамдар арасында АҚ жас ұлғая келе артпаған. Ал, ас тұзын тәулігіне 6 г артық қабылдау АҚ артуына әкелген. Басқа да минералды заттар, мысалы, калий және магний АҚ жоғарлауын алдын алуда маңызы зор. Олар көмірсуға және тамақтық талшықтарға бай рационда кездеседі.

Жасына, дене салмағына және жүрек соғысы жиілігіне байланысты вегетариандылықтармен салыстырғанда вегетариандық еместерде АҚ көрсеткіштері төменірек. Бұл зерттеулер АҚ көрсеткішіне кейбір жануар текті азық-түліктер, мысалы, май немесе белок әсер етуі мүмкін екенін дәлелдейді.

ДДҰ гипертония мен семіздіктің алдын алу бойынша келесідей ұсыныстар береді: аз мөлшерде май және көп көлемде күрделі көмірсуларды құрайтын диетаны сақтау арқылы қалыпты дене салмағын ұстау, ішімдікті қабылдауды болдырмау, сондай-ақ, ас тұзын шектеу. Физикалық белсенділікті күшейту АҚ төмендеуіне әсер етеді.

Онкологиялық аурулар.

Қазіргі заманғы ғылым ісік ауруларының негізгі себебі қоршаған орта факторлары, оның ішінде тамақтану екенін мойындайды. Ісік ауруларының арнайы тамақтану факторларынан тәуелділігі жүрек қан тамыр аурулары арасындағы тамақтану сияқты анықталмаған. Алайда тамақтанудың әсері ісік ауруларын жиілетуде маңызы зор. Ісік ауруы кең таралған тұрғындар арасында өлім көрсеткіші шамамен » 1/4 құрайтын дамыған елдерде 60% ісік аурулары тамақтанумен байланысты.

Ауыз қуысы, жұтқыншақ, тамақ және өңеш ісіктері.

Ауыз қуысы, жұтқыншақ, тамақ және өңеш ісіктерін алькогольді ішімдіктерді қабылдау және темекі тарту даму қаупін жоғарлатады. Ішімдік түрінен пайда болатын ісік туралы ұсыныс жоқ. Ауыз қуысы, жұтқыншақ, тамақ ісіктерін ауыз қуысы және тісті дұрыс тазаламау әсері артырады.

Жұтқыншақ ісігі мен кейбір тамақтану факторы арасында оң байланыс анықталған: а)көкөністерді, жемістерді, жануар белогын, А және С витаминдерін, рибофлавин, никотин қышқылын, магний, кальций, цинк және молибденді аз қабылдау; б) тұздалған және маринадтаоған азық-түліктерді оның ішінде тұздалған көкөністерді көп мөлшерде қолдану; в) өте ыстық тағамдар мен сусындарды қабылдау. Алкоголиктер арасында тамақтық заттар жеткіліксіздік жағдайы ісіктік трансформацияға жұтқыншақтың кілегей қабатының сезімталдығын жоғарлатады.

Асқазан ісігі.

Асқазан ісігінің жоғары жиілігі Жапонияда және басқа да Азия және Оңтүстік Америка елдерінде байқалады. Солтүстік Америкада немесе Батыс Европада оның жиілігі төмендеуде. Асқазан ісігінің даму қаупін арттыратын факторлар санына белгілі тамақтану азық-түліктері жатады. Асқазан ісігі тұздалған қақталған азық-түліктерді көп қабылдаумен, сондай-ақ, рационда көкөністер мен жіміс-жидектердің аз болуымен байланысты. Индустриалды дамыған елдерде асқазан ісігінен өлім көрсеткіші соңғы 50 жылда біршама азайды, себебі, рационда көкөністер мен жеміс-жидектерді көптеп қабылдаумен байланысты.

Колоректальді ісік.

Колоректальді ісіктің дамуы көптеген жағдайларда тамақтану сипатымен байланысты. Колоректальді ісіктің даму қаупі майға бай азық-түліктерді қабылдау және тамақтық талшықтар құрамында аз мөлшерде болатын тамақтану кезінде жоғарлайды. Етті қабылдау мен осы локализациядағы ісіктің дамуы туралы байланыс анықталған. Алкогольді ішімдіктерді әсіресе, сыраны қабылдау колоректальді ісікті дамытатын фактор болып табылады. Қазіргі кезде шайға қызығушылық артуда. Ресей тұрғындарының 93 % қара шайды күнделікті қабылдайды. Ал, көк шай колоректальді ісіктің даму қаупін азайтады.

Өкпе ісігі

Көптеген өндірістік дамыған елдерде өкпе ісігі ерлерде қатерлі ісіктерден болатын өлімдердің басты себебі, ал әйелдерде бұл көрсеткіш кішкене төмен. Ең басты қауіпті фактор темекі тарту болып саналады. Ерлерде өкпе ісігінің даму қаупі олардың кәсіптік зияндылықтарына да ( мысалы, асбест, никель, хромат немесе γ-сәулелену) байланысты.

Кейбір популяцияда жүргізілген зерттеулер β-каротинге бай көк және сары көкөністерді сирек қолданылатын рационда өкпе ісігі жиі байқалатынын көрсетті. А витамині және оның синтетикалық аналогтары өкпе ісігінің дамуына кері әсер етеді.

Әйелдерде сүт безі және эндометрия ісігі.

Сүт безі ісігі – әйелдерде жиі кездесетін ісіктердің бірі. Оның даму жиілігі бүкіл әлемде, әсіресе, дамыған елдерде жоғарлауда. Тамақтану факторы және тамақтық статус параметрлері әйелдерде сүт безі ісігінің дамуында маңызды орын алады.

Адамдарға жасалған эпидемиологиялық зерттеулердің әртүрлі типтері тамақтану факторы ретінде майлардың әсер етуі сүт безі ісінің дамуында қауіпті екенін көрсетті. Алкогольді ішімдіктерді қабылдау ісіктің дамуын жоғарлатады.

Тамақтық талшықтар, каротиноидтар және реттелген физикалық белсенділік сүт безі ісігінің қаупін төмендетсе, етті және қаныққан май қышқылдарына бай тағамдарды көптеп қабылдау бұл қауіптілікті арттырады.

Эндометрия ісігінің дамуы мен артық дене салмақ және семіздік арасында тығыз байланыс бар. Бұлардың негізінде гормональды механизм жатыр.

Аталық бездің ісігі.

Әртүрлі елдерде жүргізілген талдаулар аталық бездің ісігінен өлім жоғары өлім көрсеткіші мен жалпы майлы тағамдарды қабылдау арасындағы тығыз байланысты көрсетті.

Алайда, ісіктің басқа формаларын зерттегенде А витамині әсіресе, β-каротин даму қаупін төмендететін факторға жатады, бірақ 70 асқан адамдардың аталық безі ісігінде А витамині әсіресе, β-каротиннің осы ісіктің дамуын жоғарлатады.

Сондай-ақ, артық дене салмағы және семіздік осы аурудың дамуына тікелей байланысты. Аталық бездің ісігін алдын алуда тамақтану бойынша рационда көкөністер мен жеміс-жидектерді көптеп, ал, қаныққан май, ет және сүтті аз қолдану ұсынылады.


Семіздік.

Семіздік тамақтық фактор және тұкымқаулауға бейімділікпен басқа да қоршаған орта факторларының өзара байланысы нәтижесінде пайда болады.

«Семіздік» терминімен әдетте ағзада артық май мөлшерінің жиналуы түсіндіріледі.

Дамыған елдерде ересектерде дене салмағы индексінің (ДСИ) 20-25 аралығындағы интервал қалыпты болып саналады.

Қалыпты дене салмағын анықтау арқылы семіздіктің дәрежелерін анықтауға болады.

Балалар мен жасөспірімдерде семіздікті бағалау үшін ДСИ есептеу әдісі қолданылмайды. Семіздік дамып жатқан ағзада зат алмасу процестері қиын әрі күрделі өтеді. Семіздікті емдеу қиын әрі ұзақ уақытты талап етеді, арықтау үшін үнемі күнделікті қабылданатын тамақтық энергия мен физикалық белсенділікті бақылап, семіздіктің дәрежесіне байланысты сәйкестендіріп отыру қажет.

Сонымен, семіздіктің профилактикасында тамақтану факторы ең басты орын алады. Семіздікпен ауыратын науқастардың қосымша ауруларын (қант диабеті, атеросклероз, гипертония және гиперлипидемия) ескеріп тамақтануға ұсыныс берген дұрыс.

Инсулинге тәуелсіз қант диабеті.

Инсулинге тәуелсіз қант диабеті (ИТҚД) – бұл көмірсу құрамды азық-түліктерден алынатын глюкозаны, сондай-ақ, аминқышқылдары мен глюконеогенез нәтижесінде ағзада түзілетін гликогенді ағзаның сіңіру қабілеті бұзылғанда дамитын созылмалы метаболиттік ауру.

Қант диабеті әдетте ересек жаста дамиды, оның дамуында бүйрек жеткіліксіздігі, ЖИА мен нефротикалық және офтальмологиялық бұзылыстар тығыз байланысты, ал жүктілік кезінде ұрықтың дамуына қолайсыз әсер етеді.

Семіздік – қант диабеті дамуының негізгі қауіпті факторы болып табылады. Оның даму қаупі семіздік ұзақтығына, дәрежесіне және ауру формасына байланысты.

Тұрғындар арасында қант диабеті ауруының дамуы бірнеше қоршаған орта факторларға негізделген, олардың ішінде көп отыратын жұмыс бабы, өмір салты, тамақтану факторы, стресс, урбанизация және әлеуметтік-экономикалық фактор.

Семіздіктің алдын алу – ИТҚД-нің алдын алудағы негізгі амал болып табылады. Дене салмағын бақылау бұл аурудың алдын алуда жетекші орынға ие. Физикалық белсенділік дене салмағын төмендету арқылы глюкозаға толеранттылықты жақсартып қана қоймай, инсулин метоболимін жақсартады.

Өсімдік текті азық-түліктерге бай тамақтану рационы ИТҚД-нің жиілігін төмендетуге ықпал етеді. Барлық тұрғындармен салыстырғанда вегетариандықтарда ИТҚД салдарынан өлім көрсеткіші екі есе төмен.

Іш қату.

Созылмалы іш қатумен күніне 20 г төмен тамақтық талшықтарды қабылдайтын дамыған елдерде 10-20% ересек және қартайған адамдар ауырады. Іш қату нәжістің түзілуі күніне 100 г нан төмен болған жағдайда пайда болады. Тамақтық талшықтарды күніне 22г-нан артық қабылдау арқылы нәжістің шығу көлемін 100-150 г-нан асыруға болады.

Өт-тас аурулары.

Дамушы елдермен салыстырғанда дамыған елдерде өт-тас аурулары ӨТА кеңінен таралған. Вегетариандықтар арасында бұл ауру біршама жоғары. Кез келген жастагы ерлермен салыстырғанда бұл ауру әйелдерде екі есе жоғары.

Холестериндік тастар өт қабында холестерін концентрациясы жоғарлағанда гиперқаныққан сипатта болады. Ерлерге қарағанда әйелдерде бұл жағдай жиі байқалады. Өт құрамына әсіресе тамақтану факторы қатты әсер етеді. артық дене салмағы қолайсыз әсер етеді. Артық салмақпен немесе семіздікпен ересектерде өтпен холестериннің артық мөлшері экскрецияланады. Тамақтық талшықтарды қабылдау өт қышқылдарының ішекте қайта сіңірілуі арқылы холестеринді қанығуды азайтады. Сондықтан бұндай ауруларда тамақтық талшықтар мен крахмалға бай рационды тағайындау профилактикалық және емдік әсер көрсетеді.

Тіс кариесі, қантты және фторлы қосылыстарды қабылдау.

Тіс кариесі қазіргі таңда дамушы және дамыан елдерде кең таралған.

Тарихи мәліметтер қанттар мен тазаланған ұндардың, кондитерлік өнімдердің кеңінен өндірілуі тіс кариесінің тез таралуына әкелді.

Қазіргі таңда көптеген дамушы елдерде қантқұрамды азық-түліктерді кең көлемде қабылдау себебінен тіс кариесінің жиілігі артуда.

Тамақтану тіс шығарда тіс жағдайының қалыптасуына әсер етеді, сондай-ақ, тіс шыққан соң жергілікті әсер етуі мүмкін.тіс шыққан соң тамақтың жергілікті әсер етуінде негізгі кең таралған тамақтану факторы қанттар, әсіресе, сахароза жатады. Сахароза крахмалға қарағанда кариесогенді қасиетке ие. Сахарозаны жиі қабылдау кариестің дамуына ықпал етеді. Кариестің себебі глюкоза немесе глюкозамен сахароза және фруктоза болуы мүмкін, сондықтан қазіргі таңда кариестің дамуы тек сахарозаға ғана емес оның барлық туындыларына байланысты. Азық-түліктердің әртүрлі түрлері мысалы, азық-түлік қасиетіне, жабысқақтығына, құрамындағы тамақтық заттарға байланысты тіс кариесін төмендету немесе жоғарлатуы мүмкін. Күріш, картоп және нан сияқты негізгі крахмал құрамды азық-түліктер кулинарлық өңдеуден кейін тіс кариесінің дамуына аса әсер ете қоймайды. Балғын жеміс-жидектер де кариесті дамыта қоймайды, ал, крахмал құрамды азық-түліктерге кулинарлық өңдеуден кейін қантты қосу кариесті дамуын арттырады.

Рафинирленбеген крахмал құрамды азық-түліктер тіс кариесінің алдын алуға ықпал етеді, және бұл әсер крахмал құрамды азық-түліктердің тамақтық талшықтарына негізделген.

Сахарозаны қабылдау жиілігі және көлемі мен кариестің дамуы арасында тікелей байланыс бар. Балалар арасында кариестің төменгі жиілігі қантты қабылдау жылына 10кг төмен, яғни, шамамен күніне 30г аспағанда саналады. Тіс кариесінің жоғарлауы қанттарды жылына 15кг артық қабылдауда байқалады.

Фтор қосылыстарын шамадан тыс артық қабылдау токсикалық әсер көрсетеді. Фтор қосылыстарын артық қабылдау тіс флюорозының және қаңқа флюорозының дамуына әкелетіні белгілі. Токсинділігі мен жетіспеушілігі арасындағы интервал өте тар. Тіс кариесінің дамуының алдын алу үшін фтор қосылыстарының күнделікті жеткілікті мөлшерде -0,7-1,5мг фтор күніне түсуін к\қамтамасыз ету керек.

Көптеген елдерде ауыз су фторға деген тәуліктік қажеттіліктің 75 пайызын қамтамасыз етеді.

Остеопороз

Егде жастағы адамдардың саны жоғарлаған сайын сонымен бірге егде жаста кездесетін аурулар да жоғарлауда. Дамыған елдерде остеопороздың ауыр салдары ұзын түтікшелі сүйек пен жамбас сүйегі мойнының сынығы болып табылады. Жамбас мойнының сынығы әйелдерде ақырын құлағанның өзінде байқалуы мүмкін. Кальций мөлшерін жиі қабылдайтын региондарда кальцийді аз қабылдайтын аймақтармен салыстырғанда бұл көрсеткіш екі есе төмен.

Сүйек борпылдақтығының артуы жамбас сынығының негізгі себебі, алайда, жамбас сынығы басқа да себептерге негізделген: жүрістің тұрақсыздығы, көрудің нашарлауы және нашар нейро-бұлшықеттік рефлекс.

Сүйек борпылдақтығы – бұл сүйек тығыздығының төмендеуі, остеопороздың негізгі салдары. Балалық және жасөспірімдік шақтан 25-30 жасқа дейін сүйек тығыздығы максимумға жетеді де, әйелдерде менопаузадан соң, ал ерлерде 55 жас шамасында төмендейді. Адам қартайған сайын сүйек тығыздығы төмендей береді. Дамыған елдерде әйелдер климакстан соң алғашқы 10 жылда сүйек ұлпасының 15% жоғалтады.

Дені сау жас адамның сүйек тығыздығы шамамен орташа шамадан ±20% ауытқуы мүмкін. Берілген нормадан ауытқуы байқалса ол остеопороз деп есептеледі.

Қазіргі уақытта остеопороз дамуының негізгі 5 факторын анықтаған: эстрогендердің жеткіліксіздігі, гиподинамия, темекі тарту, алкоголь қабылдау мен медикаментозды терапия және кальций жеткіліксіздігі. Алкогольді көп қабылдайтын адамдардың сүйек тығыздығы төмен келеді.

Алкогольді ішімдіктерді қабылдау салдарлары.

Алкоголь денсаулыққа едәуір қолайсыз әсер етеді. Ол қабылдайтын алкоголь мөлшері мен қабылдаушы адам жасына байланысты. Егде жаста алкогольді қабылдау көптеген созылмалы аурулардың, әсіресе, бауыр мен бас миының ауруларын дамуын жоғарлатады.

Бауыр циррозы алкогольді ішімдікпен шақырылатын негізгі ауру болып саналады. Ағзаға алкогольдің шамадан тыс артық мөлшері түскенде бауыр оны өңдей алмағандықтан токсикалық эффект дамиды, гепатоциттер бұзылады және тыртықтық ұлпаға айналады. Алкогольді шамадан тыс артық және ұзақ уақыт қабылдау асқазан ішек жолдары мен ұйқы безінің бір қатар бұзылыстарына әкеледі.

Ішімдіктерді қабылдау синдром Корсакова және Верник энцефалиті сияқты церебральді бұзылыстарды шақырады. Бұндай бұзылыстар алкогольді 10 жыл бойы тұрақты көп мөлшерде қабылдау нәтижесінде дамиды. Алкоголь қартаю процесін тездетеді, жұмысқа қабілеттілікті төмендетеді.

Алкоголь ЖИА мен гипертонияға әсер етеді. Оны көп қабылдау гипертензияға, ал, мүлде бас тарту АҚ төмендеуіне әкеледі. Гипертония инсульт пен тәж артериясының ауруының даму қаупін жоғарлатады.

Алкоголь әртүрлі локализациядағы ісіктердің, оның ішінде, бауыр, жұтқыншақ, өңеш, тік ішек,әйелдерде сүт безі рагінің дамуына әкеледі.

Ұрықтық алкогольді синдром келесі симптомдарды құрайды: дамуыдың артта қалуы, оның ішінде психикалық артта қалу, туа пайда болған жүрек ақауы, және басқа да аномалиялар. Синдромның айқын формалары аналары алкогольдің тәулігіне 8 дозасынан артық қабылдаған балаларда байқалады. Анасының алкогольді 2 жұтымнан (немесе 20г күніне) қабылдауы баланың өлі туылуына және баланың шала немесе дене салмағының төмен туылуына әкеледі.

Жастар мен ересектер арасында алкогольді қабылдау жол-транспорттық жағдайларды және басқа да жарақаттарды арттыратыны белгілі.


    • Иллюстрациялық материал (дәрістің эл.презентациясы)

    • Әдебиеттер

  1. ШармановТШ Казахстан в контексте глобальных проблем питания -Алматы ТОО "Баспа", 2000 — 224 с

  2. Медико-демографическое исследование Казахстан, 2005 -282 с

  3. ШарманА Анемия -Алматы Атамура, 2002 -168с

  4. Гигиена питания: учеб.для студентов высш. учеб. заведений/ А.А.Королев. – М.: Издательский центр «Академия», 2006. –528с.

  5. Лечебное питание : Учеб.-метод. пособие /Терехин С.П., Ахметова С.В. - Караганда: Б.и., 2005. - 448с.

  6. Дрангой М.Г., Кабков М.В., Неганова А.Ю. Полный справочник диетолога/ - М. : ЭКСМО, 2006. - 544с.

  7. Доценко В. А. Болезни избыточного и недостаточного питания: Учебное пособие / В. А. Доценко. - СПб.: Фолиант, 2004. - С. 21-35.

  8. Дрангой М.Г., Кабков М.В., Неганова А.Ю. Полный справочник диетолога/ - М. : ЭКСМО, 2006. - 544с. 2экз

  9. Каганов Б.С., Сорвачева Т.Н., Сурков А.Г. Современные проблемы педиатрической диетологии // Вопросы детской диетологии. - 2008 - № 1. - С.49-55.

  10. Конь И.Я., Тутельян В.А, Самсонова М.А Значение углеводов в питании здоровых и больных людей Справочник по диетологии. – М., Медицина, 2002. С. 32-40.

  11. Хаушка РР. Учение о питании. К пониманию физиологии пищеварения и пондерабильных и импондерабильных аспектов питания - Калуга: Духовное познание, 2004. - 269с.

  12. Цой И.Г., Синявский Ю.А. Роль факторов питания в комплексном лечении различных видов патологии - Алматы: Алаш, 2006. - 88с.

  13. Шарманов Т.Ш. Алиментарные аспекты проблемы профилактики хронических неинфекционных болезней в Казахстане // Здоровье и болезнь.- 2009. - Т.78, № 2. - С. 9-11.

  14. VMAguavo, A Telly, A Toure/andL Mahy Barriers to maternal anemia control in rural Mali 2004 INACG Symposium Iron Deficiency in Early Life Challenges and Progress -Lima Peru 18 November 2004-25p

  15. J Berger, P V Phu, В Salvignol, N V Hoan, N С Khan, PD Tuong, S Treche Regular consumption of complementary foods fortified with micronutnents improves iron status of Vietnamese infants 2004 INACG Symposium Iron Deficiency in Early Life Challenges and Progress-LimaPeru 18 November 2004 - 3 lp

  16. FS Solon, LS Fermin,AA Bolima, С F Pastores, HC Magalang Iron and vitamin A content of fortified flour in selected flourmills m the Philippines 2004 INACG Symposium Iron Deficiency in Early Life Challenges and Progress - Lima Peru 18 November 2004 -31p

  17. M V Capanzana, MC Saises, J A Vaguchay, С S Quindara, TV Fallana Effect of packaging materials on the retention of vitamin A, iron and iodine in fortified soy sauce 2004 INACG Symposium Iron Deficiency in Early Life Challenges and Progress - Lima Peru 18 November 2004 -32p




    • Бақылау сұрақтары (қайтымды байланыс)

      1. Ұтымды тамақтанудың негізгі принциптері.

      2. Тамақтану жеткіліксіздігімен байланысты аурулар.

      3. Тамақтану артықшылығымен байланысты аурулар.

      4. Тамақтану тәртібінің бұзылысынан дамитын аурулар.

      5. Жұқпалы емес алиментарлы-тәуелді аурулар профилактикасы.

Похожие:

Ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г iconИп №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г
Таќырып:«Адаптация жєне компенсация. Регенерация. Жас шамасына байланысты ерекшеліктері»
Ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г iconФ кгму 4/3-04/01 ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г
Мақсаты: Дәріханалық ұйымның бухгалтерлік есеп беруі жүйесін ұйымдастыруымен таныстыру
Ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г iconФ кгма 4/3 – 04/02 ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г
Тақырыбы: Вегетативті жүйке жүйесінің ауруы: медбикелік істі ұйымдастыру және диагностика
Ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г iconИп №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г
Таќырып: «Ж‰рек-тамыр ж‰йесініњ аурулары. Ж‰ректіњ ишемиялыќ ауруы (жедел жєне созылмалы)»
Ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г iconИп №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г
Ревматизм, ревматоидты артрит, ж‰йелік ќызыл ноќта кезіндегі асќынуы мен аќырын атау жєне сипаттау
Ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г iconИп №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г
...
Ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г iconИп №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г
Мақсаты: Студенттерді ұтымды тамақтану негізімен, тамақтық рационның сәйкестілігі түсінігімен, тамақтанудың сандық және сапалық сипатымен...
Ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г iconИп №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г
Мақсаты: Студенттерді тамақтануда белок, май және көмірсудың маңызымен, олардың тамақтық және биологиялық құндылығымен таныстыру
Ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г iconИп №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г
Тақырыбы: «Тұрақты даму Концепциясы. Тұрақты даму Концепциясының медициналық- әлеуметтік және экологиялық аспектілері»
Ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г iconФ кгму 4/3-04/01 ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г
Тақырып: «Визуальді диагностиканың әдістері. Жақ-бет хирургиясы мен стоматологиядағы визуальді диагностиканың әртүрлі әдістерін қолдану...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница